ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

4

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

вверх

       На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Емшілік саласының тылсым құпиясына философиялық танымдық көзқарасымен тұжырымдарын жазатын профессор Ж. Молдабеков өзінің «Емшіліктің философиялық мәселесі және мәні» деген ғылыми танымдық мақаласында: «Емші елімен бірге көгереді. Емшілік адамға деген  жаңа түсінікті, абройлықты, кең түсінікті, сенімділікті, пайымдаушы-лықты, мейірімділікті насихаттайды, адамгершілікті әр қырынан пайымдайды. Адам жетілу үшін парызға деген сезімталдық пен сенімділікті иемдену керек. Емшілік дәстүр, әсіресе, шығыстық дәстүр, меніңше зерттеуді күтіп тұрған  өзекті мәселелердің санатында-деген [17, 203-206 бб.] философиялық танымдық идеясынан халықтың шипагерлік (емшілік) саласына ғылыми талдаулардың аздығы мен болжамдардың жинақталмай жатқандығы туралы тоқтамын білдіреді. Халық шипагерлігі Конгрес-теріне қатысқан Қазақстан мен шет елдерден келген ғалымдар мен емшілер баяндамаларында халық медици-насын (шипагерлігін) ғылыми бағытта дамыту туралы ойларын айтты. Емшілер шеберлік сеанстарын көрсетіп өзара тәжірибе алмасып, мол білім алғандай болды. Бұл емшіліктің жаңа бағытта өркендеуіне ықпал еткендігі аңғарылды.

        Өте жақсы баяндамалар ғылыми жинақтық кітап болып баспадан шығарылды. Бүгінде емшілер қауымдастығы тарабынан тылсым құпия сырларын  зерттеу қызметі жан – жақты дамып келеді. Пікірталас нені көрсетті? Қазақтың мәдениетінде шипагерлік дәстүрлердің түрлері жалқы емес, олардың қызметтері алуан болса да, бір-бірімен ұқсас жақтары, үйлесімді сәттері аз емес екендігін айқындап берді. Шипагерлік қызметте бақсылар, балшылар, тамыршылар, тәуіптер, құмалақшылар, жұлдызшылар, көріпкелдер және т.б. өздерінше әр ортада, түрлі жағдайда емшілік жасаған. Десекте, олардың ерекшеліктеріне тоқталып көрелік.

      2.  Бақсы - бойында адам түсіне бермейтін тылсым құпиялы күшке ие, ішкі дүниесімен сезіне отырып сыртқы әлеммен  беймәлім  белгісіз «рухтармен» байланысқа шығатын, өзіндік үндік әндік сарыны бар сиқырлық өнерінің иесі[18, 23 б.]. Бақсылық өнері адамзат пайда болғалы б.д.д. пайда болды. Бақсыны алғашқы шамандық діни таным кезінде халық Жаратушының өкілі ретінде танып, оны тайпалық көсем, ақылшы, шипагері ретінде қабылдап  құрметтеді. Кейінгі жаңа ғасырда бақсылық өнері Қорқыт атадан бастау алады. Ол бірнеше тылсым қасиеттің де иесі еді. Оның арманшыл философиялық ойы оны мәңгілік өмірді кездестіруге емес, өшпес өнердің мұрасын сыйлады. Философия ғылымдарының докторы, Академик Ғ. Есім: «Қорқыт болса VII ғасырда «Ғұмыр философиясын» және «Өмір сүру философиясымен» бірге көтерген. Алғашқысы көлеңкеде қалып, екіншісі акцидениция ретінде көрініп, Қорқыт есімі Ажалмен байланысты қарастырылған. Қорқыт дүниетанымының басты ұғымы – адам болмысы»,- деп ойын тұжырымдайды [19, 424 б.]. Қазақта бақсылардың бас бақсысы ретінде жеке кереметтік қасиетіне қарай  Қойлыбай бақсыны атаған.  Бақсылардың бәрі бірдей емес, олардың да қасиеттеріне қарай  күштісі, әлсізі де, нашары да және емдік әсеріне қарай  тазасы, шаласы, жасандысы, жалғаны, алдампаздары да болады. Жалпы бақсы да дәрі – дәрмек жасау, құмалақшылық, емшілік, көріпкелдік,  болжампаздық, тамыршылық, оташылық, жеке сазгерлігі пен өз әнін  орындаушылық қасиеттердің  ұшқыны елес береді. Дінтанушы, философ ғалым М. Бұлұтай мен Б. Ысқақовте Қорқыт Ата мен шамандық сенімдер жөнінде де өздерінің талғамдық ойларын білдіреді [20, 103 б.], [21, 3 б.].

Ш.Уәлиханов бақсылық туралы: «Қазақтар болжаушы сәуегейді бақсы дейді. Бақсылар адын ала болжамын өздерінің рухы атынан айтады. Бақсы кейін келген мұсылман дініне ыңғайластырып, рухтарын періште деп те атайды. Бақсы ойны Қорқыт әулие қобызы күйінің сөйлемдеуінде өтеді. Бақсы көмекке жын рухтарын шақырады. Әрбір жынның аты болады... Бақсылар аурудың иесі  «зұлым рухтар» деп, олардың қатарына албасты, көнаяқ,  жезтырнақ, сөрел, орман перісі, жын және шайтандарды жатқызған», - дейді [22,159-160 бб.]. Әрбір бақсының өзіндік үні мен зарлы әні арқылы  зікірі кезінде Аллаға жалынып, белгісіз рухтардан көмек сұрауымен зікір уағында  және соңында айтқандары оны тыңдаушыларды өзіне тез сендіріп  иландырады. Мәселен, “Аспандағы көк пері, Көп перінің ішінде, Аты жақсы дәу пері. Су ішінде су пері, Сұмырайға  ұқсаған қу пері, Жын  ішінде жын пері, Жынданбай  - ақ жүр пері. Ай астында ақ пері, Жеті пері келерме?! Толықсып тұрған айдай боп, Жеті ласкер жатырма?!  Өз алдына дардай боп, Шаһияр атың дос екен, Шайтан менен Әзірейіл,  Пендеңізге қас екен”, - деп зарлаған бақсыға иланбасқа шара қалмайды. Бақсылық сиқырлық өнерді басшылыққа алады. Бақсы қып-қызыл етіп қыздырған темірді тілімен жалайды,  денесін ұрады бірақ күймейді, пышақты  өз денесіне тигізіп тесіп көрсетеді, бірақ кейін белгі қалмайды тағы да басқа кереметтерді жасайды. Осының бәрі адамның көз алдында жасалғанымен әлі құпиялық жұмбақ күйінде қалуда.  

       Бақсылар осыларға қарсы өзінің перілері мен жында-рынан құрылған әскерлері арқылы ауру адамның денесіне енген аурудың иесі «зұлым рухты» қуып шығарам деп зарлы үнді зікірін салып, Алладан көмек сұрап жылап зарлаған.  Бақсылар өзінің ойыны зікірі кезінде көбінесе қыл қобыз, домбыра, аса таяқ, т.б. сазды аспаптар мен әр түрлі қару-жарақтардың (қамшы, пышақ, қанжар, темір) көмегімен және өзіне халықты тез қарату үшін дыбысты күшейтетін темірден жасалған сырдырлақтарды  пайдаланған.

Бақсылар жөніндегі арнайы жазбалалрында ақын С.Сейфуллин өзінің ұғымын ұсынады: «Бақсылар айбатты, әруақты суреттерді елестеткендей сырлы сөздерді үйлестіріп, сабалап, бураша күркіреп, шабынып, әр түрлі жат қимылдар істеп, жылап – сарнап, тыңдаған халықтың сесін басып, өзіне бағындырып, иландырып алады. Қазақ арасындағы бұрынғы бақсылардың ең зоры, ең ескісі атасы Қорқыт саналады»[23, 14 б.].

Бақсының ең негізгі құралы оның қобызы. Қобызды киелі деп есептейді. Қобызға қарсы жаман сөз бен ниет білдірмейді. Сондықтан да, бақсылар, «Үйеңкінің түбінен, үйіріп алған қобызым» - деп,  өте жоғары құрмет тұтқан.  Қобыз Қорқыт атадан (оның атасыннан) қалған қасиетті мұра ретінде қастерленеді. Нағыз бақсылар дәрияның арғы бетінен киіз үйлер мен заттарды да бергі өз жағы бетіне дін аман көшіріп алса, кейбіреуі  қобызын ат бәйгесіне қосып, бас байгені де жеңіп  алған.  Бақсылық өнері бүгінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығы тарапынан (зерттеуші ғалым З. Қожалымовтің басшылығында) зерттелуде.

Профессор Ж. Молдабеков  «Бақсылықтың шипагерлік тәлімдігі» деген ғылыми  мақаласының түжырымдамасында: «Бақсылық көне тарихи феномен. Ол, әсіресе шығыста кең таралған, күрделі этномәдени құбылыс. Әр дәуірде, әр заманда бақсылықтың өзіндік рәсім – салты қалыптасты. Бақсылықтың түрі де, қайшылықты көріністері де көп. Бірақ бақсылықтың ұқсастығы,  бір текті сипаттары қалайша  және неге ғасырлар бойы сақталынып қалды деген сұрақтар  ғалымдарды да жиы ойландыруда...»-дейді [24, 203-206 бб.]. Бұл тұжырымдама бақсылық өнерінің қаншалықты қиын әрі  түсініксіз күрделілігін айтып тұрғанын аңғартады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы  ұйымдастыруы мен Алматы қаласында  2005 жылдың  22-24  шілдеcінде  өткен  «Қазақстан Республика-сындағы Бақсылық өнері» атты I-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  форумға  Америка, Қытай, Ресей,  Прибалтик және Орталық Азия елдерінен ғалымдардың да қатысып пікір алмасуы болды. Қазақ бақсылары форумға қатысушыларды таза тәжірибелік көрсетулері арқылы тәнті етті.  Осындай іс-шаралардан кейін бақсылық өнеріне ғылым саласы ғалымдары тарабынан оң түсіністікпен қарап, оның құпиясына ғылыми болжамдық зерттеулер жүргізуде.

 Бақсылық өнерінде Қорқыт күйлерінің құдіреті өте жоғары тұрады. Күйдің үні  адамның күшіне күш қосып, шабыт беріп, рахат сезімге бөлегендей әсер етеді. Қорқыт күйлерін Кеңес заманнан бастап арнайы  күй орындаушылар Қаратаулық  Ықылас, оның ізбасарлары Ж. Қаламбаев, Д.Мықтыбаев орындаса, бүгінде күйді орындаушылар қатары арта түсуде.  Қазақтың бақсылық өнерін зерделеу XVII  ғасырдан басталады.  Қазақтың ғалым – жазушылары Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Диваев, Қ. Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамбетұлы, Ә.Қоңыратбаев және орыс ғалымдары  В.Зелинский, И.Кастенъе, А.Левшин, В.Карамазин, Г.Пата-нин, В.Васильев, А.Янушкевич қолжазбалық зерттеулері бақсылық өнерінің жазбалық негізін қалады. Музыка зерттеуші Б.Г.Ерзакович бақсы әні сарынын алғаш нотаға түсірді.

 Академик Ә. Марғұлан Қорқыт ата туралы былай дейді: «Қорқыт сарыны ерте заманнан бері қобызда орындалды. Оның өзінің арнаулы музыкасы бар. Ол музыканың жалпы әуені суық сарынды, күңірену, толғану, боздаумен келеді. Қорқыт ата ислам дініне бас имеген, тәңірге пейіл қойып бақсы болып өткен, тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі, олардың пайғамбары еді. Қорқыттың өмір бойы арман еткені - өлмейтін, жасай беретін өмір іздеу, сол үшін күресіп, өлімге қарсы тұру. Қорқыттың бұл фәлсафасы дүние тарихында өте сирек жолығатын, адам баласы туғызған ойдың ең жарқын бейнесінің бірі болып суреттеледі...» [25, 107 б.]. Бақсылар өмірі  қай заманда болса да ауыр болды.  Бақсының қасиеті тұқым қуалайды. Сондықтан болар оның ұрпағынан - ұрпақтарына жалғасуы.  Бақсылық өте қауіпті әрі күрделі, құпиясы көп түсініксіз өнер. Оны таза ұстаған адам қана сыйлы бақсы бола алады. Алды-артына қарамай әр нәрсені айтатындарының жолы өз өміріне қауіп төндіреді. Бақсының да білімді, таза өнерлі және адалы болады. Тарихта өшпес аттары аталатын «Ұлы бақсы» - қара бақсы  (VIVII ғғ.), Қорқыт, Тіней бақсы, Асфандияр бақсы, Ізтілеу бақсы, Дархан бақсы, Әбу бақсы, Әжібай бақсы, Кенжебай бақсы, Дәулет бақсы, Омар бақсы, Ноғайбай бақсы, Сыламбек бақсы, Шақар бақсы, Әукен бақсы, Бекберген бақсы, Малбике бақсы, Салтық бақсы, Қара қыпшақ Қобыланды бақсы (батыр емес), Ырғызбай бақсы, Жамансарт бақсы, Ерікбол бақсы, Арғын Досмырза бақсы және бақсылллардың бақсысы – Бас бақсы бағаналы Қойлыбай бақсы тағы басқалары бақсы өнерінің қайталанбас тұлғаларына айналды. Ғалым М. Орынбеков: «Бақсылардың ортасында ауа райын болжайтын – есепші де болды. Әйел бақсыны «Елте» деп атады...»,- деген болжамын баяндайды [26, 31 б.]. Ел тәуелсіздігінен кейін, бақсылық өнеріне де арналып жазылған  еңбектер  санаулы ғана.

Атап айтқанда: Ж.Дәуренбеков пен Е.Тұрсыновтің  «Қазақ бақсы – балгерлері» [27] кітабы  мен З.Қожалымовтің  авторлық басқаруында шыққан «Бақсылық өнері» [18] ғылыми-тәжірибелік жинақ тағы да басқа мақалалар  жазылды. Қазіргі бақсылардың да әркеттері бұрынғыларға ұқсас болғанымен, білімділігі, шипагерлік ерекшелігі, дарындылығы, мәдениеттілігі мен тұлғалық талғамдық өлшемдері жағынан әлде қайда таяздығы барлығы білініп тұрады. Бақсыларда да аралық (телепатиялық – З.Қ.) байланыс әр түрлі дамыған.

Ислам діні өлімді парыз десе, шаман діні өлімді мойындамады. Шаман діні кезінде адамдар табиғат пен әруақтарға табынды. Бақсыларды Ақсақ Темір қудалауға әрекет етсе, тек қана Қасымхан кезінде еркіндік алды.Таза бақсылық ертеде  көп болды, олардың қасиеті де әр түрлі еді. Бақсылар қасиетін саудаға салмады.  Емдері қонымды, айтқандары тура келіп жататын. Әр заманда да шындық пен өтірік, адалдық пен арамдық  қатар жүреді. Бақсылық өнерінің болашағы туралы күмәнді көзқарас қалыптас-тырудың қажеті болғанымен, оның сырын зерттеу ғалымдардың басты міндеті.  Бақсылықтың әлемдік ғылымда да өз құпиясы әлі толық ашылмауда. Бақсының ұсынысында санадан тыс, жоспарсыз санасыз әрекеттер көп кездеседі. Оның идеясы Тәңірлік  Ұлы рухтармен  қатынас жасау арқылы, өзінің жоспарсыз мақсатына жету үшін әрекет етеді. Бұл ғаламдық құпиялар  ұзақ уақыт  ғалымдар тарапынан зерттеле келе, бақсылық өнеріне  баға беруге ұзақ уақыт керек етеді. 

        3. Балгер -  бал ашушы болжам жасаудың ертеден келе жатқан  сенімдік иландыру тәсілі.  Балгер адам тағдырының өткені, бүгіні, болашағын болжап шамандық діни сенім бойынша әрекет ететін тылсым сырдың дарынды иесі.

 Балшылар бал ашарда сіріңке, ши талдарын қиыстыру арқылы және алақан-саусақ сызықтарына да қарап, кейбіреулері қасиетті Құран кітабының парақтарын ашып отырып та адамның денсаулығы, тұрмысы, жанұясы, жолсапары, арақатынасы тағы басқа мәселелер  өзінше болжамынжасаған [11,224-225бб.]. Балшылардың болжа-мында да андай шындық негізі бары әлі анықталған жоқ. Бұл құбылыс қалай басталып, нендей нәрсеге сүйеніп болжам айтыладыға да  тұжырым айтылмайды. Табиғатпен тетене аралас адамзаттың бұл әрекетінде қаншалықты ой толғамы қызмет етеді, болжамын түйіндейді, шешімін айта алады осыны зерттеп, ой талғамына салу қажеттілігі туындайды.

Кейде бал ашушы малдың  жауырынына (қой, бұғы, аң),  жұлдызға, қой құмалағына, жер бетіндегі өзгерістерге (ылғал, шық, қырау, дымқыл, құрғақ т.б.) қарап та болжам жасаған. Ертеде хандар бал ашушылардың өте мықтысын  жанында ұстаған. Қазақ жерінде бал ашу өнерін гректің, қытайдың, орыстың саяхатшылары мен зерттеушілері XV  ғасырдан бастап зерттей бастаған. 

Ш. Уәлиханов бұл ерекшелікке арнайы талдау жасап, терең мән беріп: «Барлық бақсылар да бал ашушылар. Бақсы бал ашарда қамшыны екі саусағының арасында, тепе – теңдікте ұстап, ойын көрсете жүріп сөйлейді. Бақсылардың бәрі де балгер», - дейді [22, 159 б.].  Бұл өнер түрі бүгінде жалғасын табуда. Қияли ой толқынынан туындайтын, болжампаздық сезімнен туындайтын әр ұлттың тектік болжау өнері әр түрлі болғанымен, түптік ұқсатығы олардың тығыз байланысын арттыра түсуде. Тылсым дүниенің құпияларының ерекшеліктерінің көп салалы ғылымдар мен ғалымдарының алдағы уақытта  зерттеу жұмыстарына айналуы, оған оң  түсіністікпен қарауы, оның құпиясына талдау жасауды қажет ететін ғылыми саласына жататынын білдіреді.

        4. Болжаушы - бақсы мен бал ашушыға психологиялық мінез – құлқы ұқсамайтын, терең ойлы, шешен, батыр тұлғалы, байсалды, ақылды, инабатты, еліне  сыйлы, өз құпиясын жария етпейтін ерекше қасиет иесі. Ерте де өмір сүрген  кейбір жыраулар, батырлар мен билерде де болжампаздық қасиет болған. Мәселен, Қабан жырау орта жасқа келген Райымбек батырға қарап: «Сен  көпшілсің, мәңгі үлкен жолдың бойында қаласың», ал Өтеген батырға: «Сенде көпшілсің, уақыт өте келе сүйегің екінші рет жерленеді», - деген болжамы одан бері төрт ғасырдай уақыт өтсе де, болжам өз шындығын дәлелдеп тұр. Бұл қандай құдіреттің әсерімен айылғанын ғылым да және ешкім де  шешкен емес. Бүгінде бүкіл әлемді өзінің болжампазды-ғымен таңғалдырған француздың дәрігер – болжампазы Мишелъ де Нострадамустың (1503 – 1566)  болжауларының дәлдігін әлемде ешқандай ел зерттеуші ғалымдары нақты жауап берген жоқ. Бұл жөнінде Ю. Косеруков: «Оның осы түнде өз өмірімен қоштасуы туралы айтқан ескертпесі дәл келді», - деп болжаушының керемет қасиетіне тәнті болады [28,4б.]. Пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ мен  М.Нострада-мус және ақын – ғалым Мәшкүр Жүсіп Көпейұлы өздерінің айтқан уақытында қайтыс болған. Ғылымға белгісіз бұндай құбылыстар мен ұқсастықтардың сырлы  құпияларына танымдық тұжырым беру  өте қажетті мәселе болмақ [29, 25-27 бб.].

 Біздің дәуірімізге дейін  дүниеге келіп, осы дәуір басында 89 жасында  бұл дүниеден өткен Майқы би шешен жасы  кәриялық жасқа жеткенде, оған болжампаздық қасиет қонып, төрт  мың жылдан аса уақытты болжап айтқан екен. Майқы би М. Нострадамустан он төрт ғасыр бұрын өмір сүрсе, оның болжамы М. Нострадамустың болжамынан 237 жыл артық. Майқы бидің  айналасында дана адамдар, жұлдызшы, құмалақшы, балшы, емшілер көп болыпты.  Майқы би аспан жұлдызының орналасу жағдайына, өңіне қарап жер беті мен аспан әлемінде және адамзат дүниесінде тізіп айтып отырғаны, дәл келсе керек.  Майқы би жер, адам, аспан  арасындағы құбылыстық өзгерістерді жеткізуде үйлестіруші,  талдаушы  қызметін сапалы жеткізе  білді.

Бірде Майқы би: «Жыпырлаған жұлдыздан, Жартыкеш болса да ай артық. Биік – биік жотадан, Су сыйлайтын сай артық. ... Тіршілік берген һаммеге, Барлығынан күн артық»-  деген  даналық   сөзінен кейін,  қобызын алып: «О, дариға – ай, о, дариға – ай!» дей беріпті.  Зарлы үнмен: «Болғанда ақырзаман саулайды жел. Тоқтыға мың қарабас бір қозы тел, Тоқтыны мың қарабас еміп тұрып, зарлайды тоймадым деп пәруәрдігер. Болғанда ақырзаман су тарылар, Жігітке қарап тұрған қыз артылар. Көз жұмсам, һамме бүлік көріп тұрам, Бұдан соң қалай көңіл шарты болар». Несесе, «Әлі заман өзгерер, Өзгергенін көз көрер. Мінгенің арба болар, бар құс қарға болар. Жансыз арба ат болар, Өз балаң өзіңе жат болар. Темірден құсың болар, Ұрпағымның көргені сұс болады. Еркек билік түл болар, Сиыр пұл болар, Еркек жасып ит  болар, Қатын тұлданып би болар. Төсекке есеппен жатарсың, Жыныс зарпын ақшаға сатарсың. Баққаның өсек, сөз болар. Сары судан ас шығар, жер тақыр болар.... Енді төрт мың жылда,  дүние тамәм болар»-деп [30, 48-59 бб.], жасаған болжамдық тұжырымдарының кейбіреуі бүгінде шындықтың  елесінде көрсетуде. Қазақтың жырауларының жырларында да болжампаздықтың  белгісі байқалады.  Мәселен, Бұқар жыраудың: «Күн батыста бір дүшпан, Ақыр шығар сол тұстан. Күн шығысқа қарайды, Шашын алмай тарайды. Қағазға жазар малыңды, Есепке алар  барыңды. Еліңді алар қолыңнан, Әскер қылар ұлыңнан» - деп, қоғам мен халық өмірінде алда болатын өзгерісті айта білген. Академик Ғ.Есім Майқы бидің жырларында болжампаздықтың сарыны барына ерекше тоқталады [31, 76 б. ].

Тарихта аттары белгілі Пір Бекет,  Мөңке би, Өтеген батыр тағы басқа шешен – билер болжамы біртіндеп шындыққа қарай  табан тіресе, Абыз Әлмерек батагөр әрі түс жорудың шебері болғаны аңызға айналғалы бір неше ғасырды артқа қалдырды  [13, 227 б.].  Қазақ халқының дарынды ұрпақтарының өте ерте заманнан-ақ, болжампаз-дық өнерін аспан жұлдыздарына, жан-жануарладың әрекеті-не, өсімдіктің реңіне қарап неше түрлі жасаған болжамдары, тіршіліктегі құпиялардың белгісінен хабар береді. Болжам-паздардың ойлау жүйесінің күрделілігі мен терең философиялық ой талғамдары және тұжырымдамалары, болжамдары адамның бойындағы шексіз құпиялықтың  тылсым сырларына  ғылыми тұрғыда «неге осылай болады?» - деген сұраққа жауап іздеу үшін философиялық танымда ұлттық тұрғыда зерттеуге  ұмтылу кезеңі заман талабына сай  келеді.

        5. Жауырыншы - тұқым қуалайтын, сирек кездесетін, жануарлардың таза жауырынының (қой, бұғы, аңдар)  жалпақ бетіне түскен сызықтар мен кескін бейнелерге қарап, болжам айтатын ерекше құпия қасиет иесі [11, 225-226 бб.].

       Жауырыншылық тұқым қуалайтын құпия қасиет. Бұл тілі жоқ мылқауға тіл бітіріп, сөйлеткенмен бірдей құпиялы өнер саласы. Қазақ еліндегі бұл құпия өнерді әр жердегі халық өздерінің ұғымына, танымына қарай пайдаланды. Кей жерде жауырынды үш бөлікке бөліп болжады. Жауырынның ортасын бөлетін қыр бөлігін баланың жолы,  қырдың астынғы жалпақтау жағын кісінің тағдыры, ал жауырынның түбін (негізгі шүйдесі) үй тағдырын болжайды деп жауырыншы болжамын өзінше тұжырым жасаған. Жауырыншы өзінің алғаш дүниеге келген ұрпағына ең алғаш жауырынды сорғызып барып, анасын емуге рұқсат еткен. Жауырынды құпия түрде ешкімге көрсетпей бала бір мүшеліге толғанша сақтаған. Бала мүшелі жасқа толғанда ғана оған жасырған жауырынды бергенде, бала жауырынға бірден қарап болжап сөйлейтін болған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы Мүсірбай: «Бал ашудың бұл формасы қазір толық  жойылуға таяу. Ата-анасы жаңа туған сәбиін жауырыншы етуді ниет етеді. Осы мақсатпен қойдың жауырынын отқа күйдіріп теседі... Ол таяу келешекті болжай алатын дәрежеге жетеді»-деген [32, 21 б.] тұжырымын жасап, бұл құпияның халықтық сипатына ғылыми танымын білдіруі де, жауырыншы сырынын ашуға қажеттілігін аңғартады. Ертеде хандар, батырлар, сұлтандар мен билер жауырыншыны өздерінің ақылшысы, кеңесшісі және болжампазы ретінде  жанында ұстаған. Қайталанбас қасиет иелері әлі аз кездеседі. Сапалық білімдері таяз.  Кейбіреуінде жасандылықта байқалады.

       Жауырыншы адам тағдырын, ел бірлігін, жаудан қорғануын, жеңіс пен жеңілістің шегарасын, ырыс пен берекенің, бақыт пен бақытсыздықтың, ұрлық пен зұлымдықтың белгілерін және ауа райының жылдағы төрт мезгілдік өзгерісіне де мәлімет беріп отырған.  Қазіргі уақытта жауырыншылар сирек кездеседі, оның сырын білу өте қиын болуда. Ғылымға қажетті дәстүрге жатады.  Адамның психологиялық толқуларынан ойдан-ой туғызатын, ойлау жүйесіне белгісіз өзгеріс беретін таза жауырыншылықты зерттеу қажет етеді.

       6. Жұлдызшы - аспан әлемінде құбылыстардың құпиялық өзгерісін бақылап,  жеке өз ұғымы бойынша ауа райы туралы болжам айтушы  ерекше дарын иесі. Жұлдызшылық қасиет – тектік тұқым қуалайтын сирек кездесетін киелі қасиет [13, 226-228 бб.]. Жұлдызшылар өз құпияларын сыртқа жария етпейді, өзіндік оқуы, шешімі, таралу тамыры және әрбір жұлдызшыға тән аспан әлемін бақылау шеберлігі болады. Ертеде халық жұлдызшыны – санақшы, болжағыш  деп атаған. Қазақ халқы көшпелі өмірінде жылдың төрт мезгілдік өзгерістері туралы өздерінің санақшы жұлдызшылары арқылы біліп отырған. Жұлдызшы аспандағы «Темірқазық», «Жетіқарақшы», «Үркер», «Шолпан» тағы басқа жұлдыздардың орналасуына, түсіне, қозғалысына  қарап  ауа райының қандай боларын біліп, оның қауіпті жағдайын алдын-ала хабарлап отырған. Жұлдызшының өрісі кең болады. Ол ұлттық өте ауқымды мәселелерге қатысты ел қорғанысы, болашағы, елдің жауларының құрамы мен әдіс-айлаларына да  өзінше ұсынысын беріп отырған.

       Қазақтың ханы Абылайханның жұлдызшысы Байыс алдын – ала ескерту арқылы елін табиғат апатынан аман алып қалған. Жауы қалмақты жеңуіне көмектескен. Осыдан кейін ел ішінде: «Абылайдан ат мінгені, Қабанбайдан алған інгені, Байыстың ауа – райын болжап  білгені» , - деген [13, 227 бб.] аңызда да шындықтың негізі бар сияқты. Жұлдызшылардың кейбіреуінде  сәуегейлік, болжампаздық, телепатиялық, шипагерлік сияқты қасиеттері барлары да болған.

      Жұлдызшылар құрғақшылық  кезеңде аспаннан  жаңбырда жауғызудың құпиялық сырын да меңгерген. Үндістанда адам өміріне байланысты жұлдызнамалық ілім сақталған. Осы елдің бұрынғы ел басшылары Неру мен Индира Ганди отбасыларында жеке жұлдызшылары болған. XV ғасырдағы француздың жұлдызшысы (сәуегейі, болжау-шысы)  М. Нострадамус (1503 – 1566)  болса 2237 жылды, ал  М. Нострадамустан  XIV ғасыр бұрын өмір сүрген Майқы би  бабамыз жұлдызға қарап тұрып,  алдағы 4000 жылдық  өмірді болжаған. Е. Вурмс, С. Эрхард: «Адамның денсаулығы  мен мінез-құлқы күн мен жұлдыздардың сыртқы әсерінен өзгереді, бұл оның тағдырына байланысты. Жұлдызнама өте күрделі, оның құпиясын білімді жұлдызшылар ғана білуі мүмкін», - деген болжамын айтады [33,24 б.]. Жазба әдебиетте жұлдызшылардың аттары аталып арнайы пікір айтылмағанымен, бұл қасиеттің  иелері халықтың арасында барын, олардың күндердің-күнінде жарық жұлдыздай жарқырап шығып ұлт мақтанышына айналары анық. Ғылымда да бұл салаға зерделей мән беру уақыты болды деуге негіз бар.

       7. Құмалақшы – өнері халқымыздың көне тарихынан бері жалғасып келеді. Бұл әрбір ұлттың дарынды қасиеттерінің бірі. Құмалақшылық жүйесі астрономиялық және астрологиялық болып екі үлкен топқа бөлінеді. Олар іштей түр-түрге жіктеліп, салаланып кетеді. Мәселен, геомантия – жердегі өзгеріс әрекетті, қимыл-қозғалыстарды бақылайды әрі болжайды. Хиромантия – алақан саусақ сызықтарына қарап, болашақты болжаса, арифмантия – нақты есепті ой болжамын жасайды. Осындай қасиеттің бірі құмалақшылық та тұқым қуалайтын, өзінше  болжамдық айтары  және тылсым құпиясы бар әр түрлі  жастағы адамдар тобы. Құмалақшы да шама – шарқына қарай  болжайды, айтады, онысы арқылы адамдарды иландырумен өзіне сендіру-ге тырысады. Құмалақ шашпа және қырық бір құмалақ болып бөлінеді. Құмалақ ашуға ұсақ тастарды, өсімдік дәндерін, қойдың құмалақтарын пайдаланнған. Ш.Уәлиха-нов: «41 құмалақ Данияр пайғамбардан  қалған мұра»-дейді [34].  Құмалақшы тастың мата бетіндегі орналасуына қарай сөйлейді. Тастың да ашылып сөйлейтіні болады. Құмалақ  көп ойланып барып ұсақ ойдан ірі ой туғызуға әсер етеді.  Құмалақтың сөйлеу құпиясы ғылымда да ашылған жоқ. Академик Әл  Машани: «Құмалақтың сырына алғаш ғылыми болжамдық зерттеуді  ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби  жасаған» - дейді [35, 215 б.].  Академик А. Машанов құмалақ  жөнінде де зерттеуін жалғастырды. Құмалақ ашу жүйесі Орта Азия, Кавказ, Үнді мен Иран, Тибет пен Корея, Америка мен Жапонияда да алғаш дамыған.  Қазақ елінде де көне заманнан өріс  алып дамуда.  Қырық бір құмалақтың шығуының құпия тарихы  -  үш әлемге: «Жоғарғы әлем» - Темір қазық,  «Ортаңғы әлем» - Адамзат, және  «Төменгі әлем» -  Алтын қазық  немесе  «Жеті ғаламға»  - «Жеті қат көкке де» (Ай, Күн, Есекқырған, Шолпан, Қызыл жұлдыз, Юпитер, Сатурн), «Жеті қат жерге де» (тұңғиық, жылан, су, қос бақара,  тас, көкөгіз, жер)  байланысты болған.  Мәселен, 41 құмалақты үшке бөліп ашу – ол үш әлемді  білдірсе,  үшке бөлген  топтың жеке -  жеке төртке бөлінуі, ол жаратылыстың төртке бөлінуі  (Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік) немесе  әлемнің төрт негізін (топырақ, ауа, су, от) білдіреді. Құмалақ тартудың да өзіндік түрлері болады. Мәселен, ырым құмалақ, бір тартар құмалақ, шашпа құмалақ. Кең тарағаны – шашпа құмалақ. Құмалақ ашудың да тәртіпі мен ережесі болады.  Құмалақты құмалақшы: «құмалағым ақ сөйле, бисмилла»- деп ашады. Алғаш құмалақты үшке бөледі. Бұны «құмалақ басы» - дейді. Құмалақшы құмалақты сөйлетуде елуден аса шарттық ереже бойынша ойын талдап барып болжамалық сөзін айтады.

       Құмалақ тасының  тоғыз жерге орналасуы – «Тоғыз қат көк» немесе «тоғыз өлшемді» білдіреді.  Сайып келгенде, тігінен 3, 7, 9,  ал көлденеңінен 4 деген дүниетанымдық сандар негізінен құмалақ ашу теориясы пайда  болды.  Бұл құпиясын әлі ғылым ашпаған астрологиялық танымдық  ұғым негізінде өмір тарихынан атын өшірмей келеді.  Дін қағидасында құмалақ ашуға қарсылығына қарамай, Данияр пайғамбарымнан қалған құмалақ мұрасына да ғылыми сараптамалар жасайтын уақытта жақындаған сияқты. Құмалақтың толық құпияларының ерекшеліктері жөнінде ізденуші З. Қожалымов өз еңбектерінде кең көлемде талдау жасаған [11, 257-266 бб.].   

       8. Көріпкелдік  - телепатия. Көріпкелдік пен телепатия бір - біріне тәуелді келеді. Телепатиясыз – көріпкелдік, ал Көріпкелдіксіз – телепатия өз сырын аша алмайды [13,229б.].

Көріпкелдік – адамның ой арқылы белгісіз ішкі және сыртқы күштердің әсерімен ғарыштық жүйемен байланысқа  шығып хабар алатын,  алған хабарды жерге жеткізуші, өңдеуші, бөлуші және таратушы жоғары жиілікті сезімтал қасиеті. Көріпкелдік адамның ойы арқылы жүзеге асатындықтан, ой ғарыштық жүйемен телепатиялық байланыста болады да, өз хабарын жеткізеді әрі жауап  алады.  Бұл ми қызметіндегі түсініксіз күрделі өзгерістер арқылы жүзеге асатын жүйелік құбылыс түрі. Адамзаттың тарихына үңілсек, ғасырлар бойы өздерінде бір тылсым күштің табиғатқа қайшы келмейтін құпия заңдылығы барына зор сеніммен қарады. Бұл ғылымда жаңаша көзқарастық өзгеріс туғызды. Ғылым болса осы құбылысты зерттеп анықтауға енді ғана  әрекет етуде.  Көріпкелдік қасиет қалай, қайдан пайда болды, ол мәңгілік пе, немесе сиқыр ма, әлі белгісіз қалпында қалуда. Дегенмен, нақты теориялық заңдылығы жоқ бұл құбылысқа таңданғаннан көрі,  зер салып ойланған жөн сияқты.  

Телепатия - жер мен ғарыш арасындағы байланыс жүйесін жүзеге асырады. Адамның ойын ғарыштық жүйеге қосып, өңдеп қайтадан хабарды жерге  жеткіуге әсер етеді.  Адам ғарышпен телепатиялық байланысқа шығады да, одан белгісіз күш әсерінен көріпкелдік жүйесіне көшеді. Ойсыз  телепатиялық байланысқа, ал телепатиялық байланыссыз – көріпкелдік жүйе орындалмайды. Барлық адам да бірдей көріпкелдік немесе телепатиялық  байланыс бірдей болмайды. Белгілі ғана адамдар тобы бұл екі қасиетке ие болуы мүмкін.  Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің  «Үш анық»- деген [36, 12-21 бб.] еңбегінде  телепатитя, спритизм (рухпен байланысқа шығу – З. Қ) және магнитизм деген  ғылыми атауларға тоқталып, бұл шындық деп, бұл сала бойынша көптеген тілдерде жазылған ғылыми жазба кітаптардан  отыз жылдай оқыған, көңіліне тоқыған ойларының философиялық танымдық қорытындысына сүйеніп тұжырымнамасын ұсынады.

М.Нострадамус пен Болгариялық Ванга әжей телепа-тиялық байланыстың таза дәлдіктік шындығы арқылы әлемге даңқын шығарды. Ғалым, жазушы,  ақын, өнер адамы, суретші, емшілердің белгілі тобы өзінің телепатия-лық  байланыста болатындарын біле бермейді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед / с.ғ.с. / ұдайы ғарышпен, періштелермен телепатиялық байланыста болды. Қасиетті Құранды да өзінің періштелерімен  телепатиялық байланысы арқылы қабылдаған. Хан Абылайханның түсін жорыған Өтеген батыр, Бекет әулие, Майқы би, Мөңке би, Бұхар жырау тағы сол сияқты  сұлтандар, билер, батырларда ғарышпен  телепатиялық  байланыста болғандарын, олардан қалған жазба деректер арқылы белгілі.

Көріпкелдер  көбінесе ғарышпен  жеке телепатиялық байланыстарды сөз, дыбыс, сурет, сызба, бейне, бағыт, әріп, жазу, ән, саз, діни оқылым, дыбыстық белгі, жарық белгі, денені тітіркендіру, белгісіз рух атынан деп, басқа белгісіз күш әсерімен транысқа түсіп сызу және жазу тағы басқа тәсілдер арқылы алатыны жеке адамдардың мәліметтері бойынша анықталуда.

Генерал исисимус Суворовтың бұрын ажырасқан әйелі  адамның өңіне, түсіне, жүрісіне қарап, ол адамға қауіп (өлім) төніп тұрғанын нақ айтатын көріпкел болыпты. Әйел кімді  іздеп келсе, ол адам өзіне қауіп әкелетінін сезіп, жақындарымен қоштасатын болған. Суворовтың кеткен әйелі  ұзақ жылдан соң оралғанда, осы күдікті сезген ол дайындалып ана дүниеге аттаныпты [13, 271 б].  Бүгінде  әлемнің көп елдерінде М.Нострадамус пен Ванга әжейдің жеке болжамдарын оқу, үйрену, шешу  ғылыми орындары жұмыс істегенмен  әлі  құпияның сырын толық ашқан жоқ. Қазақтың  тылсым сырлары мен құпияларын меңгерген ата - бабаларымыздың  қасиеттік ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми тұжырым жасауға қажеті артуда.

        9. Оташы - халық арасында кеңінен тараған шипагерлік өнердің бір түрі, тұқым қуалайтын құпиялы қасиет. Оташы өз міндетін көмектесетін белгісіз ғарыштық күштер арқылы орындайтын сияқты. Оташылар адамның дене құрылысын жақсы білген. Сүйек сыну мен буын шығуды қалпына  келтіруде оташылықты үйренуде мүмкін, бір-ақ мұнда бір тылсым сырдың құпиясы жатқандай. Кейбір оташылар түсімде аян арқылы келді дейді, бірақ бұның қаншалықты шындыққа жанасатыны әлі дәлелденген жоқ. Оташылар көбіне сынық салады. Сынықтың ашық және жабық түрі болады. Сынық шорт, жарқышақ, айқаспа, бұғана сынығы  түрінде кездеседі. Буын шығуда жақ сүйегі шығуы, мойын сүйегі шығуы, иық шығуы, кәрі жіліктің шығуы, тізе сүйектің шығуы, тобықтың шығуы сияқты түрлері болады. Өте күрделілері де кездеседі.

Оташылардың ішінде кейде кіші-кірім операциялар жасаудың да қарапайым тәсілін меңгергендері де кездеседі. Ертедегі оташылардың кейбіреуінде осындай қасиет болғаны туралы тарихи деректер жөнінде де жоғары да айтылды. Оташылар сынықтың түріне қарай оның жазылу уақытында өздері белгілейді.  Дегенмен, осы оташылықта оташы сынық салуды болжаммен ой арқылы салғанда ол сынықты көріп тұрмаса да, дәл орнына түсіруде не сыр бар, бұл әлі жұмбақ күйінде қалуда. Оташылық жөнінде арнайы еңбектер  өте сирек кездеседі. Алайда жазылған мақалалар  баршылық [37, 208-210 б.]. Емдік бұл дәстүр зерттеуді күтіп тұрған  өнер саласы.

        10. Тамыршы - тұқым қуалайтын әрі оқып үйренетін  қасиет. Көне дәуірден  бүгінге дейін, аурудың тамырын ұстап, жан күйзелісі мен қатар ағзаларының да дертінің белгілерін анықтаған. Тамыршы аурудың дертін таңертең ашқарында тамырын ұстау арқылы да және аурудың бет-жүзіне,  сөйлеген сөзіне, дем алысына,  көз жанарына және тіліне де қарап сырқатын анықтаған. Тамыршыларда сырқаттың тамырының жоғары, орташа, баяу немесе жылдам, орташалау, біліне – білінбей  әр түрлі соғуына қарай  адамның ауруының  түрлерін анықтауда, сырқатқа ем – дом ұсынуда  шипагерлерден кем болмаған.  Сондықтан да, «Адам ағзасының 62  тамырын  аңғара  біл» деген ертедегі асыл сөзден, адам ағзасының бүкіл тіршілік тынысы тамырдың соғуына байланысты екенін білдіргендей  әсер етеді. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» еңбегінде тамыршы туралы аурудың арманын былай сипаттайды:«...Науқас адамның арманы – шіркін-ай, қараүз-ген шипагер боп, не келіскен жетік тамыршы табылып, тамырымды  ұстатып, дарымдалсам, арманым түгесілер еді!» - деумен тынбақ [1, 229 б.].     Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагер тамыр ұстауға жетік болумен  қатар, науқастың жағдайына  зор көңіл бөлу керек деген ұсынысын  білдіреді. Шығыс шипагерлігінде қытай шипагерлері әр түрлі мүшелердің тамырының соғуы да әр алуан болатынына үлкен мән беріп, сырқатқа  анықтама-ларын қойған.  Мәселен, сол қолдың білезік тұсындағы тамыр соғуын үш саусақпен байқағанда: Сұқ саусақтың астындағы тамыр үстірт соғылса – ащы ішекті немесе тамыр терең қатты  соғылса – жүрек тағы сол сияқты.  Тамыр ұстау арқылы адамның сырқатын анықтауда қазақтың қарапайым халықтық шипагерлік әдіс-тәсілдері мен шығыс  және  Орта Азия елдерінің де шипагерлігінде жақындық, ұқсастық барлығы байқалады. Заманның өзгеріп әрі өркендеуіне қарай көне емдіктің халықтық сипаты да жаңара бастады. Көптеген емдеу стилдері ғылыми атау мен емдік жүйеге жақындады. Сараптай келгенде, қырыққа жуық емдеудің шипалық әдіс – тәсілдерін  бүгінде шипагерлер (емшілер – З.Қ.) өздерінің сауаттылығына қарай  пайдалануда.

Атап айтқанда: Биоқуат әсерімен сырқаттың денесіне  жақындатып немесе аралықтан әсер етумен, дұға оқып дем салумен, дұғалық ішірткі берумен, тамыр арқылы қуат жіберумен,  қан алумен, сүлік салумен, ән – күй көмегімен, дәрілік шөптермен, металл- металиодтар  мен жан – жануарлардың мүшелелерінен жасалған дәрі – дәрмекпен, уқалау, үзу, сылап – сипау және нүктелі әсер ету әдістерімен, бұлау, терлету, күн сәулесіне қыздырыну, таза ауада дем алу, шипалық ағаштар арасында болып қуат алу,  табиғаттың өзен, орман, көлдері жағасында дем алу, құмға орану, шипалық  балшықтар мен  минералды сулардың көмегін алу, жүгіру мен қимыл жасаудың  ережелерін ұсыну, әр түрлі заттарды магниттеп берумен  қатар, түрлі құрал -  сайманмен   емдеу (қамшы, аса таяқ, пышақ  т.б.), қобыздың сарынымен ән орындаумен,  суық тигенді малдың терісіне түсірумен (қой, жылқы, ешкі),  мал өнімдерінің емдік түрімен (қиы, өті,  т.б.),  аурудың суреті мен хаты арқылы аралықтан емдеумен,  байланыс құралының көмегімен (теледидар, радио, телефон), монша мен суық суға түсіріп  емдеумен бірге, иландырудың психологиялық әсерлері көмегі арқылы зікір салып емдеумен, ұшықтау, көшіру, аластау, аштау, қорықтық құю, тіс құртын шақыру [12, 69-70 бб.]  сияқты, тағы басқа да  сырқатты емдеу тәсілдері өз жалғасын табуда.  

Шипагерлер тарабынан аурудың сырқатын емдеуде тағамдардан  қымыз, шұбат, маңыз, айран, сүт, құрт, ет, сорпа, әр түрлі көжелер (арпа, бидай, сұлы,  тары, талқан) тағы басқа да тағамдар түрі ұсынылып оң нәтижесін беруде.  Еліміздің тәуелсіздігінің жемісі халық шипагерлерінің бойларындағы қасиеттерін ашуға, оның емдік халықтық сипатын өркендетуге, бірыңғай ұлттық этникалық шипагер-лік жүйесін жасауға және  тылсым құпия сырларына көп салалы ғылыми зерттеулер жасауға мүмкіндік туғызуда.  Қазақ халқының емдік тәсілінің халықтық сипаты мен түрлерінің тарихы ұзақ, оның тамыры терең, қанаты кең жайылған әрі адамзаттың жаратылысынан бері жалғасып келе жатқан тектік әрі ұлттық шипалы қасиет екендігін аңғартады. Ғылыми зерделесек қазақтың шипагерлік өнері – шығыс шипагерлік өнерімен аралас, ұқсастығы мол үлгі негізінде дамып отырды деген тұжырымды қабылдау дұрыс шешім. Ал, еуропалық шипагерліктен де ертерек дамып өркендегендігінің ғылыми негізде дәлелденуі, ұлттық шипагерліктің рухының биктігін көрсетеді.                                

 

2.2  Халықтық шипагерлік пен медициналық  жүйенің негізін
қалаушы ғұлама

 

Қазақ  елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа  ғұлама ғалымдар қатарына ХV ғасырдың қараүзген шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де енді. Оның «Шипагерлік баянында» шипагерлік дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне  жол ашылды. Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» кітабын  жазуына біріншіден, сол заманның ханының оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден, хан әз-Жәнібек-тің оның сауатты жауабына риза болуынан;  үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің  нәтижелері көрсеткіші; бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының еңбектерінің ықпалы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан  болды деп қараған жөн.

Алып медициналық энциклопедиялық еңбек:  «Тұрлау-лар» «Ауыз Таңдай тұрлау - Дәстір туылма және Көз Маңлай тұрлау -  Адамзаты жаралысы»деген кіріпеден және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдылығы» деген  үш бөлімнен құралған. Ғұлама шипагердің медициналық энциклопедиялық еңбегінің үштен төрт бөлігінің жоқтығына қарамастан, «Қанықталғы» бөлімінде шипагерлік жөніндегі анықтама беруі, екінші «Нарықталғы» бөлімінде адамдардың ауруын анықтаудың нақтылы ілімдік әдіс-тәсілдері, ал  «Дарымдылығы» бөлімінде сырқат адамның ауруын емдеп жазудың әдіс-тәсілдік жолдарын түсіндіреді. Осы еңбегіндегі ғұлама ойының бүгінгі ғылыми медицинаның жетістіктері-нен ешқандай алшақтығы мен өзгешелігі жоқтығы айқында-лып келеді. Қазақтың қарапайым халық емінің әлемдік деңгейге іліми  жағынан көтерілуіне  қараүзген шипагер  Ө.Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» еңбегінің  ғылыми жетістігі   ұлттық шипагерліктің  рухын биіктетіп, ғылыми жолға түсуіне негіз болды. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясының бүгінде бір құрамдас бөлгі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.

       Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі - дәрмек түрін; 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металоид-тар қоспасынан (бұдан көп болуы мүмкін) жасаған. Шипагер науқас адамдарға  арнап 1050 түрлі шипа ем аты және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін (нақтылығы – 13000 дай екен) ұсынып, 430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы, біріншіден, қазақ  жерінде XV ғасырда-ақ фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді. Екіншіден, ғұлама шипагердің тұжырымдары оның өзіне дейінгі және бүгінгі шипагерлік ғылымнан алшақтығы жоқтығын айқындайды. Үшіншіден, адам денсаулығын қорғау, сақтау,  дамыту мен жақсартудың терең ілімдік жетістіктігін мәңгі өз ұлтына қалдыруы, қазақтың шипагерлік өнеріне  жол салағандығын білдіреді.     

        Халық шипагерлігі де халықтың қанымен аралас, атадан ұрпаққа берілетін тектік (генетикалық) қасиет. Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік ілімін өз халқын аралай аурудың сырқатын анықтап, емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп өзінің жеке бойындағы көп ғылымдар саласы бойынша,  біртұтас ілімді байытты. Көргенін, естігенін және білгенін қағазға түсіріп, халқымен ұрпағының денсаулығы болашағын қадірлей, сол замандағы қазақ ханы Әз-Жәні-бектің тапсырмасымен 1466-1473 жылдары аралығында ханның Ақ ордасында (Шу, қозыбасы) 78 жасында бастап 85 жасында бітірген 5000 беттік қолжазбасы “Шипагерлік баянын” бітіргенімен, ханның кездейсоқ қазасы қолжазбаны  ханға көрсетіп оқып беруге жазбады.

Әз Жәнібек хан ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Ө.Тілеуқабылұлына “Қараүзген шипагер” екенсің деген мәртебелі атақ береді. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын,  ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагер: «Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды»- деген [1, 16 б.],  зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзінің “Шипагерлік баянын” жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метерология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.

Бес жарым ғасырдан кейін халқымен қайта қауышқан, бес мың беттік қолжазбаның тек қана бір мыңдай ғана бетімен ғана баспадан кітап болып шыққан (Үрімжі, 1994. араб қарпіндегі) Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” кітабы қазақ елінде де баспадан шығып (“Жалын”, Алматы, 1996),еңбек ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми көзқарасына бірден  ілінді. Көп салалы ғылыми талдауға ұсынылды, зерттеуге және тұжырымдамалар жасау жоспарына енді. Өйткені,  ХV ғасырда-ақ  ғылыми негізі толық жасалған бұл кітап қазақтың шипагерлік өнерінің тарихы анау ертеден басталғандығын дәлелдейді. Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” еңбегі қазақ халық шипагерлігінің ғылыми әрі тәжірибелік негізін қалап қана қалмастан, ұлттың шипагерлік өнері ілімін, мәдениетін, әдіс-тәсілін әлемдік дәрежеге жақындатқанның белгісі, бұл еңбек көптеген шет елдер ғалымдарының ғылыми талдамалық назарына айналуы да кездейсоқтық емес.

Оның дәлелі ғалымның “Шипагерлік баян” кітабының көрші Қытай елінде 1997 жылы маусым айында “1-дәрежелі мемлекеттік таңдаулы ұлттық кітап” сыйлығына ие болуы [38, 2 б. ], шипагер  ілімінің ғылымдығы мен ғұмырлық ұзақтығын көрсетеді. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегіне алғаш өз пікірін білдірген Шыңжаң ұйғыр автономиялы аудандық партия комитеті үгіт – насихат Министрлігінің орынбасар бастығы, зерттеуші – ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: «Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, ұлы медициналық еңбек әрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол хақымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, меторология, әскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім, мәлімет береді. Өнер білім тарихы ел тарихынан айрылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама «Шипагерлік баян» да өз дәурінің жемісі» - деп [39(1), 429 б.]  әділ бағасын берді.

Миллиардтаған қытай халқы ғалымдарының қазақ шипагері іліміне ірі ғылыми баға беріп құрметтеуі, ұлттық шипагерлік дәстүріміздің теориялық және мәдени-тарихи тұрғысынан биік мәртебесін айқындайды. Ө.Тілеуқабылұлы көп оқыған, өзінің жеке философиялық танымы кемелденген, әр салалы ғылымдардан хабары мол, өзіндік мәңгілік өшпес философиялық тұжырымдамаларын қалдырған ірі тұлға және шипагер ғалым.

Расында, «Шипагерлік баян» туралы, бұл еңбекті жазған ғұлама туралы ғылыми талдау жасау енді пәрмен алуда. Түрлі тартымды ой-тұжырымдарға сілтеме жасадық та. Дегенмен, ғұламаның дүниетанымы мен өнеріне толығырақ сипаттама беру үшін, созылыңқы болса да, мына сілтемені келтіруді жөн көрдік. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емші ғана емес, шипагер, ұлы шипагер және ғұлама ғалым. Оны кейінгі ұрпақтар қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, ұстаз, философ, ақын, астроном, тарихшы, биолог, химик, психолог, географ, этика мен моральдің асқақ білгірі деп жатады. Өтейбойдақтай дананы түсіну өте қажет, әрі алдымен оның  өзіндік себептері мен жауаптары бар. 

Шипагерлік жөніндегі анықтамаларды көбейте беруге болады. Дегенмен,  бұл өнердің тұтас және тартымды түрі. Шипагерлік – білім, ғылым, өнер, ұлттық дәстүр, жеке бас қасиеттері қабілеттілігі мен шеберлігінің жиынтығы мен жалғасы. Қараүзген шипагер емшіліктің көптеген жаңа түрлері мен заңдылығын ашты. Шипагерліктің маңызын толық бағалау үшін еуропалық медициналық білім мен тәжірибені білу жеткіліксіз, оны шығыстық (қытай және тибет) тәжірибемен толықтыру шарт.

 Шипагерлік мәдениеті–адамды сауықтыратын, бола-шақты болжайтын және дарымдаулықты қондыратын қабілет-қасиет;

-  науқас пендеге тілеулестік ұғымымен қоса жанашыр-лық таныту;

- жан мен тәннің саулығына, рухтың арлығына жол табу, соған қызмет ету;

- емдеу білімі мен тәжірибесінің озық түрі. Сол негізде ғұлама емделудің дарымалы және болжамалы 24 түрлерін қатар алып жүреді және жетілдіреді;

-адамның мүшелік жастағы жаратылысын, оның ерекшелігін ұлттық рәсім-салтпен үйлестіреді. Ол елдегі жарғыға жүгінеді, оны мұқият орындайды;

- алдына келген адамды елдің азаматы, ұрпақтың болашағы тұрғысында қабылдап, ерекше ілтипат білдіру;

- ел мен жердің емдік және демдік қасиеттерін табандап жинақтап, оларды өз отандастарының игілігіне бағыштай алу;

- ислам діні тыйым салған  тиіспеу мен жұғыспаға тәрбиелеу. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің осындай ауқымды да өмірлік үлгісін көрсетті және таратты. Ол үшін емшілік – ауруды емдеу ғана емес. Ал шипа жазады, дариды, дару болады. Шипагерлікті ширататын  тағы бір шарт бар. Оның арқауы: Қателіктен сақтан, кемшілікке бола кеміме. Озбырлыққа берілме,  осалдықты үйіріп бапта, - деген  өсиетте».

Халықтың шипагерлік дәстүрлері мен мәдениетін дамытуда ғұлама шипагер оны ғылыми жағынан дала тәжірибеханасында сынақтан өткізуде, өзінің ар-намысына айтылған кекесін сөз бен әрекеттерге мойымай,  өлген адамның денесін боршалап, Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алып, ал Шалкөде де /Жетісу аймағы/ тірі қойдың басына таспен ұрып өлгенін көріп немесе қойдың кеудесін пышақпен тірідей жарып жүрегін жұлып алу арқылы жүрек, ми, қан тамырлары қызметінің өзара қатынасындағы тіршілік иесінің өмір сүруіне байланысын зерттеп өз тұжырымдамасын жасайды [1:86 б.].                   

Шипагер адамның денінің саулығы мен өмірінің ұзақтығының негізгі оның «Қан сөлі мен без сөлі – пенделік тұлғалық тұтас сөлдің атасы» [3, 13 б.] - деген тұжырымдамасына сүйеніп, «Қан сөлі – жан сөлі» [1, 124 б.]  немесе «Ми - басқарушы» - деуін [1, 188 б.], бүгінгі медицина ғылымы да қуаттайды.

Ө.Тілеуқабылұлы адамдар арасында үсіген, өлдіге есептеп үсікке қатты ұшырағандарды шипагер өзінің сусыз жерлерде “Тұншықтырма”  әдісін пайдаланып адам есін жиарда алғаш “Мұздадым”, “Қалшылдадым”, “Қызып кеттім”, “Терлеп кеттім”, “Шөлдеп кеттім” ақыры “Терлеп сүмек болдым” - дегенде ғана [1, 94 б], барып құтқару әдістерін тоқтатып сырқатқа киім киіндіріп, сусынға ыстық шай беру арқылы шипагер емін жалғастырып жеке  адамның жағдайы толық қалпына келгенше бақылауға алумен, халықтық  шипагерліктің емдік жүйесін байыта білді. Ал шипагер өзен суы бар жерлерде “Малма”[1, 95 б.] әдісімен үсіген адамды жалаңаштап мұздан ойылған шұңқырға салып оның жағаласқанына, арпалысқанына қарамай сөзі түзеле бастағанда ғана шұңқырдан шығарып алып, сырқатқа біртінден жылы тамақтан ыстық тамаққа қарай тамақтандырып, өзінің ілімдік тәжірибесін байыта білді.