VI-Құрылтайы өтті.

  главная                                        вернуться  



Ақпараттар ағыны

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының VI-Құрылтайы өтті.

Зядан Қожалымов - мәдениеттанушы.

 

Өткен шілде айының 23-жұлдызында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты оның кезекті VI-Құрылтайы Алматы қаласында «Altyn Kargaly» санаториясының конференция залында өтті. Құрылтайға 240-тан аса делегаттар және арнайы шақырылған ғалымдар, журналистер, шетелдік меймандар қатысты. Күн тәртібінде қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымовтың «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамада қауымдастықтың 20 жылдық тарихындағы жетістіктерге, кемшіліктерге, жеке емшілердің нәтижелеріне және филиалдар қызметінің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталды. Баяндама бойынша жарыссөзде ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, А.Жақанов, Т.Төлендиев, Т.Бекенов, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, жазушы профессор О.Қауғабай, ғалымдар Б.Шайдаев, Р.Нурахунова және Кадыракунова Ашырхан (Қырғызстан), Анар Қыдырханқызы мен Чу Джун Хуа (ҚХР), Е.Тұтқабаев (Өзбекстан), заңгер Ә.Әділбеков (Қапшағай) журналистер Н.Байсақалова, Е.Айғалиұлы, Т.Ильяшов, А.Мұсаұлы сондай-ақ, қауымдастықтың мүшелері Г.Мақсұтбаева, Ә. Майданов, Убайдулла қажы Әбішұлы, Мұстапа Күләй қажы, Құттыбаева Қализа қажы, Сейсенова Қадірсіз қажы, А.Салназарова, Костюкевич Любовь, Ким Ольга, Т.Торгашина, Ким Людмила, Л.Фисюк, С.Почебыт, Н.Касьян және филиал директорлары Ж.Сәрсенбай, Қ.Бесембаев, Б.Нисамбаева, Г.Ермұханова, А.Бұзауова, К.Кумаров, Ұ.Байділдаева, т.б. делегаттар жеке пікірлерін білдіріп, қауымдастықтың мерейтойымен құттықтап және қауымдастықтың қызметіне қанағаттанарлық деген бағаларын берді. Делегаттар 20 жылдықтың төс белгісі және сертификат, диплом, құрмет грамоталары және алғыс хатымен марапатталды. Кеште мерейтой дастарханынан делегаттар дәм татып, қуаныштарын бөлісті. Делегаттарға қауымдастықтың 20 жылдық тарихы кезеңдері бойынша дайындалған видеофильм көрсетілді.

 

Қауымдастықтың жаңа басшылық құрамы сайланды

 

Қауымдастықтың кезекті VI-Құрылтайының күн тәртібіне сәйкес қауымдастықтың жаңа басшылық құрамы қайта сайланды. Қауымдастықтың президенттігіне бесінші рет Зядан қажы Қожалымов делегаттардың толық дауыс беруімен қайтадан сайланды. З.Қожалымовтың ұсынысымен қауымдастықтың Төралқа құрамына З.Қожалымов, С.Құрбанқожа, Қ.Кумаров, Ж.Сәрсенбай, Қ.Бесембаев, А.Васильев, А.Майданов сайланды. Қауымдастықтың вице-президенттері болып С.Құрбанқожа, Қ.Кумаров сайланды.  

 

 

Озаттар марапатталды

Қауымдастықтың 20 жылдығына арналған мерекелік Құрылтай жиналысында қауымдастықтың Төралқасының шешімімен өзінің алдыңғы қатарлы делегат-емшілерін халық медицинасының өркендеуіне қосқан жеке үлестері үшін қауымдастықтың «20 жылдық төс белгісімен», Құрмет грамотасымен және дипломымен 200-ден аса мүше емшілері марапатталды және арнайы сыйлықтарға ие болды.

 

Кітап тұсау кесері өтті

 

Қауымдастықтың кезекті VI-Құрылтайында оның «Шалкөде» баспасынан шыққан З.Қожалымовтың қауымдастықтың 20 жылдық тарихынан толық мәлімет беретін үш тілде жазылған кітап-альбом «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» (қазақ, орыс, ағылшын) еңбегі мен «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» атты ғылыми-монографиялық кітаптарына арналған ғалымдардың жеке пікірлері тыңдалды. Кітап жөнінде сөйлеген профессорлар Ж.Молдабеков, Е.Керімбек, А.Жақанов, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, С.Құрбанқожа, т.б. делегаттар бұл еңбектердің маңыздылығы жөнінде құндылығы мен қажеттілігін атап өтті. Еңбек тек қана емшілерге, зерттеушілерге ғана қажет болмастан жалпы бұқаралық қауымға да өте пайдалы екендігі аталып өтті. Сөз соңында кітптардың авторы З.Қожалымов өз ризалығын білдірді.

 

Филиалдар қызметі тоқтатылды

Қауымдастықтың Төралқасының шешімімен филиал мүшелерінің саны оннан кем, қауымдастықпен арақатынасын үзген, өткізілген мерейтойына себепсіз қатыспаған және өзінің филиалдарындағы мүшелерінің тәртібін бақыламаған Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қалалық филиалы  (директоры: Ғазиза Тәжібаева) мен Көкшетау қалалық филиалы (директоры: А.Блинова) қызметтерін тоқтату жөніндегі шешімін Құрылтайдың делегаттары бекітті.

 

Филиалдар басшыларына ескертулер жасалды

 

Өздері басқарып өтырған филиалдардың қызметін әлсіреткені, филиал мүшелерімен арақатынасын төмендеткені, қауымдастықтың Төралқасымен байланысын үзгендігі және мерейтойға себепсіз қатыспағандығы үшін қауымдастықтың Ақмола облыстық филиалы директорына (Б.Ахметова) және Шығыс Қазақстан облыстық филиал директорына (Майра қажы Қорғанбаева) Құрылтай шешімімен қатаң сөгіс жарияланды.

 

Құрамнан шғарылғандар тізім

Қауымдастықтың қайтыс болған, жеке арыз берген және принципсіз қауымдастық Жарғысының талаптарын бұзған 25 (жиырма бес) мүшелері қауымдастық құрамынан шығарылсын. Атап айтқанда:

Бодров Александр (Алматы қаласы) және Нургожин Жолбай (Арқалық) қайтыс болғандар,  Ильясова Мехриниса, Курышева Анна, Курышев Андрей, Оспанов Ардак, Сагитбекова Майра, Скидан Галина (Алматы қаласы),  Жумагелдиева Күләш, Зарипова Нина, Киятбек Нұрбара (Алматы облысы), Жанқапан Дәурен, Едилов Буркит, Абдилдина Гүлнар (Астана қаласы), Тұрлыбаева Гүлмира (Атырау), Алыбаев Шолпанбай, Садыков Серік (Тараз), Ахметжанова Амина, Ибатов Хамитжан, Черебедов Анатолий (Темиртау), Айымбетов Миятбек, Шалапов Әбсаттар, Ахмедов Рысдәулет, Эргешев Хусеин, Эргешев Хасан (ОҚО), Жанабаева Жайнагүл (Өскемен). 

 

     Список исключенных из состава АНЦК по различным причинам

 

Исключить из состава членов Ассоциации 25 человек: выбывших по смерти, по собственному заявлению и невыполняющих объзанности Устава Ассоциации.

Список членов:

 Бодров Александр (г.Алматы) и Нургожин Жолбай (Арқалық) по смерти.

 Ильясова Мехриниса, Курышева Анна, Курышев Андрей, Оспанов Ардак, Сагитбекова Майра, Скидан Галина (г.Алматы),  Жумагелдиева Күләш, Зарипова Нина, Киятбек Нурбара (Алматы обл.), Жанкапан Даурен, Едилов Буркит, Абдилдина Гүлнар (г.Астана), Турлыбаева Гулмира (Атырау), Алыбаев Шолпанбай, Садыков Серік (Тараз), Ахметжанова Амина, Ибатов Хамитжан, Черебедов Анатолий (Темиртау), Айымбетов Миятбек, Шалапов Әбсаттар, Ахмедов Рысдәулет, Эргешев Хусеин, Эргешев Хасан (ЮКО), Жанабаева Жайнагүл (Усть-каменогорск). 

 

Құттықтаулар

 

Шипагерлік баян № 8 Тамыз 2011 ж.

pic