ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

9

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Испанияның Барселона қаласынан 32 шақырымдағы бір ауылға дүние жүзінен мыңдап келеді екен. Себебі, осы кішкене ауылдың дінбасы Микель Рамос әкей өліні тірілтеді. Ол жүрегі кенеттен токтап, қайтыс болған қала мэрі Гектор Торресті қайта өмірге әкелгенін 200-дей кісі көріпті. «Мэрдің табыты құдайға сыйынатын жерге қойылды. Одан кейін Ромас әкей тізесін бүгіп аят оқыды, қақпақтың бетін креспен шоқындырып, табыт бетін ашты. Осыдан кейін мэр түк болмағандай табыттан тұрды. Ол аман қалды», деді оны көрген мейірбике. Дінбасы 152 адамды тірілткен көрінеді. Рамостың бұл қасиетін дәрігерлер де тексеріп, растапты. «Тіпті суға кетіп өлді санаған 6 жасар қыздың мәйітіне келіп әкей аят оқыды да, кресті маңдайына шоқындырған соң, қыз есін жиып тірілді»,—дейді дәрігер Луис Замора. Дегенмен әкей Рамосқа әлемнің түкпір-түкпірінен көмек сұрап, көп адам келгенімен, ол ашылып сырын айтпайтын адам екен. Бір ғажабы, ертеден-ақ Рамос адам өліміне қатты қайғырады екен. Мүмкін ел оны құдірет иесі дегенмен, бір құдіреттінің рухы оның тәніне енгізілген бе, кім білсін, бұл таза діни адамының өз құпиясы.

Егер осындай құдірет біздің Қазақстандағы емшісымақ-тардың бастарына шала-шарпы қона қалса, жоғарғысы "құдаймын", ортадағысы "елшімін", ал төменгісі (Рамос әкей) Исамын дер еді-ау. Онысыз да ешқандай ерекше қасиеті жоқтар кім болмай жатыр бұл өмірде. Десе де, біздің елімізде өлгенді тірілткендер шыға бастады. "Заман-Қазақстан" газетіндегі (№ 23, 29 мамыр, 1998 ж.) "Емші Зура" мақаласында жазылғандардың жоғарыдағы өлгенді тірілтумен ұқсастығы бар. Шын ба, өтірік пе (мақала авт. Ш.Сейхун), алматылық емші Бекбергенова Зура Сыздыққызы дұға оқып, Ақтөбеден келген, екі бүйрегі істен шыққан, Алматының бір ауруханасында қайтыс болған баланы тірілтіпті. Бала түнгі сағат екі шамасында ауруханада өледі. Баланың шешесі есіне Зура түсіп, ол келесі күні күндізгі сағат төртте ауруханаға барып, өзі аян алған аятын жеті рет оқығанда, бала көзін ашып кайта тіріліпті. Сонымен, шешесі қуана тірілген баласын поездбен Ақтөбеге алып кетіпті?!

Міне ғажап, бірақ та бала кім, Ақтөбенің қай жерінен, ең болмаса шешесі кім, Алматыда қай ауруханада жатты, бәрі жұмбақ?! Егер бала ауруханада шын тірілсе, неге дәрігерлер хабарламады? Баланың анасы неге жүрек жарды сөзін баспа беттерінде, теледидарда айтпады? Бірақ, біз білетін          Зура Сыздыққызы 1991 жылдан бастап өзі жөнінде республикалық басылымдарда түрлі мақалалар жаздырып келеді. Зура 1995 жылы "Әруақтар әлемі" атты өзіне арналған кітап шығартты. Осы емшінің үгіттеуші жеке тілшісі, кейін марқұм болған, жас журналист Баймақан Жақсыбекұлы еді. Қысқасы, Зура осы жылдарда өзін ғарыш пен жердің керемет адамы етіп көрсетуін жалғастыруда. XV ғасырдағы ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбой-      дақ Тілеуқабылұлының үсіп кетіп және суға кетіп, сондай-ақ, күйіп өлді дегендерді қарапайым әдіспен қайта тірілткенін еске алсақ, біздің бұрынғы ата-бабаларымызда ұлы қасиеттер болмады деп айта алмаймыз. Десе де, «жеті өлшеп бір рет кес» дегендей ұзақ зерттеп барып айтатын ғылыми дәлдік керек.

Көптен бері баспа беттерінде өлген адамды тірілтушілер туралы әр түрлі пікір болып келеді. Осыны ескеріп, оқырманға өз жеке ойымызды жеткізуді мақсат еттім. Қытайдың әулие манахы ма, Бениндегі бақсылар ма, Австралиядағы сиқыршылар ма, Испаниядағы дін адамы Рамос әкей ме немесе алматылық емші Зура Сыздыққызы ма, бізге бәрібір, тек ғана олар шын құдірет иелері болса болғаны?!

Қайтадан Құран аяттарына кезек берсек, Алланың жаратушылық құдіретіне шек жоқ. Өйткені, Алла өзі сүйген құлдарына жақсылығын аяған емес. Сондықтан, Құран қайта тірілудің негізін былай түсіндіреді: "Бәлкім, адам жаратуда әуел баста әлсіздік көрсеттік пе? Жоқ олай емес (әуелде әлсіздік жасалмаған соң, оларды тірілтуде де әлсіздік танытпай-мыз). Ал олар қайта жаратылатындарына күмәнмен қарайды" (Каф сүресі, 15 аят).

Міне Алла тағала өз құдіретін осылай дәлелдеп, құлдарына ескертеді. Өлгенді тірілту де бір Алланың құдіреті, мұндай танымды ары қарай дамыту үшін тек қана дін жолын таңдау мен ғылыми еңбектерді пайдаланып зерттеу оң түсінік берері анық.

 

 

 

 

 

3.6  АЖАЛСЫЗДАР МЕН ҰЗАҚ ӨМІР ЖАСАҒАНДАР

Ажалсыз жандар жайлы әңгіме Еуропада да баршылық. Өмірде не болмайды демекші, жалған дүниенің жер шарында не бір қызықты да, қорқынышты да жағдайлар болып жатқаны рас десек, оның ішінде ерекшеленетін түрі де бар. Әңгіменің негізгі арқауы мәңгі жөйіт иерусалимдік иудей Агасфер жөнінде болмақ. Діни әңгіме бойынша, ақырғы сапарына кресін арқалап бара жатқан мәсіх Иса әл жинау үшін, осы иудейдің шарбағына сүйенеді. Бірақ, арампейіл жөйіт Пайғамбардың дем алуына мүмкіндік бермей және тілін де тигізеді. Ашуы келген Иса Пайғамбар "жөйітті" еш жерден тыныштық таппай, қаңғырып өт" - деп қарғайды.

Содан бері Алланың құдіретімен Иудейді көргенде ажал да теріс айналып қашады екен деседі. Пешенесіне мәңгі қаңғырып өту жазылған Агесфер арада қанша ғасыр өтсе де бірде анда, бірде мұнда бой көрсетіп қалады екен. Италия жұлдызшысы Гвидо Бонатти оны 1223 жылы испан патшасының сарайында кездестіреді. Арада бес жыл өткенде ажалсыз жөйіттің Англияның жерінде жүргендігі туралы касиетті Албан аббаттығының шежіресінде жазылады. Ал сол заманда өмір сүрген Армян архиепископы онымен бір дастархан басында ашық әңгімелесіп отырғанын айтыпты.

Бұл кезде ажалсыз жөйіттің жасы үш жүзге таяп қалған екен. Өзін Агасфермін деп таныстырған кісі Иса мәсіх заманының тарихын, сахабаларының бет бейнесін т.б. өзгерістерді толық білетінін айтып, жұртты таңқалдырады. Бұдан соң мәңгі жөйіт 1242 жылы Францияда пайда болады. Бұдан кейінгі екі ғасыр шежіресінде ол туралы ешқандай дерек болмайды. 1505 жылы Агасфер Богемияда қайта көрініп, екі жылдан соң күнәкарымыз араб шығысынан бірақ шығады. Ол Еуропаға 1547 жылы қайтып оралады.

Куәгерлер оны Гамбургте кездестіреді. Ал епископ Шлезвиг Пауль фон онымен (1522-1598) кездесіп, әңгімелескенін жазады. Епископтің куәлік етуінше, ажалсыз күнәкар әлемнің барлық тілінде ешқандай мүдірмей, тұтықпай сөйлейтін болған. Киімі жұпыны, ешқандай дүние мүлкі жоқ, тақуалық жолда. Жөйітті 1575 жылы Испания сарайында Кристофор Краузе мен Якоб Хольстейндер де кездестіреді. 1599 жылы Венада аялдаған Агасфер Польшаға, одан ары Мәскеуге жетуге тырысады. Кейбір жазба деректер оның Мәскеуде болғанын растайды. 1603 жылы Агасфер Любекте болғанын бургомистр Колерус пен тарихшы және дін уағыздаушы Кмовер және де баска ресми адамдар растайтын қолжазбалар сақталады. "Мәңгі жөйіт" 1604 жылы Парижде, 1633 жылы Гамбургте, 1640 жылы Брюссель, екі жылдан кейін Лейпциг, 1658 жылы Стамфордта (Ұлыбритания) болып, сапарын одан ары жалғастырады. XVII ғасырдың соңында ағылшындар арнайы мақсатпен жөйіт Агасферден емтихан да алады. Сынаққа Оксфорд пен Кембридж университеттерінің профессор-лары қатысады. Ежелгі дүние тарихы, жер жағрапиясына байланысты орасан мол білімімен "шәкірт" Агасфер білімді ұстаздарын таң тамаша қалдырған. "Шәкіртті" сүріндірмек болып, арасында арабша сұрақ қойғанда да жөйіт сынақтан мүдірмей, таза араб тілінде жауап берген.

Өйткені, Еуропа пен Шығыста ол білмейтін тіл жоқ екен. Мәңгілік кезбе содан кейін Дания, Швецияда да бой көрсетеді. 1818-1824 жылдары, соңғы рет 1830 жылы мәңгі ажалсыз жөйіт немесе өзін Агасфермін деп жұртты алдап жүруі мүмкін алаяғымыз Англияда пайда болады да, тағы да ұзақ уақыт хабарсыз кетеді. Ғасырдан уақыт асады, одан кейін  дерек болмайды.

Шынында да Алланың елшісі Иса пайғамбардың қарғысын Алла "қабыл" еткен болар. Ол мүмкін жер шарын кезіп жүрген Алланың шын бақылаушысы ма, әлде сол опасыз жөйіттей айлакерлер мен пайдакүнемдерді тәубесіне келтіруші, өз кінәсын шын Алла алдында мойындап, одан арылуға күнәсын өтеуші ме, бәрі бір опасыздықтың арты түбі бір опық жегізері шындық. Сондықтан да, шешен, орақ тілді Бөлтірік Әлменұлы айтқандай: "Астым деп зорлыққа барма, өзіңнен зор шықса, жағыңды сындырар. Ақ тұрып, адал жүр, ісіңді тындырар" - дегендей, өлгенге жан берген Құдайдың адал құлы Иса да киелі адам екенін ескерсек, киелінің киесі ұрды деген осы болар. Жөйіт қайдан білсін Исаның пайғамбар екенін. Шайтан жөйітті азғырды деген осы шығар. Адалдық пен имандылық және қайырымдылық қана Алланың пендесін көгертпек.  XV ғасырдың  ғалымы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баянында", "қырық бірге жұғыспа" деген палсафалық даналық сөзінде: "...Киесі бар адамға жұғыспа, қай-қашанда қонаққа тиіспе" деуі де ұлылық пен даналықтың ескертуінің білімділігінің белгісі. Иса да Алланың ақырғы сынағының өтіп, жер бетіндегі пендеге қонақ екенін, ол арқылы  жөйіт құдіреттің керемет күшін танығанына тәубе дейік. Халқымыз айтқандай "Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер" – демекші әрқашанда қарғыс емес, бата алуға рахымды болуға Алла тағала пейілімізді жарқын етсін. Ұлы ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлы мұндай тағдырларды былай суреттеген екен:

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.

Басыңа таудай ауыр қайғы түссе,

Несібі жазып қойған бір Алладан.

деп қорытса ("Ш.б." – 113-бет) бағы тайған кейінгі жұпыны өмірге кез болған, бірақ құдайдың қысымымен көп тіл әрі ел, жер тарихын білген, жаһангер кезбе ажалсыз жөйіт иудей Агасфердің де мойнына түскен ауыр тозақтық жаза Алланың жөйітінің маңдайына жазған "тағдыры мен несібі" екеніне күмән жоқ. Алла бәрін көріп тұр деген, осы шығар, ағайын.

Енді екінші бір қызықты тыңдайық. Граф Сен Жерменнің (1710-1784) замандастары оның 1784 жылы қайтыс болғанын жоққа шығарады.

Өйткені, граф Сен Жермен жерленеді деген жерден оны алты ай іздесең де таппайды екенсің. Бұл қалай? Ол шын жерленген болса, оның тәнін де бір жаққа алып кеткен қандай құдірет иесі?

Адамдар оны 1888-1934 жылдары соңғы рет 1939 жылдың желтоқсанында көрсе керек. Арғы бабаларының заманында-ғыдай киінген жапжас граф театрға не суретшілер көрмесіне кіріп келгенде жұрттың үрейі ұшып, төбе шаштары тік тұрған. Ол мәңгі жас еді. Аңыз ба, әлде ақиқат па? Үш ғасырға жетпестей уақыттағы көрініс ненің құдіреті?

Егер біз Құран Кәрімде аты жазылған, мың жасаған Лұхман Хакімді еске түсірсек, ол жөніндегі мына бір шындыққа жанасар аңыз әлде әңгімені тыңдайық. Жігіт болып қалған Лұхман Хакім бір күні жапан далада атпен жолаушылап келе жатады. Екі жол қосылысында өзінен жасы үлкен екі қос атты қосылады Жас бала Лұхман ол екеуіне сәлем береді, олар жол сапарын сұраса, бір бағытта болып шығады. Үшеуі қатар жүріп келе жатқанда, бір кішкене ауылға жақындайды. Ауыл шетінен жол жағында ойнап жүрген бір топ бала көрінеді. Әлгі топқа үшеуі жақындай бергенде, екі бала төбелесіп, біреуі екіншісін өлтіреді. Лұхман Хакім ажыратайық десе, әлгі екеуі оны жібермейді. Бұдан соң өлген баланың шешесі келіп, өз баласын өлтірген баланы өлтіреді. Лұхман Хакімді тағы әлгі екеуі жібермейді. Ақырында үшеуі баяу жүріспен өз бағытына қарай жүре береді. Бір уақытта кейінгі өлген баланың әкесі келіп, өз баласының өлігі үшін әйелді өлтіреді. Қысқасы, бір үйден шешелі бала, ал екінші үйден бала өлді. Лұхман Хакім өзін аналарды ажыратуға жібермегені үшін өзінен әлде қайда егде ана екі кісіге қатты ренжіп, қатты сөз айтады. Сонда әлгі екеуі: "Ол үшеуі осылай ажалынан өлу керек еді, біз олардың жанын алуға шыққан періштелер Жәбірейіл мен Әзірейіліміз", – дейді. Лұхман Хакім сенбейді. Олар оны сендіруге бір тізімдерді көрсетеді. Лұхман Хакім тағы да сенбейді. Сонда Лұхман Хакім ол екеуіне: "Сендер жан алғыш болсаңдар, мен қашан өлем", – дейді. Әлгі екеуі оңаша шетке шығып, бір нәрселерді айтып ақылдасады да қайта келіп Лұхманға: "Сен үйленіп, әйеліңнің жанына жата бергенде өлесің" - дейді. Біраз жүрген соң әлгі екеуі, өз-өзінен жоқ болып кетеді. Лұхман Хакім айдалада жалғыз қалып зәресі ұшып, еліне жетеді. Бірақ, бұл жолдағы оқиға жөнінде ешкімге айтпайды. Ана екеуінің сөзі Лұхман Хакімге оқ болады да, еш нәрсеге қызықпайды. Үйлену ойына да келмейді. Бір уақыттар өткенде Лұхман Хакімді әкесі шақырып алып, үйлендіреді. Баяғы ойда қалған жан тітіркенетін сөз құлақтан кетпейді. Лұхман Хакім қалыңдығын үйіне әкеліп, оңаша бөлмесінде жатуға ыңғайланып, шешініп, енді жұбайы жанына қисайып жата бергенде, "Жолық", – деген баяғы таныстар даусын естиді. Далаға шықса үй алдында баяғы қос атты тұр. Лұхман Хакімге :"Біз сенің жаныңды алғалы келдік", – дейді. Зәресі ұшқан Лұхман ол екеуінен әкесімен қоштасып келуге рұқсат сұрайды. Ол екеуі рұқсат етеді.

Лұхман әкесіне келіп, жағдайды толық баяндайды. Сонда әкесі ойланып тұрып, "Е, балам, сен ол екеуімен жолда жолдас бопсың. Шариғатта "Құдай ақысы", "Көрші ақысы", "Жолдас ақысы", – деген бар. Сен, балам, ол екеуіне жол жолдастығыңды айт та, "мың жас сұра", – дейді Лұхман Хакімге. Лұхман Хакім әлгі екеуіне қайтып келіп, аз да болса жолдас болғанын айтып, "Жол ақымды беріңдер", - дейді. Сонда әлгі екеуі "Жол ақыңа не сұрайсың", – дейді. Лұхман Хакім бірден "Мың жас беріңдер", – дейді де, әлгі екеуі (періште) шетке барып күбірлеп, ақылдасып қайтадан Лұхман Хакімнің жанына келеді. Олар Лұхманға қарап: "Бердік мың жасты", – деп жоқ болып кетеді. Сөйтіп, осыдан кейін Лүхман Хакім мың жасап, о дүниеге аттанса керек. Лұхман Хакім болса Дәуіт пайғамбардан бата алған. Медицинаның негізін қалаған ғұлама. Осындай Лұхман Хакімнің ұлылығын таныған бабамыз қараүзген шипагер Өтейбойдақ өзінің XV ғасырдағы жазған "Шипагерлік баянында" оны Әз-Жәнібек ханға ханның оң қол уәзірі Жиренше шешен таныстырғанда "Лұхман Хакімнен тәлім алған" – деуі әруаққа, данышпандығына, ұлылығына және Алланың құдіретіне құрмет пен сенім демекпіз (37 бет). Ал, ғұлама баба Өтейбойдақ болса шипагерлерге: "Менің қолым емес, Лұхман Хакімнің қолы" деуі де әруақты сыйлап, Аллаға бас игені ("Ш.баян 48 бет.).

Егер біз күнәкар жөйіт иудей Агасфердің картиналық көрінісіне сегіз ғасыр, ал жас Граф Сен Жерменге екі ғасырдан жаңа асқанын ескерсек, мың жасаған Лұхман Хакімді көз алдымызға елестетсек, Алланың кереметінің өзгерістік сатылық басқыштары әлі жалғасары анық. Кім білсін, марқұм жас граф Сен Жерменде періште болып көрініп, құс болып ұшып жүр ме? Жетісу өңірінде (Талдықорған, Ақсу) өмір сүрген Көтен тәуіп әулиенің де жерлейін дегенде денесі аяқ астынан (XIX ғасыр) жоқ болып кеткен. Оның да граф Сен Жермен сияқты, бейітінің жоқтығын ескерсек, қазақ даласында да не бір қызық, ғаламат құбылыстар болған. Қысқасы Жаратушы Алла өз құдіретін жер шарының кез келген жерінде өзінің "Елшілері" арқылы, жүзеге асырып келеді. Әлі де асыра бермек.

Ұзақ өмір сүргендер жөнінде де фантастикалық па, шындық па әңгімелер жетерлік. Соның бірі 186 жыл өмір сүрген үнді Тапасвиджи (1770-1956) туралы. Жасы елуге таянғанда ол тақуалық жолға түсу үшін, Гималаи тауына аттанады. Сонда жүріп йоганің "самадхиін" меңгереді. Бұны меңгергендер өз демін өзі тоқтатып, уакытша өліп тіріле алады. Әбден шыныққан организм бірнеше апта нәр сызбай жүре беруге қабілетті де. Ал Тапасвиджи осындай адам болған. Бірде Тапасвиджи Гималаи тауы шатқалынан бір өзі сияқты тақуалық еткен қарияны жолықтырады. Оның қорегі тек қана жеміс жидек пен сүт екен. Ол жасының үлкендігіне қарамай алғыр, сергек, қимылы жас жігіттей шапшаң бо­лады. Бір ғажабы қария осы кездегі үнді тілін білмейді екен. Ол қария әлдеқашан ұмытылған, тек мамандар ғана түсінетін "санискритте" сөйлеседі екен. Ол кісі мұнда келіп, тақуалық еткеніме 5000 (бес мың) жыл болды депті. Міне, қызық?!

Бес мың жыл өмір сүрмесе де, мың жыл өмір сүріп, мыңға келіп сәби болып, денесі астынан шыққан шөп тесіп өтіп, сол бойынша шөп болып жоқ болған Қыпшақ Күнбиі болғанын да біз XV ғасыр ғылымына жататын Өтейбойдақ бабаның "Шипагерлік баяннан" білеміз (130 бет).

Мұнда баба "Егер Алланың құдіретімен тұлғалық бітістік сөлдер іркіліксіз, толассыз жасаңқырайтын болса, онда адам құзғынша мың жасамағы шарт" – дейді (129 бет).

Осы шарт па, кім білсін Қыпшақ елінің жасы сексеннен асқан елбасы Күнбиі (ханы) бір күні кыпшақ елінің қараүзген шипагері Жалдашты шақырып алып, "Мен мың жас жасауым керек", – дейді. Сонда Жалдаш шипагер ойланып тұрып, "Жарайды, мың жас жасайсың, Алла сенің істегеніңді мен де істегеніммен, маған мың жас бұйырмаған" – деп дешті Күнбиді ертіп, оны Орғаш тауының басындағы ерке бұлаққа жұма күні түсте ертіп барады да, бұлақ суынан ішкізеді, бұлақ жағасында өсіп тұрған бес саусақты жапырақ алақан тақылетті ырыс шөбін қосып жегізеді. "Енді мың жасайсың", – дейді Күнбиге шипагер Жалдаш.

Күнби бірден жасарып, құлпырып, жас жігіт тұлғасына енеді. Сөйтіп мың жасаған Күнби ақыры шөпке айналып кеткен екен. Міне, қазақ топырағында, оның ішінде Жетісу жерінде жазылған кітаптағы шындық па, аңыз ба, бұлда  жоғарыдағы оқиғалар болған басқа жер мен елдегі таңқаларлық жағдайларды толықтыра түседі. Қытай жерінде өлмейтін деген Су Ше, Хуайнань кінәзі Лю Ань әлдеқашан өмірін тоқтатқан деген мәліметтер бар.

Мейлі ажалсыздар болсын, ұзақ жасап о дүниеге кеткендер болсын, ғажайып әлемнің сырын білуде ғылыми жақтан зерттеуді дамытпай, ғарыштық ілімді меңгермей және діни сауаттылықты өркендетпей  тұрып, құпияларды шешу қиын екенін түсінген жөн екені оның құндылығын тану мен білгендікті білдіреді. Абай атамыздың "Жүрегімнің түбіне терең бойла" - дегені де, ішкі дүниенің сырын біл, ізден, жалықпа, босқа таң қалып, өз қасиетіңді аяқ астына таптама дегені екенін де білген   артықтық етпейді.

 

 

3.7 ҮРЕЙЛІ ӘСЕРЛЕР НЕДЕН БОЛАДЫ?

 

Кейбір адамдар өте ырымшыл, сенгіш, қорқақ, талғамы нашар болғандықтан, әлде бір нәрселерден секем алып, көрген түсінен көңілі қайғылы мұңға батады. Оның жан жағында бір қауіпті күш, үрейлік сезім күші пайда болады. Бұл үрейлік күш адамның миының дұрыс болжап жұмыс істеуін торлап, сананы баяулатып, денеде әлсіздік туғызып, адам ұйқысыздықтың қалпына ене бастайды. Әрине, өз уағында ұйықтап дем алғандардың денсаулығын, жайсыз-дықтарымен салыстыруға мүлде мүмкін де емес. Ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің "Шипагерлік баян" кітабында, жұлдыздас, тіпті тілектес адамдардың жұлдыздары тату болады, адамның жақсы түс көруі осыдан десе, жаман түс көруі қарсылас жұлдыздардың әсерінен деп түсіндіруі де ойланарлық (107-б).

Дегенмен, ең қажеттігінің қажеттісі адамға ұйқы екені рас. Адам баласы екі айға тамақтанбай аш жүре алғанымен, екі аптадан артық ұйқысыз өмір кеше алмайды. Күніне ересектер 7-8 сағат, сәбилер мен балалар 9-10 сағат-тай ұйықтағаны жөн. Ой еңбегімен шұғылданғандар дене физиологиялық жақтан екі түрлі болады екен. 1. Баяу. 2. Шапшаң.

Ұйқының 75-80 пайызы баяу, ал қалған 20-25 пайызы шапшаң ұйқы екен.  Өйткені  ұйқы кезінде адамның күні бойы денесіндегі биоқуаттарын жұмсауынан кейін, оның үлкен миында уақтылы тынығып тежеуліктің пайда болады.

Ұйқы арқылы түс көру ежелде жалғасып келеді. Түс көргенде адам миында тербелісі жоғары жиілікті толқындар пайда болады. Тіпті, өте жоғары сезімдік түстерде жан денені (тәнді) тастап, әлемді шарлай жөнеледі. Небір қуанышты, рахатты жайларды бастан кешіруі мүмкін. Кейде қорқынышты болатыны да кездеседі. Осыған байланысты көрген түсті жоруды ертеден-ақ әдетке айналдырған. Жақсы түс көрсе басыңа жақсылық келеді деп, түс көрушіні қуантса, ал жаман түс көрсе "Түс түлкінің боғы" деп бірін-бірі жұбатып, қатты үрейленуден қорғап, сабырлық сақтауға үйреткен. Сондықтан да болар, түсті кез келгенге жорытпаған. Ырым етіп ауызы дуалы, қасиетті жасы үлкендерге болжатқан. Адамның түс көруі кейде өзі де жайлы не жайсыз жерге және өзінің ыңғайсыз жатуынан дейді. Кейде адамның жұмысына, дәрежесіне, көңіл күйіне, тамақтануына, мінез-құлқына және тұрмысы мен жанұясы-ның жағдайына да байланысты сияқты. Түсті көбінесе сарыуайымшылдар мен күйгелек, аурушаң, қайғы-қасірет шеккендер, жастар көбірек көреді. Олардың жалпы материалдық әлсіздіктері де көбірек түс көруге әсер ететіндей. Жақсылық түстерді жақсылыққа жорып, "Түс оңалмай – іс оңалмайды", дейді халқымыз даналығы. Бұл жөнінде көптеген адамдардың түстерінің дәл келгені жөнінде аз жазылып жатқан жоқ.

Түске кірген нәрселердің түрі, түсі, тұлғасы, аталымы әр түрлі болуында бір құдіретті құпиялықтардың терең сыры жатқандай. Дегенмен, осы құпияны әр ұлт өздерінің ұлттық стиліне, сеніміне, тарихына, танымына қарай болжап келгендіктен, ұлттардың болжамдарының ұқсас болмауы дұрыс та шығар демекпіз. Әлі нақты түс жөнінде дәлдікті білдіретін, тізбелі, кестелі, әлемдік ғажайыпты шешетін не діни, не ғылыми еңбек те жоқ. Алла тағала әр адамның маңдайына жазған үш әрпіне сай өмірлік тағдырының бір бөлшегі түс болғандықтан, әркім өз тағдырына байланыс-ты түс көруі де бір Жаратушының әмірінен демеске лажымыз жоқ.

Адамға өңінде де түсіндей болып елес арқылы хабар беру де болып жатады. Бұлар жөнінде баспа беттерінде аз жазылып жатқан жоқ. Деген-мен, мен өзімнің тәжірибелерімді ұсынуды жөн кордім. Мен түсті өте жас кезімде көре бастадым. Жасым 5-тер шамасы болуы керек. Мені ағам марқұм Дайырман Сәркеұлы: "Ертең сені тауға ертіп барамын, қарағай дайындаймыз" - деді. Мен қуандым. Қыс айы еді. Қар қалың. Таулы аймақ. Сонымен ұйқыға ертерек жаттық. Ерте тұру керек. Таң ағара атқа мініп, отынды сүйрейтін өгізді алып тауға қарай беттедік. Жол ұзақ. Екі-үш сағаттан аса жүріп, биік таудың орта беліне келіп, топ қарағайға ендік. Ат байланды. Ағам марқүм қарағайды 4-5 метрден кесіп, ат пен өгіз сүйреуге ыңғайлап жатыр. Орманның таза ауасында дем алып, секіріп ойнап жүргенде түндегі көрген түсім есіме түсіп, денем бір нәрседен секем ала бастады. Ол түсімді апама айтсам жібермейтіні рас. Өйткені апам Сыбанбекқызы Өзипаны елі қасиетті, киелі "Ақ апа" деп өте құрметтейтін. Апам марқұм бәрін біліп қоятын. Неге екені, бүгін мен жолға шығарда "сапарларың сәтті болсын" деп, қабағымнан бір иіскеп тұрып, бетіме көзін қадап ұзақ қарады. Мен түндегі түсімді білмесе екен деп, сыр білдірмеуге тырыстым. Апам дұғасын оқыды ма, біз ұзап кеткенше бізге қарап, тілеу тілеп тұрғанын денем сезгендей болды.

Ағам дайын болған қарағайды мойнына қамыт салынған үлкен өгіздің арқанына байлап, "маған өзім мініп келген атқа мін де, мына өгізді қамшымен жоталатып ұр, ұрмасаң өгіз қарағайды жөнді тартпайды"- деді. Жарайды деп, ат үстінен өгізге бір-екі қамшы салдым. Өгіз алға ұмтылып, қарағайды орнынан жылжытып, қалың қар бетімен жоғарыға келген жаққа қарай тарта бастады. Қарағайды өгіз ышқынып барып  орнынан он метрдей қозғағанда, астымдағы мінген атым аяғы тайып, бір жамбастап төмен қарай қалың қарлы көшкінмен бірге жылжып кетті. Мен ат үстінде, аға марқұм өгізді тастап, көшкін қармен бірге келеді. Мен атпен бірге биік тастан ұштым. Кішкене ғана жазықта (тоқым көлеміндей) мен қалып қалдым. Одан ары білмеймін... Дін аманмын. Ешқандай жерім зақымданып  ауырмаған. Ағам мені қар ішінен аршып тауып алды. Біссімілләсін айтып, Аллалап жүр. Мені көтеріп алған ағам, басқа көлік-термен үйге әкелді.  Кейін ол жерге астымдағы атты іздеуге  көп адам барды. Ол биік шың құзға құлап кетіпті. Адам басып бара алмастай. Менің аман қалғаныма қуанып, құдайы тамақ та беріліп, әруаққа дұғалар оқылды. Апам менен түс көрдің бе, балам деп сұрады. Иә дедім. Айта ғой дегендей икем білдірді. "Апа, мен түнде Көксу өзенінен торы атпен өтіп келеді екенмін. Жағаға шыға бере ат жығылып, оны су ағызып кетті, мені бір ақ көбікті нәрсе су шетіне шығарып тастады", – дедім.  Апам: "Е, балам, түсің дәл келді. Астыңдағы атың суға кетсе, күндіз құзға кетті, өзіңді ақ түсті көбік шетке шығарса, таудың ақ қары мамық болып сені қорғады. Періштең қорғаған екен. Мал бастың садағасы. Қорықпа", – деді. Бұл қазақ-қырғыз аралас жататын жер Көктеректің тауында осыдан елу жылдан аса бұрын көрген түсім  мен трагедиялық оқиға еді.

Адамның өмірінде түзу басып өтетін жолы жоқ сияқты. Небір қызыққа да, қиыншылыққа да бөлене, ұрына жүріп, акыры жол сапарымыздың ғұмырының біткенін де сезбей қаламыз. Қырықтың ортасынан асып, енді ағалық, одан аталық сатыға қарай үміт ұрғанымда, бір-ақ түнде, шілде айында өз үйімде сегіз сағаттай белгісіз әрі түсініксіз, өте қорқынышты елестің үрейлі бейнелердің торына ілініп, солардың тәжірибелік зертханасының тірі жәндігіне айналғанымда, алғаш шоши бастасам, кейін ойлана келе олар нұсқаған бағдарламаны жүзеге асыра жүріп, уақыт өткен сайын шындықтың нақ беліне шығып келе жатқаныма тәубе деймін. Киелі  қасиет жолы – ауыр жол. Көп киелі замандастарым өзінің ақ жолынан адасты. Біреуді алдады, өзі арбалды. От болып жарқырап, шоқ болып өшіп, күлге айналып, одан тозаң боп тірлігінде аттарын жойғандар да баршылық. Ең жаманы, өзін надандық жолынан адалдық жолға салған ұстаз басшысын ғана емес, киелі орданы құлатуға әрекет еткен "емшісымақтар" аз болмады. Олардың табысынан өз үлесін алып тұратын, әншейінде көзіңше біз сіздік дейтін, ал бетін бұрып сені құртпасқа, сен құрған қауымдастықты жоймасқа ұмтылғандар өз көмекшілерім ішінен де табылды. Бірақ, бұлардың бәрін белгілі уақыт өткенде, өз алдыма күнәсін көрсетіп әкелген, құдірет күшінің де құпиялы сыры аз болмады. Осындай ауыр күнде ішкі емес, сыртқы қарсыластар да аз емес еді.

Осы кезде мынандай түс көріппін. 28.IX.1995. Түн. Сағат екі мен үш арасы. Мені бір дыбыс әсерімен бір күш оятып жіберді. Көзім ашық, төбеме қарап жатырмын. Үйдің есік жағынан енген төбедегі қара қошқыл толқын алғаш қоюлана келе, кейін біртіндеп ыдырап күн шығысқа қарай бағыт алып барады. Бұның артындағы жұлдыздар жанды. Аспан бейнесі толық жасалды. Таң тамаша дәл күндізгідей, аспан әлемі менің үйімнің үлкен бөлмесіне сыйып кеткендей. Бұл қалай? Бір күш көзімді еріксіз жұмғызды. Денемді ақыры сипалап өткен жылы толқын мені еріксіз ұйқыға жібергендей әсер етті. Бұл кезде менің денемді бір құдіретті күш билеп, басқарып тұрғандай маған сезім берді.  Тағы да қысылып ояндым. Сағат төрттер шамасы. Тағы да бөлменің төбесінде осыдан жарты жыл бұрын келіп көрінген алтын, күміс, ақ, сарғыш ақшыл түсті толқынды бейнелі тамғалар, кілей сияқты төбемде іркіліп түр. Бұл аспан әлемі Галактикасы дегендей сездірді. Әр түрлі астрологиялық белгі, қолдың бес саусағы ұқсас бейне және бөлек-бөлек ғалам, сатылы-сатылы әлем, қабат-қабат жұлдызда мен  шетсіз, шексіз ғаламдық әлемді көрсетті. Сен осыны біл, халқыңа түсіндір дегендей әсер  болды. Әр жерде Мешітте намазға жығылғандар, артынан аспан аппақ болып ашылып, ғаламат күші барлық бағытқа тарай бастады. Менің көзімді құдірет күші қайта жұмғызды.

Бәріміз де Жаратушының сынағындамыз. Күрессіз жеңіс жоқ. Ол тағдырың! Осы түстен кейін карсы күштер бәсеңдеп, өзін-өзі жойғандай, қалтырап әрең жүргендей болды.  Киелі шаңырақ орнында, киелігін сақтауда. Бүгінде әлем алдында интернет арқылы қызметінің жақсы  жақтарымен «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» көрінгеніне де бес жылдан асты (www. anck. Kz),  Қарсы ұжымдық күштерде өз-өзінен әлсіреп қалмастан, абройлары төмендеді. Қысқасы, бүгінде бізге жиырма жылдай қарсы болған №1 «қарсылас», атауын бес рет ауыстырған, осыған дейін Денсаулық министрлігінің қолдауында болған  ШЖС «Халық медицинасы Орталығы»  аяқ астынан тас-талқаны шығып тарап кетті (03. 2010). Міне, бұлда Алла тағаланың оларға жасаған сынағының жазалауы деймізге ол жағын оқырман қауым өзі бағасын берері анық. Еліміздің халқы, оның ішінде қазақ ұлты Аллаға иман келтіріп, имандылық-тың шапағатты жолына түсті. Ақ жолға түсушілер көбеюде. Әрине, он жылдан аса жазылған күнделік ішінен түс жөнінде, көп ғаламатты кездестіруге болады. Бұл шындық. Мен аспай-саспай байыппен бақылап, енді халқыма жария етуге қуат берген корғаушы Алла тағалаға ризамын.

Ұлы мемлекет басшысының да мына көрген түсінің дәл келгеніне қалай қараймыз. Америка Президенті Линкольн өзі қайтыс болардан біраз күн бұрын түсінде Ак үйді және ақ киімге оралған табытты көреді. Линкольн табытты күзетіп тұрған қарауылдан: "Өлген кім?" де сұрайды. Қарауыл: "Президент. Оны театрда өлтіріп кеткен", – дейді. Он күннен кейін Президент Линкольнді театрда атып өлтіреді.

Осындай қауіпті түстердің адамның жүйкесін тоздырып, өзіне-өзі қорқыныш туғызары анық. Бұған ұқсас т.б. түстерді де жақсылыққа жору оң нәтижесін береді. Мұсылмандық жолмен жаман түс көргендер Құдай жолына қан шығарып мал сойып, жеті шелпегін пісіріп дастархан жайып, ата-бабасы әруағына дұға оқытып жатады. Кейде қайыр садаға береді. Бұл да өте дұрыс шешім шығар. "Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас" дегендей, Құдай тағала кешіргенімен әруақтар кешірмесін білген жөн. Өзіннің ата, нағашы және қайын жұртыңның о дүниелік әруағын әрқашан еске алып, дұға бағыштау оң нәтиже бермек. Жасанды әулие, ана т.б. әруағына табынуды тоқтатпағандар өз әруағының назасына қалады. Алла осы әруақ назасынан сақтасын. "Сақтансаң құдай да сақтайды" – демекші, сақтықпен салмақтай баға беруде, көрген түс пен елесі оң бағытқа бұрмақ, ағайын.

Құдіретті түстің берген аяны бақ болып келуі әр кімнің өзіне бай­ланысты. Пайғамбарлар да, Хакімдер де, әулиелер де көбінесе түсіндегі аян бойынша, өз істерін алға дамытып отырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ.с.-ға) өңінде Жәбірейіл періштенің көрініп, Құран аяттарын жаздыруы күндізгі елес болса, ол түсінде аян болып белгі бер­ген. Түсі мен өңіндегі әрекеті ұқсас келген. Сондықтан түске қалай болса солай қарауға болмайды. Ол сіздің тағдырыңыздың өмірінің жалғасы. Өз құпиясын өзіне сақтаған құбылыс, ғаламның әлі ашылмаған сыры. Кейде түсті теріс жорудан елес, үрей, қорқыныш, денеде шошу, әлдебір нәрсе келе жатқандай сезіну, әсіресе, ауыру жандар мен сенгіштер арасында көп кездеседі.

Десе де, түс пен аянды ажырату әлі ашылмаған. Пайғамбарларымызға келген аян сияқты көптеген оқымысты, аты әлемге машһүр Платон мен Альберт Эйнштейн т.б. түсіндегі аян арқылы ғылыми жаңалық ашқан. Мысалы, А.Эйнштейн тастай қатып тәулігіне он екі сағаттан ұйықтап, түсінде аян арқылы көптеген теориялық ғылыми жаңалығын ашыпты. А.Эйнштейн белгілі салыс-тырмалы теориясын түсінде аян арқылы ойлап тауыпты. Түс сиқырлықтың белгісі емес. Адамның негізгі жұмыс істейтін мидың талшықтарының демалуымен, оның ашылмаған күндіз демалыстағы талшықтарының құдіреттің әсерімен оянып, іске қосылуы сияқты. Кейде аяқ астынан қалғып кетіп түс немесе елес көру де негізгі ми талшығының уақтылы тұйықталып, тоқтап барып іске қосылуы немесе сол әсері арқылы тыныш жатқан ми талшығы тетігіне қоздырғыш күш беріп, оны оятуға ұқсайды. Бұлай болмағанда өзгеше құбылыс сезілмеген болар еді. Қаншалықты адамға, қоғамға жақсылық істегеніңмен, сол ортада саған қарсы бір топтық немесе жекелей күш иесі бары рас.

Мен 1997 жылы арнайы шақырумен республиканың оннан артық, облыстары орталығында болып, мемлекеттік, қоғамдық орындарында халықпен кездесу өткіздім. Ақырғы облысқа сәуір айының соңында бардым. Онда филиал басшысын сайлауға қауымдастықтың сол облыс-тағы мүшелері, өкілдері жиналды. Екі топқа бөлінгендер айтысы алдында, бір-біріне қарсы әсер ететін кері дуалық әрекеттер жасалды. Мені ана жаққа көмектеседі деді ме кім білсін, кері дуа жасаушылар мені де құры тастамапты. Ішкен сусынға да бір улы заттар қосты ма, мен сол елден кетпей-ақ, қатты ауыра бастадым. Үйге келіп екі айдан аса денедегі бір жарадан азап көрдім. Дәрігерлік тексеруден толық өттім. Қаным таза. Берген майлары жараға әсері жоқ. Қатты азып барамын. Өзім де секем ала бастадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде айдалада көк жасыл беткейде, жан-жағына нұр сәулесін шашыратып бір қыз бала келеді. Менің денеме нұрын шашып тұрып, өзіңді-өзің былай емде деп, емнің тәртібін айтып ғайып болды. Ертесінде сол емді бастадым. Үш күн өтті, жақсарып келем. Тағы да түсіме әлгі қыз кіріп, сіз мынаны косымша емге қосыңыз деді. Мен үш айға жуық азабымнан, бір жеті уақытта құлан таза жазылдым. Ал, биыл көктемде тағы түсіме, әлгі періште қыз еніп, тағы да ем жолын айтып өтті. Міне, жаратушымыздың аян арқылы түсіміздегі жақсылығы. Ниетке қарай Алланың жақсылығы молын сезген өте пайда болмақ. Бұндай жақсылық-тарды ескерту себебіміз түстің, түс арқылы болатын аянның жәй еместігін ескерту, кейбір ыңғайсыз түстің аянынан үрейленбеудің қажеттігін түсіндіру болып табылады.

Енді үрей, қорқынышты сезім адамда қалай пайда боладыға келсек, ғылыми медицина өзінің бағыты бойынша түсіндіреді, бұл да дұрыс. Десе де артық еместей. Неге десек, бұндай үрейдің түрлерін білуге медицина мамандарына қажеті шамалы да. Ал қарапайым халықтың үрейдің түрі, оның пайда болуы жөніңде, білуге құштарлықтары басымдау десек артық айтқандық емес. Үрей көне заманнан бері бар нәрсе. Оның түп тамырын, пайда болу себептерін тереңінен зертеп, баға берген дұрыс.

Адам жасына қарамай әр түрлі дене құрылысының бірдей, кейде өзгеше қабылдау мен шығару толқынды биоқуатына ие сияқты. Дене сезімі болғанымен ойлау қабілеті өзгеше болатындар ішінен, кейбір ыңғайсыз өзгерістерді естігенде, бірден таңырқау, секем алу, өзі сол ортада алғаш болғандай әсер алу бола бастайды. Бұл хабар ел ішінде кең тараған сайын жүрегінде қорқыныш ұялағандардың үрейленуі күшейе бастайды. Кейде біреулердің қорқытуы арқылы да үрей қорқынышы пайда болады. Ал, айдалада ұйықтай алмау да үрей әсері. Тіпті иесіз мекенде, қыстауларда, жалғыз ағаш басында, бастаулар мен көл, бұлақтар басында, жаңғақ ағашы саясында, киелі жерде, лас орында, қалдықтар мен күлдер т.б. заттар төгілген жерде, жол бойында, ен далада, мола басында, ескі бұзылған үй, қора-жай орнында немесе маңында адамға операция жасалып кеткен бөлмелер мен олардың бұзылған орындарында, есік алдында ұйықтау да өте кауіпті. Бұл орындарда, біріншіден кері әсер беретін биокуаттар бөлініп, адамның миына әсер етіп, елестік үрейлі жағдай туғызуының ортасы да болуы ықтимал. Екіншіден көзге көрінбегенімен, көшіп-қонып жүретін сиқырлы күштердің салқыны тиюі, тіпті солардың байлауына түсуі де мүмкін.

"Мені біреу қуып келеді, сізге жақындағанда жоқ болды", деп қызылордалық бір емші (1992 жылы Ә.Е.) маған арызданды. Оның артынан еретін қара төбет екі сеанстан соң жоқ болды. Бірер жылғы азаптан Ә.Е. солай құтылды. Ал, алматылық бір әйел: "Аяғымды шымшылдатады, ұрады, жанымда тұрып күледі, кейде мені өз дегеніне көндіреді, ұрсады", деп келді. Оның иығында отырған "дударбас бейне қуылды». Өзін мешітке намаз үйренуге жібердім. Дін жолына түсті. Ауыр азабынан арылғанына, үрейлі түндермен қоштасып, рахатты жұмақты күндерге тап болғанына осы күні тәубе дейді. Абайсызда жығылу, шошыну, сескену мен кейбір қолдан жасалған теріс әрекеттерден соң да үрейлі әсерлер пайда болады. Сондықтан да, мейлі түс пе, аян ба, елес пе, қорқынышты әсер ме, одан ешқандай қорықпай денеге тітіркену, ми қабығы талшықтарына қосымша тербеліс бермеуге тырысқан жөн. Сабырлығы мол, діни танымы жоғары адамдар мұндай құбылысқа мән де бермейді. Әрқашанда ойды бір қалыпты ұстау, кіммен жолықсаң да, естіген сөзге де т.б табиғи құбылыс кезінде адам өзінің тұлғасының тепе-теңдігін сақтағаны дұрыс. Елес арқылы болған ертедегі бір жағдайға тоқталайық. Тоқса-ныншы жылдың басында Тюмень облысы ормандарында бойы үш метрге жуық мақұлықтар қаптағанын, оның кейін Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы аймағындағы орман тоғай ішінде жүргенін, кейін тіпті түнде ауылға келіп тауық т.б. жеп кететінін, ол мақұлықтар әйелдерге өш екенін жарыса жазды. Бұл аз десеңіз, Тюмень аймағында нефті бұрғылағандар бір шақырым тереңдіктен соң бір дауыстар естігенін, оны шет елдік құралдармен бақылап, таспаға үнді жазғанда кәдімгі жас бала, ер және әйел дауысына ұқсайтынын жазды.

Шын болса осы дыбыс шыққан тереңдіктің бет жағын үлкен етіп, қол құралы көмегімен біраз тереңдікке қазғанда, ақырған қатты дауыс шығып, бір қос қанатты алып құс ұшып шығып аспанға көтерілгенде барлық адам есінен танады. Тек қана бір адам сол құсты байқапты-мыс. Кейін төменгі қабат тозақ екен, ана құс басып жатыпты, кейін дауыс басылды, деп бүкіл Кеңес еліне үрейлі сезім туғызды. Осы хабардан соң Солтүстік Қазақстандықтар да, Сергеев ауданы орманына бара жатқан учаскелік милиционер Сәкен Мұқатов пен оның әйелі екеуіне жолда бойы үш метрдей, жүндес, адам тұлғалы, денесі биік бір мақұлық жол серік болады. Сәкен мотоциклін қаншалықты жылдамдатқанымен, ана ұзын жүндес адам тектес мақұлық жеткізбей орманға кіреді. Ал Сәкен орманға жақындап, айғай салып, сигнал бергенде тоғайдан бір топ бойлары үш метрдей, сабалақ жүнді, қолдары ұзын, қысқа мойын сәл еңкіш алыптар қуады. Сәкен әрең қашып құтылады. Бұл мақұлық Албасты жөнінде шын деп жергілікті орман шаруашылығы басшылары да түсінік бергенін оқыған да шығарсыздар?! Сонда бұл үрей иесі кейін қайда кетті? Ешкім жұмған аузын ашпады. Неге? Соншалықты қорқыныш иесі қайдан пайда болды, неге жоқ болды? Әлі жауап жоқ. Міне осындай да қызық жұмбақ оқиғалар болып келеді. Мүмкін, Алла тағаланың қасиетті Құранда "Сендерді (адамзатты) тексертуге көзге көрінетін және де көрінбейтін бейнелер жібердім" -  дегенінің шындығы да шығар. Мүмкін, жер бетіндегі жаман кылықтар мен адамдарды азғындыққа, құлдыққа, отарлыққа душар қылуға әсер еткен "зұлым" күш иелері жер бетіндегі эволюцияның даму заңына сай бұдан былай өмір сүре алмасын сезді ме, әйтеуір бір сілкіністің әсерінен қашқан болуы керек. Бұл Жаратушының заңы негізінде жүзеге асқандығы шындыққа ұласатыны анық. Үрей туғызатын құбылыстық әсердің мезгілі уақтылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетіндей. Үрей мәңгілік психологиялык құбылыс емес, ол біртіндеп жоғалатын құбылыс. Адамның дене құрылысының механикалық және динамикалық беріктілігі болады. Бұл екі бірлік дененің тұрақтылығы мен сымбаттылығын құрайды. Мұндай қасиетке ие діни танымы бар адал әрі шыншыл адамдарды оған қарсы күштер, өзара психологияссына карамастан, ала алмай, өздері жеңіліске ұшырайды. Бұл бос сөз емес, өзімізді басқалар "көкпар" еткісі келгендегі іс тәжірибелердің нәтижесі негізінде жасалған ұйғарым. Мәңгі өзгермейтін зат жоқ. Тал бесіктен, жер бесікке енгенше талай бұраңдаған өткелдерден өтуге тиіспіз. Біз сол үшін де жанды мақұлықтар ішінде саналысымыз. Саналы адамзат ұрпағы саналы ақыл-ой тұжырымымен табысқа жетіп, тылсым құдіреттің құпиясын шешпек. Бұның бәрі қасиетті Құранда барын ескерсек, кез келген құпияны қасиетті Құран Кәрімнен табатынымызға кәміл сенейік.

 

3.8      БІЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН БЕЙНЕЛЕР

 

Бәрімізде бір Жаратушы иенің сынағындамыз. Тал бесіктен бастап жер бесікке енгенше жалғаса береді. Адам баласы  бұл дүниеге іңгәлап келгенге дейін ақ маңдайға жазылған, жазмыштың тағдырлық несібесінің шарттарын тіршілітің жасында бұлжытпай өтеумен өтеміз. Қуанамыз. Жылаймыз. Қысыламыз. Бай да, кедей де, кейде орташа да өмір иесі боламыз. Бұған да тәубе дей келе, орта жасқа дейін тағы да тоқсан тоғыз түрлі қауіп қатерден сүріне, тырмыса, секіре, сескене, қорқа, кейде құздан құлағандай құлай да жаздап аман өтсек, қуаныш тойы жарты ғасырлық ғұмыр тойын жасаймыз. Бұл қуанышқа жетпегендерге "Алланың жазуы солай, жаны жәннаттан, орны пейіштен болсын", деп мұсылмандық шартын жасап, құдайға құлшылық етеміз. Әрине, бұл өмірлік даму сатысы кездейсоқтық емес, қайта ұлы құпиялық күштің тірі пендесін ары-бері "көкпар" етіп, шыңдап, денесін шымырлап жүргенін сезетіндер де немес  сезбейтіндер де баршылық. Осының бәрі о дүние мен бұ дүние ортасында болатын табиғи құбылыстың эволюциялық даму, өзгеру, түрлену, жойылу мен кайта жылдамдық алып, тағы даму заңын толық түсінбегендіктен болатын сияқты. Өзі адал жүректі, Алланы шын сүйетін, ісіне берік иманды жандар еш уақытта қарсы әсер күшінен, сесінен қорықпайды. Қайта олар мұндай құбылыстың белгісі, әсері, тексеруі бола қалғанда, сабырлық сақтап, бұл жағдайдан тез шығудың, құтылудың жақсы жақтарының жолын қарастырады. Өмірде тұрақсыз, ісінің мәні жоқ, шала дінді, білімсіз, өркөкірек, ұзақ жыл сырқатты болған, өте сенгіш, алдампаз, кейде адалдығы арасында қулықтың жаңа түрлерін жүзеге асырғыштар мен халқын, елін алдап арбаушылардың кейбіреулері, тағдыр торы тұзағына түсіп, қорқынышты күйге душар болады. Бұның көбі жалған құдайшылдық екенін білмейді. Қара күштер ондайларды билеп алып, өзінің дегеніне көндіріп, мақсатын жүзеге асырады. Бізді екі дүние арасындағы Ақ күштер мен Зұлым күштер өз сынағынан осылай өткізеді. Мұндай құбылыстарды әр түрлі жорып, ырымдар жасағанымен, нақты шешімі табылмаса, әсер етуін қайталай беруі де шындыққа айналады. Сонымен "Менің үйімде көзге көрінбейтін бір нәрселер ыдыс-аяқты сылдырлатады. Жатқанда қылғындырады. Еденде жүрген дыбысы естіледі. Түнде үй ішіне қойған тамақты жеп, ішіп кетеді. Үй заттары қозғалады. Заттар ұшады. Есік, терезе өзі ашылып, жабылады. Ақшамызды әмиянымыздан ғана емес, тіпті екі кілтті сейфтен де алып кетеді. Кейде артта қуып келе жатқандай әсерін сеземіз. Аяғымыздан шалады. Денені шымшиды. Құлаққа дыбыс береді"- деп, бірақ оны біз көрмейміз дейтін адамдар көбеюде. Мұны тек қана баспа бетінде жария етіп жазып, теле-радио арналары мен торабтарында  жыр етіп айтқанымен, ешкім бұл құбылысқа әлі толық түсінік бере алмауда. Мұндай құбылысты естіген соң ойлануға тура келді. Онсыз да баспа беттерінде неше түрлі фантастикалық қияли сезімдік мақалалар қаптап барады. Таңдайды тақылдатып тамсанғаннан не пайда, үрей туғызған бұл жағымсыз құпия құбылысты қандай адам тілейді. Әрине адам оны сезбегенімен, сездіргіші сездірсе амал бар ма? Басқа құдай салды, ол көнді болады да қалады. О дүниелік болған адамдардың жаны бәрінікі бірдей дәрежелі емес. Жан да сан алуан: ақ ниетті, құбылмалы, кара ниетті, өшіккен қуат және қан сорғыш, қорғаушы және де ғарышқа биіктей алмай, орта жолда қалатын, тегі ұшпай мәңгі жан шыққан жерінде қалатын. Кейде мүшелерінен жер бетінде аздап, жартылай (апат, операция кезінде) айырылған адамның жаны, тән бөлшегі қалған жерге қайта оралып тұрады. Бұлар жер бетіндегі пенделерге үрей қорқынышын туғызады. Көзге көрінбегенімен бұл мақұлықтардың іс-әрекеті сезіліп, адамды үрейлендіреді. Кейде мұндай жағымсыз құбылысты арнайы қолдан да жасайтындар да бар. Оларды дуақан, сиқыршы т.б. деп  аттар койып атайды. Бұндай құбылыстарды арнайы діни оқу   көмегімен өте күшті құпиялы қасиетті Құран дұғаларын оқу арқылы немесе дұғаны заттарға оқып беру, суға оқып ішкізу, кейде тұмар мен ішірткі дегендерді берумен де іске асырады. Өмірде не болмайды. Никарагуаның астанасы іргесінде адам таңғаларлық бір үйде пәтерінің еденінен және қабырғасынан күтпеген жерден қан тамшылап, ағатын болған. Мұны арнайы тексергенде адамның теріс резусфакторлы қаны болып шыққан. Бұл да әлемде жұмбақ күйінде қалуда.