ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

21

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Қазақтың XV ғасырдағы дала жиһангері атанған, ұлы ғүлама, қараүзген шипагер Өтейбойдақ баба осылай анықтама бере келе, әрбіріміздің жеке жұлдызымызда өмірлік тағдырымыз немесе «Маңдайдағы үш әріп» жазулы екенін ескертеді. Сонымен бірге «Пенделік жеке жүлдыздар» сегіз түрлі болатынын дәлелдеген. Олар: Оң иық жүлдыздар, Ондық жұлдыздар, Оң маңдай жұлдыздар, Құбыла маңдай жұлдыздар, Сол маңдай жұлдыздар, Солдық жұлдыздар, Сол иық жұлдыздар, Арт, шүйде жұлдыздар ("Ш.Б.". 108-6).

Өтейбойдақ бабамен қатарлас өмір сүрген, аты әлемге мәшһүр ғұлама ғалым, мемлекет басшысы, жұлдызшы Ұлықбек болды. Ұлықбектің өзінің азан шақырып қойған аты Мұхаммед Тарағай (1394-25.Х.1449). Ұлықбек төрт жасынан атасы Ақсақ Темірдің бақылауында болып, жаугерлік шайқаста да он жасқа дейін бірге болды. Ол Ақсақ Темірдің баласы Шахрухтың жеті баласының үлкені еді. Ұлықбек он жасында Түрік сұлтанының елшісі болса, он бес жасында Семізкенттің (Самарқан) тағына отырып, оны қырық жыл басқарды. Өмірінің соңғы ширек ғасырын ол жұлдыздарды анықтауға арнады. Ұлықбектің Самарқандағы соғыс кезінде бұрын жабылып қалған ғылыми обсерватория-сын 1908-1922 жылдардағы қазуда тауып, зерттеп кейін Өзбекстан елі оны бұрынғы қалпына қарап жөндеп, мұражай жасады. Бұл обсерваторияда жұбайым Түймекүл екеуміз Самарқанға барғанда 1978-1979 жылдары болдық. 1994 жылы обсерваторияда үшінші рет болдым. Менің байққағаным, обсерватория биік төбеге орналасқан. Төбеден төмендеп қайтадан сыртқа көтерілу үшін 36 баспалдақ жасалған. Ұлықбек төменнен жоғарыға әр баспалдақпен өрлей отырып, өзінің қолдан жарты шар тәрізді ағаштан иген аспабымен оның ірі он екіге, кішілеу отызға т.б. ұсақ бөлікті белгісі бойынша жұлдыздарды бақылаған. Сөйтіп Ұлықбек Евклид пен Птолемей дәуірінен кейінгі аспан әлемін зерттеген бір ғана адам болып тарихта қалды. Геометрияда Евклидке, ал астрономияда Птолемейге бара-бар ғалым Ұлықбек болды. Ұлықбек бір жылды 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секундтан тұрады деп тұжырымдады. Оның уақытты есептеу дәлдігінің қазіргі космостық анықтау дәлдігінен бір екі секундтық айырмашылығы бар. Ұлықбек өзінің көмекшілері Қазин-Заде, Руми, Ғиясуддин Жәмшид, Мәулен Қашани, Әли Құбшымен бірге "ке-те" арқылы аспандағы 1018 жұлдыздың орналасуы мен қозғалысын анықтады. Болашаққа жол ашты. Кейін Ұлықбектің "Жұлдыздар кестесін" Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей, И.Кефлер т.б.-лар пайдаланып, өз ілімдерін дамытты.

Ұлықбектің "Жұлдыздар кестесі" еңбегі Еуропа елінің назарына ілінді. 1665 жылы Оксфордта, 1843 жылы Лондонда басылып шыққан Ұлықбек-тің "Жұлдыздар кестесі" еңбегі Азиядан шыққан ұлы астрономды әлем ғылымы алдында абыройға бөледі. Ұлықбек бұл жетістікке жетуде өзі ұстаз санайтын Омар Һаям, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Әбу Райхан Бируни еңбектеріне құрметпен қарап, өзінің ұлы мақсатына жетуіне пайдалана білді. Қысқасы, ғұлама жұлдызшы Ұлықбек өз баласы Әбдуллатифтен жеңіліс тауып, тағын оған берген соң Меккеге мінәжат етуге қажылыққа аттанады. Ұлықбек пен үлкен ұлы Әбдуллатиф ортасына от салған Қожа Ақырар (Мәуренахр) пен Шайхулислам Багауддин Омар (Қорасан) бастаған жалдамалылар орта жолда, Ұлықбекті о дүниеге ат-тандырды. Сол замандағы кейбір бас кесерлерді бүгінде "әулие" деп жүргендерге таң қаласың? Шындық бәрібір жеңеді. Ұлықбек бабаның жұлдызы о дүниеде де жарқырай берсін.

Бір заманда өскен, бірі Самарқанда, екіншісі Жетісу өлкесі Шалкөденің Айғайтасында туып, қатарласа ғылымға үлес қосқан Өтейбойдақ пен Ұлықбектің ғылыми жұлдызнамаларының дөлдігі бізге де, келешек ұрпақ-қа да үлгі бола бермек.

Жұлдызшы ол болашақты болжаушы ғана емес. Ол құбылыстың өзгерістерге дер кезінде баға беруші де. Жұлдызшының айтқандары дәл кел-меуі де мүмкін. "Жалған көріпкелдер" сияқты таза жұлдызшы еместер барын да білген жөн. Қазір елдің көбі апталық, жылдық "Жұлдыз-жорамалға" қарап, жұмыстарын бастап, тағдырын болжай-тынды шығарды. Бұл нақты емес. Көбі сәйкес келмейді. "Жұлдыз-жорамалды" құрастырған да "Жұлдызшы" емес, жай еріккендер. Олар мықты болса, осы жорамалы арқылы не табысқа жетті? Ешқайсысы да айта алмайды. Бұл босқа басың-ды қатырып, "мәдениетті сиқырлаудың" түрі ғана. Мен өзім ежелден-ақ осы күнгі болжаушы, көріпкел, құмалақшы т.б. тағдыр болжағыштарға сенбеймін. Бұл осы саланың киелі өнерін жоқ деу емес, осы өнерлерге бейіммін дегендердің сауатсыздығы мені катты ойландырады.

Қазір әлемді таңғалдырып жүрген біздің бабаларымыз Ұлықбек пен Өтейбойдақтан кейін туған, француздың көріпкел-жұлдызшысы Мишель де Нострадамус болса, ол өзінің көз алдындағы трансқа шығу арқылы болжап жазды. Ал жұлдызшы ретінде Нострадамус болашақка дәлдік берген емес. Көріпкелдігі аркасында Нострадамус болашақты болжай білді. Осыдан-ақ, Азия мен Қазақстанда "Жұлдыз-намаң ілімі Еуропа мен басқа елдерде бұрын дамығанын білеміз.

Халқымыз жыл қайыру, жыл басы, апта аттары, ай аттары, мүшелі жас деген атауларға ежелден көңіл бөлді. Сөйтіп, осы атауларға өзіндік ұлттық атауларын бекітті. Бұл жөнінде XV ғасырдағы жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян кітабы толық жауап береді.

Қазақта жыл басы Наурыз айының (марттың) 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толады. Жыл қайыруының он екі атауы бар. Жыл басы Тышқан. Енді осы кестенің көне және жаңа атауына мән берейік.

 

 
 

I. ЖЫЛ ҚАЙЫРУ

Өтейбойдақша көне тілде аталуы.    Қазақша қазіргі атауы.

 

1. Сумақты

Тышқан

2. Маңғаз

Сиыр

3. Айбар

Барыс

4. Секем

Қоян

5. Сумаң

Жылан

6. Тұлпар

Жылқы

7. Иртек

Ұлу

8. Шопан

Қой

9. Мешін

Мешін

10. Айтақ

Ит

11. Шақырауық

Тауық

12. Қорысқы

Доңыз

(166-бет. "Ш. Б."). Немесе казіргі жыл атауы:

 

П. Жыл аты

 

 

ЖЫЛДАР:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тышқаи

1876

1888

1900

1912

1924

1936

1948

1960

1972

1984

1996

2008

2020

2. Сиыр

1877

1889

1901

1913

1925

1937

1949

1961

1973

1985

1997

2009

2021

3. Барыс

1878

1890

1902

1914

1926 1938

1950

1962

1974

1986

1998

2010

2022

4. Қояи

1879

1891

1903

1915

1927

1939

1951

1963

1975

1987

1999

2011

2023

5. Ұлу

1880

1892

1904

1916

1928 1940

1952

1964

1976

1988

2000

2012

2024

6. Жылан

1881

1893

1905

1917

1929

1941

1953

1965

1977

1989

2001

2013

2025

7. Жылқы

1882

1894

1906

1918

1930

1942

1954

1966

1978

1990

2002

2014

2026

8. Қой

1883

1895

1907

1919

1931

1943

1955

1967

1979

1991

2003

2015

2027

9. Мешін

1884

1896

1908

1920

1932

1944

1956

1968

1980

1992

2004

2016

2028

10. Тауық

1885

1897

1909

1921

1933

1945

1957

1969

1981

1993

2005

2017

2029

11. Ит

1886

1898

1910

1922

1934

1946

1958

1970

1982

1994

2006

2018

2030

12. Доңыз

1887

1899

1911

1923

1935

1947

1959

1971

1983

1995

2007

2019

2031

 

Міне жыл аттары және оны қайыру кестесіне қарасақ ата-бабаларымыз бір халал мен бір харамнан жыл атауларын теңестіргенін көреміз. Ертедегі ата-бабаларымыз туған жылына, айына, күніне, мезгіліне (тәуліктік) қарай, жаңа туған баланың мінез-құлқын, кім болатынын, оның қандай азаматтық борыш аткаратынына дейін біліп болжаған.

Мәселен, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлы (1388-1485?) пенделік тіршілік жұлдызы мынандай сипаттама беретінін ескертеді.

Тақ жылдың тақ айының тақ күні туылғандар жұлдызы құбылада –маңдай жұлдызы;

Жұп жылдың жұп айының жұп күні туылғандар жұлдызы артта – шүйде жұлдызы;

Тумақ ай туғаннан он бесіне толғанға дейінгі жұп жыл, жұп ай, жұп күнде туылғандар жұлдызы – солдық немесе сол иық жұлдызы;

Тумақ айдың он бесіне толғанға дейінгі тақ жыл, тақ ай, тақ күні туылғандар жұлдызы – оңдық немесе оң иық жұлдызы;

Дөңгелек айдың кішіреюіне байланысты ай соңына дейін тақ жыл, тақ ай, тақ күні туылғандар жұлдызы – құбыла немесе оң маңдай жұлдызы болмақ.

Оң маңдай жұлдызы оразды, жиырлы болмақ. Артынша, сол маңдай жұлдызы кежігулірек болмақ.

Тумақ айдың тақ жыл, тақ ай, тақ күні он бесіне толғанда туылғандар ең бақытты, дәулетті болып, ел билемек. Артынша, туылғандар өте нашарлау болмақ.

Маңдай жұлдыздар мен шүйде жұлдыздардың еркегі болсын, ұрғашысы болсын, еркегі мен еркегі болсын, ұрғашысы мен ұрғашысы болсын, үлкені мен кішісі болсын бір-біріне өле-өлгенше өш, қас болмақ. Өштігі өз түбіне жетпек!

Маңдай жұлдыздары мен оң маңдай жұлдыздылардың сыйластық, сырластықтығы күшті, бірі үшін бірі өлуге пейіл, тіпті бірінің жолында бірі өледі. Тірі жүрсе ел ауызына ілінерлік жарасым таппақ.

Шүйде жұлдыз бен оң иық жұлдыздылардың сыйласым, сырласымдылығы жақсы болса да, маңдай жұлдыз бен оң маңдай жұлдыздыларға жетіңкіремейді.

Оң жұлдыздар мен сол жұлдыздылардың сырласым, сыйласымы жарастық таппайды. Кереге басы пәле болумен өмірлері өтпек. Бірақ, бір-біріне қастық жасауы, жасамауы аздау болмақ.

Маңдай жұлдыздар мен сол маңдай жұлдыздылардың сырласым, сыйластығы жақсы болса да, кикілжіңсіз өтпейтіні кемде-кем болмақ.

Шүйде жұлдыздылар мен сол иық жұлдыздылардың отасымдылығы жақсы деуге болмайды.

Аралық жұлдыздылар отасымдылық, сырластық, сыйластық, шығысымдылық құбылмалылығы мол, арпалыстық бас қатырымдылығы өзгер-мелі, құйқылжымалы болмақ.

Міне, осыдан үнемі айтатын "Жұлдызы қарсы" деген халықтың даналық сөзі пайда болған. Әсіресе бүл шартты алғаш үй болатын жас жанұялылар білген шарт болмақ.


 

Көбінесе жанұя тұрақсыздығы осы жеке жұлдыздарын білмей қосыл-ғандықтан болады.

Әрқашанда оң жұлдыз адамдар бақытты болады. Барлық ісі алға ба-сады.

Маңдай жұлдыздылардың өзара ұштаспалылығы күшті, алдыңғы өмірі ойпыл-тойпыл, өмірінің соңғы кезінде Пайғамбар жасынан кейін өте-мөте бағы жанады.

Шүйде жұлдыздылар бейнетті де, азапты да көп тартады.

Сол иық жұлдыздылардың сорлауы да тез, бағы жануы да оңай, аумалы-төкпелі жағдайда болмақ.

Күндіз дәл түсте туылған кімде-кім болса да ел билейді. Қара қылды қақ жаратын әділ болмақ. Майқы би осы уақытта туылыпты.

Әр адамның нақ туылған уақытын білмесе (мезгілдік) оны былай анықтайды. Жазда таңертең құбылаға қарап тік тұрғанда, көлеңкесі табан айналасынан қарыстан аспаған болуы, кыста бітістік жарымнан, көктем мен күзде тұлғаның үштен бірінен аспаған болуы шарт. ("Ш. Б".". 109-6.)

Енді кімде-кім өзін жылдың қай мезгілінде туылғанын білемін десе, көрсеткен нұсқауға сай өзін-өзі анықтай алады.

Енді тәуліктік мезгіл бойынша туылғандарға Өтейбойдақ баба былай анықтама береді. Таңертең күнмен таласып туылса, ғұмыры ұзақ болмақ. Алла біледі. Намазшамнан бұрын туылса жетімдік бейнетін көп тартады, опасыз, кекшіл болмақ. Түн ортасынан аса туса, ғұмыры қысқалау болмақ.

Әр адамның жұлдызы оның денсаулығының, реңінің және мінез-құлқының өлшемі болып табылады. Мәселен, шүйде жұлдыздылар ұстамалы және созылмалы науқасқа кіріптар болмақ. Кеудеден ауыр науқас жабыспақ. Бұл екеуі де сырқаттық бейнетке шыдамсыз, уайымшыл болмақ.

Оң жұлдыздар көбінесе ішкі және жүрек ауруына көбірек кіріптар болмақ.

Сол жұлдыздар тоңғыш, мұздағыш, ұзын бойлы, тамақсау, сырқатқа шыдамды келеді бірақ өлместікпен өзінің өлгенін жаны мұрнының ұшына келгенде сезбек. Осы шартты әр адам білген абзал. Оның өзіңіз үшін қажеттігін білген жөн.

Жұлдызына қарай тамыр соғуын, сол арқылы науқастың да жұлдызын тамырға жүйрік шипагер нақ тапкан.

Ал жұлдызыңыздың тағы бір белгісі тұлғалық бітімге қарай болады. Мәселен:

Оң маңдай жұлдыздылар қызыл шырайлы, етженді келмек. Біздің "Сызданғыш", тәкаппар жан дейтініміз, міне, осындай жұлдыздылар болмақ.

Шүйде жұлдыздылар ақ құбаша, қара сұр келмек. Көп сөзді жаны сүймейтін болмақ. Кейбіреулері төтенше суырылған сөзуар, сөзшең келмек.

Оң жұлдыздылар қара торы, уайымшыл, қорқақ, көзі үлкен, ойы жинақы, іске қунақы, өзіне-өзі мықты, бірақ қытықшыл болмақ.

Сол жұлдыздылар шикіл сары, тез арып, тез семіретін, қызылаш, тер­шең, көп жөтелгіш, тершең келмек.

Тағы да сырқатқа байланысты: оң маңдай жұлдыздылар сырқатқа төзімді, ойламайтын, қорықпайтын тәуекелге бел байламы тез болмақ.

Сол маңдай аралық жұлдыздылар сырқаттан корқатын, шошитын, үрейі ұшатын уайымшыл, науқасын тез сезгіш, тамырын ұстатуға құмар, шипа емге құштар келеді.

Сол иық аралық жұлдыздылар өте қызғанғыш (сенім-сіздеу) келеді. Олар науқас болғанда тамырын ұстатқанымен сеніңкіремейді. Емге де, айтқанға да күдіктенеді, әркімге бір көрініп, тамырын ұстатып, ішірткі ішіп, оны да місе тұтпай, көрінген шипагерін өсектеп немесе өзіне-өзі ем дарулап аласұрып, өзіне өзі ажалынан бұрын көрін қазбақ. Мұндайлар алакеуде, әпербақандай болмақ.

Оң иык аралық жұлдыздылар іске мығым, сырқаттық науқасқа біршама шыдамды, шипалық емі қонымды, тез жазылғыш келеді.

Міне, осылай жалғаса беретін, жеке басымыздың жұлдызына байланысты тұжырымдарды оқып таныса бергіңіз келеді. Өтейбойдақ бабаның бұл "Шипагерлік баянындағы" жазылған "Жұлдызнамалык болжамы" қазақ халқының "жұлдызнамалық ілімінің" XV ғасырдан бұрын, мүмкін б.э.д. де негізі болған ба деген ой тудырары анық. Оның ғылыми жұлдыздық кестесі де халқымыздың астрономия ғылымы саласындағы деңгейін әлемдік сатыға шығарып тұрғанын көреміз. Амал қанша, "Шипагерлік баянның" бестен төрт бөліміне жуығының өртеніп кетуі, "Жұлдызна-малық кестенің" деңгейіне әсер еткені шындық. "Орнында бар оңалар" дегендей, жоғымыздың табылуын Алла нәсіп етсін.

2. Аптаның күн аттарының ерекшелігіне де қазақтың жұлдызшылары өте жоғары сипаттағы танымдықпен қараған. Енді соны салалап көрейік.

 

Көне тілде

(Өтейбойдақша) аталуы

 

Планетасы

 

Қазіргі аталуы

 

1.      Бақтал

2.      Баттал

3.      Сақтал

4.      Жақтал

5.      Аттал

6.      Ғаттал

7.      Мереке

 

 

Сатурн

Күн

Ай

Марс

Меркурий

Юпитер

Шолпан

 

Сенбі

Жексенбі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

Он сегіз мың ғаламды Алла тағала алты күнде жаратқан. Ал жұма мереке деп белгілегендіктен, ол мұсылмандар үшін демалыс (мереке) күні болған (165-бет).

Енді осы апта күндеріне байланысты, Өтейбойдақ баба былай дейді:

-   Сенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі күні туылғандар опалы, милы, толғамды, ұстамды болмақ. Жанашырлы келмек. Ұйықтамаға кіріптар болатындар көп кезігеді.

- Сейсенбі, жұма күні туылғандар ата-анасына опалылығы аз, жақсылығы мен қайырымдылығы кездейсоқтық ғана болмақ. Сырқаттануы сирек, дүниеге онша қызықпайтын, әңгүдік, сырқатты елемейтін, тіпті науқас-танудың не екенін білмеуі де мүмкін.

-   Жексенбі, дүйсенбі күндері туылған маңдай жұлдыздылар оңай-оспақ сырқатпен науқастанбайды. Ыстықтық, суықтық деңгейдегі науқастарға ұшыруы тез болады ("Ш.Б.". 110-бет).

Өзіңіздің туған күніңіз немесе қазіргі және болашақ ұрпағыңыздың туған күні бойынша да адамның психологиясын анықтауға болатынын білген де артық емес.

3. Ата-бабаларымыз бір жылды он екі айға бөліп, оның атауын берді. Жыл басын Ергеу (Наурыз) айы деп белгіледі.

III. АЙ АТТАРЫ

Көнеше (Өтейбойдақша) аталуы        Қазіргі жаңа атауы

 

1. Ергеу

Наурыз

2. Көктеу

Көкек

3. Мезгеу

Мамыр

4. Көзгеу

Маусым

5. Шілдеу

Шілде

6. Тамызық

Тамыз

7. Дәндеу

Мизам (қыркүйек)

8. Соқтау

Қазан

9. Күйек

Қараша

10. Қауыс

Желтоқсан

11. Ығыс

Қаңтар

12. Қаңтар

Ақпан

 

Көне ай аттарын да білу, ата-бабаның көне тарихына құрмет болмақ.

 

IV. МҮШЕЛ ЖАС

 

Ата-бабаларымыз туған күннен бастап, өсіп-өркендеуде қауіпті жылдар деп, мүшел жылды ерекше атаған. Бұны мүшел жас деп те атайды. Мүшеліге байланысты Өтейбойдақ бабаның "Шипагерлік баянында":

Мүшел тектеп құшқаны он екі жыл,

Он үш жастық қосылғы мерзеттік қыр.

Мақұлұқат атауымен айтылғанмен,

Түпкілігі пенделік мінездік сыр.

Кейбіреулер шенеуді шелдей көріп,

Елді арбап, кеудесін көрсетіп жүр.

Миың болса басыңда көзің жеткіз,

Ата-баба атына келтірме кір,-

деп қисынын таппағы шарт дей келе, мүшелі жас жәй уақытта да, науқас-танса да қауіпті екенін, одан сақтануды ескертеді ("Ш.Б.". 174-6).

Алғашқы мүшел – он үш жас, бұл адамның балалық шағы. Одан кейінгі 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы, 37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел, 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі, 61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, өзі де тәубеге келетін кезең. Бұл мүшеліге толған адам кәрілікті мойындауға аз да болса, көңіл бөледі. 73 жас – бұл мүшел кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса – тұруы, тұрса – отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып "айхай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кезең. 85 жас – бүл мүшел де адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерге бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын дейтін өкпелегіш кезең. Сол үшін де халық «күлсең кәріге күл, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар» деген. Бұдан ары 97, 109 т.с.с. болып мүшел жас жалғаса береді.

Адам пендесіне ризық теруіне сай, несіптік ризықтық мүшел жас – 25, 37, 49, 61, 73 жас болып есептелінген. 13, 85, 97, 109 т.с. жасты – еркелік мүшелік жасқа есептеп, күнәсіз жасқа балаған. «Қартайшақ бір балалық, туылғанда нақ балалық» (Ө.Т."Ш.Б.". 172-бет) деп бағалады. Ал 61 мен 73 жас жарты күнәлік деп есептелінді.

Өтейбойдақ баба, егер жас айырмасы үш жастан аспаса – тумалас, бес жастан аспаса – құрбылас немесе замандас деу керек депті.

Әр адам мүшелі жасқа толған сайын садақа беруді, елге қайырымды болуды, ата-баба әруағына дұға оқытуды білгені дұрыс. Құдай жолында жесір-жетімдерге құдайы тамақ беріп, әруақтарына дұға арнап окыту сауаптың сауабы болмақ.

Алла тағаланың "Сақтансаңдар мен де сақтаймын" дегеніндей, сақ болыңыздар.

Жұлдыздар құдіретін білген көшпенді халык өздеріне тән жұлдызнамалық кестесін жасап отырды. Қазір біз Балық дәуірінен ақыл-ой дәуірі Суқұйғыш дәуіріне қадам тастауға жақындап келеміз. Ақыл-ойдың құдірет жұлдызы арам пиғылдардың бәрін жарық сәулесімен күйдіріп жоғалтпақ. Арам ниеттер күрып, оңкей таза ниетті ақыл-ой иелері омірге келмек. Сондықтан да, мына сан ғасырлық көшпенділердің тәжірибесі негізінде жасалған жұлдыз-намалық кестені де білген артықтық етпейді.

 

АДАМНЫҢ ТУҒАН КҮН ЖҰЛДЫЗНАМАСЫ

(Қосымша)

 

Адамның туған жылы

Доңыз

Тышқан

Барыс

Қоян

Жылан

Жылқы

Мешін

Тауық

Ұлу

Қой

Сиыр

 

Жан жұлдызы

 

Сейсенбі

Сенбі

Жұма

Бейсенбі

Сәрсенбі

Дүйсенбі

Сәрсенбі

Құдірет жұлдызы

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сейсенбі

Жұма

Жексенбі

Жұма

 

 

 

 

 

Киелі қатер жұлдызы

 

Сенбі

Жұма

Сәрсенбі

Сейсенбі

Бейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Шешімі: Туылған жыл бойынша сол адамның қүдірет, жан, қатерлі жұлдыздарын (күндерін) көріп-білуге болады.

Мәселен: Қой жылы туылған адамның Құдірет жұлдызы – Жексенбі. Бұл күні Қой жылдылардың бақыты биік тұрады. Істеген ісі алға басып, еңбегі жемісті болады. Сәрсенбі күні олардың киелі (қатерлі) жұлдызы қарсы тұрғандықтан әр нәрсеге абай болғаны абзал. Бұл күні жазатайым қатерге ұрынып қалуы да мүмкін.

 Ескеретін бір нәрсе Өтейбойдақ баба жыл қайыруында 5-мүшел атауы Жылан, б-мүшел атауы Жылқы, 7-мүшел атау Үлу болып келеді де, кейінгі жыл атауының орны ауысады. Кейінгі жыл атауында 5-мүшел атауы Ұлу, 6-мүшел атауы Жылан, 7-мүшел атауы Жылқы. Бүл екеуі жөнінде де екі түрлі айтыс болғандықтан ("Түркістан" 15-21 көкек, 1998 жыл), екі жыл қайыру кестесін де ұсындық. Қайсы дұрыс, қайсы бұрыс ғалымдарымыз анықтай жатар демекпіз.

Қазақтың бүрынғы ақын-жырауларының және ұлы жазушыларының шығармаларын зер сала оқысаң, кейбір жұлдызнамалық болжамдарды кездестіреміз. Бұны зерттеу әрине алдағы жұмыс жоспарына енері анық.

Көне дәуірдегі қазақ халқының ауа-райын болжау жөніндегі жеке халықтық танымы мен көне замандағы ғылыми танымдық болжамның ұксастығын біз Өтейбойдақ бабаның "Шипагерлік баян" кітабынан таба аламыз. Мәселен: Өтейбойдақ баба: "Саһап, Гүршік (Үркер, Темірқазық) апат жұлдызы болмақ. Әгәр шаңқиып көтеріліп алса, өте-мөте көктемде ақсүйек жұт болмақ. Әгәр көбінесе нұрсызданса, жаз тез шығып, ел тез сергімек.

Бұл екеуі тағы да күнбилік (елбасы) жұлдызы болып саналады. Бұл күнби пейілінің кеңдігін, тарлығын, әділеттілігін, әділетсіздігін де көздемек", – дейді ("Ш.Б.". ІІІ-бет). Бұл жерде Алла тағала өзінің екі жұлдызы арқылы (Саһап, Гүршік) елбасы ниетіне қарай, өзінің қаһарын да және жақсылығын да көрсететінін ұлы ғұлама, діни философиялық таным тұрғысында түсіндіреді. Жақсы елбасы ел ырысы екенін дәлелдейді.

Енді ауа райын халық өз танымы бойынша ертеде былай болжапты. Егер Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-біріне алыс болса, қауіп болады деп сақтанған. Егер Үркер мен Ай жақын орналасса, жақсылыққа жорыған.

Бір жылда Үркер мен Ай 13 рет тоғысады. Ең ауыр тоғысы Ақпан айын-дағы Ақырап екен. Егер жаңа Ай шалқайып туса, ол айда ауа райы малға жайсыз болады. Ал Ай тік туса, жайлы болады деген. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып бататын болса, ауа райы жылынады. Осыған байланысты Қазактың "Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн қүлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан" - деген дана сөзі туса керек.

Егер қыс айларында бұлт желге қарай көшсе, кешікпей қар жауады. Егер бұлт тұтасынан ыдыраса ауа райының бұзылайын дегені, ал ол шетінен кесіліп ыдыраса ауа райы оңалайын дегені.

Жұт болар жылы өрістен қайтқан қойлар аузына бір-бір шөп тістеп қайтады екен. Көктем айларында болған құбылыс күз айларында, жаз айларында болған қүбылыс қыс айларына ұқсас келіп, күнбе-күн қайталанады.

Сол сияқты көк жиектен будақ бұлт өркештене көтеріліп, кешікпей көрінбей кетсе, қатты жел тұрып, қақаған аяз болуы мүмкін. Егер будақ бұлт өркештенген қалпында көтеріле берсе, аттың кара қапталынан келетін қар жауады деп дайындалған.

Егер қыста түйе ернін жыбырлатса, жылқы оқыранып жұтынар бол­са, онда кешікпей-ақ түйе мен жылқы қар суын ішеді. Яғни, көктем ерте шығады деген. Егер қой тұяғымен төсін қасыса, қар қалың түседі.

Егер қой тісін қайраса, кешікпей боран болады. Егер қой қорасына еркін кірсе, жыл жақсы болады. Халық наурызда жауып жатқан қар үстіне құмалақ шашу арқылы көктемнің ерте, не кеш шығатынын болжап білген.

Егер құмалақ қар үстінде кідіріп қалса, көктем кырық күн кеш туады. Егер құмалақ қарға бармақ бойы батып кетсе, көктем ерте туады деген.

Халық арасындағы есепшілер есептерін күн мен түн теңелген екінші тоғыс-мизамынан бастап жүргізген, Мизам туған күні түйе басын құбы-лаға беріп, төрт аяғын төрт жаққа керіп, жайылып ұйықтаса, ол жылы қыс жайлы болады. Егер түйе мизам туған күні бір жағына ықтап жайсыз жатса, ол жылы қыс катал болады деп жорыған.

Бұл халықтық ауа райын болжау әдісін бүгінгі күнгі әрбір жеке қожа-лық иелері біліп алса, өзінің малын да, егінін де және басқадай жеміс-жидек өнімдерін де, табиғаттың тілсіз жауынан алдын ала аман сақтап қала бермек.

Енді делилік үнді көріпкелі, жұлдызшы Жугали Жоши туралы "Труд" газетінде жарияланған (27 тамыз 1996 жыл) Андрей Смирновтың ма­қаласына тоқталайық. Андрей осыдан 25 жыл бұрын естіген адамын іздеп тауып, кездесуге келіседі. Ол атақты жұлдызшы үнді Жугали Жоши еді. Ол менімен кездескенге дейін менің туған жерімді (ендігі мен бойлығын) және туған күнімді минутына дейін дел хабарлауымды сұрады. Ж.Жоши әйелім туралы да осындай мәлімет сұрады. Кездесу басталды. Ж.Жоши жұлдызшы-лықты әкесі мен атасынан қабылдағанын, одан арғы тегінде барын, тұқым қуалап келе жатқанын айтты. Жоши мырза атасы Неру мен Индира Ганди отбасыларының жеке сәуегей жұлдызшысы болғанын айтады.

Осыдан мыңдаған жылдар бұрын әлдекімдердің құрас-тыруымен жазылған, көне санскрит тіліндегі кітапты Жоши маған көрсетті. Ол кітаптық колжазбаға 700 жылдай болыпты. Ол сөйтіп менің берген өзім жөніндегі мәліметтер бойынша анықтай отырып: – "Сіз наурыздың 8-жұлдызында таңғы сағат 3,30 да туыпсыз. Ал әйеліңіздікімен онша айырмасы аз. Егер сіз туған уақытыңызды білмесеңіз, біз жазбалар арқылы анықтаймыз деді. Сөйтті де менің тағдырыма ұқсас бір жұлдызнаманы оқыды. Сұмдық, өткен өмірімді толық оқыды. Солай болса да, мен аз кідіріс бердім. Ол жұлдызнаманы бір минут кейін жылжытып оқи бастады. Сол оқығанды мен дәл өткен өмірім деп қабылдадым. Бұнда не жазылған десеңіз, балалық шағым, денсаулығым, окыған жылдарым, әкемнің қайтыс болуы, үйленуім, негізгі проблемалар және ірі-ірі оқиғалар – қысқа-кысқа, бірақ өте дәл келтірілген. Сөйтіп 46 жыл өмірімді қайталай келе, енді өзім әлі көрмеген өмірімді тізбектеп оқыды. Өткеннен өтіп, ауысып, болашақты болжау неткен ғажап. Артынан менің зайыбымның тағдырнамасын оқып, екеуміздің жұбайлық өміріміздің картайғанға дейінгісін оқыды. Қысқасы ерлі-зайыпты екі тағдырнама да дәл келді. Бұл неткен ғажайып? Артынан маған Жоши сары жақұт тасы бар, ал әйеліме көкшіл мөлдір асыл тасы бар жүзік сатып алуға кеңес берді,- дейді Андрей Смирнов мырза. Біз бұдан не ұқтық? Әрине үлкен жұлдызнамалық құпия ертеде дамығанын, Қазағым-ның "Бәрі де пешенемізге жазулы" деген данышпандық даналық сөзін, жұлдызшының жұлдызнамасы арқылы дәлелдеп отырмыз. Мүмкін біздің де ата-бабаларымыз да осындай "құпия тағдырнамалық" кітаптың иегерлері болған шығар. Майқы би бабадан басталатын алғашқы халықтық, арты нағыз ғылыми теориялық іске айналған қазақтың киелі өнерінің ең тазасы, шоқтығы биігі – жұлдызшылық өнердің дамып өркендеуіне мүмкіндік ту-ғызып, жолына ақ тілеу тілейтін уақыт жеткен сияқты. Қысқасы, жұлдыз-шылықтың қарапайым халықтық болжауынан баста­латын белгісін, Өтей-бойдақтай қазақтың бағына туған жарық жұлдызы ғылыми жарқыратса, келешек ұрпақ одан ары жарқырата беруіне Алла тағала нәсіп етіп, қуат берсін.

 

 

8.5  ҚҰМАЛАҚШЫ

 

Құмалақшылық өнері халқымыздың көне тарихынан бері жалғасып келеді. Бұл ұлттық дарын-қабілеттің ерекше бір түрі болғандықтан құмалақ, құмалақшы, құмалақ ашу атауы өз кадірін жойған емес.

Қазақтың қанымен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көп тектік қасиеттері жетерлік. Құмалақшыны кейде балшы немесе "Балгер" деп те атайды. Бұл жаратылыстың таңба-белгілерін, табиғаттың құбылыстарын ұдайы бақылау нәтижесінде пайда болған сәуегейлік ілім.

Бал ашу негізінен астрономиялық және астрологиялық болып екі үлкен топқа бөлінеді. Олар іштей түр-түрге жіктеліп, салаланып кетеді. Мысалы: геомантия – жердегі өзгеріс әрекетті, қимыл-қозғалыстарды бақылайды әрі болжайды; хиромантия – алақан саусақ сызықтарына қарап, болашақты болжаса; арифмантия – нақты есепті ой болжамын жасайды.

Осы заманғы дамыған ғылымның алғашқы бастау кезінде тұрған бал ашу, болжампаздық табиғаттың талай ғарыштық-тылсым құпияларын ашты. Өз үлесін де қосты. Сөйтіп көптеген ғылымды дүниеге келтіруде адам баласының санасына әсер етті. Ойына ой туғызды. Ғылым мен бал ашудың арақатынасы мен айырмашылығы туралы алғаш зерттеу еңбекті ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби жазды (А.Машанов. Әл-Фараби. 1970. "Алматы". 215-6.).

Ел ішіндегі балшылық ашатын (жауырыншы, тамыршы, есепші, алақан-саусаққа қараушы т.б.) және болжайтын-дардың түрінің көптігіне қарамастан, халық күнделікті өмірінде көбінесе құмалақшыларға, оның қырық бір құмалағының болжамына ерекше баға берді. Көнеден сақталып, бүгінге жетіп өз орнын тауып отырғаны сондықтан да болар. "Қырық бір құмалақ – Данияр Пайғамбардан қалған мұра", – дейді Ш.Уәлиханов ("Таңд. шығармалар", Алматы, 1985, 159-бет). Қырық бір (кей жерлерде қырық төрт) құмалақпен бал ашу Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Иран, Тибет пен Корея, Жапония мен Америкада болғандығын әлем тарихы растайды. Ел егемендігі орнағалы қазақ елінде де бұл өнерге ғалымдар мен жазушы және оқырман халық мән бере бастады. Құмалақ ашу жөніндегі зерттеулер құпиясын академик марқұм Ақжан Машанов ашса, одан кейін тоқсаныншы жылдар басынан зерттеп кітап жазғандар тілші-этнограф Тоқтасын Мыштайұлы Өмірзақов пен жа­зушы Мағира Қожахметова (Марал Зерен-дина) болды.

Ертеден-ақ ата-бабаларымыз дүниетанымы, әлем, табиғат туралы өзіндік шешімі, түсінігі болды. Тіршіліктің қалыптасу жүйесін үшке бөлді.

Жаратылысты тігінен қарағанда "жоғары әлем" немесе "Темірқазық" (Марс планетасы болуы мүмкін. авт.), "ортаңғы әлем" – "адамзат" және "төменгі әлем" немесе "Алтынқазықты" (Жер қойнауы жынысы – авт.) болып бөлінеді деді. Бұл жөнінде ұлы ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік Баян" кітабында: "Алла адамзатты үш қатар орналастырып жаратқан. Гүршікте ("жоғары әлем" – Марс) үстіңгі адамдар бар, олардың белгісі бунаманы (белбеу) кеңірдегінен буынады. Біз ортадағы адамдармыз, бунаманы ортадан буынамыз. Төменгі адамдар Саһапқа ("төменгі әлем" – жер қыртысы жынысы шығар – авт.) мекендеген, олар бунаманы балтырынан буына­ды", – дейді. ("Ш.Б.". Алматы. 46-бет.) Бұл анықтаманы Ш.Уәлиханов та қуаттайды (Шығар-малары, I том, Алматы. 1961. 180-бет.).

Көне шамандық дәуірдегі бақсылық кезеңнен бастап бүгінгі ғылыми танымдық көзқарасқа мән берсек, адамның жаны, рухы және ойлау санасы жоғары әлемнен берілсе, тәні ортаңғы әлемде жаралады. Ал қайтыс болған соң оның тәні (мәйіті) төменгі әлемге "о дүниеге" жерленеді.

Қырық бір құмалақтың шығу тегі үш әлемге ғана қатысы болып қалмай оның "жеті ғаламға" немесе "жеті қат көкке де" (Ай, Күн, Есекқырған немесе Меркурий, Шолпан, Қызыл жұлдыз – Марс, Юпитер, Са­турн), "жеті қат жерге де" (тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көк өгіз, жер) байланысы болған. Ал тағдырдың сегізінші қабаты – тағдырымыз жазылған "тағдырлық тақтадан" тұрса, тоғызыншы қабаты – Жаратушы Иеміз тұратын әлем қабатын құрады. Бұдан барып басқа тарауларда баяндаған (Телепатия, жұлдызшы) "тоғыз қат көк" немесе "тоғыз өлшем" бірлігі "ғарыш әлемі" атауы туады. Бұл тігінен тақ "үш әлем", "жеті ғалам" немесе "жеті қат жер", "тоғыз қат көк" немесе "тоғыз өлшем бірлік" атауы өзіндік дүниетаным негізі болды. Ал, көлденеңінен жаратылыс әлемін шығыс, батыс, оңтүстік және солтүстік деп төрт құбылаға бөлу де көненің шешімі. Бұдан барып "әлемнің төрт негізі" (топырақ, ауа, су, от) немесе "төрт тұрман» (ер-тұрман, жау жарақ, бес қару, ай балта) т.б. ұлттық дәстүрлі төрттік ұғымдары қалыптасты.

Осы тігінен 3, 7, 9 және көлденеңінен 4 деген атаулық дүниетанымдық сандары негізінде қырық бір құмалақ немесе құмалақ ашу дәстүрі қалыптасыпты. Қырық бір құмалақтың үшке бөлініп барып ашылуы жаратылыстың тігінен үшке бөлінуіне негізделген. Құмалақты тек қана үшке дейін ашу да осыған негізделген. Қырық бір құмалақтың үшке бөлінген әрбір тобы төрт санына мүшеленеді. Бұл жаратылыстың көлденеңінен төртке бөлінуіне негізделген.

Енді зер салсақ, қырық бір құмалақты бір үш ретке бөліп, төрт мүшелеген соң тоғыз топтан құраған "құмалақ тізбегін" (шаршысын) тізеді. Бұл тіршілік әлемнің "тоғыз қат көк" немесе "тоғыз өлшем бірлігіне" дәл келеді. Бұл қырық бір құмалақтың модельдік сандык сипаттамасы болып есептеледі.

Балшылардың негізгі құралы қырық бір құмалақты ұсақ тастардан, өсімдіктің, жүгері (бүршақ) ірі дәнінен және қойдың қырық бір құмалағынан санап алып пайдаланады. Дегенмен, кейбір құмалақшылардың айтуынша тастардың да жақсы ашылып немесе ашылмай сөйлейтіні болатын сияқты. Бұл киелі жердің тасы деген атауды туғызады. Құмалақ-шылық тума тұқым қуалайтын тектік қасиет. Құмалақты үйренуге болғанымен, тума қасиеті жоқ, оның сандық моделінің сырын білмейтіндер жобалап болжаушы ғана.

Құмалақтың өзінің түрлері де болады. Мысалы, ырым құмалақ, бір тартар құмалақ және шашпа құмалақ.

Ырым құмалақты екі түрлі мақсатта ашқан. 1. "Қызыр-дың қамшысына арнап тасаттық беретін күні (ақпанның 15-і) құмалақшы таңертең қар үстіне құмалағын шашқан және ауа райын болжаған.

Егер қар үстінде құмалақ кідіріп қалса, онда көктем кеш туады десе, бармақ бойлап батып кетсе жаз ерте шығады деген.

2. Күн мен түн теңелгенде, аспаннан нұр жауған күнгі шыққан күнмен жарысып: "Көк тәңірі не дейді екен?", "Патшалар не дейді екен?", "Әруақтар не дейді екен?" деп құмалакшы құмалағын үш рет шашып салған.

Біртартар құмалақ. (Бұны Көтібар батырдың бір тартары дейді).

Бұл құмалақты жаугершілік заманында тартқан. Бұл құмалақты тек екіге бөледі. Одан кейін оң қол жақтағы бөлігін төртке бөлген. Егер соңғы бір бөлігі 1 (бір) саны болса, онда жорыққа аттанған. Ал 2 саны қалса, жорыққа шықпаған.

Шашпа құмалақ. Бұл қырық бір құмалақты бөлмей, есіктен төрге қарай шашып жіберіп жориды.

Қырық бір құмалақты қалай ашады, енді соған тоқталайық. Ертеде қырық бір құмалакты ақ киіз (арнайы) үстіне шашып қойып, асықпай араластырып, бір жерге үйген. Бұны "құмалақ араластыру" деген. Одан кейін "құмалағым ақ сөйле, бисмилла" деп, құмалақты мүмкіндігінше үшке бөледі. Бұны "құмалақ басы" дейді. Бұл үшке бөлінгеннің алдымен оң қол жағындағы бөлігін төрт санына бөліп, одан қалған калдықты оң қолмен жоғары апарып қояды. Бұл – "оң қабақ" не "оң шеке" деп атала-ды ("Құмалақ шаршысындағы" 1-орын). Бұдан соң ортадағы бөлікті төртке бөліп, қалдықты "құмалақ маңдайына" апарып қояды (2-орын). Соңын-да үшінші бөлікті де төрт санына бөліп, қалған қалдықты "сол қабақ", "жау шекеге" апарып қояды. Бұдан соң қалған құмалақты бірге жинап қайта араластырып, тағы үш бөлікке бөледі. Алдымен оң қол жақтағы бөлікті төртке бөліп, қалған қалдықты "оң бүйрекке" (4-орын) қояды. Ортадағы бөлігі қалдығын "құмалақ жүрегіне" (5-орын), шеткі бөлігі қалдығын "сол бүйрегіне" кояды (6-орын). Ең соңында қалған құмалақты тағы жинап алып араластырып, "құмалақ өкшесіне" деп жоғарыдағыдай үшке бөледі. Алдымен оң жақтағы бөлікті төртке бөліп, қалған қалдықты "оң босаға" (7-орын), ортаңғы бөлік калдығын "құмалақ құйысқанына" (8-орын), шеткі бөлікті мүшелеп, қалдығын "сол босағаға" (9-орын) орналастырады. Осымен құмалақ бөлу аяқталады. Құмалақшы қалған құмалағын тағы үшке бөліп, қалған қалдық санына қарап барып болжамын бастап кетеді.

                                        pic

 

 

 

 

Подпись: Қырық бір құмалақтың "құмалақ тізбесінің" (шаршысының) тізбесі былай белгіленеді (40-суретте).
 
 

Енді құмалақшының қалай болжап әрі сөйлейтініне тоқталайық.

1. Құмалақ қабағы – бұл құмалақ басының оң және сол қол жағын-дағы бірінші және үшінші мүшелері. Бұлардың жоғарыдағы атауына қарай құмалақ басының оң жақтағысы – "оң қабақ", "оң шеке", ал сол жақтағысы "сол қабақ", "жау шеке", "дұшпан басы" деп аталады.

Осы шекелердің жұп, тақ болуына қарай құмалақ салғызушының көңіл күйінің қуаныш әрі ренішін құмалақшы бақылай білген.

2. Оң қабағы жарылу – бұл құмалақтың оң қабағына қалдық құмалақ бір тал болып түсуі. Оны – "талабы жоғары" дейді. Құмалақ салғызушының дұшпаннан мерейінің үстемдігін көрсетеді.


 

3. Оң қабақ қатыңқы бұл оң шекеге екі тал құмалақтың түсуі. Бұл құмалақ салғызушының ашумен келгенін, үй ішінде ұрыс-жанжал болғанын көрсетеді. Ол құдайы тамақ беру керек.

4. Оң қабағы тарту бұл құмалақтың оң қабақтағы калдығының үш тал болып мүшеленуі. Бұл құмалақ аштырушының қайғысы жоқ, қарны тоқ және дүшпанынан мерейі анағұрлым үстемдігін көрсетеді.

5. Оң қабақ қату оң шекеге төрт тал құмалақтың орналасуы. "Кұмалақ аштырушы ауыр ой үстінде". Көп азап шеккен адам. Оған құдайы беру керек.

6. Дүшпан басы құмалақтың сол шекеге бір не үш тал болып түсуі. "Құмалақ аштырушының дұшпаны өзінен өлдеқайда басым. Онымен күш сынаспай күте тұрған жөн".

7. Құмалақ маңдайы бұл құмалақтың басындағы ортаңғы топ атауы. Құмалақ маңдайы арқылы кісі "болашағын" біле алады.

8. Қырық бірінші құмалақтың бетке шығуы (Қамбардың қара қасқасы) Бұл құмалақ маңдайына бір тал құмалақтың келуі. "Құмалақ салдырушының алдында олжа күтіп тұр. Жол жүрсе жолы болады".

9.      Маңдайы қарысу бұл құмалақ шаршысының маңдайына екі құмалақтың орналасуы. "Ауыр ой қинап жүр. Жалпы жолы ауыр. Ал­дында оны күтіп тұрған кедергі бар".

10.  Маңдайы ашық бұл құмалақ маңдайына үш тал құмалақтың мүшеленуі. "Маңдайдағы үш, көңілі қош. Ойлағаны орындалады".

11.  Маңдайы жабық бұл құмалақ маңдайына төрт тал құмалақтың келуі. "Болашағы жоқ, маңдайының соры бес елі адамға түседі".

12.  Құмалақ бүйрегі бұл құмалақ жүрегінің оң қол және сол қол жағындағы мүшелері. Жүректің оң жағындағысы "оң бүйрек" сол шетіндегісі "сол бүйрек" деп аталады. Балгер осы екеуін салыстырып барып, өз шешімін айтады.

13.  Аш бүйрек бұл оң бүйрекке бір тал құмалақтың келуі. "Адамды бір жағынан қаражат, екінші жағынан ауру қысып, дұшпанның ал­дында еңсесі төмендігін көрсетеді. Дауласпай істің артын күту керек".

14.  Оң бүйірі тоқ бұл оң бүйірге үш не төрт құмалақтың бөлінуі. "Бүйірі тоқ, қайғысы жоқ, дұшпаннан мерейі үстем, туған-туысқандары, бірауызды, өзі сыйлы адам".

15.  Аш бүйірден қадалу бұл сол бүйірге үш тал құмалақтың келуі. "Дұшпаны мықты, айтысса жеңіп, күрессе жығып, жауласса жол алып кетеді".

16.  Құмалақ жүрегі бұл құмалақ өзегіндегі екінші мүше. Балгер құмалақ жүрегін "адам тағдырының алтын діңгегі" деп те атайды.

Құмалақ шаршысындағы барлық ой тізбегі жүрекке жинақталып, осы жүрек арқылы өз шешімін табарын көрсетеді.

17. Жүрек сүйінішті бұл құмалақ жүрегінде бір не үш тал құмалақ-тың үйлесуі. "От басы аман. Көңіл-күйі жақсы, мерейі үстем. Алдында қуаныш күтіп түр".

18.   Жүрек күпті бұл құмалақ жүрегіне екі не төрт құмалақтың бөлінуі. "Бұл құмалақ жүйкесі жүн, жігері құм болып, алға басқан аяғы кері кетіп жүрген адамға түседі. Құдайы беру керек".

19.   Құмалақ босағасы бұл құмалақ өкшесінің оң жақ қол және сол жақтағы мүшелері. Құмалақшылар тілінде "босаға өз үйің, отаның алтын бесігің". Қос босаға арқылы от басы, ел іші, отанынада болатын іс жайлы алдын-ала хабардар болады. Бір жаққа жол жүру не жүрмесін де білуге болады.

20.   Оң босаға берік бұл құмалақтың оң босағаға екі не төрт тал болып бөлінуі. "Үй-ішің аман, ауру-сырқаудан сау. Отаның мықты. Әзірше жолаушы жүрмейсің".

21.   Босағадан кету бұл оң босағаға қарағанда сол босағаға құмалақтың көп бөлінуі. "Бір жаққа жол жүресің. Құйысқаның көтеріңкі, аяғың үзеңгіде түр". Егер осы құмалакты қыз бала аштырса, онда ол көп ұзамай тұрмысқа шығады.

22.   Оң аяғы табалдырықтан аттады құмалақтың оң босағаға сан жағынан көп болып орналасуы. "Жакын арада жолаушы жүрмейсің. Үйіңе конақ келеді. Егерде ер жеткен ұлың болса келін түсіреді".

23.   Құйысқан бұл құмалақ өкшесіндегі ортаңғы мүше. "Құйысқан  қонақ хабаршысы".

24.   Құйысқаны берік құмалақтың екі босағаға теңдей бөлінуі. "Жо-лаушы жүрмейсің, үйіңе қонақ та келмейді".

25.   Құйысқаны көтерілу құмалақтың сол босағаға көп болып мүше-ленуі. "Жол жүресің".

26.   Құмалақ басы құмалақ шаршысына көлденеңінен орналаскан ең бірінші үш мүшенің есімі. "Құмалақтың құмалақ басына жұп не тақ болып түсуіне карай адамның алға қойған мақсаты орындалатынын, орындалмайтынын және оған кездесетін қуаныш пен реніш, сәттілік пен сәтсіздік туралы баяндайды".

27.   Пешенесі бестен түсу құмалақтың қос қабағына екі-екі талдан және маңдайына бір талдан, яғни құмалақ басына жалпы саны бес құмалақтың түсуі. "Екі құлағы езуінде. Алдыңда бесіктегі балаға дейін қуанатын қуаныш күтіп түр".

28.   Пайғамбардың қара қасқасы бұл құмалактың кос шекеге бір-бір талдан және маңдайға үш тал болып бөлінуі. Құмалақ санының жал­пы саны бес. Бұл құмалақ өзінің дәрежесі жағынан "апшас әліппен" тең саналады. Сондықтан бұл құмалақты "Дүниеге оң аяғыңмен келген екенсің, бәрі жақсы", деп әрі қарай салмай жинап алады. Жаугершілік заманда құмалаққа "Пайғамбардың қара қасқасы" түскен күні жорыққа аттанып, жауды жеңіп қайтады екен.

29.   Үй тұйық бұл құмалақтың қос шекеге үш-үштен, маңдайға екі тал болып, құмалақ басына жалпы саны сегіз тал құмалақтың мүшеленуі. "Ауру да емес, сау да емес, сары уайым есеңгіретіп тастаған адамға түседі".

30.   Ашпас әліп (қарт құмалақ) құмалақ басының әр мүшесіне үш-үштен "ашпас әліп" түссе, балгер құмалақты ары қарай тартпай, "бәрі жаксы болады" деп жинап алады.

31.   Құмалақ жүрегі бұл құмалақ шаршысын көлде-неңінен алған­дағы екінші қатар атауы. "Адам тағдырына байланысты жақсы мен жаманнан, саулық пен аурудан, өлім мен өмірден хабар етеді".

32.   Құмалақтың кесе түсуі құмалақ тізбесіндегі көлденең алғанда екінші қатар мүшелерінің тек жұп болып түсуі. "Бұл құмалақ ауру кісіге арналса, ол адамның өлуі мүмкін. Жас балаға түссе, онда ол балаға біреу-дің тіл көзі тиюі мүмкін".

33.   Құмалақ өкшесі қүмалақ тізбегін көлденеңінен алғандағы ең соңғы қатар атауы. "Адам еңбегінің нәтижесі, іс-әрекеті корытындысынан мәлімет алуға болады".

34.   Құмалақтың жайылып түсуі бұл құмалақтың қос босағаға бір-бір тал болып түсуі. "Бұл құмалақ ауру адамға түссе, ол аламның жаны көп ұзамай көкке ұшады. Сау адамға ашылса, ол кісі көз көріп, құлақ естімеген жаққа көшіп кетеді".

35.   Оразаның он екі құмалағы бұл құмалақ аяғының әрбір мүшесіне төрт-төрттен он екі құмалақтың жіктелуі. "Бұл бір сирек түсетін құмалақ. Көбінесе талабына нұр жауар, ізденгіш, ойшыл адамдарға түседі. Алдына қойған мақсаты ерте ме, кеш пе, бәрібір орындалады".

36.   Құмалақтың оң қанаты бұл құмалақ шаршысын тігінен алғанда оң жақтағы үш мүше есімі. "Оң қанаттан өз басы, үй-іші, отаны, ел басқарушысы жайлы мәлімет алуға болады".

37.   Үш бөрі бұл құмалақтың оң канатына бір-бірден үш не үш-үштен тоғыз құмалақтың мүшеленуі (суретті қараңыз). Үш бөрі түскен адам жәй кісі емес, әруақты кісі деп есептеледі. Үш бөріні "Ақ дегенің алғыс, қара дегенің қарғыс. Айтқаның келеді, тілегенің болады. Әлемнің төрт тарапы-на сапар шексең де, жолың болады", деп жориды.

38.   Албары бұл құмалақтың оң қанатына жалпы саны 6 құмалақтың түсуі. "Албарлы түссе аласың".

39.   Жетіскеннің жетеуі бұл құмалақтың оң қанатына жалпы саны 7 құмалақтың бөлінуі. "Күрессе жығады, айтысса жеңеді, жол жүрсе, олжа-лы болады".

40.   Ойындағы келу бұл құмалақтың оң қанатына 10 құмалақтың бөлінуі. "Ойлаған ойы орындалады".

41.   Құмалақ өзегі бұл қүмалақ тізбегін тігінен алғандағы ортаңғы үш мүшесінің жалпы есімі. Құмалақ-шылар құмалақ өзегін "жақсылықтың есігі" деп те атайды.

42.   Жол басы бұл құмалақ өзегіне бір-бірден үш құмалақтың мүшеленуі. "Көп кешікпей жол жүресің".


 

43.   Есіктен төрге дейін сүйінші құмалақ бұл құмалақ өзегіне үш-үштен тоғыз құмалақтың жіктелуі. "Алдыңда куаныш күтіп түр".

44.   Құмалақтың сол қанаты бұл құмалақ тізбегін тігінен алғанда сол қол жағындағы бірінші қатардың жалпы есімі. "Сол қанат дұшпан жайында сөйлейді".

45.   Кез тесу бұл құмалақ тізбегін қиғаш алғанда оңынан да, солынан да қиып өтетін түзу атаулары. "Кез тесу адамның біреумен кездесетіні не хат-хабар болатыны жайында мәлімет береді".

46.   Оң кез бұл құмалақтың оң қабақ, жүрек және сол жақ босағаға бірыңғай жұп не тақ болып бөлінуі. "Біреумен кездесесің, бірақ оны көп күтесің".

47.   Сол кез бұл құмалақтың сол қабақ, жүрек, оң жақ босағаға бірыңғай жұп не тақ болып мүшеленуі. Біреумен тез арада кездесесің. Хат не хабар келеді.

48.   Тоғысу (оңнан да, солдан да кез түсу) бұл құмалақ тізбегіне оң кезбен сол кездің бірдей түсуі. "Жолы болар жігіттің оңынан да, солынан да кез түсер".

49.   Қос табан бұл құмалақ қатарын тігінен алғанда бір сызық бойына құмалақтың тек жұп болып орналасуы.

50.   Қос аумас бұл құмалақ шаршысында жұп санды орындар құмалақтың оңы мен солына бірдей бөлінуі. "Бәсекелесіңмен дәрежең тең. Екеуің де бір-біріңе сайма-сайсың".

51.   Шаң тимес бұл құмалақтың құлақ басы мен құмалақ өзегіне тек тақ болып орналасуы. "Басыңа бақ, қолыңа дәулет қонатын кісіге түседі".

52.   Жеті әліп құмалақ тізбегінің өзегіне, маңдайына және оң қанаты-на тек бірдей тақ құмалақтың мүшеленуі (41-суретті қараңыз).

Бұл құмалақ ашуда ең сирек ұшырасатын құбылыс. Сондықтан "Жеті әліп жерге түспейді, жерге түссе де ерге түспейді" дейтін мақал бар. Бұл құмалақ бақ, дәреже қонатын адамға мың-миллион адам ішінен бір-ақ рет түседі. "Жеті әліп түсер адам өте сирек туады".

 

                          pic  

                                                                                         41-сурет

 

Қазақ бақсылары бал ашудың сырын шебер білушілер болды. Олар ойын көрсете жүріп бал ашты. Қысқасы, бал ашпайтын бақсы болмаған. Қорқыт атадан бастап бүгінге дейін жалғасқан баксылық өнері балгерліктің негізгі мектебін ашып өркендетіп келеді. Арнайы таза құмалақшылар да, бақсы сияқты зікір салмай-ақ, қырық бір құмалақтың сырын таза біліп сөйлеткендер, ел ішінде аз болмаған. Бүгінде қаптап шыққан құмалақшылардың көбеюі соның айғағы. Ертедегі қазақ халық емшілігі мен бақсылық өнерін зерттеген ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов, академик Әлкей Марғұлан, т.б. ғалым-жазушылармен қатар орыстың да (Емшілік және бақсылық бөлімнен қараңыз) және басқа ұлттардың да зерттеушілері халықтың құмалақшылық өнеріне үлкен баға берген. Көненің көзіндей жаныңа жақын құмалақшылық етуші балгерлерді ешкім де бөтенсімеуі сондықтан болар. Басына ауыртпашылық, қайғы-қасірет келгендер мен куаныш пен байлыққа кенелгісі келетіндер де, жол сапарына жүруші мен болашағына болжам жасатушы да ішінара балгерлерден кеңес алатыны шындық.

Бұл жеке балгер басына табыну емес, қайта жаңа ес алған ұлттық өнерге құрмет болмақ. Анам марқұм еліне "Ақ Апа" атанған Өзипа Сыбанбекқызы қырық бір құмалақты ашып болжаудың шебері еді. Бала кезімізде талай жанында отырып болжамын тыңдадым. Құмалақ салдырушылар, айтқаныңыз келді "Ақ Апа" деп кейін келіп ризашылығын білдіріп жататын.

Анамыздың Асан бақсы деген бауыры да "шашпа құмалақтың" таза балгері еді.

Жазушы Мағира Қожахметова алты жылдан бері Қызылордалық құма-лақшы Қамалбек Арыстанұлының болжамдық қасиетін зерттеуде. Өте қуанарлық. Деседе, бұндай зерттеулердің аздығы әлі де болса құмалақшылық өнеріне ғылыми көзқарастың толык сенімінің жетіспегендігі болу керек. Өткен кезеңнің алғашқы даму дәуірінде адам бойындағы ғарыштық тылсым күштердің оянуы, адамзатты ой-санасына түйсік туғызып жаңа ғылыми жолды ашқандай. Қазақ елінің тілші-этнограф ғалымы Тоқтасын Өмірзақовтың "қырық бір құмалақтың" сиқырлы сырын бұдан он жыл бұрын зерттеуді бастауы, осы ғылыми анықтамаға сәйкес еңбекті жазуға басты әдеби материал болды.

Әрине әр түрлі зерттеушілердің және құмалақшылардың танымы, ойлауы және тұжырымы ерекшеленгенімен құмалақшылық өнерді зерттеушілер оның кем орындарын толықтырарына күмән жок. Бүгінде құмалақшы Қамалбектен басқа көп құмалақшылардың ішінен өзінің сауаттылығы, мәдениеттілігі жағынан ерекшеленетін, бақылауда оң нәтиже көрсетіп жүргендер де баршылық. Қауымдастықтың мүшелері алматылық Мергенбаев Ысқақбек, алматылық (бұрынғы семейлік) медбике Құлатаева Рыскүл т.б.

Бұл күнде құмалақшылар бір ұйымға әлі топтасқан жоқ. Олар ұлы қасиетті күн көрудің құралына айналдырса, ал арнайы "кәсіби емшілердің орталығы" құмалақшыларды ақша тауып берудің көзіне айналдыруда.

Құмалақты арнайы ашатын әр балгердің күні болады. Құмалақты көбінесе күндіз құбылаға қаратып (кейде күнге) ашуды ұсынады. Кейбір құмалақшылар болса, тек қана бейсенбі, жүма күндерді ашуды дұрыс көреді. Құмалақ-шының жұмыс орны таза әрі құмалақты ақ мата бетінде ашқан жөн. Құмалақшы кейде түсінде де болжам алуы мүмкін. Кұмалақ ашқызушы да адал ниетімен таза түрде толық сеніммен келу қажет. Құмалақшы мен құмалақ салдырушының ойлары бір ортаға түйіскенде құмалақ ашылып сөйлейді. Құмалақты лас орында, көшеде, жолдар бойында, түнде салуға болмайды. Арнайы таза орында салған оң шешімін береді. "Құдайдан қорықпаған ғана құмалақ тартады" деген халық даналығы өтірікші, алдампаз, араққүмар, лас, темекі тартып, насыбай атушылар, есі ауысқандарға арналған болу керек. Құмалақтың балгер-лермен арақатынасының ғасырлар бойы жалғасуы, оған күмән туғызуға болмайтын ескі ұлт қазынасы екенін дәлелдейді. Құмалақпен бал ашу ол сырткқы тылсым күштермен сырласу, табиғаттың құпия сырын ашу мен адамның жаңа ғарыштық ойлау жүйесі танымын ояту болып табылады.

Құмалақпен бал ашып болжаудың құпиялық шежіресін ашып әрі дамыту ғалымдарымыздың, зерттеушілеріміздің және балгерлердің басты міндеті.

Ата-бабалардың көзіндей болған "қырық бір құмалақтың" қадірін білейік.