ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

19

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               


 

                                                       pic

 

VIII ТАРАУ

 

ТЫЛСЫМ ДҮНИЕНІҢ ЖҰМБАҚ

СЫРЛАРЫ


 

8.1 БАҚСЫЛЫҚ

 

Бақсы – жеке адамның бойында бір беймәлім күштің әсерінен кенеттен пайда болатын бізге көрінбейтін, сыртқы белгісіз «рухтармен» байланыс жасап, неше түрлі көріпкелдік, болжағыш, сәуегейлік, емшілік т.б. құпиялы сиқырлы жұмбақ күш иесі.

Баксылық өнері ерте заманнан қалыптасқан көптеген халықтардың тарихи даму кезеңіндегі ең басты рөл атқарған дүниетанымы да.

Түркі жұртының ертедегі "шамандық" танымы бойынша бақсылық ең жоғарғы жаратушы "Тәңірлік" нанымнан бастап, ең алғашқы дамыған әрі кең тараған ұлттық өнері де.

Шынында, түркілердің ертедегі дүниетанымы шаманизм ықпалында болған және оның белгілері отқа табыну, емдеу мен тазару, әдеп-ғұрыптары және су мен жер тарихына қарай байқалған. Шамандықтың жемісі бақсылық өнерге өшейін көзалдау, сикырлық деп қарау дұрыс емес. Ол өзіндік белгісі мен ізі бар, табиғаттың ішкі және сыртқы құпиясының шешімін табуға ұмтылатын тылсым өнердің туындысы. Өте дарынды бір ғана бақсының бойынан бірнеше қасиеттің табылуы, ол да талай жұмбақ-ты бойына сидырған тылсым табиғаттың сиқырлы бір сыры да.

Ерте заманда отқа табыну, күнді, айды, аспанды ең жоғарғы көк құдайы деп санау, әруақтарға, өзінің ата-бабасының рухына сену, қасиетті о дүниелік адамдардың рухын қорғаушы әрі қолдаушы деп бас ию, сонау көне шамандық дәуірден басталған сенімдік танымды бақсылар одан ары жал-ғастырып, осы уақытқа дейін тасымалдаушы, іс жүзіне асырушы болып келеді. Ислам дінін қабылдау басталысымен шаман­дық сипаттағы "тәңір" діндік сенімге қарсы қатал жазалау басталды. Бақсыларға өлім жазасына дейін бұйырды. Құпия сиқыр күш иелері өз бойларындағы тылсым құдіреттен айырылды. Бақсылардың қылығы, олар туралы әңгіме мен аңыз күлкіге айналды. Осының салдарынан 1982 жылы "Білім және еңбек" журналында бақсылар жөнінде мақаланы басқан журнал басшысы да және мақала жазушы да қуғын-сүргінге ұшырады.

Ислам дінінің келуі бақсылық өнерін жоюға әсер етсе, коммунистік идеологиялық басқару жүйесі бақсылық атауын түп-тамырымен жойып жіберді. Ешкім де бақсылық өнерді қорғай алмады. Ал қазір болса өздері қолдан жазған, елге таныстырмай жоғарыға бекіттіріп алған "заңы" бар, мемлекеттік «халықтық емдеу орталықтары» жеке бас пайдалары үшін бақсыларды "көсіби халық емшісі" деп тірі тауар ретінде пайдалануда. Бұл билеуші, үстемдік етуші шенеуніктер тарапынан Исламға қарсы жасалған қиянат екенін бүгінгілер білмегенімен, болашақ ұрпақ білері анық.

Тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі Қорқыт ата бол-ды. Қорқыт ата бақсылық өнерінің атасы әрі негізін қалаушы да. Өз заманында Қорқыт ата басына төнген қауіптен қорықпады. Ол өлмейтін, мәңгі жасайтын өмірді іздеп, өлімнен қашумен болды. Бұл бір адамдарға адасу тән болған, қоғамды надандық жайлаған жаһилет заманында Құдай заңына қарсы шығудың көрінісі іспетті еді. Ешкімнің де батылы бармас, көзсіз қайсарлықтың Қорқыт ата бойынан табылуы оның шынымен-ақ табиғаттың тылсым сиқырлы күшіне сенгендігі ме деген ойға қаласың.

Қорқыт ата өзінің қобызының үнін зарлата, мұңдата, жер бетін тебі-ренте және адамдарды артынан ертіп жылата жүріп, өмірін өте ауыр тағдырмен өткізді. Ол уайымсыз, ұрыссыз, қайғысыз, тыныш, еркін өмірді іздеді. Соны аңсап жер-жаһанды шарлады. Ол өлімді бір зұлымдықтың басы деп түсінді. Қысқасы, Қорқыт ата адамдарға өз қолынан мәңгілік өмір сыйлай алмаса да артына, дертке дауа іздеп адамның тұла бойын шымырлататын зарлы күйі мен қобызын қалдырды. Осы мұрасын пайда-ланған бақсылар ауру алдында Қорқыт күйін қобызы арқылы тартып, көмекші "рухтары" арқылы дертке дауа іздеді.

Бүгінде Қорқыт ата кесенесі Қызылорда облысының, Қармақшы ауданы орталығынан 25 шақырымдай жерде, Сыр өзені бойына жақын салынған үлкен еңсесі биік ғимарат. Кесененің дәл ортасына сырттан ауа келетіндей етіп бірнеше әр түрлі мөлшерлі темір трубалар ішке қарай салбыратып бекітілген. Кесене ішіне кіріп ақырын құлағыңызды тосып, трубалардан шыққан үнге құлақ салсаңыз, құдды зарлы кобыз үні естіледі. Бұған мен көп адаммен барып, 1992 жылы 6-шілдеде куә болдым. Дәл осы Қорқыт ата кесенесі жанында тұрып, ана трубадан естілген зарлы үннің қатты тебірентіп жіберуінен мен "Қармақшы сазы" өлеңімді шығардым.

Қобыздың үні келіп құлағыма,

Дауысың ұқсап елдің ұранына. Қармақшы қазағымның қарауылы, Абызым Қорқыт ата үні барда-

деген шумақтарға жалғасатын өлең бірден қармақшы-лықтардың сүйікті әніне айналды, "Әруаққа құрмет еткен Президент" деп жергілікті тілшінің іле шала облыстық "Сыр бойы" газетіне ауқымды, ризалық мақала жазға-ны сондықтан да болар.

Қорқыт ата кесенесінің жанынан үш жүз метрдей жерде шығыс жағын ала бір төбешік үстінде кішігірім ескерткіш қойылған. Ол Қорқыт ата күйіне ұйып, артынан қалмай, өзінің жалғыз ешкісінің сүтін іше, ең ақырында осы жерге жетіп қайтыс болған "Ақсақ қыздың" кейін қойылған ескерткіші. Ал Қорқыт атаның зарлы қобызы үніне елітіп ерген қырық қыз бұл араға жете алмай жолда қайтыс болады. Ешкісінің емшегін еміп сүтіне тоя жүріп "Ақсақ қыз" марқұмның жеткен жері Сыр өзені жанындағы төбе деседі жергілікті халықтың көне көз қариялары. Ал Қорқыт ата сол тыныштық өлмес өмір іздеп бара жатып, талдан қолдан сал жасап Сыр өзенінен өтіп бара жатқанда, қарақұрт (бүйі) шағып қайтыс болса керек. Қорқыт атаның да мәйіті Сыр өзені жағасына койылған. Кейін табиғаттың өзгерістеріне байланысты өзен арнасы тасып Қорқыт атаның негізгі кесенесі зақымдалыпты.

Бақсылықтың сырын әңгіме етерде ең алдымен Қорқыт атадан бастау көне тарихи, танымдық мұрамызға құрмет болмақ.

Тәңірлік ескі дін кезінде халық бақсыларды «тәңірінің елшісі» ретінде таныды. Үлкен дуалы бақсылар негізінен көп ауруларды жазды. "Бақсылардың бас бақсысы" атанған Қойлыбай бақсы шоқтығы жоғары бол­ды. Қойлыбай бақсы кесенесі Жезқазған қаласынан Қызылорда бағытына баратын жол бойынан алыс емес. Жезқазғаннан жүз алпыстай шақырым жерде. Осы маңмен жүрген адамдар қандай қатынас көлігіне мінгеніне қарамай, Қойлыбай бақсы рухына арнап тоқтап дұға окымаса бір орынға айналып келе беретін болған. Кейін мұнда белгі қойылды; ұрпағынан арнайы шырақшысы бар, осы арадан өткен немесе әдейілеп келген жан-дардың зиараты орнына айналды. Бұл арадан өтерде жұрт дұға оқып өтеді.

Бақсылар өз кереметтерінде өз қарнын өзі жарған. Басып жатқан албастысын қуып, қобызының үні арқылы босана алмай жатқан әйелдерді аман босандырған. Болжамдарды дәл айтқан. Қобызын тарта отырып, қылышын аузына кіргізген, қып-қызыл боп отта қызған темірді жалаған, қызыл шоқтың үстінде жалаңаяқ жүретіндер де болған. Сондай-ақ бақсылар өздеріне ғайыптан келетін алып күш иесі екенін жұртқа таныту үшін үлкен ағаштарды, темірді бармағымен, қолымен иген әрі сындырған. Жұдырығымен тасты ұрып күл-талқанын шығарған. Қобызда ойнап отырып немесе кітабы бойынша дұға оқығанда киіз үйді тік көтерген. Өздері киіз үй төбесіне жәй ағаштың көмегімен шығып кеткен. Неше түрлі ғаламат үн, алапат жарқыл шығарып үй ішінде ойнақ салғанда, жұрт арасында осындай жойқын сиқырлық күш иелерінен сескену де пайда болған. Әйтсе де бақсылар халықтың ғаламат ғажайып өнер көрсететін ең құрметті адамы болды. Бақсы адамдар үшін табиғаттың тылсым күшін пайдаланып, ауыр сырқатына дауа іздеген сенімді дәрігері әрі құтқарушысы болды. Бұл ғылым дамымаған кезде халық денсаулығының сақшысы болған бақсылардың халқына көмегі еді.

Бақсылар арнайы ауру адамның ауруына қарсы өзінің ойнауын ұйым-дастырғанда алдын-ала дайындық жасаған. Бір апта бұрын арнайы орын дайындатқан. Халықты өз ойынына психологиялық жақтан мықты дайындаған.

Бақсылардың өздері сырқат адамның ауруының ауыр не жеңілін алдын-ала болжап білген. Соған қарай өзі де жақсы дайындалған. Бақсылар-дың ішіндегі кейбір инабаттылары өзі ойнайтын жерінде киелі таза әруақты адамдар болса, діни оқуы жоғары таза дін адамы болса арнайы олардың үйіне келіп амандасып, кешірім сұрағанына мен жас кезімде талай куә болдым. Енді ойласам, бақсы жындары, перілері ("рухтары") келмей қалады деп қорқып, инабаттылық етеді екен ғой. Ол бақсылар қазіргі бақсылардай "менің әруағым күшті" демеуші еді. Менің жасым 5-те болу керек. Біздің үйдің жанындағы ұзақ ауырған бір әйелге Қырғызбай бақсы (руы Албан, Шажа) келіп ойнайтын болды деді. Ол келісімен бірінші біздің үйге келіп, менің апам Өзипа Сыбанбекқы-зына амандасып әпке, кешірім етіңіз деп өтінді. Апам бақсы Қырғызбайға батасын берді. Апам "Ойнай бер, қарағым. Мен бұл арадан жекжатшылап өте алысқа бір аптаға кетем", – деді. Бақсы апама рахметін айтып жатты. Апам уәдесі бойынша жекжаттарына кетіп, бір жетіден соң оралды. Енді ойласам апам марқұмды халқы "қасиетті киелі "Ақ Апа" деп ол кісіні қатты сыйлайтын себебі тегіннен тегін емес екен ғой. Әкесі Сыбанбек, арғы атасы Сыбанқүл (Албанның шажа руынан) да Албанға аты жойылған атақты бақсы, көріпкел, болжаушы, өте қаһарлы адам­дар болған екен. Ал Сыбанбек нағашымның немересі Асан бақсының да бала кезде дәл жоғарыдағыдай құбылыстарды қайталағанын талай көрдім. Ол заманда кім бақсыға мән берген. Бұл ертедегі қазақ бақсысының киелі қасиетке құрмет, бір-біріне сыйластығы болса керек.

Ислам діні бақсыларды қаншалықты тойтарғанымен, ол бақсылардың "тәңір" дініндегі шамандық ұғымының жын, шайтан, перілермен байланысын жоя алмады. Бақсыларға дем беретін күш-қуат иелері не­месе қарсыластары жын, пері және шайтандар жөнінде қасиетті Құранда: "Адамдардың кейбірі жындардың кейбіреулеріне сыйынатын болды. Оған жындар тіпті жынданып кетті", – деген ("Жын" сүресі, 6,11). Жын мен шайтан екеуі екі бөлек жаратылыс. Алла тағала "Жындар мен адамдарды тек өзіме ғибадат ету үшін жараттым" деген. Осыдан-ақ жындар да адам сияқты өмір сүреді. Бірақ, көзге көрінбейді. Бізбен бірге өмір сүруде. Сондықтан да, жындар да мұсылман, кәпірге, еркек – ұрғашыға, кәрі – жасқа, жоғары мен төменгі топтарға бөлінеді. Кейбір адамдар жындармен қатынасқа түседі. Бұл топқа жататындарға көбінесе бақсылар, сиқыршылар, дуашылар, өзімшіл емшісымақтар, арам ниеттілерді атауға болады. Күні кешегі атағы жер жарған, ал бүгінде аты да аталмайтын жасанды "әулие", "аналар", "көріпкелдер", "емшісымақтардың" көбі осы "жын" мен "шай-тан" торына іліккендер еді.

Жын – керемет күш иесі. Неше түрге көзіңді ашып-жұмғанша келе алады. Ол денеңе де еніп, ішіңнен де, дененің басқа жерінен де еркін дауыс шығарып, өзі билегеніне дегенін істетеді. Киелілердің көбі өзінің діни және ғылыми сауатсыздығын біле бермейді. Ал кейбіреулері біле тұра, зұлымдық жолына жындарын пайдаланады.

Жынды бақсылар бағындырады. Бақсы жындарды өзінің сенім дініне қарай көндіріп, өзінің қызметін атқартады.

Перілер де мұсылман, кәпір болып екіге бөлінеді. Перілердің өз аттары болады. Кәпір дініндегі перілер адамдарға тек ғана жамандық істейді. Олар көбінесе лашын, бүркіт т.б. бейнелерде көрінеді. Бүркіт бейнесіндегі кәпір перілер адамдарды жасаған күнәлары үшін жазалайды. Перілер де көшіп-қонып жүреді. Перілердің де ауылы болады.

Шайтандарға келсек, оның атасы – ібіліс. Ол – тозақтық, ақыретте то-зақ отына тамызық болады. Шайтан адамдарға ұдайы қастық ойлап, тура жолдан тайдырады. Шайтан адамдардың ниетіне, пиғылына, мінезіне, жетістігіне, байлығына, мәнсабына, т.б. жақтарына әсер ету арқылы айлагер-лік пен опасыздыққа қарай аздырады. Шайтан жалған Аллашыл дүмше діншілдер мен лас пенделерге және өркөкірек, ұятсыз, арсыздарға үйір әрі жақын досы болады. Шайтан оттан жаралған. Сондықтан да от пен күлді баспауды ескертуі ежелден бар. Үнемі дәретпен жүру шайтанды бойға дарытпайды.

Кейбіреулердің "Менің үйімде Құран бар, жын-шайтан келмейді",-дегені қате. Тазалығы, адалдығы, адамгершілігі, опалығы, бірлігі, сыйластығы жоқ үйде Құранды ондап, мейлі жүздеп койсаң да жын-шай­тан еніп алатынын бұрын білмегендер енді білсе артық емес.

Жоғарыдағы біз анықтама берген көрінбейтін "рухтар" – жын, пері және шайтан бақсының оң және сол қол уәзірлері десе де болады. Бақ­сы бұларды қалай бағындырады десек, бұл рухтар әр түрлі өңдегі темір бұйымдардан қатты қорқады. Ертеде көптеген бақсылар үстіне киген киімдеріне әртүрлі сылдырлайтын алуан темірлерді тағып алған. Кейде әртүрлі шүберектер, қағаздар және аралас темір тағатындар да болған. Мұндай бақсыларды кебінесе "әпенді", "шала", тіпті "жынды" бақсы деп те атаған. Ал бүгінгі күні таза бақсылар жоқтың қасы. Өздерін бақсы санап жүрген-дер не бақсы, не емші емес екі ортада жүргендер. Қазір біз бақсыларды таза бақсы, тума бақсы, шала бақсы, бала бақсы, жасанды бақсы және жалған бақсы деп бөлуге болатынын өз тәжірибемізге сүйеніп ұсына аламыз.

Бақсы ертеде, ауру адамның сырқатын емдеу үшін ойнауын бастарда арнайы бақылаумен адамдарды таңдап тәнін тазалатып отырғызған.

Ал қазіргі бақсылар үшін бәрібір. Әрине, бақсы елді отырғызып, зікірін бастап, жындарының аттарын атап шақыра бастайды. Жынның да үлкен, орташа және ұсағы бар, бақсылар да жынды шамасына қарай шақыра бастайды.

Бақсының періштемді шақырам дегені ол – періште емес, ол – оның өзінің жындары. Періштені бақсы бағындыра алмайды. Ол періштелер Алланың әмірімен ғана жүреді.

Бақсының сарыны, үні ешқандай өлең, толғаулардың сазына, мәнеріне ұқсамайды. Өте қайғылы тебіреніспен шығатын оның үні адам ағзаларына бірден әсер етіп, өзіндік биоэнергетикалық резонанысты тербелісті тол-қындар бөліп шығара отырып, отырған адамдардың психологиялық көзқарасын бір нүктеге қоя біледі. Сөйтіп, өзінің сиқырлы қобызының сазымен, мұңлы үнімен адамдарды өзіне қаратады. Бұл бақсының үлкен жеңісі.

Баксының өлеңі де өзіндік ұқсас ырғақ және сазы бар тебіреністі шы-ғарма. Бақсы зарлап өз сарынына салғанда сөзі қуатты, әні жоғары кернеулі болады. Ол бұл өлеңді қайдан, қалай шығарды, оның атап жатқан періштелері несі? Былай түсінбейсің? Бұл құбылыс бақсыға тән қасиет.

Бақсының бұл сарыны бойынша:

 

Аспандағы көп пері,

Көп перінің ішінде,

Аты жақсы дәу пері.

Су ішінде су пері,

Сұмырайға ұқсаған қу пері,

Жын ішінде жын пері,

Жынданбай-ақ жүр пері.

Ай астында ақ пері

Жеті пері келер ме?!

Толықсып тұрған айдай боп,

Жеті ласкер жатыр ма?!

Өз алдына дардай боп,

Шаһияр атың дос екен,

Шайтан менен Әзірейіл,

Пендеңізге қас екен,-

деп зарлаған бақсы үні өзегіңді жарып, зәреңді алып, бұл дүниеңді ұмыт-тырып, Аллаңды аузыңа келтіргенін сезбей де қаласың. Бұдан соң көзі оттай жайнаған, жан-жағына қарай алас ұрған бақсы тағы жалына:

 

Бісмілла десе дуа бар,

Жын-шайтанды қуа бар.

Аспандағы төрт атты,

Төрт аттының ішінде,

Қайраты артық бөрте атты.

Енді сөйле тортайлым,

Әр нәрсеге оңтайлым,

Жан ағама жан жолдас,

Жан жолдасым жан қимас,-

деп өзіне кемекке рухтарын шақырады. Пайғамбарлардан, әулие-әмбе-баптар рухынан, перілерден, т.б. рухты күштерді атап көмек сұрап зар-лайды. Алла мен Пайғамбарды ауызға алып, өлеңге қосуы бақсылардың бір жағы біліксіздігін керсетсе, екінші жағынан олардың өзім білемге салынып, өз істеріне өздері жауапсыз қарайтын жайын да аңғартатындай.

 

Әуелі Алла бісмілла,

Қолтықтай гөр біздерді.

Алтын сандық, шағыр ат,

Біздерге де бер медет.

Исламға пана Мұхаммед,

Сыйындым сізден бір медет.

Су басында Сүлеймен,

Жұмыла әулие қолдасын.

Сайрамда бар сансыз бап,

Ең үлкені Арыстан - Бап.

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие,

Машарыпта әулие,

Мағырыпта әулие,

Тауда жүрген әулие,

Таста жүрген әулие.

Көлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие.

Жаңа келді шара бас,

Алпыс қойдың терісінен,

Бөрік шықпаған шара бас,

Жетпіс койдың терісінен,

Жең шықпаған шара бас,

Тоқсан койдың терісінен,

Тон шықпаған шара бас.

Жаңа келді дәу пері,

Жаңа келді су пері

Жаңа келді ай пері,-

­

деп бақсы есін жия, ышқына барып әлсіреген үніне, әл-қуатына қуат беріп одан ары зарлана:

 

Жаңа келді Күн қожа,

Жаңа келді колаң шаш.

Екі иінімнен мықтап бас.

Жаңа келді теңгетай,

Ойдан келген он қожа,

Қырдан келген қырық қожа.

Айналайын Нұрқожа.

Сол қожалар ішінде,

Әсіресе бір қожа.

Жаңа келді жирен тай,

Әулие пірлер бөрі де,

Астына бір-бір мінген тай,

Шақырғанда осынша,

Келмеймін деп қорқытып,

Көп шаршаттың пірлер - ай!..—

 

деп бақсы өзінің мүддесіне жетіп, аурудың иелерін қуалап, науқасты орнынан тұрғызған. Бұл бақсы сарыны – "Бақсының қияпатынан" үзіндісі Әбубәкір Диваевтің 1924 жылы Ташкентте шыққан "Тарту" атты кітабынан алынды. Амал қанша, қазіргі уақытта Ә.Диваевтей бір ғалымның бақ-сылар өнерін зерттемеуі өкінішті-ақ. Бақсының жоғарыдағы зарлы өлеңі-нен байқап қарасақ бұ дүниеліктер мен о дүниеліктердің ортасын байланыстырып, ғарыштық оң куат күштерін адамға зияндық істеген "зұлымдық иелеріне" рухтарға қарсы қоя біліп, ақыры ауруды жеңіп шығуы бақсы құдіретінің өзіндік құпиясы болмақ. Сонда "зұлымдық иелері" дегеніміз не? Ол кандай болады? Адамға қандай зиянкестікті істейді? Енді осы зұлымдық иелеріне анықтама берейік. Шоқан Уәлиханов еңбегінде:

1. Албасты – рух, әйелдер босанғанда келетін өте-мөте қатерлі рух. Оларды халық кейде жезтырнақ деп те атайды. Албастылардың басшысының аты – Сөрел (ұзын ағаштардың басында мекендейді, мифтік бейне), бойы үш сажын, кеудесі қушық, аяғы бойына ұласып жатады, тұяғы
жұқа болады.

Сөрел – орман перісі, ертегілерге сенсек ол Албастының күйеуі, әңгімелерге сүйенсек ол әрқилы бейнелерде кездеседі. Сөрел қалың жынысты тоғайларда тұрады, түрі адамға ұқсас, бірак кеудесі тым ұзын, ағаштармен теңеседі. Адамды қытықтап өлтіреді, мұны орыстар орман перісі дейді.

2.  Көн аяқ – бұл адам сияқты, аяғының орнында қайыс-қайыс көн тері, елсіз тоғайларда немесе аралдарда мекендейді. Кәперсіз келе жатқанда жолаушыларды алдап, өзіне шақырып алып, үстіне отырады да, көн қайыс-тарымен байлап-матап, адамның әлі бітіп құрығанша мініп жүреді.

3.  Жезтырнақ – тырнақтары жез болады. Бұл әйел бейнесіндегі рух, орман-тоғайларды мекен етеді.

Осындай зиянкес рухтар әсерінен адам әртүрлі қауіпті науқасқа шал-дығады. Кейінгі кезде тоғайлардан ұзын бойлы, жүнді малғұнды көргендерге сенсек, мүмкін осы рухтар ма демеске ләжің жоқ. Бүгінде тоғай-ларда, әсіресе тайга жақта, кауіпті үн шығаратын, әйел болып жылайтын, күлетін, сұрқы дәл Сөрел немесе жезтырнаққа ұқсас ұшатын адамдар бар деп жазуда. Мүмкін орыстың орман-тоғай перісі Сөрел қайта келген де болар?!

Адамдар шашын тарқатып жіберіп, ұзынтүра қыз бейнесінде көрінетін, емшектері итаяқтай әрі салбырап тұратын, онысын иығына лақтырып жіберіп көрінетін бейнені «жын» дейді. Бұл өте қауіпті.

Сондықтан да осы жоғарыдағы қауіпті рухтардан болған ауруды жоюда бақсылар көп еңбектенеді. Дала дәрігері оқымаған құпиялардың шебері бақсы бал да ашады. Ауруыңды дәл табады. Көріпкелдік пен болжампаз-дығы бір бөлек. Түсініп болмайтын қасиет иесі бақсы кез-келген сиқырлықтың шебер орындаушысы екеніне күмән жоқ.

Бақсы өзіне жоғарыдағы өлең шумақтарындағыдай жын рухтарын шақырады. Әрбір жынның аты болады. Ойын немесе зікір салу кезінде бақсы уақыт өткен сайын жанталасып, әбден шегіне жеткенде әлі құрып құлайды. Бақсы біраз жатып есін жиған соң орнынан тұрып, бір шетінен бастап әр адамға жеке тоқтап ауруын, жат қылықтарын, жоғалған затын, реніш кайғысын, нәрестелі боларын, болашағын т.б.-ларын айтады.

Кейбір бақсылардың ойын үстінде бетінде, маңдайында темір инелер пайда болады. Тырнақтары пышаққа айналады. Өз кеудесін өзі балтамен шагпқылайды. Бүл баксының жындарының сиқыры. Олар бақсы алдында әйел, шал, кожа жене қыз бейнелерінде келіп қаз-қатар тізіліп түрады.

Бақсылардың бұл ісі ғайып өнерінің жоғарғы түрі демеске болмайды. Сол үшін де бақсы нағыз тылсым сырдың иесі.

Мен өзім 1981 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек) Нарынқол ауылы түрғыны Қали баксы (марқұм) мен сары-жаздық Қазақстан халық емшілері қауымдастығының мүшесі Мамыров Оразақын бақсының сырқат адамның салқын тиген ауруына қарсы баксылық ойынына қатыстым. Бақсы ойыны дәл жоғарыда баяндағанға жуық түрде өтті.

Ал Оразақын бақсы 1983 жылы бір қатты аурудың дертінің қауіпті иесін алты күн ала алмапты. Мен оның жетінші ойынына катыстым. Бақсы "ат әкел, ат... ат..." – деп ақырды. Біз аты несі дедік. Бақсы дірілдеп "ат... ат... ат", – дей бергенде бір Оразбақы Әлдибеков деген малшы: "атым асау еді", – деді. Бақсы "әкел" деп бұйырды. О, құдірет, асау бестіні там үйдің сыртқы есігіне жақындатқанда, әлгі ат өзі үйге сәлем жасаған қазақтың келініндей екі тізесін ие еңкейіп, үстіндегі еріне есіктің ернеуін тигізбей кіріп, тура ауру адам жатқан бөлмеге кірді. Ат бөлмені бір айналып ауру адамның басынан иіскеп, қиын тастап қайтадан сыртқа өзі шықты. Ат семіз, селк-селк етеді. Тұнып тұрған төл асауың жұп-жуас болды да қалды. Ауру адам бірден есін жиып, туыстарымен амандаса бастады. Тамақ ішті. Сол азаматтың жиырма күнге жуық азапты күндерінің арты жақсылыққа айналды. Таза жазылып, еңбек етіп, жан-ұясын бағып жүр.

Нарынқолдың өзінде жасы жетпістен аскан Тілеген бақсы тұрады. Тілеген бақсы көптеген сырқаттарды, жын, пері соққандарды жазған, көп облысқа аты әйгілі және біздің біраз шенеуніктеріміз де білетін бақсы-балгер. Өз құпиясына берік жан.

Басқа республика бақсылары сарынына келсек, олардың зікірінің ұқсас-тығы байқалады. Көрші қырғыз елінің бақсыларының ойын біздегі осы күнгі жасанды бақсылар ойнынан әлдеқайда жоғары деңгейде.

Қауымдастықтың жұмысымен 1992 жылы тамыз айында жиырма күндей Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында болдым. Өзім басқаратын қауым-дастықтың Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры – рухани емші Құдайберді Жолдасов мырза: – "Бүгін Айша бибі кесенесіне кешке барсақ қайтеді. Күн бейсенбі, бақсылар келіп сол кесене басында зікір салады", - деді. "Өткендегі біз көргендей болса, бармаймын. Олар жын қуалап жүргендер әрі кесене (бейіт) басында бақсылық жасау дін жолы бойынша шариғатқа жат қылық", – дедім. Сондағы біздің мықтымын деген бақсы-сымақтың шәкірттерімен өткізген бақсылық ойыны айтуға тұрмайды. Әруақтарға тыныштық бермейтін өте ұятты бақсы ойынын бейіт басында бейсенбі күндері өткізу Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы аймағындағы "емшісымақтардың" төл ісіне айналуы жаман әдетке айналғандай. Оны сауатсыздар қолына беріп қою тыныш жатқан әруақтар-дың мазасын алып назасына қалу демеске шараң жоқ.

Құдайберді – "сізге мен басқа елдің бақсыларын айтып тұрмын" –дегені. "Иә, сонда ол қандай елдің бақсысы", – дедім мен. Құдайберді сабырлықпен "Айша бибі кесенесіне Қырғыз елінен ұдайы келіп тұратын бір әйел бақсы бар еді. Өзі өте өнерлі. Ол бұнда келмегелі екі жыл болды. Бүгін бейсенбі, солар Айша бибі кесенесіне дәл бүгін келетіндей, бір елес сезіп тұрғаным", – деп Құдайберді маған қарап, жауап күткендей болды. Мен "Жарайды, баралық", – дедім.

Түнгі сағат оннан аса біз Айша бибі кесенесі шырақшысының үйіне келдік. Қырғыз әйел бақсылары дайындығының үстінен түстік. Сексеннен артық адам. Бірін-бірі көбі білмейді. Біз де солардың бірі болып отыра бердік. Түнгі сағат он екілерде құдайы тамақ желінді. Дұға дастарқанға оқылды. Бақсы зікірге қатысатын адамдардың бәріне қайтадан дәрет алғызды. Зікір түнгі сағат екіге жуық басталды. Өздері тоғыз екен. "Ла иллаһа иллалаһ" деп басталған зікір (әрине, біздің құлағымызға сөлекеттеу естілгені рас) қырғыздың сыңсыған ырымен ұласты. Үй іші тыныштық.

Зікірге түскен әйелдер әртүрлі жаста. Ал бақсы әйел алпыстан асқан. Зікіршілердің алды он бес минуттан соң құлай бастады. Басқалары да біртіндеп құлады. Бір жарым сағаттан соң бақсы құлады. Екі сағаттан аса болған бақсы ойнында бір ғана жасы алпыстардағы бақсысымақ әйел құламады. Еденнен қос аяқтап секіріп «Ла иллаһа иллалаһ» деп сыңсып бәріміздің ынтамызды өзіне аударып, баурап алды.

Құлап жатқан баксы сағат беске қарай есін жиып, орнынан тұрды. Жан жағына қарады. Біраз тұрып есін жиғандай белгі беріп, бақсы зарлап әндете отырғандардың бір шетінен бастап, әр адамға жеке тоқтап, ауруын да, емін де айтып, болжауын жалғастырып маған да жақындады. Мен не айтар екен деп сынағандай боп отырмын. Бақсы тура бетіме қарап тұрып "Құдайдың жақшы құлы екенсің, ішіңді Құдай оңдасын", деп өте шықты.

Мен бұдан кейін көптеген облыстарда болып, қазақ бақсыларының ойынын байқағанымда олардың мүмкіндігі қырғыз бақсыларынан әлдеқайда төмендігіне куә болдым. Жамбылдағы бақсы Виктор Мыңбаевтың да, талдықор-ғандық бала бақсы Қуаттың да бақсылық өнерді танытуға әлі дайын еместігіне олардың емшілік сипаты куә. Республи-калық бақсылар байқауын өткізіп барып нағыз таза бақсыны табу, анықтауға болады. Бұл ата-бабаның киелі бақсылық өнеріне құрмет әрі оның жаңа даму, өркендеуіне жол ашқандық болар еді.

Қазақтың бақсылық өнерін алғаш зерттеп, қағаз бетіне түсіріп бізге мұра етіп қалдыруға әрекет XVIII ғасырдан басталды.

Қазақ ғалымдары Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғүлан, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбубәкір Диваев, Құдайберген Жұбанов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедұлы, Ә.Қоңыратбаев және орыс ғалымдары А.Янушкевич, Б.Зелен­ский, И.Кастанье, А.Левшин, В.Н.Карамзин, Г.Потанин, Н.Н.Пантусов, В.Н.Васильев, т.б. болды.

Халық ішінен жинап қазақтың мың әнін нотаға түсірген музыка зерттеуші Б.Г.Ерзакович, бақсы әнінің сарынын нотаға түсірді.

Ұзақ жылғы коммунистік идеологияның қатал саясаты бақсылық жөнін-де жаздырмақ түгілі олардың тұқымы құртты. Деседе, сол қиын заманда ертеде өмір сүрген және өзі тірісінде көріп тілдескен бақсылардың сөздерін жазып, әнінің үнін таспаға түсіріп алып, оны "Білім және еңбек" журналына мақала етіп жазған Жамбыл облыстық "Этнографиялық мұражайдың" алғашқы ғылыми қызметкері, кейінгі директоры К.Байбосынов еді. Мен 1992 жылы тамыз айында К.Байбосынов мырзамен кездесіп, оның архивімен танысып, таспадағы бақсылардың үнін тыңдап, бір-екеуін жазып алып едім. К.Байбосынов мырза қазіргі уақытта бақсы жөнінде таза еңбектер жазып, зерттеп жүрген ең ірі маман десек артық емес. Аты өшкен талай бақсылардың аты К.Байбосынов еңбегі арқылы ортаға қайта оралды. Қазақтың жармына жуығы шет елдерде екені, оның ішінде ең көбі Қытай, Өзбекстан және Ресейде екені рас. Осы елдердегі бақсылар жөнінде де мақалалар жазылып келеді. Мәселен, Қытайдағы қазақтардың бақсылық өнері жөніндегі зерттеуші Түгелтегі Абылай Жұмаханұлының, Ресейдің Челябі өлкетану мұражайының қызметкері Ю.Г.Бошняковтің қазақ бақсы-лығы туралы мақалалары жақсы ізденістен туған. Қысқасы, бақсылық өнері жер таңдамайды. Кейінгі кезде шыққан құрастырушы Ж.Дәуренбе-ков пен Е.Тұрсыновтың "Қазақ бақсы-балгерлері" (1993. Алматы. Ана тілі), А.Алдашев пен Ж.Әлімхановтың "Қазақтың халық медицинасының құпиясы" (1992 ж. Алматы. Қазақстан. 34-71 беттер) және құрастырушы Өтепберген Ақыпбековтің "Халық емінің қүдіреті" (Алматы. Кайнар. 1992. 232-278 беттер) атты еңбектері бақсылық өнері туралы жан-жақты мағлұ-маттар береді.

Осындай зерттеушілеріміздің еңбектері негізінде тарихымыздың, бақсылық өнері тарихына аттары жазылған бақсылардың пірі Қоркыт ата, бақсылардың бас бақсышысы Қойлыбай бақсы, Қорқыт атаның әкесі саналатын "Ұлы бақсы" атанған Қара бақсы (VI-VII ғ.), Тіней бақсы, Ізтілеу бақсы, Асфандияр бақсы, Дарқан бақсы, Әбу бақсы, Әжібай бақ­сы, Кенжебай бақсы, Дәулет бақсы, Омар бақсы, Ноғайбай бақсы, Слямбек бақсы, Шақар бақсы, Әукен бақсы, Бекберген бақсы, Балбике бақсы, Салтық бақсы, Қара қыпшақ Қобыланды бақсы, Оразбай бақсы (Aгап, Челябі), Шантөре бақсы және Ырғызбай бақсы сиякты тұқым қуалайтын, елден ерекше тылсым күш иелерін өздеріне бағындыра әрі жұмсай білген тылсым иелерінің өмірі мен өзгелерді таңырқатқан таңғажайып істерінің куәсі боламыз.

Қорқыт атадан мұра болған кобызды бақсылар пайдаланғандықтан, халық оны киелі аспап деп бағалады. Қобызы жоқ бақсылар домбыраны да пайдаланды. Әр бақсының өзі құрастырған өлең сөзі, үні, толғамы және ойнау шеберлігі болды. Барлық бақсы ауруды жазуы мүмкін емес. Ауру иесін сырқат адам денесінен қуып шығара алмай, өздері суға кеткен тышқандай сүмірейіп, екі иығы салбырап, өңі қашып өлме-сөлме қалыпқа түскендері де болған. Бақсының негізгі міндеті ауру туғызған жын-шайтанды қуу. Жын-пері сырқат адам денесінен әртүрлі тірі жәндік пе, әлде басқа түрде ме шығуы мүмкін. Оны бақсы қамшымен сабап, зікір сала жүріп қуған. Сондықтан да жын мен пері бақсыдан қорқады. Өйткені ол өздерінен үстем түсетін жындарды және перілерді көмекке шақыруы мүмкін. Бақсыны әңгіме етерде Қойлыбай бақсыдан бастаған дұрыс болар. Шоқан Уәлиханов Найман Бағаналық. Қойлыбай бақсыны "Бақсылардың бақсысы" дегені тегін емес (Ш.Уәлиханов, Еңбектері С-Пб 1940 ж. 280 бет.).

 

Қалың найман ішінде Бағаналы,

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,

Қоқаман жетіп келер әлде қайдан.

Астында жорғалаған шашты сайтан,

Қойлыбай қобыз алса-ақ, калбалақтап,

Қоқаман жалғыз көзді жынның ері,

Тау-тасқа ерегесіп салған ойран.

Дарқанның Надыр пері - аға жыны,

Ардақтай оған "Шолақ" деп ат койған. Қойлекеңнің үшінші жан жолдасы

-Шайтанның шу асауы батыр Шайлан... Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан,

Жынменен жолдас болған бала жастан.

Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,

Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.

Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:

"Бәйгеге қобызың қос"- деп сұрасқан.

Қойлыбай қобызымен ортасында,

Бас болып батыр Барақ қалаған соң,

Бәйгеге бақсы қобыз қоспасын ба!

Сонда Қойлыбай бақсы бір баланы шақырып алып:

 

"Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар,

Жарып өскен жапанның жар тасына.

Қобызды сексеуілге байлап таста,

Мен сенем жын Көкаман жолдасыма" -

деп тапсырады. Тапсырма орындалып, қобыз сексеуілге байланады.

Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,

Бозбала ат алдына шауып кетті.

Сол уақыт жәй отырған Қойлыбайды Әруағы қалшылдатып, дірілдетті.

Қойлыбай қатты қысылып, алас ұрып жан таппай өңі өзгеріп кетеді. Сондағы Қойлыбайдың психологиялық өзгерісін былай жыр етеді.

Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етті,

Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.

Көздері қып-қызыл боп қанға толып,

Сарыны сардаланы күңірентті.

бақсының тылсым күшпен байланысы көрінісі былай сипатталады:

Бір мезгіл екпіндетіп долдандырып,

Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.

Қалың бұлтты қап-қара бұлтқа қосып,

Қызыл жел құйындатып дірілдетті.

Бақсы бойындағы өзгерістің құбылысын шебер дәлдікпен көрсетіп:

Жан-жақты ың-жың у-шу дауыс,

Шапқылап жын перілер дүбірлетті.

 

Осыдан кейінгі табиғаттың кері тербелісі өзгерісін бейнелейді.

 

Сол кезде ат келетін құба жонды,

Түтіндей будақ-будақ бір шаң басты.

Сол шаңның ортасында бір сексеуіл,

Ербеңдеп, ойнақ салып келе жатты.

 

Қобызды байлап қойған сексеуілді Қойлыбайдың перілері жындары тамырымен жұлып алып, бәйгі аттардың ішіне қосып жібереді.

 

Байланған сексеуілге қобыз берік,

Көз ашқанша жиынға келіп қапты.

Сексеуілді қопарып алып келіп,

Көкаман жұбатады ерке қартты.

Бұдан кейін ең ақырғы шешуші кезең былай суреттеледі.

 

Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты,

Қалың ел тамашадан тас боп қапты.

 

Міне, қобыз да сөреге өзінің сексеуілін сүйрете бәйгі атынан атшаптырым бұрын келеді. Неткен керемет, бұл оқиға ұрпақтан ұрпақка аңыз боп жетсе де оның негізінде бір шындық жатқаны рас. Жындарды уысында ұстай білген тума қасиетті "жасанды" заңымен матап, бүгінде пайда тауып отырғандардың Қойлыбай бақсы сияқты көптеген рухтар назасына қалма-сына кім кепілдік береді? Ешкім де! Біз көрмесек те жұртшылықты алдап-арбап, кез-келген нәрсені ақшаға айналдырғандардың бір назаға ұшырары анық.

Қойлыбай бақсыға Көкаман атты жыны көмектескен екен. Бұл бір фан-тастикалық ойдан шығарған шығарма емес. Бұл шындық. Бұл қазақтың бақсы өнерінің жетістігі. Бұл қазақ бақсысының ғаламат телепатиялық өте күшті тылсым иесі екенінің дәлелі. Бұл халықтың қанымен аралас құпия өнерінің көрінісі ғана емес, әлемде кездесіп жататын таңғажайып ғаламаттардың бірен-сараны да.

Қойлыбай жалғыз емес. Мұндай құпия күшке ие бақсылар әр жерде көп болды. Бірақ, бәрінің аты қағазға түспегені өкінішті. Халық өнерін ғана емес, ұлттың өзінің жартысына жуығын жалмаған 1930-1932 ж.ж. сұм жалғанның ауыр кезеңі елді де есеңгіретті.

Енді Қара кыпшақ Қобыланды (Қобланды батыр емес) деген бақсының қобызының кереметі. Қойлыбай бақсының қобызының құдіретіне ұқсас келеді. Бір күні дарияның ар жағында отыратын бай той жасайтын болып, бақсыны ауылымен тойға шақырады. Бай шынын айтып: "Сіздерді дариядан өткізіп алатын кайығымыз жоқ, өздеріңіз бір жағдай жасап өтіп келерсіздер" деп айғайлап айтады. Сонда Қара қыпшақ Қобыланды бақсы байға айтады: "Бізге тігетін үйіңді тігіп, һәм бізге беретін еттеріңді табақтарға салып, үйге кіргізіп қой, сонан соң маған хабар бер, дарияның ар жағынан бер жаққа өткізіп алып, жесем жегенім, егерде алып жей алмасам, тірі болып жер үстінде жүрмеймін", дейді. Бай шартты орындап, Қобыланды бақсыға айғайлап: "Үйді дариядан өткізіп, сыбағаларыңызды жеңіз-дер", дейді. Соны естіген соң Кобыланды бақсы жар басына отырып, қара қобызын қолына алып, жындарының аттарын атап, шақыра береді:

 

"Қобызымды шаламын,

Отқа майды саламын,

Жапанда жатқан көп жыным,

Аттарын шақырып аламын,

Қырық нарға қос артқан,

Қырық жігіттің бастығы,

Қара дәуім кел шапшаң.

Көкеманым көкте ойнар,

Көлеңкесі жерде ойнар,

Айтжан-ай!

Ойда жатқан он жігіт,

Қырда жаткан қырық жігіт,

Мен шақырдым сіздерді,

Келші бермен қырық жігіт!

Алпыс қойдың терісі,

Ау шықпаған Қорабай,

Жетпіс койдың терісі,

Жең шықпаған Қорабай!"

 

Қобыланды бақсы жындардың атын атап шақырған соң, барша жын­дар ар жақта тігулі тұрған отауды жасаулы түрған табағымен бер жаққа көтеріп алып келеді. Бақсы еттерін жеп болған соң, жындары қайтадан ар жаққа орнына үйді апарып қояды. Жиналған көп жамағаттар Қара қыпшақ Қобыланды бақсының жындарының мықтылығына қайран қалады.

Бұндай әралуан құбылыстарды кез-келген бақсыдан теріп жазсақ бірне-ше том кітап болары анық. Негізгі мақсат қазақ бақсыларының өте мол құпиялы қасиеттерін аша отырып, халыққа таныстыру әрі халыққа сұрау салу арқылы жабулы жатқан бақсылар жөнінде білгендерін жарыққа шы-ғаруға көмектесу басты ниетіміз демекпіз. Бүгінде әлем елін таң қалды-рып, пышақсыз қолмен дененің ішкі және сыртқы ағзаларына оташылық жасайтын Филиппиннің хиллерінен біздің ертедегі бақсыларымыздың несі кем? Филиппин-дерден де бұрын біздің бақсылар сиқырлы операция сырын меңгерген. Ана бақсы ойынындағы сиқырлы құпия соның бір белгісі бол-мақ. Бұған мына оқиға куә бола­ды. Қасен Қасымов былай дейді: "Өсербай деген кісінің қатыны науқас болды, көкірегінде һәм ішінде дерті болды. Бір күні Дүйсенбі деген бақсыны әкелді. Сонда науқас әйелді көрген Дүйсенбі бақсы, оның күйеуі Өсербайға: "Менің қолымнан келеді" деді. "Сен әуелі қатыныңмен һәм ағаларыңменен ақылдас, мен қатыныңның ішін пышақпен жарамын, соған риза болсаң қараймын, риза болмасаңдар қарамаспын", депті. Қатын да, оның жақындары да бақсыға "Өлсе құны сұралмайды", деп ризалық береді. Сонан соң бақсы жанына жиырма жігіт алып, әйелді отырғызып, қобызын қолына алып, отқа май салып, жындарының атын атап, жоғарыдағы сарынмен шақыра бастайды.

Бақсы зарлы өлеңін аяқтап, қолындағы кобызын қойып, қолына пы-шағын алып, қатынды шалқасынан жатқызып, ішін пышақпен жарады, жарған жерінен қолын сұғып, ақ май алады. Сонан соң жарған жерін жібек жіппен тігеді. Оны көрген жиналған кісілер қорқып қашып кетеді. Сонан соң байы мен баласы "Енді өлді ғой", деп жылай бастайды. Бұдан кейін бақсы: "Қорықпа, жылама! Қатын өлмейді", дейді. Бақсы қатынның жарған жерін үш мәрте уалап, дем салады.

Бұдан кейін қатын көзін ашып, не болғанын білмейді. Сөйтіп үш күннен соң қатын сауығып кетеді (Ж.Дәуренбеков. "Қазақ бақсы-балгерлері". 152, 46-6. N25. Қ.Қасымов әңгімесі).

Осындай ертедегі бақсыларымыздың қасиетін танып оны игере білсек басқаларға таңырқағаннан құтылып, жатты өзімізге таңырқатқан болар едік деген күпірлік ой да келіп қалады кейде басымызға. Тіпті сонау ертеде б.э.б. бастап-ақ бақсылар өнері дамығаны да айтылады. Н.Я.Би-чурин деген зерттеуші, "517 жылы жужандар ханы (Дулат) Дулун өзінің бір баласын жоғалтады. Чеуну деген әйел бақсы болады. Осы әйел су ортасына үй тігіп, жеті күн бақсылық ойнап, әлгі жоғалған баланы ас-паннан түсіріпті", дейді. Бұл да біздің арғы тегімізде де (Дулат) өте күшті бақсылық өнері барын дәлелдейді.

Ертеде бақсының сәуегейлігі, болжампаздығы, емшілігі т.б. қасиеттерінің көбі шындыкка ұласқандықтан, оларды халық тәңірмен байланысушы және өз діндерінің көріпкел әулиесі деп бағалады. Кейбір жерлерде бақсылар өз елінің көсемдері дәрежесіне дейін көтерілді. Бүгінде Африка-ның тоғайларындагы кейбір тайпалар, Амозонка тоғайларындагы тайпалар да көбінесе бақсыларының айтқанымен жүреді екен. Ал кейін Ислам діні қабылданған соң бақсыларға алғаш қуғын ұйымдастырған Алтын орданы билеген Өзбекхан (1312-1342 ж.ж.) оның қобызын да қоса құртуды ойлады.

Бақсылардың бойындағы қасиетті жын деп түсіндіріп, халықты бақсылардан сақтануға үгіттеді. Бұдан кейін бақсылар қудалау көрешегін Ақсақ Темірден көрді (1370-1450 ж.ж.). Ол барлық жерде бақсыларды құрттыруға, өзінің машайықтарын жіберді (Ш.Уәлиханов. I том. 212-бет). Біраз уақыт өте бақсылар тек ғана Қасым хан кезінде еркіндік алды. Бақсы көп нәрсесін жойды, жоғалтты. Киесі кетті. Қайтадан толық болмаса да шала-шарпы оралған бақсылар ұрпағы, жұмбақ өнерді ашық болмаса да ел ара-лай жүріп, аракідік жүргізетін болды. Бұдан кейінгі орыс патшасына құлдық пен бодандық және коммунистік идеология орнап, дінсіздік пен опасыздық кезеңі бақсы өнерін мәңгі жапты. Бақсының жақыны, жолдасы, үгітшісі, ұрпағы т.б. бәрі де қуғынға ұшырады.

Бақсылар көбіне жалғыз жүретін, көп сөйлемейтін, жұпыны киінетін, дүниеге қызықпайтын болған. Мұндай қасиет бақсылардың атақтыларын-да көп болды. Бақсының нашарын да халық біліп отырған. Әрі сақтанып қорғана білген.

Ислам діні өлімді парыз десе, шаман діні өлімді мойындамаған. Ша­ман діні кезінде адамдар табиғат пен әруаққа табынды. Көкті өзі билеуші ретінде таныды. Бұрын сақ тайпалары күнге ас берсе, кейін адамдар әруақ-ка ас беретін болған. Шаманизм буддизмнің бір тармағы болған.

Ол VIVII ғасырларда Үнді елінен Тибет пен Қытайға, содан соң түрік-моңғолдарға өткен. Үнді жұрты бақсыны "бхихшу" деген. Қытай, Ти­бет, монғолдар ламалары арқылы бұлтқа табынса, ол кезде түріктер әруаққа табынған. Шаманизм VII-IX ғасырда жаңа нанымға айналып, оны бақсы-лар бастады, олардың ішінде Қорқыт ата, Баба түкті Шашты Әзиз т.б. болды. Бұл шаман діні Сыр бойына VIII-IX ғасырда тарайды. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов: "Шаман дегеніміз көк пен әруақ қолдап, басқалардан білімі көп, сиқырға жетілген адамдар болған, өзі ақын, музыкант, балгер және дөрігер болып саналған", деп жазған.

Түркі дәуірінде елде Ислам діні қабылданарда халықты қырғызбау үшін, Баба түкті Шашты Әзиз 60 түйе қурайдың ортасына өзі отырып, қолына Құран ұстап сыртынан өрт қойғызады. Қурай жанып біткенде қараса Құран да аман, Баба түкті Шашты Әзиз де аман, күймеген болып шығады. Содан кейін біздің ата-бабаларымыз шаман дінінен ислам дініне ғайыптың сырын білетін Баба түкті Шашты Әзиз арқасында аман өтіпті. Бірақ та, оның өнері осы Ислам дініне жат екенінің әрі кейін құртыла-тынын Баба Түктілер де және бақсылар да білмеген еді.

Бақсының негізгі демеушісі, Қорқыт атадан қалған мұрасы ескі қобызының түрі Ұлытаудың теріскей баурайында бір ғажайып мүсін таста сақталған. Екінші бір түрі Қарқаралы аймағында, Дегелең тауының бір алабында VI-VIII ғасырларда мүсін тасқа қиып түсірілген. Қобызды арнайы үйеңкі деген ағаштан жасаған. Бұл академик Ә.Марғүлан еңбектерінде толық сипатқа ие. Үйеңкі су жағасында өсетін, көп жыл жасайтын ағаш болса керек.

 

"Үйеңкінің түбінен,

Үйіріп алған қобызым", -

дегені осыны сипаттаса керек. Осы қасиетті Қорқыт ата қобызымен, оның күйін ертеден-ақ шалқыта, мәнерлете тартқан бақсылар Қойлыбай, Бағана-лы Балақай және Досжан, Шемен деген кісілер екен. Кейінгі XVIII-XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов жазғандай, қазақтың бір топ ақындары Қорқыт ата күйін тартса керек. Олар ақындар Жанақ, Сабырбай, Найманбала, Қанқожа Уәлиханов, Жұмағүл, Құлыншақ және Базар жырау т.б. екен.

Бұдан да кейін Қорқыт күйін тартқандар, қаратаулық күйші Ықылас, оның ізбасарлары Жаппас Қаламбаев және Дәулет Мықтыбаевтар т.б. болса, кейінгі ұрпақтар да Қорқыт ата күй өнерін дамытып келеді. Қобыз сыныптары арнайы және жогары оқу орындарында ашылып қанат жайып жатса, арнайы өнер ұйымдарының қобыз бөлімі де, мұралық орындаушылар да, зерттеушілер де көбейді. Қасиетті қобызды жасайтын ар­найы мамандандырылған шеберхана-лар қатары көбеюде. Бақсылардан бүгінге жеткен Қорқыт атаның қобызы, күйлері, алғашқы және кейінгі билеуші-лерді неге мазалағаны енді түсінікті болар. Заман, адам және қоғам қаншалықты өзгергенімен, халықтың тектік өнері өзгермейді, жойылмайды деген шын екен ғой. Бақсылардың көзі жойылғанымен, қобыз бен күй өнерінің жойылмай-тынына көзіміз жетті.

Бақсы өнеріне қызыққан қазақ музыкасын зерттеуші Б.Г.Ерзакович зікірдің сөзінде оның зарлау сарынының нотасын да жазып алған екен.

 

Ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге

Ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге-гу.

Әкемді отырғызып көк атқа,

Қолына беріп қылышты айқаска,

"Ах" ұрсаң ол ауруға ем.

Оның аты жер жарған

Ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге

Ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге

 Нысан Абыздың аруағы мені қолдайды, Ешуақытта жау қолына тастамай.

А-ги-ги, ги-ги, ги-ги, ги-ги-геу

Ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-ге, ге-геу

Тоқсан  койдыңтерісінен ,

Толымбекке тон шықпас,

Жетпіс қойдың терісінен,

Толымбекке сым шықпас .

Албастымен кеңескен,

Мартуменен достасқан.

Періштелерді тыңдап, болжаған,

Пері атасы Толымбек.

Осылай баксы зікірі жалғаса береді. Ақыры, Ге-ге... ги-ги... ди-ди, а-ди-ги-ди-ди-ди деп аяқталады. Бұл бақсының музыка үні арқылы өзінің иелері Нысан абыз немесе пері атасы Толымбек, Қаракожа, Кдрабура, Бостанай т.б.-ды шакырып, сыркаттың ауруының жынын қуғызудағы жалынышы, аянышты халі немесе қатты қаһары тамаша суреттеледі. Қойлыбай бақсының өзінің шеберлігін, қүдіретін өзіне көмекке шыға-тын үлы пірі - Надыр - Шолақ, Ертіс, Көкаман, Ер Шойлан, т.б.-лары аркылы көрсеткен. Осылардың комегімен алты қанат ак орданы жерден "көтерген".

Бақсылардың ой-санасын, психологиялық өнерін ұлы ақын Өлішер Науаи де зерттепті. Ол қазақтың жалайыр, қоңырат, керей, найман ру-ларынан шыққан бақсыларды бакыласа керек. Солардың ішінен ең дарынды жыраудың бірі Сақи Жапар бақсы екен. Сақи бақсы ғана емес ақын, шебер, түркіше, парсыша біліп өрі жаза алған. Сақи өскерде аск-ан ер екен. Неге екені кейін Сақи кедейлікке түсіп, адамнан безіп, дала кезіп кетіпті.

Сондай атақты баксының бірі Сайлы ақын екен. Сайлы жырды әдемі жазганымен бірак адамға жуымай сай кезіп жүреді екен. Тағы бір бақсы Баба-Саудани, ол Жауари деген атпен жазады. Баба-Саудани табиғаттың танылмайтын сырларын ой-сананың күнгімен ашпақшы болады.

Ол кейде ешкімді көрмей, адамнан безіп кетіпті. Тау, тасты, даланы кезіп, есі кеткенше сарнау айтып отіпті (Әлішер Навои. Шығармалары, IX том бесінші мәжіліс, 137 және екінші мөжіліс, 916).

Бақсыларға соншалық дарын қонғанымен оның арты кейбір бақсылар үшін қайғы-қасірет, жоқшылық пен мүсәпірлікке, қаңғыру мен кезбелікке айналған. Мүмкін өздері күнөсынан ба, әлде Алланың пешенесіне жазға-нынан ба, тағдыр деген осы шығар?

 

Бақсының әр алуан болады ісі,

Біледі жолдас болып көрген кісі,

 Қолына қобыз алып боздатқанда,

Сарғаяр жапырақтай оның түсі,-

 

деген бақсы жырында сақталған осы кестелі жолдар көп нәрсені аңғартып-ақ тұр.

Бақсылардың баспаған жері, бармаған тауы, араласпаған ісі уағында аз болмаса керек. Сондықтанда ертедегі бақсы-жыраулардың ерекше тұлғалы білімділерін "Абыз" деп атапты. Мәселен, Әлмерек абыз (Албан), Нысан абыз, Құрманбай абыз, Сабырбай абыз т.б.

Әсіресе осыдан үш ғасыр бұрын өмір сүрген, казір мүрдесі Алматыдан отыз шақырымдай жердегі Покровка ауылының шығысында "Әлмерек" алқабында жатқан албан Әлмерек бабаны кейін жасы келе, "абыз" деп атапты. Әлмерек абыз жас кезінде батыр, есейе ел ағасы, ақылшы әрі көріпкелдік пен болжаушылық және түс жорудың қас шебері болыпты.

Жасы алпыстан асканда "дуалы ауызды бата ғой" болып, Райымбек, Бәйсейіт, Биеке т.б. батырларға бата беріпті. Әлмерек абыздан бата алғандар соғыстан аман жеңіспен оралады екен. Баба бәрін біліп, бағыт беріп отырған. Үлкейе келе "абыз" атанып бір ұлы жүз руының ғана емес, басқа да рулардың сыйлы әулие баба абызы болыпты. Әлмерек абыздың өз кіндігінен шыққан сегіз баладан тараған ұрпағы албан руы ішінде өсіп өркендеген елге айналды. Мен Әлмерек бабаның ең үлкен Құрман деген баласының ұрпағымын. Әлмерек абыз, әулие бабаның тоғызыншы ұрпағы-мын. 1998 жылдың 26 шілдесінде Әлмерек абыз, әулие бабаға арнап, оның ұрпақтары (рухына дұға оқытып) ас берді. Абыздар рухы риза болсын.

Бақсы, оның жан серігі қобыз жөнінде айтса таусыл-майтын әңгіме жетерлік. Бір ғана Қойлыбай немесе Қара қыпшақ Қобыланды бақсылар ғана керемет иелері болды десек, онда қобыз бен басқа бақсылар құдіретіне қиянат болары анық. Мәселен, Қарқаралы ауданы, Темірші болысында жасаған Оспан деген қарт: "Ертеде бір бақсының қобызы әуемен ұшып, ең жүйрік аттардан озып, алдынан келіпті" – дегенді айтты. Кейін тағы бір тойда күншілдер қобызды арқанмен байлап, ағашка таңып, бәйгі аттарын жарысқа алып кетеді. Әлгі қобыз ағаштан босанып, бәйгі аттарды қуып жетіп, қайтып бәйге аттарымен бірге жүгіреді. Сөйтіп қобыз аттардан көш бойы озық келіп, бірінші бәйгіні алады. Бұл да әр жердің киелі, бақсысы құпиялы; тылсым күш иесі екенін көрсетеді.

Жоғарыдағы нақтылы дәлелдермен бақсылық өнеріне ие адамның бойында ақындықтың да, жыраулықтың да, сазгерліктің де, сәуегейлік, құмалақшылық, тамыр ұстау, көріпкелдік, болжампаздық, шешен сөзділік, батырлық, сенімділік және дәрі-дәрмек жасар дәрігерлік қасиетке дейін барына талдау жасадық. Бақсының бұл сиқырлы өнері егер біз Шәкәрім Құдайбердіүлының "Үш анық" еңбегі бойынша баға берсек, бақсы ғарышпен телепатиялық байланыс жасаудың шебері әрі оның құпиясын меңгергенін білеміз. Бақсы телепатия әдісімен тылсым күштермен спитиризм жүйесі бойынша байланысады. Ал магнитизм тәсілімен заттарды зарядтайды (магниттейді). Бақсылық өнер сыртқы түрі және табынатын рухтары атына қарай (АҚШ-та "Аю-ана", Солтүстік халықтары "Бұғы-ана") ерекшеленетіні болмаса, олардың түпкі мақсаттары бірдей.

Қазіргі күнгі ірі емдік сеанс иелері, «экстрасенстер» және өздерін бақсы санап жүргендерді нағыз бақсы деуге болмайды. Бұлардың бойларынан бұрынғы бақсы емес, қатардағы жәй бақсының да таза қасиетін таппай-сың. Бұлар бақсылық өнердің жетіскен түрі емес, ең артта қалған түрі. Кейінгілер қаншалықты тылсым күш иесімін дегенімен олардың негізгі мақсаты атаққұмарлык, пайдакүнемдік екені рас. Бақсылық өнер тазалықты қалайды. Әрине киесіз пенде жоқ. Мәселе киені ұстай, мәпелей, күте білу басты нәрсе. Бірақ халық пейілі кеңейіп, өмір жақсарып, тұрмысымыз оңға басқанда Алла тағала ел ортасынан, Қойлыбай бақсыдай болмаса да, орташа бақсыдай ақ көңіл сиқырлы киелі кісіні шығаруы мүмкін. Бүгінгі тылсым күштің құпиясы сырына қанық жандар жоқтың қасы. Бақсылықты бөтенсімей ғалымдарымыз зерттеп, оның құпиясын ашуға ықпал еткені жөн. Осы  мақсатты жүзеге асыру үшін қауымдастықтың ұйымдастыруымен өзімнің басқаруымда 2006 жылдың 22-24 шілдесінде Алматы қаласында «Қазақтың  бақсылық өнері» атты Халықаралық  форум өткіздік. АҚШ - нанда бір жас әйел ханым қатысып, қазақша сөз сөйлеп және қобызда ойнады. Конгреске қатысушыларға нағыз бақсылықтың ыстық темір жалау өнеріне дейін көрсеттік. Қатысқан ғалымдарда риза болды. Содан бері ғылым саласында бақсылық өнеріне оң мән беріле бастады. Бақсылык өнері халқына қайтадан жақсылық жолымен оралсын деген ниетімізді Алла тағала қабыл еткей. Қасиетті ұлы бақсылар рухы риза болғай!