ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

17

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

6.6    ҚҰЙЫН ЖЕЛ АҚЫРЗАМАН ӘКЕЛМЕЙДІ

 

"Жақсы сөз жарым ырыс" деп халқымыз бекер айтпаса керек. Ұлы халықтың ұрпағымыз. Ата-бабаларымыз мұз жастанып, қар жамылып аш-жалаңаш өмірді басынан кешіріп, небір табиғаттың қатал кысымына (суығына, жұтына, боранына, ыстығына, су тасқынына, құрғақшы-лығына т.б.) мойымай Аллаға деген сенімін бәрінен де жоғары койып, ешқандай сүрінбей, тіленбей сахаралы жерді иемденді. Мемлекетін құрды. Ұлтының мәртебесінің өсуін бір Алладан тіледі. Алдағыны болжады. Көзбен көргендей болып, жаманына өкініп, жақсылық жағына қуанып, біз көрмесек те шіркін-ай, ұрпағымыз көрсін", – деп қанағат етті. Иә, Майқы би бабадан бастап ел болашағын болжаған көрегендер, бүгінгі ел егемендігін өздері-нің қара сөзімен де, жыр-толғау, термелерімен де дәл көрсетті. Шынында да, кешегі ұлы империяның боданында болған, езіне өзі билігі жоқ қазақ елі де егемендігін алып, талай жылдарды артта қалдырып, әлемнің 150-ден артық елі танып мойындаған ел болды. Өмірде не болмайды. Ол қоғамның бір сатыдан екінші сатыға өтудегі нақты даму, өзгеру, құрылымдық заңды-лығы. Осыны түсінген ел азаматтарының қазақ елінің бүтіндігіне мұрындық болып, ішкі-сыртқы жаман күштерге қарсы күресіп, рухани-діни, мәдени-экономикалық дамуына мол үлес қосып жатқандары да көптеп саналады.

"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" демекші, бірлі-жарым рухани-ғарыштық ілімнен танымы нашарлар "ақырзаман" келе жатыр, дәл мына күні болады деушілер қарапайым көріпкелдер мен журналистер кездесіп елді шулатып келсе, енді үлкен зерттеуші ғалымдар да қосыла бастады. Қысқасы, олардың айтқаны болады-мыс.

1998 жылы 18 шілдеде сенбі күні кешке карай Алматы мен басқа да аймақтарда күтпеген жерден дауыл болып, арты таңқаларлық талай кішігірім апатты құбылыстардың ізін клдырды. Халық тәубесіне келді. Кейін хабарланғанындай бір Алматы қаласы 16 миллион теңгенің зиянын шегіпті. Желдің жылдамдығы секундына 12-17 метрге жетіпті. ("Жас Алаш". 1 тамыз. 1998 ж.) Осы апаттан кейін бір зерттеуші көріпкелсымақ: "8 тамызда жер әлемде "ақырзаман" болады", - деп, ғылыми да практикалық та дәлдікпен дәлелдеп ескерткенін, баспа және бұқара кұралдары кезек-кезек хабарлап жазып жатты. Біздің болжамша әлі әлемдік ақыр­заман ауылы алыс. Майқы би бабаның болжауынша асықпайық. Бақандай 2000 жыл бар сияқты. Бұл аз ба, көп пе ойланыңыз?

Аяқ астынан құйын басталып, көкке көтеріліп, көріпкел Ванга әжейді де бірге көкке алып ұшқан. Марқұм Ванга әжей көзінен айырылғанымен, он екі жасынан бастап сексен бестен асып қайтыс болғанша, бүкіл әлем елі құрметіне бөленді. Құйын Ванга әжейдің екі жанарын алғанымен, оған адамзат алдында мәңгілік өлмес құдіретін сыйлады.

Биылдың өзінде (1998 ж.), бүкіл дүние жүзі елдерінде – АҚШ-та, Ресейде, Малайзия, т.б. елдерде біздегі құйыннан бірнеше ондаған есе, жылдамдықтағы құйындар болды. Тауды қопармаса да, тасты аударып ағызды. Алдында кездескен орман, тоғай, құрылыс, үй қирады. Машина-ларды төңкеріп тастады, артынан су тасқыны т.б. апаттар жалғасып жатты. Құдай сақтасын, бізде оның бірі де болмады. Азды-көпті шығынды басқа-лармен салыстырғанда тәубе деп жағаңды ұстарың анық.

Ал бұл елдердегі көріпкелдер де, ғалымдар да ана сойқан жұт әкелген құйыннан соң, бірде-бірі "акырзаман" болады деп біздегідей айғай-аттан салған жоқ. Мүмкін болған да шығар, бірақ ол елдердің ақпарат құралдары мен баспа беттері оларға мүмкіндік те бермеді. Халқын үрейден қорғай білді. Ал, біз ше...?

Алыс елдердегі құйынды қоя тұрып, біраз жылдан бері өз еліміздегі болып өткен құйындарға тоқталайық. 1994 жылы 7 маусымда жұмыс бабымен Жетісай қаласына түнгі сағат он бірде барып, қонақ үйге орналас-тым. Алдында көрші Киров ауданында болып, осында келуім.

Түнгі сағат бір жарымнан аса ашық аспанда аяқ астынан қою қара бұлт басып, екі сағаттан аса уақыт бойы бірдемде құйындата, борандата үрейді алып, әр жерден күшті найзағай жарқылы құдды зеңбіректің оғындай атылып жатты. Жалпы адамдарда бір үрейлі қорқыныш пайда болып, бәрі оянып кетті. Қонақ үй ішінде күбір-күбір әнгіме. Мынандай сағаттарға жалғасқан найзағай тарсылын өмірі көрген де емеспін.

Аспанды торлаған кара қошқыл, өркеш-өркеш бура тектес бұлттар тулап барып, бір-біріне орын теуіп алмасуда. Көрші жатқан өзбектің астанасы Ташкент іргесіндегі мына қазақ жерінде бұл не сұмдық? деген ой да келді. Таң да атты-ау. Ешнәрсе болмағандай. Ойлап барып бұл құйынды құбылысты тексергенде, құйынның да бекер емес, ғылыми және діни жақтан нақты себептері барын аңғарғандай болдым. Тіпті одан ары бір шаруашылық маңында балық тектес бір нәрсе жауыпты. Кейін үш жылдан соң бір өзенінде катты толқынды құйын болып, су деңгейі көтеріліп, суы Өзбекстанның үш шақырым жеріне дейін барып, құмын, тасын лақтырып тастағанын 1997 жылы тағы естідік. Сонда, бұндай алып күш неге бұл аймақты айналдырады? Мәселе дәл осында ма дейсің. Себебі, жердің де иесі бар, киесі де жоқ емес. Найзағай түскен жерлерде көбінесе жын, шайтандар малдың әр түріне ұқсап, немесе басқа бір тірі тұлға болып тұрады екен. Осылар адамға сиыр, ешкі т.б. болып көрініп зиянкестік жасайды екен. Көкке өрлеп тың тыңдамақ болған жын мен шайтанды періштелер найзағай отымен атады екен. Бұл біреуге фанта­зия болғанымен, шындық екенін Құран Кәрім де растайды. Көршілес отырған Өзбекстанмен шекаралас біздің елдің аймақтарында да кері дінге үгіттеуші дуашылар мен сиқыршылар да жетерлік. Сонымен қатар өзінің дінін тастап, басқа дін кабылдағандар да баршылық. Зұлымдықтың ба­сқа түрін қосыңыз. Осыған байланысты қара бұлт болып, құйын пайда болып, бақсы жын шақырып, перілер, жындар, диюлар мен шайтандар армиясын соғыстырып, өздерін көрсетпей отты жарқыратып, қылыш даусынан түсініксіз айғай шығартып қойғандай еді. Құйын болу ол ақ пен кара күштің сайысы болса, екінші жағынан Алла тағаланың пендесі имансыздыкка карай бет бұрғанда, тәубесіне келтіру үшін өз құдіретін, қаһарын танытудың бір жолы Алматы төбесіндегі қара бұлттың төнуі де біздің діни-рухани санамыздың дәрежесіне байланысты болып отыр. Бұған күмәнданбай-ақ қойыңыз. Бұл да бір шындықты сүйеніп жазылды.

Өте күшті дауылды құйындар ерекше гүріл шығарып, жел тұрғызып жан-жағы мен алдындағыларды бірдемде жалмап, қиратып, ұшырып, аспанға тік көтеріп, заттарды, құрылыс-тың бөлшектерін бір орыннан екінші орынға ұшырып та жылжытып та апарып тастайды.

Кейбір құйынның өзі құдды алып шаңсорғыш тәрізді болады екен. Кейде ол жүріп өткен жерде көлшіктер құрғап, түбі көрініп қалады. Бұл алып құйын түрде өте қатерлі. Егер ол электр бағанасы өтетін ауыл үстімен өтсе, ауыл өртеніп жатқандай әсер қалдырады. Кейде мұндайда өрт те болады. Машиналар, жанар май бөлшектері қопарылып, үй шатыр-ларын оттың құшағына орайды. Бұндай құйынды "торнадо" деп атайды екен Солтүстік Америкалықтар. 1984 жылы ағылшынның "Таймс" газеті бір кеште Американың оңтүстік және солтүстік Каролина штатында секундына он шақырым жойқын құйынды дауыл болғанын бір үрейлі дыбыс адамдардың зәресін алғанын, ал үйлер болса, бірнеше секундта қирап, үйіндіге айналғанын жазды.

Зейзел Тейлор дегендің жұбайымен бірге машиналарынан жұлып алып, құшақтасқан күйде көкке көтеріп әкеткен. Кейін ес-түссіз жатқан жерінен оларды тауып алған. Мұндай жойқын құйыннан Америкада жылына жүздеген адам өліп, бірнеше елді-мекендер қирап қалады екен.

Сонда да бұл ел Құдайсыздығын қоймай, "ақырзаман" болмайтынына кәміл сенеді. Мұндай пәледен бізді Алла сақтасын, тәубе дейік!

Құйын жер таңдамайды. Ол жер шарының кез келген жерінде Құдайдың құдіретімен бола беретін құбылыс. Ешкім бұның нақ сырын біліп, тоқтата да алмайды. Жаңылмасам, 1990 жылы бір "қасиетті..." емші дауылды тоқтатты деп "Қазақ әдебиеті" газетінде жазылды. Сол емші қазір Алматыда тұрады. Сен дауылды кайтып тоқтаттың?, – десек, "Мақаланы мен жазған жоқпын аға", – дейді. Міне, "асыра сілтеген" қаламгердің бізге сыйы.

1927 жылы Белоруссияда, 1953 жылы Ресейдің Ярославль қаласында болған құйындар жүк тиелген вагондарды темір жолдан аударып жіберген. Кейбір құйындар емханаларды ыдыс-аяғымен көтеріп кетіп, ешбірін сындырып-бүлдірмей екінші жерге апарып қондырған.

Сол секілді аспанға құйын көтеріп кеткен адамдар да баска жерге аман-есен түскен.

Ал үйдің шатырын көтеріп кеткен күйын 200-300 метр жерге апа­рып қаз-қалпында қондырған. 1904 жылы 29 маусымда Мәскеуде кенеттен аспанда қара бұлт қаптап, жерге карай жақындай бастаған. Жерге жақындаған бұлт ішінен үлкен отты арқан көрінген. Өрт сөндірушілер өрт екен деп сөндіруге ыңғайланғанда, өрт сөндірушілерді техникасымен, адамдарды да, малды да жан-жаққа лақтырып жіберген. Жүз жылдық ағаштар түбірімен қопарылған. Бір базардың бастығы құйынның күшімен аспанға қалықтаған. Ол бір кезде бұршақ соққысынан үсті-басы көгеріп, жалаңаш күйде жерге түскен.

Сол қүйын Мәскеу өзені үстімен өткенде өзеннің түбі көрінген. Осы қауіпті оқиғадан кейін сексен жыл өткенде 1984 жылы құйын тағы да Мәскеуге қайталап соғады. Ол көзді ашып-жұмғанша үйлердің шатырын сыпырып, жолдағы машиналар мен вагондарды аударған, бетондарды қопарған. Ал, Алматыда мұндай құбылыс болмаса да (ләйім Құдай сақтасын), он алты миллион теңгелік шығын болды деуге қалай қараймыз? Тамағы қурап бара жатқандардың үстеме мәлімет бергенін ешкім ақтай алмайды да. Кейде құйын саңырауқұлаққа ұқсас болып келіп, бірден аспанға көтеріліп кетеді. 1981 жылы маусымда Балтық бойында бір елді мекенде қатты құйын болып, жоғарыдағы жағдайды қайталаған. Кеңестік ұшқыш Логинов 300 метрдей биіктікте қою қара бұлтқа жақындағанда ұшағының кенеттен 450 метрге көтерілгенін сезген. Диаметрі 100-150 метрлік құйын бұлттың арасынан құтылып шыққанымен, оның ұшағы көпке дейін тепе-теңдікке келе алмаған.

Жалпы құйынды ғылымда әртүрлі температурада, әр түрлі бағытта ағып бара жатқан ауа толқындарының тоғысуынан болады дейді. Олар бұралған толқын құрып, ортасында бос қуыс қалады да, ол сорғыш күш туғызады, егер қысым тез төмендесе ауа тез суып, суға, бұлтқа айналып, қаратүнек бұлтқа айналады деген ғылыми тұжырым берілген.

Сондықтан да әлемде құйын күшін, жылдамдығын өлшейтін құрал жоғын ғалымдар мен метеорологтар да мойындайды.

Ойланайықшы, диаметрі 100-150 метр немесе одан да үлкен құйын пайда болтан кеңістікте сондай күшті қауіпті құбылыс тудыратын әр бағыттагһғы, әр температуралы ауа толқыны қалай пайда бола қалады?

Мен ертеде Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылындағы Калинин колхозында бас инженер болдым. Осы шаруашылықтың орталықтан 30 шақырым жеріндегі Көмірші бөлімшесіне жетпей, Сағымбек сайы деген жер мен Көміршіден ары 2-3 шақырым тау етегінде қатты құйынды жел, аяқ астынан әсіресе, кыс пен көктем айларында соғады.

Сайдан соғатын құйынды боран секундтің бөлшегіне де жетпейді. Ысқырған жыланның, тасыған тасқынның, бір ыңғайсыз шулы дыбыстың үніне ұқсайды.

Бірде көктемде мал қораларын аралап келе жатып, жіңішке өзектен өте бергенде болған құйынды бораннан бір нәрсе бастап бара жатқандай тұманды елесті бейнені байқадым. Ол бірде ағарып, бірде жоғалып, қайта тез көріне жоқ болды. 1976 жылдың 30 желтоқсаны түні осындай құйынды бораннан он киловаттық электр желісінің жоғары кернеулі бағаналары құлап қалды деп шопандар хабарлады. Мамандығым инже­нер-электрик болғандықтан да аудандық электр жүйесі мекемесінің шебері марқұм Асанов Ерден бастаған электриктерді апардым.

Барғанда көргеніміз, бағананың цемент ұстағыштарының (пасынка) көбі сынып кеткен. Кейбір жоғары кернеулі бағаналар жерде, кейбірі сымдарға асылып қисайып қалған. Жарты шақырым аралықтағы бұл апат қанша жыл өтсе де әлі есімнен кетер емес. Кейін мұндай апаттар мен сол Нарын-қол аудандық электр мекемесі бастығы болған жылдарда да қайталанды. Бағананы калпына келтіруде отыз бес градустан артық аязда, когтемен (ұстағыш) жеті метрлік биіктікте жұмыс істеген марқұм Асанов Ерден электриктер Бейсенбеков Бекен мен Серкеев Қайыржан, Сағындықов Әутен т.б.-лардың ерен еңбегі мен ерлігі құйынды боранның сиқырлы күшін жеңген еді. Адам табиғат қожасы деген осылай жүзеге аса бермек.

Қазақ жерінде үлкен құйын болмауы халқымыздың ынтымағының, Елбасының сабырлылығының нәтижесі. Патша барлық ұлтқа әділ бол­са, ол аймақта табиғаттық жойқын күштер төңкерісі болмайды. Болғанымен, жоғарыда-ғыдай тексермелі ескертулер болары шындық. Егер біз өзіміздің айналамыздағы бүлік шыққан елдердің оншақты жылғы тарихына үңілсек, табиғи апаттар жер сілкіну, су тасқыны, құйын желі, тау қопарылысы т.б. көптеп кездеседі. "Көріпкелдік" мақаламда ескерткендей, қазақ жері ғаламдық "рухани орталыққа" айналуда. Дегенмен, біз сауатты болу үшін табиғаттың құбылыстарынан хабар берген, күшті зиян келтірмеген Жаратушы Иемізге рахмет айтайық.

Табиғат апаты түстің аяны арқылы да берілетініне көзім жетті. 1997 жылдың 23 сәуірі. Түн. Ұйқы. Бір нәрсе мені оятты. Жатқан бөлмемнің төбесінде аспан пайда болыпты. Қарап жатырмын. Көзім ашық. Бір уақытта аспан коңырлана бастады. Сол қоңырланған аспанның солтүстік жағы-нан оңтүстігіне карай бір үлкен шахматтың "қара пешкасы" құдды адам сияқты жылжып барады. Пешканың артында қалған аспан әлемі ағара бастады. Менің көзімді бір күш еріксіз жұмды. Жақсылыққа жорыдым. Дегенмен бірер күннен соң бүгінгі бүлініп жатқан Кентау қаласының маңындагы Куйбышев шаруашылығына жақын жерде күндіз сағат үш пен төрт арасында құйын болып, жақын ауылға біраз зиян келгені баспасөз беттерінде хабарланды. Бұл құйынды көрген сол маңда мал жайып жүрген танысы, кентаулық емші Сәттібек Файзуллаевқа былай дейді: "Мен ауыл маңындағы бір төбеде азын-аулақ малымды қарап отыр едім. Бір уақытта ысқырғандай дауыс естідім. Жан-жағыма қарадым. Ештеңе жоқ. Күн шайдай ашық көзді ашып-жұмғанша аспаннан бір аппақ сызық оқтай зулап барып жерге жақындағандай сезім берді. Арты аппақ құйынды қысқа көлемді, алды жіңішке, ал арты спи­раль тәрізді бір жойқын құйынды боран ауыл ішіне енді. Мен биікте бақылап отырмын. Әлгі құйын тура бағыт алмай, әр көшені тез аралап, ішінара үйлердің ғана есік-терезесі мен шатырларын жұлып өте шығып, көзден ғайып болды".

Оның айтуьшша қираған, зақымдалған үйлердің көбі жағдайы жақсы, онша дінге сенбейтін еркөкіректердікі болып шығыпты. Қазір ғана емес, бірнеше жылдан бері шенеуніктердің дұрыс басшылығы жоқтығынан кентаулық-тардың қайғы-қасіреті аз болып жатқан жоқ. Мына құйын сол халқын ойламағандарға қарсы тылсым күштің астральды толқынды әсері мен қарапайым халықтың жинақталған символдық, қаһарлық күші ме дейсің?

Осы күні түстен соң (2.05.1997) Орталық теледидардан Оңтүстік Қазақ-стан облысының Төле би және Түлкібас ауданында күндіз бір сағат арасында аспанда кішкене қара бұлт пайда болып, арты боранды жаңбырға ұласып, осының әсерінен 700-дей үй зиян шегіп, 20 үй қирап және басқа да құрылыстарға шаруашылық нүктелеріне үлкен шығын келгенін хабарлады.

Сол кезде Шымкент қаласындағы христиан, будда, бақаи, кришна т.б. бағыттағы дінге жергілікті қара көздер өте ынталы кіріп, діндерді қабыл-дап жатқаны туралы тілшілер шырылдап мақала жазып жатты. Тіпті Шымкент қаласы ортасынан қазақ жастары үшін керемет ғимарат "Хри­стиан мұсылман жастары" мен "христиандық құтқарушы құдайдың" шіркеуін де салып бітірген-ді. Ел іші имансыздық жайлап сондағы ел басқарғандар тойымсыз болғандықтан, ұлтының бүтіндігін (діни) сақтап қорғай алмағандар кінәсынан қарапайым халық зардап шекті. Бұл – бұлтартпас шын-дық.

07.05.1997. Теледидардан "Өзбекстанның Ангара деген жерінде қатты құйын болды. Соның әсерінен жақын маңдағы өзен суы өз арнасынан сыртқа шығып кетіпті. Өзен түбі көрінген. Малдарды, ағаштарды, адамдарды және заттар мен кішігірім тастарды да ұшырған. Үш адам қайтыс болды және құйын үш шақырым ғана аралықта болды", – деп ха­барлады. Міне, менің бір көрген түсімнен соң осындай талай оқиғалар Орта Азия көлемінде болып жатты. Бір жақсысы біздің елді басқалардай қатал қысымға алмай, Жаратушы Иеміз өзінің ескертуін берді.

Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің "Шипагерлік баян" кітабында: "Алла Адам ата мен Хауа анаға өзінің қаһарын таныту үшін, жылдың төрт мезгілін боранды қысын, көктемін, жадыраған жазын, салқын күзін жаратты", – дейді ("Жалын". 1996 ж. 46-бет). Осыдан-ақ Алланың каһарын, сынағын, бақылауын тексеріп өлшемдік баға беруін білуге болады. Құйындар да бізге Алланың ескертуі. Құйын "ақырзаман" тудырушы емес.

"Ақырзаман" кеп қалды деушілер бүгін ғана емес сонау 1995 жылы 10 қарашада журналист Зинат Жалайыр "Жас Алаш"-тың МБМ-іне "Ақырза-ман бола ма?" деп сол кезде теріс бағыт беретін "Махаткалар не дейді?" кітабын әлде біреулердің еңбегінен көшіріп жазған, авторлар ерлі-зайыпты Александр мен "ұшқыш" Эльвира Светловтарды мақтап жазып, елдің үрейін туғызды.

Бұның зардабы болмаса да, абайламай, ойланбай жазған Зинаттың мақаласы кейін күлкіге айналды. Ана екі "досы" "ғарышына" қайта ұшып кетті ме, әлі үнсіз.

Бұл мақалаға накты жауап "Заң" газетінде жазылды (N45.24.07.1996 ж. авт. З.Қ.). Зинат пен ерлі-зайыпты Светловтар шын "ақырзаманын" дәлелдей алмағанына енді не дер екен? Баспа бетіне бұндай өрескел жайларды жариялауда "Жас Алаштың" "Мыңнан бір мезет" қосымшасы басқа баспа сөздерге жол бермей келеді.

1992 жылы 23 карашада өздерін "ақтармыз" деген Исаның анасы "Мәрия" тобы "ақырзаман" болады деп бүкіл әлемге жар салады. Қандай қорқынышты десеңізші? Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары болса солардың айтканын хабарлап, карапайым халықты үрейлендіруден аспады. Ешкім қарсы мақала да, сөз де айта алмады. Айтқымыз келсе де "цензура" ойымызды жібермеді. Құдай жарылқап 1992 жылы 18-21 қазан аралығында Алматы қаласында бүкіл әлемдік "Рухани бірлік пен келісім" конгресі өтті. Мен Алла жар боп, 20 қазанда әлемнің алпыстан артық елінен келген ғалым, діни, емші, көріпкел, болжаушы, жұлдызшылары мен Алматы түрғындары қатысқан Респуб­лика сарайындағы емдік байқау сеансымда "23 қарашада ақырзаман болмайды", – дедім. Әлі есімде, халық толқып, қуаныштан көздеріне жас алғандар да болды. Одан кейін: "ақырзаманшылар Құдайдан жазасын алады", – деп емімді бастап кеттім. Бұл менің сөзім емес, маған көмектесетін ғарыштық рухтардың жақсы хабары еді. Сол конгрестегі бейнефильм өзімде сақтаулы. Сөйтіп, әлем "ұятсыздардың" болдыратын ақырзаманынан 1992 жылдың 23 қарашасы-нан аман өтті. Украиндық "Ақтардың" басшылары Мәрия мен оның күйеуі келер 1993 жылы дәл қараша айында түрмеге жабылып, ұзақ мерзімге сотталды. Құдай өздеріне "ақырзамандық" азап сыйлады. Қазақтың "біреу-ге ор қазба, өзің түсерсің" деген дана сөзін осы жерге қолдануға болатындай.

Адамның ойы өте күшті қиратушы күш. Оны баскару да мүмкін емес. Егер жеке адамның қара ниет күшіне басқалардың осындай қара ниеті мен қарғыс (зұлымдыққа карсы) күштері қосылса, ол өте қауіпті болмақ.

Бұдан басқа жер бетіндегі қара күшке қара үзген шипагер Өтейбой-дақтың: "Алла адамзатты үш қатар етіп орналастырған. Жоғарыда "Темір қазықты", ал ортада біз, бізден кейін жер астында "Алтын қазықты" адамдар бар", – дегеніне сенсек, ана жер бетіндегі "қара күштерге" аспандағы "Темір қазықты" мен жер астындағы "Алтын қазықтыдан" да қара күштер қосылады ("Ш.Б." 476).

Осы үш түрлі "қара күштер" әр түрлі электр өрістік толқынға ие бол-ғандықтан, бұлар түйіліскенде тұйықталып күшті дыбыс, жарқыл шығуы мүмкін. Бұл жағы бір Аллаға аян. Кәдімгі құйынның от болып, арты өртке айналуын электр желісінің бір немесе үш фазалы тұйықталуына ұқсатуға болады. Ал қатты жарқыл ол электр кондырғыларының ішкі тетіктерінің өзара тұйықталуы сияқты көрініс береді.

Қысқасы, құйын да ауадағы жиілігі мен ампулитудасы әр түрлі электромагнитті толкындардың бір нүктеде қатты соқтығысып бірден тұйықталуынан болатындай. Міне, біз құйынның ғылыми және діни жактарына жай ғана мән бере отырып, адамның ой өрісін жақсылыққа ғана бағыттағанды ұсынамыз. Барлық уакытта кез-келген жаманшылықты естігенде арты жақсы болады деуге, ал жамандык келе жатыр дегендерге ол болмайды деп тойтарыс беруге бір-бірімізді үйретсек еш уақытта "қара күштер" адамзатқа жамандық істеу мүмкіндігіне ие бола алмайды. Жамандық ойлағандар мен оны таратушылар ерте ме, кеш пе әйтеуір өзі қазған орға – өзі түсері анық! Біз бұны жоғарыда дәлелдеп кеттік. Мақала да жамандық болады (8 тамыз 1998) дегеннен бір жеті бұрын жазылды.

Қасиетті Құран-Кәрімде мынадай аят бар: "(Мұхаммед!) олар сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: "Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді" де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де"(Әғраф 7: 187). Осыған сүйенсек "ақырзаман" дегеннің мәлімі біз үшін жұмбақ. Оның дәл қашан болатынын аса Құдіретті бір Алла ғана біледі. Сондықтан оны пәлен уақытта болады деу күпірлік. Бұл Алла тағаланың эволюциялық даму сатысы заңының негізінен жүзеге асады. Сондықтан да, құйын ба, басқа да табиғат апаты ма, олар "акырзаманды" шақырушы да, болдырушы да емес. Алланың рахымына тәубе дейік!

 


 

                                                   pic

 

 

VII  Тарау

 

ТАБИҒАТТЫҢ ДӘРІСІЗ  ТАБИҒИ  ЕМІ
 

7.1  ТАБИҒИ   ЕМ

 

Ата-бабаларымыз ертеден-ақ ауру-сырқауға шипалық емді табиғаттың өзінен іздеді оны  тапты, пайдаланды одан ары дамытты.. Табиғаттың құшағында өмір сүре жүріп, оның суының, асыл тастарының, өсімдігінің, таза ауасының, жер қойнауы ерекшелігінің, шөптерінің, саз балшықтарының, минералды суларының және металл мен металоидтарының адам ағзасының сырқаттарына емдік қасиеттерін ашты.

Оның ғылыми негізде тұжырымдалғанын біз XV ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабынан білудеміз (Алматы, Жалын. 1996. 335-360 бб).

Қазіргі ғылыми медицинаның қарапайым халыққа қызметі өтпелі кезең заңына сай құлдырауда. Ауырған адам ақылы медицинаға емі үшін ақша төлейтінін былай қойғанда, қолында медициналық сақтандыру куәлігі барлар да өзіне тиісті көмекті ала алмауда. Ауылдардағы медициналық емдеу бөлімдері жабылып, кіші кезекшілік фельдшерлік орынға айналдырылуда. Бұның бәрі қаржы жетіспеуіне байланысты уақыт қыспағы дегенмен, қол қусырып карап отырудың қажеті жоқ. Қалтасында қаражаты жоқ қарапайым халық қана емес, қалталы байлар да ауруы жанына батса оның дауасын табиғи емнен іздеуде. Халық емшісін өзіне бағындырғандар олардың да еңбегін ақылы етіп қойды. Осы халық емшілері күні кеше халық ішінен шыққан, халық емінен бұрын хабарсыз жандар екені рас. Бұл емшілерді біреулер аспаннан келіп оқытқан да жоқ. Өз бойларына біткен киелі қасиетті біреуі дұрыс таныса, кейбіреулері жалғанды жалпағынан басып, күнәһар болуда. Көп емшілердің сауаты жоқ. Мәдениеті төмен, діни сауатсыз. Оны халық та біледі. Ертеде әр үйде кішігірім сырқаттарға өздерінің жанұясы ішінен бір мүшесі ем-дом жасай білген. Ал қазір өмір басқаша сипат алды. Бұл қалай? Неге әркім өз үйінің бір кішігірім емшісін дайындамайды? Қашанғы халық шарасыз күйде жүре бермек? Коммунистік партия кезінде орыстың әр үйінде болмаса да, үй ара дәрігері, медбикесі, үй дәріханасында дәрісі болды. Қазір олардың тағы да қарапайым халық емі жөнінде үй емшілері пайда болды. Сонда қазақ халқы кімнен кембіз? Бойымызды билеген баяғы кер жалқаулық пен басқаға сенгіштігіміз, бізді арамдар торына түсіруде.

Күні кешеге дейін жас нәрестелі болған келіншектер өз нәрестесін қырқынан шыққанша, одан кейін де, сылап-сипап, майлап, денесін уқалап және дене мүшелеріне неше түрлі қимыл жасады. Баланы тіл мен көз сұғынан қорғады. Енді балаға суық тие қалса, оны майлап, терлетіп күтуді білмейді. Тіл мен көз сұғы тисе аштауды да білмейді. Бұл қалай?

Ертедегі халық емшілері қандай сырқатты жазса да ақы сұраған емес. Емделушінің бергеніне риза болып кете берген. Енді бір-бірімізге қара­пайым халық емінің әдіс-тәсілдерін үйреткеніміз жөн. Қауымдастық көп жылдан бері өзінің рухани сауықтырушылары арқылы, халықты өзін-өзі емдеуге үйретіп келеді. Енді жалпы көпшілік болып қолға алайық.

Арнайы медициналық тексеруден өткен минералды суларды, саз бал-шықтарды, құмдарды дәрігерлік кеңеспен пайдалануға көшкен дұрыс. Мұндай емдік қасиетке ие табиғи көздер әр жерде де кездеседі. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.

1 Саз балшықпен емдеу әдісі. Бұл әдісті көбінесе қол-аяқ, бас, арқа ауырғанда, денені суық шалғанда, ісік қайтарғанға пайдаланған. Ғалымдардың зерттеуінше (Ромоло Мантовани), саз балшықтың құрамында күннің, судың және ауаның пайдалы магнетизмдері шоғырланған дейді.

Олар ағзаны дімкәс және әлсіз клеткалардан тазартады. Өлі клеткаларды ығыстырып, тіндерді жаңартып, зат алмасу процесін калпына келтіреді екен. Саз балшық құрамында ағзаға қажетті элементтер өте көп. Сондықтан да санаторийлер мен физиоемдеу орындарында саз балшықпен емдеу көптен бері қолданылып келеді. Мысалы, Алматының шығыс жағында 350 шақырымдағы тау ішінде аумағы 30-40 шаршы шақырым "Тұзкөл" көлі бар. Ол Алматы облысының Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы аймағында. Осы қасиетті көлдің тұзын ертеде Жетісу өлкесі тұрғындары пайдаланса, кейінгі жарты ғасырда оның сазды балшығын Алматының айналасындағы санаторийлер мен емдеу орындары алдырып пайдалануда. Осы көлдің жанына бес шақырым жерде "Тұзкөл" ауылы бар. Ол менің ата мекенім. Бірақ, халық әлі осы саз балшықты пайдалана алмай келеді. "Көл-дің "Көк өгізі" бар, балам",- деп маған марқұм анам Өзипа Сыбанбекқызы талай айтып еді. Онда мен мән бермедім. Енді ойласам, көлдің де киесі мен иесі барына көзіміз жетті (VIII-тараудағы "Құмалақшы" мақаласын караңыз).

1997 жылы Павлодар қаласынан он шақырым жердегі Мойылды санаторийінде жұбайым Түймекүл екеуміз дем алдық. Бас дәрігер Свет­лана Жағыпарқызы мен оның орынбасары Зәурештің осы көлдің саз балшығы-ның емдік қасиеті күшті дегендері шын екенін біз кейін жақсы сезіндік. Бұл табиғат ананың адамға көрсеткен дәрісіз шипалы емі демеске шараң жоқ.

Дәрігерлердің анықтауынша саз балшықтың майлысы тиімді екен. Оны білу үшін саз балшықты банкіге салып, үстіне су құйып араластырады. Балшық қоймалжыңданып тұнбаға тез түспесе, майлы болғаны да, егер тез тұнбаға түссе, майсыз болғаны. Саз балшықты пайдаланбас бұрын оны құрғатып, қоспаларынан тазартады. Ұнтақталган саз балшықты ыдысқа салып, үстіне су құйып, қоюланғанша араластырады.

Одан кейін ыдысты балшығымен ыстық суға салып, 40-45 градусқа дейін қыздырып, ауырған жерге қалыңдығы 4-5 сантиметрдей етіп жағып, 15-20 минут ұстайды. Кейде белге дейін арнайы оранып жатуға да болады. Балшык жаққан жердің сыртын матаман жауып таңып тастау керек. Екі күн сайын қайталап, 10-20 сеансқа дейін ем жасаған дұрыс. Ем қабыл-данып бітісімен денені жылы жерде жылырақ сумен жуып тастау немесе душ қабылдаған жөн.

Кейбір медицина қызметкерлері саз балшықты кыздырмай да қолдануды ұсынады. Мұндай кезде саз балшықты екі қабатталған шүберекке жағып, ауырған жерге жапсырып, қалың матамен таңып тастау керек. Бұл ем уақыты екі сағаттан кем болмағаны жөн. Бір рет пайдаланған саз балшық қайтадан пайдалануға жарамсыз.

Сол сияқты саз балшық ерітіндісімен қоспалық жасауға болады. Бұндай ерітіндіге сарымсақтың 2-3 түйірін қосып, жүйке салы мен арт­рит ауыруымен ауырғандар ысқыласа жақсы нәтиже береді. Кейде оның сіңімділігін арттыру үшін 5 проценттік скипидар қосады. Медицина да полиартрит, подагра, невралгия, неврит, экзема, сыздауық, буын т.б. сырқат түрін саз балшықпен емдеуді ұсынады. Тамағы ауырғандар саз балшық ерітіндісімен тамағын шаюы керек. Ал, тіс ауырғанда оны саз балшықпен тазартып, ерітіндісімен шайған дұрыс. Тамыр венасы кеңейгенге де, шашы түсе бас-тағанға да, бет терісін күтуге де саз балшықтың ерітіндісі пайдалы. Саз балшық емін қабылдауда науқас адамның жасына шек қойылмайды. Дегенмен, медицина 40-45 градусқа дейін қыздырылған саз балшыктың қатерлі ісікке, безгекке және асқынған дерттерге кері әсерін қатал ескертеді.

Ауылыңыздың іргесіндегі саз балшықтың емін өздеріңіз дәрігерлік кеңеспен  неге пайдалануды ойланатын уақыт келді.

 

7.2  Минералды су көздері.

 

Қазақстанда минералды су көздері өте көп. Қазіргі уакытта табиғи және жасанды су көздері бар. Арнайы Республи-калық курортология ғылыми зерттеу институтының ғылыми лабораториясында анықталған құрамы емге лайық минералды су көздерінің көбі бұл күнде емдік санаторийлердің карамағында. Сарыағаш сияқты үлкен санаторий жанынан жер астынан шығып жатқан, сарыағаш ми­нералды суы, емдік қасиеті жағынан көп жердегі минералды сулардан кем еместігін білеміз. Көбінесе асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, іш құрылысы ауруларына Сарыағаштың минералды суының шипасы тиюде. Ал Жаркент Арасанының суы жер астынан 36 градус болып шығады. Бұл минералды судың басқалардан ерекшелігі сол, оның жүрек ауруына емдік қасиеті басым.

Мен мұнда 1984 жылы ақпанда дем алдым. Осы санаторийдің жанында кішірек өзен суы ағады. Санаторий салғанға дейін өзен жиегінде бастау болыпты. Жұрт ол бастау суының көз ауыруларына емдігін ертеден біліп, пайдаланып келген. Кейін мұнда санаторийдің ғимараты құрылысы басталып, өзен арнасын техника көмегімен кеңіткенде, емдік бас­тау көздері жабылып қалған.

Бұл қасиетті бастау суы көзі суқараңғы болғанды да бір рет жуғанда ашатынын жергілікті ауыл ақсақалдары маған айтып еді.

Жоғарыдағы "Тұзкөл" көлінің күн батысында "Елшен-бүйрек" тауы. Сол Елшенбүйрек тауының көлге караған бөктерінен 9 бұлақ көзінен шыққан сулар көлге құяды. Сол 9 бұлақтың санына қарай бұл жерді "Тоғызбұлақ" деп атайды. Бұл жер бұрынғы Калинин колхозының (Сарыжаз) бір мал шаруашылығы бөлімшесі еді. Қазір жеке қожалық бар.

Осы 9 бұлақ суын 1970 жылдардың басында Қазақтың курортология ғылыми зерттеу институты ғалымдары тексерді. Ғалымдар тоғыз бұлақ суының шипалық емі Сарыағаш пен Есентуки суынан кем еместігін анықтады.

Бір бұлақтың суын ішсең терлейсің, екінші бұлақтың суына тоймайсың ал үшіншісінен ішсең тәбетің ашылады. Бұл да пайдаланылмай иесіз қалды. Бір жақсысы, қасиетті Тұзкөл көлінің жаңа қожасы Қамыров Қанатай аға оның құдіретті саз балшығын қорғап, сұрағандарға келісіммен босатуда.

Мойылды, Алма-Арасан, Алматы, Аяққалқан т.б. көптеген санаторийлердің жанындағы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданының, Түркістан қаласының жанындағы Коммунизм колхозының және Арыс қаласындағы темір- жолшылардың санаторийінің минералды сулары т.б. әр түрлі сырқатқа ем. Ең соңғы ашылған Арыс қаласындағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) минералды судың емдік қасиеті көбінесе жүйке, іш құрылысы, тері т.б. ауруларға таптырмайтын ем екенін сол санаторийдің емдеуші дәрігері, невропатолог Жүсіпов Арыстай мырза судың минералдық құрамында пайдалы химиялық элементтердің ерекше қасиетіне тоқталып баға берді.

Коммунистік партия кезіңде суландыру мақсатында көптеген жер асты құдықтары қазылды. Осы скважина-лардың кейбіреуінің суының құрамында емдік қасиет бары ашылды. Бұл жағдай да халықтың денсаулығын жақсартуға үлес болып қосылуда.

Әлі тексерілмеген, бірақ халық емдік қасиетін білетін тау бұлақтары каншама? Қажетіңізге қарай минералды суларды дәрігердің кеңесімен пайдалана беріңіздер. Ләйім ем болсын.

 

 

7.3  Су өмірді сақтаушы

 

Судың адам организмі үшін ең қажетті екені рас. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр (71 пайызы). Ал адам организмінің 70 пайыздан  асығы судан тұрады. Оның көмегімен ағзадағы тіршілік процесстерін камтамасыз ететін көптеген химиялық реакциялар жүзеге асады. Ағзаның әрбір мүшесінде, тінінде судың белгілі бір мөлшері болады.

Денедегі судың мөлшерін ағза өзі реттейді. Егер денедегі су азайса, қан қойыла бастайды. Бұл құбылыс жүйке жүйесіне әсер етіп, осының салдарынан ағза шөлдеп, кем судың денедегі орнын толтыру қажеттілігі туады. Ересек адам күніне 2,5 литр суды сыртқа шығарады. Ал бұл ыстық жерлерде тердің көп шығуына байланысты үш-төрт есеге артуы мүмкін. Сондықтан, адам өзінің су жөніндегі кажетін су ішу арқылы және тамақтың құрамындағы, түрлі биологиялық процесстердің нәтижесінде ағзаның өзінде пайда болған су арқылы да өтеп отырады. Ең басты шарт дененің тұтынатын суы мен өзінен бөлетін суы тең болуы тиіс. Ересек адамның бір килограмм дене салмағына шаққанда тәулігіне 40 грамға жуық су кажет болса, ал емшектегі баланың бір килограмм дене салмағы тәулігіне 120-150 грамм су кажет етеді екен. Адам қартайған сайын ағзадағы судың мөлшері де азая бастайды. Суды шамадан көп ішу зиян, себебі жүрекке артық күш түседі және белоктың ыдырау жылдамдығы қалыптан ауытқиды.

Судың денені салқындатуы адам ағзасына пайдалы болып табылады. Су адам ағзаларын майлағыш құрал. Ол мүшелердің бір-біріне үйкелмеуін қамтамасыз етеді. Су арқылы ғана ағзалар қозғалыска, иілуге әрекет алады. Су жетіспесе ағзада шаршау пайда болады. Суды ішкенде оның құрамының тазалығына мән берген жон. Әсіресе тау бұлақтарының, қардың, жауынның және мұз сулары өте таза екендігін ғалымдар дәлелдеуде. Медициналық құралдар мен арнайы үйлерге арналған су тазалағыш құралдардың да көмегі көп болмақ.

Ғалымдардың ғылыми жолмен зерттеуіне қарағанда қайнаған судан қайнамаған өлі судың денсаулыққа тигізетін пайдасы мол екен. Оның себебі қайнаған су құрамында оттегі мен кальций және баска органикалық заттардың мүлде аз болатыны байқалған. Сондықтан да қайнаған су мен табиғи судың химиялык құрамы да мүлде ұқсамайды. Табиғи суда тіршілік иелері өмір сүре алады. Гүлдер өседі. Ал қайнақан суда бұның бәрі керісінше. Емшілерде табиғи суды сырқатқа қарсы ішуге магниттеп беруі енді түсінікті болғандай. Қандай табиғи суды пайдалануды біз жоғарыда ескерттік. Европа, Америка және Жапония ғалымдарының анықтауынша адам организмінің 65 процентін су құрайды екен. Егер жасына қарай бөлсек нәрестелерде 90, балаларда 70, орта жастағыларда 60 және кәрілерде 58 процент дене салмағын су құрайды екен. Ал адам денесінде 400-ден артық тікелей суға байланысты клеткалар зат алмастыру үшін ең алдымен суды қажет етеді. Егер дене түзілімінде су болмай қалса, клеткалар да өмір сүруін тоқтатады. Ғалымдар ересек адамдар күн сайын 200 грамм су ішіп отырса денедегі тепе-теңдікті сақтайды дейді. Бұл суға табиғи су араласпаса, дене клеткаларын тез тоздырып, әлсіреуге әкеліп соқтырады екен. Сондықтан ересек адам күніне 200 граммнан кем су ішпеу керек. Ал таңертең ашқарын кезінде, тамақ алдында сол мөлшердегідей су ішсе, асқазан жұмысы жақсаратынын дәрігерлер ұсынады. Бірақ ішетін суыңыз өте суық болмау және мөлшерден көп ішпеу керек. Минералды сулардың да, асқазанның қышқылының мөлшеріне карай, әсер ететін түрлерін дәрігер ұсынысымен ішкен жөн.

Су адамның денесіндегі клеткаларының энергиясының тепе-теңдігін сақтап, күш-қуатын молайтуға өте пайдалы екенін білген артық емес.

Қазақ халқы ежелден табиғаттың өзіндік емдік сырын біліп әрі оны өз пайдасына асырып келді. Бүгінде әлде біреулерге Порфирий Корнеевич Ивановтың суық суға түсіп, денсаулықты жақсарту әдіс-тәсілі табылмаған жаңалық сияқты болуда. Әрине ұзақ ғасырлар бір билеуші ұлттың қол астында мың өліп, мың тіріліп жүріп әрең қолын егемендікке жеткізген ұлт ұрпағы, енді өз ата-бабаларының емдік әдіс-тәсілін біліп әрі үйренгені жөн. Қазақтың қарапайым халқы да және оның шипагерлері де суық суға түсіп емін алғанда, бүгінгідей тұрпайы әрі ер мен әйелдер аралас түрде түспеген, этиканы сақтаған, жартылай жалаңаш суға түскен емес. Бәрі де адамгершілікті және ер мен әйелдің арасындағы ар-ұятын сақтаған.

Егер Құран Кәрімнің аяттарынан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің хадистерінен және шариат жолының қағида-ларынан хабары бар мұсылман ешқашанда П.К.Ивановтың 12 қағидасына таңданбайды. Ол қағидалардың қасиетті кітаптарда бұрыннан бары рас. Судың адам денесінің энергиясын реттеуші, бір қалыпқа ұстаушы әрі артығын шығарып, кемін толтырушы екенін халқымыз ертеден білді. Алғаш суық судың пайдасын білу үшін денесі қотыр, арық малдарға (жылқы т.б.) тәжірибе жасады. Бұл малдарды және бәйгі аттарын суық суға тоғытты әрі су ішінде белгілі уақыт ұстады. Малдың оңалғанын, бәйгі атының ширақ болып жарап бәйгіден келгенін бала кезімізде талай рет көрдік. Суық су малдың денсаулығына қалай әсер етсе, адамға да пайдасы бо­луы мүмкін деп адамдар өздері де сырқатына қарай суық суға түсіп, оның емдік қасиеттерін ашты. Соның ғылыми негіздегі жазылған мәліметін XV ғасырдың ғүлама, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабынан кездестірдік. Қыста, суық мезгілдерде және суық суға түсіп әр түрлі үсік алған сырқаттардың талайын денесін қармен ысқылау, денеге суық су құю әрі суық буда ұстау әдісімен баба адамдарды ажал аузына ілінген жерінен тірілтіп алған (Ш.баян. Алматы. "Жалын" 1996. 92-95 бб). Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өте кауіпті жұқпалы аурулардан денесі қызып, іші өртеніп, есін білмей жанталасып жатқан сырқат адамды суық суға салған және кысты күні далаға суыққа ұстаған. Сол арқылы адамның іші "ыстық кезек", ал сырты "суық кезек" болды деп, судың пайдалы емдік қасиетін ашады (Ш. Б. 377 б).

Қазақ даласының тауының бұлағының, езенінің, сарқыра-масының суының адам денесіне емдік қасиетімен қатар, ол сулардың тастан-тасқа ыршып, құлап, ақырын, кейде баяулап аққандағы ағынның сылдыр үні жүйке қызметін жақсартатын табиғат музыкасы деуге болады.

Сырқат жандардың бәріне тау өзені суына түс деуге болмайды. Ол жағдайы жоқтарға ауыр тиері рас. Сондыктан, әдептілікті сақтап, өз үйіңіз-дің душына, моншасына және жуынатын арнайы орнына кіріп суық сумен күніне екі-үш рет жуыну өте пайдалы. Мен өзім он бес жылдан артық ұдайы суық суға өз үйімдегі монша ішінде түсіп келемін. Әлі жақсылығын көріп келем. Балаларым мен немерелерім Айым мен Айдар да үш жылдан бері суық суға өздері шомылады. Дәрігерлік кеңеспен суық суға түсу көп аурудың денеден жойылуына көмегі барын ғылым да және халық та дәлел-деген.

     

7.4    Қарапайым дәрісіз ем

 

Жаратушы Иеміз  ежелден пендесіне өзіне-өзі көмек ететін емшілік қасиет берген. Бірақ бұны бәрі біле бермейді.

Уқалау, сылап-сипау, майлау, үзу, ысқылау, терлету, үшкіру, ұшықтау, касиетті жерлерде түнеу, аштау, аластау, заттарды зарядтап ішкізу, көшіру, құмға түсу, күн сәулесіне қыздырыну, т.б. карапайым әдістердің де кішігірім сырқаттарға көмегі тигенін ертеде халық білді. Ал қазір бұны үйрену ұят емес. Уағында дұрыс тамақтану, емдік қасиеті бар ұлттық тағамдарды ішіп-жеу (қымыз, сүт тағамдары, көженің түрлері т.б.) де пайдалы болмақ.

Кейінгі кезде қаншама сырқат жандар бес уақыт намаз оқып, жазылға-нын ескерсек, намаз денсаулықты жақсартуға және адамның нерв жүйесінің бір қалыпта болуына көмек етеді. Адамның Жаратушыға де­ген сенімін арттырады. Адамның ойы ескі танымдық ойлардан, жаманшылықтан толық босатылып, тазалануына намаз көмек етеді. Сондықтан намаз оқуды үйренген абзал.

Ашығу мен ораза ұстау да денсаулықтың жақсаруына өте пайдалы. Ашығу кезінде дене таза, пәк күйіне жақындайды. Адамзаттың рухани ұстаздарының көбі ашығу кезінде ғажайыптарға бөленген. Ашығу мен ораза ұстау ағзаны улы заттардан тазалайды. Ми да тазарған қан жүйесінде жұмыс істейді.

Адамның ойлау қабілеті артады. Өзінің ойлаған мақсатына тез жетеді. Ораза денені май басудан және оның зардабынан сақтайды. Бүйректе тас жиналудан, ағзаны клеткалар мен тканьдарда топтасатын улы заттардың уынан сақтайды, ақыл-естен айырылғандарға да көмегі тиері анықталды. Ашығу (ораза ұстау) мен диетаның көмегі арқылы ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын Мәскеудің психиатрия институтының докторы Юрий Николаев дәлелдеген.

Таза ауада жүру, қимыл жасау, жүгіру, әр түрлі гимнастикалық қозғалыс – бәрі де адамның денесінің қанының адам организмінде бір қалыпты жылдамдықта, айналыста болуына көмектеседі. Қозғалыс – өмір, қоз-ғалыс – сұлулық, қозғалыс – жасару, қозғалыс – махаббат әрі қозғалыс – дәріні ауыстырушы деп бекер айтылмағаны шындық болмақ.

Адамзат ешқашанда жер ана сыйлайтын, тудыратын дәрілік емнен артық ем жасай алмайды. Табиғаттың тегін сыйлаған дәрісіз табиғи емін пайдалануға құлшынайық. Таза денсаулық, таза ұрпақ та табиғаттың өз қолында екені ежелден халққа белгілі нәрсе


 

7.5 АСЫЛ ТАСТАРДЫҢ ЕМДІК  СИПАТТЫ

 

Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін деп түсінеді. Шынына келсек ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп әрі қастерледі. Асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Индияда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайыруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бір қалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің "сорылған", "жоғалған", "шашылған" қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.

Асыл тастың мүндай қасиетін Гиппократ та, Ибн-Сина да, Әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж.Баласағұн да, Әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы рөліне және материал-дық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.

Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонанысты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалып-қа келуіне әсер етеді.

Асыл тастардың да өңі әр түрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (Өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесе алтын түсті, қара т.с.с).

Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қал-дырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады.

Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін кауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, "зұлым күштен", құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден корғауда да маңызы зор.

Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күн тізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ, планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен күн тасы, ай тасы, шолпан тасы, жұлдыз тасы, марс тасы, юпи­тер тасы, сатурн тасы және нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке де ие болуы ықтимал.

Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күнінде әртүрлі тастар тақса, адамның қуат күші артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.

Асыл тастардың жеке қасиетіне келсек, гауһар, маржантас, кайрақ тас – араққұмарлықка, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – белсіздікке, тән ауруларына, гауһар, інжу, күміс, гра­нат, хрусталь, маржантас – ұйқысыздыққа, ай тасы, інжу, т.б. – бронхы ауыруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржан­тас – бас ауруға қарсы әсер етеді.

Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен "Тас емдей-ді" деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастың емдік қасиеті әлі құпия. Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған "Хоуп гауһары" сондай тас. Ол ертеде Индия храмынан ұрланады. Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап, боршалап өлтірді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланғаннан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұра-герлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1830 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алады. Осы кезде тас салмағы 44,5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Индия гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айрылып, кедейлікке ұшырапты.

Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді.

Князь да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев "Тас туралы ертегі" кітабында: "Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, "калқып" шығыпты", – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық миллионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың касіретінен балам өлді деп ажырасып тынады.

Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан ай-рылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бүл тасты Аме­рика жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпір-дің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттас Эвалин Маклин де құпия жағдайда өледі.

Бүл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында касірет тасы екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Индияға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар.

Асыл тастың киелісін де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ. 

Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:

  1. Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.

  2.  Күміс – шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.

  3.  Мыс – іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.

  4.  Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.

  5.  Жақұт – опасыздық пен қорқыныштан корғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.

  6.  Замартас (изумруд) – куаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойнына таққан. Бұл асыл тас үзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.

  7.  Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады.

  8.  Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамыр-ларды бекіте түседі.

  9.  Гауһар – күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштан-дырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.

10.  Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік пен елестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер «жоспарсыз» туудан сақтанғанда пайдаланған.

11.  Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын бол­ған. Қарт кісілер бел ауыруын жеңілдетуге тағады.

12.  Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазыл-майтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем «сөніп» қалады.

13.  Опал – күдікті ойларды қоздырады, ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секемшіл мінез қалып-тастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың қатты әсерінен сактай алады.

14.  Аметис – маскүнемдіктен қорғайды, адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметиспен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады.

15.  Агат – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңдетіп, есту қабілетіңді жақсартады.

16.  Яшма  суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрін-бейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды.

    17. Гагат – бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді.

18.   Айтас (Лунный камень) қояншық ауруы мен бүйрек шанышқанын емдейтін болған.

19.   Кровавик (гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген.

20.   Жадеит – әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған.

Асыл тастардың емдік қасиетін анықтап, оны аурудың түріне қарай пайдалануды көп жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Түлкібас станциясында тұратын рухани-сауықтырушы Миятбеков Асқаралы өте жақсы меңгерген. Жоғарыдағы асыл тастардың сексен пайызға жуығын біледі. Және емге пайдаланады. Бұл тастарды Асқаралы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы аймағындағы "Қулы-Мұңлы" тауларынан барып алатынын айтады. Бірақ, бұл қасиетті таудың асыл тастары әркімнің қолында кетіп жатқанына қатты қынжылады. Асыл тас сырын білгісі және емделгісі келгендер Асқаралыға барса, не бір ғажайып сырларды біле алады. "Қолда бар алтынның қадірі жоқ" деген осы екен ғой, шіркін.

Асыл тастың емдік қасиеттерімен қатар олардың да ішінде опал сияқты өте қауіпті түрлерінің барын да таныстырдық. Бір денсаулық үшін дәрі ішіп бекер денені улағанша құдай сыйлаған табиғаттың неше алуан шипалық тасы ма, ағашы ма, суы ма, құмы ма, балшығы ма, өсімдігі ме, металы мен металоиды ма әйтеуір барының сырын біліп пайдалансақ, ешкімге жалынышты болмасымыз анық. Бүгінде ел кезіп, халықтың қалтасын алдап арбап қағып жүрген «кәсіби емшілерге» қарап жаутаңда-ғанша, сан түрлі шипа көздерін өздеріңіз танысаңыз, бұл сіздердің жабыл-ған бұлақтарыңыздың көзінің ашылғаны дей беріңіз.

Халықтың өзін-өзі емдеудің бірте-бірте бастау алып, түбі өркендеп кететініне мен сенемін.