ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

20

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

8.2  БОЛЖАУШЫ

 

Болашақты болжаушылардың біздің дәуірімізге дейін де болғанын мойындай келе, тек қана аттары кағаз бетінде қалғандар мен еңбектер жазғандарын ғана атап көрсету пендешілік еткендігіміз болар еді. Тіпті алғаш қай елде болашак жөніндегі болжаулар жазылса, сол ел ұлы бол-жаушылар еліне айналғаны да рас.

Тіпті өте жабайы жұпыны өмірді бастарынан кешірген Амозонка аймағы мен Африканың ну орманындағы тайпалардың ішінен шыққандардың ғарышпен болжамдық байланысы бар болжаушылардың болғанын XVI ғасырдағы атақты болжаушы (сәуегей) атанған Мищель де Нострада-мустың елі Франция ғалымдары да таңғала жазып келеді. Құдіретті қасиет те тірі пенденің ырызғысы мен несібесі екенін ескерсек, кез келген жердегі ұлттардан болашақ болжаушылары шығарына күмән келтіруге болмайды. Сексенінші жылдың аяғында Ресей мен Украинада емші, экстрасенс, болжаушы, көріпкел т.б. қаптап кеткені естеріңізде болар. Осы елдің қасиетті саналған қабілет иелері біз үшін бір ғажайып адамдар болды. Бұрынғы одақ бойынша осы екі ел емшілердің оқу орнын ашты әрі бас кеңесшілік етті. Құпиялар жөнінде кітаптар да осы екі елде жазылып, баспадан шығып жатты. Біздегі көп емшілер сол елге барып білім алды. Кейін тоқсаныншы жылдың басын­да Қазақ елінде де халық емшілерінің ұйымы құрылып, мол тәжірибе жинады. Халықаралық және әлемдік емшілердің байқауына қатысқан қазақ елі емшілері, қасиетінің күштілігі жағынан әлемде шоқтығы биік екендігін танытып қана қоймастан, өз ұлтының киелілік қасиетін мойындатты да. Бұны айту себебіміз – біздің бұрынғы замандағы ата-бабаларымыз ішінен шыққан небір болашақты болжаушылар көп болған. Ел басқарған көсем, шешен, билер мен жырауларының да болашақты болжаудағы зор талант иелері болғанын нақты дәлелдер бойынша білудеміз. XVIII ғасырда өмір сүрген Қабан жырау сексен жасында тең құрдас Райымбек батыр мен Өтеген батырға қарап түрып: "Ей, Райымбек, сен көпшілсің, мәңгі үлкен жол бойында қаласың, ал Өтеген сен де көпшілсің, бірақ уақыт өте сүйегің екінші рет жерленеді", – деген болжамының бүгінде бір қатесі жоқтығына көзіміз жетті. Шынында да, ертеде алпысыншы жылда-ры Ілені бегеп, Қапшағай су қоймасын жасағанда, Іле өзені деңгейі көтеріліп, осы Іле өзені жағасына жерленген Өтеген батырдың мүрдесіне қауіп төнеді. Батырдың Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ұрпақтары 1973 жылы денесін арнайы рұхсатпен қазып алып, сонда апарып жерледі. Ал Қабанбай батыр өзі жөнінде де обалым "менің атымды Қабан деп азан шақырып койғандарға, менің денем тоғайда қалады, одан ары... Алла өзі біледі", – дейді.

Аңыз ба, шын ба, солай болған деушілер болғанымен, Қабанбай ба­тыр сүйегі қайда екені әлі дерексіз қалып келеді.

Қазақ халқында болашақты болжаушылар жоқ десек, ата баба әруағы назасына, халықтың қарғысына және болашақ ұрпақтың өкпе назына қаларымыз шындық. Ал Райымбек батыр бабаның өзі туралы "мені өлген соң ақ боз түйеге сүйегімді артыңдар, түйе қай жерге шөксе, сонда мені жерлеңдер" деген болжампаздығын қалай мойындамаймыз. Немесе Талдықорғанның Ақсу ауданы аймағында өмір сүрген әулие Көтен тәуіп өзі қайтыс болған соң денесі жерлер алдында, ғайыпка ұшып кетерін білген. Шынында да әулиенің өлі денесін бейітіне жерлейміз дегенде, дене ораған мата ішінде жоқ болып шыққан. Енді бір аңызда әулие құдайы тамақ беріп болғанда, үйі алдында ғайыптан бір түйе пайда бо­лады. Әулие сол түйеге мініп, көзден таса болады. Артындағы жалғыз қызының ащы даусынан ертесінде бір көрініп, жоқ болады. Қысқасы Көтен тәуіп әулиенің денесі жер бетінде бар-жоғы белгісіз.

Халқымыздың тарихын аша берсек бұндай болжаушы бабалар өте көп болған екен. Дегенмен әлемге аты әйгілі Француздың дәрігері, сәуегей-жұлдызшысы Мищель де Нострадамус жөнінде тоқталайық. Ност­радамус (1503-1566) өзінің қай жаста, қай күні, қандай орында қайтыс боларына дейін біліп, қағаз бетіне жазып қалдырған болашақты болжа­ушы. Егер кімде кім Нострадамус жөнінде шығарылған видеофильмді көрсе, оның бұл жетістікке қалай жеткеніне көз жеткізер еді.

Мищель бала кезінен-ақ ғарыштық бақылау күшінің нұсқауымен өмір сүрді. Ол бірнеше рет есінен танды. Оған басқаша қарағандар да аз болмады. Медициналық білім алды. Ол сол кезде де ғарыштық күштердің торына аз ілінбеді. Ізденіс жасады. Көне медициналық, астрологиялық т.б. ғылымдар жөніндегі еңбектермен танысты. Аспан әлемін зерттеді.

Елдегі қауіпті оба індеті оның алғашқы әйелі мен баласының өмірін жалмады. Нострадамус елде карантин орнаттырды. Ол өзінің білімінің молдығы мен көрегендігі арқасында француз патшайымы Медичидің, одан соң француз патшасы Карл IX дәрігері болды. Оның өміріне талай қауіп төнді, ол өзін-өзі құтқарып отырды. Айтқаны дәл келді. Еңбегі де жарияланды. Қысқасы Нострадамус қарсыластарға мойымай, өз болжамын жалғастыра берді. Айтпақшы, болжамды Мищель өзі ғарыштық басқарушыдан сұрамады. Керісінше, ғарыштық басқарушы күштер оған жаздырды, сыздырды және хабарлатты. Ол өз құпиясын ашпай, шешіммен астарлап жазды. Сөйтіп, 1555 жылы «жүздіктер» атты кітабын баспадан шығарды. Сондықтан да болар, Нострадамустың құпиясын білу туралы бүкіл әлемде "Нострадамусты оқу мектебі" жұмыс істейді. Германияда ғана жоқ дейді, бұл Нострадамустың Гитлер жөніндегі айқындамасы мен дәлдігі немістерге екінші дүние жүзілік соғыста жеңіліс әпергендігі үшін болса керек.

Қазір Нострадамустың болжамын зерттеу арқылы алды қырық жылға дейін анықтап, кітап жазып жүрген шет ел ғалымдары да жетерлік.

Нострадамус өзін есінен айыратын ғарыштық күш кезінде баска тұлғаға енді. Мүмкін оның жаны денесінен бөлініп, басқа ұқсас денеге ене ме, ол қатты қиналып жатып (қояншық ауруына ұқсас), көз алдындағы экранная (ғайыптың) бәрін көрді. Әрі соның бәрін хатқа түсірді.

Нострадамус жұлдыздар кестесін жасап, адамдардың тағдырын біліп отырды. Оның жеке адамдар болашағы, өмірлерінің аяқталуы, жер жүзіндегі мемлекеттердің пайда болуы, қирауы т.б. әлемдік тағдырлық болжа-мының сексен пайыздан артығы дәл келуде. Кеңес өкіметі құрылуы, қирауы, жеке республикалар пайда болуы, екінші дүние жүзілік соғыстағы Гитлердің жеңілісі, өз елі француздардың т.б. елдердің тарихи өзгерістері толығымен дәлелденуде. Нострадамус ғарышты ашудың пайда, зиянын да жазып кетті. Оның кейбір болжамынан құдай сақтасын. Мысалы, Ностра-дамус 1998 жылдан бастап жанжал, соқтығыс болатынын, Ресей мен Ислам елдері батысқа қарсы бірігетінін, Таяу Шығыстың бір жерінде жарылыс болатынын айтады. Және де "Қытай, Ислам елдері мен Ресейдің батысқа қарсы одағы құрылады. Европа да екінші дәрежелі күш болады. Рим мен Греция әлемге үстемдігін жүргізеді. Париж күйрейді, қаңырап қалады, оны адамдар тастап кетеді. Оған әлде ядролық, әлде химиялық әсер себеп болады. Францияның астанасы Ави­ньон болады", – деуі де көңілге түрлі ой салады.

Нострадамустың Марс ғарышкерлері жерге келеді, кауіпті қатерлер бар деуі де ойланарлық және оның бұл болжамы дәп қазіргі біз өмір сүріп отырған уақытты меңзейді. Сөйтіп, Нострадамус Саддам Хусейнді де, Чернобыль апатын да, атом бомбасы зардабын да, корольдер мен соңғы папа т.б. жөнінде жазып қана қалмастан, керегеде пайда болған экраннан нақ көрді. Сөйтіп, ол 2026 жылға дейінгі өмірді бір бөлек, 2026-дан 3000 жылға дейінгіні бейбітшілік өмір деп, одан арғы уақытты үшінші кезеңге жатқызады. Нострадамус құдай да, Пайғамбар да емес, біз сияқты басы жұмыр пенде. Ол періште де емес, дегенмен, ғарыштық өте күшті элек-тронды толқынды күш әсеріне ұшырап, өзін өзі билеу жүйесінен ауытқып, денесі жоғарғы басқарушыға құрал болып, өз денесіне енген сыртқы рух-тардың әсерімен жұмыс істеген құпиялы ғажайып жан екеніне күмән келтіре алмаймыз.

Енді кезекті өзіміздің Майқы би бабамыздың өзінен кейінгі мыңдаған жылға арнаған таңқаларлық болжамына берейік. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баян" кітабында: "Күндіз, дәл түсте туылған адам кімде-кім болса да ел билейді. Қара қылды қақ жарған әділ болады. Майқы би осы уақытта туылыпты" деуі (109-бет) Майқы би бабаның мына болжамынан-ақ айқындалып тұрғандай: "Мен туған жылы ғарап жеріндегі мұнаралы шаһарды құм басып, жоқ етіп жіберген" – деп өмірі болжамдық жасап отырады екен. Болжам жасағанда ұдайы көзін жұмып алып, одан кейін көзін ашып, өңі сүрланып, өзгеріс беріп сөйлей жөнелгенде Майқы би жетпіске таяған екен.

– О, дүние, не болар сенің ақырың? – деп бастапты сөзін. Сонда Майқы би тұрып, "өзімізді-өзіміз қыратын заман болады екен, шығыстан келер сары сақал өз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді енді мен үш жылдан кейін өлген соң, мың жеті жүз жыл кейін жүнбас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жаркүшіктенер де өз тұқымымыз болады, басқындар бек тұқымын үш жүз жыл, Жан, Бал тұқымын екі жүз елу жыл, Ақ пен Бол тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткен соң іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртады, қаратқан елін ол шаян бо­лып шаққаны сияқты, түрі өзге бодан жүрттың һәммесі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бүұылады", – деп барып, аяғын тағы тақпақтай кетіпті:

- Әлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер,

Мінгенің арба болар,

Бар құс қарға болар,

Жансыз арба ат болар,

Өз балаң өзіңе жат болар.

Темірден кұс болады,

Ұрпағымның көргені сүс болады,

Адам басы ауырып дақ шатылар, Базарында сұйылып сүт сатылар. Еркек билік тұл болар,

Сиыр пұл болар,

Еркек жасып ит болар,

Қатын тұлданып би болар.

Төсекке есеппен жатарсың,

Жыныс зарпын акшаға сатарсың. Баққаның өсек болар,

Балаң саяқ болар.

Сары судан ас шығар,

Балаң өзіңе қас шығар.

Жер тақыр болар,

Жұрт пақыр болар.

Осындай қилы заман болар.

Енді төрт мың жылда,

Дүние тәмәм болар.

Майқы би бабаның бұл болжамын өзінің туған жылымен салыстырайық. Майқы би Хижра жылынан 711 жыл бұрын туып, сексен тоғыз жасында дүние салыпты. Бұл б.э.д. 89 жылы тура келеді. Қысқасы біздің эрамыздың басында қайтыс болған. Содан бері 1998 жыл өтті. Енді осы дәуірдегі тарихымыздың кестесіне қарасақ, Майкы би айтқан болжамның бірде бір сөзінде де, өлең тізбесінде де қателік таба алмайсыз. Қысқасы, орыс билегені, оған үш жүз жыл отарлығымыз, одан бостандыққа шығу мен орыстардың аз ұлттар қысымына олардың наразылығы, қазіргі Ресей-дің ішкі быт-шыты осы кездегі нарық заманы, қоғамдағы азғындық, алдампаздық, өз ата-анасынан безгендер, ерлердің үйінде жұмыссыз отырып қалуы, жемқорлық өзінің тілін, ділін, дінін сатушылар мен жезөкшелік т.б.-лар жөніндегі болжамына қалай бас имейсіз?!

Ал баба жетпіс үш жасында ойланып түрып:

- Жаманнан жақсы туар, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туар,

Бір жармаққа алғысыз -

деп өзінің екі ұлы Ұзыны мен Қортығына арнаса ары қарай тағы да:

 

Соқырдан көрмес туар, Сараңнан бермес туар.

Ер арыса, әруақ болар,

Ат арыса, тулақ болар.

 

Деген данышпандық ақыл иесі Майқы би бабамыз би ғана емес, шешен сөзді ғұлама ғана емес, өзінен кейінгі дүниеде не болатынын нақ айтып қалдырған, болашақтың болжаушысы әрі көріпкелі екенін біз мақтан етейік. Майқы бидің үшінші көзі толық ашылған, екі дүниенің де құпия-сынан хабары мол, парасат иесі екеніне оның артында қалған аңыз-әңгімелер арқылы шүбәсіз сенеміз.

Егер кейінгі атақты болашақты болжаушы Нострада-мустың, қағазға түсірген болжамдары мен Майқы би бабаның болжамын салыстырсақ өзара ұқсас екенін көре аламыз. Нострадамуста 1550-3797 жылдар аралығын, немесе 2247 жылды болжаса, ал Майқы би оған дейінгі он алты ғасырды, бұған қоса 2247 жыл мен одан кейінгі екі жүз жылды да болжап отыр. Қандай телепатиялық байланыс десеңізші. Осындай бабаның ұрпақтарынан кейін де болжаушылар болғанын және Бұхар жыраудай бол-жаушылар да көп болғанын да білген жөн.

Бұхар жыраудың мына жыр шумағынан оның болжағыш белгісі көрінеді.

Күн батыста бір дұшпан, Ақыр шығар сол тұстан.

Күн шығысқа қарайды, Шашын алмай тарайды.

 

Құдайды білмес-діні жок, Жамандықта міні жоқ.

Сол сықылды бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір.

 

Ел қамын айтар жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер каныңды, Өлтірмей алар жаныңды.

 

Қағазға жазар малыңды, Есепке салар барыңды, Елінді алар қолыңнан, Әскер қылар ұлыңнан.

деген жыр шумағын Бұхар жыраудың сәуегейлігін, болашақ ұрпақтың тағдырын қатесіз дәл болжағанын көре аламыз.

Осыдан үш ғасыр бүрын дүниеден өткен ұлы жүздің Албан руынан шыққан Әлмерек абыз-әулие түс жорып оны болжаудың шебері екен. Жасында ел басқарған, елін, жерін жауларынан қорғаған батыр жігіттің ержүректілігі, шешендігі басым болыпты. Жасы ұлғая көріпкелдік, жұл-дызшылық қасиеттері ашылып, түс болжап айтқаны дәл келетін болған.

Атақты Райымбек батырға бата берген Әлмерек абыз-әулиенің батасын алғандар, жауын жеңіп аман-есен олжалы оралады екен. Әулиенің бұндай керемет қасиетіне қазақтың басқа жүздері, рулары мен көрші қырғыз елі халқы да құрмет көрсетіп, әулие-абыздан бата алуға асығады екен.

Біраз жылдардан бері республикаға танымал журналист Ораз Қауғабаев мырза Әлмерек әулие жөнінде тарихи деректі материалдар жазуда.

Ораздың 1993 жылы "Жетісу" газетіне Әлмерек әулие-абыз жөніндегі шыққан мақаласында, бабаның түс болжаудың шебері әрі айтқанының әлі күнге дейін дәл келгенін жазады. Әлмерек бабаның өз кіндігінен сегіз ұл туады. Олардың әрқайсысы жөнінде қартайған шағында түс көреді. Әулие бабаның түсіне ең алғаш үлкен баласы Құрман кіреді. Ол өрістегі қаптаған кара қойдың ішінде жүреді. Бұны болжаған әулие баба бұл ұлыма үлкен байлық бітіп, ұрпағы көп болады екен дейді. Айтқаны келіп ең өскен ұрпағы осы Құрман болды. "Қайда барсаң каптаған қара Құрман" деген сөз бар. Мен бабаның осы Құрман баласының сегізінші ұрпағымын.

Баба екінші баласы Жәнібекті түсінде жараған атқа мініп қолына ту ұстап жүргенін көреді. Түсін іштей жорыған әке бұл баламның ұрпақ-тарының еті тірі, намысқой, жаужүрек, билікке ұмтылады екен дейді. Бабаның айтқаны келіп, Жәнібектің ұрпақтары ішінен батыр да, билік иелері шығып тарих бетіне аттарын жаздырды.

Әулие бабаның үшінші баласы Баба жәйында да түс көреді. Түсінде бір жерде жұмыртқалап, балапан өргізген көкала үйректі, топ-топ қаздарды елестетеді. Әулие Баба баламның ұрпақтары бір жерді мекен еткен, ынтымақты, бір-бірімен сыйластығы жарасқан ел болады екен дейді. Шы-нында да Бабалар осылай өсіп-өніп, бір жерді мекен етіп келеді.

Әулие баба өзі бірге тұрған Қаракісі ұлы жөнінде де түс көреді. Қария түсінен көп шоши береді екен. Бірақ түсінде көргенін айтпапты. Бірақ: "Түбінде ошағыма ие болып, кара шаңырағымды ұстайтын осы балам болады-ау", – деп айта береді екен. Айтқаны дөл келді. Бүгінде бұл ба-ласының ұрпақтары (Кеген, Ұзынбүлақ) "Әлмеректің кара шаңырағы бізде қалған" деп мақтануы орынды.

Бабаның ұлдарының ең кенжесі Тоқан екен. Тоқан Бабаның түсіне жалғыз кіріпті. Баба қатты қамығады. Жас Тоқан үйленбей әкесінен қалады.

Сонда баба баласы Тоқан жөніндегі түсіне, көзімнің тірісінде өз алдына отау тігіп, үбірлі-шүбірлі болмаған, атадан дұрыс ақыл алмаған ұрпағы саяқ жүреді-ау депті. Шынында да Тоқанның үрпағы аз әрі шашыранды болды. Осындай әулие болжаушы бабалар көп болғаны шындық.

Осы жиырмасыншы ғасырда болгарлық болжаушы, көріпкел марқұм Ванганың кереметіне ешкім де теңеле алмасы анық. Сексен бес жас жасап өмірден өткен Ванганы он екі жасында кездейсоқ болған қатты құйын аспанға көтеріп кетеді де, қайта жерге тастайды. Дене жарақаты жазыл-ғанымен екі көзінен бірдей айырылады. Содан кейін ауыр азапты күндерді басынан кешіріп, көріпкелдікпен қатар керемет болжампаздық қасиетке ие болады. Әрине, Ванга жөнінде көп жазылды. Әлі жазылады да, айтылады да.

Вангаға барған инженер-құрылысшы В.И.Сафонов өзінің жоғалған екі қызының суретін ала барады. Зағип ана бір суретті қолына ұстап тұрып, оның өлгенін айтады. Ал екінші қыздың суретін қолына ұстап: "Мынау тірі. Мұны сату үшін ұстап отыр", – дейді. Айтқаны дәл келеді. Тіпті мына бір жағдайды өзің естімеген соң сену де қиын. Бірақ, шерлі пенде, Ванга-ның болжап айтқаны бойынша келіп, кекірегіндегі шерлі арманы орындал-са, неге сенбеске әрі жазбасқа.

1990 жылы Мәскеулік бір орыс жігіті екі көзі көрмей қалған он үштегі қыз баласын Болгариядағы Вангаға апарады. Ванга зағип қызды қабылдап тұрып, оның әкесіне: "Сенің қызыңның екі көзі бір азиялық қыздан ашылады, аты "Лаза, Лазза или Луззат", – дейді. Ванга ойланып тұрып қайтадан: "Лаззат, звезда Востока. Оны жақында сенің орталық теледи-дарыңнан көрсетеді", – деп, еліне Мәскеуге қайтарады.

Әлгі орыс жігіті Мәскеудің телебағдарламаларын ұдайы бақылаумен болады. Орталық телебағдарламадан алматылық халық емшісі, халықара-лық бірнеше ұйымның мүшесі Ләззат Қожалымова жөніндегі хабарды 1991 жылдың 6 наурызында көреді. Шынында да, сол кездегі "Азия даусы" дирекциясының бас директоры, композитор Төлеген Мұқаметжанов Ләззатты арнайы шақырып алып, Мәскеуге жіберіп, өзі көмектесіп, орталық телеарнаға шығуын ұйымдастырған еді. Төлегеннің еңбегі жанып, Мәскеудегі емшілердің ғылыми және практикалық байқауынан сүрінбей өткен Ләззаттың атын мәскеуліктер бүкіл одаққа таныстырды. Бұл компо-зитор Төлеген Мұхаметжановтың ұлтының халық емі өнеріне үлесі еді. Бұл хабардан соң көздерінің ақауы барлар Алматыға қарай бүкіл Одактың түкпір-түкпірінен Ләззатқа қаралуға келіп жатты. Емнен соң көп адам көз ауруынан жазылып, көз өйнектерін лақтырып тастап кетіп жатты. Бір жақсысы Ләззатқа көзін каратқандар емі арасында және біткен соң көз дәрігеріне қаралып келетін.

Өлі есімде, 1991 жылдың шілдесі. Мен маусым айында Мәскеуде емшілік оқуына барып бітіріп келген едім. Мәскеуден қызын жетектеп жасы қырықтар шамасындағы орыс жігіті келді. Ол Ванганың болжамымен келгенін, телеарнадан Ләззатты көргенін, кейін анықтай келе Алматы-ға жеткенін айтты. Оның қызы Ләззаттан он бір сеанс алды. Қыз көзі біртіндеп жақсарып келе жатқанын көз дәрігерлері анықтады.

Ең ақырғы сеанстан соң кыздың екі көзі толық көрді деген дәрігерлер анықтамасын алған қыздың әкесінің өксіп жылаған қуанышты көз жасы, сегіз жыл өтсе де, әлі көз алдымда қалып қойды. Ванга ұлт таңдамайды. Оның қорғап және қолдап жүрген хабаршылары не айтса, соны айтты. Ол киелі шаңырақтың қызын айтты, ия оның болжамы дәл еді.

Ванганың болжампаздығына өз еліндегі психоневрология саласы маманы ғалым Георгий Лозанов зерттеу жүргізіп, Ванганың 1700 болжамын анықтаған. Және әлеуметтік зерттеу жүргізіп 7000 болжамын анықтаған.

Профессор Лозановтың анықтауынша Ванганың болжамдарының 70 пайыздан астамы шындықпен сәйкес келген. Вангаға барып болашағын болжатқандар да, елінің болашағын білгісі келгендер де аз болмады. Қазақстан да шет қалмады. Атақты экстрасенс Анатолий Кашпировский де болды. Сексен жастан аса о дүниеге аттанған болгариялық болжаушы марқұм Ванга, көп адамдардың алғысына бөленген, ерекше болжаушы ретінде талайды таңырқатқан зағип жан еді.

Қайтадан Қазақ еліне оралайық. Вангаға ұқсаған өзінен айнымайтын Әулиеаталық әріптесі бар деп, хабарлаған баспасөз және ақпарат құрал-дарында шешен сөзді, қаламы жүйірік қаламгерлер де кездесті. Сонау тоқсаныншы жылдың басында жамбылдық орыс тілінде жазатын жур­налист Амантай Айзахметов облыстық "Знамя труда" газетінде Ванга әжейдің жамбылдық әріптесі Эльвираның шыққанын, оның болжаушылдығы мен көріпкелдігі жөнінде Ванга әжейден қалыспайтынын жазып, баспасөз және ақпарат құралдарында насихаттай бастады. Кешіктірмей орыс тілінде Эльвира жөнінде Амантай кітапшасын да шығарып үлгірді. Естіген ел қуанғанымен уақыт өте Эльвира аты халық ішінде үмытыла бастады. Ал 1992 жылдан бастап Эльвира Алматылық Александр Свет-ловпен қосылды, екеуі кітап жазды, ақырзаманды да білетін осылар деп, "Жас Алаштың" МБМ-да Зинат Жалайыр деген жазды (10.XI.1995). Ал Зинаттан қалыспаған МБМ-ның жауапты шығарушы редакторы да "Жас Алашта" (18.04.1996), ақтөбелік ғарышкер, "Үлкен Апа" Зәуре Әлиманованың "Эльвира екеуміз отыз үш қабат аспанды аралап ұшудамыз" деген сандырағын жазды.

Мейлі, кім жазса да бәрі бір Эльвираны да, Зәурені де және солар сияқты басқа да желпініп шыққан болжаушы-сымақтарды әдепкіде алданып қалған жұртшылық артынан тез-ақ ұмытты. Міне, ағайын, осы заманғы болжағыштарды насихаттаған журналистеріміз бізді алдады ма, жоқ өзді-өздерін алдады ма, тек өздеріне аян жұмбақтарын енді ел алдында ашатын уақыт жеткендей? Осыншама аты шулы боп шыққан "болжаушы" Эльвира осылай болғанда, басқа аты аталмаған "болжағыштарымыз" өкпелей қой-мас.

Енді болашақты болжайтын Пакистанның Лахор қаласында 1986 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген Зафер есімді кыз бала жөнінде әңгімелесейік. Шын болса Зафердің көзі екі жастан көрмегенімен, ол үйге кім келетінін білу қасиетіне ие болыпты. Ал, үш жасында Сан-Франциско-да күшті жер сілкінісі болатынын, одан бірнеше апта бұрын айткан. Кеңес одағының құритынын, Билл Клинтонның Президент боларын бір жыл бұрын білген.

Жас Эпиш Зафер таяу уақытта жер бетіндегі тірі адамдардың бәрі еститін космостан бір үндеу хат жетеді, одан төрт ай өткен соң әлгі хатты жолдаған адамдар жерге түседі депті. Оның айтысында 1996 жылы жер бетін жылы толқын қаптайды-мыс деген екен (ол болған жоқ, авт.).

"Ол 1997 жылы жазында – Солтүстік Корея АҚШ-ты Нью-Йоркке дейін ракетамен атқылайды десе (ол болған жоқ, авт.), от-жалынға оранған адамдарды казір міне көріп тұрмын", – депті (Қазірше аманшылық, авт.). Тіпті 2001 жылы бүкіл адамзатты біріктіретін Ұлы адамды да көрудемін депті (Күтейік. авт.). 2030 жылы ғарышқа ұшатын адам­дарды да көріп, біледі екен (Ұрпаққа тапсырдық, авт.).

Тоғыз жасар қыздың ол кездегі айтқанының ешқайсысы тура келмегені қалай? Жас қызды айналдырған киелі күш пе, әлде "қара ниетті" күштер ме екен? Әлде баспасөздің жалған ақпараты ма, шын болса өмір көрсетер?

Кезінде 1996 жылдың 3 желтоқсанында Алматыда түнгі сағат 11-30 бен 2-інің арасында күшті жер сілкінісі болады деп бір ресейлік болжаушы Мәскеудегі Қазақ елі елшілігіне берген хабарын жүйелемей елшілік Алматыға хабарлап, одан халыққа үрей туғызып теледидар мен радиодан хабар берілгенімен, ол өтірік болды. Бірақ халық үрейден қорқып суық далада қалып, үлкен зардаптар шекті. Бұл аз десеңіз бұдан кейінірек бір алматылық ресейлік әріптесінің қылығын қайталағанымен, тәжірибе жинаған жер сілкінісін бақылау орны халықты сабырлықта ұстай білді. Бұдан кейін қытайлық мамандар мен израилдықтар да қалыспады. Ал-матыға жер сілкінісі кеп қалды, әне төбесі көрінуде дегенімен айтқандары болмады. Біз де қарап жатпай, жаманшылықты кім айтса өз басына келеді, Алматыда жер сілкінісі болмайды деп, "Заң" газетіне мақала жаздық (24.07.1996 ж. авт.). Алла тағала біздің тілекті қабыл алды. Қытай мен Израил табиғаттың және соғыстың ауыр зардаптарын бастан кешіруде. Алматыда жер сілкінісі болмайды. Алладан жақсылық тілейік.

Ал алматылық бірнеше халықаралық ұйымның мүшесі, ғарыштық "құпия ілімнің" теоретигі, қоғамдық ұйымның академигі атанған Вале­рий Антонович Запредельный жөнінде де жазылды ("Ж. А." 13.03.1996 ж. Ә.Қаба).

Діни, ғылыми теорияны көп білетін теоретик маманның болжауынан ерекше ештеңе көре алмадық. Оның болжамы дәлдік лекциясына ұқсайды.

Қазақтардың ішінде Құран ашу арқылы да болашақты болжауды, біл-гендер болған. Көнекөз Құран ашушылар болмағанымен, кейінгі кезде бір-қатар жас талаптар шыққан, бірақ ұстай алмай қасиеттерінен айырыл-ғандары да бар. Құран кітап бойынша дұрыс болжайтын қазірше Шу қаласы, Төле би ауылында тұратын рухани сауықтырушы Әзиза Сайдоллақызын айтуға болады. Әзиза өзінің салмақтылығы, тазалығы үлгі тұтарлық құпиясын ешкімге мақтан етіп айтпау ережесін қатал сақтаған жан. Әзизадан көп үміт күтуге болады.

Жалпы алғанда, біздің әрекеттеріміз, денсаулығымыз, ауруларымыз, табыстарымыз бен сәтсіздіктеріміз, қанша өмір сүретініміз, мінез-құлықтарымыз жайында алдын-ала болжау бұрыннан "Алақан сызықтары" арқылы анықталып келген. Алақан сызықтарының "тағдыр сызығы", ол адамдардың белгілік таңбасы екені айтылады. Бұл ілімді "Хироман­тия" (қол туралы ілім) дейді. Осы алақан сызықтарына қарап адам тағдырын білуге, болжауға болады. Ғылыми дәлелге сүйенсек, жұмысты аз істейтін сол қолда жұмысы көп оң қолдан сызық көп болады екен.

Қазір Қазақ елінде қауымдастықтың мүшесі, бұрынғы талдықорғандық, қазіргі алматылық, тіл маманы Гүлзат Қойшыбайқызы Сәрсенбинадан көп үміт ақталар деген ойдамыз. Уақыт көрсете жатар.

"Құдайдан безген ғана құмалақ салады", демекші, құмалақшыларға болашақты болжату күнәнің ауыры екенін білген артық етпейді ағайын.

Бәріміз де Құдайдың құлымыз. Жер бетіндегі барлық болып жататын өзгерістер де, немесе қысқа әрі ұзақ мерзімді әсерлердің бәрі де мейлі адам, қоғам және табигатта болсын біз түсіне бермейтін бір тербелісті күштің ықпалымен болатыны шындық. Қалың бұқараның ішінен әр түрлі дарын иелерінің пайда болуы да, өмірдегі өзгерістерді тездетуге немесе түп-тамырымен жоюға бағытталғандай.

Алғаш келген қасиет иелері ішінде болашақты болжаушылардың болғанын жоққа шығара алмаймыз. Жылдар жылжыған сайын, олардың саны азайып, сапасы төмендеуде. Неге? Болжаушының кемшілігін қарапайым халық емес, өздері іздеп, жоғалтқанын тауып, барын байытса жақсы қасиеттің көмектесуші ғарыштык рухтары да алыстамаған болар еді. Амал қанша, бұны түсінетін, зерттейтін, бағалайтын, сынайтын, бағыт беретін маман-дардың саласы болмаса, Майқы би бабадан бері жалғасып келе жатқан, болашақты болжауға ие ұрпақтың жақсы қасиетін кетіріп алатынымыз анық.

Егер тылсым құпиядан хабарсыз болсаң, онда жазғаның халықты алдап, Құдай алдында күнәға батқаның. Осыған байланысты мен де көп емес, өзімнің қысқа ғана болжамымды айтсам дұрыс та шығар. 1991 жылдың 22 желтоқсанында мен басқаратын Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы құрылды. Құжаттарды заңды тіркетуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу басқармасына тапсырдық. Маған қоғам мүшелері сіз айтыңызшы, қауымдастық қай күні тіркеледі деді? Мен "1992 жылы 22 қаңтарда..." деген болжам айттым. Уақыт жақындады. Тіркеу куәлігін алуға 22 қаңтарға мені Әділет министрлігіне шақырды. Сол күні ертемен мен өзіммен бірге баратын Шымкенттік Өмірзақ Әлжанов деген жас емшіге қарап "түнде түс көрдім. Қауымдастыққа №80 куәлік береді", дедім. Сонымен Әділет министрлігі тіркеуіне келдік. Бір уақытта Өмірзақ көп адамның ішінен: "Көке, сіз айтқан куәлік нөмері дұрыс келді, №80 куәлік алатын болдық", дегені. Өзіме өзім сенер сенбесімді білмей қалдым. Шынында да қасиетті киелі орданы тіркеу куәлігі №80 екен. Бұл 22 қаңтар 1992 жыл еді. Болжам таза бол­ды. Бұдан кейін №22 саны қауымдастықтың ғарыштық байланыс коді болар дегенім де дұрыс болып, бізге келетін ғарыштық хабарлардың алдына "22" саны жазылатын болды. 1992 жылдан бергі ғарыштық байланысымызды 1997 жылы Республиканың он облысына теледидар арқылы көрсеттік. Құпиялықты асыкпай өңдеп жария ету оң нәтижесін берерін ескерсек, қазір осы сала бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.

Табиғаттың таңгажайып құдіретті күшін, сырын ашу өте қиын. Мұндай жетістікке еш елде ешкім жеткен де емес. Құдіретті қүпия күш көзге көрінбейді, өлшенбейді, салмақсыз, бағасы да, өңі де, тұрақты мекені де, өзіндік сипаты да, т.б. ерекшелігі белгісіз тылсым күш. Ғаламдық ғаламат-тың сырын ашуға ұмтылуда Жаратушымыз тілегімізді қабыл етсін деу болашақты болжаушыларға деген адал жүрек сезімін оятары ақиқат.

Болашақты кім болжаса да, адамзаттың санасына үрей туғызбай, нақты есептік дәлдік бойынша ғылыми негіздер мен діни шындықтарға сәйкес-тендіріп асықпай, саспай сабырлықпен жария етсе, әрине, болжаушының абыройы артып, бағы көтерілеріне күмән жоқ.

 

8.3  ЖАУЫРЫНШЫ

 

Ұлттық киелі өнеріміздің адам түсіне бермейтін, кез-келген адам көзіне көріне бермейтін, өте нәзік құпия түрлерінің бірі жауырынға қарау, яғни алда не боларын сол жауырын бетіне түскен сызықтар мен бейнелі кескінді суреттер арқылы болжап айту.

Бұл тілі жоқ мылқауды кездейсоқ сөйлетуден де кем емес өнер. Қазақ әр жердегі орналасуына, рулық киелі өнерді дамыту ерекшелігіне карай қойдың жауырынын болжаушыл-дыққа пайдаланды. Кез келген қойдың жауырыны сөйлей бермейтінін де біліп отырды. Малдың да киелісі болады деп, қойдың негізгі иесіне де мән берді. Ырысты, киелі орданың малы да киелі деп ырым етіп, сондай шаңырақ иелерінің де қойларының жауырынын пайдаланды. Көбіне қойдың жасына, жынысына, дене бітіміне т.б. жақтарына қарай, қойдың етін қазанға саларда оның жау­ырын етіне тиіспей, өте сақтықпен пісіріп, піскен соң жауырынға пышақ тигізбей, қолымен ептеп етін сылып, ал бірлі-жарым қалған етті пышақтың үшімен ептеп алып, тазалап, алдындағы отқа қақтады. Мұнан соң оған тесіле қарап, жауырын бетіндегі сызықтар мен бейнелі суреттерге қарап сөйледі. Ал кейбір көне көз жауырыншылар жауырынды тазалап алған соң-ақ, отқа қақтамай бірден қарап тұрып сөйлеп кете берген. Аңшылардың ішіндегі кейбір жауырын ашушы, киелі аң мен бүғылардың да жауырына қарап, олжалы-олжасыз боларын, қауіп пен қатерді біліп, бір-біріне ескерткен. Қазақ еліндегі бұл құпия өнерді әр жердегі халық өздерінің ұғымына, танымына қарай пайдаланды. Кей жерде жауырынды үш бөлікке бөліп болжады. Жауырынның ортасын бөлетін қыр бөлігін баланың жолы, қырдың астыңғы жалпактау жағын кісінің тағдыры, ал жауырынның түбін (негізгі шүйдесі) үй тағдырын болжайды деп сәуегейлік иесі айтып отырды.

Сонымен, жауырын болжаушы көне заманнан-ақ күнделікті тіршілікте жақсылық пен жамандық, береке мен кедейлік жаугерлік пен жеңіліс, ырыс пен береке, бірлік пен абыржу, балалы болу мен баласыздық, мәртебе мен мәртебесіздік, ұрлықтың, зұлымдықтың жамандығын анықтаумен т.б. қажетті болжамдар үшін өзінің нақ көріпкелдік тұжырымын беріп отырады. "Жақсы сөз жарым ырыс" деп, халық жауырыншының алдағы болады деген жақсылығына шашуын, шүйіншісін аямады. Қос алақанын көкке қаратып жайып, талай күнді батырып, талай күнді атырған, жақсы-лықтың шапағатын Алладан шын ниеттерімен сарғая күтті. Жақсылығы ақыры үлкен тойға ұласты. Аллаға мінәжат етті. Жаманшылық хабар болмауын тілеп, құдайға құлшылық етіп, малын сойып, әруағына дұғасын оқытып, қайыр-садақасын таратып отырды. Осындай ғарыштық жоғары сезімталдық қасиетке ие халықтың ұрпағы ішінен бүгінде елімізге, әлемге танымал жауырын болжаушы шықпауы, бізді қатты ойландырады. Кез келген көріпкел, болжаушы, телепаттармен еркін сайыса алатын болжамдық мәртебесі де биік тұратын жауырын-шыларды тәрбиелеу, бар болса тауып, құлқынның жауырыншысы емес, нағыз ұлттың жауырыншысы болуына көмектесуіміз аз да болса, фәни дүниедегі жауырыншы ата-бабалар рухына құрмет әрі олардың аманатын ақтаған-дығымыз болмақ.

Көне жауырыншылар көбінесе жауырынды күн және шам жарығына көлеңкелеп қараған. Жас баланы жауырыншы етіп тәрбиелеу үшін, нәресте туа салысымен жауырынды дайындап, ең алғаш балаға анасының емшегін емізерден бұрын жауырынның жұқа шеміршекті ұшын емізіп сорғызған. Бұл серт болған. Одан кейін жауырынды ақ матаға орап баланың бесігінің басына қойып жүрген. Немесе арнайы құлыпталатын сандықтарда ешкім білмейтіндей етіп заттар ішінде сақтаған. Қысқасы, баланың жауырыншы боларын өзінің сенімді үй іші ғана білген. Олар ешкімге айту тиіс емес. Бір жерлерде жауырынды бала бір мүшеліге тол-ғанда немесе он үш жас болғанда ғана сандықтан алып, ырымдарын жасап, үлкендер балаға батасын беріп, ақ матасы орамын ашып, он үш жылғы аманатын жауырынды жауырыншы балаға берген. Бала жауы­рынды жарыққа қаратып, оның бетіндегі сызықтар мен суретті бейнеге қарап сөйлей, болжай жөнелген. Енді бір жерлерде бала он жасқа келгенде жауырынды оған берген. Тағы бір жерлерде, балаға жыл сайын жауырынды көрсетіп отырған. Ал, он үш жасқа дейін көрсетпеу себебі, біріншіден бала көрсе бір корқынышты үрей алуы, екіншіден, оған көз бен тіл сүғы тиюі, үшіншіден адамдар жағынан қастандық жасалуы, төртіншіден бала елдің әртүрлі сөзінен секем алып, ашылып сөйлемейді деп қауіптенген. Әрине біз де осы мүшелі жаста жауырынды балаға беру, барлық қағиданы сақтау дұрыс демекпіз. Бұл құпияны ешкім де білмеген жөн. Мен де ерте-де дастарқан басында "жауырыншысымақтардың" бірді-екілісін көрдім. Бірақ, олардың ерекше қасиетін сезе алмадым. Шын асыл су түбінде қалмайды.

Жауырыншы жылдың төрт мезгілінің ауа райын болжауда да маңызды рөл атқарды. Халық жауырыншының айтқанына қарай қамын жасап, шөбін шауып, егісін орып жинап алып, қысы мен көктеміне қомақты дайындықпен кірді. Ертеде жауырыншылар да хандардың, батырлардың, билердің қадірменді кеңесші, ақылшысы болды. Жауырыншы әскери тактика мен стратегиялық қимылдарды бұлжытпай бақылап, жауырынын ары-бері аударып, олардың өзгерістік қимыл-дарын жауырын бетіне түсіріп, өз мәртебелісіне баяндап, бағыт беріп отырды. Екі тіпті бірнеше жақтың қарсы, әрі бірліктегі жауырыншылары байланыс құралы, биік мұнаралық компасы болды. Осы заманғы компьютерлік жүйе мен телефон, радио т.б. байланысты хабар беру мен тарату құралдарының қызметін бір ғана білімді жауырыншы атқарды десек артық айтқандық емес, қайта жауырыншылық қасиетті жоғары бағалағанды демекпіз. Жауырыншы да болжамынан жаңылып қалуы шындық. Осы күнгі күшті, орташа, әлсіз және "жалған" емші, көріпкел, болжаушылар сияқты жауырыншының да көрегендігі жоғары әрі төмені болады. Бұл да жауырыншының ойлау, есептеу, талдау, шешім жасау, батылдық пен тапқырлығына, айлакерлігіне байланысты болмақ. Қысқасы алыс-жақыннан бірін-бірі бақылаушы екі жақтың жауырыншылары өздерінің сезімталдық талғамына сай, бірін-бірі жылан сияқты арбап өз торына түсіріп, көрегені өз жағына жеңіс әпергені аз болмаған. Ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының XV ғасырда жазылған "Шипагерлік баян" кітабында: "Ел айтса елт айтпайды" (1996. 320-бет.) деген өсиетін еске алсақ, халық ішінде біз білмейтін талай құпиялы киелі өнердің әлі жиналмай, хатталмай жатқаны шындық екенін мойындаймыз.

Жауырыншы өзінің ойы, түйсігі, тұжырымы арқылы тылсым күштермен байланысқа шығады. Жауырыншының тылсым күшпен байланыс кеңістігінің өте алыстығына қарамай, жауырыншымен байланысқа келетін рухтардың жылдамдығы, әдетте жәй болжаушыларға хабаршы рухтар-дың жылдамдығынан бірнеше мыңдаған есе артық болады. Ойлаңызшы, ертедегі тау-тасымызға сызбалы жазу, бейне және сурет сызып қалдырғандай, қарапайым малдың, жануардың жай сүйегі жауырынға, осының бәрі түсіп, оған тіл бітіп сөйлей кетуі тылсым күші екені күмәнсыз. Сондықтанда, жауырыншының сыртқы телепатиялық күшпен байланысы, сезімділігі де жоғары болады.

Жауырыншы жаңыла ма, оның жауырын бетіндегі түскен суреттері (бейнелері) бәрі де дұрыс па дегенге келсек, "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген халқы-мыз. Осыны ескерсек жауырыншы да "теріс пиғылдың күштер қақпанына түсері анық. Бұндай құбылыс діни-рухани жактан, мәдени-экономикалық жақтан халық әлсірегенде, жауырыншының тәні мен жаны тазалығына қарай алдауына түсіруі мүмкін. Жауырыншы-лық өте жоғары ұждан, ар, сана, ақыл парасаттылығын қажет етеді.

Сондықтан да, жауырыншылық өте таза, қадірлеп, мәпелеп ары карай зерттеп дамытатын жалпы халықтық ұлттық киелі өнер екені даусыз.

Бәріміздің де мақсатымыз ұмытылған, әлі жарқырай көрінбеген осы жауырьшшылыкда жаңаша жаңғыртуға көмектесу, одан ұтарымыз мол болып, болашақ ұрпақ алдындағы парыз бен қарызымызды орындап, ата баба рухының ризашылығына бөленгендігіміз болмақ.

 

8.4  ЖҰЛДЫЗШЫ

 

Ерте заманнан бастап адамзаттың табиғаттың әр түрлі өзгеріс, құбылыстары жөнінде өзіндік болжамдары, өлшемдері, танымдарымен қатар шешімі де болды. Аспан әлемінің құпиялы сырын білуге еркін кіріскен ғалымдармен бірге қарапайым халықтың ішінен шыккан жұлдызшылар да (кейде санақшы дейді) болды. Қазақ халқы көшіп-қонып жүріп, жылдың төрт мезгілінің ауа райының өзгерісін өздерінің санақшылары арқылы біліп, табиғаттың қатал құбылыстарынан сақтанудың алдын-ала қамын жасай білді. Қоршаған орта мен жер, ауа жағдайын білумен бірге, аспан әлемінің мыңдаған құпиясын зерттеуге де мән берді. Аспандағы "Темір қазық", "Жеті қаракшы", "Үркер", "Шолпан" жұлдыздарының орналасуы мен олардың козғалыстарын білу өте көп жеңілдіктер берді. Жолға "Шол-пан" жұлдызы туа аттанған керуен, "Темірқазықты" бағыт етіп шықкдн жолаушы адаспайтын болған. Қазақ халкының да көшпелі өмір уақытына сай календары болғанымен ол кағаз бетіне түспеген.

Көшпелі өмір сүрген қазақ халқының ең басты кәсібі малшаруашылығы еді. Кейін отырықшылыққа көшіп егін шаруашылығымен де айналысты. Малдың төлін төлдетіп, оның жүнін қырқу мезгіліне сай қонысын ауыстыру және егін егіп, оны жинап алу, шөп шабу әрі жинау, сондай-ақ, басқа да науқанды жұмыстарда ауа райының жағдайын ел ішіндегі жұлдызшылар (санақшылар) ескертіп отырды. Бұдан басқа тәжірибелі есепші, санақшылар қыс, көктем жайын, жеті ағайынды жұт туралы да есептеп хабарлады. Жалпы жұлдызшы (есепші-санақшы) тұқым қуалай-тын қасиет. Бұл өте сирек кайталанады. Ел ішінде жұлдыз-шылардың аз кездесетіні сондықтан да болар, бүгінде еліміздегі он алты миллион (оның ішінде жартысынан көбі өзіміздің) халықтан жұлдызшының бір-екеуі ғана болуы, бұл тектік өнеріміздің әлі артта екенін көрсетеді. Деседе, жұлдыздық болжам республиканың ауылшаруашылығына үлкен пайдасын тигізуде.

Жұлдызшалар болжамы мен сақтандыруы арқасында кара топырағы бұрқырап жатқан егістікке жан бітіп, ауыл еңбеккерлері өзі еккен ал­тын дәннің мол өніміне кенелуде. Бүгінгі мемлекеттік ауа райын болжау орындары экономи-калық қиыншылықтан өз уағында табиғаттың өзгерісін елге хабарлай алмай жатқанын да білеміз. Егер Жұлдызшы  шәкірттері мен ізбасарлары көбейсе жұлдызшылық ұлттық өнеріміз дамыған болар еді.

Ертедегі қазақтың жұлдызшылары тек ғана жұлдызды бақылау мен есеп жасап қана қоймай, өзіндік болжамдық, көріпкелдік әдістерін де шебер пайдаланған. Жұлдызшы да тылсым күшпен телепатиялык байланысы бар, өзіндік құпиясын ешкімге сездірмейтін, жария етпейтін өте мәдениетті, салмақты, қысқа сөзді, нақ талғамды, киелі жандар қатарына жатады.

Абылай ханға Жеті Жолымбет руынан шыққан Құттықадамұлы Байыс деген, ауа райын болжаушы сәлем беруге келеді. Сонда Абылай ханның алдағы ауа райы қалай болады деген сұрағына Байыс жүлдызшы: "Мен білсем, осы алдағы жұманың ішінде өзен-көлдің сулары кенет көтеріліп, қалың нөсер жауын жауады, су тасқыны болады. Сол үшін суға таяу отырған ел жоғарыға шығып, жоталы жерге көшіп қону керек. Малды да солай жаю керек", депті. Байыстың айтқанына сенген хан елін қауіпсіз жерге көшіріп үлгіргенде, айтқандай-ақ қатты жаңбыр жауып, арты су тасқынына айналады. Абылай хан Байыс жұлдызшыға өте риза болып, бұны қалай білгеніңді айтшы депті? Сонда жұлдызшы Байыс тұрып ханға: "Тақсыр хан ием, сұраған соң айтайын. Мен де ауа-райын айтатын, хабар-ошарлар көп. Бірақ, бұл жолы хабарды суыр, борсық, қарсақтар берді. Олар індерін су жағасынан алыстатып, жоғары қайта қазып жатыр екен", депті. Бұл дала жануарларының сезімі дәл Қытайдың су тасқыны болаты-ны туралы өзінің діңгегінің түсін өзгерту арқылы белгі беретін, су жаға-сында өсетін 400 жылдық" ғұмырлы лавр ағашы хабарына ұқсастығына қайран қаласың. Байыс жұлдызшы өзінің еңбекқорлығымен қыстың қалай боларын, ауа райының алдағы өзгерістерін құстардың күздегі және жазғы-тұрым келуінен, аңдар мен жердегі жәндіктердің іс-әрекетінен, бұлттардың көшуінен, тағы басқадай табиғаттың құбылысынан біліп отырған. Бұл барлық қазақтың болжаушы жұлдызшыларына тән қасиет.

Ата-бабаларымыз жұлдыздардың қозғалысын бақылай келе, күн мен айдың тұтылуына қарап жердегі болатын жақсылықтар мен бақытсыздықтарды біліп отырған. Әрбір адам өзінің ғарышпен байланысы барын сезе бермейді. Тек өз қасиетін таныған адам ғана ғарыштық байланысын дамытып отырды. Аспаннан жұлдыз ағып түскенін көрген адам өзін бақытты санаған. Деседе, өте жоғары сезім-талдыққа ие жандар ертеден-ақ халық ішінде көп болды. Олар аспандағы денелердің қозғалу бағыттарын, тұтылуы мен құйрықты жұлдыздардың ұшып өтуі, басқа да өзгерістерін жақсы білді. Әр адамның жеке жұлдызы болады. Ол жұлдыз белгі беріп отырғанымен, бірақ міндеттемейді. Қазіргі уақытта салыстырып қарасақ, Майқы би бабамыздан бұрын шыққан атақты болжау­шы жұлдызшыны кездестіре алмаймыз. Ол:

"Темірден болар көлігің,

Темірден болар өлігің",-

деп осы заманды дәл болжаса, өзінің жанына жүлдызшы, жауырыншы, құмалақшы және балгерлер қалай жиналғанын сезбей де қалады екен. Сонда баба көзін жұмып, қобызын қолына алып сарната келе:

 

Жыпырлаған жұлдыздан,

Жартыкеш болса да ай артық,-

 

деп жүлдыз бен айды салыстыра келе қасиет киелілердің санында емес, сапасында, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" ғана болатынын ескерте-ді. Бұдан кейін Майқы би баба:

 

Болганда ақырзаман су тартылар,

Жігітке қарап тұрған кыз артылар,-

 

деп осы заманғы кейбір адамгершіліктің азғындық жолын, әсіресе кейбір қыздарымыздың жаман қылығы мен колдан «ақырзаман» туғызып жүрген-дердің әрекетін болжағанын көреміз.

Жұлдызшылардың өрісі кең болды. Олар өте ауқымды ұлттық мәселелерді қамтып отырды. Аспан әлемі мен табиғат құбылыстарынан басқа ел корғанысын, болашағын, елдің жауларының күшін бағалап, жеңіс пен жеңілістің стратегиялық әскери бағдарламаларын дәл айта білді. Сондық-тан да Майқы би баба халықтың жұлдызшы, болжаушы, көріпкел, бақсы-балгерлері мен ерекше қасиетке ие өзінің басқа да ұрпақтарының пірі әрі атасы дей аламыз. Осы бабаның жолын қуған жұлдызшылар ұрпағы әлі жалғасып келеді. Біз жоғарыда сөз еткен Абылай ханның жұлдызшысы Байыс та Абылайға төніп келе жатқан қалмақ елінде көктемгі сәуір айында екі күн бұрын-соңды болмаған қар жауатынын, қалмақтар әбден есінен танатынын күніне дейін дәл айтып береді. Қалмаққа қарсы бас батыр Қа-ракерей Қабанбай бастаған шабуыл жеңіспен аяқталады. Қабанбай батыр риза болып, түскен олжадан Бай­ыс болжаушы жұлдызшыға түйенің інгенін сыйға тартады. Ел ішінде:

 

"Абылайдан ат мінгені,

 Қабанбайдан алған інгені,

Байыстың ауа райын білгені",-

 

дегендері таза кие иесі жұлдызшыға көрсеткен сенім әрі құрмет болса керек. Сол Байыс жұлдызшының ұрпағы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы Амангелді ауылында тұратынын білгеніміз артық емес. Ал Байыс-тың Жолымбет атасы атында Ақмола облысы аймағында "Жолымбет" стансасы бары.

Ертеден-ак кез келген халық Күн, Ай, Жұлдыз календарьларына ерек­ше мән берді. Сондықтан да болар бұл календарьлардың бәрі де ертедегі Рим, Египет, Вавилон календарьлары негізінде жасалынса керек. Арабтардың Ай календары 354 күннен тұрады. Әр жыл сайын он бір күн ауытқиды. Бұл календарь мұсылмандардың жыл санағы басы, 622 жылдың шілдесінің 16-жұлдызынан басталады. Осы күн Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға сахабаларымен ауып барған күн болатын. Ал қазақтар болса ертеден-ақ бір жылды он екі айға, әр айды төрт аптаға, бір аптаны жеті күн деп, айды жиырма сегіз күнге теңеді. Бұл зерттеу мен дәлдікті XV ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кі-табынан да табамыз. Өтейбойдақ баба: "Көктегі жұлдыздар адам санымен тең. Әрбір жұлдызда әрбір адам ғұмыры жазылған. Ол адамзаттың қолы жетіп, ала алмайтын алтын кітап. Ол жылтылдап көрініп, аспаннан өзіне жазылған адамды көріп, бақылап тұрады. Сол пенде қайғы-қасіретті болса, солғын тартады. Күнге шағылыскан гауһардай жалтылдаса, жанып тұрған бағы болмақ. Дүниеге бір нәресте туылса, көкте бір жұлдыз жарқырап, туылады. Бір адам өлсе, оның жұлдызы жаны шығысымен ағып түспек",-дейді. ("Ш.Б.". "Жалын". 1996. 107-бет).