ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

18

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

7.6    ШИПАГЕР ЖӘНЕ ШИПАСЫЗ АҒАШТАР

 

Ата-бабаларымыз көшпенділік дәуірден бастап табиғат-тың емдік қасиеттеріне айрықша мән берді. Қазақтың қара өленіңдегі "Аса байлық не керек, ден cay болса болғаны" әні денсаулықтың қадірін бірінші орынға қойғандықты дәлелдемек. Көшіп қонып жүретін ата бабалар көбінесе көктемдік және жаздық қоныстарын орман-тоғайға жақын орналастыруға нұсқау беретін. Орман-тоғайдың таза ауасы мен сылдырап аққан тау бұлағы, өзен сулары үні жаның мен тәніңді бір демде сергітіп, шаршағаныңды басып, дене ауырлығын сылып тастайтын қасиетін біз әлі меңгере алмай келеміз.

Кейінгі кезде көбінесе жүйке ауруы, көңілсіздік жағдайға ұшырағандарға тауға барып, орман тоғай ішіне бір жеті демалып келуді ұсынға-нымызда олардың көбі оралған соң қобалжу мен мазасыздықтан айырылып, жүйке аурулары жоғалып кеткенін айтуда. Бұл табиғаттың өзінің әлі ашылмаған шипагерлік қасиеті барын білдірмек. Ормандағы жеке ағаштар әр түрлі биоөрісін шығарады. Ол өpic олардың жапырақтары арқылы жан жағына нұр сәуле шашып құлпыртып тұрады. Мысалы, алып емен, ұзын қарағай, сымбатты қайыңдар биологиялық энергияны көп бойына жинайтыны ғылымда дәлелденді. Қысқасы, ағаштар өзінің қасие-тіне қарай үш түрге бөлінеді. Біріншісі - "сорып алғыш" ағаштар. Олар адамның қуат күшін (энергиясын) сорып алады. Бұлардан бөлінетін био-өріс суықтау келеді. Екіншісі - «қуа т беруші» ағаштар. Олар адамға қуат беріп, денесін ескі теріс қуаттан тазартады. Адамның да қуат-күші өседі. Бұндай ағашка адам жакындағанда жылы, ыстықтау биоөріс шығарып тұрады. Үшінші ағаштар - "бейтарап-ты" болады. Бұл ағаштар адамға не зиян да, пайда да жасай алмайды. Бөлетін биоөрісі қоңырсалқындау келеді. Бұл тепе-теңдікті сақтайтын таразы сиякты.

Құдай басқа бермесін, "Қанішер ағаш та" кездеседі. Германияда өсетін бір қара ағашта "қанішерлік" касиет бар екен. Оны кескен жұмысшыларды ағаштың тамыры орап алып, қылғындырып өлтірген. Алты жұмысшы жәй өлмей, тамырмен алысып-жұлысып өлгенін дәлелдейтін жанталас іздері қалған. Мұндай ағашқа жеке барған да осылай болған.

Бұл жағдай 1911 жылдан басталыпты. Бір шала кесіліп сүйеніп қал­ған ағаш түнде жұмысшылар палаткасы үстіне түсіп, оларды өлтіріп, артынан таудан домалаған бүл ағаш етекке дейін тоғыз адамның өлімін әкелген. Бұл калай? Жын-перінің ордасы ма? Жоқ, ағашқа енген "зұлым" рухтар ма? Мүмкін киелі ағаш шығар. Киелі рухтар мекені ме? Ал енді ойла-найық?!

Кейбір ағаштарды кескенде ішкі өзегінен қан немесе сүтке ұқсас сұйық ағады. Бұны кескен адам көбінесе кемтар болады. Тіпті ұрпақтар қасіретіне ұласып та кетеді.

Мәселен Қожа Ахмет Иассауи бабаның жаназасын шығарған, бүгінде кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы орталығы Шолаққорғандағы тама "Қарабура" әулиеге тіккен ағаштар да өте киелі. Кесене жанындағы ағашты кескендердің көбі ауыр жағдайларға ұшыраған. Бұндай ағаштарды білгендер басқаға ескерткені жөн болмақ.

Ағаштың бесінші бір түрі "керіпкелдік" касиеті барлар. Бүндай ағаш Қытайдың Синьдянышн дейтін жерде өзен жағасында өседі. Сол өсіп тұрған 400 жылдық ғұмыры бар лавр ағашы су тасқынын дәл айта ала­ды. Оның хабарлық белгісі сол - ағаш өзінің діңгегінің түсін өзгерту арқылы су қанша деңгейге көтерілетінін білдіреді екен.

Бұл кәдімгі ыстықтық пен суықтықты өлшейтін манометр сияқты. Ал Қазақстанның Алматы облысының Панфилов ауданының (Қорғас) Жуанағаш кеңшары аймағында бес ғасыр өмір сүріп, ешқандай өзгеріске ұшырамаған "Әулие Ағаш" бар. Жуандығы алты жарым құлаш келетін "Әулие Ағаштың" қабығынан бұлақ ағады. Аққан бұлақ суының емдік қасиеті күшті. Республиканың түкпір түкпірінен емделуге келушілер өте көп. Бұл табиғаттың әлі ашылмаған сыры.

Қасиетті жер ана өзінің құшағына алған тірі пенде жан-жануар және өсімдіктер мен ағаштардан ештеңесін аяған емес. Ал, біз білмейтін құпиялар қаншама?

Халқымыз әр түрлі ағаштардың жеке-жеке ауруларға емдік қасиетін ертеден-ақ меңгерді. Мәселен, аяқ шаншығанда, бас ауырғанда шетенді сол ауырған жерге қойып, сырқатты бәсеңдеткен. Шетен қуат бергіш ағаш тобына жатады. Дегенмен, шетенді ұзақ пайдалану да қауіпті. Кері әсері болуы мүмкін. Қазақтар шетенді найзағай тартады деп үй жанына отырғы-зудан бас тартқан. Емен, қарағай, кайың жағымды қуат энергиясын сыйлайды. Біздің күш қуатымызды арттырып, өмірдің ұзаруына, қартаймауға, жігерлі жүруге көмек етіп отырады. Шетен, терек сияқты ағаштар да жағымсыз энергияны өзіне тартып алады. Осыған байланысты нақты ғылыми негіздерге, тәжірибелерге сүйеніп әр адамның өзінің жеке "қуат бергіш" және "қуат сорғыш" ағашы болатыны анықталды. Алайда, аты аталған немесе аталмаған "қуат бергіш" ағаштар толық емдік қасиетке ие деп біржақты айта салуға да болмайды. Өйткені әр адамның өзінің туған жыл, ай, күніне қарай өз ағашы болады. Ағаштың қандайда бір емдік белгісіне карай анықтап, "қуат бергіш" ағашқа жақындағанда әр сеансты 10-15 минуттан бастап, 20-30 минутқа дейін созып, жеті рет сеанс алған дұрыс болады. Денеңізге кері әсер ететін ағаш жанына жоламау қажет. Әрине, орманға барғанда бір ғана ағаш шипалы деу дұрыс та болмас. Ормандағы барлық өсімдіктер биоөріс бөледі. Су өзінің сылдырап аққан үнімен дененің жүйке жұмысын жақсартады. Өсімдік те, су да адамның кері қуатын сорып шығара алады. Бұларға таза ауаны қосыңыз. Тағы бір қасиетті қуат көзі ормандағы тастар. Тастың да емдік қасиеті және сондағы жер асты мен үстіндегі минералды заттар да, "қуат күшін" сыйлайтынын ұмытпаған жөн.

Әрбір адам психологиясы, мінез-құлқы табиғаттағы күн, ауа, су, от және белгісіз миллиондаған материалдық ғаламдық планеталармен тікелей байланысты. Ағаштың қай түрін алсақ та, өзіне тән касиетін айттық. Адамдардың да мінез-қүлқы өзінің жеке ағаш-жұлдызнамасына тән. Бұл ағаш-жұлдызнаманы білу, адамның өзінің мінез-құлқын жақсартып, денсаулығын бір қалыпты ұстауға, психоло-гиясын дамытуға көмектеседі.

Қорыта келгенде, денсаулықты дәрісіз қорғауда табиғат емшінің қасие-тін пайдалану тиімді болмақ. Мүмкіндікке қарай жәй бас ауру, әбіржу т.б. көңілсіздік туа қалса өзіңізге жақын бау-бақша ішіне, орман-тоғайға, өзен жағаларына барып бір уақыт демалуды ұмытпайық. Ағаш-шипагердің шипасы қонымды болсын.

 

7.7  МУЗЫКА МЕН ӘН-КҮЙДІҢ ЕМДІК ШИПАСЫ

 

Адам тәні биоөрісі тепе – теңдігі өзгеріске ұшырағанда, оның денсаулығының күйін ыңғайсыз жағдайларға душар ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұндай жағайлар адамның көңіл -  күйінің бір қалыптылығына кері әсер етіп, ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Адамның ой-жүйесінің  психологиялық теңдігінің өзгерісі артады. Адамның көңіл-күйінің өзгеріске ұшырауынан оның тәндік  биоқуатының   тұрақтылығы  ауытқып,  дененің кейбір мүшелерінде сырқат белгісі  сезіле  бастайды.   Осы жағдайдан адамды шығаруда әсерлі  емдік шипалық  құпиясы бар   ерекше  музыка,  ән – күй және дыбыстар бүгінде әлемдік  халық шипагерлігі  саласында ғана емес, осы заманғы медицина жүйесінде де арнайы  ғылыми анықтамаларға негізделіп пайдаланылуда.  Музыка,  ән – күй  мен дыбыстың да  шипалы,  шипасыз және кері әсерлісі де барын аныталған. Адамның жан-дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік  музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда.     

Халық шипагерлігінде  сырқатты түріне қарай анықтаған соң оны  емдеп жазуда  музыка мен ән-күйдің де көмегін пайдалану тәсілдері де ертеден қалыптасқаны белгілі. Ата – бабаларымыз ертеден-ақ музыка өнерінің  тозған,  шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін  білген. Бұл әдісті одан ары дамыту жолдары да бүгінде көптеген елдер мен қазақ елінде де ғалым дәрігерлер мен шипагерлер тарбынан қолданысқа еніп, оң нәтижесін беруде.  Кез-келген  адамның  көңіл-күйін  бір қалыпты ұстауына дыбыстық үн әсері зор болып қалмастан, оның психологиялық  жақтан ауытқуға ұшырай бастаған жүйке-жұлындарының бір қалыпқа келуіне, тербелістік үндік  толқындардың  тигізер емдік шипасы да  осы заманғы медицинада да пайдалануда.

Адамның психологиясы мен биоқуатының бір қалыптылығы барлық уақытта бір деңгейде бола бермейді. Қаншалықты өнерден хабарсыз, оны онша ынталы түрде жаны сүйіп тыңдай қоймайтын адамның өзіне  де ең алдымен ұлттық музыка, кұй, ән бір әсер ететіні  анық байқалуда. Музыкатерапевт – емші Рушель Блаво осы музыканың көмегімен сырқаттарды емдеудегі алғашқы кітаптың авторы. Ол өзінің көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, музыканың емдік пайдасы туралы былай дейді:  «Музыкамен емдеу жолы жылдар бойы адамның өмірін қинаған, жүйке -  жүйелерін тоздырған және  өте қауіпті асқынған сырқаттарын емдеуде зор көмегін тигізеді» - деп жүйелейді [95, 35 б.]. Музыкалық емдік шипаның жүйкенің ауытқуына,  гормондық    тепе-теңдіктің  бұзылуына,  шаршап  әлсіреуге  емдік  әсері жоғары екені  дәрігерлік-емшілік   саласында  да     нәтижелі болуда.

Музыка мен ән – күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық  әсері күшті  таза мөлдір дәрі  деуге  болатынын, мен өзімнің  жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым. Мұндай анықтамаларды шипагерге емделушілердің өздері бере отырып, шипагердің пікір мен ұсыныс журналдарына қалдырған ықыласты пікірлерінен байқауға болады. Көптеген сырқат адамдар  өздерінің  сырқаттарынан  музыка мен ән – күйдің  әсерінен кейін  оңала бастағанын және көңіл – күйлерінің  жақсара бастағанын сезген. Ресейлік дәрігер-хилер А. Затеев музыканың емдік сипаты жөнінде: «Музыка бізді қоршаған адамдармен өзара қатынасымызға және байланысымызға жақсы әсер етеді. Тыңдаған музыканың  бәрі жағымды бола алмайды. Әр музыканың өз тыңдаушысы   болады. Сондықтан да музыканың түрі денсаулыққа емдік пайдасымен ерекшеленеді »,- деген ұғымын білдіреді [96, 48 б. ].

Бірақ, әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен:  біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері  қозғаса, ал симфония мен баяу әндер  көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер ететінін науқастар-дың өздері байқаған. Жан – дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка  ғарыштық жүйемен үндесе  отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына молдығы барын  халықта және ғалымдарда ертеден бақылап   біліп отырған.  

Қытай, Үнді,  Египет,  Греция,  Франция т.б. елдердің дәрігерлері мен емшілері, философтар мен музыканттары музыка мен биді   сырқатты емдеуге пайдаланған. Сиқырлы қобыз сарыны, күмбірлеген домбыра үні, сызыла шыққан сыбызғы үні т.б. аспаптарда ойналатын музыкалық  туындылардың адам организміне әсер етуі де әр түрлі болғанымен, жалпы психологиялық  емдік сипаттарында  ұқсастықтың  емдік  шипалық  қасиеттері барын  аңғаруға болады. Мәселен, Ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама берген [20, 139 б]. Адам мұңайғанда, қайғырғанда, қажығанда ән мен күй оның ауыр жағдайынан шығуына  немесе ауытқыған қуатын  бір қалыпты жағдайға келуіне көмектесетінін тәжірибелік ізденістер көрсетуде.  

 Әлемдік кейбір білімді адамдар мен дәрігерлер де музыканың үнімен көп нәрселердің шешімін тапқаны жөнінде баспасөзде жазылып келеді. Пифагор,  Гомер мен Госиоданың жырларын адамның жан-дүниесін емдеуге қолданған.  

Әлемге әйгілі Гай Гракх халық алдына шыққанда сөзі өтімді болуы үшін, өзінің жанындағы музыкантына музыка құралын ойнатып қойған. Кейбір әншілер  жағымды әндерді орындағанда  адамдардың  жан дүниесіне, тіпті жабайы аңдар мен құстарға да   жағымды  әсер ететіні байқалған.  Кейбір жерде дәрігерлер музыканың ерекше ырғақтық дыбыстық көмегімен саңыраудың құлағының есту қабілетін де ашып,  қалпына келтірген.  Баяу ырғақты музыканың адам денсаулығына пайдасын көне дәуір дәрігерлерінің бірі – Асклептиидің баяндауынша емдеуге музыка мен ән әуендерін пайдаланған. Аса дыбысы жоғары, шулы сүйкімсіз музыка мен әндер  адамның қан қысымын көтеріп,  ауыр жағдайға душар етуі де мүмкін. Көбінесе  рок музыканың қаупі басым екені, адам психикасын теріс бағытқа өзгертетіні  ертеден  анықталған.  Рим дәрігері Гален жылан, қарақұрт  шаққан адамды музыканың көмегімен емдей алған.  Адамның нерв жүйесіне байланысты  ауруларға музыканың  да пайдасы  анықталған.  Немістің музыка зерттеушісі Маттесон: «Адамның жан-дүниесі тәтті бір ұйыған,  тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы  тыңдау керек», -  дейді [97(114),  140 б.].

Дегенмен,  сырқаттардың біреуінің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симпония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе керісінше әсері сезілген. Мінезі жеңіл, көп шаршағыш, ашушаң және уайымшыл адамдарға музыканың  көмегі зор болады. 1913 жылы Парижде композитор Игорь Стравинскийдің бір қойылымында залдағы көрермендердің ішінен айғайлаған, төбелескен,  билеген және қызықты күлкіге бөленгендер болған. Олар не болғанын білмеген. Басты себеп музыка адамдардің жүйкесінің қозуына, ауытқуына адамның тұлғалық психологиясына қарай әр түрлі  әсер еткен.  Бұл жағдайдың кілтін Берлиндегі музыка зерттеуші Кристоф  Рюгер таптым деген тұжырымын  жасаған.  Гармония мен ырғақ адамдардың сана-сезіміне тікелей әсер етеді.  Кейде оның кері әсері немесе емдік  қасиеті бары да анықталуда. Профессор Рюгер «Үйдегі музыкалық дәріхана» деген анықтамалық кітапта жазып ұсынған  екен.

Бұл ғалым өзінің көп жылғы тәжірибесі  негізінде, ауыра қалған жағдайда  емделу үшін музыкалық рецепті  ұсынады. Ал бізде көп жылғы тәжірибемізде  емге музыканы, ән мен күйді пайдалана отырып ұлттық музыканың  өзіндік шипалық қасиеттерін  ашып,  жалпы халықтық пайдалануға  ұсындық. Оң нәтижесі барын пайдаланушылар  дәлелдеп беріп келеді.  Менің өзімнің сөзін жазып әрі әнін шығарған оннан асық әндерімді халық шипалық емге пайдаланғалы көп жыл болды. Бұл әндердің шипалық қасиеті барын алғаш нотаға түсірген композитор-лар Ә. Телғозиев пен Т. Тайбеков   байқаса, одан кейін «Жас Алаш»  (21. 2. 1995),  «Шымкент  келбеті»   (1997) т.б.  газеттерде  жариялады [98].  Әсіресе «Құдірет»  әнім психикалық ауруларға тез әсер ететінін, шипалық емге пайдаланушы емшілер  дәлелдеп келеді.

Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар ырғағы мен ритмі  болғандықтан, оның  мәнділігін орындап халыққа жеткізуде әнші мен күйшінің  орындау қабілетіне  байланысты  болады да,  әсері де әр түрлі болады.

 Ертеде қазақтар ән мен қиссаларды таңға ұйықтамай тыңдағанда, демалып қалдық деп тарқасуы да  бұл өнердің шипалық қасиетінен  деуге болады.  Қазіргі уақытта дыбыстың да емдік шипалық қасиеті зерттеліп, денсаулықты жақсарту саласында пайдалана бастады. Музыка зерттеуші Х. И. Хан: «Музыка адамның өнері мен поэзиясын дамытып қалмастан, ол адамның рухын көтереді және емдейді де. Музыка өнер, әрі ғылым»,- дей келе [99, 107 б.], музыканың таза үндік, ырғақтық және дыбыстық әсерінен түрлі толқынды емдік қуаттар пайда болатынына  көңіл бөледі. Кейінгі кезде шипагерлік саласының емдік жүйесіне дыбыстың да пайдасы молдығы анықталуда. Мәселен, азан шақырғандағы жоғары тонды дыбыстар мен шіркеудегі қоңыраудың қатты дыбысы аралықтан әсер ететін, тез тарайтын тұмау т.б. аурулардың микроптарын жойып жіберетіні анықталған. 

       Жеке қарыптарды да мәнерлеп оқығанда  әр түрлі ауруларға шипасы бары іс жүзінде тәжірибеден өткізіліп келеді. Бұл тәсіл жеке адамның өзі-өзі емдеуіне өте қолайлы әдіс түрі екенін шипагерлер мен емделушілер де дәлелдеуде. Бұндай қарапайым емдеу тәсілі шипагерлік   емнің жаңа шипалық жүйесіне жол ашып ғана қалмастан,  ұлттық шипагерлікті байыта түседі. 

Дыбыстың шипалық емдік әсері оның  негізгі принциптері резонансына, ритміне, үндік мелодиясына, гармониясына,  дыбыстың  ауқымдығына,  тембріне, ағыны мен толқынды тиянақтылығына және дыбыстың қуатты-лығына байланысты екені  зерттеушілер тарабынан ғылыми түрде зерттеліп, тұжырымдамалар жасалуда.  Тэд Эндрюс дыбыспен  емдеудің негізгі принциптерінің  құпияларын зерттеп, оның емдік ерекшелігі туралы: «Жоғары тонды дыбыс – ол өте қуатты күш.  Дыбыстың әсері де дұға,  музыка, ән және мантраға ұқсас келеді. Дыбыс адамдар мен  дыбыс Басқарушының ортасындағы байланыс құралы ролін атқарады. Дыбыс ол біздің денсаулығымыздың жағдайы мен сананың нақтылы уақыттағы жағдайын   анықтайды... Емдік шипалық дыбыс адамның физикалық  денесіндегі чакраларға бағытталып, өзінің шипалық қасиетін жалғастырады», - деп тұжырымдайды [69, 199 б.].

Дегенмен, адамдардың есту, қабылдау және сезім қабілеттері  бірдей  болмағандықтан,  олардың   түпкілікті әсер алып қабылдауы да әр түрлі болады. Музыка мен  ән-күй адамның миінің клеткаларына әсер  ете отырып,  оның  импульсті ырғағын қозғап,  теңшеп,  қызметін жақсартып, шаршағанын басуға көмектеседі. Адамның ағзаларында жаңадан күш қуат пайда болып,  ағзалар ескі қуаттарынан тазарып, жаңа қуатпен қоректенеді.  Адамның сенімі оянып,  жаңа іске талпынады.  Музыка ұлт таңдамайды.  Музыканың үні, ырғағы мен әсер ету күші  барлық адамзат баласына да әсер ете алады.

Бұған дәлел  ретінде  мен өзім 1991 жылы Мәскеу қаласында «Турист» қонақ үйінде бұрынғы Одақтық  емші – ғалымдары алдында жүргізген емдік сеансымда  тек қана қазақтың күйлері мен әндерін пайдаландым. Осы сеанс кезінде қазақтың күйінің әсерінен өмірі қазақты білмейтіндер ішінен  билегендер де, жылағандар да, өзінше сөйлеп кеткендер де және қолдарын ербеңдетіп домбыра тартқандай қимыл жасағандары да болды.  Бұндай жағдай  әлемдік емдік сеанстарымда да қайталанды.  Бұдан, қазақ музыкасы мен  ән-күйі өте жоғары толқынды резонанс тудыратын, өрісі кең, қуаттылығы  мол, әсері күшті  адам бойындағы  лас қуаттарды ығыстырып шығаратын   ерекше емдік шипасы  барын аңғаруға болады. 

Емдік  шипалық сипатқа ие «Елім - ай» әні жан дүниені оята алады, ұлттық патриотизмге  рухыңды көтереді. Күңіренген қобыздағы Қорқыт, Ықылас күйлері мен  Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Сүгір, Т.Момбеков  пен бүгінгі  С. Тұрысбеков  т.б. - дың домбырадағы әсем үнді, жүректі тебірентетін  күйлерінің емдік  шипасын көптен  анықтап келеміз.  Музыкалық шипа емі бүгінде арнайы бір орталыққа топтастырылмағанмен, көптеген дәрігерлер мен емшілер жеке емдік сеанстарында жиырма жылға жуық тұрақты пайдаланып, оның  оң нәтижесін анықтап келеді. Әлемдік шипагерлердің көбі сеанс кезінде емделушілердің психологиясына әсері мол «Ғарыштық» музыкаларды  пайдалану арқылы, емін бастап әрі аяқтайды.

Ресейде  арнайы музыканың емдік әсерін зерттейтін орталықтар мен қоғамдық  ғылыми зерттеу институттары және Санкт-Петербург қаласында арнайы «Музыкатерапия» мектебі жұмыс істеуде. Бұдан  музыканың емдік шипасының болашағы барын аңғаруға болады. Батыс елдерінде классикалық  Шопен, В. Моцарт, Ф. Лист және Бетховеннің шығармаларын жүйке ауруларының түріне қарай пайдаланса, қазақ елінде де емдік қолданысқа емдеушілерде пайдаланып келеді.  Музыка мен ән – күй адам ағзасына  ғана әсер етіп  қалмастан, жан -  жануарларға,  аң – құстар мен өсімдіктерге де оң немесе теріс әсері ететіні анықталуда. Музыка дыбысы электромагнитті толқын тудырып  ірі  қуаттық өріске айналатындықтан, ол жер бетіндегі  тірі  организмдерге әсері тез болады. Мешіттерде азан шақырғанда және шіркеулерде қатты қоңырау дыбысы шыққанда эпидемиялық жұқпалы аурулардың таяқшалары мен сары аурудың вирустарын өлтіретін «улътурадыбыстық шағылу тербелісі» болатынын ғалымдар анықтауда. Жапониялық ғалымдар музыканы жемістер мен көкөністерде жақсы көретінін анықтаған. Олардың пікірлері бойынша музыкалық аспаптар сазы өсімдік жапырақтарының араларын кеңейтуі нәтижесінде оттегі, қоректік заттар көбірек сіңіріліп, фотосинтез процесі кұшейтетінін анықтаған. 

Музыка дыбысы  арқылы жемістердің, көкөністердің тез өскені, пісу уақыты қысқарып, өнімі отыз пайызға артқаны әсіресе классикалық әуендердің жағымды әсерінің күштілігі байқалынған.   Музыкалық дыбыстың кері әсерінен жаңбыр жауатынын Қытайдың бір таулы аймағында  анықтаған. Қазақ елінде алғаш өлеңмен емдеу ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылының басында  басталды. Денсаулық журналы насихаттап, халық емделе бастады.  Бұның ғылыми  қорытындысы әлі белгісіз. 

Адамның психологиясына  тербелістік жүйе бойынша  өте нәзіктікпен әсер етіп, тұйықтықтан еркін шығаратын музыкалық толқынның үндік емдік  сипаты өркендей бастады. Исламда да музыканың өте жағымды, адамға қуат беріп көңілін көтеретіндей әсерлі, үні нәзік әндеріне пайғамбарымыз Мұхаммед / с. ғ. с / тиім салмағаны, қайта қуаттағаны айтылады [100]. Осыған байланысты әр отбасында жеке жинақтағы  музыкалық шипалық ән мен күйлердің  болуы қажеттігі,  дамып келе жатуы, қоғамның талабы мен жетістіктеріндегі адамның салауатты өмір сүрудегі басты қағидаларының бір саласының өркендей бастағанын аңғартады.

 


 

ҚҰДІРЕТ

 

Әні мен сөзі: Зиядан ҚОЖАЛЫМОВТІКІ

Қазақстан Халық емшілері

ассоциациясының президенті

 

Кімдер кепіл тағдырдың сырларына,

Кімдер жетпек таулардың шыңдарына?

Құдіретін бір Алланың білмеппіз-ау,

Шипасын тигізерін құлдарына.

 

Кеткенде ауылым-ай өкпелі ме-ең,

Сондағы іздеп менің кеткенім-ем.

Алланың ақ пейілін сезінген соң,

Мен қалай ізденбестен текке жүрем.

 

Бар шығар мына маған наразылар,

Бір Алла ол бір жағын таразылар.

Сол Алла тура жолын баста десе,

Көңілдің басқа қандай шарасы бар.

 

Сезімтал барлық адам жүгінетін,

Есіткен құлақ біткен түрілетін.

Бұл күнде әруақ қолдап, барады асып,

Елім үшін шапағат құдіретім.

 

Арманым орындалды көңілдегі,

Іске асып мақсаттарым өмірдегі.

Дос-жарандар ақ ниет көбеюде,

Райымбек әруағы қолдап мені.

 

Барамыз әруақ қолдап асқар асып,

Перілер кетіп жатыр бізден қашып,

Сабырлық берсін Алла Зияданға,

Кетпестей бұл өмірден асып-тасып.

Ән авторынан: "Құдірет" әні 7 маусым 1992 жылы дүниеге келген-ді. Өзінің жеке тарихы әруақты жандар мен әруақ рухы ара-қатынасы мен жалғасып жатқандай, 11 маусым 1992 жылы Республикалык ра­дио торабы-ның "Жастар" бағдарламасы эфирге шығарды. Содан бері Республиканың облыстық радио тораптары арқылы тұрақты берілуде. "Құдірет" - әнінің адам жаным емдеуде де шипалылық қасиеті күн сайын артуда. Тіпті сөзін жаттап алып, ем үшін өзіне пайдаланып жүргендер де көбеюде. Менің әлемдік сеанстарымда да орындалды. Осыған бай­ланысты халық тілегін ескеріп, әнді нотасы мен кітап бетіне беріп отырмын.  Көңілдеріңіз жайдары болып, музыка мен ән-күйдің емдік шипасын пайдалануға Алла тағала нәсіп етсін.

 

 

7.8       МЕДИТАЦИЯЛЫҚ ЕМНІҢ ШИПАСЫ

 

Жер, адам, ғарыш бір-бірімен тұрақты байланыста болғандықтан да, тіршіліктің жалғасуы да осы үш тұлғаның өзара тәуелділік байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұнда барлық жүйелік қызметі ой мен сананың басқаруында болады да, сезім арқылы реттеліп отырылады. Мұндай үш жақтылы байланыс пен реттеу тәсілін ғылыми түрде медитациялық жүйеге жатқызады.  Осы заманғы салауатты өмір сүруде дәрісіз емдік шипаның жаңа түрі -  медитациялық емдік тәсілі де, әлемнің көптеген елдерінде де  дами бастады. Оның ерекшелігі бұл көне шығыстық психотехникалық әрі шаршағандықтың әсерін жоюдың әдіс-тәсілі болғандықтан, ауру адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы күштерден босатып, өзін-өзі  иландырып жеке сырқатын емдеуді  жүзеге асыра бастады. 

 Медитациялық  емнің  негізін  Индиялық  ғалым  Махариши Махеш Йоги  1958  жылы  «Адамзаттың  рухани өрлеуі үшін»  ұранымен,  алғаш Америкаға  одан  кейін  басқа  елдерге  таратып, оның әр түрлі ауруларды емдеуге  болатынын  анықтап, емдік жүйеге ұсынды.   Сонымен,  медитациялық  емдік  әдісі  «екінші  дем алу» - деп психотерапиялық емдеу әдісіне жатқызылды. Бүгінде медитациялық әдіс әлем елінің көбінде пайдалана бастады. Қазақ елінде де кең өріс алуда.  Оның денсаулыққа зияны жоқ.  Кез – келген жерде орындауға болатын қарапайым емдік тәсілге айналды.  Ең пайдалысы мидың қызметі жақсарып,   жүйкенің  қалыпты жұмысы  басталатынын  ғылыми зерттеулер  бойынша   анықтала бастауы,  бұл емдеу әдісінің болашағының  ұзақ екенін  баяндайды. Адамның бойында пайда болатын әр түрлі ауруларды емдеудің дәстүрлі халық шипагерлігі  саласында  әдіс-тәсілдері де  көбеюде. Сырқат адамды психологиялық әсермен иландыру, көндіру арқылы ауруың өзін-өзі емдеу тәсілін пайдалануды ұсыну да, медитациялық емдік тәсілдің пайдалылығы арта түсуде. Адамдар сырқатына дауа болатын емдік тәсілдерді іздей бастады.  Әрбір адам өзіне лайықты әрі пайдалы  шипалық тәсілді меңгеруге  талпынуда. Медитациялық ем – бұл көне шығыстық психотехника  немесе шаршағандықтың алдын алудың әдіс-тәсілі.                                           

Бүгінде  Әлем елдері мен Қазақстанға кең тарай бастаған қарапайым бұл емдік тәсілді  «трансценденталдық медитация»  әдісі деп аталады. Бұның ерекшелігі ауру адам өзін-өзі емдейді.  Ғалым О. А. Красавин былай анықтамасын ұсынады: «Адамның денесі – бүтін бір микрокосмос. Ол макрокосмостың немесе Жаратушының қуатымен толты-рылып қуаттандырылған...» - дейді [82, 33 б.]. Бұл адамның өз қуатын өзі де  реттей алатындығын   білдіреді.

Медитациямен шұғылданған адам дәріге құмартпайды. Бұл тәсілмен шаршағанды басу мен кейбір аурулардан айырылу үшін, адам өзін оңаша бөлмеде  отырып  көзін жұмып, денесін босатып, ешнәрсеге көңіл бөлмей тыныштықпен еркін демалып өзінің денеден кір қуаттары денеден кетіп,  жаңадан қуат жинаудамын дегендей сезімде өзін сезінсе, шынында да дененің жеңілдеп, көңіл-күйі  жақсарып сырқатынан жазыла бастағанын  аңғара бастайды.        Күніне он бес-жиырма минуттай ертелі-кеш  қайталап, біраз  күн  шұғылданса нәтижесін  көрері анық. 

Белгілі дәстүрлі халық емдерінің авторы Г. П. Малахов: «Медитация - ол адамның табиғи қабілетінің ашылуы, сол арқылы кеміген «Өмірлік қуатты» қалпына келтіре алады»,- дейді [ 83, 553 б.].  Бұл тәсіл әр адамның жеке  шұғылданатын  ісі болғандықтан,  ұдайы шұғыланудың да пайдасы зор екенін сырқат жандар дәлелдей бастады. Медитация кезінде іштен  жақсы сөздерді немесе Құран дұғаларынан білетінін ұдайы іштей қайталап отыру, өзін-өзі иландыру арқылы дене қуатының тазаруына, толуына жақсы әсері  болатынына  бұл әдісті басты  принцип етіп қояды. Медитацияның теориясымен  дем алып отырмын. Менің денемнен ылас қуаттар сыртқа төгілуде. Мен бақытты адаммын. Менің қан қысымым төмендеді немесе жоғарылады т.с.с. психологиялық әсерлі  сөздерді  қайталау да,  адамның  жүйке жүйесі қалпына  келіп, қабілеті артып, денсаулығы  жақсарғаны, тіпті  қатерлі ісік ауруларына да ұшырағандардың жақсы нәтижеге жеткені анықталуда.

Ресейлік биоэнерготерапевт Ю. Хван: «дұрыс демалу денсаулықтың сатылы жақсаруына ықпал етеді», - дейді [84, 25 б.].  Бұл өте ұтымды, тәжірибе мен ой талғамынан өткен тұжырым.     

 Медитацияны көп уақыт діни ұғымдармен байла-нысты, ол Құдаймен байланысқа шығарушы әрі жоғары Тәңірден  рахым алу жолы деген ұғымда болды.  Бірақ, бұл адамның ғарыштық жүйемен байланыстамын деген ойы арқылы тыныштық сезімде жүзеге асатын  құпиялы тынығу тәсілі.  Ғалым А.  Разумов: «Медитация- ол бір жағдайдан екінші жағдайға өтудің жүйлік өзгерісі»,- деп анықтама береді [85, 11 б.]. Сонымен,  медитация әдісі  «екінші дем алу» - деп психотерапиялық емдеу  әдісіне  қабылданды. Барлық нәрсе адамның ішкі дүниесіне байланысты. Адамның ішкі құпиялық  жүйелері ашылып оның ішкі әлемі дамыған сайын оның танымы мен ойлау санасы артады.

Ресейлік ғалым К.С. Азими: «Медитация – ол ойдың қызметі. Ішкі жан дүниең мен Жаратушға берілу. Рух денені тастап шыққанда барлық сезім, ой, идея және сана оған бағынады...»-деген [86, 66 б.] анытама береді.  Бұдан медитациялық емдік тәсіл санадан тыс ой арқылы жүзеге асатын рухтың жоғарғы Жаратушымен телепатиялық жұмбақ байланысы арқылы орындалатын, жүрек сенімінің және жүйке жүйесінің сезімдік жетістігі екенін аңғартады. Медитация тәсіліне арабтың дін зерттеушілері Шах  Валиулла, шах Гус Али, Суфизм ілімі негізін қалаушылардың өкілі Ибн – э – Мубарак, Имам Газали [44] т.б. ғұламалар оң бағаларын берген. Медитациялық әсер  төрт сатыдан тұрады:  1. Бұлшық еттерді босату.   Жүйке бұлшық еттің өзгерісін реттеу.   2. Қандайда бір затқа ыңғайлану обьекті, дауысқа, дыбысқа, картинаға, шырақ, жарық, мантра, жеке тыныс алуға т.с. - көңіл бөліп елестету. Бұл уақытта ойда басқа  хабарлар болмауы керек.  3. Пайда болатын ой – ол медитациялық құбылыстың  бөлігі.  Бұнда жамандыққа ойламай, бәрі жақсы болады деу негізгі шарты.   4. Жеке медитациялық  жағдай – оның медитацияны  орындаудағы тәжірибесіне байланысты болмақ. Медитация арқылы адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы байланыс күштерден босатып, тыныштандыруы арқылы жүзеге асады.

Медитация әдісі денсаулыққа зияны жоқ құпия тәсіл.  Әрі қарапайым, табиғи күшті көп қажет етпейтін ой арқылы жүзеге асырылатын емдік тәсіл. Медитациялық емдік тәсіл орын талғамайды, кез-келген жерде қабылдай беруге болады. Зерттеулер бойынша медитациялық әдісті  пайдалану кезінде мидің оң жағының қызметі артатыны әрі жүйкенің бейнелік тұлғаға айналатыны анықталған. Осыдан кейін  сырқат адам жағдайы жақсарып  таза ойға  ие болып жалғандығынан арыла  бастайды. Ішкі толқудан, неше түрлі ғаламатты өзгерісті  сезе бастайды. Имам Газали өзінің «Кимаии Саадат» еңбегінде  медитация жөнінде былай анықтама берген дейді К.С. Азими: «Егер адам шын ішкі сенімімен  Құдайға бас исе, ол жасаңғырайды, өзін рухани азғандықтан құтқарады. Ондай адамның Құдайға жүрек сезімі оянады, қөзі ашылады. Ол Құдайдың көмегімен көкте де, жерде де періштелерді көретін болады..»- деп [86, 67 б.] ойын тұжырымдайды. Бұл ұлы дін ғұламалары да  тыныштықта сенім арқылы  орындалатын медитациялық рухани емдік әдістің маңызын тәжірибелерінен өткізгені, оның адам денсаулығын жақсартудағы пайдалылығына әділ филосо-фиялық тұжырымдары  болғанын аңғартады. 

  Мәселен, медитация әдісімен шұғылданып жүрген АҚШ – тың екі мың тұрғынын бес жыл бойы бақылағанда, басқаларға қарағанда олардың емханаға 56 пайызы аз түсетіні анықталып, оның ішінде қатерлі ісік (рак) 55 пайыз, ал жүйке аурулары 87 пайыз емханға аз түскен. Психологиялық тәсілмен өзін-өзі иландыру арқылы  медитациямен  бес жыл ұдайы шұғылданғандардың  өңі әрленіп, өзінен  он екі жас кіші адамдай түрге еніп жасаратыны байқалған. Медитациялық тәсілдің әсері адамның ұлтына, жасына, жынысына, біліміне және дініне ешқандай қатысы жоқ болғандықтан, оның нәтижесі әр адамның әрекетіне тікелей байланысты емдік  шипасы болады. 

Медитация техникасының басты ерекшелігі - әсіресе,  жүрек қан тамырлары ауруларының, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту органдарының, созылмалы бас ауруларының, ұйқы қашудың, буынға тұз байланудың тағы басқа да ауруларға емдік пайдасы бары дәлелденуде. Медитация кезінде адам санасы, яғни миы өте терең тынығу жағдайында болады. Осының нәтижесінде денедегі барлық сезу мүшелері рахаттанып тынышталады. Ой мен сананы тазалайды. Адамның денесінде жаңа күш қуат пайда болады.  Сергектік сезіліп, жұмысқа ынта артып оның жетістігі молаяды.  

Медитациямен тұрақты шұғылдану тән мен жан  тазалығын арттырады. Медитацияның жасару жолына ықпалы туралы Академик Р. Оразалиев: «Адам өзі үш болмыстан тұрады. Олар: рухани, нәзік материалдық және тән. Адамның нәзік тәнінің болмысы өте күрделі болғандықтан, ол әлі толық зерттелмеген. Ал, адамның рухани  болмысына да осы уақыттағы деңгейде ғана болжам бар...»,- деген философиялық болжамы тән мен жан тазалығы үйлестігін жасартуға ықпалы барын аңғартады [87, 9 б.].

Мұсылмандардың бес уақыт намазы кезіндегі тыныш-тықты сақтап, ешнәрсеге көңіл бөлмей міндетін орындап, Жаратушыға мінәжат етуі мен таспих тартудағы ізгілік әрекеттері, медитациялық  әдістің жоғары сатысына  жатады. Тек бір Аллаға сену ғана мұсылман адамның дұғалық тілегінің орындалуына пайдасы зор екені туралы қасиетті Құран сүрелері мен пайғамбарымыз Мұхаммед / с.ғ.с. / хадистерінде арнайы айтылған.

Бұнда адамның ойы тек қана бір Аллаға  сиыну мен тілеуден  басқаға  бөлінбейді, ізгі тілектің орындалуының да  құпиясы осында  жатқандай.   Өз тәжірибемізге сүйенсек,  өз ұсынысым  бойынша намазға ұйығандардың  ішінен  көп жылғы сырқатынан жазылғандары да көп болды. Медитацияның маңызы ол жалғандықты, қайғы мен қасіретті, жылпоздықты, бос сезімдікті жоюға әсер етіп, адамның санасында таза ой өрісі пайда болып оның жаңаруына және Аллаға сенімін  арттырады.  Адам өз  денесіндегі жақсы өзгерістерді медитация кезінде  сезіне келе,  нағыз шындық медитациясы барына  психологиялық  жақтан  түсіністікпен  қарайды. Әлемдік өзгерістерге жоғары рухани танымдық көзқараспен  баға беретіндей  саналы тұлғасын қалыптастырады.  

Салауатты өмір сүрудің дәрісіз тәсілін ұсынушы ресейлік ғалым М. Норбеков адамның тәні мен рухын тазалауда медитациялық емдеу тәсілінің маңыздылығын жоғары бағалайды [88, 34 б.]. Егер сана медитация әсерінен  өзінің өсу дәрежесін қалыптастырса, онда саналық шексіздік пайда болумен  қуанышты сезіну түйсігі, гормониялық  көтерілу және таза сезімдік жүйе орнап,  өзіне - өзі нақ  сеніммен қарайтын қайсарлықтың белгісі:   «Мен - өзім»  деген  мәнді ұғымға тоқтам жасау дәрежесіне жетеді. 

Осындай дәрежеге жеткен адамның әлемдік көзқарасы да өзгеріп, өз мәселесін еркін шеше алады.  Өмірге деген таза ерекше ұғымы  мен танымы  артады.  Ауырмашылық азайып, денсаулығы түзеле бастағаны сезіледі. Ішкі дүниесінде тыныштық орнап, адами мінез – құлқы жақсаруға ұмтылады.

Адамның өнерге деген қосымша қасиеті ашылады. Осындай медитациялық емнен кейінгі ірі өзгерістерден соң сырқат адамдар өздерін  ұсақ – түйек нәрселерден, ренжуден, өтірік айтудан, арам ойдан, қайғырудан аулақ ұстау  жағдайына жетеді.  Медитацияның маңызын  бағалап оны ұдайы  қайталау жүйесіне көшеді.  Бұл емдік тісіл адамды  өте жоғары саналық сатыға жеткізеді.

Адамның денінің саулығы мен көңіл күйінің бір қалыптылығы жөнінде медик ғалым Ш. Шынтаев:«Адамның денсаулығына әсер ететін факторлардың ең бастысы – қоршаған ортасы, отбасы, дос-жарандары,еңбек ететін ұжымы арқылы айқындалады. Рухани таза болу өте маңызды», - деген тұжырымын ұсынады [89, 8 б.].

Адамның энергетикалық потенциялы артып, ізгіліктің ақ жолына түсуге, жақсы өмір жолын таңдауға ұмтылады.  Ислам діні бойынша медитациялық емдеу тәсілін сопылыққа жатқызуға болады. Орта Азия мен Қазақстанда  сопылық дамығаны белгілі.  Қожа Ахмет Исауи  сопылықтың негізін қалаушы әрі дамытушысы болды. Сопылықта  медитациялық  йога іліміне ұқсас, ішкі сезім тыныштығы арқылы ғарыштық жүйемен байланысқа шығып, адамның санасын дамытумен ішкі дүниесінің құпиясын ашу болып табылады. Философия ғылымдарының докторы Б. Абирова: «Суфизмнің мақсаты,  адамды өте лас және кір ойларынан тазалау, рухани тазарту, Жаратушыға жақындату мен рахат алу»,- деп қорытынды жасайды [90, 11 б.]. Осындай ұқсастық идеяларды ғалымдар М. Валиддин [91, 214 б.] мен Е. Қартабаевта  [92, 85-86 бб.] білдіреді.   Рухани ішкі дүниенің құпиясын ашу жаңа өмір жолына қадам басып, ізгі ниетті  таза ой  талғамына  жеткендік  белгісі.

Барлық нәрсе адамның ішкі дүниесіне, танымдық талғамына байланысты. Философия ғылымдарының докторы, профессор Т. Ғабитов: «Жалпы рухани жетістік пен ішкі еркіндікке ие болу, сыртқы әлем мен рух арасындағы үйлестікке жету идеялары өзге де әрекеттерге тән. Бұл бағытта батыл қадамды Йога философиясы жасайды»,- деп, медитациялық емінің йогалық түрінің ішкі әсерлік сезіміне тоқталады [93, 14 б.].  Адамның ішкі дүниесінің жақсылық жақтарының құпиялары  әлемі ашылған сайын, оның танымы мен ойлау санасы артады.  Жаратушының  рухы ең жоғарғы  билеуші  -  РУХ.

Ал адамның рухы оның бір қөзге көрінбес нұры ғана.  Таза дене мен таза жан жүйесін қалыптастыруда салауатты өмір салтының дәрісіз  емін дененің сырқатын емдеуге  пайдалануда оң нәтижелерін беруде. Ғылымның осы саласын зерттеуші ғалым Д. Өтеков: «Венгрияның көрнекті ғалымы Альберт Сант- Деер өмір дегеніміз энергияның әр түрлі түрін сіңіру, өзгерту және ауыстыру процесі деген екен. Қуат организмге өзін жаңарту үшін ғана керек емес, одан маңызы кем соқпайтын басқадай мақсаттарға да керек»,- деп жан мен тән қатынасының таза байланысына тұжырым береді [94, 443 б.].

Медитациялық ем – ол адамның денсаулығының жақсаруына жол ашатын қарапайым шипалық  өнер.  Тек ғана адамзатқа жақсылық сыйлайтын  әлем елін қамтыған рухани шипагерлік жолы. Ресейде жақсы дамыған, арнайы орталықтар ғылыми бақылаумен ауру адамдарға өз қызметтерін жалғастыруда.

Қазақ еліне де медитациялық емнің қанатын жайғалы  оншақты жылдай мезгіл болды.  Бұл ем түрі мемлекет пен ғылым саласында әлі қамқорлыққа, зерттеп  зерделеуге  алынбағанымен, қоғамдық, жеке ұйымдар мен маман адамдар арқылы тәжірибеден өткізіліп, өзінің оң нәтижесін дәлелдеуде. Сондықтан да ешқандай зиянсыз медитациялық емді  дамыту, адамды сырқатына пайдаланатын улы химиялық дәрі- дәрмектен азда болса құтқарудың жаңа  емдік тәсілі екені бүгінде айқындала түсуде. Ол бұл емнің болашағы барын айқындайды.