КОНГРЕСКЕ АРНАУ 2011

  главная                                        вернуться  

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығы аталып өтті

Было отмечено 20-летие Ассоциации народных целителей Казахстана

құрылтайдан көріністер

pic             pic

Қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымов мырза                           Құрылтайды ашуда VI-Құрылтайдың Төралқасы

ТЫЛСЫМ КҮШ СЫРЛАРЫ ШЕБЕРЛЕРІ

pic                                   pic

Термеші Еркебұлан Оразымбетов                                                                                              Зядан Қожалымов

                                                                                                                    Арнаудың авторы: ақын, Қазақстан

                                                                                                                      Журналистер Одағының мүшесі

АРНАУ

Көңілді мейман менен шипагерім,

Сағынып ел ішінен келгендерім. 

Қазақта тәуелсіздік орнағалы,   

Сұрағандар көбейді емші жайын. 

 

Тылсым күш сырлары шеберлері,

Елінің де аталды-ау, кемеңгері, 

Халық ішінде аталған киелілер,  

Отаны тарихынан орын алды.  

                

Қауымдастықтың мерекесі аталғаны, 

Алланың бұлда жақсылық жасағаны.   

Құтты болсын торқалы тойларыңыз,               

Қауымдастықтың 20 жылы аталғаны.

               

Емшіні елеусіз адамдардың есебінде, 

Өзбек хан тірідей де көмбеді ме? 

Орыстың патшасы замандарында,

«Есіауғандар» есебінде кетпедің бе. 

                

Нұрекеңнің нұрлы елі заманында,  

Тәубе деңдер бұғанда жеткеніңе.

Ата-баба рухына тағзым еткен , 

Елбасын Алланың елге бергеніне.  

              

Біздің елді тәубе де, әлем білді,  

Еуро мен Мұсылман елі төрін берді. 

Елбасына қуат берсін Жаратушы,  

Биік болсын еліңнің мәртебесі

             

Емшінің толып жатыр ағымдары, 

Ұйымың жалғыз әлемге танылғаны.

Абройларыңды асқақтатты ел ішінде,   

Елбасының жолдаған «Алғыс хаты».   

 

Тәуелсіз елімізден теңдік құрдың,

Тылсым құпиясы сырын білдің.  

Көре алмайтын күндестер қиялына, 

Парасатты мәдениетті қарсы тұрдың. 

 

Зерттелді тылсымның сырлары да,

Еңбегің айналды оқырман жырларына.

Ғарыш, табиғат және адам құпиясы,  

Оқырманның айналды сүйікті құралына.

             

Халқымды киесіз деген «Ұлыларда»,  

Елемеді киелі күш сырларында.

Тәуелсіз ел тұсында сыры ашылды, 

Зиядан қажы Қожалымов зерттеуінде.      

 

Өткізген конгрес пен форумдар да,   

Ғалымдар ұғынды құпия ғылымында. 

Өшкен оты киенің қайта жанды,  

Сый болсын о дүниелік бабалар рухына.

            

Елімде Нострадамус пен Ванга да бар,  

Ел тарихы қойнынан шығып жатыр.  

Тани білсең бойыңдағы қасиетіңді,  

Жаратушы да сәулесін төгіп жатыр. 

           

Шежіресінде халқының жазылмаған, 

Ғұламалар төрінен орын алған. 

Жаһангер ғүламалар көшін бастап,  

Шипагер Өтейбойдақ  дараланған.  

 

Фараби мен Баласағұннан ілімденген,

Өтейбойдақ бабаң бар әлем білген.   

Бес жарым ғасыр уақыт өтседағы,

Палсафалық бір сөзі де өзгермеген.

 

Шипагерлік ежелден дәстүрлі ілім,

Өйткені ол халыққа жақын ұғым.   

Медицина ғылымын қалаған Өтейбойдақ,

Екінші Ибн Сина атанды, тәубе дегін.  

    

Қамтылмаған тақырып қалмады ғой,    

Жеті рет конгресте  аталды ғой.  

Майқы би, пір Бекет, Машһүр Жүсіп,  

Шәкәрім Қорқыт Ата, Қойлыбайда,

Тылсым ғылымында да танылды ғой.  

           

Бір қауым осыншалық еңбек етсе, 

Алланың ризалығына батқаны да.   

Көшіңіз тоқтамады алға жүрді,      

Көре алмас бөгіделер оғын атқанына.       

 

«Халық емі», «Шипа баян» газетін,    

Атанды бұл күндері үн қағазың.     

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де, 

Тарихыңда көрінуде интернеттен.

           

Шипалық ауыр жүгін көтердіңдер,  

Қателігін басқаның кешірдіңдер.  

Емші деген атағың жарқырауда,  

Аманатын ата-бабаның өтедіңдер.  

 

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,  

Бабалар тілегі орындалуда ұрпағынан. 

Туған жердің киесі жатсынбайды,  

Абыройға ие болыңдар жан-жағыңнан.          

 

Еңбектері еленді емшінің ел ішінде, 

Сын көзбенен қарауда көп ісіңе. 

Иманың мен адалдығың алда болсын,    

Көпшілік мән береді сенің жүрісіңе.        

 

Көтердіңдер сынақтың ауыр жүгін, 

Бұлда сенің білсеңіз адамдығың.  

Жиырма жылдай күзетіп қауымыңды, 

Мақтан, аңсаған жемісіне жеңісіңнің.

         

Шашу шаш мерей тойға жеткеніңе,  

Бабалар сағынып осыны кетпеді ме?     

Бір Алла қорған болсын ұйымыңа, 

Кездестірген тағдырдың өткелінде.   

 

Алматы да құрылған қауымдастық, 

Мерейтойы көбейсін біз тілейік.     

Адал жүрек, ақ жарқын емшілерім,  

Қуанышпен амандықта кездесейік.      

 

Еске алғаның жақсы ғой өткеніңді,  

Танып білдің өзіңнің өткеліңді. 

Зиядан ақын жырларын тарту етті,  

Баяндап өткенің мен жеткеніңді.       

       

Алыс, жақын аймақтан келгендерім, 

Көтерілсін сендердің көңілдерің.    

Жыр маржаны төгілді сендер үшін, 

Жеңіл болсын алдағы өмірлерін.

 

Жаратқан қорғасын жамандықта,

Кездесейік сіздермен амандықта.  

Жалғассын сапарларда сәттіліктер,

Жорыйқ тілектерді жақсылыққа.    

 

Алматы, 04. 04. 2011.