ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

6

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

2.3 ШИПАГЕРЛІК БАЯНДАҒЫ

ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ДАНАЛЫҚ  СӨЗДЕРІ

 

Әрбір адам Алланың бұйырған несібесі мен ырызғысына ие. Бірдей өмір кезеңі болу мүмкін емес. Қазақ халқының басына қандай ауыр кезең туса да өзінің ұлттық ерекшелігі мен мұсылмандық парызын ешқашан өзгерткен емес. Халық өз бойында имандылықты, адалдықты, инабатты-лықты сақтап, шариат үкімдерін бұлжытпай орындады. Бұл үкімдердің бұдан кейін де орындала беретінін "Шипагерлік баянда" ғұлама ғалым Өтейбойдақ баба жазды. Алла тағала Ислам діні бойынша халал мен харамды толық ажыратып берді. Сондықтан Ислам діні һарам саналатын 91 түрліні жеуге және 85 түрліні ішуге тыйым салады. Мұндай тізімде көрсетілгендерді жеп әрі ішпек түгілі қолға ұстауға да болмайтынын қатал ескертеді (113 б). Сондықтан Ислам дінінде мұсылмандарға тыйым салынған нәрселерді сатып ақша жасау да, оны тамақ етіп жеу мен ішу де арам болмақ. Ал­ладан қорқып арам істерді істемеу өте сауап іс, ал істемеушілер күнаһар болып есептеледі. Арамды адал деп айтқан адам имансыз болатыны анық айтыла-ды. Арам деп тек ішіп-жейтін нәрселерді ғана емес, адамға қарсы жат әрекеттік істерді істемеу де (аманатқа қиянат жасау, өлшегенде таразыдан алдап жеу, қабірді тінтіп қазу, адам өлтіру, өсек айту, т.с.с.) айтылады. Оларға адал тәрбиелік бағыт береді. Сонымен жеуге тыйым салынған 91 түрлі жеуге мен 85 түрлі ішуге тыйым салынған қолжазба өртенгендік-тен көрсете алмағанымызбен, бұл жөнінде һарамның қасиетті Құранның "Мәйда" сүресі. 3:90-93 аяттарында толық айтыла­ды әрі адамды харам-дардан сақтандырады. Адам баласының 7-ге тиіспеуін және 41-ге жұғыспауын, бұл екі шарт-ты бұзғандардың тағдыры ауыр болатынын баба қатал ескертеді. Басыңа қанша қиыншылық түссе де 12-ден айырылма - деп әрбір пенде істейтін пайдалы істі істе, пайдасызына жолама, "басыңа пәле болмақ" деп тыйым жасаған. "Басыңа күн туғанда он екіден айырылма", – деп ақыл айтуды ұмытпаған жөн деп баба өсиетін жазып қалдырды (114-115-бб). Ұрпақты адалдыққа, туыс, дос-жаранын, жанұясын, елін, Отанын сүюге, қасықтай каны қалғанша дұшпанына бе-рілмеуге үйрететін бұндай тәрбиелік сөздер кітапқа деген сүйіспеншілікті күшейтеді. Адам пендесі шыр етіп туылған соң оны Алла тағала 7 әулиенің қол-дауына ие етеді. Жеті әулие қолдауында болу – парыз. Адам пендесінің несібелік және нәсіптік ырызғысы осы 7 әулие мен 41 ырысқа байла-нысты екен. Халқымыздың "Қырықтың бірі – қызыр, жетінің бірі – әулие", деген даналық сөзі осыған арналғандай. Ал ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ баба осы 41 мен 7 санын пip тұтып, 41 өсімдіктің қоспасы мен 7 шөптің гүлі басынан дәрі-әрмек жасапты. "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дегендей баба өз әкесі шипагер Тілеуқабылдың 8 жасынан бастап жанында жүріп, шипагерліктің сырын үйреніп, ержете өздігінен емдеу ісін айта келе әкені қадірлеу мен мақтан етуді де ескертеді. Осы 7 әулие мен 41 ырыстың қосындысы 48-ге тең. Бұл бір жылдағы демалыс күнімен бірдей. Осы есептік сандардың адам психологиясын, танымын, имандылығын, адалдығын, ынтымақтығын дамытуына зор ма-ңызы барын білген (316-317-бб). Бұл тектіліктің сипаты білдіреді. "Шипагерлік баянда" даналық сөздер мен мақал-мәтелдер және ғылыми тұжырымдар да көп пайдаланылған. Әз Жәнібек хан өзінің уәзірлеріне сұрақ қояды. Сонда сұрағына оң қол уәзірі Жиренше шешен (Ж.Ш.) дұрыс толық жауап береді.

1. Хан сұрағы: Дүниеде не өлмейді?

Жиренше шешен жауабы: Әділдіктің заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді. (38-бет).

2. Хан сұрағы: Не арсыз?

Жиренше шешен жауабы: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз, талақ арсыз (37-бет).

3. Хан сұрағы: Не ғайып?

Жиренше шешен жауабы: Ажал ғайып, несіп ғайып, неке ғайып, толғақ ғайып, қонақ ғайып.

4. Хан сұрағы: Сорлы, бейшара канша (бейшара – жетім)?

Жиренше шешен жауабы: Бастаушы серкесі жоқ қой отары бейшара, түйіні жоқ ой бейшара, қара үзген шипагері жоқ ел бейшара, толықсып малы, толықсып елі жатпаған бел (жота, жазық) бейшара, өнерін елі қадір-лемеген ер бейшара (37-бет).

5. Жиренше шешеннің жауабына риза болған Әз Жәнібек хан оған былай деп баға береді: "Жарайсың қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз гауһар тас".

6. Сол сөзді естіген Жиренше шешен бірден ханға карап: "Әкем менің атымды жағалап қойыпты, сіз бағалап қойдыңыз, жұрт ағалап айтатын шығар",  – дейді. Тағы Жиренше шешен: Тақсыр! Менің атым "Қарабас" емес, Жиренше. Азан айтып қойған аттан айырылып босқа күйгенше, басымды шауып тастаңыз, қара жерге кірейін, ғазиз басты игенше" дейді.

7. Не өлмейді дегенге екінші жауап:

Жиренше шешен: "Қара жердің өлгені, үстін қардың басқаны, ағын судың өлгені, бетіне мұз қатқаны, күн көзінің өлгені, қызарып барып батқаны, аспанда бұлттың олгені, көктің ашық болғаны" – деген екен.

8. Ажал келіп тиген оқ - Алланың көздеп атқаны, Ж. Ш. (38-бет).

9. "Сор түбі - бақ, бейнет түбі - алтын тақ". Өтейбойдақ (44-бет).

10. Не тәтті? Жан тәтті. Не бал? Бала бал. Не ләззат? Құдай қосқан сүйген жар (қосақ) ләззат. "Ш. Б". (47-бет).

11. "Желсіз ағаш басы қимылдамас". "Ш. Б". (47-бет).

12. "Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді, соңғысына
сан құбылып, аңыз болып жетеді", Сонда. (47-бет).

"Тықырсыз дыбыс жоқ". (47-бет).

"Менің қолым емес, Лұхман хакімнің қолы де".

"Сынықтан басқаның бәрі жұғады". (64-бет).

"Тіршілік көзі (ніл) - қан". (70-бет).

"Киімің сәнді болса, сөзің де мәнді болмақ". (77-бет).

"Шипагерлік те өнердің бір түрі". (80-бет).

19. "Емшімін деген ол ешкінің денесін көрмей, мүйізін көргенмен бірдей. (80-бет).

20. "Қалауын тапса қар да жанады". (94-бет).

21. "Көктем - жіңішкенің үзіліп, жуанның жіңішкерген кезі", Ұзын сары келгенде жеу несіп болады". (100-бет).

22."Сырқаттың негізгі себептері, науқастандырушы – құрт, микроб". (102-бет).

23."Қой үстінде боз торғай ұя салған". (113-бет).

24. Дүние бір қисық жол бүрынғыдан,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Басыңа таудай ауыр қайғы түссе,
Несібі жазып қойған бір Алладан.
Халық әні. (102-бет).

25."Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады". (121-бет).

26. "Алла, ұшықтан, пәледен сақта". (122-бет).

27. "Шипагерлік пірі - без". (126-бет).

28."Адамның аяғын жоғары көтергеннен өті аузына құйылмай-ды". (129-бет).

29. "Құзғындай кім бар екен мың жасаған" (130-бет).

30. "Алла маған жазбаған". Жалдаш шипагер (130-бет).

31. "Теңін тапса - тегін". "Шал қатын алмайды, мал алады". (38 бет).

32. "Қабанбай ата - қасиетті адам". Қабанбай - әулие ата Торғайда "Торғай қаққан тарыдай" қырылған елден жалғыз өзі тірі қалды. (1062 - жылы әжриа. 139-бет).

33. "Түйе берсе, түймек те қысқарады". (143-бет).

34. "Біреуге шоқ, шоқ деме, басыңа келеді". (147-бет).

35. "Табалама - жолы тар, жайдақ деме - алда жар" "Күлген күле жетпек, екі балағын түре жетпек". (147-бет)

36. "Көз сұғы мен тіл сұғы өте қауіпті". (146-бет).

37. "Емшек сүті араласпаса болды" дейтіндердің ұрпағының қаны таза болмайды". (43, 148-бет).

38. "Семіздікті қой көтереді, басқа көтере алмайды". (169-бет).

39. "Түйе бойына сеніп, жыл қайырудан қағылыпты". (171-бет).

40. "Қартайғанда бір балалық, туылғанда нақ балалық". "Басқа тапшы, көңілі қараңғы".

"Арқа еті арса, борбай еті борша". (172-бет).

41. "Ми - меңгеруші мүше". 

"Сенің миың жоқ па?". (182-бет).

42. "Етбауыры елжіреп кетті". "Қайғысыз қара суға семіреді". "Жұмырға жұқ та болған жоқ".

43. "Зәр құйылды, запыран құстым". (183-бет)

44. "Жүрек қабы - меңгеруші мүше". (184-бет)

45. "Алғаның ас болғыр". (185-бет)

46. "Пенде көркі - киім жарастығы, ағаш көркі - жапырақтың та-рамдығы", "Дос құласаң сүйейді, дұшпан аяқтан шалады", Жауын аяған жаралы, жалғыз қалып шеттелер". (217-бет).

47. "Бас жарылса бөрік жауып білінбес, қол сынса жең ішінде оңай тілге ілінбес". (218-бет).

48. "Жақсы сөз жанға шырай береді". (220-бет)

49. "Қара кісі терлегенше, сары кісі терге малынады". (222-бет).

50. "Өзіңнен жасы кіші шипагерді "Әкем", "Көкем", "Інішек", "Бауырым" деп аялап ілтипат ет. Өзіңе жақын тарт. (226-бет).

51. "Ел - қашан да ел, ел - қашан да көл, бірі білмегенді бірі біледі". "Тоқтай тұрыңыз, тамырыңды ұстағанымда көңілімді бөлме де". (229-бет).

52. "Шипагер әрқашанда пайдақорлықтан аулақ болған жөн". (230-бет).

53. "Өзектік тіл - жалпы тілдің көрінісі". (254-бет).

54. "Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл". (312-бет).

"Әке көрген оқ жонбақ, шеше көрген тон пішпек",

55. "Қырықтың бірі - қызыр, жетінің бірі - әулие". (314-бет).

"Құдайдың басқа салғанына көндім".

56. "Ел айтса, екі айтпайды".

"Ауру ханды да, қараны да танымайды". (320-бет).

57. "Еркекті оң жағынан, әйелді сол жағынан емде". (326-бет).

58. "Бабырдың бабын тапсаң жазылады, бабын таппасаң сағың сынады". (371-бет).

59. "Мейлі Әбуасыр болсын, мейлі Жүсіп сақ Баласағүн болсын, мейлі мен болайын, бір із, бір тілектестерміз". (379-бет).

60.  "Ызғар түбірі - суықтық". (382-бет).

61.  "Созғақ күнбиді өлтірген Қазғақ күнби болды. Қазғақ елі кейін "Қазақ" атанды. «Қырық арыс ұлы жиналысы "Алаш" делінді, той күнін ұлыстың ұлы күні » деп атады. (405-бет).

"Қыз қуар" ойыны Қазғақ күнби Хас қызды қуып жетіп, оны жары еткен соң аталды. Қазғақ күнби ел атын "Алаш" деуге жарлық түсірді. Содан кейін "Алаш" азаматы деу күллі қазаққа ортақ атау бол­ды. (409-бет). Құзорда - "Алашорда" атанды. Қазғақ күнби болғанына 50 жыл толғанда алжуға айналды. Қазғақ күнби болған ергеу (наурыз) айының 13-15 жанасының үш күнін "Наурыс меремесі" (Наурыз мейрамы) деп атауға жарлық түсірді. Елі Қазғақ күнбиді сырмаққа отырғызды. "Тағзым" етіп төбеге көтерді. Мәртебесі асты. Үй тастамай елі мерекені тойлап аралады. Бата берілді. Жеті дәм қосылды. Төрде көңілді отырған Қазғақ күнбиді тұтқиылдан бір көкбөрі жеуге ұмтылды. Арыс біткен көкбөріні қолға түсірді. Бұл көкбөрі қайдан келді? Жаратқан ием жібергені ме? Арыстар көкбөріні быт-шыт етіп тартып өлтірді. Көкбөрі тартуды көрген күнби Қазғақ қуанды. Оны жалғастыруға жарлық түсірді. Содан бастап "Көкпар" тарту пайда болды. (411-бет). Қазғақ күнби жауы үстінен жеңіске жеткен арыс руларын Бас бармағын көрсетіп: "Нақ ұлы жүзсіздер", орта қол арыстарын жеңісімен құттықтап: "Орта жүзсіздер" - деп мақтаныш етті. Кіші қол арыстарын әспеттеп: "Кіші жүзсіздер" деп жарлық түсірді. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз ошақтың үш бұтындай бірікті. Олар өз жауларын толық жеңіп, үстемдігін орнатты. Күнби Қазғақтың Хас жарынан туған Алаш деген ұлы 43 жасқа келді. Алаштан дұшпан шошыды. Қазғақ күнби орнына Алашты қойды. Бұны Алаша хан деңдер деді. Үш ай шелектеп жауған жаңбырдан жер әлемді су басты. Үш жүз арыстары быт-шыт болып, тау-тасты жағалап, мал соңынан кетті. Бұлар аман қалды. Дүние бұзылды. Тасқа ойылған жазу қалды. Қазғақ күнби ес-түссіз жатып, о дүниеге аттанды. Бұл жаратқан иенің қаһары шығар? (413-415-беттер).

62. Қазғақ күнби рулар шежіресін жазуға жарлық түсірді. "Итте ата жоқ, күйеуде бата жоқ". "Иттен туылып, іннен шықтық па"? Қазғақ күнби. (417-бет). Күнби: "Жол болсын!" - дегенде, шежіре жазушылар: "Әлей болсын!" - деп, 13 топ (екі мың адамдай) 13 жаққа шаба жөнелді. (417-бет). Екі жылда 1200 шежіре жазып ізденушілер күнби айтқан Ша-шыр сарайына келіп түсті. Қазғақ күнбиге үш жүзге ортақ 92 деректі ата шұбыртқысының тізімін ұсынды. Қазғақ күнби қайта қарауды тапсырды. Ізденушілер күнби айтқанын орындады. Бармақтарын тізімге басты. Тағзым етіп қайтадан Қазғақ күнбиге тізімді ұсынды. Қазғақ күнби шежірені көзімен көрді. "Жарайды" - деді. Жарлық түсірді. Оның жарлығы: "Ұрпақтарына үмыт болған, дәлел болмаған межелі ата. Белгілі болған ата 92. Ал, Қазғақ күнбиге дейінгі ата - 60. (Созғақ күнбиден, Қазғақ күнбиге дейін). (419-421).

"Шипагерлік баян" кітабын оқыған сайын жаңа атау, жаңа ғылыми  шешім, жаңа тарих, шежіре, жаңа емдік анықтама, емдік әдіс-тәсіл, дәрі-дәрмек түрлері, табиғаттың ғажайып сырлары, Ислам дінінің керемет құпиялары, т.б. ашыла береді. Адамның тәні тазарып, жаны рахаттанып, бір ғаламат кеңістік үстінде қалқып ұшып жүргендей сезінеді. Құпия кітаптың ашылмаған құпия сырын ашуға асығу халқымыздың көне тарихи өнерін, мұрасын қайта тірілту болмақ.

Осындай шоқтығы биік тұрған, ішкі дүниесінен нұрын шашқан "Шипагерлік баян" нағыз имандылық кітабы екеніне күмән жок.

Ханның емес, халықтың байлығы – халық емшілігінің негізін қала­ған жиһангер ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлы "Шипагерлік баян" кітабы арқылы XV ғасырдағы халқымыздың жалпы мәдени, рухани, шипагерлік, ғылыми жақтарын көрсетіп қана қоймай, одан арғы бірнеше ғасырлық ұлт тарихын да хабар етті.

"Өткенсіз бүгін жоқ", "Өшкенім жанды, өлгенім тірілді", "Артын-да бар оңалар" деген шындық екен ғой, ағайын.

 

 


 

2.4 АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ЖАҺАНГЕР  ШИПАГЕР

Еліміздегі «Мәдени мұраны» қалпына келтіру бағдарламасының негізінде Жетісу өлкесінің Шөлкөдесінің Айғайтасының ұрпағы жаһангер, ғұлама, ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының осыдан V ғасырдан аса бұрын жазып қалдырған «Шипагерлік баян» еңбегінің әлемдік дәрежеде бағаланып, оның ел ғылымының мақтанышына айналуы ғұлама арманының орындалуы еді. Ғұлама арманы іске асты. Осы шараны ұйымдастырушы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы десек (президенті З. Қожалымов) артық болмас. Шипагер еңбегін он жылдан аса зерттеу өз нәтижесін берді. Таразда 475-тен аса шетел және Қазақстан ғалымдары мен емшілері және басқа саланың мамандары қатысқан (24-25. 07. 09.) Халықаралық конгресі қазақ ғалымы Өтейбойдақтың қатардағы ғалым емес, екінші Ибн Сина атануы қазақ ғалымдары тарабынан айтылып қалмастан, Франция, Қытай, Ресей т.б. шетел ғалымдарының да ой пікірлері толық қуаттай түсті. Бұл жарты ғасырдан кейінгі өз еліне оралған, Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алған (1997 ж.) ғұлама Өтейбойдақтың «Шипагерлік баяны» желісі бойынша Тараздағы «Жастар сарайында» конгресс кезінде Жамбыл облыстық драматеатрының актерлерінің дайындауымен отыз минуттен аса саханалық көрінісі көрсетіліп, қатысушыларды терең толғандырды. Сценарийясын жазған және музыкасы мен «Шипагер баба» әні авторы З. Қожалымов. Саханаға дайындаған режиссері, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлшат Нүсіпжанқызы. Жаһангер еңбегіне арналған ғылыми зерттеу кітабының тұсауы кесілді. О дүниеліктер аманатын тірілер осылай орындады.

 

 

 

 

«ҚАЗАҚТЫҢ ҒАЛЫМ ШИПАГЕРІ  ӨТЕЙБОЙДАҚ    ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ»  АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

(Тараз. 24 – 26. 2009 ).

 

 

А Р Н А У

 

                                                                       Қожалымов  Зядан

 Ақын, сазгер,  Қазақстан

  Журналистер Одағының мүшесі.      

                      

Ассалау мағалайкум ағайындар,

Ежелден ел жұртына бағалылар.

Шипагерлер конгресі құтты болсын!

Ел өнері тарихында орны барлар.

 

Баласағұн, Қарақан,  Айша бибі,

Орта ғасырдың  ғұлама-киелісі.

Жиырма ғасыр тарихын атап өткен,                                                                        

Қасиетті Таразыма қош келдіңдер!    

                           

Тәуелсіз еліміздің туы астында,

 Жоғалған дәстүрлері оралуда.

 «Мәдени мұраның» бір саласы,

Шипагерлік өнер де гүлденуде.

 

Атаусыз кеткен еді емшілікте,

Бүгінде танылды ғой елімізге.

Қазақтың тарихы жоқ қасиеті, 

Кереметі тарады бар әлемге.

                           

Тәуелсіз ел еңсесі биік деген,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Нұрекеңнің еңбегі бағаланып, 

Қазаққа ЕврОдақ  төрін берген! 

                           

Еленді еңбектері емшілердің,

Алғысына бөленіп жамиғаттың.                           

Елбасы жолдаған «Алғыс хаты»,

Күш берді қатаюына қанатының. 

                            

 Алматы да басталған  конгресің,

 Жалғасуда  басқаруында Зиякеңің.

Он сегіз жыл тарихы бар  қауымдастық,

Меңгерді  ғылымында тылсымның.

                           

Бәрімізде қонағымыз бұл жалғанның,

Жақсы ғой орындалуы бар арманның.

Алтыншы рет бас қосқан бұл отырыс,

Орын алды- ау, төрінен Таразымның!

 

Шежіресінде  халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған. 

Жаһангер  асылдардың  көшін бастап,

Шипагер Өтейбойдақ дараланған.                         

Жетісу, Жаркент пен Нұралары,

Омбы  мен  Торғай, Сырдариясы, 

Қасиетті мекені  қазағымның, 

Шипа ілімі орнына айналғанды.  

                            

Даланың дарабозы  Өтейбойдақ,

Әз Жәнбек ханнан  бата алғанды.

Шу бойы Қозыбасы Ақ Орда  да,

«Шипагерлік баяны» жазылғанды.

 

Өтейбойдақ қазаққа асыл адам,

Ғылымиға ілімін айналдырған.

Фараби мен Баласағұннан  қуаттанып,

Өшпейтығұн  іліми із қалдырған.

                           

Жасады медицина ғылымы негіздерін,

Үш шыңы тағы алты белестерін.

Бір еңбекке сиғызып топ ғылымды, 

Сөздік пен пәлсафалық шежіресін.

                             

 Перзентін  Шәлкөденің  Айғайтасы,

 Жаратып,  жер  қойнына жасырғанды. 

«Шипагерлік баяны» ұрпағына,

 Онбесінші  ғасырдағы аманаты

 

  «Шашты әзіздің» артында сөзі қалды, 

  «Шипалық баяндай» көзі қалды.  

   Жат елде  жарты ғасыр қонақ болып,  

   Туған елге дүние-ай, қайта оралды.  

 

 Жатсынбады туған жер өз баянын,

 Ғалымдары қазақтың білді  мәнін. 

 Қытайдың да мемлекеттік сиын алып, 

Қуантты ол жақтағы қандастарын.

Орындалуда  шипагердің  аманаты.                     

Бұлдағы ғалымдардың таза еңбегі.

Құт болып баба аяны Зияданға ,

Зерттеуі «Шипа баянды» дараланды.

                            

 Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

 Ұрпағы ғой бабаның «Шипа  баян».

 Іске аспаған арманы жүзеге асты,                            

 Бес ғасырда қайтадан  нұрын шашқан.

 

Жыр маржанын тізілтіп теремін мен,

Бабаларымыз  алдағыны көре білген.   

Төрт мың жылды болжаған ілгеріде,   

Ғарышпен байланысқан Майқы бабам.

                          

Артта қалды қиындық өткелдері, 

Жаңаруда өмірдің көп белдері.

 

Көріпкел, болжамалық қасиетті, 

Машқұр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеді.

                              

Көреалмаса, көрмесін күндес деген,

Қайта оралды сегіз қырлы қасиетің.                                                                                                                                     Қазақ,  Орыс, Ағылшын тілдерінде,                            

Қауымдастық көрінуде интернеттен.

                             

Емшілер жақсылығы көрінуде,

Білгендері ілім болып өрілуде. 

Газеті «Шипа баян» тұмар болып,

Үнқағазы атанды білгендерге. 

 

Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде,

Ғарыштың  құпиясын меңгергенде,

Қожалымов Зиядан қажы ілімі ғой,

Алланың ақиқатын түсінгенге.

 

Кімге барып халқымыз  табынбады,

Ұлылығы бабалардың   дәлелденді.

Бұрынғының қанғысыз бұлақтарын,

Соңғылар қадірлейтін заман келді.

                              

Жан дауасын емшінің меңгергені.  

Жаны саудың – тәні сау көбейгені,

Иманжүзді ақ ниет шипагердің,

Жарқырасын жалынды еңбектері.

                       

Алыстан да, жақыннан келді мейман,

Жиналуымыз шапағаты бір Алладан.   

ЗЯДАН қажы арнауын  тарту етті, 

Тараздық   ЕРКЕБҰЛАН жыр толғаған.  

                        

 Мейман күткен қазақтың баласымыз, 

 Серік,Құдайберген, Зұлғиза, Шолпанымыз.

 Тараздық ағайындарға мың рахмет,

 Қабыл болсын жолдаған алғысымыз.       

   

 Ақындар мен даналар жырлап өткен, 

 Өмір шіркін өтеді-ау, тірлікпенен.  

 Қатарымыз көбейсін жылдан-жылға,

 Өткізейік бас қосуды бірлікпенен.  

 

Іске ассын бабалардың аманаты,                       

Емшілердің шықпасын жаман аты.

Шүкір, Тәубе, қанағат  иманымыз,                                             

Қабыл ет Жаратушым тілектерді!  

Қабыл ет Жаратушым тілектерді,  

Тілектерді, тілектерді, тілектерді!!!     

                                  

                                              Алматы.

Жазылды   3  мамыр   2009 жыл.