ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

28

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Салауатты өмір салтын дамытуда  адамның  ауруын  емдеудің қарапайым  түрлерінің  ең белсенді түрі музыка,  ән-күй және дыбыстық тербелістік әсерлерді пайдалану тәсілі де емдік жүйеде  өркендеп келеді.  Дәрі - ол химиялық  қоспалардан тұратындықтан,  оның бір ауруды жазғанымен, басқа бір түрін тудыруы немесе қоздыруы шындыққа айналуда. Осыған байланысты табиғаттың таза ауасы, орман-тоғайлары, таулы  жоталары, өзен-көлдері, минералды сулары мен балшықтары, құмдары, күн сәулесінің  ғажайып емдік  әсерлері  және басқадай  құбылыстар мен  көріністер  адам ағзаларының тез өзгеріске ұшырап,  күшті қуаттануына мол септігі барлығы анықталып келеді.   Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы денсаулықтың жақсарып әрі жасаруына зор көмегі барын да  білген жөн. Дегенмен, уақытында дұрыс тамақтану, тамақтық сұйық және қою тағамдардың емдік сипатын пайдалану, ұйықтау, тыныштық сақтау, жүгіру мен жүру, әр түрлі қозғалыстарды жасау, суық су қабылдау, намаз оқу, ат спортымен әр түрлі спорт түрлерімен шұғылдану және  жат қылықтардың   ішімдік  пен наркологиялық заттардан  аулақ болу, темекіден құтылуда, өсек аяң мен алдампаздықтан,  өтірікшіліктен  бір жола құтылу – мұның бәрі адамның  өзін-өзі тәрбиелеп  бақылау  сияқты әдіс-тәсілдер, олар денсаулықты жақсартып ғана қоймай, оның тазару мәдениетінің  негізін құрайды.

 Денсаулықтың таза әрі бір қалыпты болуы адамның рухани жағынан  жоғары болуына тікелей байланысты.  Рухани биік жетістік тән мен жанның  лас қуаттардан тазалануына, ішкі сезімнің оянуына, адамның төзімділігі мен имандылығының артуына  басты ықпал етеді. 

Физолог-ғалым Жандар Керімбектің Ермаханы былай дейді:  «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде бір-бірімен соншалық сәйкескен, тіпті  біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді.  Рухымыз да денеміз сияқты сырқаттанады, табиғи жаратылыстан алшақтайды. Бұның да денеміз сияқты айығу, арылу жолдары бар. Емделу үшін адамға мықты сүйеніштер керек. Бұл сүйеніштерді және бұлармен өмір  сүруді  мінез – құлық деп атайды. Басқаша айтқанда, мінез-құлық тәнімізді, әрі рухымызды Жаратқан борышты еткен міндеттерді атқара алатын дәрежеге көтереді» [105, 23б.]. 

Қазақ халқы ежелден өзінің имандылығымен, атап айтқанда қайырымдылығымен, жомарттығымен, мейірімділі-гімен, адалдығымен көзге түскен халық. Халқының денсаулығын жақсарту мен тазару мәдениетін жүзеге асыруда асқан жауапкершілікпен  талдау жасап, шешімін  шығара білді.  ХV ғасырда  Әз Жәнібек  ханның арнайы тапсыруы әрі бақылауымен жазылған ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының энциклопедиялық медици-налық еңбегі «Шипагерлік баяны», адам денсаулығын жақсартумен оның шипалық мәдениетіне арналғандығы, бүгінде ол сол құндылығымен айқындалуда. 

Денсаулықтысақтау мен жақсартуға арналған  көптеген зерттеушілердің [106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116] ғылыми тұжырымдық еңбектері зерделеніп, осы ғылыми монографияны жазуға пайдасы мол болды. Бұл еңбектерді қай жаста болсын пайдалануға болады.  Жас кезден бастап адам өз денсаулығын күтсе, онда оның дені сау, өмірі ұзақ, әрі сырқаты аз  болады. Адамның психологиясының оң өзгерісінен оның жақсылыққа ниетінің ауғанын,  пиғылының тазарған белгісін аңғарамыз.  Психика  - адамның рухани күйі және ішкі сезімі. Ал, психопрофилактика дегеніміз көңіл күйді жадыратып, жүрекке жылы  тиетін жақсы сөздер – адам жанына ықпал етумен бірге денеңіздің сау болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән  егіз. Халқымыздың  «Жаны саудың  тәні  сау» - деген мақалы  өмірден алынғаны да белгілі, ол сөз талғамы.  Денсаулық үлкен байлықтың ішіндегі ең мәртебелісі әрі баға жетпес  биігі.  Адам мүшелерінің қозғалысынсыз тіршілік болмайды.

«Қимылсыз өмір жоқ», - деген халықтық философия-лық таным ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.  Мәселен, көмейдің қимылынсыз ауыздан дыбыста және сөз де шықпайды т.с.с.  Адамға биік келбетті тұлғалық тек ғана шынығу арқылы  қалыптасады. Бүгінде салауатты өмір салтының  негізгі  қағидасы  химиялық дәрі-дәрмекті ішпеу мен қолданбау, тек қана табиғаттың табиғи емін толық пайдалана білуді  үйрету мен насихаттау. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы осы табиғатта өмір сүрді, оның біле де және түсіне де бермейтін денсаулыққа пайдалы ғажайып емдік шипалық сырларына зер салды.  Тәжірибелік тексеру мен пайдаланудан өткізді. Пайдалы жағының кілтін ашты. Медицина ғылымдарының докторы,  профессор, жазушы – ғалым Естөре Оразақов Отан соғысы жылдарында жараланған солдаттарды емдеуде Алатау шатқалдарындағы  минералды сулар мен балшықтарды, дәрілік өсімдіктерді, орман тоғайының  таза ауасының емдік қасиеттерін пайдаланады.  Халық шипагерлігін дамыту жөнінде бір неше ғылыми зерттеулері мен кітаптарын  жазып қалдырды.  Қазақ халқының халық шипагерлігінің  қызметіне жаңа көзқараспен қарайды. Халық емінің адам денсаулығын жақсартуға тигізер пайдасына, тазаруының мәдени  бағыттарына  ғылыми талдауларымен оң бағаларын және ұсыныстарын білдірген ұлтжанды зерттеушілер мен ғалымдардың қатарының көбеюі, халық шипагерлігінің болашағының  қажеттілігін білдіреді. Өмірінің тұрмысы мен тіршілігі табиғатпен тікелей байланыста болған халқымыз, өмір бойы барлық қажеттісін табиғаттан алып келеді.      Сондықтан да, қазақ шипагерлері  пайдаланатын  әр түрлі дәрі-дәрмектердің  тегі де  шексіз табиғат дүниесінің  қойнауындағы минералды заттар және өмір сүретін хайуанаттар мен жәндіктердің  мүшелерінен тұрады.  Қазақтың фтизиатор, фитотерапевт ғалымы М.Ж. Қожабе-ковтің еліміздің табиғатында өсетін өсімдіктер туралы «Дәрілік  өсімдіктер» кітабы [42] ХХ ғасырда жазылса, ол содан бері бұрынғы Одақ көлеміндегі нағыз фармоколо-гиялық  оқулық құралына айналды.   

Орман-тоғайлар да өсетін ағаштардың да шипалығы зор. Олар адамның қуатын толтырып арттырады, сергектігін жақсартады, жүйке қызметінің әлсіреуін жояды және адамның ойлау мен сезім қабілеті жақсарады. «Атадан мал қалмасын, тал қалсын», - деген нақыл сөз де орманның шипалығы мен табиғат тылсымының шексіздігін көрсетеді. Тұңғиық ғаламның сырын ашуда ғылым шұғылданғанымен ғалам ішіндегі ғаламды, дүние ішіндегі дүниені білу өте күрделі. Жоғарғы әлем, ортанғы әлем, төменгі әлем жүйесі де әлі жіктелген жоқ. Әр әлемнің өз емі мен берер қуаты бар. Табиғат үлкен ғалам болса, адам кіші ғалам. Табиғат пен адамның үйлестігін білу, емші-дәрігерлердің басты міндеті екенін білген абзал.  Халық  емшілігінің  өркендеу дәуірін ғұлама шипагер Өтейбойдаққа дейін қарапайым дәстүрлі емес  шипагерлік түріне,  ал  баба  заманында оның  іліми – ғылыми дәстүрлі халық шипагерлігіне жеткендігіне, қазақтың шипагерлік өнерінің Еуропадан да көп ілгері дамыған тарихы барын  білдік. Оны ғалымдарымыз ғылыми түсінікпен қабыл алды. Дегенмен, бір өкініштісі   халық шипагерлігінің осындай жетістігінен тез айырылып,  бес жарым ғасырдан кейін ғана баба мұрасына  қайтадан ие болып  мақтанғанымызбен, оның терең өзіндік жеке философиялық ойларын, толғауларын, жазу стилін, медицинадағы ашқан жаңалықтары мен жетістіктерін  зерттеудің біржолата  тұрақты жалғастырылмауында.

Осы зерттеу жұмысының негізгі идеясы мен мақсаты да   халық шипагерлігінің  қыры мен құпиялы сырын ашумен, шипагерліктің мәдениеті мен дәстүрлеріне нақтылы   философиялық көзқарастағы ғылыми  зерттеулерді тұрақты  жүйеге асыру  болмақ.  Жұмысты жазуда философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Молдабековтың [117], педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Әлсатов [118], ғалымдар Ғ.Ақпанбек [119] пен Т.Кенжалының [120], философия ғылымдарының докторы, профессор Д. Кішібековтың  [121] еңбектері де  пайдаланылды. Сонымен қатар осы зерттеушінің әр түрлі тақырыптық мақалалары [1992-2008]  мен «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің іс тәжірибелері мен тарихи құжаттары да пайдаланылып, басшылыққа алынды [1992-2008]. 

Сенімділік пен сенімсіздік адам тәрбиесінің негізгі бір бөлігі болып қызмет етеді. Дін тілінде ол – күман мен сенім деп аталады. Алла сенімсіздікті жақтырмайды, керісінше мықты және орнықты сенімге ие  болуға  шақырады.  Бұдан осы ғылыми зерттеуде арнайы жүйеленген жалпы халықтық,  биоқуаттық, рухани, медитациялық, музыкалық және басқадай емдеу  жолдарының қайсысы болса да адамның сырқатына пайдасы тиуі, тікелей  емделушінің сеніміне байланысты екенін аңғартады. Сондықтан, денсаулықты жақсарту мен тазару мәдениетін дамытуда, бүгінгі және болашақтағы салауатты өмір салтының дәрісіз шипалық жүйесін қалыптастыру, мемлекетіміздің  азаматтарының  денсаулығын  сақтаудың басты  кепілі  деуге болады. Академик Д. Кішібеков: «Ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі»,- деген терең философиялық таным да, осы сияқты зерттеулік жұмыстардың  сапалы болуына зор  ескертуі мен талабы екенін аңғартады [121, 358 б.]. Қорыта келгенде, денсаулықты жақсарту жолы мен  тазару мәдениетін  дамыту жеке адамнан бастап, ұжымдық, қоғамдық және мемлекеттік бағдарлама екеніне түсіністікпен, байсалдылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана нәтижелі болатынына  сеніммен қарауға болады.

 

 

11.3  сАНДАР СЫРЫ НЕДЕ?

       А. 13 саны.

Әлемдегі  алты миллиардтай  халықтың әрқайсысының сонау ерте  заманда дүниеге келіп, тілі  шыққалы, әсіресе, адам баласы қоғамы,  жекеменшіктік «менікі, сенікі, онікі» сөздері пайда бола бастағаннан бері жан баласын, мал басын, табысын,  шығынын есептеп, санай білген.   Сандар елдің, халықтың тек экономикалық,  шаруашылық хал-жағдайы емес,  олардың саяси,  мәдени, рухани,  ғылыми тіл байлығының да өсу, даму процесін білдіреді.

Данышпан атамыз Төле би бірде шешен-билерге бұрылып: «Мырзалар, сендерге қоятын сауалым бар, - дейді де: - бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Бұл не?»-дейді.

- Төке, түсінбедік. Бұл не жұмбақ? - дейді. Сонда Қазбек би көп ойланбастан:

- Бір дегенім - бірлігі кеткен ел жаман,  екі дегенім - егесіп өскен ер жаман... Он дегенім - оңа алмас  кәрілікке дауа  болмас, - депті.

Бұл жауапқа дән риза болған Төле би  Қазбекке: «ойлы да, тілді де жүйрік, тұлпарым», - деген екен.

Міне, ой жіберіп түсінген жан әлемінде қаншама философиялық, тарихи, әдеби тілдік, шешендік, білгірлік сырларды  байқайды. Олай болса, біз енді сол сан атаулыныңң бәрінің емес, тек «13» және «7» сандарының мән-жайы,  сырын ғана аздап сөз етейік.

 - Орыс халқының сенгіштері 13-ті «Чертовые дюжина», бұл күні тағдырдан жақсылық күтуге болмайды», - десе, ағылшындар: «сенімі күштілер үй салып, үйленуге болмайды, тіпті автобус, поезд, ұшақ, автокөлікке отырып жол жүруге болмайды, олар бақытсыздық әкеледі», - деп, ешқайда шықпай үйлерінде болады. Осы елде Роберт Рен-фри деген шофер 13-ші  күндері  он мәрте жол апатына ұшыраған. Сол себепті, ол 13-ші  күндері  мәшине  руліне  отырмайтын болған.

Біздің заманға дейінгі 323 жылы 13-маусымда         Александр Македонский (Зұлхарнайын) дүниеден қайтқан. 1887 жылы 13-наурызда  Санк-Петербургте В.И. Лениннің ағасы  Александр Ильич патша  Александрге қастандық жасауға қатысқаны  үшін  атылған. Ревалюцияға дейінгі  Ресейде қолданылып келген «Юлиан календарының» (күнтізбегі) Григорян күн тізбегінен 13 күндік айырмасы  болған. Түзету бойынша  кем  есептеліп  келген күнтізбекке 13-ті қосып, 31-қаңтардан соң, жаңа жылды мерекелеу қаңтар айының бірінші жұлдызында  өткізілетін болды. Осыған қарамастан христиандар  жаңа жыл мейрамын 13-қаңтарда қарсы алуды  ұмытпай келеді.  Провослав шіркеуі  бұл  «түзетуді»  сол кезде мойындамай, Юлиан күнтізбегіне  лайық католиктер мен  протестанттардың өзгеше  Рождество күнін 25 желтоқсан емес, бір апта кеш - қаңтарда өткізіп келді. Англияда өткен әлем  чемпионатында Португалияның атақты футболшысы Эйсебио, Аргентиналық Лопет, Бразилиялық Даниелсон, Чили қақпашысы Олибарсеулер жеребе тастағанда 13-нөмірді суырған. Сонда португал-дықтар «Эйсебионы ұтылыстан сақтай гөр» деп,  жатып-жалбарынып шоқынған. Дегенмен,  ол  жеңіске  жетіп ең керемет шабуылшы атанған. Осы «бақытсыз» санға байланысты АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Бедстрит көшесінің 13-ші үйінде 1930 жылы не  болса соған сенетіндермен күресетін клуб ашылған. Оған мүшелік жарна - 13 доллар,  13 цент болып белгіленген. Мүше  болғандар 13 тамызда жыл сайын бас қосып,  337-13-00 нөмірлі телефонмен «бақытсыз» күндерді хабар беріп отырған. Еуропалықтар бақыт әпермейтін «13»-тің  өзіне ғана тән, басқа  ешбір санға  бөлінбейтін ерекшелігін де сөз  етеді. Суеверлерді (не  болса соған сенушілерді) сенімді ету үшін үгіттеушілер неміс композиторы Рихард Вагнердің  өмірінен, оның 1813 жылы  туғанын, орта  мектепті 13 жасында бітіргеннен, 13 опера жазғанын, оның аты мен фамилия-сының неміс транскрипциясына  сай 13 әріптен құралатынын пайдаланған. Цирктегілер ойынын көруге  құмарлар әлемдегі  тұрақты, көшпелі орындарының аумағы барлық елде  бірдей - 13 метр. Соған қарамай, «сиқырлы» санның жанкүйерлерге әкелген «бақытсыздығы» орнына  көздерінен жас аққанша  қарқылдап күліп-ойнап, көңілдерін көтеріп, тамашалап қайтады.  Атақты  шахматшы Гарри Каспаров 13-сәуірде туып, 13-қарашада Карповты ұтып,  әлем чемпионы атанды.  Сол сияқты  эстрада әртісі  «Алтын лира»  сыйлығының иегері белгілі  Лайма Вайкуле Мәскеуде  дүнижүзілік әншілер конкурсында  1988 жылы  ақпан  айының  13-інде келгенде  ұшақта  оған 13-ші орын тиіп,  мейрамханада  13-ші  бөлмеге орналасқан.  Әншілердің  қай кезекпен айтуына  жеребе тастағанда 13-ші кезекті алған.

Белгілі   орыс жазушысы Борис Полевойдан «сіз бақытсыз 13 санға  қалай қарайсыз?»-деп сұрағанда: ол: «Мен 13-ші үйде 113-ші пәтерде тұрамын, қызымның да пәтері - 113, ұлым - 13-ші қабатта  тұрады. Сондықтан «13» менің саным» - депті.

Осыған орай, ол Б. Полевойға: «Жоқ, 13 саны - менікі» «13»маған тән екеніне мөр  басылған,  қол қойылған құжаттарым  дәлелдеген. Дегенмен, 13 саны  қатерінен  қауіптенушілерге бұл сенім ешқандай бақытсыздық әкелмейді дер едік.

 

б. Киелі  - 7 саны

 

Қазіргі өркениетті  елдердің халықтары арасында «13» санын әзірейілдей көрсететіндер әлі де баршылық.  Ал, көптеген халықтар,  әсіресе, мұсылман елдерінің халықтары,  соның ішінде қазақ халқы «7» санын киелі деп таныған. Аңыз бойынша  жер-жаһанда жеті  күн (біреулер жеті ай дейді) бойы  топан су қаптаған.  Тірі  қалған жеті адам болған. Олар: Нұх, Хам, Сам,  Жанас, Әшият; Айша, Ләйлә.  Бүгінде олардан тараған 6 миллиардтай халықтың 10 миллионнан астамы ғана қазақтар.

«Жеті жоқ жерде Аллада  бауыр жоқ, аққуда  сүт жоқ,  жылқыда өт жоқ», «Жеті жоқ жерде өлшем (өлшеуіш) жоқ», - делінген нақыл сөзде. Жеті санының киелік ұғымынан гөрі эмоциялық мәні жоғары. Әлемге әйгілі шығыс  жұлдыздары-ның атасы Әбу Насыр Мұхаммед Дархан би  ұзлақ ат - Түрки әл-Хаким әл-Мәшүр әл-Мұғаллим Сәни әл-Фараби         (Әбу Әли ибн Сина – Авицена) соңғы демі  таусылып бара  жатқанда  алты  дәріден шипа болмаған соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі  жетінші  дәріден үміттенген екен. Сол сияқты, бүкіл батыс поэзиясының аспанында ай болып туған И.Гетенің шығыстың жеті жұлдызына қызыға қарап, ынтасын қоюы жайдан-жай болмас. «Парсылар өздерінің бес ғасыр ішіндегі барлық ақындарының атасынан жетеуін ғана  айырықша бөліп атаған. «Ал шындығына келсек, сол аталмай жүргендердің өздері де  анағұрлым артығырақ», - деген екен ұлы Гете. Түркі халықтарында жеті  ғашықтар туралы аңыздар бар. Олар: Ләйлі мен Мәжнүн,  Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлік-Ғарра, Уәки мен Гүлшах. Аталмыш жеті  сүйіспенділер сияқты  жетімдікті  де жетеуге  жеткізген. Ол: «Тыңдалмаған сөз жетім, қиюсыз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, аққу-қазсыз көл жетім, басшысыз қалған ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, туған жерінен айрылған ер жетім». Сондай-ақ,  халық арасында  «Жұт - жеті ағайынды» дейді. Олар: қантөгіс, соғыс, өрт, оба кесел, зілзала (жер сілкініс),  құрғақшылық, мал жұтап ашаршылыққа тап болу. Қазақ халқында жетіге байланысты атаулар, нақыл сөздер көп. Киелі 7-ден өз баласына Жетібай деп ат қойған. Жетібай атынан әрі қарай жақсы  үмітпен бала аты: Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай және Мыңбай өрбіген. Сан әлемінде бұлардан басқа  адам аттары аз кездеседі. «Жеті жарық» (жеті планета), жеті ру ел, жеті қабат жер асты, жеті күн-жеті түн бел асып, бала жетіге  келгенше  жерден таяқ жейді, жеті шелпек (нан) құдайы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, сияқты есепсіз  сөз тізбектері  тілімізде жиі  кездеседі. «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені» демекші Қазтуған Сүйінішұлының «Жеті жұрты» бүгінде ел аузында. Олар: күйеудің, келіншектің жұрты, кіндік кесіліп қан тамған жұрт, бөтен елде тұрған жұрт (екінші жұрт) әулетті - әділетсіз қамауда болған жұрт және қара  жер тартқан соңғы жұрт. Киелі сандарға  халық 3-5-9-40 сандарын да қосады. Баланы 40 күн толған соң 40 қасық сумен  шомылдырып, қырқынан шығарады. Қызға қырық үйден тыйым, ертеде  қыз сүйген жігітіне орамал шетіне 7, немесе 9 түрлі нәрсені  түйіп беру әдеті,  марқұм болғандардың жетісін, қырқын,  жылдығын беру.

Ертедегі Вавилон мұнарасы жеті  қабат болып салынған. Осындай мұнаралар Римде жеті  төбенің  биік шоқысына  орналастырылған.  Будда  дін басы жеті түрлі жеміс беретін ағаш көлеңкесінде  отырған деседі қытай-тибет аңызы. Ертедегі гректер де әлемнің  жеті кереметі мен жеті  данышпанын сөз еткен.

Сондай-ақ, Исләм дінінің  бірінші  талабы бойынша жасы  жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті  нәрседен тұруы шарт.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған тапырағынан жеті төбе  пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала  көтеру үшін дүниенің  жарымын аралап, жеті  әулиенің  зираттарына түнеп жүріп армандарына  жеткен...

Мейлі сен, мейлі сенбе,  бұл сандарда құпия  сыр жатыр. «Халық қалт айтпайтын» болуы керек...

 

в.  БолашағыҢды болжай біл

 

1 және 2,3,4,5,6,7,8,9, осы  сандарда  қандай  құдырет бар дейсіз?  Халқымыз 7 мен 9 санын  киеліге  балаған.  Сөйтсек, тегін емес екен. Белгілі бір сандарға  орайлас туған адамның болмысы,  болашағы тура алақанға салғандай  сайрап  тұрады. Шығыс күнтізбесінде, соның  ішінде жапондықтарда мұны «Сан туралы ілім» - дейді.  Бұл ілімнің белгілі болғанына мың жылданасып барады.  Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды,  табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай  планета билеп, әсер етіп отырғанына  түсініктеме жасайды. Мәселен былай:  сіз өз тағдырыңыздың санын, яғни, бір ме,  бес пе, жеті ме - білгіңіз келеді дейік.  Ал сол әр санның (тоғызға шейін, әрине),  аржағында тоғыз планета тұрады. Сіз егер «7»-інің өзі  қайдан шықты? Сіз қай  күні, қай айда, қай жылда  туылдыңыз?  «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне  қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз. Енді іс жүзінде:2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7.

Кейде қосынды екі саннан тұрады. Ондайда оларды бір-біріне  қосу керек, қашан жалғыз таңбалы сан  қалғанша... Мысалы, сіздің  досыңыз, немесе, туысқаныңыз қыркүйектің  8-інде, 1955 жылы  туды  делік. Ал қосалық: 8+9+1+9+5+5=37. 3+7=10. 1+0=1. «1» Сол кісінің тағдыр саны.   Атақты адамдар өмірінен мысалға жүгінейік:

Егер сіз «1» санының астында дүниеге келсеңіз... (Мысалы: - 20.09.1934ж.) - онда сізді  жебеп-желейтін планета -Күн. Олай болса, осы  санның астында туған кісінің өмірі  қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген.  Ол үшін талай-талай нәрселерді  құрбандыққа шаласыз. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді  көп  ортадан  шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы  үшін пайдаланып кетесіз.  Қандай  жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға  тырысу - «1» санына  орайлас туғандардың басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады.  Егер ойланғандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей,  төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

Егер «2» санына  орайлас тусаңыз...

Мысалы,  (14.01.1931 ж.) болса қорғайтын нысан (планета) - Ай, Ай жарықтай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен  қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды.  Бәрі  сізге  ұмтылады. Соған  орай  ылғи да жолы болғыш,  ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға,  белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді.

Егре «3» санына  орайлас  дүниеге келсеңіз, онда - планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық  тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен  дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра  қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды  шешемін  деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат - ол  үшін ауадай қажет. Көптеген белгілі  әртістер осы «3» санының астында туған.

Егер сіз «4» санына  орайлас тусаңыз,  мәселенки, атақты киноактриса Брижит Бардо сияқты. Ол 28.04. 1934 жылы дүниеге келген.  Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета - Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны  қашанда қуаттағаны. Еңбекте  жетістікке жетсе, өз  маңдай  тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған  сенім артады, бірақ достарының көбі -  бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында  мәйін де  жұмсақ. өйткені, өздерін ең  жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. өмірге  реалистік көзқараспен қарайды.

«5» санына  орайлас туған болсаңыз... Онда  сізді  желеп-жебейтін  планета - Меркурий. Ол  планета астында туған адамдардың айырықша мінезі - тас  бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін - кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, мидың тірлікке  төзімсіз. Сезімтал,  интелектісі  бай,  бір қиын мәселе  шешу  керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп  жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап  беретін шаруа  болса, жалтарып кетуге  әзір.  Өмірі тек қана  қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді.  Қызметте менменсіп, шірене бергенді  онша қаламайды.

Егер сіздің  Тағдыр санаңыз - «6» деген сан болып кетсе... Онда Венера планетасының астында туғансыз. Сіздің  жебеушіңіз мықты, мақсатты іске  өне  бойы жетелейді. Арман-аңсар, биік мұраттарға жеткізбей қоймайды.  Өмірлік мән - сұлулық, агрмония - үйлесімділік. Осыдан өнерге, музыкаға,  жалпы әдемілікке ұмтылыс. Сүйісу, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда  біреуге  мін таққысы келсе,  оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді. «6»-ның астында  туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке  өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.

Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға,  философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ  өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да  мезеттер аз емес. Жалғыздыққа  да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында  туғандардан таудағы ұлардай, тек  жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна  шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.

«8» санының астында жарқ дүниеге  келсеңіз. Қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы  жебеушілеріңіз-дің  арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра  дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер  жақын адамдарыңыздың  басына  күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...

«9» санының астында  тусаңыз егер... Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы  айбынды су Құдайындай  сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде  аспандағы айға  шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз  ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады.  Рас, достарының әлсіз жақтарын ой  таразысына салып,  дұрыс қорытынды түйе  біледі.  Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе,  қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ,  табиғатты алабөтен ерекеше жан.

 

Г. Киелі жетілік атаулар

 

Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі – (1,2,3,4,5,6,7,...  ...) натурал  сандар. Олардың  әрқайсысының өзіндік  ерекшеліктері мен қасиеттері,  тіпті тарихы да бар. Соның ішінде оқырмандардың қаперінде  жүрсін дей отырып 7 санының  кейбір қырлары мен сырларына тоқталмақпыз.

Жеті күн - дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті қарақшы -  аспанның солтүстік жарты шарындағы  шоқ жұлдыз. Жеті қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы  пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық - осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық  жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы көретін мезгілдері - наурыз, сәуір айлары.

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс  бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде  Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 – бет).  Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек.

Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан,  Табын, Тама және Керейіт рулары.

Жеті ата - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті қазынаға - Грек аңызды бойынша  оған  мыналарды  жатқызамыз: Күн, Жер, Ай,  Аспан, Су, От, Ит. Жеті  қазынаға байланысты аңыздар көп.

Жеті ғашық - Ләйлі - Мәжнүн,  Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни – Күлшәт.

Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы.

Жеті қат көктегі 7 саны  «жеті жұлдызға» сәйкес келеді.  Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады.

Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім,  киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.

Жеті ырыс - адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

Жеті жұт ағайынды - құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел,  жер сілкінісі.

Әлемдегі жеті керемет - Мысыр пирамидалары, Галикернас сағанасы, Родос алыбы, Александрия шаңырағы, Эфестегі «Диена» ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы  бағы.

Жеті жарғы - XVIII ғасырдың басында  Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың  әдет-құқықтық жинағы. Онда жер дауы,  күң дауы, жан дауы, жесір дауы,  мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған.

Жетіген - қазақтың байырғы шертпелі  музыка  аспабы. Ертедегі  нүсқасы тұтас ағаштан астау  тәрізді  ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған.

Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына,  бірлігіне  сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта  тірілуге сену.

Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Фзули.

Жеті ғалам - 7 саны  негізгі  жеті  бағытты білдірген. Олар - дүниенің  төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік,  терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі  ғалам.

Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі  тайқазан жеті  түрлі металдан құйылған.

7 санына байланысты жер бетінде  жеті  нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу  жоқ,  тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.

Мұхаммед /с.ғ.с./ жетінші пайғамбар, жер асты жеті қабат, жеті тамшы су бір грамм, қазанның жетісін береді, жеті нан құдайы таратады, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады және баланың тісі жеті  жасында түсіп, сол жастан бастап мектепке бара бастайды. Мұсылман ғұрпында, түркі дүниесінде құдіретті  әрі киелі  саналатын жеті  саны  жөніндегі қысқаша пікір осылай.

         

 д. Тағдырнамалық - сан

 

Аңызға қарағанда, Пифогор заманында  жасалған тағдырнама кестесін - сол  заманындағы таңдаулы  аз ғана  адамдарға  белгілі  ілімнің  осы кезге  бізге жеткізуі  қайран  қалдырады.  Пифогордың кестесінде  біздің әрқайсымыздың қандай адам екенімізді, тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Біздің  әрбіріміздің қасиет-дарынымыз сол туған күніміз бен  жылымызда   жатыр. Бірақ туғаннан бізге  табиғат сыйлаған  қасиетті қалай жүзеге асыруымызға,  адамның  қандай ортаға, қандай  жағдайға  тап  болуына байланысты болады. Егер ата-анамыздың қолында  осы кесте  болған болса, онда  олар өз балаларын табиғи жаратылысына  лайық тәрбиелеп,  дүниеде біркелкі болып,  талантсыз  адамдар аз болған болар еді. Барлық  адамдар туғаннан өз  номерін алып туып,  белгілі бір мінез-құлыққа  ие болады.  өз  сандарыңызды есептей, кестені  пайдалан отырып, сіз өзіңізге табиғаттың қандай  қасиет сыйлағанын біле аласыз. Бәрін де  мысалмен түсіндірейік.

Бұл үшін алдымен туған  күнді  аламыз. Оны, мысалы 29. 11. 1970 ж.

Туған күн мен туған ай сандарын қосамыз: 2+9+1+1=13

Туған жыл санын да қосамыз: 1+9+7+0=17. Шыққан сандарды қосамыз: 13+17=30.

1. Алғашқы жұмыс саны - 30.

2. Жұмыс санын да қосамыз: 3+0=3. Бұдан соң алғашқы жұмыс санынан туған  күннің  бірінші  санын екі  еселеп,  аламыз: 30-4 /2х2/=26.

3. үшінші жұмыс саны - 26. үшінші  жұмыс санын  қосамыз: 2+6=8.

4. Төртінші жұмыс саны - 8. Туған  күнді  білдіретін сан  қатары мыналар: 2 9 1 1 1 9 7

Екінші қатар жұмыс сандарынан тұрады:

30  3  26  8

Осы  екі қатардағы сандарды санаймыз /0-есептелмейді/: 12.

Бұл деген сөз сіз 12 рет өмірге  келгенсіз.  Ал бір адам, Пифогордың есептеуінше, жер бетіне  15 рет дүниеге келеді.  Бұдан соң, оның  өмірі  одан да жетілген шектегі  өмірге көшеді.

1- нағыз өзімшіл.

11-өзімшілдікке жақын.

111-жақсы мінезді.

1111-өте ерік-жігері күшті адам.

11111-диктатор, өктемдік жүргізуші.

111111-/өте сирек кездеседі/ - қатыгез адам,  бірақ соның өзінде жақындарына, туған-туысқандарына деген  көмегін аямайды, бәрін істеуге әзір.  Мұндай адаммен өмір сүру қиын.

2-шаршы (биоэнергия):

- екіліктің болмауы - ол адам бойында биоэнергияның жоқтығын  білдіреді, ал ол деген сол  биоэнергияны  алу  каналы  «ашық» деген сөз. Бұл адамдар көне  нәрселерді  ұнатады, өзін  қоршағандарға жаман  қарамайды,  міне, осыдан да олар басқалар арқылы  өмір сүруге тырысады. Табиғаттынан тәрбиелі жандар.

2-өмір сүруі үшін биоэнергиясы  жеткілікті,  бірақ нақ осы кезеңде ол аздық етеді. Сондықтан оған спортпен айналысу міндетті. Ауа-райының құбылмалығына өте сезімтал.

22-биоэнергиясы жеткілікті. Сіз басқаларды емдей аласыз.

222-сіз жақсы  биоэнергетиксіз.

2222-мұндай адамдарды  қарама-қарсы жыныстылар өте жақсы көреді. Егер оған үш  алтылық (666) шықса,  ол адамнан  сақтаныңыз, сізді  қармағына түсіруі оп-оңай.

 

 

 

3-шаршы (адамгершілік қасиеті):

- үштігі жоқ. Бұл өте ұқыпты немесе дәлдікті сүйетін адам. Қоршаған ортасында әңгімесі арқылы дараланып тұрады.

3- бұл адамдарды  тәртіпсіздік мазалайды, көңіл-күйіне қарай әрекет етеді.

33-ғылыммен айналысуға бейім (керемет математиктер, физиктер, химиктер).

333-ғылымға бейім (екі есе жігермен атқарады), берілгендік, ұқыптылық басым адам.

 

4-шаршы (денсаулығы):

- төрттіктің жоқ болуы - бұл адам жиі ауырады деген сөз.

4- жиі ауырмайды, негізінен  қартайған шағында ауырады.

44-өте денсаулығы күшті адам немесе  жоғары темпераментке ие кісі.

444-бұл  да сондай, тек екі есе қуатты.

 

5-шаршы (сезім-түйсігі):

-бестіктің жоқ болуы. Туғаннан жабық каналды (саңылаулы) адам.  Бұл адамдар әр түрлі жағадайда әр түрлі шаруалар атқаруға ұмтылады,  барлық кезде ойлы жүреді. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, мұндай адамдар өмірде  көп қате жібереді.  Бұл адамға өмір сүру қиын тиеді.  Олар басын анда да, мұнда да соғады. Әдетте  бұлар математикпен  немесе журналистпен үйленеді.

5-сезім саңылауы ашық,  бұл адамдар аз қате жібереді.

55- сезімдік түйсігі күшті  дамыған адамдар (тергеушілер, заңгерлер).

555-көріпкел, төңірегіндегінің бәрін біліп отырады. Олар  өткен мезгілге де, басқа  кеңістікке де түйсігі арқылы  бара  алады.

 

6-шаршы (жергіліктігі):

- алтылығы жоқ. Дүниеде бір мамандық алуға келген адам,  дене еңбегі қажет, бірақ ол  еңбек етуді сүйемелдейді.

6-жерлік адам, дене еңбегі қажет, оқу туралы да ойлаған жан.

66-өте  жерлік адам, оған  дене  еңбегі  қажетсіз, ал ол оны  жақсы  көреді.

666-қауіпті белгі. Өте көркем де  тартымды адам,  темпераментті. Оның  серігі екілігі көп адам болғаны жөн.

6666-бұл адам бұрынғы дүниеге  келулерінде  жерлік болып алған, еңбекшіл адам. Ол үшін еңбек ету ауыр жүк емес, ол  барлық кезде  еңбек ете береді.

 

7 - шаршы (таланты):

- жетілігі жоқ. Бұл адам келесі  туыларында жеткілікті көп алу  үшін дүниеге келген. Ал оны аяушылықпен ғана  ала алады. өте ауыр өмір.

7-едәуір жеңіл өмір сүретін адам, таланты бар,  бірақ онысы күшті емес.

77-егер ол өзін дамыта алса, бұл  өте  күшті белгі.  Музыкаға бейім адам,  көркемдік талғамы бар,  суретте сала алады. Егер есептеулерде  бірлік пен екіліктер бар болса, оның бұл таланты ешкімге  қажетсіз. Пышақ жүзінде жүретін адам, онда бәрі бар: жақсы да, жаман да. Ол үшін жабық есік деген болмайды.

777-ерекше белгі. Бұл адамдар ерекше қиындықтарға тап болды.

7777-бұл қауіп-қатер белгісі. Бұл  белгідегі адамдар абайлап, бәрін де ескеріп жүргені жөн.

 

8-шаршы (міндеткерлігі):

- сегіздігі жоқ. Адам сізден бір нәрсе алса, соны  қайтаруға асықпайды.

8-жауапкершілік адам, басқаларға қол ұшын беруге дайын.

888-халыққа  қызмет ету белгісі, үлкен  жауапкершілікті адам.

8888-бұл белгі тек 1988 жылғы ғана болады. Балалар дамыған қабілет иелері, олар нақты ғылымы оқып, зерттеуге бейім.

 

9-шаршы (ақылы):

9-бұл адам тағы да бір тоғыздықты  дамытуға тиіс.

99-туғаннан  ақылды бас иесі, бірақ оқуға деген  құштарлығы нашар.

999-табиғатынан ақылды адам,  оның қолынан бәрі де келеді.

9999-бұл белгідегі адамға сирек ақыл-еспен қосылудағы  шындық ашық болады, бірақ олар дөрекілікпен  жанашылықпен  ерекшеленеді.

Ал енді  сандарды торкөздегі орын-орнына қойыңыз да, кімнің  қандай  қабілетке, тағдырға ие екенін біле  беруіңізге болады.

 

11.4  Геопатегендік аймақ

 

Ежелден жер бетінде құпия әрі түсіне бермейтін  әсерлер көп болғанда, ол геопагендік аймақ деп есептел еді.  Соңғы кездері жұмыстың көбейгеніме деп сәл-пәл шаршаңқырап жүргендерін айтатындарда көбеюде. Мойындауға тура келді. Ондайда отырған орыныңды тексеріп көру керек екені, мүмкін үстел  геопатегендік  нүктесінің үстінде тұрғанда болмауы мүмкін.

Алдымен геопатеген деген сөздің мағынасын біліп алуымыз керек сияқты. Ол «гео» - жер және «патеген» - зиянды деген екі сөзден тұрады. Демек, геопатегендік аймақ дегеніміз - зиянды жер, зиянды аймақ деген ұғымды  білдірсе керек.

Оны қалай түсінуге болады? Егер сіз  жерде  ұзақ уақыт орын ауыстырмай отырып жұмыс істесеңіз немесе  жатып демалсаңыз, ұйықтасаңыз - тұрған соң денеңіз делсал болып, ауыр тартып қалса,  немесе  неше түрлі түс көріп, нашар демалсаңыз қайтер едіңіз? Әрине, оны  сол  күні немесе сол түнгі көңіл-күйге жатқызасыз да қоясыз. Тіпті, мән бермеуіңіз де мүмкін. Біртіндеп сол  орынға  үйренсеңіз,  дағдыланасыз. Ал бұл құбылыс қайталана  береді де, адамды айықпас дерт ауруына душар етуі анық.

- Міне,  гәп осында жатыр. Оны ешкім де білмеуі мүмкін. Себебі, бұл жәйт ғылымға кейіндері  ғана белгілі бола  бастаған...

Соның бірі - жұмыс  орнындағы  жағдай болмақ.  Шетелдерде  оған  ерекше мән береді. Зерттей келе, гигенашылар мен  физиологтардың тек  сыртқы  эстетикаға ғана емес, сонымен бірге  түрлі  метеорологиялық  факторға  да көп  көңіл  бөлінетін білген. Рас,  бізде де  жұмыс  орындарында  санитарлық нормаларға  назар аударушылық болған.  Бірақ,  «геопатегендік аймақ» деген ұғым көп  ескеріле  бермейді.

Алғаш АҚШ пен Канада, Англия мен Германия сияқты  өркениетті елдерде жүргізілген ғылыми зерттеулер адамдар-дың жұмыс қабілеттерінің төмендеп, түрлі ауруларға ұшырауы  олардың жұмыс істейтін орындары мен  жататын орындарына  тығыз байланысты  екенін анықтаған. Содан  бұл ғылым бірте-бірте  бізге ТМД елдеріне  де тарай  бастаған.

Біздің  аталарымыз  да мұндай  қолайсыз аймақтардың  бар екенін бұрын да білген сияқты  және оларды  ең алдымен жануарлар жақсы  сезінетінін де байқаса керек.

«Қой» десе  елең  ете  түсетін қалпымызбен, біз де  бір сәтке ойланып қалдық. Туғаннан көзін  малмен ашып, малмен бірге  өмір кешкен атам қазақ, табиғат құбылыстарын осы  алдыңғы төрт  түліктің  мінез-құлқына  қарап болжап  отырған. Сондай-ақ, жұмыс орны  мен  жатын  жерді  қайдам, иен  даладағы  осындай  қолайсыз  аймақтарды  халық  ықылым  заманнан білген. Білген де, ол  жерлерді  айналып өтетін болған. Егер жол  сол аймақты  кесіп өтетін болса, абайлап өтуге тырысқан. Көлікпен келе жатса, жылдамдығын азайтып, тіпті жерге түсіп, біраз  кідіретіндері  де болған.  Біреулер «қырсық жер»  десе біреулер «киелі жер» деп сан-саққа  жүгіртетін ондай  аймақтар жөнінде  неше түрлі   аңыздар да бар екенін білеміз.  Геопатегендік  нүкте сондай  аймақтың әлсіз  сәулесі болуы мүмкін.

Өйткені,  ГПА- жердің  тартылыс күшінен  пайда  болатын сәуле. Жер астындағы  түрлі гидро  және геологиялық  қозғалыстардың «энергетикалық демі» осылайша буырқанып жатады.  Оның аумағы 1,5 метрден 4 метрге  дейін жетуі  мүмкін. Шағын нүктелері  10х10 сантиметрге де әсер етеді. Жер  сәулесі  кез-келген кедергіні тесіп өтеді, және  де оның  күші  барлық  жерге  тең  тарайды. Сіз көп  қабатты  үйдің  бірінші  қабатында  болсаңыз да, жиырмасыншы қабатында болсаңыз да, егер сол нүктеге дәл келсеңіз, бірдей әсер етеді.

 Ертеректе көп қабатты  үйлердің бір жақ қабырғасына  орналасқан пәтерлерден рак ауруына  шалдығып, қайтыс  болғандардың  көбейіп кеткені анықталды. Алғаш дәрігерлер оны сонда тұратын отбасылардың генетикалық ерекшелік-теріне сай тұқым қуалаушылыққа  жатқызбақшы  болады.  Бірақ, кейін бұл  пәтерлерге  мүлде басқа  жақтан орын  ауыстырып келген және бұрындары  ата-анасы  мұндай аурулармен ауырып көрмеген отбасылардың  орналасып, олардың да айықпас дертке  ұшырауы ойландыра бастайды. Іске маман биолокаторшылар  да кіріседі.  Сөйтсе әлгі  үй тұрған пәтерлердің  аталмыш қанатындағы бір нүктеден  геопатегендік  сәулелер өтетін болып шыққан.

- Әсіресе ұйықтайтын бөлмедегі  кереуеттің үстіне дәл келсе, өте  қауіпті. Себебі - Жер  сәулесі бір нүктеден өзінің көрінбейтін толқындарын білдірмей  шығарып тұрады да,  адамның бүкіл ағзасын ақырындап мүжумен болады. Сөйтіп кейін оларды  айықпас  ауруға  ұшыратады.

- Әркімнің жұмыс орнымдағы үстелінің немесе ұйықтайтын бөлмесіндегі  кереуеттің  қолайсыз  аймаққа  орналасқан-орналаспағанын қалай  білуге болады?

- Оны биолакация  тәсіліне  негізделген арнайы прибор арқылы  анықтауға болады. Ол ТМД елдерінің біразында  қазір  қолданылып жүр. Ал біз әзірше  қарапайым тәсілді ғана  қанағат  тұтудамыз. Әйтсе де соның өзімен-ақ  біраз  іс тындыруға болады.

Бірде бөлмені тексергенде екі жерден әлсіз тербеліс байқалды. Оның біреуі үстелімнің  жанынан өтеді екен.  үстелді сәл-пәл шегіндіріп қойдық. Сақтықта  қорлық жоқ. «Сақтансаң - сақтаймын» деп Тәңірінің өзі  айтқандай бәрін білгеннің зияны болмасы анық.

 

 

11.5  Бионика ДЕГЕН НЕ?

 

Адам баласы бұрын соңды  болып  көрмеген техникалық дамуына жетіп, тұрмысқа қажетті энергия қуатын, материалдық шикізаттарды  тікелей  табиғаттың көзінен алу үшін, қуатты да «ақылды» машиналарды жасауда.

Адам әлем кеңістігін (космос) игеру барысында  неше түрлі автоматтық ғарыш кемелерін, жер серіктерін, планеталардың үстіне барып қонатын қозғалғыш және қозғалмайтын орбиталық ғарыштық станцияларды жетілдіре  түсуде. Сонымен бірге  мұхит мен теңіз  тұңғиықтарын игеру басталды.

Ғылым мен техниканың бір тұлға болып тұтасып кеткендігінің жарқын бір айғағының мысалы, (дәлелі) бионика бола алады.  Бионика - гректің «тіршіліктің  бастамасы» деген сөзі. Кейінгі  жарты  ғасыр ішінде ғылымда  жаңа бағыт - бионика  қалыптасты.

Биониканың пәнаралық ғылым немесе  қазіргі уақытта ғылымдардың тоғысқан (қиылысқан) тобы деп те жүр. Олай дейтіні ол жаратылыстану мен инженерлік-техникалық ғылымдардың негізінде өмірге келген. Атап  айтқанда бионика:  биологиядан, химиядан, радиотехникадан,  кибернетикадан,  биофизика мен зоопсихологиядан,  аспаптар құрылысын және құрылыс істерінен жинақталған  білімдерді  қорытыпбір жүйеге келтіріп зерттейді. Сондықтан да биониканың эмблемасы  үшін интеграл белгісімен  қосылған скальпель және  дәнекерлегіш кездейсоқ алынбаған. Скалпель - биологтың еңбегін, ал  интеграл болса, математиктердің еңбегін бейнелейді. Осындай жан-жақты мамандықтардың бірігуінің  негізінде  құрылған бионика қазіргі  уақытта  шапшаң дамуда.

Бионика да биология сияқты тірі табиғатты  зерттеп,  зерделейтін ғылым. Бірақ  негізгі  мақсаты ол тек  техникамен тығыз байланысты. Бионика  тірі  табиғатты  мұқият зерттей отырып, оның ерекшеліктері неде, қазіргі жетілдірілген техникадан қандай артықшылығы бар екенін жете  түсініп,  меңгеріп, қазіргі техниканың алдында  тұрған мәселелерді  шешу үшін  инженерлердің  қолына  жаңа білім,  әдістерді,  тиімді принциптерді  ұсынады.

Шын мағынасында біздер тірі табиғаттың жасампаз-дығына  таңданудан жалықпауымыз  керек.  Былай қарап отырсақ тірі  табиғаттың шеберханасында адам  өміріне  үлгі  аларлық заттар көп-ақ.  Мысалы, адам  өрмекшіден гидравликалық реттегішті үйренсе,  жарқанаттан - ультрадыбыстық локаторларды, кальмалардан (моллюс-каның  бір түрі) реактивті двигательді, барометр дәлдігін - бақа мен сүліктен,  ал теңіз дауылын дер  кезінде анықтауды - медузаданжер сілкінуді анықтауды - теңіз қоңызы мен шегірткеден үйренген болатын. Сондықтан кейбір таңқаларлық ғажап қызық мәселелерді  шешуде ғалымдар алдымен табиғат заңдылықтарына  сүйенуі заңды. Адам баласының қажетіне жаратқан қай затты алмайық - бәрі табиғат туындылары. Олай  болса  әрбір жануардың өнертапқыштар  мен конструкторларға ой  саларлық өзіндік ерекшеліктері бар.

1957-1958 жылдары конструктор А.Ф. Николаев Антрактидаға барған сапарында  пингвиннің үлпілдек  қалың қардың үстінде  тез  жүретініне  көңіл аударып, зерттеген болатын. Көп  кешікпей сол  зерттеудің  нәтижесінде инженерлер қарлы жерлерде және  кез-келген қолайсыз жағдайларда жүре алатын «ПИНГВИН» атты  машина  жасап шығарды.

Тірі табиғаттың инженерлерге  ой  салуының тағы бір  айғағы масаның нәзік иіс сезу мүшесін пайдалану арқылы  жасалғанын аспаптың пайда  болуы. Аспап шахтерлер жер  астында  жүргенде  улы  газдардың  пайда  болғанын дер кезінде  хабарлайды.

Үнемі жер астын мекендейтін көртышқанның жерасты  құрлыстары инженерлерінің назарынан тыс  қалмай метро, т.б. жер асты  құрылыстарын жасауда кеңінен пайдалануда. Көртышқанның жер қазу тәсілін пайдалан отырып «Живой бур»  атты  жер қазатын машина жасалды.

Адам өзінің ұзақ тарихының дамуында  саналы түрде  немесе кездейсоқ болсын әр уақыт табиғаттың көптеген үлгі боларлық құбылыстарын пайдаланып келді.  Мысалы, қазіргі  тұрмыста  пайдаланып келе  жатқан кәдімге  іс тігетін инені  біздің  ата-бабаларымыз ертеректе  балықтың сүйегінен жасап, сол  инемен аң терілерінен  өздеріне киім  тіккен. Ол бірте-бірте жетіліп қазіргі  жағдайға жетті. Ортағасырда араб дәрігерлері  көздің  хрусталь  құрлысын зерттей келіп, бір мөлдір ортадан  екінші  ортаға өткенде жарықтың сыну қасиетін байқап, бір заттың көзге көрінбейтін ұсақ  бөлшегін көруге  арналған линзаларды жасаған.

Тірі табиғат ерте уақыттан бері ғылым мен техниканың қарыштап дамуына  қызмет  етіп,  адамның ой-өрісінің шалқып өсуіне  септігін тигізіп келеді. Қоғамның даму тарихында адам табиғаттан көріп, үйреніп, оның ұқыпты  оқушысы болды  және сол үлгілерді күнделікті  тұрмыста үнемі  пайдаланды десек  қателеспейміз.

Гректің философы Демокрит былай деп атап көрсетіпті: «Адамдар өздерінің жаңашылдық пен өнертапқыштық қызметінің барысында үнемі  тірі  табиғатқа  еліктеп отырады. Соның нәтижесінде  біздер жануарлардан аса маңызды  істерді үйрендік, атап айтқанда біз өрмекшінің оқушысымыз себебі, оған еліктей отырып іс-тоқу өнерін үйренсек, қарлығаштардан берік үй, құрылыс салуды үйрендік, аққу мен бұлбұлдан, т.б. әнші құстардан сызылтып ән салуды  үйрендік. Табиғат ауыл  шаруашылығында, т.б. салада да жетекші  қызмет  атқарды дей аламыз».

Табиғатты  бар құбылысты тиімді пайдаланудың үлгісін біздер  Италияның ірі  оқымыстысы Леонардо да Винчидің (1452-1559) жұмыстарынан көреміз. Ол осыдан 500 жыл бұрын құстардың ұшу сырын бақылай отырып, нәтижесінде қанатын қағып ұшатын аппараттың жобасын жасаған болатын.

Кейінгі кезде биониктердің  жұмыстарында органикалық дүниедегі  түрлі  байланыстар мен сигналдар жүйесі жақсы зерттеліп жүр. Қазір жануарлардың «тілін» үйренуге  қол созып, олардың мінез-құлықтарын меңгеруге  мүмкіндік туып отыр. Бұл салада жасалынған жұмыстар да бар. Мысалы, аэропорттар, құстар мен ұшқыштардың соқтығысып қалмауы үшін, сондай-ақ  жүзімдіктерде, бақтарда тоғай мен басқа  зиянкес құстарды қорқытатын сигналдар (хабарлаушы аппарат) жасалынады. Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалу және тіреуіш жүйелерін балықтың, дельфиннің және құстардың  дене  пішіндерінің аэро  және гидродинамикалық қасиеттерін  зерттеу жұмыстарының нәтижесі  биониканың ерекше  бір бағыты - биомеханиканың қалыптасуына  әкеліп соқты. Мұның өзі  қазіргі  таңда корабльдерді  ұшақтарды, машиналарды  жаңа  типте жетілдіруге  себепші болуда.

Бионика біздің  дәуіріміздің тез дамып келе жатқан ең басты  ғылымының бірі және  ғылыми-техникалық ревалюцияның қуатты  тездеткіш күші. Ол ғылым мен  техниканың бұрын соңды естіп көрмеген жаңа сатысына  жеткізетіні сөзсіз болмақ.

 

 

11.6   Дыбыстардың ЕМДІК қасиеті

 

Сырқат адам өзін-өзі жазу жолындағы тағы бір тәсілі – ол әр түрлі шипалы дыбыстарды ұдайы пайдалану болмақ. Әсіресе бұл жаттығуларды жаңадан ай туып  келе жатқан кезде 3,6,7-ші күндері жасаса жақсы болады. Қалай айтсада әркім өзі біледі. Кейбір шипалы  дыбыстардың мағынасын қарап шығайық.

«И» дыбысы (Күннің теңселуі, 1 саны). «И» дыбысын соза айтуы гайморит, тұмау, көздің  қабынауын емдейді, әрі адамның творчетволық мүмкіншіліктерін ашады. Жоғарғы  рухани жоспарларына икемін артырады. Осы дыбысты  ұзақ уақыт бойы айтсаңыз қызуды және қуанышты сезе аласыз.

«А» дыбысын (Күннің теңселуі, 1 саны) баланы  жұбатып жатқандай айту қажет. Егерде «А» дыбысын ұзақ уақыт айтатын болсаңыз денеңіздің  қатаюы босап демалып қаласыз. Творчествалық мүмкіншіліктеріңіз  нығаяды.

 «СИ» дыбысы (Күннің күшті  теңселуі, 1 саны). Бұл дыбыс адамның денесін босатады, шошуды жазады, адамның сана-сезімін арттырады.

«У» (Марстың теңселуі, 3 саны). Бұл  дыбысты айтсаңыз дана боласыз. Осы дыбыс күш-қуат және энергияны көбейтіп адам өмірінің динамикасын күшейтеді.

«Э» дыбысы (Меркуридің теңселуі, 4 саны). Тапқырлықты және  пысықтықты  күшейтеді.

«Ю» дыбысы (Юпитердің теңселуі, 5 саны). Бүйректі және  қуықты емдейді,  науқас спазмаларды жазады, өмірдің жаңа  гаризонттарын ашады.

«МН»дыбысы (Юпитер және Винераның теңселуі, 5-6 сандары). Осы дыбыстың теңселуі үйіңізді  молшылыққа және аман-есендікке жеткізеді.

«Е» (Венерның теңселуі, 6 саны). Осы дыбысты  айтқан кезде көкжасыл түрдің сезімі пайда  болады. Жасыл түр тіршілік белгісі боп саналады. Басым үнмен айтқан кезде адам мен әлемді сүйе бастайды. Тұрақтылық және  тыныштылықты   сезінеді.

«ОЕ»  дыбысы (Венера және Сатурдың теңселуі, 6-7 сандар) серіктік қарым-қатынасты  жақсартатын тұтас дыбыс.

«О» дыбысы (Сатурнның теңселуі, 7 саны). «О» дыбысын  неғұрлым көп айтсаңыз, соғұрлым сіздің өміріңіз  жақсарады.

«НГ» дыбысы (Венера және  Меркурдің  теңселуі, 6-7 сандары). Творчестволық күштерді көбейтетін дыбыс.

«ЮЯ»  дыбысы (Юпитер және Күннің теңселуі, 5-7 сандары). Бұл дыбыс бүйрек және  қуыққа  шипалы  әсер етеді, тазартады әрі  энергия береді.

«ИЯ»  дыбысы (Венера және Күннің  теңселуі, 6-1 сандары). Бұл  дыбыс  жүрек  ауруын емдеп аруақтармен қарым қатынасты  орнатады.

«ОН» дыбысы (Сатурнмен айдың теңселуі, 7-2 сандары). Бұл дыбыс тік ішекке әсер етіп геморройды жазады.  Талып қалған кезде есіне  келтіретін дыбыс. Егерде жаныңызда жүрген досыңыз талып қалса бар күшіңізді салып «ОН»-ды бақырыңыз.

«НГОН» дыбысы 6-4-7-6-4 теңселудің тізбегі. Бұл дыбыс асқазан, бауыр  және мида , күнде қосылуына  жақсы әсер етеді. Гайморитты жазады. Ол евстахиев трубаларын ашады да адам аспан сферасының музыкасын  ести бастайды.

 

11.7  Ауланы, пәтерді және ОФИСТІ тазарту

 

Әлдеқашан әртүрлі елдерде  қоңыраудың шылдырымен тазарту бұрыннан мәлім  болған. Ресей губерняларында тырысқақ және чума аурулары болған кезде күні-түні қоңырау  шалған. Ауру жиі қоңырау шалған жердің жанынан жанай өтіп кететін болған. Дыбыс - ол теңселу, кеңістіктің  молекуласын тазартатын, территорияға ауруды жұқпайтын ететін күшке ие болған.

Сіздің  пәтеріңізді де «тазартуға» болады. Бір неше амалдар бар. Мысалы: қоңырауды алып бөлме ортасына тұрыңыз да қоңырауды бір рет соғып оның дыбысы қалай шығады екен тыңдап көріңіз. Егерде қатаң дыбыс шықса үйді тазарту керектің белгісі,  егерде дыбыс таза,  саңғырлап шықса үй ішінің тазалығын білдіреді.

Әрбір үй іші  бір неше минутқа  созылатын ақ көңіл күлкімен тазартады. Егерде үй  жануарын мысықты ұстатасаңыз үй таза болады. Мысық астралдық және эфирлік пландарды тазартады, ит менталдық пландардың тазаруына әсер етеді.

Кейбір үйдің де иесі болады. Оларда кейде дыбыс шығарып белгі береді, тіпті  сайтанға қарсы болады. Үйді адраспан, қылша сияқты қасиетті  өсімдік пен аластап та, дұға оқылып магниттенген суменде және  свечалармен де тазалауға болады. Сонымен қатар дұғада оқып,  дем салу (үшкіру) әдісі де оң нәтижесін береді

 

11.8  күшті әсерлі заттар

Ежелгі заманда  біздің ата-бабаларымыз рухтардың әсерінен қызмет ететін заттарды іздестірген. өзінің салт-дәстүрлерінде шөп дәрілерді тұтату арқылы мидың сезімталдығын күшейткен, кейбіреуі керісінше мидың жұмысын әлсіреткен. Мықты түтендіргіш заттарға: шырмауық, камфара, ладан, емен, мускант жаңғағын т.б. жатқызады.

Алоэ (Aioe vera) кептірілген және ұнтақталғанын түтеткен кезде  адамдардың чакраларына әсіресе  көз  жүйесіне  әсер етеді. Египетте және Шығыста кептірілген алоэні үйдің жоғарғы жағына іліп  қойған. Сондағы  мақсаттары үйге  теріс әсер етіп жатқан энергияны  қуады деп қабылдаған.

Қара бузина (Sambucus nigra) түтеткен  кезде мұрын қуыстарына  әсер етіп ғарыштық энергияны тез қабылдауға әсер еткен.

Сасық  меңдуана сиқырда әсерлі  зат ретінде  қолданылды. 

Ақ кувшика (су  перісінің шөбі) айлы түнде жуынған адамға  махаббатың бақытын және байлығын әкеледі.

Камфарма /Camphora/ құрамында косметикалық энергияны тез қабылдауға әсерін тигізетін эфир майлары бар. Камфара ағашынан алынады.

Лаванда майы (Oliun lavenduia)  лаванда тал-шілегінен шығарады. Лаванда майы кез келген түтілген затқа қосылады. Оның әсері көріпкелдікті күшейтеді.

Ладан (Oibanum) көптеген ағаштардың смаласы. үлкен температурада да ериді. Жүйке жүйесінің дамуына көмектеседі және жүйке жүйесінің сезімталдығын күшейтеді.. Рим және Грек шіркеулерінде көп пайдаланылады.

Мускат жаңғағы (Myristica fragang) мускат ағашының жемісі. Құрамында (15 процент) эфир майы бар. Ол биологиялық қоздырғыштарға жатады.

Шырмауық (Hedera helix) көріпкелдік және трансқа келтіретін шөп ретінде белгілі шөп.

Жусан - ащы шөп. Егерде оның бір уысын отқа  тастаса адамның бар қайғысы отқа көшеді. Егерде  жусанды үйдің кіреберісіне дорбаға салып іліп қойсаңыз, үйдегі керек емес лас энергияны қуып шығады.

Шетен ( Sorbus aucuparla) кептірілген және ұнтақталған шетен ағашының қызыл түсті жемістерін, түтеткен кезде ғарыштық энергияны қабылдауын жеңілдетеді.

Теректің жапырақтары (Populis nigra) - көріпкелдікті күшейтеді.

Фиалканың тамырлары (Vila odorata)  ғарыштық энергияны тез қабылдауына  құрамындағы  эфир майлары себебін тигізеді.  Шөптерді  тұтаттырмас бұрын үйлердің есік-терезелерін ашып қою керек.

 

 

11.9  Үй мысығының емшілігі

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының бюллетенінде 2002 жылы,  ақпан айындағы санында: «үй мысығының емшілігі» деген қызықты мақала  жарыққа  шығыпты.  Сол  мақаладан  оқырманға  қажеттісін ұсынып  отырмыз.

Үй мысығы табиғаттың ең  құнды әрі  жанды  жаратылысы, Бұл  барлық қуат мүмкіншілігінің  тірі  қабылдағышы. Мысықтың көзі  орасан үлкен бас сүйегінің 20 пайыз аумағын алып жатыр. Ал,  адамдарда мұндай болу қайда? Өйткені, көз  шарасының диаметрі не бәрі 10-12 см. ғана.

Мысықтың мұрты - сезім мүшесі  ретінде  тек дыбысты ғана  емес,  сондай-ақ биоқуат толқынын сезеді. Оның көріп байқауы өте жоғары  деңгейде. Тас  қараңғыда және тыныштықта мұрты  - антенна арқылы  бәрін сезіп біліп тұрады. Сонау орта  ғасырлық Еуропада  мысықтардың мүмкіндіктері мен ғажап қабілеттілігін жын-пері мен  жезтырнақтарға ұқсастырған. Сөйтіп,  мысықтарға осылай айыптап, әрі  сиқырлы мыстан кемпірлермен бірге өртеген. ХІV-ХV ғасырларда өте қатерлі дерт - өкпе мен без чума жұқпалы індеттің кең  таралуынан халықтың 30 пайызы қырылып кеткен. Бұған басқа да  кінәлілермен қатар,  егеуқұйрықтың көбейіп кетуінің де ықпалы болған.  Мысықтар қырғынға ұшырамаған кезде  індеттің осыншалық таралып, жойылып кетуі мүмкін болмас еді. Бұл ел тарихында ежелден белгілі. Ал  отбасындағы емшілік қабілетіне  кейінірек тоқталмақпыз.

Жан-жануарлардың емдік қасиеті  сонау мезазой дәуірінен белгілі. Қытай даналарының айтуынша: «жануарлар да - адамдардың тумасы». Өйткені оларда адамдарша бес сезімді  бастан кешеді - аштық,  шөлдеп аңсау,  сүйіспеншілік, қорқыныш және  ауру. Жануарлар биоөрісті жақсы сезеді және адам ажырата алмайтын иісті  мысық әп-сәтте, шұғыл айыра алады. Сондай-ақ мысықтар қандай болмасын хабарды  молекулалық және биоқуаттық деңгейде ала  алатыны да белгілі. Мұндай табиғи қасиетті пайдалану керек.

Соңғы кезде мысықтың шипалы  емінің мүмкіншілігі ғылым зертеулермен анықталуда. Әсіресе  ұзаққа созылған жүйке және психикасы  бұзылған жандарға шипалы  емнің  әсері  айтарлықтай. Мысықтар адам  денесіндегі  дертті  емдеп қоймай,  жандүниесін жадырататын шипалы әсерімен де  ерекшеленеді.

Ағылшындар: «мысықта тоғыз өмір» дегендей, яғни  өмір сүргіштік, жарақаттанып,  зақымданғаннан сауығуы мен бұрынғы  қалпына  келуінің  мүмкіншілігі  мол. Мұндай сауалдың  жауабы да оңай. Өйткені, олардың негізгі шарты адамдарға көмек ету. Мұндай қасиет оларға  ұнамайтын-дығын  айта кетеміз.

Егер сіз буын дерті  немесе жүйке  ауруына  ұшырай қалсаңыз, қатесіз анықтап, ауырған тұсқа жақындатып қысыңқырап жатқызып жылытады. Мысық ауырған нүктені  тауып, әрі  жайғасып орналасады да, көзі  жұмылып, үдете  пырылдап еміне  кіріседі.  Мысықтың пырылдаған баяу дыбыс тербелісінің ауруды басуға ықпалы мол. Сөйтіп, ауырған дене бөлігіне  тырнағын тигізіп, біртіндеп  мамықтай табанымен сипап, уқалап, массаж қимылымен сырқаттың бетін  қайтарып,  жанын  жадыратады.

Көптеген жағдайда, әсіресе жүректің  ұстамасы қысылуы мен қан қысымының тым  жоғарылау  қаупін бәсеңдетіп, жеңілдетеді. Үй мысығы ауру  иесінің жанынан бірнеше сағат бойы кетпей, су да, тамақ та ішпей  тек ауру  жеңілдегенде ғана тынышталады. Жалпы адамдар қан қысымы  көтерілгенде  мысыққа  сипалатқаны  жөн. Бұл, әрине қосымша  пайдалы - шипалы шара. Бірақ қажетті дәріні  алуға  қарсылық етілмейді.

Үй мысығы сіздің  ағзаңызды қалпына  келтіруге тырысады. Емші-экстрасеанстар мысықтар сияқты адамдардың ауру тұсын анықтап, өзінің шығарған биоқуатының көмегімен ауру жанының қуатының тепе-теңдігін үйлестіреді.

Адамдар өзінің көңіл-күйінің жақсы кезінде де үй-мысығына деген мейірімділігінен айырылмауы керек. Егер  мысығыңыз  тізеңізге секіріп, жоғары көтеріліп, мойныңызды жұмсақ табанымен құшақтап, маңдайыңызға , құлақ шекеңізге,  иегіңізге сүйкенсе де тыйым салмаңыз. Ол содан  кейін ашына пырылдап құлағыңызға дейін барып, нәзік тілімен жалап-сылап, уқаласа да  мысығыңызды қумаңыз. Құлаққа - ағза  жүйесінедегі қуат-байланысының жиынтығы орналасқан.  Сондай-ақ құлақтың  жарғағында орналасқан белсенді биоқуат нүктелерінің жиынтығы барлық ағзалармен байланысты екені  белгілі.  Сөйтіп, жоғарыда айтылған үй мысығының іс-әрекеті жан-жақты  әрі тегін шиаплы ем сеанс болмақ.

Ал, үй  мысығының сізге өте  үйірсектігі байқалса, онда  қан қысымыңызды өлшеп, қажет болса үйреншікті-пайдалы дәрі-дәрмегіңізді  ішіп, аурудың алдын алуға көңіл бөлгеніңіз дұрыс.