ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

24

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Осындай хабаршылардың көмегімен 1992 жылы 7-тамызда Жамбыл-дық Акмарал Акупова емшілерге менің сабағым жүріп жатқанда аты-жөндері жазылған тізім сызбалы бейнені бір құдірет күші көмегімен қағаз бетіне түсірді. Құдайберді Жолдасов та мешіттің, азаншының, Құранның, молданың және қазақ аулының бейнелі сызбасын қағаз бетіне түсірді. Осында емшілер мектебінде оқып жатқандардың жиырмаға жуығы әртүрлі сызбалар сызды. Олар менде сақтаулы, басқа облыстарда болганда, білім алғандар мұндай құбылыстарды әртүрлі түрде қайталады. Дегенмен, мен үшін өте күшті телепатиялық байланыстың ғарыштық көріністі тұлғасы, басқалармен салыстырғанда, Жамбыл қаласында өте жоғары потенциалды болды. Құдайберді екеуміз Жам­был (кейінгі Тараз) қаласының жанындағы барлық әулиелер кесенелеріне барып, рухтарына арнап дұға оқыдық. Бір күні Құдайберді Жолдасов мырза: "Мына қала шетіндегі Талас өзенінен өткенде, үш жүз метрдей кішкене төбеде жеті Қараханның бірі, әулие Тек-тұрмас жерленген, жүріңіз, сонда барып, әулиенің әруагына дұға оқиық", –деді. Сонымен Талас өзеніне келіп суға түстік. Су тізеден асса болды адамды ағызып кете жаздайды. Судың бір қасиеті бар ма, әйтпесе ағыны баяу әрі таяздау. Өзенді жаяулай кешіп өтіп, Тектұрмас әулие жерленген төбеге қарай бет алып, жүріп келеміз. Тақырлау тасты жер, шаңы бұрқырап жатыр. Жол-жөнекей жермен-жексен болған ескі бейіттерді аралай төбеге көтеріл-дік. Енді бетімізді қалаға, батысқа қаратып жүріп келеміз. Жолда бір әулие мүрдесіне дұға оқып, Талас өзеніне тура төніп тұрған, өзеннен биіктігі үш жүз метрдей төбедегі Тектұрмас әулие мүрдесіне тоқтап, әруағына арнап дұға оқыдық. Дұға оқып жатқанымда мені бір ыстық лепті күш, жанымды рахаттандыра тербеп жіберді. Төбемнен келіп құйылып төгілген нұр табаннан бір-ақ шықты. Дұғадан кейін Құдайберді бүл жерде ертеде осы төбенің шығыс бөктерінде діни медресе, мешіт болғанын, қысқасы адамдардың рухани ордасының орны болғанын (археологтар дәлелдеген) маған көрсетті. Билеуші ұлы ұлттар өз үстемдігін жүргізе бастағанда-ақ, бұл діни рухани орданы жермен-жексен етіпті. Осыдан кейін Жолдасов Қүдайберді мырза «мен бір нәрсені ұмытып барамын, соны баяндайын деді. Тектұрмас әулие мүрдесі (бейіті) жанына емшілер келіп, әулиеге дұға оқып екі не одан да көп күнге атап, мүрде жанындағы тастан алады. Оны үйіне апа-рып, кісі емдерде оң қолына ұстап тұрса, күшті биоэнергия денесінен бөлінетін сияқты, бұл қалай болғаны", – деді маған. Енді бір мәселе осы екі үш жылдан бері БҰТ (НЛО) осы төбеге келіп, төбенің үстінде қозғал-май 20, одан да көп минут қалқып тұрып алатынды шығарды. Мына бізге қарсы өзеннің арғы бетінде тұрған әдемі гимарат, осындағы Химия комби-натының жұмысшылары дем алатын санаторий. Сонда ана БҰТ-ты бақылайтын құрал қойылған деді. Мен Құдайбердіге онда біз қайтадан әулие бейіті жанына барайық деп, сонда келдік. Жан-жағын қарап өзімше тексергендей болдым. Бірақ менің денемді бір сүйкімді қуат көзі зарядтап, тербеп аймалағандай. Иә, бүл жер тегін емес, мүмкін жер мен ғарышты байланыстыратын, әулиенің мүрдесі жанында бір телепатиялық, ақпарат-тық байланыс жүйесі бар шығар дедім Құдайбердіге. Ол басын изеп, кім білсін, оған біздің сауатымыз жетпейді ғой деп, ағы-нан ақтарыла шынын айтты. Мен Тектұрмас әулиенің мүрдесінің Шығыс жағынан бір белгісіз нәрсенің әсерін сезгендей болдым. Бісмиллә деп, сол әсер жағындағы мүрденің жанына тізерлеп отырып, ақырын тыныштықпен бақылағанымда, құлағыма бір сағат тілінің соққанындай үн естілді. Бұл соғыс тура адамның жүрек соғуындай естіледі. Мен екі көзімді тарс жұ-мып, екі қолымның алақанын Тектұрмас әулиенің қабыры керегесіне тигізгенде, қабыр ішінен тарсылдап соққан, жүрек соғысынан айнымайтын дыбыс айқын, тұрақты естіліп тұрды. Мен ақырын ғана Құдайбердіге дәл өзімдей қайталауды ұсынып, енді бұл төбенің сырын білесің дедім. Ол мендей етіп қайталап, менің сезгенімнің бәрін айтты. Мен Құдайбердіге мына әулие Тектұрмастың қабірінің басы, жердің ғарыштық орталығы болуы мүмкін. Осында ғарыштан ақпарат түсіп, өңделіп, кеңістікке таратылуы мүмкін дедім.

Шынында да солай ма? Біздің бұлай деуіміз осы жерге БҰТ-ты құда-сына келгендей тұрақты келуі. Әулие жерленген төбедегі сілкіністі телепатиялық ырғақты тербеліс әрі күшті энергетикалық потенциалды өріске бай болуы, ғарыштық байланыстырушы бір көрінбейтін қондырғы тұрғандай сезімді ойымызда қалдырды. Рухтық телепатиялық қатынастың мәңгілік құпиясының шежіресін осылай, ұлттық түлғаны сақтап оқып әрі зерттеудеміз.

Біз Тектұрмас әулие қабірі басынан қайтуға ыңғайланғанда, Құдайберді тағы бір жаңалығын ашып жарық еткізді. Маған сіз мына қаланың арғы бетіндегі шеттеуде тұрған Айша бибі кесенесін көріп тұрсыз ғой деді. Иә деп жауап бердім мен Құдайбердіге. Осы ескі Тараз қаласын соғыс ашпай-ақ, туыстас, ұрпақтас әскери адамдар Қарахандар бірінен соң бірі билепті. Осы Қараханның біріне Айша бибі ғашық болады. Бұл ғашық Қараханы қыз Айша бибіге баруға, үйленуге уақыты кешіксе керек. Арыстан баб бабаның немересі қыз Айша бибі ғашық жігіті Қараханды өзі іздеп, қырық қыз нөкерімен жолға шығады. Қала ол кезде кішкене болса керек. Қыз бірден қалаға кірмей, қаладан ұзақ өзінің жолындағы "Аса" өзеніне токтап, аттан түсіп, жуынып-шайынып алуға әрекет етеді. Қыз Айша суға шомы-лып жатқанда оны жылан шағады. Қыз Айша әлсіреп әлі кеткенде, сүйген жігітінің тез келуіне хабар бергізеді. Жігіті келіп Айшамен көрісіп коштас-қанда, екеуі уәделесіп (осы жерге жазып келгенде сағат түнгі бір екен. Мені рухтар зарядтап жіберді), тірлігімізде бір-біріміздің сүйіспеншілік рахатты махаббатымызды көре алмадық. О дүниеде қосуға Алла нәсіп етсін. Адамдар бізді мәңгі жыр етіп айтып, өмірлік еске алу үшін, менің басыма келіп дұға оқығанда сенің қабіріңді, ал саған барып басыңа, рухыңа дүға оқығанда менің де қабірімді көретін болсын деп қыз Айша пәни дүниеден бақи дүниеге аттаныпты. Айша бибіні жігіті Қарахан өз колымен арулап жерлейді. Ал ел бұны әлі күнге дейін жыр етіп, Айша ғашық болған қай Қарахан дейді екен. Екі Қарахан әулие мен Дәуітбек әулие кесенесі қала ортасында. Төрт Қарахан кайда жерленді, белгісіз. Ал мына Тектұрмас әулие жалғыз төбеде жерленген. Сонымен, мен Тектұрмас әулие қабірінен тура Айша бибі кесенесіне тесіле қарағанымда, о қүдірет кесене тура көз алдыма козғалып жетіп келгендей болды. Ортадағы қаланың биік ғимараттары бір сәт тура шөккен түйедей аласарып, ал Айша бибі кесенесі биіктеп кетті.

Міне, Айша бибі апамыздың жігіті осы Тектұрмас өулие, сен – сенбе, маған солай аян берді дедім мен Құдайбердіге. Ол да қарап, таң қалды. Кейін Айша бибі кесенесіне барып, тура Тектұрмас әулие кабіріне қарағанда, бұрынғы көріністі тура қайталады. Бұдан біз Тектұрмас әулиенің тірлігінде де Алла тілегін қабыл еткен, ғарышпен ақпарат алмасушы ұлылығы күшті телепат екенін көреміз. Айша бибі ханымда да бұл қасиет мол болған. Ата-бабалардың көнеден келе жатқан: "Тәуекел түбі желқайык – өтесің де кетесің, уайым түбі – тұңғиык, батасың да кетесің" дегені ғарыштық саналы мейірімді күштердің де сырын біл, көмек ал, қайғырма, оның ақыры жаманшылық деген даналық сөзін іске асыруда өз басымнан талай құпия кезеңдер етті. Иншалла, қазір де өтуде. Сондықтан да, өзімнің кейбір телепатиялық құпиямның сырын ашайын. Менің мамандығым инженер-электрик. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы инс-титутының, ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін бітірдім. Журналистика мен музыкадан арнайы білімім де жоқ. Маған жақсылық қасиет қонысымен дипломсыз косымша мамандықтар түрі көбейе бастады. Алғашқы бір-екі жылда маған мақала жазуға бір нәрсе рұқсат етпеді. Қысқасы, мақала жазайын деп қолыма қаламымды алсам болды, бір-екі жолдан соң қаламым жүрмейді. Қолым талып кетеді. Ойыма ештеңе келмейді. Сонымен, 1992 жылдың ақырынан бастап алғаш шағын, кейін көлемді мақала жаза бастадым. Кейінгі төрт жылда өте көп танымдық макалалар мен толғау-терме және өлеңді әнімен жазып шығарыппын. 1993 жылдың 19-шілдесі еді. Үлкен қызым Ләззатымның туған күні. Мен бұрын сөзін жазып, әнін шығарған өлеңдерді айттық. Бір уақытта маған бір үн "ей, Зиядан, сенің әнің барлық адамға ұнай бермейді, сен енді мақала арқылы сені түсінетінге ма­қала, толғау түсінетінге толғау, ал басқаларына терме жаз", – дегені. Мен ойдан қайтып жазамын десем, біз көмектесеміз дегендей белгі берді. Құдайға шүкір, бүгінде құпиялы ғаламаттар жөнінде, алдампаз "емшісымақтар", ғылыми танымдық, рухани танымдық сала бойынша сексенге жуық мақала авторы болсам, жиырмадан артық ән сазы мен оннан аса терме-толғау жазып, халық қажетіне жарап жатқаныма бір Аллаға және қуаттаушы халқыма ризамын. Бұл еңбектер менімен ғарыш-тық күштердің телепатиялық байланысы арқылы жазылғаны рас. Ғарышта ғылымға, өнерге, ән, толғау, сурет салу, т.б. туындыларға көмек етеді. Біз-дің барлық қаламгерлер,ақындар, өнер адамдары, сазгерлер, суретшілер, ерекше қол шеберлері, жақсы ұйымдастырушылар т.б. өте жоғары ғарыш-тық жүйемен байланысы барлар. Әрине, бұны олардың көбі біле бермейді.

Мен 1994 жылдан Қазақстанның Республикалық радио торабы "Шалқар" редакциясының аға редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат-кері, ақын, сазгер, орындаушы журналист, бүгінде қажы Төлеу Қосанов ағамен жақсы сыйластық қатынастамын. Қажы Текең менің терме, толғау және әндерімді радиода орындап келеді. 1997-жылдың басында қажы Төкең менің терме, толғау және біраз әндерімнің сөзін жаздыртып, дайын-даламын деп үйіне алып кетті. Төкең бір күні маған мен сенің ана терме, толғау және әндеріңнің сөздерін түзеймін деді. Мен жәй ғана өзіңіз біліңіз бірақ мен автормын ғой, бірге түзесек қайтеді деп едім, Төкең қажеті не, мен қырық жылдан бері орындаушымын, сен не маған сенбейсің бе деді. Мен сізге сенемін дедім.

Арада үш айдай уакыт етті. Менде сабырлық сақтаудамын. Төкең мен сенің ән, терме, толғауларыңды да дайындаудамын деді бір күні. Мен шын ниетіммен: "Мен сіз сияқты таза журналист емеспін. Сөздеріне мән беріңіз, ертең тыңдаушы халықтан ұят болып қалмасын" деп, адал ниетім-мен орындаушы, сазгер Төлеу Қосанов мырзадан өтіндім. Төкең келісті. Арада тағы біраз уакыт өтті. Төлеу ага маған телефон арқылы хабарласып, менің жұмыс орныма келіп кетші деп сөзін қысқа доғарды. Мен Төкең отыратын Республикалық радионың "Шалқар бағдарламасының №411 бөлмесіне кіргенде, Төкең қарсы алдымнан шығып қарсы алды. Маған орын беріп, бөлме есігін жауып бір қызықты бастап кетті: "Кеше қаладағы оңаша үйімде мына сенің жазғандарыңның сөзін түзей бастадым. Әбден шыймайлай бергенде, бір үн: "Ей, түземейсің! Қалай жазылса, солай айтасың" деп, осы екеуміз сөйлескендей нақ зілді дауыс естілді.

Орнымнан тұрып, үйге біреу кірді ме деп үйімді тұтас қарап шықтым. Міне, қызық, сыртқы есік құлыптаулы, үйде ешкім жок. Құлағым бір нәрсені шалыс естіді ме деп, столыма, орныма қайта отырдым да, қолыма қаламымды алып, шығармаңның сөзін түзей бергенде, қолымдағы қаламым біреу қағып жібергендей еденге ыршып түсті. Қайтып отыруға шыдамым бармады. Мынауыңды сөзін түзесең өзің түзе, мен орындап құтылайын деді, Төртқара Төлеу Қосанов мырза. Мен біраз толғаулар сөзіне болар болмас өзгеріс жасап, міне Төке орындай бер деп, өзіне беріп үйге қайыттым. Кейін Төкең қырық бес минуттік бағдарлама етіп, менің терме, толғау және әндерімнен аралас орындап, эфирге шығарды. Кім білсін, радионың басшыларына бұл шығармам ұнаған ба, 1998-жылдың 8-каңта-рында радионың "Мирас алтын қорына" №Д. 52858 тіркелген құжатпен қойғызыпты. Ғарыштық телепатиялык. шығармалардың өзінің де ғарыш-тық бақылаушысы барлығын көрсеткендей. Бақылаусыз нәрсе жоқ бұл өмірде. Бүгінде қажы Төлеу Қосанов ағамыз бұл құбылысқа әлі таң қа-лады. Менің жауабым сол, Төкең арқылы сездірген бұл Алланың шапаға-тының бір нышаны шығар. Өйткені бүгіндегі менің көп әндерім халықтың емдік әніне айналды. Ол қалай емдік болды деу дұрыс, оның жауабын пайдаланушы халықтан сұраңыз. Ғарышпен те­лепатиялық тексеру байла-нысқа шығыңыз. Бәріңіздің де жақсы қасиеттеріңіз ашыларына Алламыз көмек етсін. Бөгделердің құпиясын оқып таңғалғанша, бір-біріміздің құпиямызға ғашық болсақ, сонда ғана ғарыштың сырын, өмірден еткен күшті телепат бабалардың жолын көре аламыз. Құпиялы телепатияның ғұмырлы өмірінің де бір қырының сыры ашыла бастады. Сыртқы әсер етуші құдірет күшінің әсерінен әр облыс аймағында әртүрлі сызбалы белгілерді, өз билігіне алған сыртқы күштер түрлі психологиядағы адам-дарға қағаз бетіне түсіртті. Әрине, бұндай сызба белгілер бір он-он бес емес, бірнеше жүздегені қолда сақтаулы. Солардың біразымен сіздерді таныстырайық.

1.  Тараздық (Жамбыл) Акупова Ақмаралдың 1992 жылғы 6-7 тамызда менің сол кездегі Жамбыл қаласындағы емшілерге сабақ өткізіп жатқан кезде сыртқы телепатиялық әсер күші құдіретімен қағазғатүсірген сызба белгілер. 42-суретте сабақ өткізіп тұрған маған ғарыштық биоқуат беру бағыты мен ғарыштық қорғаушы бейнесі сызылған.

43-суретте бұрынғы Кеңес одағы мен Қазақстанның мемлекет бас-шылары және кейбір шындық үшін күресушілердің аты-жөні жазылған. Ойланып қараңызшы, В.И.Лениннен бастап В.Колбинге дейінгі өмір дәл көрсетіліп бейнеленген.

2.  Дәл осындай сабақ кезінде Орал қаласында емшілік мектептен білім алушы Есенғалиева Осиха 1992 жылдың 5-қазанында мына бір шимайды алғаш сызып артынан өзі өмірі білмеген араб әрпімен жазу жазды. Қара-ңыз, 44-сурет. Әрине, қатесі бар болғанымен, өмірі араб әрпін танымаған адам, қалай жазды?

3.  Меңдіғалиева Ұлжан 1992 жылы 6 қазанда Орал қаласында сабақ кезінде сызған сурет белгі 45-сурет. Мұнда Мешіттің сырты төбе жағы, жазу қаламы, кітап, Түркістандағы зор тай қазан және ақ тілек иесі аққу құсы бейнесі сызылған.

4.  Ақмола қаласында емшілерге сабақ өткізу кезіндегі Сутахиденова Айнагүлдің 1992 жылдың 30 қарашасындағы сызған сызба бейнелері 46-суретте керсетілген.

5.   Қазақстанның облыс орталықтарында 1992-1993 жылдары болғанда жеке адамдарға түскен түсініксіз белгілермен және араб әрпіндегі жазулармен 47-суретте танысасыз (бұл әлі зерттелуде).

6.   1994 жылы 6-маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауданы орталығында менің емдік сеансым кезінде бір емделушіге көрініс берген бөтен планеталық бейнені 48-суреттен көресіз.

7.   Осы жерде біреуге жаздырған ғарыштық, әліппенің әріптік таңбасы №49-сызбада көрсетілген.

8.   Осындай сабақ кезінде 1993 жылы 19-мамырында Ақтөбелік суретші Ыбраева Жаңылсынның ғарыштық бейнелерді сызған суретті сызба бейнелері 50-суретте көрсетілген. Жаңылсын ғарыштық бейненің алғаш нұр немесе нүкте болып келіп, біртіндеп адамдық түрге әртүрлі шамада айналатынын дәл сызған.

Құдай тағала басқа салса бәріне көнесің. Бұл тірі пенденің өмірінің жеке тарихының құдірет иесі бекіткен күн тізбесі деуге болады.

            

                                                   pic

                                                   42-сурет. Жамбыл қаласы. 6.08.1992. Ғарыштан зарядтау.

 

                                               pic  pic

                                             43-сурет. Жамбыл қаласы. 6.08.1992. Белгілі адамдар жолы.

 

                                                            pic            

 

                                             44-сурет. Ғарыштық әсер күшімен арабша жазу. Орал қаласы.

 

                                             pic

                                             45-сурет. Орал қаласы. Х. 1992. Кітап, қалам, тай қазан.

 

                                                                                                    pic

                                                    46-сурет. Әртүрлі бейнелер. Ақмола қаласы. 30.ХІ. 1992.


 

                                                                                               pic

                                        47-сурет. Белгісіз сызба мен араб әрпі. Орал қаласы Ақтөбе. 1993 ж.


 

                                                                        pic

                                      48-сурет. Ғарыштық бейнелер. Оңтүстік Қазақстан обл. Киров ауд. 6.06.1994.

 

                                                                                              pic

                                          49-сурет. Құпия әріп. Оңтүстік Қазақстан обл. Жетісай. 10.06.1994.

 

                                                                                                        pic

                                           50-сурет Ғарыштық астральды дене (рух). Ақтөбе. 19.05.1993.

Мен жердегі сіздердей қарапайым пендемін. Ал мына ғарыштық әртүрлі тапсырманы халқымнан он жылға жуық жасырып келдім. Егер ертерек мына сызбалар телепатиялық байланыспен маған жіберілген десем көп адам күлер еді.

Республикалық көптеген басылымдарда жай оқырмандар және басы-лымдардың басшылары мен ғалымдарымыз ("Түркістан", "Қазақ елі", "Жас Алаш", "Заман Қазақстан" т.б.) бөгделердің кейбір құпиялар жөнін-дегі мақалаларын көшіріп, газетке баса салады. Бұл қалай? Бір қазақ: – "Осы құбылыстарды қазақ тілінде, өз ұлты салтында жаза алмауы қалай? Жазсаңдаршы? Енді табынбағанымыз халықаралық "Түркістан" газеті тілшілерінің қолдан жасаған: "Жасанды құдайы Пархат" деген шықты" деп реніш білдірді (№3. 1998 ж.) Осыдан кейін газет редакциясына ойымды білдіріп мақала жазып апарып тапсырдым. Үш ай күттім. Мақала шықпа-ды. Бірнеше рет бардым, мақаланың түп нұсқасын жоғалды, компьютер-дегі жойылды деді. Көшірмесі бар ма, әкел, деді. Бас ұрып, қол қусырып, бас редактор мен оның бірінші орынбасарына мақаланың көшірмесін бер-дім. Шығарамыз деді. Тағы үш ай күттім. Бардым редакцияға, күт, 600 жол болып шығады деді жауапты тілшісі. Күттім. Қай жерде менімен кім кездессе де менен "Түркістандықтардың Пархат құдайын" сұрайды. Сіз (Сен) неге макала жазбайсың, мынау қолдан құдай жасау не сұмдық деп ренжиді. Тағы редакцияға бардым. Ойбай, қысқартып 400 жол етіп мақа-лаңды шығарамыз деді жауапты тілші. Айналайын он жол болса да пікір білдірді деп жазыңдаршы, халық маған маза берер емес деп өзімнен көп кіші газет қызметкеріне туған әкеме жалынғандай жалынып жалбарын-дым. Төртінші ай өтті. Бас редактор да өзі біледі де – біледімен жарты жыл өтті. Ақыры ұялмай мақаланы өзіме қайтарды.

Осы бір тебіреністен кейін, арнайы ғарыштық телепатиялық байланыстың хабарымен, осы мақаланы жазьш халкыма сырымды еркін ашуға бел байладым. Қолдан "Құдай" жасағандарды кім дейсіздер?

Телепатиялық ғарьпптық жүйенің байланыс түрінің отыздан артық тү-рін жоғарыда айтып, біразын дәлелдеп те өттік. Енді сіздер негізгі белгісі жұмбақ құпия тапсырыстың ғарыштық сыры алғаш түсініксіз болса, көп жыл зерттеп окуда оның 70 пайызға жуығының шешуі де дұрыс нәтиже бергендей. Енді сол сызбаларға мөн берейік.

51-суретте "Кілт" – Өзің шеш Зиядан! Бұл белгі де былай оқылатын сияқты.

а) 48 саны маған тапсырыс түскендегі (02.Х.1992 ж.) – менің жасым.

б) 49 мүшелі жас. Өмірдегі ірі өзгеріс, қарсыластар көбеюдің белгісі.

в) 15 ол желтоқсанның 15-жұлдызы (1992). Сен құрған ұйымға қауіпті
күн десе, шыныда да сол 1992 жылы 15-желтоқсанда бұрынғы денсаулық министрлігінің жауапты қызметкерлері, мен құрған киелі орданы жоюға ескертусіз, ҚР әділет министрлігіне ҚХЕҚ-ы қызметін тоқтатуға №10-22-264 (15.12.1992 г.) санды шешімін шығартқан күн.

г) 16 саны Қазақ елінің егемендікті жәрия еткен күні (16.12.1991)

д) 17 саны 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі күні.

ж) 22 саны қауымдастықтың (ҚХЕК) құрылған (22.12.1991) және ҚР әділет министрлігіне тіркелген күні (22.01.1992). Қауымдастықтың ғарыш-тық коді.

е) 22 санынан кейін реттілік саны кері түскен. Қысқасы 23 саны кері 2 санның ішкі жағына (т.с.) отыз санына дейін артқы сандар 3, 8, 9 және 0 – ішкі жағына, ал 2 санның төбесіне 4, 5, 6, 7 саны жазылған. Бұндағы құпия кейін білінді. Біз жоғарыдағы жоюшылардан киелі орданы сақтап қалу үшін 1993 жылдың 23 каңтарының қауымдастық мүшелерінің (емшілері-нің) Құрылтайын өткіздік. Бірінші рет қауымдастық Жарғысына түбегейлі өзгеріс енгізіліп, оның жұмысының мақсаттары мен міндеттері өзгерген күн. Қалған сандарда қауымдастықтың құрылымының (Аймақтық қауым-дастығының) құрылған және тіркелген күні. Төрт үш саны іш жағындағы 1, 2, 3,4 саны ол қүрылған төрт аймақтық қауымдастық (кейін таратылды). Ал үлкен үш саны ішіндегі бес саны бар, сырты жарты шармен коршалған белгі – ол мына осы үлкен киелі орда қауымдастық. Үш санның ішіндегі 6, 7 санды белгісі, бізді бақылаушы сыртқы қауымдастықтар. Үлкен үш саны іші сегіз, ал сыртындағы 0 белгісі – 80 ол қауымдастықтың тіркелген куә-лік номері ғ 0080.

з) Ең төменгі 18 санынан кейін 19 саны жоқ. Ол құпия – ?. Ал 2 саны алдына – 0 саны, ал шекесіне 1,2 саны жазылуы – Қауымдастықтың алғаш-қы Құрылтайы өткен күн (20-22.12.1991 ж.) Одан кейінгі жоғарыда айтыл-ды. Үлкен – 2 жан жағындағы нүктелер ғарыш планеталары, жүлдыздар, әлі шешілмеген құпиялы белгілер. Үлкен "екі" ішіндегі екі нүктесімен 22 ұғымын береді. Қауымдастықтың ғарыштық коді.

к) Қалған сандар мен белгілер әлі зерттелуде. Алғашқы құпия белгілер өз шешімін табуда. Бұл Құрандағы – Абжадтык белгіге ұқсас (сандық бел-гі – Құран аяттарын тек қана санмен белгілеп көрсетеді).

2. 52-суретте – "Абайла!" Бұның мәні:

а)  "ХА-1" – бұл ғалам. "Темірқазыкты" бөтен планеталықтар,

б) "ХА-2" – бұл жер бетіндегі адамзат және тіршілік иелері,

в) "ХА-3" – бұл жер асты "Алтынқазықты" пенделері.

Осы үш жүйеден де "Ак ниетті" және "кара ниетті" күштер әсер етеді.

г)  Сандар мәні: 1 – Жоғарғы басқарушы орталық.

2   саны – жер (жер асты "ХА-3").

3   саны – адамзат ("ХА-2").

4   саны – ғалам ("ХА-1").

– Вентилятор – үш бірлікті біріктіруші күш (Ха-1, Ха-2, Ха-3).

Кнопка – "Ақ ниетті" күштерге карсы "қара ниетті" күш, сондықтан "берік бол!" деп бұйыруда. (Басқару тетігі кілті).

д) 23 саны – қауымдастықты құтқару Құрылтайы күні, Жарғысына
өзгеріс.

321 – ғарыштық жас алыптардың коді көмекке келуі (3+2+1=6 планета). Шеңбер – тағы ғалам және жер.

ж) Қызыл күш – ай, ай, қой, қой! және светофордың ішіндегі неше түрлі өңді сәулелер – ол беймелім бейнелер, бойлары әртүрлі.

 

                                                                   pic

                                     51-сурет. Ғарыштық құпия «Кілт». Орал қаласы. 01.Х.1992.

 

                                                                            pic

                                   52-сурет. Ғарыштық ескерту. Адал рухтар мен қарсы рухтар.

                                                                  Орал қаласы.Х.1992.

 

3. 53-сурет. 319 саны – маңдайдағы үш әріп немесе жеке ғарыш коді.

а) 22 – кауымдастық коді.

б) 25, 35, 45, 55, 65, 75, 85, 95, 15, 05 әртүрлі ақ және қара күш.

в) Көп санды белгі – ғарыштық компьютерлік жүйеге ұқсайды?

Осы сандардың қосындысы – қай планетадан түскен хабардың реттік саны сияқты?

4. 54-сурет. Кеңістіктегі ойлар аралық жиілігіне ұқсас. Ғарыштық №59553 жүйе бойынша жүзеге асатындай.

55-сурет. Ғарыштық (бағыттағы) және кеңістікте шыққан екі қарсы жақтың телепаттарының (Ресей мен Қазақстан т.б.) ой өрісі қарсылығы бірін-бірі жойып жіберуі мүмкін. Жасыл толқынды ой карсыластарда, ал көк біз жағы.

56-сурет. Әртүрлі ойдағы топ. Қарсыласы кетіп, ал бірігетіні түбі бір орынға (нүктеге) тоғысады.

57-сурет. Әртүрлі мағынада әлі де оқып үйреніп әрі зерттеуді қажет ететіндер.

Бұл суреттерге қарап онша таңғалудың қажеті жоқ. Бірақ табиғи бар кұбылыс түрі екені рас. Одан секем алу да дұрыс емес. Жаманшылықта әкелмейді. Жалпы өзгеру мен өзгеріске ұшырау, түрлену заңының бір құпиясы барын білсек болғаны. Тек ғана жақсылыққа жорыйық.

Жоғарыда ең басында айтылғандай ғарыштық телепатиялык жүйемен байланысынсыз ешқандай адам жоқ. Бәріміз де сезу мүшелеріміз арқылы бір нәрсені сеземіз. Ол сезім әркімде әртүрлі болады. Өз заманында жоғар-ғы сатыдағы рухтармен күшті байланыста болған Майқы би, Қорқыт ата, Әбунасыр әл-Фараби, Ж. Баласағүн, Ибн Сина, Ұлықбек, Қойлыбай бақсы, Өтейбойдақ, М.Нострадамус, Асан Қайғы, Албан Әлмерек абыз, Мөңке жырау, Сүйінбай ақын, Жамбыл, Абай, Шәкәрім, Болға-риялық Ванга әжей т.б. ұлы киелі адамдармен бүгінге дейін жалғасқан, әлі жалғаса беретін ғаламат иелері де, бәрі небір ғаламаттық істерді, бол-жамдарды және шығармашылық еңбектерді ғарышпен телепатиялық транскоммуникациялық тәсіл арқылы жүзеге асырды, әлі асыруда. Ғарыш ілімі жөнінде, діни рухани таным жөнінде және жаңа ғылыми прогрестік даму жөнінде танымдық көзқарас дамыған сайын, адамдар бойында (дене-сінде) жаңа ғарыштық нүктелер ашылып, ой өрісі кеңейіп, өз мақсаттарын планетаның кез келген қабатымен, жер бетіндегі аралық нүктелерге жібере алатын болады. Бұны телепатияның құдіреті дей аламыз.

Әлі белгісіз дүниелер көп екені бұл құпиялықтың заңдылығы. Егер қолда бар әртүрлі сызбаларды сызып көрсете берсек күлкі болары анық.

Дегенмен ғарыштық құпияның бұл жасырын жағын жылы жауып қоюға тағы болмайды. Әлдебіреулер мұндай әлі анықталмаған сызба­ларды басқа-ша мақсатқа пайдалануы да мүмкін. Сондықтан жәй мақсатпен ойландыру ниетінде мына 57-суретті де ұсынамыз.

Құпия номер. 57а-сурет.

     Құпия белгі сандарды шеш? 57б-сурет.

Ғарыштық және жер асты құпияларының белгісіз таңбасы. 57в-сурет.

Сәуленің толқын өрісі. 57г-сурет.

Беймәлім таңбалар. 57д-сурет.

57-сурет. Шешімі жоқ белгісіз таңбалар.

Қорыта келгенде, телепатиялық байланыс барлық киелі қасиет иелерін сыртқа беймәлім тіршілік тұлғаларымен, ұдайы өзара катынасқа шығара-тын құпиялы орталық екенін білдік. Өмірде бір-бірімізбен өзара тілдің көмегімен сөйлесу арқылы түсініссек, ал көзімізге көрінбейтін тұлғалық бейнелерге телепатиялық әдіспен өз ойымызды жеткізіп әрі жауап ала аламыз. Біз Шәкәрім Құдайбердіұлы ашкан Алланың құдіретімен орындалатын "Үш анығы" (телепатия, спиритизм, магнитизм) бұлағының көзін аштық. Ұлттық тұлғадағы таза "үш анықты" өркендету бағытына жол ашылды. Ұлттық танымның телепатиялық жүйесі абыройлы бола берсін.

 

 

                                                                      pic

                                            53-сурет. Маңдайдағы «үш әріп». Қуаттаушы және қарсы күштер.

                                                                                 Орал. 2.Х.1992.

 

                                                                                 pic

                                         54-сурет. Өлшемдік кеңістік аралығы толқыны өрісі. 9-өлшем.

 

                                                                                   pic

                    55-сурет. Екі жақты қарсы күштердің телепатиялық ой өрісінің кеңістіктегі қарсыласы (А мен Б).

 

                                                                                          pic

                                             56-сурет. Әртүрлі ойдағы топ. Бірігу және оқшау қалу. Х.1992.

 

                                                                                          pic

                                                            57-сурет. Шешімі жоқ белгісіз таңбалар.

 


 

 

 


 

 

                                                                                                                       «Әке үлы емес, халқыңның үлы бол!

                                                                                                                        Анам Сыбанбекңызы Өзипаның

                                                                                                                        ұлына ақырғы аманаты.                                           

                                                                                                                        19 қараша. 1971жыл. Сарыжаз.

 

                                                                      pic

 

 IХ - ТАРАУ

 

ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ АҚ ЖОЛЫ


 

 

9.1  ШАПАҒАТЫН ШАШҚАН ИСЛАМ ДІНІ

 

Ислам діні Алланың жан-жақты жетілдірілген ең соңғы діні екені қасиетті Құранда ашық та айқын айтылған. Алла тағала он сегіз мың ғаламды жаратып, жер бетінің бүкіл қазынасына иелік ету үшін адам­ды жаратты. Құдіретті Алла өзінің тура жолын түсіндіріп, дағуат жасау үшін адамдар арасына мыңдаған Пайғамбарлары мен бірнеше қасиетті Кітаптарын түсірді. Бірақ басым бөлігі шайтанның азғыруына ерген адамзат жер бетінде бір қалыпты өмір салтын құра алмады.

Адамдар алғаш қасиетті Кітаптарға сенбеді. Оларды өздеріне лайықтап өзгертіп ала берді. Құдайдың заңдылық жолы бұзылды. Ақырында Алла тағала жер бетіне азған жұртты тура жолға салу үшін Мұхаммедті (с.ғ.с.) Пайғамбар етіп жіберді. Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы 23 жыл бойы Мұхаммедке (с.ғ.с.) қасиетті Құранның аяттарын түсірді.

Алла тағала Пайғамбарды бұл қасиетті Кітапты өзінің құдіретімен қор-ғайтынына сендірді. "Құранды шынында Біз түсірдік және оны корғайты-нымыз да рас" (һижра:9). Құран Кәрім жер бетіне түскелі он төрт ғасырдан асса да бір нүктесі өзгермеді, оны жоям деушілер де жоя ал­мады. Бұл –Алланың шынында да қорғаушы екенін дәлелдеп тұр.

Қасиетті Құранда өмірдегі және өмірден тыс барлық нәрселердің, сана-ның рухани дамуының және әлемдегі тіршілік иелері мен тіршілік иесі еместердің тарихының негізі – ғылымның кайнар көзі екенін дәлелдейтін аяттарының құпия құдіретін танып-білу жолы жазылған.

Құранның осы құпиясына және оның аяттарының 23 жыл бойы бөлек-бөлек түсуіне (ретімен емес) таң қалған әлем ғалымдары көбейіп келеді.

Алла тағаланың діні – Ислам адамды жаксыльщқа, адамгершілікке, мейірбандыққа және қайырымдылыққа үгіттейді. Сондықтан адамды ерек-ше бағалаған Алла тағала оған дұрыс жолға жүруі үшін сезім, ойлау, ақыл, түйсік, парасаттылық, білім және ерекше дарын берді. Адам­дар бұ дүние-дегі өмірін ақыл таразысына салып тура жол таба білсе, өзінен кейінгі-лерге де жарқын жол салып береді. Алланың ақ жолын алға апаруда басқа діндерге қарағанда Ислам дінінің шоқтығы биік тұр. Ислам тәрбие құралы ғана емес, ол ғалымдар үшін ғылымның қайнар бұлағы.

Ислам сөзі арабша, оның аудармасы – бір Алланы тану, илану және сену мағынасын береді. Аллаға сенген адам мұсылман болып есептеледі. Ислам Алланың алғашқы елшісі Адамға (ғ.с.) берілген және барлық Пай-ғамбарлар Ислам дінін насихаттаған. Бұл атау адамзатқа Алладан келген және ешкім оны өзгерткен емес. Құран аятында: "Бүгін мен сендердің дін-деріңді жетілдірдім әрі игілігімді де аяқтадым. Сендердің тұтынуларыңа Ислам дінін қоштап ұнаттым" деді.

(Мәйда сүресі, 3 аят).

Ислам діні өте таза, қарапайым, тұрмысқа және елдің өмір сүру кағидаларына ыңғайлы. Денсаулыққа пайдалы. Осыдан-ақ Ислам дінінің белгілі бір халықпен, териториямен немесе уақытпен шектелмейтіндігін білуге болады. Сондықтан Ислам діні бүкіл адамзатқа бағышталған болашағы көлемді әлемдік дін екенін мойындаймыз. Исламның басты ерекшеліктері-нің бірі – халықты бай-қосшы, кедей, басшы-қосшы, үлкен-кіші немесе ұлтқа, нәсілге және басқа өзгешеліктеріне бөлмейді. Исламның басты қағидасы дүниенің кай түкпірінде болмасын кім де кім бір Алладан басқа Құдай жоқтығын мойындаса, ол адам мұсылман болып саналады.

Осыны дәлелдеуде Алланың: "Құранның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін Біз оларға жер-көкті, тіпті өз бастарындағы ғаламаттарды, белгілерді көрсете береміз"- дегені шындық. (Фуссилат: 41-53)

Ертедегі ата-бабаларымыз Қасиетті Құранның аяттарының құпиясына мән берді. Алланың бірлігіне, Алладан басқа жаратушы жоқтығына сенді.

Олар алғаш өздері Ислам діні жөнінде сауаттарын ашты. Құранның аят-тарынан қуат алып, өз ұрпақтарын Ислам жолымен жүруге үйретті.

Сөйтіп ұрпағын адалдыққа, инабаттылыққа, кішіпейіл-ділікке, парасаттылыққа, ұлтжандылыққа, Отанын қорғауға және Ислам діні кағидаларына берік болуға үйретті. Сол дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Кез келген діни, тарихи, әдеби, ғылыми т.б. кітаптардың Құранға тең келмей-тініне олардың көздері анық жетсе, ал ғалымдарымыз бұл танымдық бағаның дәрежесін биіктетіп келеді. Ғарыш, адамзат пен тіршілік иелері және жер жөніндегі ғаламаттарды бір өзінің ішіне топтаған Қасиетті Құран Ислам дінінің мәртебесін асыра бермек.

Қасиетті Құранда: "Көктің де, жердің де әміршісі Алла екеніне дау жок. Ол тірілтеді, өлтіреді" ("Тәубе" сүресі, 116 аят) деуі Жаратушы Алланың шексіз құдірет иесі екенін дәлелдейді.

Сондықтан да Алла тағала пенделерінің (құлдарының) әрбір істеген ісі, қимылы, жақсы-жаман әрекеттері әрқашанда қатал бақылауда болатыны жөнінде Құран Кәрім аяттарында ашық айтылған. Адамзат жаралғалы бері коғам да, заман да өзгеріп келеді. Бір орында тұрақты қалған ешнәрсе жоқ. Алланың "Әр заманның өзінің ғылымы, әр заманның өзіндік құралы бар" деген Құрандағы аяты шындыққа айналды. Адам баласы алғашқы дәуірде тұрпайы көлік пен қарапайым құралдарды пайдаланса, ал қазір ғарыштық ұшу кемелеріне дейін меңгеріп, біз әлі көрмеген планеталар сырын зерт-теп, үлкен жетістіктерге жетуде.

Бұның бәрін адам ғана өзгертіп отыр деу қате болар еді. Адамның миына, ойлау жүйесіне әсер етуші Алланың құдіретті күш әсері. Бұл жөнінде Құранда: "Көк пен жерді Алла тағала шындықпен жаратты, мұнда мүминдер үшін ақиқат дәлел бар" ("Әнкабут" сүресі, 44 аят) дегені жоғарыда айтқанға дәлел.

Алла тағала өзінің ілімін насихаттайтын мыңдаған Пайғамбарлары ішінен өзі қалаған Пайғамбарларына періштелері арқылы төрт қасиетті Кітапты – Таурат (Мұса. ғ.с. -ға), Забур (Дәуіт ғ.с..-ға), Інжіл (Иса. ғ.с.-ға) және Құранды (Мүхаммед с.ғ. с-ға) түсірді. Алдыңғы үш қасиетті Кітап сөздерін оған қарсылар мен арамдар өзгертті. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қабылдаған қасиетті Құран Кәрім ғана өзгеріссіз екенін зерттеуші әлем ғалымдары дәлелдеді. Қысқасы Құран Кәрімнің әр аяты-ның "Кілті", бекітілген періштесі, шешімі, мақсаттық пайдалануы барын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен сахабалары, ғалымдары, оқымыс-тылары өз уағында анықтады. Біздің заманымызда кеше ғана ортамызда болған араб танушы академик марқұм Ақжан әл-Машани Құранның аяттарының құпиясы мен пайдасы туралы зерттеулер жүргізді. Ғалым артына Ислам дінінің ерекше құдіреті жөнінде жазылған еңбектерін мұра етіп калдырды.

Ал академик А. әл-Машанидің пікір жазуымен Ислам дінін үгіттейтін алғашқы діни әліппеден бастап "Шығыстың таңғажайып ғаламаттары мен сырлары" (Жамбыл қаласы, 1994) және "Мекке-Мәдине сырлары" (Тараз, 1998) кітаптарын жазған Қауымдастықтың діни-рухани үгітшісі, жасы жетпісті алқымдаған ағамыз Әмірбек қажы Есенбайұлының еңбегін жоғары бағалаған жөн. Бір ғана мұсылмандардың дін басқармасына бар-лық жүкті артпай, көп болып, діни сауаты барлар Ислам дінін насихат-тайтын еңбектерін жазып, баспадан шығарып, халыққа таратса Алланың шапағат-нұрына бөленері анық. Мұндай жетістіктерімізге Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде: "Ғылым дамыған кезде, Ислам да дамиды" дегені дәлел. Қазақ даласында алғаш Ислам діні енген уақыттан бастап, ғұлама ғалымдар Құран аяттарына зер сала бастады. Қазақ топыра-ғында өмір сүрген ғұлама ғалымдар Әбунәсір әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағүн, Өтейбойдақ, т.б.-лар артына мол зерттеулер қалдырды.

Құранның қасиетіне бас иген бабамыз Қожа Ахмет Иассауи еңбегіне баға жетпейді. Ал Құран аяттарының ғылыммен байланысын дамытуды ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы осыдан бес жарым ғасыр бұрын шебер меңгергенін оның "Шипагерлік баян" кітабы-нан табуға болады. Өтейбойдақ баба кітабының әр бетінің сөйлемдерінің бәрі Құран аяттары сөздері негізінде басталғанын, сөйлемдері құрылымы діни танымға жақындығын және аяқталғанда да аяттарға қатысты сөздер-мен корытындыланатынын байқаймыз. Қысқасы, Өтейбойдақ бабаның "Шипагерлік баян" кітабын алғаш "Құпия құлып" деп атауы осыған байланысты болса керек.

Құранның жүздеген аяттарында ғылым, ақыл, ой және тәлімдік мәселелер туралы айтылуы тектен тек емес. Өкінішке орай, бүгінде дағуаттың нашарлығынан, сондай-ак кейбір экономикалық-тұрмыстық қиыншылық-тарды сылтауратып өз қандастарымыздың ішінен басқа христиан, бақай, кришна, будда, Ахмадия, т.б. діндерге кетіп жатқандардың күні ертең-ақ Ислам діні құдіретіне, касиетті Құран Кәрімнің қасиетіне бас иері анык.

Құран Кәрімнің ерекше қасиетін ертеректе-ақ ұлы ақындар, басқа дін өкілдері Гете мен А.С. Пушкин, т.б. әлемнің Исламды зерттеуші ғалымдары тани және бағалай білді. Бұл жетістік жөнінде Құранда: "Біз адам бала-сына көптеген мысалдар келтіреміз, алайда оларды ғалымдар ғана түсіне-ді" делінсе, "пенделердің ішінен Алладан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады" дегені ("Ганкебут" сүресі, 43, 28 аяттары). Исламды таныған ұлы ғалымдар мен зерттеушілерге арналғаны шындық.

Діни сауатсыздық салдарынан баспасөз бен бұқаралық ақпаратта еліміздің дін басшысын түсінбей жазықсыз сынаушылар көбейіп барып, қазір бәсеңдегенімен, жұрт арасында олардың шала сауатты пікірлері үлкен толқу жасады. Тіпті касиетті Рамазан айында (Ораза кезінде) дін басшысы муфтиді сынауды жалғастырған белді халықаралық "Түркістан" газеті басшылары қолдан Пархат деген "емшісымақты" адамзаттың жаратушы "Құдайына" теңеді. Діни сауаты жок, бес уақыт намаз оқымайтын, әрі Құдайға сенімсіз, өзі басқарып отырған газетінде бірде-бір Ислам дінін үгіттейтін мақала жаздырмайтын, дін басшылары мен халық арасында даулы мақалаларды бірнеше жыл жариялап, еш нәтиже шығармағандардан дін жөнінде кеңес алу, телеэкран алдында сөйлету енді абырой әпермесін түсінетін кез жеткен сияқты.

Халқымыздың сауатсыз кезінде жәй қыр қазағының сонау 1912 жылы Қазан қаласынан "Мархаба иа Рамазан" кітабын өз атынан шығарғанын "Алматы Ақшамы" газетінен (27.01.1997) оқыдым. Оның авторы Мұхтар Әуезовтің "Қилы заман" повесіндегі Албан азаматтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің (Қарқара, Кеген, Алматы облысы) батырлары-ның бірі Қарбоз Қаңтарұлы екен. Ол өзі таныстырғандай Нарынқолдың Тұзкөл ауылы Құрман руынан екен.

Бүгінгідей мәдениеті де, сауаты да, жағдайы да болмаған марқұм Қарбоз Қаңтарұлы бұл діни кітапты жазғанына қарап, оның өз халқы сүйген Исламды таза мойындаған Алланың адал құлы екенін тани аламыз. Ал енді осы қыр қазағы, сауаты шамалы марқұм Қаңтарұлы Қарбоз бен жо-ғарыдағы оқымысты "Түркістан" газетінің "діншілерінің" сауатына, имандылығына, Ислам дініне "құрметіне" баға беріңіздер. Бұл баға ілгерідегі қазақ ұрпағы мен бүгінгі прогресшіл, мәдениетті қазақтардың діни-рухани танымына әділ өлшем болмақ.

Кейбіреулердің тірі пендені жаратушы Алладан, оның Құран Кәрімінен және Пайғамбарларынан жоғары қойғанын Жаратушы Иеміз біледі әрі көреді. Қасиетті Құранның "Ахзап" сүресі, 57 аятында: "Расында Аллаға, Елшісіне ренішбілдіргендер, соларға дүние ахиретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындайды" – дегеніне сенуге болады.

Ислам діні – ол "Ақыл-парасат діні". Ол Алланың ақ жолы. Оның дәлелі Алла тағаланың әркімді әртүрлі ғып жаратқанынан, әртүрлі қасиет пен кереметтер бергенінен айқын көрінеді. Алланың Пайғамбарлары ішінде Ибраһим (ғ.с.) отқа жанбаған, Мұсаның (ғ.с.) алаканы әппақ нұр шашқан, Иса (ғ.с.) өлген адамды тірілтсе, Жүсіп (ғ.с.) түсінде Алладан аят алу арқылы болашақты болжаған, бұл туралы қасиетті Құранда жазылған. Осы қасиеттерді өз пайдасына пайдаланып, атағын дүркіреткен "атаққұмар" емшісымақтар аз кездеспейді.

Бірақ, әр адамның бойындағы әлі ашылмаған, дәлелденбеген құбылыс-ты (шын-өтірігі аралас) апарып Пайғамбарлар қасиетімен теңестіру ол Ислам діні қағидаларына жат қылық. Алланың Құран Кәрімінің "Ахзап" сүресінің 54 аятында: – "Бір нәрсені әшкерелесеңдер де, жасырсаңдар да әрине Алла тағала әр нәрсені толық біледі" дегені, тағы да Алланың құдіреті күшті екеніне дәлел.

Ислам діні адамдарды адамгершіліктің ең жоғарғы деңгейіне тәрбие-лейді. Құран Кәрім Алланың тірілер үшін жіберген қасиетті кітабы.

Құран Кәрімнің 114 сүресінің 6666 аятының толық құпия сырын білу мүмкін емес. Оның сыры бір Аллаға аян. Ертедегі ғалымдар тек қана жеке-жеке аяттарды ғана тексеріп, оның құпия сырын ашқан. Құранның "Әнбия" сүресі 30 аятында:

"Әуелде көк пен жер тұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жан-ды мақұлықтың барлығын судан жараттық", деп адам дене құрылысының сексен пайызға жуығы, жердің жетпіс пайыздан артығы судан тұратынын ескертеді. Бұл пайыздық сан бүгінгі ғылымның дәлдік санымен тепе-тең келуі қасиетті Құран аяты құпиясының кереметтігін мойындату болмақ.

Ислам діні – адамды алдампаздықтан, зұлымдықтан сақтандырады. Қасиетті Құранның "һүд" сүресі 101 аятында:

"Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар өздеріне ұүлымдық етті. Раббының әмірі келген сәтте, олардың Алладан өзгеге жалбарынғандары өздеріне ешбір пайда келтірмейді. Сондай-ақ, зияндарын арттырғаннан басқа түкке түрмайды" деген Алланың қаһарлы сөзі куә. Енді қолдан жасаған "әулие", "ана", "төре", "Алланың елшісі", "Жаратушы" т.б.-ларға табынған-дар алдында ауыр жазаның күтіп тұрғанын Ислам діні осылай ескертеді.

Ислам діні – тірілер үшін түсірілген, бір Алланы мойындаушы адамзатқа арналған. Өйткені адамзат тіршілік иелері ішіндегі ең саналысы. Осыны білген Алла тағала он сегіз мың әлемнің сырын білуге құштар адамдарға қасиетті Құранды жіберді. Құранның "Ахзап" сүресі 72 аятын­да: "Рас аманатты (дінді) көктер мен жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны жүктеуден бас тартып, одан қорықты. Ол адам баласына жүктел-ді. Өйткені ол өте зәлім, тым білімсіз..." деуі адамның білімі қаншалыкты дамыды, өсті, бәрін біледі дегенмен, Алланың білімімен салыстырғанда түкке тұрмайтынын білдірсе керек.

Дегенмен мұсылман халықтар тіршілігінің қуаты, рухани байлығы Ислам дінінің мәртебесін жоғары ұстап келеді.

Ислам діні – адамдардың денсаулығын қорғауына, қауіп-қатерден сақтауына ақ жол ашушы дін. Құран аяттары шын жүрегімен пайдаланған пендесіне қорған және рухани азық. Құран аяттарының мұндай ерекше қасиеттерін ертедегі ғалымдар мен дін мамандары айқын танып білген. Қазір адам денсаулығына шипалық емі бар "Исми Ағзам – тоқсан түрлі ауруға емдік дұғалар", "Шығыстың құпия ғылымы", "Нұрнама", "Дертке дауа дұғалар", "Пайғамбарлар дұғасы және "Ясин" сүресінің қасиеттері" т.б. (бәрі "Түркістан", "Мұра" баспасы шығарған. 1997.) кітапшалар мешіттердің жанында тұрақты сатылуда. Бұл кітапшаларды алып оқыған өте пайдалы.

Бір күні Жәбірейіл (ғ.с.) періште мешітте отырған Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) келіп сәлем беріп, "Ей, Мұхаммед, мына Исми Ағзам" дұғасы 72 түрлі дертке дауа" депті. Сондықтан қасиетті дұғалардың жақсылығын пайдалануды Алла тағала бәріңізге нәсіп етсін.

Алланың қасиетті Құранының сөз құрылысы мен мазмұнына тең келетін әлемде ешқандай шығарма жоқ. Бұнда адам өміріне байланысты барлық ережені, жол-жобаны рет-ретімен баяндайды.

Бұл ерекше құбылысты әлемнің мұсылман дін мамандары және ғалымдар дәлелдеп отыр. Мұндай ғажайып Кітапқа бас иесің. Онда Алланың ақ жолының адамзатқа арнап өткен, бүгінгі және болашақ бағдарламасы жазылған.

Ислам діні – оқып үйренуге, білімге, ұстаздыққа терең мән береді. Құранның көптеген сүрелерінде ғылым мен ғалымдарға деген үлкен сенім және құрмет айқын жазылған. Мәселен Мұхаммедке (с.ғ.с.) алғаш ізгі хабар әкелген Жәбірейіл періште "Оқы!" деген сөзден бастайды. Тәңіріміз-дің алғашқы сүресі былай дейді: "Оқы! Жаратқан Иеңнің атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді", – деді (Алақ сүресі: 1-5). Бұдан Алла тағала ниеті соңғы Пайғамбары арқылы ғылымды білуге, оқып-үйренуге және оқытып-үйретуге бағытталғанын көреміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің көптеген өсиетінде ғылымды насихаттауға, білім алудың өте маңыздылығына баға беріп әрі талап етеді. Құран мен хадистерде нағыз ғалымдардың Пайғамбарлардың мұрагерлері ретінде сипатталуы да сондықтан болар. Бұл оң нәтиже. Ислам әлемінде қуатты ғылым жаңалықтары алғаш ашылуы еді. Ис­лам діні – білім алу жолын кәпір-мұсылманға және аймаққа бөлмейді. Үйрен, оқы деген өсиет-намасын мәңгілік мұрасы ретінде адамзаттың миына, санасына қондырып келеді. Ислам дінінің жолының парасатты ақ жолы деп түсінеміз. Құран ұсынған қағидаларды өмірлік мұратымызға айналдыру, ел бірлігін дамыту, халықтар ынтымағын арттыру, жеке рухымызды жаңа деңгейге көтерумен моралдық-материалдық жетістікті дамытып, адалдықтың ак жолын таба аламыз.

Ислам Алланың ақырғы хақ діні екеніне сеніммен қарап, бақытымызды осы тура жолдан табарымыз анық.

Шапағатын шашқан Ислам діні түбі әлем елдерінде берік орнығатыны анық. Басқа дінге кеткен мұсылмандардың әлі-ақ өкінетін күні алыс емес. Халық кім Ислам дінінің адал қорғаушысы, үгітшісі, кім екі ортаға от салып бүлдіруші, кім Ислам діні сатқыны екенін ажырататын уакыт та жақындап келеді. Алла тағала бәрімізге ынтымақ, ынсап беріп, бір Ислам діні ошағы аумағына жиналып, парасатты өмір салты мен шапағатты қоғам құруға күш қуат берсін.