"Ғұлама шипагер өтейбойдақ тілеуқабылұлының еңбегінің құндылығы"

атты халықаралық конгресс өтті

международный конгресс "ценность труда великого целителя отейбойдак тлеукабылулы"

(г. Шымкент, 26-28.07.2019 г.)

 

 главная                                        вернуться 

 

2019 жылдың шілде айының 26-28 жұлдызы аралығында Шымкент қаласында "Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегінің құндылығы" атты халықаралық конгресі өтті. Конгресті ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор, Академик Зядан қажы Қожалымов ашты. Конгреске 320-дан аса Қазақстандық және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан тағы басқа да шетелдерден келген шипагерлер мен осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Қауымдастықтың президенті З.Қожалымов "Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің негізін қалаушы" атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама негізінде заң ғ.д., профессор Ж.Әлдибеков, жазушы-профессор О.Қауғабай, м.ғ.д., профессор Байдәулет Иманали, м.ғ.к., профессор Тулеев Икрам, ХҚТУ псх.ғ.к., доцент Мелдебекова Үмітгүл, м.ғ.д., Пакеев Сейтжамал, ҚХР-нан келген Касилин Гүлнұр, Бексұлтан, Сәулетхан Мақпал және бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық басқармасын басқарған медицина қызметінің ардагерлері, профессор Жақсыбаев Әбдуәлі мен Сұлтанбеков Әділхан және қауымдастықтың вице-президенттері Қ.Бесембаев, Х.Таджиметов пен халық емшілері А.Джулдыбаев, К.Есенова, Ұ.Байділдаева, У.Тұрсынбаева, Б.Туребеков, Т.Анарбаев, Нұрақын Еркінбек, Ғ.Әділбаев, Жүніс Жұмахан, Кәукария Жарқынгүл, Құсыман Рашат, Ж.Динишев, Құмар Сұлтан, Хасниязов Дүйсенгелди, Нүсіпжан Нұргүл, ардагер Жауенов Әбдіразақ журналист Ж.Сәрсенбай т.б. конгреске қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді.

Үш күн бойы емшілер әртүрлі емдеудің әдіс-тәсілдері бойынша бейне таспада және жеке шеберлік емдік сеанстарын жүргізіп, тәжірибелерімен алмасып, медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жөнінде видеофильм (авт. З.Қ.) көрсетілді. Шипагерге қойылған ескерткішке жиналып, танысып суреттерге түсті. Конгресс жиналысы мен кешкі дастарханда Шымкент филармониясының әншісі Гүлзина Шорабекова өзінің әсем дауысымен ақын-сазгер З.Қожалымовтың әндерін шырқады. Конгреске қатысушылар қасиетті жерлер мен Шымкент қаласының мәдени орындарын аралап және өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімдерін арттырып, өзара қарым-қатынастарын нығайтып, қуанышпен тарасты.

 

      

 agai        toralka

       

     gimn    zal

 

АРНАУ

Авторы: З.Қожалымов. Ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

arnau 

 

Термеші Құнанбай

 

Бисімилла деп бастайын арнауымды,

Емшілер қорғаудасың қауымыңды.

Шырайлы Шымкентте өткізетін,

Құттықтаймын әлемдік конгресіңді!

Қауымын Зядан қажы бастап келді,

Үмітін халқымыздың ақтап берді.

«Шипагерлік баянның» сырын ашып,

Сырларын тылсымның әлем білді.

Айналдым егеменді сүйікті елден,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Елбасы Нұрекеңнің еңбегі көп,

Бір бойына қасиетті жиып берген.

Шежіресінде халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған.

Жаһангер асылдардың көшін бастап,

Шипагер Өтейбойдақ дараланған.

Жетісу, Жаркент пен Нұралары,

Омбы менТорғай, Сырдариясы,

Қасиетті мекені Қазағымның,

Шипалық ем орнына айналған-ды.

Даланың дарабозы Өтейбойдақ,

Жәнібек ханнан бата алған-ды.

Шу бойы Қозыбасы Ақ Ордада,

«Шипагерлік баяны» жазылған-ды.

Жасады медицинаның негіздерін,

Үш шыңы тағы алты белестерін.

Бір еңбекке сыйғызып көп ғылымды,

Сөздік пен пәлсәпалық шежіресін.

Өтейбойдақ қазаққа асыл адам,

Ілімін ғылымиға айналдырған.

Фараби мен Баласағұн ғұламадай,

Ғылымға мәңгілік із қалдырған.

«Шашты Әзіздің» артында сөзі қалды,

«Шипагерлік баяндай» көзі қалды.

Көрші елде жарты ғасыр жатса-дағы,

Туған елге, дүние-ай, қайта оралды.

Шалкөденің перзентін Айғайтасы,

Өзінің жер қойнына жасырғанды.

«Шипагерлік баяны» ұрпағына,

Он бесінші ғасырдағы аманаты.

Жатсынбады туған жер өз баянын,

Қазақтың ғалымдары білді мәнін.

Қытайдың да мемлекеттік сыйын алып,

Қуантты ол жақтағы қандастарын.

Орындалды шипагердің аманаты,

Бұл-дағы ғалымдардың таза еңбегі.

Құтты боп баба аяны Зяданға,

«Шипа баянды» зерттеуде дараланды.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Ұрпағы ғой бабаның «Шипа баян».

Іске аспаған арманы жүзеге асып,

Бес ғасырда қайтадан нұрын шашқан.

Қауымдастық әлемге танылды енді,

Газеті «Шипа баян» тұмар болды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде,

Интернеттен тануда қауымыңды.

Жыраулар мен ақындар жырлап өткен,

Өмір шіркін, өтеді-ау, тірлікпенен.

Зиядан қажы арнауын тарту етті,

Шымкенттік Құнанбай жыр толғаған.

Алыстан да жақыннан келді мейман,

Шымкенттік емшілер құшақ жайған.

Хайролла, Бақтыбай, Талғат, Мұхитдінге,

Алланың шапағатты нұры жаусын!

Іске ассын бабалардың аманаты,

Емшілердің шықпасын жаман аты.

Амандықпен тағы да кездесуге,

Қабыл етсін Жаратқан тілектерді.

Бәріңе бата жауған заман болсын,

Бір Алла төбемізден пана болсын.

Тағы да амандықпен бас қосайық,

Тілектестің барлығы аман болсын!

Шымкент қаласы, 27.07.2019

 

    

 

                                                   

 

   

 

 

 

 
 
В начало