Ғибратты өмір

 

 

10

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

Құрметті Қожалымов Зядан қажы!

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті,  академик, халық медицинасының профессоры, Қазақстанның «Құрметті халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі» атанған Сізді, жалпы халық парапсихолог, биоэнерготерапевт, ғалым ретінде де таниды. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді, мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. «Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен сүрінбей табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір ұйым мен әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Біз Сізді жан жүрегіміз жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерей той күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжы берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.

Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

     Қылығына қуанып шөберенің.

 

Ізгі тілекпен: Есенова Күнқияш Жанқуатқызы

ҚХЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры

Қызылорда қаласы

 

Зядан қажы АҒАНЫҢ 70 ЖАС ТОЙЫНА!

Жырдан жолдау жолдайын қабылдаңыз,

Қандай бөгеу болса да аянбадыңыз.

Халықтың да қамын жеп басшы болып,

Әрқашанда адалдықтың жолындасыз.

 

Әр жүрекке шипагер болып еніп,

Ғылымға да ұшан-теңіз пайда беріп.

Алашыңа болдыңыз жақсы көрік,

Болашақты болатын болжап біліп.

 

Кетті алысқа талай зор даңқыңыз,

70 жаста жігерленіп шалқыңыз.

Бар ағайын Сізді мақтан етеді,

Үлкенді сыйлау ата-дәстүр салтымыз.

 

Инженер, қаржыгерсіз, емшісіз,

Бейбітшілік құсындай бір елшісіз.

Қандай мықты ғұлама да болса да,

Барлығынан осал емес мықтысыз.

 

Дұрыс болып істеген әр ісіңіз,

Тарылмасын ешқашан тынысыңыз.

Сізді әкелген үкілеп мерейтойға,

Түймекүл тәтем біздің ырысымыз.

 

Аман болып бала менен шағаңыз,

Тек алтындай бола берсін бағаңыз.

Мерей тойы болып жатқан ағатай,

Бері қарай туыстарға да қараңыз.

 

Ағайынның жоқ-жітігін түгендеп,

Уақытты да пайдаландың үнемдеп.

Келіп қалыпсыз 70 жасқа білінбей,

Бес уақыт намазды бір жібермей.

Нарынқолдың Тұзкөлі мекені,

Талай ел танып сізді үлгерді.

Жасыңыз 80, 90, 100-дерді,

Көріңіз әлі талай тамаша күндерді.

 

Тілеймін ақ аға жақсылықты,

Алдыда кездесетін тәтті үмітті.

Сергек боп шабыттанып жүріңіз,

Қабағыңыз ашық боп тек күліп.

 

Әлі де алда өтер тойлар көп,

Жыр жаздым көпшілік тыңдар деп.

Үлгі алар жан ағадан өмірлік,

Тілектес ініңіз Халықов Нұрдаулет.

 

Ізгі тілекпен: Халықов Нұрдәулет Әбітіұлы

Алматы облысы,

Райымбек ауданы, Тұзкөл ауылы

 

Қожалымов Зядан мырзаға!

Сіздің, ел алдында атқарған еңбегіңіз, қол жеткен биік лауазымыңыз, ең бастысы халықтық медицинаға қосқан үлесіңіз, шипагерлік тарихындағы өзіндік орныңыз орынды бағаланып, бұдан былай да бағалана береді деген сенімдемін. Халықтың көзін ашып, ұлағатты ұстазыңыздың энциклопедиялық еңбегін елге жеткізген ұлан-ғайыр қызметіңізге ақ алғыстар әлі де айтыла бермек.

Сізді жемісті 70 жасыңызбен және «Еңбектеріңіздің халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының басталуымен құттықтаймыз!

Ізгіліктің мұратын іздейтұғын,

Ниетің бар қазаққа жетсін дейміз.

Бұл күнде жетпіс деген жігіт жасы,

Абыздыққа жетелер жолдың басы.

Жанында жиналғандар жеміс беріп,

Аман болсын балалары, жан-жолдасы!

Шын тілек, ізгі көңілмен:

Ақтөбе облыстық

филиалының ұжымы

 

ЕРЕН ЕҢБЕК

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зиядан Қожалымов ағайдың мықтылығына, бірбеткейлігіне, еңбекқорлығына таң қаламын. Зиядан қажы ағамыздың бірлестікті құруға ұмтылғанда кездескен кедергілерге мойымай, балақтан шалған кей пенделердің іс-әрекетіне мән бермей, үлкен қажыр-қайратпен алға ұмтылып, әрекет етуі – үлкен ерлік.

Шипагер Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баянын» қайта тірілтіп, халыққа насихаттауы, ұрпақтан ұрпаққа ұласар, тәрбиелік мәні зор, игі іс.

Зядан қажы ағамыздың еңбегі бағаланып, халықаралық рейтинг комитетінің «Сала көшбасшысы-2013» қабырға алтын медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» Ұлттық сертификатымен марапатталды. Зиядан қажының «Тылсым дүниенің құпия емдері», «Рухани емшілік ғаламаты», «Ғаламның жұмбақ сырлары» кітаптарын және «Шипагерлік баян» газетін (2007 жылдан бастап жаздырып аламын) оқып, күнделікті қажетіме көмекші құрал ретінде пайдаланып келемін. Мен, осындай ғажап адамнан үлгі алып, осы қауымдастықтың бір мүшесі болғаныма қуанып, мақтан тұтамын. Зиядан қажы аға! Төмендегі өлең жолдарымен Сізге деген игі тілегімді білдіріп, 70 жасқа толуыңызбен құттықтаймын.

Президент, Академик ағамыз,

Бәріміздің басшымыз.

Үлкен қажыр-қайратпен,

Емшілер қауымдастығын аштыңыз.

Ұстаған сол діңгекті,

Құлатпай сақтап келесіз.

Аяқтан шалған дұшпанға

Мойымай әркез жүресіз.

 

Аман болсын басыңыз,

Жоғарыласын тасыңыз.

Жанұяңыз аман боп,

100-ге жетсін жасыңыз!

              Күляш Исалиева

Рухани сауықтырушы

Атырау облысы, Мақат кенті

 

Аса қадірлі Зядан қажы!

70 жасқа толған торқалы тойыңызбен құттықтаймын!

Сізді, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті, қалық медицинасы ғылымының профессоры, халық емшілігін ғылыми дәрежеге көтеруші академик-ғалым, өтебойдақтанушы, халық емшілерінің білімі мен біліктілігін көтеруші деп білемін, тағы да талай белесті алып, атағыңызға атақ қосылсын.

Жақсылардың шапағаты жетелейді,

Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.

Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,

Онша-мұнша қателерді елемейді.

 

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,

Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.

Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,

Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

 

Сізді, аға ойласам мен шаттанам,

Тербеледі толқындай боп бақ талабым.

Жүрегімнің түкпірінде оянады,

Жетпістегі сізге арнап жазған әнім.

 

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,

Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.

Сіз секілді аға болса біздей жан,

Алаңдамай қарайды ғой алдарына.

Игі тілекпен: Нағипа қажы

Халық емшісі

Ақтөбе қаласы

 

АҚ МЕШІТТЕН, АҚ ТІЛЕКПЕН СЫРДАН ЖҮРЕК ТОЛҒАЙДЫ

Ардақты аға ар мүсін,

Жүректің жаздым жарғысын.

Жан дауа шипа ем іздеп,

Халықтың алдың алғысын.

Зядан аға заңғарым,

Замана күйін жалғадың.

Адамзатқа жан дауа,

Таным көгін таңдадың.

Тылсым құдірет текпенен,

Ақ қанатты ақ берен.

Абыз жүрек дарабоз,

Береке күнге беттеген.

Күнге қолды соз аға,

Жаны жайсаң жаз аға.

Бізге ұстаз ұлағат.

Профессор қажы аға.

Жетпістің төрін төрлеңіз,

Жүзге қарай өрлеңіз.

Жанында жауһар жарасым,

Түймегүл ана жеңгеміз.

Өзіңсің аға дарамыз,

Сенімге берік санамыз.

Түйсіктен тамыр тұмарлап,

Шәкіртің болып қаламыз.

Адамнан алғыс жүлдеңіз,

Ізгілік рух іздеңіз.

Сенімнің жықпай байрағын,

24 жыл біргеміз.

Адалдығың айбарың,

Бақытқа бастау байрағың.

Сырдан сәлем, сүлей жыр,

Тойға ұлассын тойларың!

Серікбаева Айжамал

Халық емшісі

Қызылорда қаласы

 

70 ЖАС МЕРЕЙ ТОЙЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Зядан ағаға!

Ажалдан сізді қорғаған,

Қызмет қыл деп өзіне.

Алла сізді қолдаған,

Елшісіндей өзінің.

Халқына сізді жолдаған,

Емшілерді бір жерге.

Топтастырып жидың сен,

Халқын үшін ем іздеп.

Ғылым жолын қудың сен,

Аянбастан тер төктің.

Өз халқыңның алдында,

Ширек ғасырлық еңбегің.

Жемісін берді, жан аға,

Мен өзіңді теңер едім.

Биік таудың шыңына,

Қасиетіңді теңер едім.

Таудан аққан бұлаққа,

Сол бұлақтан сусындаса.

Әрбір қазақ баласы,

Қыр гүліндей жайнар еді-ау.

Қазағымның даласы,

70-ке келдің бүгінде.

Құтты болсын, мерей той,

Қуанышыңды бөлісер.

Халқың бірге өзіңмен,

Жан аға, соны біліп қой!

Әлия Есенгельдиева

Халық емшісі

Тараз қаласы

 

ЗЯДАН АҒА!

Вас поздравляя с Юбилеем, Стремясь к возвышенным словам, Мы скажем просто, как умеем: «От всей души спасибо Вам!»

За благородство мыслей Ваших!

За мир Ваш светлый и большой!

За то, что став немножко старше,

Вы молодеете душой!

За то, что в жизненных вопросах,

Вы – наша совесть, ум и честь!

А если просто Вам спасибо:

За то, что Вы на свете есть!

Пусть в этот день солнце ярче светит,

Цветы под ноги падают ковром.

Желаем Вам здоровья, счастья, света,

Всего того, что называется добром!

 

С уважением:

Коллектив Костанайского областного филиала

 

 

ҚҰРМЕТТІ ЗЯДАН АҒА!

 

Қазақта “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”, – деген қанатты сөз бар. Сіз жастайыңыздан зерек, білімге құштар, өнер мен емшілікті бойыңызга сіңіре білген ерекше жансыз.

Сіздің осынау 70 жас өміріңізде қаншама жан дертіне дауа, жан шуағына ем іздеп алдыңыздан өтті. Ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Бұл дегеніміз, ел алдындағы сіздің абырой атағыңыздың шоқтығы әлі де биік екендігінің куәсі. Дертіне шипа іздеген бұқара халық биліктен емес, қарапайым халық емшісіне жүгінетіні белгілі, сонын асқар шыңында сіз тұрсыз деп ойлаймын. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз тек ғана Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де үлкен сұранысқа ие, көз майыңызды тауысып жазған 25-тен астам кітаптарыңыз бен танымдық мақалаларыңызды ел сүйсініп оқиды. Сізге Алла ерекше дарын берген. Сазгерлік пен ақындық және көріпкелдік қасиетіңіздің өзі бір төбе.

Сіздің 70 жылдық мерейтойыңызда ақжарма ақ тілек айтуды Алла бізге нәсіп еткен екен. Сізге зор денсаулық тілей отырып:

Мініп алып 70-тің кемесіне,

Шықтыңыз ғылым-білім белесіне.

80-90 жасты да бағындырып,

Жаттала бер, ағажан, ел есінде, – дей келе 60-тан аттап өттіңіз 70-тен жүгіріп өттіңіз 80-нен секіріп өтіңіз, 90-нан тоқтамай, 100-ге де аға жетіңіз!

Пайзбек АБУЕВ

Халық емшісі

ОҚО., Сарыағаш қаласы

 

 

 

 
в верх