ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

10

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Шын мәніне келгенде, ешкім мұндай құбылысты, қасиет күшінің әсері себептерін анықтай алмай келеді. Құдайберді Шәкәрімүлы "Үш анық" еңбегінде отыз жыл бойы Шығыс пен Батыстың құпиялы ғылымын зерттеп, спиритизм (әруақпен сөйлесу), телепатия (аралықтан әсер ету) және магнетизм сияқты үш құпияға анықтама береді. Бұнда сөз етеріміз спиритизм жөнінде болмақ. Жоғарыдағы сиқырлы құпиялы әсер күштері о дүниедегі әруақтардың ("полтер-гейс" дейді) әрекеті сияқты. Ешкім оны көрмегенімен әр түрлі ортада пайда болады. Тарсылдату, адамдарды түрту, ұру, ән салу мен билеу, заттарды бір орыннан екінші орынға көзбе-көз жылжыту т.б. әрекеттер болып отырады. Мысалы, маған бір танысым келіп, Талдықорған облысы (1996 ж.) Ақсу ауданының аты әйгілі бір ауылында туысы тұратынын, ол үйіне қарсы үйді сатып алғанын, бірақ екі жыл бойы кіре алмай жүргенін айтты. Онда тек қана студент баласы барып тұрады. Адам барғанда қағаздар ұшып, сықыр, дыбыс пайда болатынын, әр түрлі қарсы шара әсері оң нәтиже бермегенін айтты. Мен үйде тұрақтаған әруақты иесі барын айтып, шариғат жолы бойынша бірнеше шартты орындауды ұсындым. Ол айтқанымды орындапты. Содан бері тьшыш-тық. Иесі тұрып жатыр. Мұның себебін қалай түсінуге болады? Мүмкін бұрынғы иесі өз әруағын ренжітті ме немесе кейінгі бір жамандық іске барды ма, әйтеуір тыныш-тық болғанмен, жұмбақ-жұмбақ бойынша сол қалпы  есте калды.

Алматы маңындағы жаңадан үй салып жатқандардың Бұрылдай жағындағы ауылынан үй алайын деп барып едім, дейді Қарақалпақ-станнан келген жаңа танысым. Ерекше әсем салынған екі қабат үй сатылады әрі арзан деген соң көруге бардым. Үйде мін жоқ. Мұсылманның үйі. Салынғанына екі жылдай болған. Неге екенін белгісіз осы уақытқа дейін бірнеше адам бір-бірінен сатып ала берген. Мен де кейінгі үй қожасымен келісіп, сатып алуға уәделестім. Абырой болғанда менің бағыма біздің елден көшіп келіп, сол үй маңынан үй сатып алган дін адамы кездесті. Оған жақсылығымды қуана жеткіздім. Ол тыңдап болып, мен алатын үй тарихын маған баяндады. Сөйтсем, бірінші иесі үйді бітірген соң, аяқ астынан, үйге кірген күні ертесінде ауырмай қайтыс болған. Үй үрейлі. Тез сатылады. Әр сатып алған қожайын жогарыдағыдай қайтыс бола береді. Міне ашық шындық. Бұл қалай? Ол үй орны құрылыс болмаған. Мүмкін ертерек дүниеден өткен бір әулие, батыр иә діни адамның сүйегі сол жерде жатыр ма, әлде киелі жер ме, бұл да шешусіз қалуда.

Бірде маған шымкенттік бір жас жігіт "Көке, Алматыда Рысқүлов көшесі бойында (Ковалев көшесі бұрышы) бір бос үй түр. Жері мол. Екі қабат. Иесі ертеде өз отанына көшіп кеткен. Жай емес, бұл үйде қайғылы адам өлімі көп бопты. Үйдің әйнектері өздігінен быт-шыт болып сынып кете берген. Ақырғы қожайын да ауыр қаражаттық шығынға ұшырап, өзімен өзі кеткен, - дей келе маған қорықпасаң сол үйге кіріп ал деді заң адамдары. Бірақ, жүрек дірілдегендей! Сіз соны көресіз бе?" - деп өтінді. Алдында бұл үй жөнінде "Караван" газетінен оқығам. Бардық. Үй тозған. Мен дұға оқып үйді аралап көрдім. Үй таза емес. Бірақ, бір кері энергия әсерін денем сезгендей болды. Өзімнің алып жүретін жай биоэнер-гетиканы өлшейтін құралыммен, үй іші мен сырт алаңын өлшегенде бұл жерде адамның миына бірден әсер ететін қатты "Қара күш" зұлым рухтардың барын айттым. Өзің біл, бұл ұяланып жанталасып биікке үша алмай мәңгі жерде қалган "Зұлым" әруақ ордасы дегенімде, ол да ат тонын ала кашты. Ондаған жылдар бойы бұл үй осындай құбылысты бастан кешіруде. Тек қана жаны, иманы таза адам ғана табиғаттың сұрқиялы әсерінен аман қалады. Бұндай жанталасып, тынымсыз ғұмыр кешкен әруақтар әрқашанда адамдарға тыныштық бермейді. Сөзге келеді. Тіпті қолына қалам, қағаз алдырып, адамды өз еркіне көндіріп, түсініксіз тілде сөз, сызба сызықтар, суреттер салғызады. Мұндайлардың талайының қолтаңбасы архиві-мізде сақтаулы түр. Зерттеліп оқылуда. Дегенмен бұндай әруақтар қандай түрде әсер еткенімен, адамдарга зияндық ете алмайды. Сонда да сақтық, беріктік керек.

Кейде адамның жанды денесіне аяқ астынан сурет белгісі таңба болып түскенін де көргенім бар. 1993 жылы Жамбыл қаласында бір емші жотасына, аяқтарына ай таңбасы т.б. сызықтар пайда болғанын елге көрсетті. Ал, 1992 жылы бір атақты емшінің сеансында жанымда отырған, қолайсыздана бастаған әйелдің жағында жазу пайда болып, біраз уақыттан соң жоқ болды. Бұл да сол белгісіз құбыжықтардың қолтаңбасы екені шындық. Тағы бір кездесуде бір адам денесіне сандар, белгісіз сурет түскенін көрдік. Қысқасы, белгісіз құбыжықтар жаман, лас жерлерде, асханаларда, әжетханаларда алғаш көз болып көрініп, кейін бейнелік тұлғаға енуі мүмкін. Мұндай жаман жағдайға алматылық бір жанұя душар болды. Түнде кейде үйді жауып кеткенде біреу үйде жүргендей болады. Оны көршілері де растайды. Бірде ақшасын әмияннан алып қойған. Бір рет қайтарып берген. Бергенде былай болтан. Үй иесі көршілеріне болған жайды айтып отырғанда, жоғалған ақшалары жеке-жеке ширатыл-ған бойы, үй еденіне түскен. Қалай ешкім сезбеген? Жағдай ұдайы қайталанады. Маған келіп көмек сұрады. Бардық. Үй тексерілді. Арнайы белгі жоқ. Үйдегі заттарды тексергенде тұмар табылды. Бұл тұмарды бұдан он жылдай бұрын, бір о дүниелік болған дін адамынан алғанын айтты. Тұмарды ашып көрсем, бір түсініксіз белгі мен сөздер жазылыпты. «Мынауың тұмар емес, кері әсер ету дұғасы ғой» дедім. Мынаны өрте де, жанып жатқанда қара. Түтін бір бейнелерді беруі мүмкін" дедім. Үйі тазаландырылды. Ата-баба әруақтарына дұға оқылды. Дін жолына түсуге кеңес берілді. Енді тыныштық болады деп біз жұмысқа кеттік. Ертесінде маған телефон арқылы мен кеткен соң тұмарды өртегенін, жанған қағаз түтіні ішінен адам басы қаңқасы сиякты будақ бейне шыққанын және түсініксіз бейнелі сурет тәрізді көрініс болғанын айтты. Содан бастап тыныштық орнады. Біздің түсінік бойынша, тұмар берген молда кері дұға жазып берген. Оның әсері ана адамды ауру етті. Ал о дүниедегі азабын тартып жатқан рухы (әруағы) қатал қысым көріп, өз күнәсінан айырылу үшін жерге оралып тұрған болуы керек. Жерде шешім табылды. Мүмкін, Алла тағала оған кешірім еткен шығар. Қалтадан ғана емес, үйдегі қос кілтті сейфтегі әмиян ішіндегі ақшаны да алып кеткені жөнінде "Жас Алаш" газетінде (16.07.1996 ж.) жазды. Ташкенттен көшіп келіп Алматының "Жұлдыз" мөлтек ауданынан үй сатып  алып тұрып жатқан Күләш деген емші әйел дәл осындай жағдайға душар болған. Өзінің жұбайы мен бойжеткен қызының қалталарындағы ақшалары белгісіз жоқ болып кетеді. Онға толған ұлының ғана азын аулақ ақшасын алмайды. Жағдай болған соң ақшаны сейфке салады. Кілт қалтада. Сейфті ашса ақша жоқ. Содан газетке хабарлайды. Газет мақаласы-нан кейін теледидардан көрсетеді. Бұл екеуінен радио да калыспайды. Мен мақала бойынша бақылауға алдым. Түбі бір келу керек деп мақаланы оқып, кейбір жерін сызып қойдым. Уақыт өтіп жатыр. Бір күні тілші мен Күләш менің жұмыс орныма келді. Олар жағдайды маған баяндай бастады. "Уақытты көп созбайық. Мен сізді білемін, бақылауым-дағы емшісіз" дедім. Күләш "Мен сізді бірінші көруім, бұл қалай" деді. Сіздің менде есепте бар-жоғыңыздың қажеті жоқ. Біз мұндай да және баска жағдайды да қатал бақылап, есепке алып отырамыз дедім. Мен Күләшқа "Сіз ұят та болса дін қағидасынан айнып кетесіз-ау кейде, мынау соның қырсығы. Құран жолы ауыр. Шариғаттың шартын орында, енді сенде жаманшылық бола қоймас. Алла жар болсын" деп үйіне қайтардым. Осы күні оның газетке шыққанына жүз күн болған екен (16.XI.96 ж.). Күләш үйінде тыныштық орнағанын, тыныш өмір сүріп жатқанын, мен айтқан шарттарды орындағанын айтып, телефонмен маған хабарлады. Кім білсін, пенделікпен шарттарды  толық орындалмады ма, Күләш тағы маған телефон арқылы байланысқа шықты (4.XII.1996 ж.). Күләштің үні өте мүңлы. "Аға, бір жеті болып қалды, тағы ақшасыз қалдық. Баяғы тарих құпиясы қайталануда, көршілер де ыңғайсыз, қорқынышты бола бастады. Енді қайтем? Бір көмек етсеңізші, аға", деген үні сүйегімнен өтіп кетті. Мен бірден ойланбастан аузыма Алланың салған сөзі "Ол ақымақтар, қазір ақшаңды қойып қояды", деп қоштаспастан телефон трубкасын орнына қоя салдым. Жанымдағы басқа ұйымның жауапты қызметкерлері "Зәке, не болды? Өңіңіз бұзылып кетті ғой, тыныштық па?"- десіп жатыр. "Құдай басқа салғанда көнесің. Менің емшісымақтармен алысқаным аз болғандай, енді көзге көрінбейтін бейнелі құбыжықтармен де алысуым қажет болып тұрғаны", деп Күләштің жағдайын түсіндірдім. Олар сенерін де, сенбесін де білмей аң-таң. Сен деп жалынып тұрған мен жоқ. Біраз уақыт өте телефон құлағы шыр ете қалды. Мені сұрапты. Тыңдап тұрмын деп едім, арғы жақта таныс дауыс, бірақ қуанышты дауыс: "Аға, мен Күләш қой. Өз бөлмеме кірсем, жоғалған ақшамның бәрі төсегімнің үстінде жатыр. Сізге рахмет!", деп жатыр. Мен: "Маған емес, рахметті Аллаға айтыңыз", деп күліп жібердім. Келесі күні күн бейсенбі еді. Күләш хабарласып: "Аға, үйге келіп әруақтарға дұға оқып беріңізші, үйімнің мекен-жайы мынау", деп сұранды. Келістім. Жалғыз барғанша деп радиодан бір қызметкерін ертіп алып, Күләштің үйіне келдік.

"Жұлдыз" мөлтек ауданындағы көп қабатты үйден екі бөлмелі пәтер алыпты. Үй таза. Ерекше құбылыс жоқтай. Дегенмен, бір кері күш болуы мүмкін деп үйін тексердім. Үйінен өзі табынып жүрген "Әулие" емшісінің суретін алып тастаттым. Иілген шеге табылды. Бұл екі заттың көзі толық құртылды. Сейф екі кілтті. Сейф тұрған бөлмеде, қайдан түскенін аңғара алмадық, бүктелген 50 теңге ұшып, алдымызға түсті. Бұдан кейін үйді дұғамен тазаладық. Әруақтарына дәм арнап, дұға оқылды. Содан бері  он жылдан аа уақыт өтті. Күләштің ақшасы өз басшылығында жұмсалуда. Мұндай өзімізде бар мәліметтерді жаза берсек, бірнеше том болар еді. Дегенмен кездейсоқ пайда болған үй, дала қожайындары жөнінде, аз да болса түсіндіруді міндет еттік. Бұндай құбылыс иелерін "Зұлым" рухтар деп айта беру бір жақтылық сияқты. Қасиетті Құран Кәрімде жазылғандай, адамды аздыратын, қорқытатын, ауру туғызатын арнайы Жын-пері, шайтан деген көзге көрінбейтін "қара күш" иелері болады. Осылар жаманшылыққа көп барады. Бұлар көбінесе әйелдерді, жас балаларды және санасы таяз сырқат жандарды көптеп иемденеді. Бұның барлығы да бір сыртқы құдірет күші, Алланың әмірімен ғана орьындалады. Бақыланады. Бұл Алланың өзіне аян. Ал жоғарыдағы әр түрлі атпен аталған құпия күштердің көбі бүлдіруші емес. Олар әртүрлі белгі арқылы, мысалы, жерді тықылдатып, сан жобасы бойынша өз әрекетін жүзеге асырады. Олардың шақыратын, хабаршы аттары да бар. Олар кейде жердегілерден хабар алуға, жердегіге о дүниедегі ата баба, туыс ағайынынан, кейде басқа да білетіндерге сәлем хабарын жеткізуге келетіндері де болады. Тіпті ешқандай мазаңызды алмай-ақ, өмірі жаныңызда сізді корғап жүретін, дыбыс беретін, кейде риза болса сізге төбеңізден қуат нұрын төгетін нәзік бейнелер де баршылық. Бұлар көбінесе әр түрлі өңді (көк, қызыл, жасыл, т.б.) болып құбылып та белгі береді. Олар аспанда, ұшақ ішінде, поезда т.б. көліктермен жүргенде де, әркашан "жаныңыздамын" деп сезім мүшеңізге белгі береді. Бұндай құбылыс өзімнің тікелей жеке басымда болады. Еркін бақылаймын. Облыстан облыс шекарасына өткенімде, кәдімгі жарық сәуле белгісінде екі түрлі жарық бір-біріне белгі беріп, өткізу мен қабылдау ережелерін орында-ғандай болғанын, Қызылорда мен Ақтөбе шекарасында поезд ішінде (1993 ж.) және аспанда ұшақ ішінде айқын бақыладым. Қысқасы, құдіретті күшке сену, ол бақытыңызды ашқандық. Біз Жаратушы иенің мәңгілік сынағындамыз. Біз бақылаушы күштер әсерімен өмір сүреміз. Біз діни сауатымызды анық ашқан сайын, белгісіз қонақтар жөнінде жаңаша көзқараспен қараймыз. Қасиетті Құран Кәрімде құпиялықтың шешуі, кілті, әсері, қорғаушы періштелері барына сенген артық емес. Ғарыштық сананың жоғары сатылы болып қалыптасуы үшін Аллаға құлшылық, ата-баба әруағына құрмет етейік.

 

 

3.8      КӨРІНІП КӨЗГЕ - ЖОҚ БОЛДЫ БЕЙНЕ

 

Өмірімізде кездесіп жататын ғажайыптардың ішінде сенуге де, сенбеске де болатын жағдайлар бұрын да және қазір де болып келеді. Бұндай ғажайыптар жер бетіндегі адамдардың өмірінің қоғамдық өзгеріске байланысты кезінде көп болатыны байқалуда. Коммунистік партия кезінде әртүрлі ерекше ғажайыптарды айтпақ түгілі түсімізді де айтуға және Құдай атын, Құран атын атауға қорықтық. Еркіндік елге жетті. Біз білетін көп ел егемендігін қолына алды, біз де басқаша ойланып сөйлеп, жаңаша көзбен қарап, әртүрлі ғажайыптарға бұрынғыдай одырайған, аңдыған көзбен қарамай, нағыз бір сенімдік материалдық идеалистік көзқараспен қарау дәрежесіне жеткендей болдық. Бұған да тәубе дей келе, тірі пенделердің бәріне емес ішінара көздеріне кездейсоқ көрініп жоқ болатын, тарсыл, бір затты сындырғандай дыбыс жасап көрінетін, аян беріп жоқ болатын және тірі пенде болып келіп ортада бірге болып, қайтадан ғайып болатын т.б. құбылыстық елестерді де білу артықтык етпейді. Адамның ойлау жүйесі оянып, санасы ақылдылықтың парасына қарай ұмтылғанда таң қалу емес, қайта соны анықтау үшін сұрау салып, өздігінен ізденіске түсетін сияқты. Осы бір құбылыстар жөнінде шет елдерде көп жазады. Бізде соларды өз тілімізге аударып, қайтадан баспадан басып шығарады. Бұл да ғарыштық санасы бізден озық елдердің ғылымына, ұлтына деген құрмет шығар немесе қараңғылыктың торынан шыға алмай жатқандардың санасын ояту болар, бәрін де дұрыс қабылдаған жөн.

1998 жылы каңтар айында "Түркістан" газетіне (№ 3), "Жаратушымыз жер бетінде жүр ме?" атты мақаланы оқыған қандастарымыз: "Ойпыр-ай, қолдан Құдай жасағанды қашан қоясыңдар, өз ұлтымыз ішінде басымызды қатырғандарға нақты жауап беретін, ғарыштық құпияны білетін бір адам жоқ болғаны ма?", деп жауап жазғанда төбе шашым тік тұрды. Пархат сияқты "Құдаймын" дегенге карсы пікірді жаздық та, әрі радио торабынан сөйлеп халыққа түсіндірдік те. Дегенмен, баспа архивінде мәңгі сақтала-тын жақсы мейлі жаман мақалалардың орны бөлек, келешек ұрпаққа зияны болмасын деген мақсатпен осы мақаланы жазуды ұйғардым. Осыған байланысты көбінесе "Көзге көрінетін елес" жөнінде, өзім естіген, өзім де көрген немесе мен туралы да елдің айтқан (емшілер мен емделушілердің) елес көріністерімді арқау етіп баяндамақпын. 1. Мен 1992 жылдың қараша айының басында Қарағандыда болдым. Мақсат жаңа құрылған халық емшілерінің қауымдастығы-ның облыстық ұйымын ашу, тілек білдірген емшілердің білімін жетілдіріп оқыту еді. Жоспарлы жұмыстар орындалуда. Емшілер де білім алуда. Кезекті сабақ кезінде біраз тыңдаушы емшілердің де әртүрлі қасиеттері ашылуда. Әрине, оның бәрін оң қабылдау да дұрыс емес. "Жүзден жүйрік", дегендей, оқу аяқтала кімнің қандай қасиетке ие екені анықталып жатты. Тыңдаушы емшінің ішінен екеуі қатарынан қолын көтерді. Иә, не айтасыңдар, дедім. "Ағай, біз бірнеше күннен бері сіздің жаныңыздан неше түрлі бейнелі ғажайыптарды көреміз", деді әлгі екеуі. "Қандай ғажайып?" дедім мен. "Сіз осында кіріп сөйлеп, сабақ өте бастағаннан-ақ, оң жағыңызда бойы ұзын, әрі жіңішке әппақ киімі бар әйел адам қорғап тұрады. Бір ата да алақанын жайып бата беріп тұр. Кәдімгі мешітті көреміз. Сіздің бейнеңіз сол мешіт ішінде бізге көрінді. Ал қазір ғана сіздің 5, 12, 18, 25, 32, 40 жастағы бейнеңізді көрсетіп, міне бұл кісі осындай болған деді. Тағы да басқа ғаламаттарды көрдік", деді басқалары. "Елес немесе қорғаушы құдірет күш иелері деген солар. Оны кейде әруақ дейміз. Әр адамның өз құдіретіне қарай, қорғаушы, қолдаушы, бақылаушы иелері болады. Сондықтан, адал болыңдар",— деп қорытындыладым сөзімді. Енді басқа жерде болған мына елесті қалай дейміз? Сабрин деген азамат Өскемен-Лениногор жолында автомашинасымен зулап келе жатады. Бір уақытта қалғып кетеді де, қайта оянады. Көзін ашса, о тоба, жол жиегінде оның бұдан бірнеше жыл бұрын дүние салған шешесі, көз алдында "Тоқтаңдар", деп қол бұлғайды. В. Сабрин жүргізушіге машинаны тоқтат дейді. Ол тоқтайды. Машинадан түсе сала, шешесіне қарай жүгіріп шықса алдында ол жоқ. Содан "Жигулидің" артқы доңғалағына көзі түседі. Ол ұшып кетердей орнында әрең-әрең түр екен. Жөндеп алады. Үйіне келсе қарындасы: "Өңің қашып кетіпті ғой, жолда бірдеңеге ұшырағаннан сау-сың ба?", деп сұрайды. Ағасы оған: Қайдан сездің, дейді. Сөйтсе, қарындасы қайтыс болған шешесін түсінде көріпті. Шешесі қызына: "Вик-торға қазір қауіп төніп тұр, бірақ қорықпа, аман-есен үйге оралады",  депті. Бір ғажабы Виктордың қарындасының түсі автомобиль апаты қатерімен бір мезгілде болған. Міне қорғаушы, демеуші ата-баба әруағы да өзінің ұрпағын осылай қорғай алады екен. Ал ана Викторға қол бұлғаған анасының астралды денесінің көшірмесі ме, әлде ментылды тұлғалық жұқа бейне ме, бұл ғаламның ғажайыбы, тылсым дүние құпиясы болар, сірә.

Дәл осыған ұқсас құбылыс өз басымнан өтті. 1995 жылы 18 маусымда өзімнің "Жигулиіммен" жаныма жұбайым Түймекүл мен кенжем Нұршатты алып, елге Нарынқол жаққа бір жақын туыстың келін алу тойына баруға шықтым. Алматы-Шелек бағытымен орташа жылдамдық-пен жүргізіп келемін. Жүзінші шакырымнан асқанда жолдасым Түймекүл қалғып кеткенін байқадым. Ұйықтағандай да болмады көзін тез ашты. Қатты терлеп кетіпті, өңі сұп-сұр. Не болды, бір жерің ауырды ма, өңің неге қашып кетті, дедім.

Жоқ, машинаңды ақырын айдашы, деп маған карай берді. Өзім де 60-70 шақырымнан асырмай келемін ғой, енді трактор аяңына бас демесең, деп өзім де бір нәрседен секем алғандай сезіндім. Машина жылдамдығын тежеп, бір оншақты шақырым жүргенде, машинаның арт жағы бұлғақтағандай белгі берді. Тоқтатып, машинаны тексердім, дін аман. Қайтадан жолға шықтым.

Кенет 20-30 шақырым жылдамдықта "Жигули" бірден өздігінен тоқтауға ыңғайланды. Тоқтадым. Машинаны от алдырдым. Бәрі дұрыс. Айыбы орнынан қозғала алмай қалды. Сцеплениесі істен шыққан, тетікті қоспай-ды деп жорамалдадым. Жол-жөнекей бірлі-жарым жүргізуші тоқтап, жи-гулиден ешқандай тетіктік ақау таба алмады. Содан бір маши­на келіп тоқтап, жигулиімді алдыңғы жақтағы машина жөндейтін жерге апарып тастауға келісті. Машинаны оның машинасының артындағы тіркейтін тетігіне, арқанмен тіркеп, ал тарт дедім. Машина моторы істеп тұрса да орнынан қозғалып барып, арқанды үзіп жіберді. Түсіп маши­наны карасам, оң жақтағы артқы доңғалақ жоқ. Аң-таң болдық. Артқы өсі үзіліп кеткен. Донғалақты 150-200 метрдей жерден әрең таптым. Той жайында қалды. Бас қатты, ешкімнен көмек жоқ. Осындай күйгелектеп жүргенде жұбайым Түймекүл: "Е, құдай бір сақтады", ғой дегені. Қалай десем, жаңа мен жолда бір күш әсерімен қалғығанда, сенің осыдан он бес жыл бұрын қайтыс болған апаң аян берді. Апамыз: "Түймекүл, сендер Нарынқолға жетпек түгілі, мына машинада сүйектеріңді де таба алмай қалады. Қайтың-дар!", деп еді дейді. Неге бірден айтпадың десем, кім біледі, сен ренжи ме деп едім, әйтеуір аман қалдық қой дегені. Бір елестің құдіретімен бізде осылай аман калдық.

4. Тольятти қаласының тұрғыны дәрігер-реаниматолог Анатолий Хайдак "Бұдан он жыл бұрын менің бала досым Юра қайтыс болды. Оның қайтыс болғанын бір жарым айдан кейін естідім», дейді. Жаз айы мен түнгі кезекте "Реанимация" бөлімінде кезекші болып отырдым. Осы кезекші бөлмесінде түнгі сағат үш жарымдарда қалғып кеттім. Таң біліне бастапты, оянсам, қарсы алдымда Юра тұр. О, тоба, ол көз алдымда анық тұрды. Өзім дінге сенбесем де, шоқына бастадым. Әлден уақыттан соң Юра кері айналып есіктен шығып кетті. Мен бұдан кейін тағы да жаттым. Юраның келе жатқандай дыбысы естілді. Көзімді ашсам  көз алдымда Юра, тағы Юра тұр. Терезеден жарық түскен кез еді, мен досымды анық көріп тұрмын. Менің аузыма: "Юра койсаңшы. Юра қойсаңшы..." деген сөздер түсті. Ол тіл қатпастан тағы да бұрылып шығып кетті. Таң атқан соң оны еске алдым, содан кейін мен досымның мазалауынан құтылдым", дейді дәрігер реаниматолог А. Хайдак.

Бұл жағдайды әдетте бірер сағаттық биологиялык өлім деуге болмайды. Ол қырқын да өткізіп қойған марқұм. Неге марқұм Юра өз досына елеспен көрінді? Мүмкін, досы А. Хайдактің бір уыс топырақ салмағанына ренжіді ме, әлде бір жағдаймен кездейсоқ қайтыс болса, саған әкелгенде мен тірі қалар ма едім деп, әруақ келді ме немесе сен дос болсаң ата-анамның қайғысына неге ортақ болмадың, "бізде сендей болғанбыз, сен де біздей боласың", деп ескерткен де шығар Юра әруағы. Жалпы Құран Кәрімде ауырып жатқан адамның көңілін сұрау, кайғыға ортақтасып көңіл айту, ал өте жақының болса көмек аямау, өте сауапты іс ондай адамдардың Алла күнәсін кешеді. О дүниеде пейіштің есігі ашық, олар сұрақсыз пейішке кіреді деген Алланың сөзінің шындығының бір дәлелі  сияқты.

5. 1992 жылы шілде айында Шымкентте болып, бұрынғы ескі "Әмбебап" дүкені жанындағы қонақ үйге орналастым. Қонақ үй әкімшілігі қызметкері мына ғажайыпты баяндады. "Бірер күн осында мұртты, толық денелі, қара торы, ет жеңді, бойы орташа әдемі киінген қазақ жігіті келді де: "Бір күн қонамын, маған "люкстен" орын бер, мен Шәмші Қалдаяқовпын" дегені. Өзінің жасы отыздың арғы-бергі жағы. Құжатыңды көрсет десек: "Сен-сенбе, мен Шәмші Қалдаяқовпын" деп кетпей тұрып алды. Өзі өте сұсты, еш нәрседен тайсалар емес. Мәселе асқынған соң, қонақ үй директорын шақырдым, ол кісі келді. Жағдайды айттым. Әлгі жігіт болса айтқанынан қайтар емес. Директор: "сен жассың, ал Шәмші болса алпысқа келді" десе де көнер емес. Қонақ үйге бір-екі күн бұрын Шәмші аға орын алып орналасып, дем алып жатқанды. Жанында Шәмшінің досы, жазушы Оразбек Бодықов бар болатын. Ұят та болса, директор өзі барып Шәмші аға мен О.Бодықовты ертіп келді. Шәмші аға басын төмен салбыратып, О.Бодықовтың жанында тұр. Ыза болған директор: "Ей, жігітім, міне Шәмші!", деп еді әлгі жігіт "Композитор Шәмші Қалдаяқов менмін", деп масқара еткені. Бір уакытта әлгі жігіт Шәмші ағаға қарап: "Қартайып кетіпсің ғой, сені алпысқа толады деп еді, мені де тойыңа шақыр", деп, кері бұрылды да, "сен, сенбе, мен Шәмші Қалдаяқов", деп конақ үйдің сырткы есігін ашып, далаға шығып кетті. Біз артынан жүгіре шықтық, әлгі жігіт зым-зия жоқ. Жер жұтты ма, оны біз қайтып көре алмадық, ал басқа жерде "Шәмшімін" дегенді естімедік, бұл не, аға?.. Сонда қонақ үй басшысы мен О.Бодықов ана жігітке бірдеңе айтуды Шәмші ағадан өтініп еді, Шәмші аға аузын ашпай, кейін шегініп, О.Бодықовқа: "Кетейікші, кетейікші", дей берді. Ана жігіт далаға шығып кеткенде Шәмші аға тұрып: "Шәмші өлмепті ғой, Шәмші екеу екен ғой", деп терең күрсінгенде оның бозғыл өңіне қан жүріп, өңі оңала, әрлене бастады. Шәмші ағаның иығы көтерілгендей болды. Ол аяңдап баспалдақпен жоғары көтеріліп, өз бөлмесіне кетті. Бұл кез Шәмші аға үшін ауыр кез болған екен. Өзі ауру, зейнет ақы да, атақ та жоқ, қатты қайғылы кезеңі екенін кейін білдік", деп, қонақ үй әкімшілігі қызметкер әңгімесін аяқтады. Шәмші аға қайтыс болған соң қана атақтар алғанымен, оны өз қолымен алып, халқымен қайта құшақтасып табысуға Алла нәсіп етпеді. Ана жұмбақ "Шәмші жігіт"  көп жыл өтсе де, әлі жұмбақ күйінде қалуда. Кім білсін, жанын шүберекке түйіп, уайым-қайғысын арқалап өз еліне сағына барғанда, бала Шәмші рухы қуат беріп, ұлы сазгерді бір уақыт болса да жігерлендірген шығар, оның о дүниеде де Алланың сүйікті құлы екенін ескерткен де шығар. Шәмші ағаның жаны жәннәттан, орны пейіштің төрінен болсын, дейік, ағайын.

6. Ертеде таныс, көңілдері жақын адамдар қайтыс болғанда, мынадай тосын жағдайлар да өткен. Швеция королінің жұбайы Ульрика 1741 жылы қайтыс болады. Дәстүр бойынша құрметпен табытқа денесін салып, ко-рольдің сарайына койып, арнайы қатал күзет кояды. Ел коштасуға келген-де күзет басшысы құрметті қарауылдарды ауыстырып тұрады. Сарайға апаратын жол бойы аксүйектердің тобына толып кетеді. Мәйітті қоштасып шығуға келгендер мәйітпен жеке кіріп қоштасуға құқылы екен. Кезек статсдама графиня Штейнекке келіп, ол мәйітпен қоштасуға кіреді. Қай-тып шықпайды. Кешіккен соң қарауыл бастығы ақырын есікті ашса, өлген Ульрика тірі графиня Штейнекпен құшақтасып тұр екен. Бұны көрген қарауыл бастығы айғайлап жіберіп, есі ауып түседі. Назаға келгендер мұны естіп, жүгіріп келіп қарағанда, әлгілерді көріп, сол орында қозғала алмай, бәрі тастай қатып қалады. Қүшақтасқан екі дене де табытта буалдыр тартып, шөл даланың аптақ ыстығында пайда болатын сағымдай көлбеңдеп барып көзден ғайып болады. Ал тұман сейілгенде әлгі табытта Ульрика емес, графиня денесі жатқанын көреді. Бұл өтірік дейін десе, графиняны еш жерден таба алмайды. Бұдан кейін жар салып графиняны іздестірсе, ол сол күні со минутта қайтыс болғаны мәлім болады. Ой, сұмдық-ай, бүған ешкімнің ойлау қабілеті жетпейді!

Бұл шындық еді, өйткені архивте сақталған құжаттар нақ осылай болғанына күмән келтірмейді дейді негізгі анықтаушылар. Бұл қалай? Шындық па, елес пе?

Алдында қайтыс болған өлі дене рухының әлі биікке көтеріле алмауы рухтың тәнді әлі қиып кетпегендігі болса, ал бұрынғы өлікпен қоштасу минутында қайтыс болған графиняның да рухы денесінен әлі толық шықпаған қиналыс пен арпалыс кезіне тап болғандықтан, көне досы Ульрика марқұмның рухы оған көмек еткен де болар. Мұның дәлелі Ульрика марқұмның табытынан графиня Штейнектің денесінің көрінуі. Мүмкін, өмірде бірге жақын болған екеуінің рухы да ғарышқа жұбын жазбай қосарлана ұшқан болар, дегенмен бұл құдіреттен адамзатқа тән достастық символы о дүниеде де жалғасатынын көрмесек те сезгендейміз. Тіршіліктегі мәңгі достықтың бақи да мәңгілік екеніне сеніммен қараған жөн болар.

7. 1991 жылдың наурыз айы. Осы бір кезде ел ішінде әруақтымын, емшімін дегендер көбейіп, бірін-бірі қолынан келсе жоюға да дайын екендерін кейбір пысықтары көрсете бастады. Өзіме де келіп, "саған біздің әруағымыз дем беруде, біз пәлен әулие-әмбебаптың ұрпағымыз", деген-дер аз болмады. Осы бір кезде оларға қатты ренжіп, олардың сауатсыз-дығына таң-тамаша қалдым. Мен оларға: "Әруағыңның ен тамғасы бар ма? Егер әруағың мықты болса, көрсет!", дегеніммен, тыңдайтын оларды көрмедім, айтатын сөздері тек осылай. Осындай ауыр күндердің бірінде таңға жуық ұйқымнан біреу оятқандай, оянып кеттім. Басымды көтеріп отыруға бір күш әсер еткендей болды.

Бөлме есігі шиық етіп ашылған секілді болғанымен, ол шынында да жабық тұр. Есік менің төсегімнен бір метрдей жерде еді. Ой Алла, өз көзіме өзім сенерімді не сенбесімді білмей калдым. Қарсы алдымда бойлары екі метрдей ұзын (ең кішісінің бойы бір метрдей) адам тектес, үстілерінде денесінің терісіндей болып жабысып қалған қайыңның қабығындай резина киім киген мақұлық тұлғалар тұр. Бұл резина киімін басынан бастап қаптап кигендіктен, тек қана көзі мен аузы және тыныс жолы ғана көрінеді. Мен жаратқанға жалбарына сөйлесе бастадым. Олар маған тура қарап тұр. Мен кірпік қақпай қарап тұрмын. Бір уақытта ең ұзын бойлысы маған "Сен ешнәрседен қорықпа, біз сені қорғаймыз. Сен сенбейсің бе?", - деп екі қара тапаншаны екі жағыма лақтырып тастап, өздері сабырлық қалыппен кері айналып, есіктен сыртқа шыққандай болып, көзден біржола ғайып болды. Бірақ есік айқара ашылмады. Жаныма карағанымда екі тапанша екі жағымда, иық тұсында жатқандай әсер етті. Бұл әбден таң атқан кезде болған уақиға еді. Мен орнымнан тұрып кеттім.

Бұдан кейін менің қарсыластарым сиреп азая бастады. Өзімді де салмақты ұстайтын болдым. Әйтеуір бір күш мені алға бастап, имандылық жолыңа бағыт беріп тұрғанын көрмесем де, жаным мен тәнім сезіп тұрады.

Өмірдің жұмбақ сырларын өз өмірімізден алып (басқалардан көшірмей), ұлтымызға жеткізіп санасына жақсылық нұрын шашсақ шіркін, азаматтық борыштың бір өтеуі де, мына жарық дүниеде.

8. Заңды құжаты бар шведтік турист Свен Игелстром шіркеудегі тәу ететін тас мүсінді ұрлағаны үшін Кипр полицейлері қамауға алады. Кезекші полицей оның қолынан тас мүсінді, құжаттарын, ақшасы мен белдігін, қол сағатын, т.б. заттарын алып сейфке салып, өзін абақтыға қамайды.

Турист өзін өте көңілді ұстайды. Кешкі тамақты ішпейді. Ал таңертең полицейлер келіп абақты есігін ашса, әлгі турист жоқ. Жабулы түрме сол қалпы. Бұл да әлі түсініксіз. Сонда Свен кім турист па, жоқ елес пе?

Ал ол адам болғанда, қалай жабық түрмеден шықты? Енді осыған байланысты қазақ жерінде болған сиқырлы құпияға тоқталайық.

9. Сарымолда деген әулиенің сүйегі Атырау каласының дәл орта шенінде жатыр. Зұлымдық билеген заманда (1928-32 ж.) осы өңірдегі ел ол кезде тірі әулиеге: "Молдеке, мына Жайық тасып кетті, мал жайылымсыз калатын болды", дейді. Молдекең асықпаңдар деп, түрлі дұға оқып, Жайық суын тоқтатып, малды арғы бетке өткізіп, ал кеште тағы
да Жайық суы ағынын тоқтатып, бергі бетке өткізіп алады екен. Осы әруақты ата зұлмат жылы түрмеге жабылады. Сарымолда әулие де дәл Свеннің әрекетін қайталайды. Ертесінде Сарымолданың үйіне іздеуші сақшы келсе, сегіз бірдей Сарымолда үйде байсалды түрде шәй ішіп отыр
дейді. Көзі алақандай болған сақшы, жағдайды басшыларына баяндайды.
Ақыры Сарымолда әулие өзі түрмеге барса керек. Бұл швед Свен мен қазақтың Сарымолдасының ұқсастық қасиетінде не сыр бар? Мүмкін біз білмейтін ерекше қасиет пе?

Әлде бір құпия оқудың сыры ма, қысқасы адам баласының қабілетінің шексіздігін дәлелдейтін шындық екені анық.

10. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын болған бір құпиялы жағдай есімнен кетер емес деді. Өзі оқымысты, өтірік дегеннен жаны аулақ бір танысым онда мұндайды айтудан қорқасың. Қазір шіркін демократия ғой. Алматы-Мәскеу пойызына отырып, батысқа қарай жол сапарына шықтым.
Менімен бір купеге қара өңді, арықтау жасы 70-тен асқан қария келіп жайғасты. Сөйлемейді. Ешкімге жақындамайды. Жол жөнекей станца аял-дамаларына поезд тоқтағанда түспейді. Қысқасы өзімен-өзі. Былай қара-саң, дені сау, есі дұрыс сияқты. Бір рет сөзге тартып едім, е деді де, кайтып сөйлемеді. Мен секем ала бастадым. Жарты жолда кәрияға шәй ішейік дедім. "Е, болады ішуге",
деп, дастарқан басына келді. Үн жоқ. "Тамақ алыңыз", дедім. "Е, бар ғой", деп өзінің бір қағазға оралған тамағын алды да, ашты. Кәдімгі тауықтың жұмыртқасы. Содан екеуін аршып жеді де, шәй ішіліп болған соң шал жұмыртқа қабығының бір түйірін де таста-май жинап алып, әлгі қағазға орап, тор дорбаға салды. Өзі үнсіз орнына барып жатты. "Кәрия, қайда барасыз", деп едім, "Түркістанға", деп шолақ жауап берді. Түркістанға келгенде кәрия: "Қош, әлі кездесерміз", деп түсіп қалды. Мен оның ақырғы қоштасар сөзін естігенде, денем дір етіп, бір ыстық толқын ұрғандай болды. Содан бері жыл өткен сайын сол кәрия көз алыма келеді де тұрады, бұл неге, Зеке?" деді.

Шындық елестің де елесі барын, белестің-белесі барын халық ұрпағы білсе артық емес. Алланың пендесін тексертуге жіберген, қасиетті жер Түркістанды аралап жүрген "Қызыр Ата" ма? Мұндай көзге көрініп жоқ болатын елестік бейнелер көбеюде. Бұл діншілдік мен дінсіздік ара-сындағы күрес дамығанда көбейетін құбылыс. Ғарыштық "Ақтық жолы" мен "Зұлымдық" жолы күштері арасындағы шайқас күшейгенде, Алла тағала соларды да бақылауға бақылаушыларын жіберіп, олар адамдарға көрініп, сабыр сақтатып, қоғамымыздың жақсылық бағытында дамуына көмектесетін сияқты. Дегенмен, мұндай бейнелік елестік көріністен сеске-ну, қорқудың қажеті жоқ. Олар өздігінен адамға жамандық ете алмайды. Діннің шариғаттық шарттарын орындағанда ғана өз жолыңызды дұрыс бағыттай аласыз. Қазақ қасиетті халық, Жері киелі. Оның жері мен елі ғарыштық жақсылық тарату ордасы. Ақ таң аппақ боп шапағат нұрын шаша атып келеді. Елімізде болатын алдағы жақсылықтың, мейірбандық пен қайырымдылықтың елесі көрінуде. Алла тағала бәріңізге сол елесті нәсіп етсін.

 

3.10  РУХТАРМЕН   СӨЙЛЕСУ

 

Қазақ халқы өзінің жаратылысынан тысқары әлемде болып жататын және тысқары басқарушы қуат күштерінің әсерін әрқашан да бақылап отырған. Өзінің өмірінің отыз жылын (1898-1928 ж. аралығы) Жаратылыстың тылсым дүниелерін зерттеуге арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің "Үш анық" кітабында өзі тексеріп, танысып және тұжырымдаған шығыс пен батыс ғұламаларының құпия еңбектерін жоғары бағалады. Өзінің осы еңбектердегі көрсетілген спиритзм, магнетизм және телепатия жөнінде айтарлықтай ойын түйіндеп жазып дәлелдеді. Соның ішінде біз сөз етіп отырған спиритзм (әруақпен сөйлесу) қазіргі уақытта білуге өте қажет ғылыми таным және халыққа қажетті жасырын сыр болып табылады. Әрине, бұған дейін әруақпен сөйлесуді айту күлкілі еді. Бұдан бұрын да жаратушы бар деген Сократ басына таяқ болып тисе, ал Галилей жерден үлкен планета бар дегені үшін қуғын көріп, аз-азап тартпады. Діні емес тілі, дәстүрлік өнер саласы жойылғандар мен жойылуға аз қалғандар да бұндай жабайы атаудан ат тонын ала кашты. Құдірет күші күшті жұрттар үстемдігін қолына алып, жаңаша танымдық ұғымға қарай біздің санамызды бұруға ықпал етуде. Дегенмен, Еуропаның біраз дамыған елдерінде (Франция, Англия және т.б.) және Америка, Үндістан сияқты елдерде спиритзм құпиясын үйреніп дәлелдеудің өзі XVIII-XIX ғасырда басталды. Парижде спиритзм мектебі ашылды. Оны оқығандар рухпен (жан) байланысқа шығатын. Кейде байла-нысатын рухтың аты да болған. Сол мектептің түлегі Хасан Марзух рух-пен байланысқанда, "Жақсаза" деген рухтан түрік сұлтаны Ғабдул-Хамиттің зұлымдығын халқы қанша уақыт көреді дегенде: "Оның патшалығы отыз үшінші жылдың тоғызыншы айында тақтан түседі", деп берген жауабы дәл келген. Міне, осыған орай біздің де ортамызда әруақпен тіке-лей байланысқа шығатындар бар солар арқылы толық болмаса да, қанағаттанарлық хабарлар алудамыз. Олар өз ұлтымыздың таза жанды киелі адамдары. Бұған қарап әруақпен сөйлестім дегендердің бәріне сене беру қапыда қалдыратынын білген дұрыс. Жүздің жүйрігі, мыңның тұлпары ғана осындай қасиетке ие болуы мүмкін. Ол жағы өте құпия. Әрине, әруақпен сөйлесу жауапты жұмыс. Егер адал күш қожайыны торына ілінсең жақсы, ал арам pyx колына жемтік болсаң сорыңның қайнағаны. Кейінгі кездегі бақылауымда ғарыштан он сегіз түрлі (одан да көп шығар) хабар бір уақытта, бір диапазонда қатарласа параллелді бағытта келетіндей. Кейде спираль, бұранда, шашыранды, үзіліспен, жоғалып барып немесе бір реттен кейін жоқ болып, бірнеше күн, ай өткенде қайта байланысқа шығады. Белгілері: дыбыс, дыбысты сөз, тықыл, дүрсіл, айғай, тоқылдату, жылы салқын толқын, жарық, неше түрлі, тұманды автоматты тетікті құралдық қосылыс, атылған оқ сияқты, денені сипап өту т.б. әсерлер болғанда, адам өзінің ішкі жан дүниесінің ашылмаған тканьдарын оятып, қажетті тетіктер сыртқы байланыс жүйесіне автоматты түрде іске қосылады. XIX ғасырда Үнді мүхитында Францияның мамандары спиритзм жөнінде сынақ жасағанда, рухты шақырып сөйлескенде бұрын өлген өздерінің бір жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк, жиырма бес су ақша қарыз алып, соны төлей алмаған едім. Сол маған қиын болып жүр. Соны сендер мархаббат етіп, төлеңдерші, дейді. Капитаннан сұраса есіне түсіре алмайды. Тіркеу кітапшасынан қараса, дұрыс шығыпты. Жолдастары капитанға алашағын беріп, о дүниелік жолдастарының рухын тыныштандырған. Өмірде адал болғанға не жетсін! Ұмытса да, арамдық пен зұлымдық істесе де, әр адам бұл дүниеде аман болғанымен, о дүниеде жауап бермек. Не үшін бізбен әруақтар байланысқа шығады? Немесе біз неге оларды мазалаймыз? Сонда әруақтардың қандай жақсылығы болады? деген сұраулар да заңды. Әруақтар бізге бір қауіпті, қатерді немесе жақсылықты ескерту үшін байланысқа шығады. Олар да Жоғары билеушінің кезекшілері, билеушінің тапсырмаларын жеткізуші ғана. Осымен әруақтар қызметін аяқтамақ. Бұдан басқа бізді бақылаушы, корғаушы, куат беруші, бұйырушы және жазалаушы рухтар да бары шындық. Рухты арнайы атап шақырады. Кейде бөтен рух та араласып кетеді. Немесе мен солмын дейтін рух та бар. Мысалы, 1993-1994 жылдары "Караван" газеті қосымшасы "Аруана" газетінде көбінесе о дүниелік өнер мен мәдениет адамдарының рухымен сөйлесетін "Ақсақ әулие" Серік Құмарды дірілдете жазды.

Біз екі жылдан бері бұл "сәуегей әруақпен тілдесушіні" жоғалтып алдық. Ол Алматыда тұрады. Уақыт өтті, бітті дегенмен, бұндай "әуесқой-лықтың" қоғамға зияны, халықтың болашағына қырсығы тиері және жеке азаматтардың басын катыруы шындық демекпіз. Өмірде тірі пенде жарқы-рап шыққан жалынының қасиетін корғап, оны ары дамытуға мықтымын дейтін көптеген "Сәуегейлер" адал қасиет иелерін де халық алдында ұятқа қалдыруда.

Әруақпен сөйлесу үлкен рухани, ғылыми және жан-жақты дайындықты қажет етеді. Мысалы, 1992 жылы "Ақтар" ұйымымыз, "Мен –Исамын, Мариямын" дегендер елдің зәресін алды. Естеріңізде ме, көшелерде үйлер мен мекемелер қабырғасында "Мария" ана суреті ілініп қаптағаны.

Бұл теріс пиғылдағы ұйым   1992 жылы "23 қарашада өмір бітеді" деп халықтың зәресін алды. Түсінбегендердің алды қазан айынан бастап бір-бірімен қоштасып жатты. Бүкіл дүние жүзі халқы тебіреністе еді? Құдай оңдап, Алматыда қазанның 18-21 аралығында, "Рухани бірлік келісімі" халықаралық конгресі өтті. Әлемнің жетпіске жуық елінен ғалымдар, дін басшылары, емшілері, көріпкелдер, тарихшылар, басқа ілім уәкілдері болды.

Мен 20 қазанда емдік сеанстардың байқауына шықанда бірден дүға оқыдым. Бата жасап жатқанда маған ғарыштық хабар "Сен айт, 23 қарашада жаманшылық болмайды", деді. Мен осы сөзді емдік сеансым басталар алдында айтқанда, Республика сарайында отырған төрт мыңнан артық адамдардың өзіміз бен шеттен келгендердің қуанғаны әлі көз алдымда. Залда қуаныштан көзіне жас алғандар да аз болмады. Сол кезде түсірілген, шындықты дәлелдейтін видеофильм сақтаулы. Келер жылы қазанның 2-9-ында (1993 ж.) Қазақстаннан отыз адам Қырымның (Украина) Гурзуф қаласында өтетін дүние жүзілік "Дәстүрлі емес халық медицинасының" бірінші Конгресіне қатыстық. Сапарымыз өте нәтижелі болды. Біздің делегаттар сол елдің "Мариясы" немесе "Ақтар" ұйымы жөнінде арнайы орынның адамына сұрау салды.

Олар: Сіздер Конгрестен соң көп кешікпей олар жөнінде ("Ақтар") естисіздер", деді. Біз елге оралдық. Баяғы әлем елдерінің тынышын алған "Ақтар" басшылары ("Мариясы" да) түрмеге жабылды. Кейін ұзақ мерзімге сотталғанын естідік. Айтайын дегенім, өзімді мақтау емес, іс-тәжірибем мен көрген-білгеніме сүйеніп, "ғарыштық зұлым күштер" торына ілінгендердің Алла алдында жазасын алуымен, қоғам мен адам санасындағы қара торлардың жойылып тазаруы еді.

Адамның миындағы ерекше таңғажайып процестерді ғалымдар да шеше алмай қиналуда. Ми бүгінгі компьютерден де артық деуге болады. Себебі, компьютерді де ойлап тапқан, бағдарламасын жүйелеген адам. Ал ойлау жүйесінің қожасы ми. Мидың 12 пайызы ғана жұмыс істейтінін, ал қалған бөлігі демалыста екенін биолог ғалымдар қапысыз дәлелдеген. Сонда тоқсан пайызға жуық мидың ұйықтап жатқан клеткаларын, оның тканьдарын біртіндеп оятуға, іске қосуға болатынын біз ғана емес, ғылым да дәлелдеуде. Адамның мүмкіндігі мол. Өз қабілетін білмейтіндер қаншама. Ал білгендер бақыттылар. Бізде де бір уақытта бір неше шаруа тындыратындар жетіліп келеді.

Жамбыл облысының Шу қаласы, Төле би ауылында 1994 жылдан бері Қытайдың Ганьсу өлкесінен көшіп келген, әруақпен сөйлесетін, көп қасиет иесі Әзиза Сайдоллақызы тұрады. Жасы қырықтың ішінде. Ә. Сайдоллақызы Қазақстанға көшіп келерден бұрын, отызға жетпей аяқ астынан бір қасиетке ие болады. Ол ұйқылы-ояу түрде бір ақсақал адамнан кәдімгі Құранды қабылдап алады. Өзі сауатсыз. Мешітке апарса Қытайдағы молдалар күтіп ұста, бұл Құран  дейді. Өзінде жоқ Құранды ол қалай алды, әлгі көрінген ақсақал кім? Басы әбден қатады. Көп жылғы азабын артқа тастап, Әзиза сол елде жүргенде-ақ әруақпен тілдесіп, ем-дом, көріпкелдік, сынық салу, шөппен емдеу, дұғалық беру т.б. қызметті халқына аямайды. Ол араб әрпін танымайды. Соған қарамай-ақ, әруақтардың көмегімен кітап ашып, әркімнің жеке-жеке емдік аурулық дұғаларын оқып, аянмен көбінесе дүйсенбі, жұма күндері қабылдайды. Ми қызметінің күштілігі ме? Әзиза аян аяттарын ұмытпай, жекелей оқып, емін жалғастырады.

Спиритзм әдісін жақсы меңгерген Әзизаға науқас адамдардың көптеп баруы сондықтан да болар. Еміне кесімді баға қоймайды. Өз касиетіне, құпиясына өзі қожа. Мен оның қабілетін үш жылдай бақылағанда біртіндеп қасиеті артып бара жатқанына куә болдым. Өзім білетін көптеген әруақпен бұрын сөйлескендердің қазір қасиеті жоғалып бара жатқанын, олардың зұлымдық күштердің торына түскенін аңғардым. Оларға енді тек қана дін жолымен тазару қажет. Егер біз Әзиза Сайдоллақызын толық танығымыз келсе, ол ерекшелік Әзизаның ұстамдылығында. Жанының тазалығы. Құранға қарап, тәспих тартып, ойыңызды дәл табуы, оған көмектесетін Ақ ниетті әруақтардың әсері. Әзиза: "Қытайда жолдасым Әдібастың әкесі жазықсыздан ұсталып, артынан бір топ адаммен бірге атылды. Заң қатал, сүйегін бермек түгілі, көмген жерін де айтқан жоқ. Мен әруақтармен байланысқа шықтым. Маған Қытайдың бір шетінде атылған атамның денесі бір топ адаммен бірге көмілгенін көрсетті. Қандай қайғылы. Киімдерімен шұңқырға итеріп, беттеріне топырақты үйе салған. Атамның рухы маған: "балам, менің денемді алсаңдар, мына жерден бастап қазсын"- деп нұсқағандай болды. Мен сол әруақ аяны бойынша атамның сүйегі жатқан жерін қазып әкелушілерге қолдан сызып бердім.