ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

16

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Солтүстік Американың үндістері өзі жек көретін немесе қастандық жасағысы келетін адамның бейнесін топырақ бетіне немесе құмға сызып, сол бейненің әр жерінен пышақтаса немесе бізбен тессе, таяқпен ұрса сол адамға зиян келеді деп жорамалдаған. Немесе қуыршақ жасап алып, оны өзі қастандық ететін адам деп оқпен атады, жанына бататындай етіп жаралайды, немесе өртеп жібереді де, артынан әлгі адамға арнап қарғыс дұғасын окитын болған. Бұның бәрі аралықтан телепатиялық байланыс, бағыттау және кері тартып алу әдісі арқылы іске асырылады. Адамның миының жаңа клеткалары оянып, бүгінгі банктердің компьютерлері есебіндегі есепшоттардан ойлау арқылы олардың жасырын жабық банктік кодтарын тауып, сол арқылы банк есебіндегі ақшаны мүдделі банктерге білдірмей алып, кеңістіктік электромагнитті толқын арқылы ойын жүзеге асыратын осы заманғы "хаккерлер" мәдениетті "техникалық қарақшыларға" жатады. Бұлар әлемдік техника дамығанда пайда болды.

Қазақтың да ғалымдары ішінен ғайып өнерін дін жолы арқылы зерттеп, өз көрермені алдында дәлелдеген академик марқұм Ақжан Әл-Машани туралы Жамбыл облысы, Байұзақ ауданы орталығында тұратын, бірнеше діни-рухани кітап авторы, рухани-ұстаз ағамыз Әл-Бестереки Әмір-бек Есенбайтегі былай дейді: "Мен бірнеше рет ғалым ағамыз Ақжанның дін жөніндегі лекциясын тыңдадым, әрі жақсы қатынаста болдық. Менің шежіре мен діни кітаптар жазуыма осы Ақжан аға көмек етті. Кітаптарыма пікір де жазды, - дей келе, - мен бір күні Ақжан ағаның мынандай ғаламатты білетін жан екеніне куә болдым. Ол кісі бір алтын жүзікті үйдің бір жеріне тықкызып қойды. Бәріміз куәмыз. Ол кісі бір қоразға бір тәулікке жуық дұға оқыды. О, құдірет, тауық дұға оқылып біткенде жан таппай "қоқактап" жүріп тығып қойған алтын жүзіктің тыққан орнын шұқылап, заттарды аударып үлкен азаппен тығулы алтын жүзікті, алып Ақжан ағаның алдына тастады", - деп Әмір-бек қария сөзін аяқтады. Академик, марқұм Ақжан әл-Машани дін жолы арқылы ғылымның да ашылмаған сиқырлы сырын (жақсылық кой) ашқанын біз оның "Әл-Фараби және Абай" атты еңбегінен айқын көре аламыз.

Ғайып ілімі тек қана жамандыққа бағытталған деу осы сала бойынша зерттеушілердің кейбірінің талантына шектеу қойғандық болады. Ғажап өнерді меңгергендер тек қана, жаксылық жаққа пайдаланып, адалдығымыздың айнасындай жарқырай берсін демекпіз.

Ертеде ертегі сияқты, бертінде елес болған зерттелмей жүрген бір ерек­ше қасиетке ие адамдар бұрын да және бүгін де ортамызда өмір сүргеніне куә болудамыз. Ертеде жас бала ма жігіт пе, аяқ астынан жоғалып, айлар мен жылдар өткізіп келгенде бір ғайып иесі болып оралған. Алматы облысы, Кеген ауданы Жалаңаш ауылының тұрғыны Мауқыбас деген бала кезінде жоғалып, бір жылдан соң еліне оралған. Ол Жалаңаштың Келсей тауындағы бір үңгірде перілермен болғанын оны пері оқуына оқытқанын айтқан. Үлкен тәуіп, көріпкел болған. Ол жаяу кезбелік жасаған. Уәделесіп баратын жеріне машина мен аты барлардан бұрын жеткен. Оның сыры беймәлім. 50-ші жылдардың ішінде қайтыс болады.

Осы облыстың Жамбыл ауданы, Тулақсай ауылында жоғалған Темірбек 13 жылдан соң оралған. Оның миының қабілеті сол кеткен кездегі балалық сезімінде қалған. Өзінің ата-ана, бауырлары мен замандастарын көргенде шошып кеткен. Темірбек те бір каңылтырға отырып, аспанда ұшып жүргенін, ол өзі үшін аз ғана уакыт сияқты болғанын айткан. Өзін елден оқшау ұстап, көп сөйлемей, емшілікпен, сәуегейлікпен шұғылданған. Темірбек те жол сапарында Мауқыбастыкін қайталаған. Ол да бір рет атпен өзі тұратын жерінен Алматыға машинамен кетіп бара жатқан інілеріне кездеседі ("Арай" журналы. №1, 1998). Машиналылар Алматының "Заря-Восток" елді мекеніне жетсе Темірбек көлігімен жанай өтеді. Баяғы туысы әдейілеп тағы да Темірбекке сәлем береді. Сонда Темірбек тұрып: "Е, жаңа ғана сәлем беріп едің, тағы сәлем бергенің артықтық етпейді", - деп жүріп кетеді. Әлгілердің басы айналып тұрып калады. Темірбек 60-шы жылдары қайтыс болса керек. Ал енді мұндай ғажап құбылыстарды қазақ елінің әр аймағынан кездестіруге болады. Ең бастысы, осындай адамдардың "Пері-нің оқуын оқыдық" деуі таңқалдырады. Сонда біздің көзімізге көрінбейтін, бірақ Құранда аты бар жын-пері деген не?

ПЕРІ де адам бейнесіне еніп, адамдармен еркін қатынасқа түсе ала­ды. Көбінесе, қыз, сүлу әйел тұлғасында жас жігіттерді айналдырып, ішек-сілесін қатырып, іңкәрін аудыртып, неше түрлі қуанышка бөлеп, олармен ойнап-күліп жан рахатына бөлеп, ұйықтатқан соң өзінің сиқырлық тәсілі арқылы із-түзін білдірмей жоқ болатын өмірде бар көзге көрінбейтін бір тұлға.

Перілердің еркек, ұрғашысы да болады. Олар өздеріне ыңғайлы тау мен шатқалдардағы үңгірлерде, иесіз қыстаулар мен бұрын бұзылған лас орын-дарда болуы ықтимал. Пері ұзақ сапарға да шығады. Оның тоқтаған жер-лерінде (бұлақ, ағаш, т.б.) бірлі-жарымы қалып қалуы немесе өзінің теріс энергиясын қалдыруы да ғажаптың ғажабы. Қысқасы, пері салқыны тиген-дер мен перінің торына түскендердің көбінің есі ауысады. Есалаң болады. Өліп те кетуі мүмкін. Бұл құбылыс перінің қуатты кері дұғасының сиқыры болып табылады. Ал енді сиқырдың кейбір түрін туғызатын "Шығыс құпиялары дұғалары" кітабында былай дәлелдейді.

Елу түрлі құпиялы қасиетке ие "Кимайи саадат" дұғасының бір қасиетінде былай: "Сіз дию мен періні өзіңізге бағындырғыңыз келсе, таза шомылып (дәрет алып), бесін мен намаздыгер арасында адам аяғы баспаған, ит дауысы естілмейтін далаға жеке барып, болат пышақ пен екі жарым үш шаршы метр жерді дөңгелете сызып ал дейді. Сызықтың ішіне жайласып отырып, пышақты алдыға қадап қоюы керек екен. Құнұт, Ықылас, Фалах, Нас сүрелерін бір рет, Аятүл-Күрсі сүресін жеті рет оқып, артынан "Кимайи саадатты" оқи берсең, сол кезде жеті түрде ғаламат көрінеді" дейді.

1.   БІРІНШІ ҒАЛАМАТ: сұлу жүзді адам алдыңа келіп сәлем береді. Ол саған: - Иә, Құдайдың Жаратушы пендесі, сенің бұл дұғаны оқуыңа не себеп бодды?!, - дейді. Сенің денең секем алмауы қажет. Үн қатпа, егер денең се­кем алса, жүрегің дір етсе ол жын мен пері сені ұрып, жынды етіп кетеді.

2.   ЕКІНШІ ҒАЛАМАТ: Шошқа бейнелі үлкен жануар сызық сырты-нан айбат шегеді. Сен секем алмай дұғаны оқи бер.

3.   ҮІШНІШ ҒАЛАМАТ: Сексен тісті, қырық көзді бір құбыжық келіп айбат шегеді. Секем алмай, дұғаңды оқи бер.

4.   ТӨРТІНШІ ҒАЛАМАТ: Жолбарыс болып келеді. Одан да қорық-пай дұғаңды оқи бер.

5.   БЕСІНШІ ҒАЛАМАТ: Төңірегіңе от түседі. Жер дүние лаулап жана бастайды. Сен ғана от ортасында қаласың. Тағы да қорықпай дұғаңды оқы.

6.   АЛТЫНШЫ ҒАЛАМАТ: Жел тұрып дауыл соғады. Жаңбыр жауа-ды. Сол кезде бір әтеш пайда болады. Жолбарыс басты, аяғы түйеге ұқсас келеді. Аяғын басыңа қояды. Аузынан от төгіледі. Жер қатты дірілдейді. Осы ғаламат-тарға төзіп, дұғаны селк етпей оқи бер.

7.   ЖЕТІНШІ ҒАЛАМАТ: Соңында есепсіз көп әскер пайда болады. Сіздің сызықты коршап алады. Солардың патшасы саған келіп сәлем береді. Сен сәлем бермей дұғаңды оқи бер. Сонда оның патшасы: - Иә, Алланың пендесі, не нәрсе қажет болды? Мен орындаймын, - дейді. Сонда сен: - "Менің керегім көп", - деп ойыңдағыны айтасың.

Міне, бұл ғайып ілімі бойынша жасалатын құпиялы сиқырлық шешім. Мұны кез келген адам емес, ғұлама дін және ғылым адамдары өзінің Ұлы ұстазы бақылауында орындай алуы мүмкін. Егер ол адам жүректі, пиғылы таза және қаратүнек жер астында жартылай аш болып, қажетті дұғаларды қайталауымен окып, қырық күн шыдап, оның ақырғы үрейлі үш күнінде шыдаса ғана жүзеге асыра алады. Шыдамаса жынды болып кетері анық.

Мүндай ғайып сырларын ертеде алғаш діни ғұламалар, одан соң ғалымдар бірлесе жүзеге асырғаны мәлім болып отыр. Осындай шыдамдылық арқасында періштелермен кездесіп, пері, дию және жындарды байлап өзіне қызмет еткізгендер де ертеде болыпты. Егер олардан қалған жазбалар, кітапшалар кейбір "арамдар" колына түссе оның сиқыршылық істеріне қолданбасына ешкім кепілдік ете алмайды.

Қысқасы, ғайьш тілін білген бабаларымыз о дүниеге сегіз есік арқылы енбей-ақ, ғарышқа ұшпай-ақ, өз құдіреттерін жер бетінде отырып-ақ дәлелдегені мына дұғаның ғаламаттарынан-ақ көрініп тұр. Қысқасы, мұсыл-ман елінің тума және ғайьш иелері таза жолда жұмыс істеген сол үшін де басқа діндегілер сияқты ғарышқа ұшпай-ақ нақты дәлелдейді. Мәселен, XVII ғасырда қасиетті Сыр бойында Қоқан хандығын басып алған қалмақтарға қарсы 200 қол әскерімен қалай қарсы шығамын деп Жанғожа батыр Марал Ишан әулиеге келеді. Сонда Марал Ишан әулие бір дұғасын оқып, Жанғожа батырға бара бер деп өзі қалып калады. Жанғожа батыр тайсалмастан барып, 2000 қолды әскері бар қалмақтарды тырп еткізбей басып алады. Кейін қалмақтар айтыпты: "Бізге келе жатқан әскерлер бірнеше мың болып және бойлары 2 метрден де ұзын болып көрінді. Біз оқ шығарудан қорқып тьшыштықпен берілдік", - деген екен.

Тағы да Марал Ишан әулие кезінде елде осы замандағы сияқты "жасанды әулие Алланың елшісі т.б." қаптап кетеді. Ауыл азаматтарын әбден шаршатады. Ел азаматтары қырық түйе сексеуілді алғызып, оны шеңбер етіп жайып, оның ішіне Марал Ишан әулиені және ана "әулиелерді" жинап отырғызып сырттарынан өрт қояды. Өрт басталғанда әулие-лер қашып шығады. Марал Ишан әулие от ішінде қалады. От толық жанып бітеді. Марал Ишан орнында отыр. Бір уақытта орнынан тұрады. Елге қарай жүреді. Ешқандай жерін от шалмаған. Тек қана шекпенінің бір жақ етегі кішкене сарғайыпты. Бұл сарғыш сөйтсе жас баланың дәреті тиген жер екен. Содан бастап халық жасанды "әулие"; т.б.-дан құтылған екен.

Марал Ишан бабаның әруағы тіріліп жер бетіне келсе, осы заманғы "Құдаймын", "Алланың елшісімін", "әулиемін", "Алып, үлкен т.б. анамын" және "Қасиеттімін" дегендер мен осылардың үгітшілері қазақ елін тастап қашар еді. Бұларға да осындай сынақ жасайтын уақыт баяғыда жетпеп пе еді, ағайын. Ғайып ілімі атынан қорқуға болмайды. Бұл да таңғажайып құбылыстарға жатады. Оны зерттеу кажет. Себебі, ғайып тілін білген, өз ұлтын жаудан сақтап дін мен ғылым саласы құпиясын аныктаған Баба түкті Шашты Әзіз бен Марал Ишан әулие сияқты және де таза дінді зерттеуші, оның құпиясының сырын ашушы дін және ғылым адамдары көрсеткен ғаламат құбылыстар талай сырды ішке бүккендей. Ғайыптың ғаламаттарын жасай алатын ғайып ілімінің құпиялы сырын зерттеу болашақ ғасырдың талабы екені білгендігіміз.

 

 

6.5 ҚАРҒЫСТЫҢ ҚАСІРЕТІ

 

Ата-бабамыз "Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді", - деп бекер айтпағанды. Сондықтан да садақтың оғындай болып қадалатын сөздердің жеке адамның өміріне, оның болашағына, бақытына, өсіп-өркендеуіне, ұрпағының аман болуына, сапарының сәтті болуына, денсаулығының жақсы болуына қарсы қатал әсері аз болмаған. Осындай қатерлі қарғысты сөздердің өте қауіптілігін білген халқымыз оның тұқым қуалаушылық жағын да аша білді. Осындай қарғыстың қатерін сезген қарапайым халық "карғыс алма, алғыс ал" деп ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан даналық пәлсафалық сөзін қалдырды. Қарғыс кайдан туады, оны неге кейбіреулер пайдаланады дегенге келсек, біреу екінші біреуді, бір жақыны өз тумасын, бір жанұяда бір-бірін жетіскеннен қарғамайды. Қарғыс айтушы – оны моральдық, материалдық, рухани кемсіту, қорлау, зәбірлеу, келеке ету, кемсіту, алдап-арбау, ауыр зардаптарға ұшырату, басына қауіп-қатер туғызу т.б. әрекеттер зәбірлеуші жақтан әбден шегіне жеткенде айтады.

Қарғыстың себеп-салдары осылай жалғаса отырып, айтылған кері қуатты сөздің әсерлері де әртүрлі болады. Қарғысқа ұшырағандар ішінде адамның қарғысынан басқа, киелі жан-жануар, басқа да тіршілік иелері жағынан қарғыс алғандар аз болмаған. Қазақта "әруақты қорлама" де­ген сөз киелі адамдардың әруағының қауіптілігін ескертеді. Әрбір басқан қадамды дұрыс баспасаң, қалай болса солай жер ананы құрметтемесең, киелі жер ананың да қарғысына ұшырау бар. Құдайдың істе дегенін істемей, шариат заңын бұзу – білсек бұл да Құдайдың қарғысына қалдырып, қаһарына ұшыратпақ.

Бұл әрбір материалдық тіршілік иелерінің біз білмейтін иесі мен киелі киесі барын білдіреді. Ашынған адамның аузынан шыққан өлшемі жоқ зілді сөздер, өте ауыр қуат көзі. Ол адамның негізгі ғарышпен байланыс жасап, қуат алмасатын жеті нұр көзін (Чакрасын) зақымдайды. Осыдан кейін сырттан келетін нұр қуаты адам организміне кажетіне карай мөлшерде жетпегендіктен негізгі және қосымша мүшелердің ағзалары зақымдалады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлаған клеткалардың жағдайы нашарлап, ақыры өмірін жартылай немесе толық тоқтатады. Бұдан кейін емдеуге келмейтін, атын біле алмайтын сырқаттар, бақытсыздықтар қарғыс алған адамды жағалайды. Оның халі күндеп, айлап, жылдап нашарлап, өзі өмірден өтсе де ұрпағына жалғаса береді. "Сынықтан басқаның бәрі жұғады" дегендей сол сырқаттардың ішінде қарғыс ең бірінші ауысатыны әрі жұғатыны.

Қарғыс ащы азаптан, шарасыздықтан, дәрменсіздіктен және жоғарыда айтылған себептерден тумақ. Қарғыстың қауіптілігін капиталистік елдерде ертеден ғылыми негізде зерттеп келеді. Оның әсер күшінің тылсымын білмегенімен, қауіптілігін, үлкен-кіші көлемін, мөлшерін, уақытын және оның әсерінің созылуын анықтап ескертуде.

Бүған дәлел француздың антрополог-ғалымы, доктор Пьер-Поль Дюпре африкалық жабайы бір тайпаның суық қабағына ілігіп, қарғысқа ұшырайды.

Бұл оқиға 1987 жылы болыпты. Арнаулы экспедиция құрамында Кенияға барған ғалым ну Джунглидің ішіндегі бір шағын мекенде зерт­теу жұмысын жүргізеді. Алғаш ғалымдарды ыкылас-пейілімен қарсы алған жабайылар аяқ астынан өзгеріп кетеді. "Осыдан кейін жабайылар біздің бір нәрсемізге күманды болды ма, біздің дереу кетуімізге талап етті", - дейді доктор Дюпре. Доктор Дюпре тайпаның Нгума дейтін ша­маны (бақсысы) "біздің қасиетті ғұрпымызды бұздың деп мені қатты айыптады" – дейді. Одан кейін шаман доктор Дюпреге "бұныңды Құдайлар кешпейді" – депті зілденіп. Доктор Дюпреге бақсы Нгума қарғыс айтқанын ескертіп, өле-өлгеніңше басыңнан сор арылмайды депті. Ғалым өз елі Францияға оралады. Ол үш айдан соң бойының 4 сантиметрге шөккенін байқайды. Одан кейін ғалым шөге-шөге бойы бір жылда 42 сантиметрге кішірейген. Ол шөгуін тоқтатпапты. "Жындануға жақындадым", – депті ғалымның өзі де. Шынында да ғалым психиаторлардың бақылауына алыныпты. Бұл 1994 жылғы жаңалық. Байқұс ғалым казір қандай халде екен?

Қазақта "бірден аспа, екіге жетпе" деген қарғысқа кейбір қазақ рулары ұшыраған дейді. Құдай сақтасын, өсіп-өне берейік. Әйелдердің "ей жүгермек, қыршыныңнан қиыл", "көктей сол", "жер жастан", "жетім кал", "жас ботадай бозда", "өспе, өнбе", "дегеніңе жетпе", "алдың қүз, артың ор болсын", "мені қорласаң, сені құдай қорласын", "екі қолың аузыңа жетпесін, "жағыңа шұбар жылан жұмыртқаласын", "тіл аузың байлансын", "ауру бол" т.б. жаман карғыс сөздері ешкімді оңдырған емес. Қарғайтын адамдар да әртүрлі кері қуатты күшке ие. Жылан мен қарақүрттың уындай сөзінің уы бар, тілінің дәл ортасында қап-қара меңі (қалы) барлар өте қауіпті. Бірден мерт ететін қарғыс. Ашынған ата-ана ғана қарғысын өзін зәбірлеген ұл-қызына, тумасына айтуы мүмкін. Бұған екі жақ та сақ болғаны жөн. Қаншама жастар жолы болмай, бір нәрестеге зар болып, байлығына сол сәбиін сатып ала алмай жүр. Ата-анасын зарлатқан қанша-ма жас қаңғырып ауыр азапты күндер кешуде. Әсіресе, жетім-жесірді аямаған, олардың табысын, мүлкін еріксіз иемден-гендер ең ауыр қарғысқа ұшырайды. Алла зәбірлеушіге көмектеседі. Сақ болыңыз.

Қатігездік жасап бейіттердегі кейбір бағалы заттарды қазу кезінде қыршынынан қиылғандар көптеп кездеседі. Ұрылар "Әруақтың киесі тонаушылардың мойнын қаздың мойнын-дай бұрап, үзіп алады" – деген қоршауындағы жазуына да қарамайды. Египеттегі бейітті тонаушылардың көбі табытты ашысымен табан астындағы жердің опырылып кетуі, төбенің кенеттен құлап түсуі сияқты қауіпті құбылыстардың әсерінен өледі екен. Ал біздегі ұрылардың да бірден өлгені, жынды болғаны, апатка ұшырағаны, каңғып кеткені аз емес. Ол бұрыннан бар құбылыс. Бұл тыныш жатқан әруақ қарғысы. 1941 жылы 16 маусымда Самарқанд Ақсақ Темір мүрдесін ашып, оның рухының қарғысына ұшырап, Кеңес елі немістердің екінші дүниежүзілік соғысты бастауына себеп болды. Өмірдегі катердің барлығы жеке адамның өзінің біреуге, қоғамға Құдай заңына қарсы істеген жамандығынан болады. Қалай? Жеке адамның карғыс алуы ол тұқымдык, аталық, рулық, ұлттық қарғыс пайда болуының себеп-салдары. Қарғыс көбейіп жинала келе, басқа ұлттық қарғыстармен косыла келе үлкен мемлекеттік, коғамдық қарғыстық жүйеге айналады. Бұл адам мен коғам-ның, сол коғамға иегерлік етуші мемлекеттік жүйенің басқарылуын әлсіретіп, оны құлатуға дейін барады. Сондықтан да карғыс қайтаруға жатпайтын, егер қайта қалса қарғыстаушының өзін де, ұрпағын да тып-типыл етуші қара күш.

1922 жылы күзде ағылшын археологы Говард Картер Патшалар ойпатынан фараон Тутанхамонның бейітін табады. 1923 жылы 17 ақпанда Картер өзінің мекемесін қаржыландырушы Карнавонды шақырып, соның көзінше бейітті ашады. Бейіт ішіндегі табыт ішінен әр түрлі заттар мен асыл тастар табылып, екі жақ та карық болады. Одан кейін алты апта өткенде 50 жасар бай Карнавон ауыр дертке шалдығады. Ол байқаусызда қырынып жатып, шықшытын кесіп алады. Осы кескеннің арты өліммен аяқталады. Бұл жүмбақ өлім артынан бейітті қазған тағы бес адам жұмбақ өліммен бірінен соң бірі жылда өледі. Бұл сол бейіті ашылған "фараондар рухының" карғысынан бопты. Карнавон өлгенде Каир қаласында бірнеше күн бойы жарық өздігінен өшіп қалған. Оның аяғы трагедияға жалғасады. Әруақтарды корламайық, арты қауіпті болмақ.

Қазақтар тіл арқылы айтылатын сөздің күштілігін білгендіктен де, "тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады" деуі тілдің ғаламат күш иесі екенін дәлелдейді. Ертеден-ақ қазақ ғалымдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев т.б. орыс ғалымдары Г.Потанин, А.Янушкевич т.б. түрік тектес халықтардың бақсылық өнерін зерттегенде дуалы ауызды, өткір тілді, түр-лі ғаламат жасаушы бақсылардың қарғысы кате жібермейтінін де зертте-ген. Қарғыстың басталуы көне шамандық діннен де бүрын болғанына назар аударады. Бақсының карғысының катты әрі қалт жібермеуіне олар-дың жын, перілері мен басқа да көмекке келетін қастандық рухтары көмек ететін сияқты. Сондықтан да халық бақсыларды бір жағынан емші ретінде құрметтесе, екінші жағынан бойларында қорқыныш туатын күндері де болған.

Көбінесе біреуді-біреу қарғағанын сезсе қарғыс алушы "Қарғысың қара жерге" деп ауыртпашылықты қасиетті жер анаға бағыттаған.

Жер ана жер басып жүрген пендесінің денесіндегі немесе денеге енуге әрекет еткен карғыстың кері қуатын жеткізбей немесе денеден бір құдіреттілікпен сорып алатын болса керек. Өйткені, жер ана адамды ғана емес, жан-жануарды, тіршілік иелерін, техниканың барлық түрін және қондыр-ғыларды өзімен байланыстырушы нөлдік жүйе әрі теріс заряд нүктесі.

Қарғыс жан-жануарларға да, бау-бақша, дән-дақыл сияқты үй тұрмысы қажетіне байланыстыларға да қауіпті. Мәселен, "Малың кырылсын", "малыңа топалаң келсін", "астығың шықпай калсын", "бау-бақшаң ойран болсын" т.б. толып жатқан қарғыс сөздері шынында да өте жойқын зиян әкелген.

Осыған байланысты қарғысты бірнеше түрге бөлуді ғылым да жат көрмейді. Олар: 1. Адамның адамға арнайы бағыттаған қарғысы. 2. Үй және дала жан-жануарларына айтылатын қарғыс. 3. Дәнді-дақыл мен бау-бақшаға айтылатын қарғыс. 4. Жанұяға арналған қарғыс. 5. Рулық қарғыс. 6. Ұлтқа арналған қарғыс. 7. Топтық ұйымға арналған қарғыс. 8. Қоғамға – мемлекетке арналған қарғыс. 9. Құдірет күшіне карсы қарғыс. 10. Жер анаға қарсы кейбір түсінбейтіндердің қарғысы т.с.с.

Осыларды жекелей сараласақ, оның ішінде әсіресе адамға арналған:

а) адамның дене мүшелеріне арналған қарғыстар;

б)     адам ағзаларына кетпейтін ауру тілейтін қарғыстар;

в)     адамның жолына айтылатын қарғыс;

г) адамның ісіне, жұмысына, өркендеуіне қарсы айтылатын қарғыстар;

д)     адамның жеке басының өзіне және ұрпақсыз болуына немесе өспеуіне шек қоятын карғыстар;

     е) адамның мал мүлкіне, басқалай табыс байлығына қарсы карғыстар.

Жоғарыдағы қарғыстардан басқа адамның өзіне қарсы киелі жан-жануарлар мен басқа тіршілік иелерінің де (өсімдік, ағаш, т.б.) қарғысы қауіпті болады. Ж.Аймауытовтың "Ақ білек" романында торғайдың қарғысы келтіріледі:

"Торғай, торгай атым бар,

Бір жапырақ етім бар.

Маған тиген балалар,

Анаң өліп, жетім қал!".

Қандай ауыр қарғыс! Құстардың тағы бір қарғысына душар болған бір адам Бельгияның Остенде қалашығында өз коттеджінде шағалалардың үш күндік тұтқыны болып, үйден шыға алмай қамалады. Төртінші күні келген басқа адамдар әлгіні шағалалардың тобынан құтқарады. Сейтсе қыста коттедж қожайыны шатырдағы шағалалар ұясын бүзып, жұмыртқаларын алып екі апта бұрын далаға лақтырған екен. Соған өшіккен шағалалар туыстарын көмекке шақырып, үй қожайынына қауіп төндірген.

Қытайдың Хайнань аралының оңтүстік бөлігінде биіктігі 30 метр болатын ағаш өседі екен. Ол биіктігі 12-16 метр болғанда өз бойынан өрт шығаратын, мұнайдан кем емес сұйық бөліп шығарады екен. Мүмкін адамның қарғысына ұшыраған ағаш па, әлде ол ағаш та адамнан ана шағалалар сияқты өш алу үшін, өзінен сұйық бөліп, өрт шығаратын шығар. Бұдан ағаш киесінің каһарын көреміз. Ағашты кадірлеген халқымыздың дәстүрін құрметтеген ақын Қашаған Құржіманүлы (1841-1929) былай жырлапты:

"Жүрегіңді жалғауға,

Несіп болған бұл ағаш.

Пайғамбарлар туғанда,

Бесік болған бұл ағаш.

Қараңғыда жарығы,

Шырақ болған бүл ағаш.

Кәріп пенен қасірге,

Қуат болған бүл ағаш",-

деп ағаштың алғысына бөленуге қарғысына қалмауға халқын үндейді. Жоғарыда Тутанхамондардың зиратын (бейітін) ашқанда қарғыс атып, соған қатысқандардың себепсізден өле бергені КА-деген бір тажал иесінің әсерінен болған-мыс. Егер мысырлықтардың философиялық ұғымына сүйенсе, оның мазмұны адамның үш мәнін саяды екен. Олар: Хат неме­се тәндік және ба – жандық. Ал "КА" болса Хат пен "Баның" біріккен мәні екен.

Сондыктан "КА" – ол адамның болмыс бітімінің тірі және тірі тәрізді суреттелген бейнесі,ол әрбір жеке адамды зерделей, ерекшеліктеріне дейін қайталайтын "көшірмесі" екен. КА – ол түсті нұр-шұғыламен қоршалған энергетикалық дене дейді. Ол әуел бастан-ақ адамның жандық және тәндік мәнінің бірлігін қамтамасыз ету үшін жаратылғандықтан, КА – құдіретті күш иесі. Сондықтан КА – мәйіттен тыс шығып кетсе болғаны, көрсоқырға айналып, ырыққа көнбей кетеді. Сондықтан мәйіттерге тиіспей, мәпелеп тыныштандырып, көңілін жәй етуге тырысқан жөн.

Мәйітті опасыздыкпен қазғанда КА-нің бөлініп шығуы өте қауіпті. Бейіттер басында дұға оқу, оның мазарын (кесенесін) жақсылап күту, т.б. әруаққа құрмет, оның КА-сының қабір ішінен шығып кетіп, аса қауіп төндіруінен сақтайды. Тіпті КА-ны жалдамалы "жендет" ретінде пайда-ланатын Мысырлық жәдігөйлер КА-ның жойқын соқыр күшін емін-еркін босатып пайдаланған.

Сондықтан КА-ның сұмдық қорқынышты тажал екенін ертеден білген. Өйткені сиқыршылардың КА-ны өзінің иесінің денесінен бөліп алуы оның қарсыласына ажал әкелумен бірдей еді.

Егер бұған сөздің сиқырлы күшін және пирамида ішінде жатқан (зират, бейіт) марқұмның киесін қоссақ, Перғауын-дар қарғысы оған тыныштық бермегендерді жермен жексен еткені шындық еді. Қысқасы, әруақтарды мазаламау ертеден бар салт-дәстүріміз. Сонда ғана тіріге жол ашылады деп түсінген жөн. Өлгендерді қорлау, өлген соң жамандап ғайбаттау дұрыс емес. Әруақ қарғысынан Алла тағала сақтай жүрсін. Әркім ең алдымен өзінің үш жұртының (Ата, нағашы, қайын) әруағына құрмет етсе, ісі оңалады. Ана жалған "әулиелерге", "Аналарға" және "Төрелерге" сенген-дер бірінші қарғысты өзінің үш жұртының ата баласы әруағынан алары енді анық болғандай?

Қазақ халқы жанды нәрселерден басқа жансыз нәрселердің де карғы-сынан сақтанды. Шашты жерге тастамау әрі баспау, тырнақты таза жерге алып жерге көміп тастау, кырқынан шықпаған нәрестенің қарын шашын лақтырмаған. "Қарын шаштың қарғысы қатты" болады деген.

Киелі үй және түз жануарлары қарғысы қауіптілігін де, ата-бабамыз біліп келген. Қасиетті аттардың, тұлпарлардың қарғысына С.Жүнісовтың "Ақан сері" романындағы оның Құлагерінің қарғысы дәлел.

Жақсы аттың иесін жау қолына тастамауы оның киелілігін көрсеткен. Қорыта келгенде, адамның жан-жануарға, жәндікке және басқа тіршілік иелеріне сондай-ақ тіршілік иесі еместерге айтқан қарғысы зиянын, ал керісінше осы айтылғандардың адамға кері қарғысын айта келе XV ғасыр-дың ғұлама ғалымы қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабындағы мына ескертпесі қарғыстан қорғау үшін ұрпағына, халкына айтқан ескертуі болмақ.

1. Жетіге тиіспеу:

     1.      Көктемде көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу.

     2.      Көктемде көбейетін жорғамаларға тиіспеу.

     3.      Көктемде көрінген қозғалғыштарға тиіспеу.

     4.      Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу.

     5.      Қай-қашан да қонаққа тиіспеу.

     6.      Қай-қашан да көршіге тиіспеу.

     7.      Қай-қашан да елшіге тиіспеу.

2. Қырық бірге жұғыспау:

1.   Ордалы жыланға жұғыспау.

2.   Қордалы құмырсқаға жұғыспау.

3.   Жалғыз ағашқа жұғыспау.

4.   Елсіздегі жалғызға жұғыспау.

5.   Суық торғайға жұғыспау.

6.   Алдыңнан өткен қабанға жұғыспау.

7.   Елден алып кетіп көшкенге жұғыспау.

8.   Пәлелі өртке жұғыспау.

9.   Биік бетке (тауға) жұғыспау.

10. Жаралы жыртқышқа жұғыспау.

11. Қаралы елге жұғыспау.

12. Ашынған қасқырға жұғыспау.

13. Ашыққан ұрыға жұғыспау.

14. Киелі жерге жұғыспау.

15. Дастарханға жұғыспау.

16. Жетімге жұғыспау.

17. Жесірге жұғыспау.

18. Кесірге жұғыспау.

19. Еңіреген ерге жұғыспау.

20. Өзің шығар төрге жұғыспау.

21. Арқаны сылдыр ерге жұғыспау.

22. Жатқа кетер қызға жұғыспау.

23. Көктемдегі мұзға жұғыспау.

24. Өте шығар сызға жұғыспау.

25. Артылып қалған асқа жұғыспау.

26. Жарасы бар басқа жұғыспау.

27. Парақұмар ласқа жұғыспау.

28. Басқа елдік соқырға (қарашаға) жұғыспау.

29. Күшіктейтін итке жұғыспау.

30. Төбелесте арашаға жұғыспау.

31. Тікені бар аласаға жұғыспау.

32. Құламадағы құзға жұғыспау.

33. Дәм атасы тұзға жұғыспау.

34. Иесіз жатқан малға жұғыспау.

35. Киесі бар далаға жұғыспау.

36. Обалы бар ұяға жұғыспау.

37. Залалсыз малшыға жұғыспау.

38. Түтін шығар шаңыраққа жұғыспау.

39. Ырыс келер босағаға жұғыспау.

40. Даладағы өлгенге жұғыспау.

41. Шыдап жерге көмгенге (өлікке) жұғыспау.

("Шипагерлік баян". Алматы. "Жалын". 1996 ж. 113-114 беттер).

Міне осы Өтейбойдақ бабаның жетіге тиіспеуте, қырық бірге жұғыспауға ескерткен даналығы, адамды қарғыстан, назаланудан, әруақ киесінен, жер киесінен, пәле-жаладан, кездейсоқ ажалдан, т.б. мейірбандық жолға түсуге үйретеді. Жақсылық аты – алғыс, қиянат аты –қарғыс екенін білуге жол ашып береді.

Қарғыстың қасіретін кез келген әлем елі тарихынан көп кездестіруге болады. Жазықсыз ұлттарды қырып-жойған, көзі билікке де, байлыққа да тоймаған, жазықсыз халық-тардың ұрпағының қанын мойнына арқалаған Гитлер де қарғыс ұрып, өз басын өзі жеді. Ал Ресей жетпіс жыл­дан артық басқа ұлттарға көрсеткен азабын, қазір өзі көруде. Жазықсыз шешен халқының қаны мен шейіттерінің назасы және соғыста қаза тапкан Ресей әскерлері қаны олардың рухының "КА-сы" олардың өмірінің ерте үзілуіне зорлық еткендерді ерте ме, кеш пе қарғысын алары анық. Бұл қарғыс жеке басты шенеуніктерге ғана зияны тимей, бүкіл елдің бүтіндігін бұзып, халық наразылығын туғызып мемлекеттік төңкеріс туғызуы да ғажап емес.

Бүгінде елін, халқын, коғамын, мемлекетін алдап халық байлығын сорғандар халықтың өез жасының обалына қалады. Бұл қарғыс болмақ.

Бүгінде өздерін "әулие", "ана", "төре", "Алланың елшісі" және "Құдай" – еткендер халықтың ғана наразылығына (қарғысына) қалмастан, бірінші өзінің ата-бабасы рухының қарғысын алып Алланың кешірмес жазасына ұшырауы анық.

Кімде-кім жазықсыздарды қарғаса "қарғысың қара тасқа" дегендей, еліміздің халқы қарғыстан аман болсын. Қасиетті Құран Кәрімде қарғыстың қауіптілігін қатал ескертсе, ғылыми медицина да адам денсаулығына өте қауіпті, емдеуге келмейтін жойқын күш екенін қуаттауда.

Айтқаның әділ болсын,

Тілегенің қабыл болсын, деп Бөлтірік шешен айтқандай бәріңізде қарғыстан аман болып, ауыздарыңыздан шыққан сөздеріңіз әділ, естіген жылы сөздеріңіз алғыс болсын.

 

6.6    ҚАНСОРҒЫШ ПЕН ҚУАТСОРҒЫШ

 

Қансорғыш ол көрден тұрып келіп, тірі адамның қанын соратын өлік немесе әруақ. Немесе жас өліктің көрдегі денесінен қанын соратын кәдімгі тірі адам. Өлі қансорғыш ол өзінің өлі денесін көрде қалдырады да, оның рухы әртүрлі "таза емес" ұшатын құстың, тышқанның, қасқырдың, түн құстарының, жыртқыш аңдардың, жыланның т.б. түріне еніп өерден жер бетіне шығады. Одан кейін ол тірі адамдардың жан-жануарлардың денесіне өз тұлгасын көлеңкелете еніп, оның таза қанын сорады да, өзінің көрдегі мәңгілік тіршілігін жалғастырады. Қансорғыштың рухы жер бетінен көтеріле алмай, өлі денесі жанында қалып қалады. Бұл оның тірлігіндегі адамзатка істеген ауыр күнәсінан болуы керек.

Қансорғыштың рухының денелік тұлғасы әйнекке шағылыспайды. Одан арнайы күш көрсетіп құтылу немесе жеңу мүмкін емес. Оның күші өлшеусіз, әрі қансоруы да білінбейді. Өзінің қанын қансорғыш рухтар сорғанын адам сезбегенмен, ол өзінің әлсіреп бара жатқанын, көзіне әртүрлі елес көрінуін сезуі мүмкін. Бұл жағдайда оған жем болғандар діни жолмен өзіне қорғаныс қойса ғана құтылады. Есікке кесе-көлденең қорғаныш ретінде усарымсақ, сыпыртқының дәні, ай белгісіндегі темір қойса, одан зұлым рух корқады. Әрі үйді дұға оқытып, тазалатып, Құдайы бергенде, әруақтарға арнайы дүға оқытқанда оң нәтижесін береді.

Шынында да қансорғыш болған ба, қазір бар ма дегенге келсек, ол ертеден келе жаткан бір шындық елесі болса, қазір ғылым оны толық қуаттайды.

 

                                   pic

Мына 36-суретте кансорғыш өліктің зүлым рухы "құс" болып келіп адамның канын сорғаны көрсетілсе, 37-суретте канды copy жүйесі бейнеленген.

Қансорғыш – ол тұқым қуалайтын "зұлым" касиет. Кейде қансорғыштар бейкүнә адамдарды үйрету арқылы да, жасанды түрде қанға құмарлыққа соқтырады. Артында тұқымы қалмаған өлері алдында біреуге зұлым қасиетін қалдыра алмаған кансорғыш өлген соң оның рухы жоғарыдағы-дай тұлғаларға еніп, көрінен шығып тірі адам қанын сорады. Көбінесе ел ішінде жас өлікті жейтін Кеукер қасқыр, шибөрі, басқа да адамға өш жыртқыш жануарлар мүмкін осындай зұлым қансорғыштардың жерге оралған рухының жалғасы болуы да ғажап емес.

Тірі адамдар ішіндегі қансорғыш пен қуат сорғыштардың қанының құрамында немесе организмінде белгілі қоректік қуат көздері жетіспейді.

Олардың қанының кұрамы өзгеруі тынышсыздандырып, кейбіреуі көп мөлшерде әлдебіреуі аз мөлшерде қан ішуді аузы құрғап, организмі тілеп тұрады. Ондай қансорғыштар адам қанынан аз ба, көп пе татқан соң өз жан рахатын табады. Ал қуат сорғыштар өз өмір сүруін жалғастыру үшін бас-қалардың қуатын ой арқылы аралықтан немесе бірге отырыста, кез келген қоғамдық орында жүзеге асырады. Кейде мұндайлар ішінен өзінің артық кір қуатын денесінен шығарып, екінші адамға жіберіп өз организмін тазалайды. Өзінің денесін жаңа қуат түрімен толтырып қуаттанды-ратыны да болады. Қуатсорғыш та тұқым қуалайтын әрі жасан­ды болып келеді. Қансорғыш пен куатсорғыштардың өзі сабырлы және бірден ашық шабуылға шығатындар болып екі топқа бөлінеді. Олар өте мәдениетті. Қыдырымпаз, туысқаншыл, бауырмал кейде айлакер, қажет кезінде көзі канталап, тұманданып, тәуекелге барудан қорықпайтын тажал иелері. Олар өздерін оқшау ұстамайды. Көпшілік ортасында болуды калайды. Адамдар осындайлар-дың күшті айласына беріліп тұрып, өз қуатынан айырылғанын кеш сезеді. Өзін танымаған айлакерлерден аулақ болған жөн. Қуатсорғыштықты көбі-несе махаббаттық қатынаста шебер пайдаланатын ерлер мен әйелдер де кездеседі. "Мен сені өте жақсы көремін, сенші...", – деген сенім формуласы бойынша бір-бірінің қуатын соратын махаббаттық қуатсорғыштар да бар. Кейде өзін бірден шабуылға жіберіп, қызмет бабын пайдаланатын кейбір басшылар бағыныштысына, оқу орындары ұстаздары өзінің окушы және студенттеріне үстемдік көрсетіп, өзінің қуатының кемдігін толтырып қанағаттанады. Қысқасы, сізді біреу ренжітсе артынан организміңізде әлсіздік пайда болады. Бұл сіздің қуатыңыздан айырыл-ғаныңыз. Ал егер біреу сізді құрметтеп жақсы сөз айтып, тілек тілесе жаныңыз рахаттана бастайды. Бұл сіздің қуатыңызға жаңа қуат қосылғандығы. Көптеген қуат-сорғыштарды кінәлағанмен, олар "саналы" түрде басқаның қуатымен күн көреді. Бұл – ауру. Қуатсорғыш өз бақытын басқаның қуатын сору жолымен табады. Бұл – қуат үрейі. Өмір мен өлімнің ортасындағы біреудің бақыты мен екіншісінің бақытсыздығы болмақ. Көп ортасында, кезекте: "Сен мұнда тұрған жоқсың", – дейтіндер мен арызқойлар ішінде де қуатсорғыштар кездеседі.

Олар осындай айғай-шу шығарып немесе елдің назарын өзіне аударады.

Осы жағдайды пайдаланып басқалардың қуатын "сорады", рахаттанады. Бұндай жағдайда қуатсорғышка бірден тойтарыс беру немесе үндемей ішінен діни қорғаныс қойып, ол арадан кетіп қалу керек. Аяғыңды айқастырып, екі қолдың саусақтарын жұмып, денені тұйықтап қорғап тұру да өз қуатыңды сақтауға көмек етеді.

Енді "Тірі адам қалай қансорғыш болады? Қалай адамның етін жеуге әуестенеді? Қалай тірі адам бейітке барып жас өліктің қанын сора алады?", – деген сұрауларға жауап іздейік.

Тірі адамның да қансорғыш болуы, кісі етіне әуес болуы, жас өліктің қанын соруы тұқым қуалайтын зұлымдық ауру. Оны біреулер үйрету арқылы жасанды жолмен пайда болатыны да кездеседі. Бір С. деген орыс жігіті өзінің қан ішуге қалай үйір болғанын былай баяндайды: "Менің әке-шешем дұрыс адамдар. Бірақ, нағашы атам қан ішеді, шикі ет жейді деп еститінмін. Бала кезімде жазғы каникулға барғанда нағашы атам маған: "шикі ет жеп көрдің бе?" – деп сұрай беретін. Бірақ, мен одан қашып жүрдім. Тағдыр мені армияға барғанда Тайганың суығынан бір-ақ шығарды. Күн суық, солдаттардың қарны аштау болды. Мен бұғы өсірушіге көмектестім. Аш солдатты ол бұғының жас етіне, қанына үйретті. Аман елге оралдым. Мен жас қан ішпесем тұра алмас халге түстім. Бастапқыда кім, қай таныс, кашан мал сояды деп аңсасам, кейін ұятты қойып, ашық шабуылға шықтым.

Бұл менің басымнан кетпес дертке айналды. Басты себеп нағашы атамның генетикалық әсері болу керек. Мен қазірше малдың жас қанын ішуге құштармын. Кейін ол адам қанына ауысса, күнім не болмақ?".

Осыдан біраз жыл бұрын алғаш адам етін солдатта жүргенде жеген ұзынағаштык (Алматы облысы) жерлесіміз-дің қаншама жазықсыз жанды өзінің арам ниетімен құрбан еткенін естідік. Ол да осы топқа жатады. Сонымен бірге байқамай кісі етін жеп қойғандардың, уақыт өте тағдырына әсер етпесіне ешкім анықтама алмайды да.

Кәдімгі тірі пенде испан азаматы Рафаэль Пинтус осы өмірде нағыз қансорғышқа айналыпты. Ол күндіз табытта ұйықтайды, қан ішеді және күн сайын зираттарды аралайды. Бір қызығы, Рафаэль бала кезінен-ақ жарқанатқа ұқсап, басы төмен салбырап жақтауда немесе кез келген ағаш бұтағында сағаттар бойы ілініп тұрады екен. Оны зираттар өзін өзіне билетпей магнитше тартады екен. Ол өзінің туған ауылы Понтеверде біреу қайтыс болса, ол көктен түскен байлыққа қол жеткендей екі санын шапалақтап қуанады екен. Рафаэль: "Мен үшін адам өлімі әр кезде де мереке, өмірден кету – жаңа тұрпатты өзгеріс, демек, өте сүйкімді жағдай туғызатынын мен қазір жақсы түсіндім", - депті.

Қазір ол 34 жаста. Дәрігерлердің куәландыруынша жүйке ауруына шалдықпаған. Осынау арық, бозғыл өңді адам қызыл жиекті ұзын плащ киіп, түнде зираттарға карай беттейді екен. Ол әлі ешкімге айтарлықтай зиянкестік істемеген. Бір жаманы, ол ауылдастарына үрей туғыза-тындай нәрсе істемеген. Ауылдастары да бұл түнгі зират кезгішке үйренсе керек. Рафаэль Пинтус өзін әккі қансорғыш вамперлердей ұстап, күн сәуле-сінен қорқып, күндіз оның денесін діріл билеп, қараңғыланған, терезе перделері толык жабық бөлмеден шықпай жатып алады екен. Рафаэль өзін: "Дракул руының жер бетіндегі жалғыз ұрпағымын, Трансильванскийдің бекзадасы, қараңғылықтың үлы Влад Тепестің заңды мұрагерімін, – деп жариялап, бес жүз жылдықтан соң өзінің кейпінде қайта туу үшін Дракула Тепестің таңдауы маған түскен", – депті. Тұқым қуалау деген осындай болатындай.

Ал Рафаэльдің бабасы Влад Тепес XV ғасырда өмір сүріпті. Ұзын кара шашты, бозғыл өңді, қорқынышты мүсін өзін Влад деп атайды. Оның азу тістері кез келгеннің зәресін алады екен. Влад Тепес өте қаталдығымен аты шығыпты. Ол XV ғасырда Румынияның дұшпандары – түріктерді қазыққа отырғызып, сойқан қатыгездікпен өлтіреді екен. Ал мына Испандық Дракула Рафаэль оған қарағанда тыныштау екен. Ол күні бойы өзінің төрт табытының бірінде қалшылдап жатып, ымырт бола өзінің үйреншікті зиратына заулайды екен. Пинтус қансыз, яғни кан ішпей өмір сүре алмайды. Ауылы Понтеветраның қасапшылары Рафаэльді қасапқанаға еркін кіруге құқылы етті. Бұл жерде ол күн батқанға дейін құпия түрде "күндік тамағын" тегін ішеді екен. Тоқтының, тауықтың басқа да ұсақ үй жануарларының қанын армансыз сіміреді екен!..

Шөлін басқаннан кейін шешесі дайындаған астан да ауыз тиетін сияқты. Пинтустың айтуынша, ол адам қанынан да дәм татыпты. Ол таза қандыларды ғана ғарыштық санамен тыңдайды екен.

Мына бейне суретте көрсетілгендей тылсым күшпен бе, өлі дененің рухы мен Рафаэль Пинтустың рухтары арқылы ма қан беру мен "copy" жүзеге ашады? Немесе Пинтустың арғы атасы "зұлым" рух иесі Влад Тепестің рухы жас өлік қанын сорып алып, ол сорған қанын Р.Пинтустың денесіне енгізу үшін оның рухы Пинтустың денесіне енетін болуы керек. Ол рух ғарыштық беймәлім бейнелердің әсері сияқты алғаш Пинтустың психологиясын аралықтан (транскоммуникация) миына толқынды сәулелер жіберіп өзгертеді. Кеш бола бейітке оның денесін басқа "зұлым" рух (Влад Тепес-тің) басқарып апаратын болуы керек. Тағы бір күдік, адам денесінен ет пен сүйек толық ажырағанша біртіндеп әлсіреген нұр сәулелері электр зарядтарын шығарып жатады. Ал қан өзінің нұр сәулесін шығаратыны тағы бар. Осыған орай қансорғыш сол қанның нұр сәулесінен өзінің құпия сезімі арқылы қоректенуі де (темекінің түтініне ұқсас) мүмкін. Бұл қүбылысты беймәлім ұшқыш бейнелер, сиқыр-лық пен дуаның тірі адамға әсер етуге ұқсатуға болатындай.

Бір қызығы Р. Пинтус жұқпалы аурумен ауырғанды (Спид, қан...), темекі мен арақ ішкенді өлген соң біліп қояды екен. Олардың бейітіне барғанда жоламайды екен. Олардың денесінен бөлінетін нәзік сәулелер улы заттар (газ) бөліп шығаратын болуы керек. Сондықтан ол "тазаларын" ғарыштық ой-сана арқылы байланысқа шығып таңдайтын болған.

                                                

                                                                   pic

                                                       38-сурет. Тірі қансорғыштың жас өліктің қанын соруы.

Мына 38-суретте тірі қансорғыш адамның бейіттегі жас өліктің қанын соруы бейнеленген. Ол көмілген бейітті ашпайды. Ол ғарыштық байланыс аркылы өзінің ойын іске асырады.

Р. Пинтус: "Менің қаным – бұл нағыз Дракуланың қаны. Ол белгілі қан топтарының ешбіріне сәйкес келмейді", – дейді екен. Бүгінде америка-лықтардың төрттен бірі шынымен-ақ ғарыш адам ұрпағы болса, Пинтус-тың қанын ғарыштық қара күштер өз қандарына ауыстырған да шығар (БҰТ тарауынан қараңыз). Бұны анықтау ғалымдарымыздың үлесіне қала тұрсын. Р.Пинтус өмірде бар адам ба десек, иә, ол – Румыния азаматы. Бірақ, ел оның румынның ұрпағы екеніне күмән келтіреді екен. Қалай десеңіз, қансорғыш вампирлер кресті немесе темір қазыкты көргенде өздерін ыңғайсыз сезінеді. Ал Пинтус бұлардан секем де алмайды екен. Ол басқа вампирлердей тек сарымсаққа ғана "өш" екен. Пинтус жөнінде, оның нағыз қансорғыштығы жөнінде белгілі Голливуд режиссері Ф.Копелла жаңа фильм түсіруге кірісіпті. Мүмкін, дайын да болған шығар. Қансорғыш жөнінде түсінік бергенімізбен, еліміздің халқын бүндай "зұлым" күш иелерінен сақтасын, деп тілейміз.

Адамның биоөрісі жөнінде анықтамалар әлі толық дәлелденген жок. Бұл ғылыми жаңалық бізга ғана емес ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан шет ел ғалымдарына да өзінің кейбір түсініксіз құпиялы жақтарын әлі ашқан емес. Шипагердің өзінің өмір сыйлайтын биоқуатын ауру адамның денесіне енгізіп, оны ауыр жағдайдан шығаруының сыры неде? Осыған жауап іздейік. Кез келген адамның организмінің құрылымы молекуладан, ол ұсақталып атомнан, ал атом электрондардан тұрады. Адамның денесін-де "бос" электрондар болады.

Ал шипагер өзінің өмір күші қуатымен ауру адамның бос электрондарын дәлдеп, оны ауру электрондары орнына апарып, жарамсыз электрондарды ығыстырып шығарады. Жаңа электрон ауру электрон орнын алған соң біртіндеп қалыптасып, одан ары ауру организмнің жақсаруына өмірлік үлес қосады. Ал біздің арамыздағы белгісіз қуатсорғыштар мен кейбір ниеті дұрыс емес емшісымақтар кері қуат берушілер екені рас. Неге кейбіреудің емі қонбайды, ұзақ емдейді? Бұлар өзі де кері қуат мұрагері екенін сезбейді. Оларға қаралған ауру жандар алғаш екі-үш жеті жақсы болғанымен, одан кейін денесінің ауырлап, әрі әлсірегенін сезе бастайды. Ондай емшісымақтар: "маған қырық күннен кейін келіп тұрасың", - деп, сырқат жанның қайдан келгеніне, қал-жағдайына қарамайды. Бұндайлардан сақтанған дұрыс. Жақсы емші жеті не он күн қарайды. Қайтып кел демейді. Сақтану жолдарын ескертеді. Хат не телефон арқылы ғана хабарласуды ұсынады.

Адамның денесінде сыртқы әлеммен (ғарышпен) байланысып, одан қорек алып, өз денесінің мүшелерін қоректендіретін жеті нұр көзі (Чак­ра) бар. Бұл нұр көздерінің өзінен бөліп шығаратын сәулелерінің де өңі (түрі) әртүрлі (қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көкшіл, көк, күлгін) болады. Осы нұр көздері қызметі нашарлағанда ғарыштық қорек адам денесіне толық тарамайды. Одан барып адам денесінде "тесік" пайда бо­лады. Теріс электр зарядтары мөлшері артады. Осы жағдайда адамдар өзі де түсінбейтін ауруға (кейбіреуі бұны әруақ қысқан дейді) кез бола­ды. Осындай кезді биоқуатты сорғыштар жақсы пайдаланады. Қазір емші боламын дегендерді арнайы ғылыми лабораторяларда денесіне айына бірнеше рет рентген сәулесін жіберіп тексеретін, олардың денсаулығына пайда емес, қайта зиянды ғылыми-техникалық вампирлер көбеюде (ҚазМҰУ про-фессоры М.Юнишиннің ғылыми жұмысы осыған ұқсас). Бұл тексеруден оңалып, емші болғандар бірен-саран ғана. Көбі рентген сәулесін денесіне артық алып, ауруларға ұшырауда. Қоғамдық басқару орны басшыларының алдап-арбау, өтірік айту мен жалған уәдешілігі де адамдардың куатының әлсіреуіне әкеліп, олар "қоғамдық" вампиризмнен зардап шегуде. Адамның қуаты тұрақты қалпын сақтай алмайды. Ол үнемі азайып, кейде толады. Тіпті құрып кетіп, өмірдің аяқталуы да болады.

 

                         pic

7. Төбе чакрасы

6. Бас чакрасы

5. Тамақ (тыныс жолы)

4. Жүрек чакрасы

3. Күн сәулесін сіңіру чакрасы

2. Жыныс және зәр шығару чакрасы

1. Құйымшақ чакрасы

 

            

Мына 39-суретке зер салайық. 1. Құйымшак нұр көзі - сәулесі кызыл. 2. Зәр шығару немесе жыныс жолдары нұр көзі - сәулесі қызылсары. 3. Күн сәулесін сіңіру (ас қорыту ағзасы) нұр көзі - сәулесі сары. 4. Жүрек нұр көзі - сәулесі жасыл. 5. Тыныс жолы (тамақ) нұр көзі - сәулесі көкшіл. 6. Орталық нерв жүйесі нұр көзі - сәулесі көк. 7. Бастың төбесіндегі (орай немесе үшінші көз) нұр көзі -сәулесі күлгін болып көрінеді. Адам денсаулығы нашарлағанда осы нүктелік нұр көздері сәулесі өңі өзгереді. Немесе әрең шашырап шығуы, тіпті білінбеуі де мүмкін.

39-сурет. Адамның негізгі нұр көздері

 

Біз қансорғыштардың да және қуатсорғыштардың да қауіптілігіне ескерту беру себебіміз, өз өмірі мен пайдасы үшін жүмыс істейтіндерден сақтандыру еді. Р.Пинтус сияқты литрлеп адам мен жануарлар қанын ішетіндер болмаға-нымен, ел ішінде донорлық негізде (басқа елде) ең болмағанда аптасына бір рет 10-15 тамшы адам қанын ішіп тұратындар да кездеседі екен. Шынында да, бұларды адамға шабуыл жасайтын "адам қасқыр" демеске шараң жоқ. Қоғам тыныш, адамдар адал, бұзақылық аз болған жерде адамдардың өз қуатын жоғалтуы азаймақ. Сондықтан кім болса сол болсын, ешқандай жағдайда, сіз кіммен кездессеңіз де сабырлық сақтаңыз. Оның ерекшелігіне таң калмаңыз. Өз дене беріктілігін ұстаңыз. Өзіңіздің өмірлік қуатыңызга жаңа куат қосуға жаңа жолдар іздестіріңіз. Өзіңізге ұнамаған адамның қасынан тез кетіп қалыңыз. Ашуланып, рен-жіп, өсек айтып, күндеп, біреуді алдап-арбап өзіңіздің күш-қуат нұр көздері жұмысын нашарлатпаңыз. Үйде тыныштық бол­сын. Кінәсыз жан-дарды кінәлап дұшпан көрмеңіз. Ол сіздің өз қуатыңыздың әлсіреуіне әсер етеді. Ешкімнен қорықпаңыз. Өзіңді өзің көңілді ұста. Өзіңе-өзің діни дұғалар көмегімен қорғаныс койыңыз. Ойша өзіңе қорғанды заттардан қоюды (калқанды тор, кірігіш кереке, темір қоршау т.б.) үйрен. Жеке адамның өзінің қуатының азаюына көбінесе өздері кінәлы. "Зұлым" рухтардың билеуіндегі қансорғыштар мен қуатсорғыштарға қатал тойта-рыс беру бүгінгі және болашақ қоғам мен ұрпақтың амандығы үшін күрес демекпіз.