ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

12

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Айдан ары Марстан Американың астрономдары осы елдің 1945 жылы Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен тоғыз соғыс ұшағын компьютер-телескоптың бейнені үлкейтіп көрсететін фокус линзасы арқылы көрген. Ол ұшақтардың Марстан бірнеше шақырым тұрғанын да есептеп шыға-рады. Олар сағатына қырық мың шақырым жылдамдықпен ұшқан. Бұл орыс ғалымы С.Макеевтің тұжырымын қуаттайды.

Бірақ, ұшақтар калай қырық мың шақырым жылдам-дықпен ұшты? Ондай жылдамдыққа ұшақтың моторы да, деталы да және басқа бөлшегі де шыдамасы анық? Бұл жөнінде осыны бақылаушы Американ ғалымы Лудин: "Ұшақтар тығыз топтасып, қатарласып ұшты. Оны ұшырушы ұшқыштардың үстінен Америка әскерінің белгісін көрдім. Міне, сондықтан да мен оларды Америка ұшақтары деймін", - дейді.

Осы орыс және американ ғалымдары шешімін аспан кезбелері жөнін-дегі Швейцария тобының төрағасы Вильгельм Тре де толық қуаттайды. Мүмкін жын-шайтан ұясы атанған, әлі сырын жақындап барып ашуға жүрек шыдамайтын алпауыт жалмауыз атанған Бермуд үшбұрышы басқа планеталардың космодромы немесе бір радиологиялық барлау мен бақылау орталығы да шығар? Бұл жұмбақ әлі талай ғасырды артқа тастары анық.

Ғарыштық беймәлім шарлар туралы да аз айтылып, аз жазылмады. Аспан кеңістігінде өте жылтыр, қатты жарқыраған шар немесе сопақша түрдегі тұлғалар алғаш сол формасында көрінсе, ол кейде тұлғасын өзгер-тіп, дене сыртында неше түрлі ұзындықтағы жарық шашыратып шығара-тын түтікшелер шығара бастайды. Ол түтікшелер жеке-жеке бөлініп әр бағытқа зауласа, артынан тез адам тұлғасына ауыса алады. Кейде құдды солдат тұлғасын, жас сәбидің, баланың, жігіттің немесе жердегі байланыс жасаушысының ойына қарай, келушіміз өзіндегі тез ғайыптан пайда болатын аппараттың басқару тетігі көмегімен, қалаған жастағы адам жынысына қарай тұлғалық өңін жасайды.

Осындай бір шарды немесе сопақшаны 1979 жылы 26 қарашада Францияның Париж қаласы маңындағы Сержи-Понтауз деген жердің үш жігіті көреді. Біреуі машинада болады. Қалған екеуі фотоаппарат алуға кеткенде машинадағы достары Франк Фонтеиннің дауысы қатты шығады. Машинаны бір нәрсе тұмандап қоршаған. Автокөлік ішіне алғаш шар, кейін сопақша болып еніп жоқ болады. Автокөлікке барса достары Фонтеин жоқ. Оны іздеп таба алмайды. Бір жұмадан кейін дәл сол жоғалған уақытында, таңғы сағат төрт жарымда Ф.Фонтеин екі досы тұратын үйге сақал-мұрты өскен, киімі алба-жұлба болып кіріп келеді. Ол екі досының сөзіне сенбейді. Оның жоғалғаны жөніндегі газеттегі хабарды оқып таң қалады. Ол өзін ұйқыдан тұрғандай сезінеді. Ол оянса бір алаңда жатады. Сонда Франк бір шар келіп өзін автокөлігімен бірге "жұтып қойғанын" есіне алады. Одан ары ештеңе білмейді. Франкті регрессивтік гипноз арқылы тексергенде оқиғаны түп-түгел есіне түсіреді. Бірақ, айтуға бол-майды деп үзілді-кесілді бас тартады. Десе де, Франк оянғанда бір үлкен бөлмеде жатқанын, жан-жағында әртүрлі аппараттар, әйел мен еркек дауысты адам тұлғалыларды (саналары бізден жоғары), олар түрден түрге ене отырып, өз планетасынан басқа да планеталарға ене алатынын айтып-ты. Міне, біз таң-тамаша көріп жүрген аспан шарлары мен сопақша және таяқшалар осындай "ақылдылар" көрінеді. Олар бізді менсінбейді. Біздің жеке өміріміз де, ұлттың да, қоғамның да және әлемнің де тарихы олардың көз алдында.

Қысқасы, олар өздерінің аппаратымен жиырма-отыз минутта әлемнің дамуын бейнефильм етіп көрсете алады. Ол сіздің миыңыздың талшықтарының жұмыс істеу жылдам-дығын миллиондаған есе жылдамдыкқа өсіреді.

Американың бомбалаушы ұшақтарын "сорып жұтқан" корабль сияқты, шарлар мен сопақшалар да жерден тірі жөне өлі тұлғаларды "жұта" алаты-нына көзіміз жетті.

Алпысыншы жылдары кырғыздың Ыстықкөл облысы, Түп ауданы, Санташ ауылының түрғыны көктемгі егіс айдау кезінде түнгі кезектен үйіне жаяулап қайтқан А. деген тракторист аспанға қараса, аққан жұлдыз сияқты бір нәрсе өзінен біраз аралықтағы бұлақ суына түскендей болады.

Аспан ашық, ай жарқырап түрса керек. Ол әлгі бұлақ жаққа қарап тұрып, бала кезіндегі үлкендердің "аспаннан жұлдыз бұлақка, өзенге, көлдерге, теңіздерге, мұхиттарға түседі. Суына тойып алып, қайтадан аспанға барып құсқанда, жаңбыр болып қайта жауады", – деген сөздерін еске алып, бірқауым ойланып тұрады. Кенет А.-ның денесі дір ете түседі. Бір отты жалын басынан ыстық леп жіберіп, табанынан шығарып, денесінен тер бұрқ еткізеді. Аң-таң. Осы кезде бұлақ жактан өзінің осыдан жиырма жылдай бұрын қайтыс болған әкесінің: "Кел, балам, кел!" деген даусын естиді.

Бір күш оны бұлақ жаққа жетелегенде, алдында өте үлкен үйдей аппақ шар пайда болады. А. не болғанын түсінгенше әлгі шардан есік пайда болып, ішке енеді. Кірсе, іші үлкен бөлме екен. Ол төр жақтағы бір столдың жаныңда үстіне сарғыш киім киген, бастарын төмен салбыратып орындық-та отырған екі адамды көреді. Үнсіз. Біреуі өзінің әкесіне ұқсайды. А. есіктен кірген соң жақынырақ қойылған жанындағы орындыққа отырады. Жан-жағына қарайды. Кәдімгі үй. Ана екеуі үнсіз. А. ойланып калады, әрі тамақ ішкісі келеді. Әлгі отырғанның бірі тұрып, стаканға құйылған сүт сияқты сұйық пен дәмі өте тәтті, үгіліп тұрған тоқашты қойып кетеді. А. болса әкелген тағамды толық ішіп алады. Дәмділігіне, әсіресе, нанның дәміне таңғалады. Ана екеуі әлі үнсіз. Әуелгі қалыптарынан қозғалар да емес. А. бөлменің бір кабырғасындағы есікті көреді. Орнынан тұрып, есікті ашып, арғы жағындағы бос тұрған үлкен бір бөлменің ішіне енеді. Аралап жүріп, А. "Әкем менің жақсы үйім жоғын біліп, маған сыйлайын" деген екен деп ойлайды да, қайта шығып, өзінің бұрынғы орнына жайға-сады. Ана екеуі сол қалпы. Ол біраз отырған соң темекі тартқысы келеді. Қалталарынан темекі іздей бастайды. Осы кезде басы айналып, төтен оқиға бола бастағанын сезінеді. А. іштей: "Қап, әлгілерге ас бергендеріне рахмет айтпағаным үшін мені өлтіретін болды-ау" – деп, ойлағанша калай далада, бұрынғы орында тұрғанын сезбей де қалады. Бұлақ жақтағы шар да жоқ. Дала тыныш. Түн. А. бұл ойын көп болса он минут шамасында өтті деп ойлап, үйіне карай жаяулата жөнеледі. Оны сарғая күткен әйелі, туыстары т.б. қайда болғанын сұрайды. Сонда А.: "Дендерің cay ма, мен жұмыстан келдім", – деп басынан сөз асырмайды. Бірақ, жолдағы кездескен шар жөнінде жұмған аузын ашпайды. Ол ерте тұрып, жүмысына барса, оны жұмыс орны себепсіз жұмыста болмағаны үшін жұмыстан шығарып жіберіпті. А. қарсылық білдірмейді. Ол бәріне көніп, сол күннен бастап арақ ішуді қойып, күнәлі істерге бармайды. Іштей құдайға және әруаққа таза сенеді. А.-ның бұл құпиясын өзі ғана біледі. Ол заманда А. болған оқиғаны айтса жындыханадан бір-ақ шығары анық еді. Кейін БҰТ (НЛО) жөнінде айтыла бастағанда А. мұнысын жария еткенімен аты-жөнін жария етпеуді өтінеді. Ол: "Мен Құдайға және әруаққа сенем. Мен о дүниелік әкемді көрдім", – дейді екен. Франция мен қырғыз жеріндегі шарлардың бір-біріне ұқсастығынан жалпы белгісіз планеталардың "қонақтары" жер таңдамасын, мақсаттарының бір екенін көреміз.

Франциялык Франк ғарыштың бір жетілік конағы болса, Қырғыздың А-сы үш тәулікке жуық қонақ болыпты.

Сөйтіп бір кезеңдік планетадан екінші кезеңдік планетаға арнайы жұмыстарымен ауысып түратын, басқа планеталық "қонақтар" осылай құпияларын жер бетінде жүзеге асыруда.

Әртүрлі кезеңдердегі әр елдің аймағында пайда болған малғүндар (гумоноидтар) бейнесі 1-суретте бейнеленген. Бұлардың сыртқы тұлғасы да бөлек. Бойлары да, атқаратын қызметтері де өзгеше екені білініп тұр. Қазақстанның елді мекендерінде де кездескені аз емес.

                                                                                                pic

 
1-сурет. Әр жердегі (елдегі) малғұндар-аспан кезбелері.

 

1-сурет. Жалғасы (малғұн аспан кезбелері). Аспан малғұндары.

Беймәлім ұшқыш тәрелкелердің адамға шабуыл жасау жолдары № 2 және № 3 суреттерде бейнеленген. № 2-суретте адамға басқа әлемдегі белгісіздің шабуылы көрсетілсе, ал № 3 суретте адамға БҰТ-ның шабуылы (а) мен жер бетіне орналасуының күшті өрісі (б, в) көрсетілген.

                                    pic

                         2-сурет. Басқа әлемнің тіршілік иелері.                   3-сурет. БҰТ-ның шабуылы (а)

 

                                        pic


                                                                              және БҰТ-ның өрісі (б,в).

 

Мен де алғашқы емшілік  жолына түсетін жылдары ғарыштық шардың да бақылауында бірнеше рет болғаным бар. Соның біреуін ғана баяндайын. 1991 жыл, 28 ақпан. Күн бейсенбі. Алматыдағы "Жас өспірімдер театры" директоры, Қазақстанның халық әртисі Райымбек Сейтіметов ағаға жолығып, театр залында емдік сауықтыру сеанс өткізуге келісіп, үйге қайттым. Үйге Фурманов көшесімен көтеріліп, Әл-Фараби даңғылына түсіп, "Қазақфильм" мөлтек ауданына қарай жеңіл машинамен келе жат-тым. Жанымда жұбайым Түймекүл, Сарыжаздан келген (Нарынқол ауда-ны) Қақан апай, қызым Гүлзат пен ұлым Мақсат болды. Әл-Фарабимен заулаған "Жигулиді" "Қазақфильм" мөлтекауданы шекарасы светофоры-нан бұрылуға ыңғайланғанда машина өшіп қалды. Мотор от алмайды. Әрең от алып еді, алға жылжыр емес. Жылдамдықтың тетігі аман, кез-келген жылдамдық қосылысына қосылып тұр. Болмаған соң, "Жигулиді" артқа итеріп, Әл-Фараби даңғылы бойына шығарып қойдық. Ойымыз мотор от алса "Орбита" мөлтек ауданына қарай жүру. Кенет "Гук", "Гук", "Гук", "Ай, ай..." деген дауыс құлағыма естілді. "Жигулидің" ішкі салонын түрлі-түрлі өткір жарықтар шағылыстырғандай болды. Алдымда 60-70 метрдей жол бойындағы теректің ең ұшында қып-қызыл, күн сияқты тіке қарауға болмайтын, диаметрі 1,5-2 метрдей шар тұр. Мен айғайлап жібер-дім. "НЛО, НЛО..." дегенше, әлгі қызыл шар орнынан жылжып, терек ішінен шыкты да, "Орбита" мөлтек ауданы бағытына көшенің оң жағымен жылжи бастады. Сол-ақ екен, машинамның моторы өздігінен от алып кетті. Мен 50-60 шақырым жылдамдықпен шарды қуып келем. Шардың жерден биіктігі 90-110 метрдей. Әл-Фараби мен Розыбакиев көшесі қиылысына келгенде шар бірден бағытын өзгертіп, Әл-Фараби даңғылы-нан 300 метрдей төмен, Розыба­киев көшесі бойындағы екі тоғыз қабат үйдің ортасынан өтті де, Әл-Фарабиге қарай бұрылды. Сөйтіп ілгері кетіп, Навои көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылын қиып өтіп, сол қанатыма шықты. Шармен қатарласа Әл-Фараби даңғылы бойымен жарысып ке-лемін. Шар жылдамдығын күшейтіп, бұрынғы Фрунзе көшесі қиылысына барғанда мүлдем озып, аспанға биіктеп, алысқа кетіп бара жатты. Мен Фрунзе көшесі бойында тұрмын. Шар көрінбеген соң "Орбита" мөлтек ауданы арқылы үйіме келдім. Бұл құбылыс сағат 18.15-те басталып, 10-15 минутта аяқталып еді. Мен жол-жөнекей жолда түрған жол сақшыларынан және жүргінші халықтан сұрасам, бәрі де, ондай шарды көрмедік дейді. Бұл қалай? Мен жалғыз емеспін. Машинадағылардың бәрі көріп келеді. Ұзақ ойландым. Шешімін таба алмадым. Кез-келгенге айта беру ыңғай-сыздау. Не болса да осы шар ма, басқа ма, анықтайын деп келесі күні кешегі уақытта тағы да Әл-Фараби даңғылы бойына, жұбайым мен қыздарым Гүлзат, Гүлшат және Нұршатты алып, машинаға отырғызып жолға шықтым.

Кешегі құбылыс дәл солай қайталанды. Айырмасы сол, Фрунзе көшесі қиылысында кеше ұзап кеткен шар, енді Фрунзе көшесі бойымен оңға бұрылып, біраз жүріп Мұстафин көшесіне жеткенде тары оңға бұрылып, "Байқоңыр" кино театрына жете бергенде Гүлзат: "Папа, шар машинаға жақындап қалды, бізді алып кетпей ме?" деп қатты айғайлап жіберді. Құдірет-ай, шар дәл машина төбесіне төніп келіп, 30-40 метр биіктікте қалықтап тұр. Мен машинадан шықпай, машина есіктері әйнектерін жауып, шарға қарап тұрмын. "Жигули" алға қарай жылжымай койды. Шар тап төбемізде. Қып-кызыл от лаулап түр, қарауға көзің шағылысады. Күн де ұясына батуға жақындап барады. Бір уақытта шар орнынан қозғалып, бізден оза сол жақтағы "Байқоңыр" кинотеатрына қарама-қарсы қатар тұрған екі бес қабат үй ортасына еніп ақырын ғана төмендей бере жерге он метрдей калғанда тез құлдилап барып жерге сіңіп кеткендей болды. Біз, "Алла сақтай көр", - деп үйге қайттық. Кейінде осыған ұқсас жағдайлар қайталанды. Бірақ ол кезде оған баға беруге мен ғана емес, ұлы ғалымдар да дәрменсіз еді.

Осындай өзге планеталардан келгендерден әбден зықы болған Америкада олардың шабуылынан адамдарды қорғайтын сактандыру компаниясы құрылып, он мыңдаған адамға сақтандыру полисін де беріпті.

Жер бетіне әртүрлі планетаның келушілері алдын ала жерге хабар беріп, қонақ болатын жеріне "рұқсат" сұрамайтынын ескерсек, жерден басқаруға болмайтын, кейде көзге нүктелі сәуле болып көрініп, артынан кішкентай бейнеден бастап, алып ұшқыш тәрелкеге немесе корабльге айналатын жойқын күштен адамды қалай құтқару керек? Осының зарда-бын көргеніне елу жылдан астам американдықтардың өзі екенін ескерсек, бұл да әлемдік үстемдікке Американы итермелеген "құпия саясаттың ұшқыны" емес пе екен?

Американың байлары сияқты өзі басқа планеталықтарға ұрланған Ұлы-британиялық Джозеф Карпентер деген өз елінің кауіпсіздігі үшін бір миллион фунт стерлинг бөліп те койыпты. Қаншалық ақша шығарса да олар басқа планеталықтарды қорқыта да және сатып та алмасы анық. Бұл да бір Алланың құдіретімен арнайы болып жаткан тексерулер ме, оны да ойластырған жөн.

Жер бетіне адамзаттың ұрпағы жаралғалы бері бір-бірін жаулап, кейде алдап, кейде достасып, арпалысумен өмірін өткізіп келеді.

Біздің сонау сексенінші жылдардың ортасынан, ал 1947 жылғы шілдеден американдықтардың зәресін алып келе жатқан беймәлім ұшқыш табақшалар мен корабльдер, шарлар т.б. бейнелерді жасанды, өтірік деушілер де шыға бастады. Егер рас болса, ресейлік физик Полуян ешқандай өзге планетадан келушілер жоқ депті.

Полуянның айтуынша әлемді жарты ғасыр бойы алдап келген Пен­тагон екен. Пентагон арнайы ұшқыш машиналарды ұшырып қойып, құпиясын сақтау үшін қайдағы бір ұшпалы табакшалар туралы әдейі "жалған" хабар таратыпты-мыс.

Бұл тұжырымын физик Полуян Ресейдің авиациясының атасы Жу-ковскийдің: "Ауаның кез келген жерінде тірек бар", - деген қағидасына сүйеніп айтыпты. Сонда Полуянға дейінгі Ай бетінде көрінген Американың бес бомбалаушы ұшағы барын дөлелдеген ресейлік ғалым С.Макеев пен американдық ғалым Лудин жаңылысты ма? Жоқ, 1948 жылы "сорғыш" корабль торынан әрең құтылған ресейлік ұшқыш П.Гуренков өтірік айтты ма?

Жылдар жылжыған сайын ғылымда да "жаңа саясаткерлер" шығып, өз атын тарих бетінде қалдырғысы келеді. Полуян соған ұқсас сияқты.

Дегенмен, Полуян да өз теориясын былай дәлелдейді: "Ауаны тірек етудің әр түрлі әдісі бар. Авиацияда – аэродинамикалық көтергіш күшті қолданса, екінші бір әдіс – ортаны бірден серпу", – дейді.

Оның тұжырымы бойынша осы екінші әдісті беймәлім ұшу аппаратына қолданады. "Мұндай ұшқыш табақшаны (БҰТ-НЛО) жасау кез-келген модельші-конструктордың қолынан келеді", – депті Полуян мырза.

Полуян: "Ұшқыш аппарат ретінде "табақша" тиімді емес, ол ауыр жүкті алып жүре алмайды. Бортынан оқ атуға болмайды. Оның корпусы жұқа металдан болғандықтан, "табақшалар" 1940-1950 жылдары апатқа көп ұшыраған", – дейді. Шын ба, өтірік пе? Олардың аппараты мен экипажда-ры өте күшті тербеліске және жоғары жиілікті электро-магнитті өріске шыдамайды. Сондықтан да, экипажға қорғаушы костюм кигізеді. Елдің өзге планеталықтарды көрдік дегені сол экипажға кигізген скафандрға қарап айтқаны дей келе Полуян мырза мұндай аппараттар кеңес елінде де 60-жылдардың соңында пайда болғанын хабар-лайды. Ал әлемдік уфологтарға, казақ елінің уфологтары мен аспан әлемін зерттеуші ғалымдары не қосар екен?

Ресейлік физик Армиян Полуян айтты деп, БҰТ жоқ деуден аулақпыз. Шындықтың ішінде де өтірік бары рас. БҰТ-нің қызметін Пентагон шпиондыққа пайдалануы да мүмкін. Егер оны игере алса. Ол өз елінде БҰТ-нің көшірмесін жасаған да болар. Бірақ, ол нағыз БҰТ-нің нақ өзі болса, онда Америка тыныш жатпас еді. Онсыз да халқының төрттен бірі бөтен планета халқы канын алғандар неге тыныш жатар екен?

Жаңалық бар жерде қызғаныш, бүркемелеу және үлкен "саясат" бар. Естеріңізде болар, жаңылмасам сексенінші жылдың ортасында "Жұлдыз" журналына алматылық ғалым-жазушы Ғаббасов Советқан "Филиппиндік хиллер" (пышақсыз қолмен операция) жөнінде мақала жазды. Бұл мақала-ны бірінен-бірі көшіріп басқан газеттер пен журналдар саны да көп болды. Медицина ғылымының кандидаты, Алматыдағы Сызғанов атындағы жүрек ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері, жазушы Совет-қан Ғаббасов сол жылы Қазақстанның мәдениет-өнер кызметкерлер құра-мында Филиппин еліне барады. Ол кезде заң қатал, әр адам бақылаушы жанында жүргенін біле бермейтін. Әсіресе, аз ұлттарға, оның ішінде кдзақ азаматтарына шет елге барып келу қиын болатын. Сәкең сол жолы әлгі елде кездескен шет елдік өз қандасымызды да "шпион" деп қастарына жолатпағанын жазды.

Біздің елдің делегациясы Филиппин елінде адамның ішкі және сыртқы ағзаларындағы әр түрлі операциялық көмек кажет ететін ауруларды пышақсыз қолмен-ақ операция жасап, дертті сылып немесе алып тастайтындарға жолығады. Алғаш бұлармен ашық сөйлесу киындау болса, концерт кезінде ән айтатын бас әнші, Қазақ ССР-інің халық әртісі Бақыт Әшімованың тамағы бітіп, ән айтуға, сахна төріне шығуға жарамастай болады. Осы кезде біздің қазақ елі делегаттары нар тәуекелге бас тігіп, филиппиндік бойлары аласа екі "хиллерді" қонақ үйге ертіп әкеледі.

Өз бөлмесінде Бақыт Әшімоваға филиппиндік "хиллер" көзбе-көз опе-рацияны қолы арқылы жасап, тамағынан бір аппақ талшықты алып, колы-на береді. Операция кезінде тамақтан қан ағады. Операция біткен соң әлгі филиппиндік оташы колымен әртісіміздің тамағын бір сипап өткенде, тамағының сыртқы терісі тыртықсыз жабылып қалады. Тамағы бітіп, ән айтуға жарамай тұрған әнші бұл операциядан кейін Филиппин елінің сахнасына шығып, қазақ елінің әндерін тамылжыта, мәнерлеп айтады.

Көрген жаңалықтан кім құр қалсын?! Осы делегация әртістері жетекшісінің мұрны қыпқкызыл болып жүреді екен. Бұл азаматтың да мұрнына филипиндік "хиллер" өз бөлмесінде жерлестері көзінше опе­рация жасап, бір ұзын өте жіңішке ақ талшықты алып тастайды. Сол минуттен бастап әлгінің мұрнының қызарғаны мүлде жоғалады.

С.Ғаббасов бәрін көріп тұрып, ғалым ретінде баға беріп, жазушы ретін-де халқына филиппиндік "хиллердің" құпиясын осылай жеткізгенімен, оның арты үлкен бітпес дауға айналып, Ғабеңнің жазғандары бәрі өтірік, ол сенуге болмайтын "Гипноздық сиқыр" деп мәскеулік көптеген атақты ғалымдар өз аттарынан С.Ғаббасов мақаласына қарсы мақалалар жазды. Бұның арты жамандыққа айналып, С.Ғаббасовты жұмыс орнынан "астыр-тын келісіммен" қуғызды да.

Сөйтіп, "Филиппин хиллерін" үгіттеген ғалым-жазушы осындай траге-дияның құрбаны болды. Оны бірге барып "хиллерден" көмек алғандар да қорғай алмады.

Сөйтіп, кейінгі жылы ғалым-жазушының Шығыста туып, Алматыда оқып, жастығын өткізіп, қырықтың қырқасынан асқан соң біраз жылдай Алматыда жұмыссыз жүріп, жасы орта жасқа алқымдағанда атыраулық Балықшы ауданы азаматтарының шақыруымен өзінің "Емдеу-сауықтыру орталығын" ашып, ғылыми жұмысымен қатар жазушылық өнерін де жалғастырып жатқан жайы бар ағайын.

Басқа планеталықтарға С.Ғаббасовтың "Филиппин хиллері" жөніндегі мақаласының нендей қатысы бар деу де заңды. Оған менің нақты дәлдік жауабым біреу ғана. Мен 1993 жылы казан айында қазақстандық делегаттармен бірге Қырымның Гурзуф қаласында өткен (2.10-9.10) бүкіл әлемдік дәстүрлі емес медицина конгресіне қатыстым. Сол конгресте бір құпия бейнефильмді сатып алдым. Бұнда жетпісінші жылдардан бері әлемдегі халық емі мықты-ларының жұмыстары түсірілген екен.

Дәл осы бейнефильмде филиппиндік хиллердің және басқа да елдердің хиллерлерінің, пышақсыз денеге опера-циясы көрсетіледі. Бұл фильмді кейін қазақтың теледидары да көрсетті. Сондағы таңқалғаным орыстың кейбір емшілерінің пышақсыз операцияны жетпісінші жылдың басында-ақ меңгеріп, сыртқы денеге колдың бармағымен операция жасауды үйрен-гендігі еді. Өзім білейін, басқа білмесінге ұқсайды бұл.

Ал мен тоқсаныншы жылдардың басында Мәскеуде елшілер мектебінде де оқып жүргенде олардың көп құпияны жасырып, басқаның жақсы жетіс-тіктерін жазып алатынын сезген едім. Қысқасы, орыс халқы қырық жыл қырғын болса да өзінің құпиялы киелі өнерлерін жоғалтқан емес. Тек қана аттарын өзгертіп алып, киелі жандардың барлық қасиетін зерттеп келді. Ал бізде әлі "халық емшісі" деген атаудан аспауда. Осы еңбектің жазылу себебі де, адам бойындағы ерекше киелік қасиетке толық анықтама беру болмақ.

Әрбір дамушы ел өзінің ғылыми дәлдігіне жеткенше, басқаның жетістігін жоққа шығарады. Бұны біз ресейлік физик Полуянның анықтамасынан көре аламыз. Десе де Полуянның шырылдауының азды-көпті шын жағы да болуы ғажап.

Қазір кім-кімді алдамай жатыр. Өз еліміздегі кейбір журналистеріміз әлде біреудің кітабына еліктеп баспа бетінде мақала жазса, енді бір ғылы-ми дәлелі жоқ, аруақ қысқанның сөзін қуаттап, 1998 жылдың 8 тамызында "ақырзаман" болады деп, жар салды. (Зинат Жалаир мен Заида). Алладан жақсылық тілеген халықтың үміт-тілегі орындалады. "Ақырзаманшылдар" арманына жетпеді. Осылар сиякты, Америка т.б. елдер ғалымдарының ішінде де "ақырзаман" туғызатындары жоқ дей алмаймыз. "Өзің білме – білгеннің сөзін алма" дегенді айтқан мың жасаған Лұқпан Хакім қандай данышпан болған. Лұқпан Хакім осылардай қолдан "құдай", "ақырзаман", "әулие" т.б. ойлап тапқандарға сенімсіздер мен сауатсыздарға арнаған екен ғой.

Әлемдегі БҰТ мәселесін кейбір ғалымдар жоққа шығарады деп, тіршілік заңы оған бағына алмайды. Тіршілік бар да, кейде жоқ та нәрсе. Ал біз әңгіме етіп отырған ғажайып құбылыстардың иесі – БҰТ-тар болса, біз әлі білмейтін күшті аппараттар көмегімен де көре алмайтын өмірі естімеген де планеталардың тұрғындары. Оларда махаббат жоқ, отбасы жоқ болғанымен, әр планетада өмір сүретін ұлтсыз, русыз бүтін бір мемлекет екені рас.

Бірақ миллиондаған планеталардың планета аралық шекарасы ғарыш-тық санасының өсу дәрежесіне қарай бір-біріне үстемдік ете алады.

Бұларда да бақылау, басқару, бұйыру, тез әрі асықпай орындататын орындар бар сияқты. Бұны көптен бері жеке бақылауымда байқап келемін. Бірақ бұл нақты деп айтудан аулақпын.

Жер планетасы БҰТ үшін өте қолайлы нүкте, жерде барлық тіршілік көзі барын біледі. Олар да жерден қорек алып жанын жадыратып күш жинайды. Жер олардың құпиялы аппараттары үшін өз планетасындағы өте жоғары хабаршы орын мен нөлдік (заземление) нүкте болып келеді. Олар жерден зарядталып энергия жинайды. Жердің кейбір энергия көздерін өзінің "сорғыш" корабльдері арқылы сорып алып (асыл тастар мен басқа энергияның табиғи көздері), өз планеталарына апаруы мүмкін.

Жер шарындағы ғалымдарға ғана емес, қарапайым халыққа да тұрақты көрініп, әрі байланысқа шығып, кейде оларды өз кеңістігіне алып кетіп жүрген алып корабль де, ұшқыш тәрелке де, дөңгелек немесе сопақша шарлар да, әртүрлі түлғаға енетін таяқшалар да, кішкентай жарық болып келіп баска бейнеге немесе алып денеге айналатын сәулелер де, кейде әртүрлі дыбыс шығаратын белгісіздер де, т.б.-лар да тіршіліктің кеңістігінде бар нәрселер екені анық.

Егер сіз болжаушы-жұлдызшы Мишель де Нострадамус жөніндегі бейнефильмді көрсеңіз Мишельдің алдында кәдімгі кинодағыдай өтіп жатқан қырғын соғысты да, Гитлерді де, Сталинді де және ең соңында Саддам Хусеинді де т.б. құбылыстар да нақ көрсетіледі. Әрине, Мишель бұл құбылыспен бірден байланыска шыққан жоқ. Оның құдірет күші арқылы басқа планеталықтармен байланысқа шығып тұрды. Ана біздің БҰТ-мен байланысушы адамдарымыз да осындай. Өзіне-өзі ие бола алмайтын жағ-дайға ұшырап қатынасқа шыққан. Егер американдықтардың шынымен төрттен бірі басқа планеталықтар болса, мына аппараттарды солар жасаса, әлі ешкім мұның сырын білмей тұрғанда, яғни баяғыда-ақ жер бетіндегі мемлекеттерді басып алған болар еді.

Мынадай бір шындықты айтпасқа болмайды. XV ғасырда жазылған ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабында: "Алла адамзатын үш қатар етіп жаратқан. Гүршік-те (планеталар болуы керек) үстіңгі адамдар бар, олардың белгісі бунама-ны кеңірдегінен буынады. Біз ортадағы адамдармыз, бунаманы ортадан буынамыз. Төмеңгі адамдар Саһапты (жер жыныстары аралығы сияқты) мекендеген, олар бунаманы балтырынан буынады", - дейді (46-бет, "Жалын" журналы, 1996).

Бұл мәліметті баба қайдан алды! Мүмкін, ведалық ілімдерден немесе біз әлі білмейтін, тек қана атын естіген Алланың он сегіз мың ғаламның тағдыры туралы жазылған " Лаухы Махфузын" тауып оқыды ма, әйтеуір Өтейбойдақ баба бір шындықа сүйенгені рас. Тағы да баба үстіңгі адам-дарды "темір қазықты", ортада – біз, ал төменгі адамдарды "алтын қазықты" – деп атайды деуінде де бір ғылыми әрі діни негіз бар. Мүмкін жер астындағы барлық байлықтың "алтын қорының" иесі сол "алтын қазық" адамдары шығар? Ойланарлық мәселе! Ал аспанда жер койнауындағыдай байлық бар ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Өз уағында отыз жыл зерттеп, еңбектеніп жазған Шәкәрім Құдай-бердіұлының "Үш анық" кітабындағы спиритизм, телепатия және магне-тизм әдістерін бізге білімпаздар өтірік деп мойындатса, ол бүгін шындыққа айналды.

Әлдебіреулер көп айтуға жалықпайтын бейтаныс ұщқыш бейнелер басқа планеталықтар емес дегенінің ғылыми әрі діни шындықпен жанас-пайтынын білген жөн.

Алла тағала біз оқи алмайтын, Ғайыптың сыры жазылған кітабы "Лаухы Махфузын", өз бұйрығымен періштелерге жаздырған. Ал қасиетті Құран Кәрімді де Жәбірейіл періште келіп, пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.-ға жаздырғанын ескерсек, ана келіп жүрген беймәлім ұшқыштар да Алланың өмірімен келіп жатқан да болар? Оның ішінде ғайыптың сырын жазған авторлар да келіп жүр ме кім білсін? Шошитын ештеңе жоқ. Эволюциялық даму заңы – ол Алланың Өмір заңы. Оны жасайтын да, өзгертетін де бір Алла.

Бұған дәлел Алланың Құран Кәріміндегі: "Әуелде көк пен жер біртұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық", – деді. (Әнбия сүресі, 30 аят). Осы-дан-ақ, көк пен жердің ортасындағы кезбелердің кім арқылы жіберілгенін аңғарамыз. Алланың кітабы "Лаухы Махфузы" кімге арналған? Мүмкін, ана БҰТ-ды басқарушыларға арналды ма? Себебі, БҰТ-лар арнайы және кодтық жүйеден басқа жалпы кодтық жүйе басқаруы бойынша жұмыс істейді. Өзгертеді. Түрленеді. Тұлғаланады.

Адамда бұндай қасиет жоқ. Ол бір Алланың өмірінсіз ешқандай тұлға бола алмайды. Қалай жаралып, өсіп, ақыры күні біткенше, сол тұлғасын сақтайды. Қысқасы адам өзіне-өзі кожа. Өзінің миы арқылы барлық ойын жүзеге асыра береді. Сондықтан БҰТ-де адам сияқты басқару құқы да, кабілеті де жоқ болғандықтан, олар жер бетіне келіп қәзір билік етуге, өмір сүруге ертерек. Беймәлім ұшқыш тәрелкелер мен басқа бейнелердің планетадағы жаңа өмір мен жаңа тіршілік иесі екеніне күмән жоқ. Планета өлмейді. Олар мәңгілік өмір иесі болғандықтан БҰТ-лер келуін тоқтатпайды да.

Белгісіз әртүрлі планеталардың жерге жіберілген беймәлім "қонақ-тары" өте Жоғары басқарушы орынның кодтық жүйесінің бақылауымен жоспарлы жұмыстары біткен соң өз орбитасына бұйрық бойынша орала-ды. Олар адамдармен тұрақты байланыс жасай алмайды. Олардың ойлау жүйесі автоматты кодтық басқару жүйесіне косылған. Қысқасы оларда "Құдай заңы" бұлжытпай орындалады. Онда біздегідей жеке-жеке мемле-кеттік заң жок. Мүмкін, жасына қарай үлкен-кішіге бөлу ғана, ер немесе әйел тұлғасына айналдыру ғана принциптік заңдылык болуы мүмкін.

Алла тағала барша ғаламды белгілі бір тізбекті, сатылы тәртіппен жаратқан. Сондықтан да, адамның жаны мен тәні де осы заңдылыққа сай дамып, ойлау қабілетін өсіріп отырады. Осының бір дәлелі мына құпиялы БҰТ-ді әр түрлі жағдайға қарай жер бетіне жіберуі дейміз.

Қорыта келгенде, бөтен беймәлім ұшқыш тәрелкелердің табиғатта бар құбылыс екенін, Құранның мына тұжырымы бойынша Алланың: "Құран-ның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін, біз оларға жер-көкті, тіпті өз бастарындағы ғаламаттарды (белгілерді) көрсете береміз", – дегені осы дәуірімізге дәл келіп тұрғанын көргендейміз ("Фуссилат" сүресі, 41-53 аяттар). Ұлттық ерекшелік пен аймақтық өзгешелікті ескерген, ғалымдарымыздың да бөтен планеталықтар жөніндегі жаңадан ғылыми көзқа-растары туады деген сенімділікке ие болар мезгіл алыс емес.