ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

23

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Қазақ даласына жер аударылып келген дәрігер С.Большой болды. Ол қазақ тілін үйренді. Сөйтіп Савва елдің әдет-ғұрпын зерттейді, қазақ емшілігін зерттейді. Халық емінің сыр-қырын жазып, емшілердің ерекше-лігіне баға берген еңбегі. XIX ғасырдьщ басында жарияланады.

Генерал-майор В.Б.Броневский де 1830 жылы өзінің "Аурулар және оларды емдеу" мақаласында халық емшілерінің шипалық әдістерін жазады. Ал орыстың географиялық қоғамның мүшесі саяхатшы А.И.Левшин болса, қазақтың тәуіп және молдасының науқасты қалай емдейтініне баға береді. Емшілерді ол екі топқа бөледі. Біріншісінің негізгі емдеу әдістері – ауруды алдау-арбау, халықты жоққа сендіру, ол гип­ноз немесе психотера-певтік әдіс десе, ал екінші топка, олар негізінен өсімдіктен және басқа "жұмбақ" заттардан емдік дәрі жасайтындарды жатқызып, оларды "дәрі-гер" деп атауға болады дейді.

Қазақ емшілері арасында ботаника мен химиядан хабары барлары бол-ған. Олар өз білімдерімен орыстың жәй ғалымы ғана емес, дәрігерлерін де таң қалдырған. Дәрігер, штабс-лекарь С.А.Яроцкий болса 1836 жылы, кейбір қазақтың емші, бақсыларының адамның денесіне шыққан жара-бездерді бақыртып отырып пышақпен сылығанын немесе тісімен жұлғанын жазады. Науқастың шыдамына таң қалады.

Әскери дәрігер А.Ягмин 1845 жылы жазған өз еңбегінде қазақ ха­лық емшісінің кейбірінің сырқатқа философиялық көзқарасына таң қалады. Қазақ емшілері науқасты өз организміндегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ және ылғал деп төрт типке бөледі деп жазады.

Бұдан кейін де талай орыс ғалымдары халық еміне әртүрлі баға береді. Сеніммен қатар сенімсіздік те пайда болады.

Дегенмен даланың көшпелі халқының киелі өнері халық еміне, оның бақсы, тәуіптеріне мән беріп, құпиялықты хатқа түсіріп зерттеу орыс ғалым дәрігерлері үшін бір жағы қызығу болғанымен, шын мәнінде қазақ халық емшілігінің сырын алу еді. Сыры ашылған емшілік құпиялары да, бөгде ұлттардың да өз өнері болып сіңіп кетері анық еді.

Қаншама коғамдық өзгерістер болғанымен, орыс халқы өзінің халық емін және емшілерін астыртын басқа жолдармен дамытып отырды. Мәселен, парапсихология, фитотерапия, уфология, психотерапия, телепатия, астрология, биоэнергетика, т.б. атаулармен емдеу және ғылыми орталық-тарын ашып халық емін дамытып отырды. Сексенінші жылдардың ортасынан бастап ғана халық емшісі деген көнеден жаңарған атауды енгізді. Қазір Ресей мен Украинада және т.б. елдерде бұл тектік киелі қасиетті ер адамның нақты қолынан келетін қабілетіне қарай бақылап әрі атағын береді.

Мәселен, Ресейде экстрасенстерді оң және теріс әсерлі экстрасенстер деп екіге бөлген. Қыскасы сынықшы – сынықшы, таза емші – емші, сылап-сипаушыны – уқалаушы, көріпкелді – көріпкел, жұлдызшыны – жұлдызшы, шөппен емдеушіні – шөп емшісі т.с.с.

Ал қазақстанда бақсы да, балгер де, тәуіп те, көріпкел де, жұлдызшы да, болжаушы да, тамыршы да, кітап ашушы да, сыртқы күшпен байланысушы да, дұғамен емдеуші де, дем салушы да, сынықшы да, биотокпен емдеуші де, құмалақшы да т.б. касиеті барлардың бәрі халық емшісі саналады. Ал арнайы дәрі-дермек жасаушы мен шөппен, асыл тастармен, табиғи минералдар (балшықтың, құмның, минералды судың, тұздың, т.б.) көмегімен емдеушілер мен жәй ұшықтаушы мен аластап үйдің ішінің лас қуатын тазалаушы да емші қатарына қосылуда. Бұл киелілердің жазбайтын ауруы, бойына бітпеген қасиеті қалмағанын айтқанда таң қалмасқа шараң жоқ. Сауатсыздардың осындай елсіз жағын білгендер оларды мадақтап, марапаттап өз қол астына алып, "кәсіби халық емшісі" атағын және одан да жоғарғы атағын беріп, олардың еңбегін өз мүдделері үшін пайдалануда.

Қазақтың "Ат шаппайды, бап шабады" деген нақыл сөзін еске алсақ, бапталмаған "кәсібилердің" көбі жолда қалуда. Бұл сан көбейіп, ақыры ел ішіндегі таза жүйрік емшілер қалары анық. Санның жойылып, сапаның артуы нағыз халық емшісінің сытылып топ жарып, жеке дара алға шығуы кезеңі жақындады. Халық өзінің киелі қасиетін өзі билейтін уақыт алыс емес. Сондықтан, кім емші, кім болжаушы, кім бақсы, кім шөппен емдеуші, кім көріпкел т.с.с. жеке-жеке киелі қасиет иелерін танитын мезгіл жеткен сияқты. Бұл халқымыздың халық емшілігі өнеріне көрсеткен кұр-мет өрі ғылыми анықтама болмақ.

Халықтың халық емшілеріне деген сенімі, ықыласы азаймайды. Оны тоқтату да мүмкін емес. Халықтың рухани танымдық санасы өсіп, ха­лық еміне деген талғамы артқан сайын, өз емшісін өзі іздеп тауып таңдайтын уақыт та жақын калды. Бір жағынан жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емшілерден күманданудың қажеті жоқ. Ол құдірет күшімен болып жатқан табиғат заңдылығы. Бізден бұрын да басқа алыс шет елдерде аяқ астынан емшісымақтар көбейген. Олар өздерінің шарықтау кезеңінде біраз дүрілдегенімен, су сепкен оттай тез сөнеді де, нағыз жұлдызы жанғаны ғана қалады. Бизнестік бәсекелестік сияқты тектік қасиеттің де бәсекесі барын түсінген дұрыс.

Діни рухани таным өскен сайын емшіліктің тұрпайы түрі біртіндеп өзін-өзі жоя бастайды. Таза емшіліктің халық емі саласы ғана калады. Алланы шын жүрегімен қабылдаған жаны таза адам ауруға да қарсы тұрып, өзін-өзі қорғау мен емдеу дәрежесіне жете алады.

Ислам діні қазақ жеріне еніп, қабылданған күннен бастап, ата-баба­ларымыз Аллаға сенімін, өзінің адалдығын жоғалтқан емес. Алла: "Сақтансаң сактаймын", – деп, "Құран Кәрімді" түсіріп, өз елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарға беріп, сахабалардың және күллі үмбетінің мінсіздігін сақтауды тапсырған. Алла тағала шипагерлік ізденісте әлемге әйгілі болған небір ғаламаттарды жарыққа шығарған деп, XV ғасырдың қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы анық жазыпты ("Шипагерлік баян". "Жалын". 1996 ж. 48-бет).

Бұдан кейін ұлы ғұлама Өтейбойдақ баба: "Шипагерліктің теңдессіз қараүзген алыбы және пірі Лұхман хакім. Сондықтан "Бисмилла" деп тамыр ұстар алдында: "Менің қолым емес, Лұхман хакімнің қолы", – деңдер деп шипагерлерге әдептілікке, Аллаға құлшылыққа, шипагерлер-дің пірі Лұхман хакім әруағына құрмет көрсетуге нұсқау береді.

Дала жиһангері атанған, өз заманының Шашты әзізі, ғұлама ғалымы, дала академигі, қараүзген шипагер Өтейбойдақ баба қазақтың кең сахара-лы жері Шалкөдеден бастап, Жаркент, Нұра, Есіл, Жезқазған, Сыр бойы, Торғай және Омбы, т.б. жерлерін мекендеген елде больш, жетпіс жылдық жинаған халық емі әдіс-тәсілдерін ғылыми негізде тұжырымдай білді.

Бір ғана дала казағының бір "Шипагерлік баян" кітабында оннан асық ғылымды бір біріне жакындастырып бір ғана халық емшілігіне қызмет еткізе білуі нағыз ғаламаттың ғаламаты деуге болады.

Қазақтың ғылыми медицинасының негізі оның халық емшілігі бо­лып табылады. Халық емшілігі біртіндеп ғылыми медицинаға айналуына бір ғана Өтейбойдақ баба үлес қосып қалған жоқ. Халық емшілігінің бастауы мен ғылыми негізін құруда Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн, Қожа Ахмет Иассауи т.б. үлестері болғаны шындық. Бұл та­рихи шындық, оның беті әлі ашылары анық.

Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бір өзі емдік қасиеті бар 70-тей металл-металоидты, 758 түрлі өсімдіктің, 318 түрлі жан-жануарлардың мүшелерін анықтап, ғылыми дәлел беріп, оны пайдалану-ға ұсынуы үлкен жетістік екені анық.

Бұл кітаптан 1050 түрлі дәрі-дәрмек пен 4577 рецептік тізбе мен 430-дан артық сыртқы адам ағзаларының биологиялық атауын анықтағанын оқи аламыз. Әрине, қолжазба өртенгендіктен бізге жартысынан азы ғана жетіп отыр.

Өзі жасаған дәрісін алғаш өзіне пайдаланып, бір өліп, бір тіріліп жүріп Өтейбойдақ баба артына әлем елі медицинасы саласында шоқтығы биік "Шипагерлік баянын" қалдырды. Бұл еңбектің бес жарым ғасырдан соң жарыққа шығып біздің қолға тиюі, ұлт мақтанышы әрі қазақ халық емінің сыртқы және ішкі жауларына соққы болды. Баба: "Қырықтың бірі қызыр, жетінің бірі – әулие", – деп қоспадан дәрілер жасады.

Адам денсаулығының тұрақтылығы мезгілдік өзгерістер мен жарық пен қараңғылыққа да байланысты өзгеріп тұратынын Өтейбойдақ баба дәлелдеп береді. Адам организміне ыстықтық (мезгілдік, күн көзінің ыстығы, топырақтық ыстықтық, тұлғалық қызу) мен суықтық (тоң өту, аяз, ызғар, сыз өту) өзгеру мөлшеріне қарай, жазда, күзде, қыста және көктемде әртүрлі әсері болатынын анықтайды (56-58-беттер).

"Сынықтан басқаның бәрі жұғады" дегендей, жұқпайтын сырқат жоқты-ғын ескерткені халық емшісінің ғылыми сауаттылығы болмақ.

Қазақ шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің жеке ұсынысымен тұқым тазалығы жеті атаға толмай қыз алыспау деп Әз Жәнібек ханға Жарлық шығартады (43-бет).

Әлем ғылымы шешекке қарсы егетін вакцинаны 1796 жылы ағылшын ғалым, дәрігерлері Да Винич пен В.Гарвер ашты деп келсе, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешекке қарсы егілетін вакцинаны XV ғасырда-ақ өзінің Шәлкөдесінде карапайым тәсілмен ашады. Бұл әлемнің медицина ғылы-мы жаңалығынан 360 жылдай бұрын еді. Тіршіліктің материалдық алмасу қозғалысын Ф.Энгельстің еңбегі бойынша 1870 жылы ашылды деп ғылым мойындаса, бұл заңдылықты баба 400 жыл­дай бұрын ашады.

Шәлкөдеде тірі қойдың жүрегін жұлып алып, Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алып, жүрек, ми, қан тамырлары қызметін анықтайды.

Адамдардың ішкі және сыртқы он екі мүшесі қызметі де анықталады.

Қазақтың қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының еңбегі "Шипагерлік баян" кітабында, өте қауіпті оба, сүзек, кызылша, алапес, көкжөтел, күл, құлғана, қылтамақ, туберкулез, терінің сыртқы жұқпалы аурулары сияқты т.б. күрделі сырқаттарды жазатын, дәрі-дәрмегін, емдеу әдіс-тәсілін ойлап тапқанын оқи аламыз. Жойқын медициналық энциклопедиялық кітапта қазақтың емдік тағамдарының рецепті, ем болатын ауру түрлері тізбесі де болуы қазақ халық емінің абыройының асқақтағаны дейміз. Өтейбойдақ баба үсіген, өлдіге есептеп үсікке қатты ұшырағандар мен күйіктің қауіпті дәрежесіне душар болғандарды өзінің дәрі-дәрмегі, әдіс-тәсілі арқылы аман алып қалып отырды. Және суға кетіп табылған өлдіге есептегендерді де өз әдісімен тірілтіп ала білді (95-96, 129-беттер).

Кітапта сырқатты анықтаудың сыртқы түрінің 32 түрін (есекжем, ауыз жара, алапес, қызылша, сүйел, т.с.с.), сыртқы дене жарасының 6 түрін (шиқан, жалғыз жара, жақ рагы т.б.), зерттең аурудың 5 түрін, күйіп қалудың 3 түрі, улы жәндіктер шағуынан болатын аурудың 3 түрін (жылан, шаян, бүйі), сіреспе (талма) ауруының 2 түрін, үсіп кеткеннің 3 түрін, есі ауысқандықтың 4 түрі (қояншық, бұқпа, есалаң, жынды), ата-анада кездесетін белсіздік ауруының 5 түрін, жүйке ауруының 2 түрін (нерв әлсіздігі, ұйқы қашу), мүшелерде өзгерістен болатын аурудың 9 түрін (тістің етіне қосымша өсетін ет, әртүрлі мүше-де ет өсу т.б.), іш кебу мен асқазан қыжылдау, мұрын қанау мен бой бұзылу, қансырау, дәретке қан араласудың 4 түрі, дене ағзаларының қақсауының 5 түрі (тіс қақсау, шеке т.б.), жазымдық сынықтың 4 түрі (сыну, шорт сыну, быт-шыт сыну т.б.), құсудың 3 түрі (ұшықтан, тамақсаулықтан, жүктіліктен), жұқпалы қауіпті аурудың 10 түрін (құлғана, мерез, соз, жіңішке, көктүйнек, көкшешек, түйнек т.б.) кездестіреміз. Бұдан да көп сырқат түріне халқымыздың емдік әдіс-тәсілді меңгергенін білуге болады. Кітаптың қолжазбасының өртелуі ұлттың халық емі өнері-не орны толмас қасірет әкелді.

Сонда да ұлы қараүзген пшпагер өзі жазьш қалдырғандай: "Ел айтса, қалт айтпайды" деп, халқына сенді. Жетпіс жылға жуық өмірінде ел аралап жүріп, халық емінің емдік мұраларын жинады. Өзінен бұрынғы ғұламалар Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн т.б. үздік медицина-лық және философиялық шығармалары мен қасиетті Құран Кәрімнің аяттарымен танысып, өз білім дәрежесін практикалық, халықтық және ғылыми-теориялық жақтан шыңдады. Сондықтан да болар, Өтейбойдақ ғүламаның жетпіс сегіз жасында "Шипагерлік баянды" жазуды бастауы. Өтейбойдақ баба таза қазақ қанды ғұлама ғалым. Ол сырқатты емдеу-дің қарапайым халықтық емдік жолының жазғанынан бізге жеткені де баршылық. Мысалы: – Уқалаудың - 12 тәсілін (батырма, шымшыма, т.б.), қан алудың - 5 түрін, бұлаудың - 6 түрін (кдптамалы, буламалы, сумен, құрғақ, түйіндеп, құммен), терлетудің - 9 түрін (шыпылдап шығатын тер, ауыспалы тер, майлы тер, бастан, табан мен алақаннан шығатын тер т.с.с) халқына ұсынады. (97-100, 326, 327-330, 335-360, 362-372, 376-382, 394-396, 397-402-беттер. "Шипагерлік баян", "Жалын", 1996 ж.). Қазақ халық емінің ғылыми негізін қалаушы Өтейбойдақ баба: "Құдайдың баска салғанына көндім" деп (320-б.) өзіне және еліне сенгендіктен "Ел білім дәулетінің қайнары" деп (321-б.) айтқаны бүгінде дәлелденгеніне тәубе дейік. Емдеудің өзін бастауда еркекті оң жағынан, ал әйелді сол жағынан бастау шарт (326-б.) деуі, бабаның дінге байланысты айтқаны болар? Тіршілік көзі – қан (70-б.) деп, сырқаттың болу себептерін жене емдеу әдіс-тәсілдерін ұсынған "Шипагерлік баян" кітабын оқыған сайын өз халкыңның халық емінің жаңа сатыларына көтеріле бересің. Қазірде біреулер "Шипагерлік баянды" оқымаса да, оған жалғандықтың сенімсіздік ұғымымен қарауда. Біз ондайлардың азаматтық құқына қол сұқпай тұрып, сіз әуелі "Шипагерлік баянды" оқыңыз, тағы оқыңыз, тағы қайталаңыз сонда ғана Өтейбойдақ бабаның кім екенін түсінесіз, оның әруағына бас иесіз демекпіз. Бір жарым миллиардқа жуық халқы бар Қытай елі, Өтейбойдақтай Жетісудың ұлы жүзінің, Албаннан шыққан қазағының "Шипагерлік баян" кітабын тануы бүкіл қазақ халқының халықтық емінің емшілік өнеріне көрсеткен құрмет екенін мытпайық ағайын.

Қызғаншақтық па, әлде жалқаулығымыз ба, сенімсіздік пе Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баянын" 1994 жылдан газеттер арқылы білсек, өз елімізде 1996 жылы баспадан шықканымен, әлі күнге дейін кітапты толық зерттемеу өкінішті-ақ. Кітапқа зейін салып, ізденіс жасап жаткандарда онша коп емес. Дегенмен "Шипагерлік баян" аты естіліп, баспадан қолға тигелі оның ғылыми медицина мен халық емшілігі саласындағы құндылығына мән беріп, оған белсенді түрде ғылыми-танымдық мақала жазып жүргендер де баршылык. Солардың ішінде үдайы «Шипагерлік баянға» үлкен баға беріп, өз ойьш ашық айтып жүрген оқу министрлігінің, қазіргі комитеттің оқу орындарына оқулықтар шығару басқармасының бөлім бастығы, биология ғылымның кандидаты, до­цент Жандар Керімбектің Ермаханы. "Алматы Ақшамы" газетіндегі жария-ланған "Халық емінің келешегін екшесек" (№38, 3.04.1996 ж.) мақаласында, Ерекең Өтейбойдақ бабаның "Шипагерлік баянына" ғылы-ми талдау жасау мен оны ыңғайластырып арнайы және жоғары меди-циналық оқу орнын студенттеріне оқулық ретінде дайындауды ұсынды. Ерекең өзінің ойын ғана айтып қалмастан, "Шипагерлік баянның" ғылыми маңызын зерттеуге де ықпал етуде. Осы мақалада ел ішіндегі қаптаған емшілер жөнінде, оларды түр-түріне дейін бөліп (Бақсы-балгер, тәуіп, көріпкел т.с.с), оларға ғылыми және практикалық жақтан көмек етіп, халық емінің абыройын көтеріп қана коймай, оның ғылыми негізін да-мытуды ұсынады ғалым. Ғалым емшілерге құрмет, оның талантын тани білу халықтың халықтық емдік өнерін тану әрі оған құрмет дейді. Бұған дейін журналдар мен газеттерде халық емі және оның дамытушысы халық емшілері жөніндегі құнды әрі маңызды мақалаларға тоқталады. Көріпкел "Әулие Вангадай" ұлы киелі әруақтылардың бізде де болға­нын, олар қазір жоқ болғанымен тектік қасиеттің түбі оралатынына ғалым күмән келтірмейді. Ғалым өз ойын ашық түрде ұсынып, арнайы және жоғары медициналық оқу орындарында, халық емшілігін арнайы оқытатын, нағыз ғылыми халық емшілерін дайьшдайтын курс, бөлім және факультеттер ашуды ұсынады. Бұл өте қуанарлық. Осындай құнды ұсыныстар көбейе берсе халықтың халық емі және оның емшілері қазіргідей жетімсіреп, пайдакүнемдердің тірі бизнестік кесімді тауарына айналмас еді. Қолдаушысы бар халық емшілігі өз бақытын табарына, мен халқыма, ғалымдарға және мемлекетіміздің адал ниетті басшыларына сенемін. Сіздер де сеніңіздер!

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баянында" сол кезде-ақ қандай адам «әулие» және «қасиетті» болатынын нақ дәлелдеп береді (139-бет).

Ұлы ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ "Қол кірі дәулетке қызықпа!" деп емшілерді (шипагерлерді) адалдыққа шақырып, еңбегін пайдакүнемдікке, атаққұмарлыққа, бағалы еңбекке айналдырмауды қатал ескертеді (140-бет).

Шипагерлік те өнердің бір түрі, ол нағыз өнерпаз екеніне Өтейбойдақ баба баға береді. Қараүзген шипагер емшілікке баға бергенде: "Емшілік дегеніміз ешкінің өзін көрмей, мүйізін ғана көргендік", дейді (80-бет). Сөйтіп шипагерлерді екі топқа бөледі. Олар: болжамалы және емі дарымды шипагерлер дейді. Болжамалы мен емі дарымды (қонымды, жұғымды) шипагерлерге жеке-жеке ғылыми түрде анықтама беріледі.

 

1. Дарымдылығы бар шипагерлер:

 

1. Теңдессіз барлық ауруды жазатын.

2.   Нағыз шипагер

3.   Қараүзген шипагер

4.   Шипагер

5.   Емші

6.   Емкөс

7.   Жарғышы (ісік, жараны жарушы)

8.   Қараемші

9.   Қаншы

10.   Тамыршы

11.   Сынықшы

12.   Оташы

13.   Іш сипағыш

14. Көзкарақшы (көзді қараушы)

 

 

 

2. Болжамалы шипагерлер:

 

1.   Бақсы

2.   Ішірткіші (ішірткі)

3.   Жауырыншы

4.   Балгер

5.   Құмалақшы

6.   Болжағыш

7.   Аяншы (Аян арқылы)

8.   Құшнаш

9.   Әулие

10. Әнбие

 

Кітапта нағыз шипагер мен қараүзген шипагерге ешқандай теңеу қоймаған.

Соған қарағанда бүл екеуі дарымдылығы бар шипагерлер ішіндегі ғылыми жөне практикалық жағынан өте жоғары тұратын болу керек (81-82-беттер). Адамның ризғысы мен несібесі жөнінде, тұлғалық бітімнің шарттары және денсаулыққа ыстық пен суықтың әсері туралы да анық та, ғылыми дәлелді тұжырым "Шипагерлік баянда" баяндалады. Адам өмірі-нің алғашқы сатысынан бастап, өсу, ақыл толу, есею, қартаю, ақыры өмір-мен қоштасуына дейін нақты болжамдық анықтаманы да "Шипагерлік баяннан" табасыз (83-бет).

Көне дәуірдегі халық еміне оның емшілерінің еңбектеріне әділ ба­ға берсек, қазіргі ғалымдарымыз қанша ғасыр артта қалғанын аңғару қиын емес. Ал бүгінгі емшілердің, оның ішінде "кәсіби емшінің" білімі, мәде-ниеті және психологиясы жөнінде жазбақ түгілі ауызбен айту да ұят сияқты. Екі аяқтары аспаннан салбырап түскендей болып, біз "кәсіби халық емшісіміз" деген ел ішіндегі жәй емшісымақтарға өз бас пайдасы үшін және қолдаушы – әміршісінің бұйрығын орындауда қоқаңдауын қоятын уақыт жетті. Алматыдағы "Халықтық емдеу орталығының" "кәсіби емшісымақтары" Тоқаш Маханбетова мен Жақсыгүл Бейсенбаева т.б.-лар жәй емшілерді зәбірлеуші ғана емес, заңды қоғамдық ха­лық емі қауымдас-тығын "таратып" жүргендер (Шу қаласы 3.08.19.98 ж.). Алаяқтық пен ал-дампаздық ел ішіндегі емшілер арасында баршылық. Бұған жалпы халық болып тиым салатын уақыт жетпеді ме? Бұған құрметті оқырман дұрыс баға берері анық.

Қаншалықты сыбайластар, халық еміне қарсылар байбалам салып, "Халық емшілері халықты сенімсіздікке апарды, кімге болса да зияны тиіп жүр" дегенімен халық емін дамытушы емшілердің бойындағы құдіреттің сиқырлы күшін тоқтату мүмкін емес. Оны ешқандай заң да, жеке басшы да тоқтата алмайды. Сапалы, мәдениетті емшіні дайындау жолы ол әр емшіні өзінің мекені бойынша, сол жерде тұрақты жұмыс істету болмақ. Өз аулының әкіміне емшіні бағындыру, оны сол ауылдағы дәрігермен бірге жұмыс істетіп, емшіден алатын салығын алу уақыты жеткелі кашан. Әкім-дер бұны неге ойламайды? Емшілердің ел аралап ұятсыздыққа баруы, жанұяларын тастап кетуі емші еңбегін қанаушылар үшін ештеңе болмаға-нымен, болашақ ұрпақ пен халық емі алдындағы кешірілмес күнә екенін енді әкімдер білсе артықтық етпейді. Жекешелендіру заңы да әр әкімшілікке өз емшіңді қаңғытпай, табысыңа ие бол, отбасы амандығын қорға, өз адамыңның табысына өзің ие бол деген мемлекеттік тапсырма деп түсін-ген абзал демекпін.

Қазіргі уақытта қауымдастық өз есебіндегі киелі дарынды рухани сауықтырушылар мен емшілерінің ата-тектік емшіліктің 30-ға жуық тобын және аурудың сырқатын анықтаудың 40-тай, ал сырқатты емдеудің халық-тық әдіс-тәсілінің 50-ден артық түрін анықтады.

Халық арасында бұл тәсілдерді қайта үйретіп, оны таратуда көптеген адал ниетті рухани сауықтырушылар жақсы қызмет көрсетіп, міндеттерін абыройлы атқарып келеді.

Құдайдан қорықпаған алаяқ емшісымақтарға нақты қатал шешім қолда-натын, ал оларды жөнсіз үгіттегендерден де сүрау койып жауап алатын уакыт өтіп барады. "Темірді қызғанда соқ" дегендей, әрнөрсенің өз кезегі барын ескерсек, халық емін өз бас пайдасына пайдаланғандар мен алаяқ емшілерге күш берушілерге тиым салатын кезек келді.

Қазіргі уақытта қоғамымыздағы қолайсыз себептерден, медицина қыз-меті басшыларының медициналық қызметті дұрыс ұйымдастыра алмауынан, медицинадан күректей дипломдары бар дәрігерлер моральдық-материалдық және психологиялық жақтан әбден әлсіреді. Дәрігерлердің халық алдындағы абыройы төмендеді. "Аш бала тоқ баламен ойнамайды" демекші, жылдап немесе айлап айлық алмаған дәрігерлеріміз халқына қан-дай мейірімді сөзін айтсын. Сонымен, осы күнгі мықтылар басқаратын медицинаның қызметі, советтік медицинаның шаңына да ілесе алмай, быт-шыт болып, оның емдеу және ғылыми мекемелері өздігінен-ақ ықшамдалып немесе жартылай жабылып, тіпті тарай да бастады. Жекеленген медициналық қызмет көрсету құны қымбаттады. Ақшаң жоқ болса өлсең де дәрігер қабылдамайды. Сеніп жүрген, ай сайын ақшаңды аударып тұра-тын медициналық қамсыздандыру басқармасы қорына суық қолды жегіш-тер түсіп, оның бұрынғы басшысын халықаралық "Интерпол" ұйымы із-дестіруде.

Медициналық қызмет ауыр халде. Халық амалсыздан халық емшісіне қаралады. Емшілердің тілі майда, Алласы мен аяты аузында және әртістігі тағы бар. Ауру адамды өзінің сиқырымен кейбір алаяқ, пайдакүнем, атаққұмар, иманнан жұрдай емшілер "кәсіби халық емшісі" куәлігін (бұның кейбіреуі сатьш алынған немесе ксерокөшірме) көрсетіп, торына тез түсіреді. Осылардың салдарынан кейбір емші қолынан келмейтін сырқаттар асқынып та жатыр. Бұны сезген медицина қызметкерлерінің жанайқайы мен наразылығы дұрыс демекпін. Осыдан ба­рып халық емінің қадірі кетеді. Атақты емшілердің тума адал қасиеті ұзақ уақыт ел алдында өзін таныта алмайды. Мен көптеген маман дәрігер және ғалымдарымен пікір алмасып тұрамын. Халық еміне деген ынтасы бар, сезімі жоғары, орта, арнайы орта, жоғары білімді және ғалым медицина қызметкерлері көптеп кездеседі. Екі иығын қомдап, өзін-өзі марапаттап жүрген сауатсыз, тұрпайы және "кәсіби халық емшілерін" дайындағанша, жоғарыдағы ерекше дарынды қасиетке ие, иман жүзді, шын пейілімен адам денсаулығының корғаушысы болып жүрген меди­цина қызметкерлерінен халық емшісін дайындау керек. Халықтың қалтасынан суша ағып сауатсыз "емшіге" кеткен ақша осы ақ халатты абзал жандар қалтасына түссе, оның өмірлік қайтарымы боларына сенуге болады. Қазақ халқының халық емінің ондаған ғасырдан артық тарихы барын білдік. Халық емшілігі құпиясын ашатын қазақ ғалым ба, орыс ғалым ба, мейлі қытай ғалымы ма, т.б. бізге бәрібір, жабулы бұлақтар көзін ашуға әлі талай ғасыр да жетпесі шындық.

Мен мемлекеттікпін, құқым күшті, мен ғана халық емшісін анықтай аламын деген мырзалар, енді ойланғаны жөн. Әркімнің де, әр ұйымның да, мемлекеттік мекеменің де, т.б. ғалымдар мен біз танымайтын, әлі білмей-тіндердің де халық еміне өз үлесін қосары анық. Қызғаншақтықтан аулақ болып, сауатты халық емшілері мен медицинаның ғалым-дәрігерлері және халық ішіндегі халық емі таланттары бірігіп, жұмыс істейтін уақыт та жетті. Қазақ халқының халық емшілігінің таусылмас бұлағының көздері бар. Ол ұлттың көне дәуірдегі ата-бабаларының тектік қасиетінің жалғасы. Оның қанының құрамындағы көзге көрінбес құрамдас бөлігі де. Халық емі ол халықтың тума жеке меншігі әрі өнерлік қазынасы. Халық емін тек ха-лық қана мұрагерлік етіп сақтап, корғап және мәпелеп келеді. Қилы кезең-дік заманда билеушілер халық емін де жене оны үгіттеуші көп салалы қасиет иелерін де түп тамырымен жойды. Ол тарих шындығы. Енді нарық деген шықты деп, тума қасиетті ақшаға айналдырғандар әлі мәңгілік өкі-нішпен ар-ұятьша қалары анық. Сондықтан да бұдан бұрынғы халық емінің жанашыры болған марқұм ғалымдарымыздың рухына кір келтірмейік. Әруақтарын біраз күнгі жан рахаты үшін назаландырмайық. Халық емі ол хандікі де, қаранікі де емес, ол уақытша билеуші шонжардікі де емес, ол халықтың өнері әрі байлығы.

Жарымына жуығы әлемнің қырықтан артық елінде шетте жүрген, қазақ ұлтының халықтық емшілігі мұраларын жинап, оны өз отанымыз қазақ елінде өңдеп, халыққа таныстыру бір ғана ғалымдар міндеті емес, жалпы халық міндеті екенін ұмытпайық.

Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: "Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организміндегі төрт шырын қан, сілекей, сары ет және қара еттің қасиеттеріне тіке-лей байланысты". Сол төрт "шырынның" негізін табиғаттың төрт құ-былысы жылы, салқын, қүрғақ және ылғал деп пайымдайды. Өтей-бойдақ баба да дәл осылай дәлелдейді. Адам баласының мінез-құлқы мен қызу қандылығы ағзадағы сол шырынның қай түрінің басымдылығына қарай төрт жағдайда болатыны Гиппократтың пікірінше дәлелденуде.

Қаны басым адам – пысық, жігерлі, әр нөрсеге қызыққыш, күйгелек, зерек болғанымен, ісін шабандау орындайды;

-    сілекейі басым адам – ұғымы шабандау, сылбыр, енжар, ұстамды, ашуланбайды, әрбір іске асықпай, немқұрайдылау қарайды;

-    сары еті басым адам – жігерлі келеді, жұмысқа шапшаң, бірақ көңіл-күйі құбылмалы, лезде өзгеріп отырады;

-    қара еті басым адам – уайымшыл, өміріне риза емес, дүние сырын түсінуі шамалы, бірақ жүріс-тұрысы мінсіз, сырттай әдепті, білімді көрінеді.

Бұл халық медицинасының ұғымы болғанымен, оның ғылыми медицинаға ұқсастығы да байқалады. Ертедегі қазақ емшілері білімсіз болғанымен, олардың ішіндегі кейбіреулері күнделікті өмірдегі өзгерістерге мән берді. Өз шешімдерін қабылдады. Сол кездегі қазақ даласындағы емшілердің өзінше ғылыми танымы бұл күнде ғылыми сипатқа ие болды.

Қазақ халқының халық емшілігі әлем халқы алдында үлкен абыройға бөленеріне күмән жоқ. Оның болашағына жол ашылуына көмектесейік. Қанатымен су сепкен халық емі абыройы арта берсін.

 

 

8.8  ТЕЛЕПАТИЯ

 

Адамның ойы арқылы сыртқа көрінбейтін неше түрлі рухтармен байланысқа шығып, өзара ақпараттық хабарлар алмасуы телепатиялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Телепатия әдісі арқылы тірі пенделер көбінесе о дүниелік ата-бабаларының рухымен байланысқа шыкқан. Ал бақсылар, көріпкелдер, болжаушылар, жұлдызшылар, Құран ашып сөйлеушілер, түс көріп, аян алушылар, көрінбейтін бейнемен елестік түрде аралық қатынас жасайтындар, жауырыншылар, құмалақшылар, сынықшылар, кейбір емші-лер, уфологтар, ақын-жыраулар, телепатия саласын зерттеуші ғалымдар, ұлы жазушылар, сазгерлер, суретшілер, өнер адамдары, билер, батырлар, шешендер, т.б. дарын иелері ерте кез­де сыртқы әсер күшімен ақпараттық хабар алу мен хабар беру тәсілін жақсы меңгерген. Қазіргі уақытта бұл ой арқылы сыртқы көрінбейтін күштермен катынас саласы жаңадан ояна бас-тады. Дегенмен, адам өзінің ойы арқылы ұғысып байланысатын рухтардың бәрі бірдей емес. Оның да "қайырымды" және "қайырымсыз" рухтарға және ешқандай әсерсіз "бейтарап" рухтарға бөлінетінін білген жөн.

Сондықтан да кейде шақырмаған "қайырымсыз" рухтар да ортаға кіріп, сенің пәлен деген атаң немесе әулиеңмін деуі мүмкін. Бұндай рух­тар өмір-де "зұлым" болып өлгендердің қайырымсыз рухы немесе пері, дию, жын-шайтан т.б. рухы демеске ләжің жоқ. Қазіргі күнгі көптеген "емшісымақтар" мен қолдан жасалған "кәсіби халық емшілерінің" ішіндегі есерсоқ-тықпен, елді алдап қалтасын қағып, құдайды аузына алғанымен шынында құдайсыздар тобының көбі "қайырымсыз" рухтарға табынып бас игендер екеніне күмәндануға болмайды. "Ел айтса – қалт айтпайды", – деп қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы айтқандай, халық "жүздің жүйрігін де, мыңның тұлпарын да" тани бас­тады. Халық даналығының артуы, санасының танымы өсуі олардың ой-түйсігіне таза қайырымды рухтар әсер еткендіктен деп түсінген жөн. Сондай-ақ кейде бір адамдар кездейсоқ бақсы, есі олай-бұлай және жынды да болуы, шақырмаған зиянкес азғындағыш, талқандағыш арам пиғылды зиянкес қайырымсыз рухтардың тікелей, түтқиылдан шабуылынан болмақ. Бұл рухтардың түр-тұлға-сы, ғарыштағы орналасқан планетасына қарай сыртқы өлшемі де әртүрлі болады. Рухта салмақ жоқ. Ол адам сияқты денеге ие емес. Рух – ол нұрдан жаралған. Ал адам тек жер бетінде ғана адам. Ал ғарыш үшін ол да – pyx. Біз сәби болып жараларда Алла тағала өзі аналық ішкі жетілу орнына, өз құдіретімен сондағы тамшыдан етке, еттен аралас сүйекке, одан адамдық тұлғалы болған денеге рухты енгізеді. Одан кейін тоғыз ай тоғыз күнде сәби ана құрсағынан шыр етіп, жер ана құрсағына өмір сүруге келеді. Баланың ет пен сүйегі әке-шеше сенікі екенін, ал рух – Алланың жібергені екенін біле бермейміз. Бұл Алланың заңы.

Сонымен, телепатия жонінде басқа дамушы шет ел ғалымдары ертеден-ақ зерттей бастады. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1898 жылдан бастап отыз жыл бойы шет ел ғалымдарының телепатия, спиритизм, магнетизм сияқты үш түрлі үғымына талдау жасады. Шәкәрім одан кейін "Үш анық" кітабын жазды. Осыдан-ақ біз спиритизм (сыртқы рухтармен байланысу) тәсілін де, магнетизм тәсілін де жүзеге асыруда тек қана теле-патиялық тәсіл көмектесетініне тоқталайық. Ой арқылы немесе медум-дық тәсіл (ішкі жан дүниенің қызметін сыртпен қосуға) белгілі сыртқы аралыққа ойыңды бағыттар алдында өзіңді тыныштандырып, бүкіл ішкі және сыртқы жүйке жүйелері кызметін тек бір ғана мақсатқа бағыттап, тілсіз сыртқы байланысқа шығасыз. Бұл кезде Майқы би бабадай көзді жұмып, өзіңнің үшінші көзің аркылы ғаламды бір шарлап, бәрін көріп, ұғысып барып көзді ашканда сарнап кету немесе бірден әлде бір рухтар-мен байланысқа шығу болмақ. Бұл спиритизмдік тәсілдің жүзеге асуы жоғарыдағы киелілер мен дарындылардың бәріне тән қасиет. Ал магне-тизмге келсек (зарядтау), бұл да кандай да бір адам (негізінен емші, мол-да) затқа дем салғанда немесе екі қолы алақанымен затты зарядтағанда, ол адамнан денесінен бөлініп шығатын, оған дейін оның денесіне енген сыртқы құдірет күші қуаты деп түсінген жөн. Бұл кейбір емшілер айт-қандай оның ата-бабасы әруақ күші емес, бір Алланың пендесіне өзі жіберген сырқатына емдік шапағатты нұрының қуат күші.

Ғаламдағы және жер бетіндегі әрбір тіршілік иесінің бәрінің де өз рухы болады. Ең саналысы – адам жөнінде айттық. Ал сөйлемейтін, бірақ тіршілік иесі жан-жануардың, жәндіктердің, орман-тоғайдағы ағаштардың, өсімдіктердің, тау мен жер бетіндегі тастардың, су астындағы тіршілік иелерінің, жер, су, ауа, от және көзге көрінбейтін салмақсыз кеңістіктегі эфирлік денелердің де өздеріне лайық рухы болады.

Қазақтың киелі орын, киелі ағаш, киелі су, киелі жер, т.б. атауы осыған дәлел. Адамның ойы үлкен бақыт сыйлаушы немесе қиратушы қасиетке ие құдірет орталығы. Адам өз ойын қысқа, секундке жетпейтін уақытқа әлем-ді шарлатып жіберіп, қайтарып алғанда үлкен романтикалық шығармадай ақпаратты алу мен беру деңгейіне жетеді. Бұл тәсілді ғылымда ойды алысқа бағыттап кері әсер алу немесе транскоммуника­ция деп атап келеді. Осы тәсілдің алғаш қолданылуын 1847-жылы 11 желтоқсанда Нью-Йорк ма-ңындағы Гайдсвилль фермасында байқайды. Ағайынды екі қыз Маргарет пен Кейт Фокстармен тарс-тұрс ұрып шығарған дыбыстар арқылы әлдебір елес тілдескені туралы хабар бүкіл дүние жүзіне жайылып кетеді. Бұндай байланысқа біздің бабамыз Майқы би біздің мұсылман жылы басталардан 711 жыл бұрын шыққан. Ел ішінде қазіргі біздегідей шын-өтірігі аралас медиумдар көбейіп кетеді. Арада жеті жыл өтер-өтпестен, 1854 жылы АҚШ-та медиумдық (телепатиялық) қабілеті бар адамдар саны 10000 адамға жеткен, ал спиритизмді жақтаушылар 3000000 (үш миллион) адам болғаны расталады. Бұдан кейін Еуропаға етек алып, одан аяңдай келе біз-ге жеткеніне де он бес жылдан асып барады. Бірақ, одан да бұрын медиум-дік кісілер жындыханалар да ұсталынып келді. Адамның санасы мен ойы арқылы сыртқы рухтық күштерге әсер етуден басқа, көбінесе сыртқы әр-түрлі ниеттегі рухтық күштер адамдарды көбірек мазалауда. Мұндай құ-былыстық қатынастың түрін ғылымда дене сияқты тәні жоқ тіршілік иеле-рімен трансмедиумдік (ой тасымалы) әдіспен де, арнайы алуан түрлі электронды құрал-саймандар көмегімен де ақпараттар алмасу деп түсіндіреді.

Өз өмірінің көптеген жылын транскоммуникация (телепатия) саласына арнаған ғалым Оливер Лодж былай деп жазды: "Менің барлық адамға беретін кеңесім мынау: сіздердің жер бетіндегі өмірден айырылып қалған адамдарыңыз қазір неғұрлым белсенді, пайдалы да қызықты, мәнді де бақытты өмір сүріп жатқанына иланып сеніңіздер, түсініңіздер. Олар кейбір жағынан алғанда бұрынғы өмірінен әлдеқайда өзгеше өмір сүріп жатыр" дейді. Бұл әрине телепатиялық байланыс арқылы ғалымның о дүниелік рухтармен тікелей ойша ұғысқанын, көргенін айтып отыр. Бұндай жетістікке жету оңай да емес. Рухтар ұлтқа, еркек-ұрғашыға бөлінбейді. Рухта махаббат жоқ. Рухтар Алла тағала алдындағы істеген күнәсына қарай әртүрлі кеңістікте (планетада) өмір сүруін жалғастырады. Рух бір түрден екінші түрге немесе жынысқа тез көшеді. Рухтар да бір-бірімен ойша ұғысады. Бұл ғарыштық планета аралық байланыс жүйесінің ең жоғарғы сатыда дамығанынан болу керек. Әртүрлі қинаумен, өзін-өзі қинаумен немесе апаттан кайтқан, зүлымдықтың құрбаны болған және неше түрлі бұзақы қанды қолдардың рухтары өз планетасына көтеріле алмай, астральды қабатта қалып қояды. Олардың рухы жердегі кінәлісінен өш алу үшін, көбінесе адам бейнесінде көрініп, елестік белгілермен жерге оралып тұрады. Бұлар өмір сүруінен ерте айырылғандар болғандыктан, оларды ғарыштық планетасы қабылдамайды. Кейде жеке үйлерге тыныш-тық бермейтін, кейде үйдегі тамаққа дейін азын-аулақ ішетін, тарсыл шығаратын, үрей туғызатындар осындай "ызалы" рухтар деп түсінген жөн. Сиқыршы мен дуашылардың да рухы дәл осылай әсер етеді. Олардың жер бетіндегі адамдарға істеген жамандығынан зардап шеккендер басқа біреудің көмегімен босатылып, оны жаманшылық жасаған рухқа кері қайырғанда ғана, мұндай жауыз рухтар өз планетасына жазасын өтеуге көтерілуі мүмкін. Сондықтан да, адам баласы жер бетін басып жүргенде жақсы өмір сүріп, баскаларға пайдалы іс істеуі керек. Сонда ғана о дүниедегі өздерінің ең құрметті, қымбатты адамдарының рухымен жарқын жүзді, көңілді кездесетін болады.

Телепатия өмірде болған, ол өмірлік, мәңгі жалғаса беретін құбылыс. Телепатиялык байланыска сыртқы рухтар мен адам медиумдік транском-муникациялық әдіспен шығатыны, адам ол рухтық бейнелермен ойша үнсіз ұғысысатыны айтылды.

Сыртқы қүдіретті әсер күші болатын әртүрлі рухтар болса неше түрлі құбылыстык әсермен адамның түйсігіне тікелей әсер ету, оны алдау мен арбау, көндіру, қуанту, тіпті қорқыту жолдарын пайдаланады.

Егер жарықтың жылдамдығы секундына 300 мың шақырым болса, күн нұры сәулесі жерге 8 минут 17 секундта келіп жетеді екен. Кейбір алыстағы планеталардың нұры жерге мың жылда әрең жетеді екен. Бұл планета Юпитер болса керек. Юпитер күнді он екі жылда айналып шығады. Мұндағы негізгі мақсат нұрдың белгілі бір планеталардан бөлініп шығатынын түсіндіру, күннен де арғы планеталарда да тіршілік иесі рухтар барын халыққа жеткізу еді. Ғалам шексіз, өлшеусіз әрі оның саны да толық жүйелі белгісіз екені шындық. Бізге белгілісі жеті аспан планетасы ғана. Бірақ, ол неге солай, бұған ешкім көңіл бөлмейді. Ал маман ғалымдар әрине ынталы. Ал осы жеті қат көктің орталарында жеке-жеке белгісіз миллиондаған планеталарды косыңызшы бұнда да тіршілік бар екені тағы рас.

Осындай сансыз ғалам жүйесімен телепатиялық қатынасты ақпараттық байланысқа шыққан адам ұлы ма, жоқ па? Әрине, адамның саналылығы, бір қабат жерде тұрса да, сол ғарыштағы белгісіздермен байланысуы шы-нында ғаламат қой? Сонда қалай болғаны, соншама ғарыштық алып күштер бір уақытқа ақпаратын жерге бағыттаса, жер­де не ғаламат болмақ? Бұл жағы тағы жұмбақ. Бұдан секем алудың қажеті шамалы. Ғарыштық бас басқару орны бәрін де дәл орнына коя білгендігі болар.

Деседе ол жақтан келетін байланысушылардың кылмысқа баратыны да баршылық. Тіпті ғарыштық мекеннің пейішіне орналасқандар да қылмыс-қа барады екен. Ғарыштық осы жүйелі планеталардың рухтары өзінің әр түрлі пиғылда екеніне қарамастан, адамзатпен өздері арқылы тікелей мы-нандай жолдар арқылы ақпараттық байланыс таратуға шығатынына, өзіміздің қолдағы және республиканың баскқа да телепаттары мәліметтері арқылы дәл анықтама бере аламыз.

Ғарыштан мынандай белгілермен: дыбыс арқылы, көз алдыңа көрінетін әрі оқи алатын жазу арқылы, денеге сезімдік әсер етіп сурет сыздыру, бей-нелі белгілер сыздыру, белгісі шытырман сызықтар, нақты сөйлемдік тапсырма, ұлы адамдардың аттарын жаздыру, көлеңкелі бейнелер көрініп-жоғалып қайталануы, құлаққа естілген музыкамен, әнмен әртүрлі діни уағыздар жіберу, денені тітіркендіріп, адамға фото және бейне суреттерді кез-келген нүкте және аралық пен кеңістіктен түсірту арқылы, музыкалық құралдар ішінен дыбыс беру, музыкалық таспалық көшірмеге қосарланып, негізгі сөйлеушінің орнына басқа тұлғалық сөз дыбысын беру, жарықтық белгі, денені зарядтау, ми жүйесіне жылдамдық немесе бәсеңдік беру ар-қылы, тікелей бейнелік көрініспен, ақыл-нақыл сөздерді жаздырып, қатал және алдампаздық ескертпелер жіберу арқылы, мен мұндамын деген белгі дыбысы мен заттарға із қалдыру, үйдегі заттарды қозғау әрі лақтыру, үй едені мен керегесінен адам қанына ұқсас қан ағу, үйге құбыжықтар болып келу, тіпті қалтаң мен сейфіндегі ақшаңа дейін алып кету, үй заттарыңды алып кетіп, белгілі уақыттан соң қайта орнына кою, елес болып қуу, денеңді қытықтау және тырнау, кез-келген нәрсені ауыр, жеңіліне және қатты әрі жұмсағына қарамай бүлдіру, автоколіктің моторын сөндіру әрі автоматы от алдыру, өртеу, боран мен құйын туғызу, т.б. толып жатқан қырыққа жуық жүйелі әдіспен адаммен ақпараттық байланысқа шығады. Бұл біздің өзіміздің көп жылғы жинаған мәліметтеріміз еді.

Мен бір уакытта он сегіз түрдегі бір бағытты ғарыштық ақпаратты хабардың жүйесіне түстім. Бұл 1995 жылдың сәуір айы еді. Ең бастысы алданбау болатын. Осылардың ішінен біреуін ғана таңдау күтіп тұрды. Соның ішінен біреуін ғана таңдап, байланысқа шықтым. Шешімім дұрыс болыпты. Бұл маған ғарыштық түрлі топтағы рухтар шабуылы ма, жоқ тексерілуім бе, содан бері таза ашық байланыстық телепатиялық жүйемен екі жақты ақпараттар ойша ымдық үнсіздікте жүзеге асуда. Қысқасы, мен осы еңбегімді тек қана телепатиялық жүйелі байланыс арқы­лы жаздым.

Бір қызығы, барлық құбылыстық, құпиялық, мәңгілік ғарыштық ұғым-дарды жазып біткен соң ғана мен телепатияны жазуға әрең ықпалдық күш алдым. Егер мен телепатия жөнінде алдымен не ортасында жазсам, дәл осындай маңызды еңбек болмасы анық еді. Бұл әр адамға бағытталған басқарушы, демеуші, қорғаушы, күш беруші т.б. құдірет иелері барын анықтаса керек.

Мұны қалай түсіндіруге болады? Егер ғылыми және діни дәлелдерге сүйенсек, қайтыс болған адамдар ішінде жердегі кызметін толық орында-мағандардың рухы жерге тез оралып, қайтадан сәби болып дүниеге келеді екен. Яғни, жер бетінде адам болып қайта туылу да күнә сияқты. Алла тағала кейбір өзгерістерді жасату үшін, адамдар ортасына рухтар жібереді. Ондай рухтардан үлкен басшы, ғалым, дін басшысы, әулие-әнбие әйтеуір бір қоғамдық ірі өзгеріс, тебіреніс жасайтындар туылып шықпақ. Ал Пайғамбарлар рухы мың жылдардан асып қайталанатындай. Акырғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нан кейін ешқандай Пайғамбар болмай-тынын Пайғамбарымыз 210 хадисінде де айтқан. Дегенмен, көреген Пайғамбарымыз: "Менің үмбетімде отыз өтірікші бо­лады. Олардың әрқайсысы өзін Алланың елшісімін деп жариялайды. Бірақ, мен соң-ғы Пайғамбармын. Менен кейін Пайғамбар болмайды", – деп кеткен. Бүгінде бір Алматыда бес-алты, ал республика бойынша оннан аса "Алланың елшілері", емшісымақтар мен шала діншілдер ортасынан, (Ақ - Бекет т.с.с.) шықты. Бұл қалай? Бұлардың жартысы жалған кітаптарын баспадан шығарды. Өздерін Құдаймен дос етті. Пейішті аралап қонақтап, тозақтан жүріп өтті. Неткен ұятсыздық еді?

Осылардың барлығы "зұлымды", қайырымсыз рухтарға алданды. Солар арқылы ғарыштық иелерімен телепатиялық ақпаратты тарату қызметін кабылдады. "Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі" деген халық мәтелі осы-ларға арналса керек. Психиатрлардың зерттеуінше адамдардың 3-5 пайызы өте сенгіш, 15-20 пайызы едөуір сенгіш, 50 пайызы орташа сенгіш екен. Міне, осыларды жалған телепаттар арам рухтар көмегімен өз торларына түсірді. Бұның құрамында белгілі ғылым, мәдениет, әдебиет адамдары да баршылық.

Кейбір басшы орындағылар мен баспа және бұқаралық ақпараттың ішінара басшылары, әлгі жалған телепаттардың шашбауын әлі көтеруде.

Енді біз жоғарыдағы ғарыштан берілетін телепатиялық ақпараттың тағы да біразына тоқталайық. Алматылық жасы жиырмаға ілінбей о дүниелік болған марқүм Айбек Тілеуханов артына бүкіл әлемдік маңызы бар, ғарыштағы күштер әсерімен телепатиялық жүйе арқылы сызған, өте көп құпиялы белгі-таңбалары бар ғаламат сызбалы суреттерін қалдырды. Ол ешкім оқи алмайтын құпия еді. Бұл оның сексенінші жылдардың соңындағы еңбегі болатын. Ол сырын ешкімге айтпады. Өзінің бір аяғы кесілгенде операциядан соң, қайтыс болатынын да қашан, қайда, қай жылы, айы, күні тіпті минутына дейін сызып көрсетті.

Ол өмірден дәл сол суреттегідей сол уақытта операциядан соң қайтыс болды. Айбек о дүниелік болған соң бірінші өзі туралы суреті, сыры ашылды. Оның қалған суреті тегін еместігіне таң қалған әлемнің теле-паттары оны бірден мойындап, жоғары баға берді.

Марқұм Айбек Қалмақанұлы тірі болғанда қазақтың әлем елі таныған телепаты болар еді.

Марқұм Айбектің әкесі Қалмақан уайым-қайғыдан болар, аяқ астынан жүрек қысымынан ессіз аурухананың реанимация бөліміне түседі. Қалмекеңнің халі нашарлығы дәрігерлерді қатты састырады. Осындай жан арпа-лысы кезінде папасының көз алдына шын ба, елес пе, жанында киімі бөлек екі адам бар Айбек келеді. Айбек алыстау тұрады. Ана екеуі жақын келіп, денеге қол салғандай әсер білдіріп, жүрек жақтан бір нәрсені алғандай сезінеді. Айбек папасына үн қатып "папа корықпа, жазыласың" деп көзден ғайып болады. Қалмекең бірден ауыр транстық жағдайынан шығады. Еш жері ауырмағандай сезінеді де, бірден үйіне қайтуға дәрігерден рұқсат алып, үйіне келгенде құлантаза жазылады.

Сіздер 1996-1997 жылдары бұл сөзді Айбек туралы телеарна хабарынан, өздеріңіз папасы Қалмақан мырзадан естігенсіздер.

Алматы облысының, Іле ауданы "Николаевка" ауылында тұратын зей-неткер, рухани сауықтырушы Тұрсынкүл Ибраева көптен бері өз алдына қаралуға келгендерге ауруының диагнозын таза ақ қағазға қарап, соның бетіне түскен жазу немесе белгі арқылы айтады. Ол қағаз бетіндегі белгіні басқа адам көрмейді. Тек өзі ғана біледі.

Ал Шу қаласының Төле би ауылындағы рухани сауықтырушы Әзиза Сейдоллақызы ғарыштық телепатиялық байланысқа Құран кітап ашу арқылы немесе көз алдына көрінген жазу, құран аяттары арқылы түсінісіп шығады.

Алматылық рухани сауықтырушылар Түймекүл Құлмаханқызы мен Қарлығаш Нұрғазина ғарыш пен телепатиялық байланысқа кез-келген уақытта, орын таңдамай шығып, хабар алып, бірден жауап береді.

Қазақ радиосының дикторы, қауымдастықтың мүшесі, халық емшісі Шолпан Байғабылова ғарыш пен телепатиялық байланысқа өзінің атала-рының рухын шақыру арқылы шықса, ал жас рухани-сауықтырушы Серғазы Халықов өзіне бірден байланысқа келген атасы рухының айту және көрсетуімен ғарыштық телепатиялық бағыттағы жүйеде жұмыс істейді.

Ғарыштан дыбыс белгі арқылы келген әсермен хабар алатын кентаулық Қызтума Файзуллаева, тараздық Гүлнәр Ширтаева, ғарыштық үндік музыка әсерімен төкпе жыр толғауын қабылдаушы кентаулық Болатбек Ердәулетов, ғарыштан құлағына естіліп, бірден сол діни дұғалар арқылы Құран аяттары мен баска да тілде аят дүұғаларын окып байланысушы шымкенттіктер Талғат Анарбеков және ғарыштан әсер ар­қылы неше түрлі тілде ән қабылдайтын Урайым Ергешова, құлаққа келген дыбыс пен сөз арқылы ғарыштық ақпаратты қабылдаушы жамбылдық Құдайберді Жолдасов пен қызылордалық Раушан Алтынбасова және ғарыштық әсер арқылы неше түрлі сызба суретті сызатын әрі ұлы адамдар тізімін қабылдаған тараздық Ақмарал Акупова, бәрі де ақпараттық алмасуда жақсы көрсеткішке жетуде.

Кісі таң қаларлық байланысқа түскендер де болған. Уругвайда "Өзге планета тұрғындарымен достық" коғамының бірнеше лагері барын, 1991 жылы "Жаңалықтар агенттігі" бойынша Александр Кармен (Монтеви­део) деген хабарлады. Бұл сыр былай ашылған. Бір әйелдің бұрынғы күйеуі осы қоғамның ежелден мүшесі екен. Ол бірде бұрынғы әйелінен туған ұлын Уругвайдың солтүстік-батыс департаменті – Сальтоға алып кетеді. Оның ұлын сол қоғамға мүше етпек екен. Ол елде жеке бала, ересек адам жоғал-ғаны аз болғандай тұтас бір отбасының мүшелері де жиі-жиі із-түзсіз көзден ғайып болады екен. Бірде Байсанду қаласында тұратын бір мұғалім әйел жоғалады. Бірнеше күннен кейін әлгі әйелді үлкен тас жол бойынан әрең сылбып басып келе жатқанын көріп, одан не болғанын сұрағанда, ол әйел басқа планеталықтар лагерінде болғанын айтыпты. Осы хабардан бір жыл бұрын Уругвайлық жеті үй жым-жылас жоқ болады. Олар оған дейін, елдің айтуынша, дүние мүліктерін толық сатыпты. Көп ұзамай, олардың Чилидегі Осорно вулканы атқылайтын таудың етегіндегі шөл далаға барып жайғасқаны жөнінде түрлі лақаптар тарайды. Олар "ақыр заманды сонда күтіп алуға бел буыпты". Бұл қандай телепатиялық байланыс ар-қылы жүзеге асты? Шынында, алдаушы "зұлым" күшті рухтардың мекені ме?

Бір кызығы, бұл қоғам өзге әлемнің тұрғындарымен жүйелі түрде телепатиялық байланыс жасап тұрады-мыс. Сонда ол қоғам мүшелерінің миының басқа ашылмаған клеткалары ашылып іске косылып, оның тал-шықтары ғарыштық телепатиялық жүйеге қосылғаны ма?

Оған қандай қозғаушы күш әсер етті екен?

Тоқсаныншы жылдардың басында шыққан атыраулықтардың "әулиесі" өзінің артынан шулап ергендерді шөл даланы аралатып, қырық күн тамақ ішкізбей, тек су ғана ішкізіп, сендерді ғарышпен байланыстырам, денеле-рің тазаланып шынықсын деп көздерін көгертіп, ішектерін бүрістіріп аяқтарын қалтыратып, дірілдете өткен ұзақ сапарын оның сол кездегі сонынан ерген мүшелері жылап тұрып жыр етіп айтады. Ешкім де ғарышпен теле-патиялық байланысқа шықпақ түгілі, көбі ауруға ұшыраған. Бүгінде осы азапты көргендер және сол Атырау елі де егер 1992 жылдың 16 маусы-мында Қазақстан халық емшілері қауымдастығы басшылары келіп, бізді алдампаздар қолынан азат етіп, Алланың тура жолына салмағанда, ұрпағы-мыздың ішінен талайы азғындыққа кетер еді деп рахметін жаудыруда. Облыс пен қала әкімшілігі де азғындық, атаққұмарлық, пайдакүнемдік жолға түскендерді әшкерелеп, олардың ісін тоқтатқанымызға талай рет рахметін айтты. Бүгінде өзі бірден тыныштыққа шығып, тек ойымен ға-рыштық телепатиялық байланысқа шығушы қауымдастық мүшесі, жасы елуді алқымдаған Ж. Қ. сол кездегі әулиелер тобынан көрген азабын жыр етіп айтып, қауымдастық құрылып, біз сияқты әруақ қысқандарды тура жолға салмағанда біз кім болар едік деп, еске алады. "Сақтансаң құдай да сақтайды", сактанбасаң, су аяғы құрыдым, шөл дала барса келмеске кетерің анық.

Сондықтан Уругвайдағы "Өзге планета тұрғындарының достық қоға-мын" құрғандар мына біздегі "Дала қырандарының ғарыштық" қоғамын құрғандарға ұқсас болуы да мүмкін. Егер ол нақ шын болса жер әлемге дүрілдеп шығар еді. Дегенмен, ойланған да дұрыс.

Жапонияда құрылған, сонау тоқсаныншы жылы жер әлемге аты жайылып, даңқы дүр ете түскен "АУМ сенрике" қоғамы өзіне мүше болғандарға бағытталған әрі өз орталығынан басқарылатын жасанды телепатиялық бас-қару өрісін ойлап тапты. Ол өз мүшелеріне басына арнайы тақияға ұқсас бас киім кигізді. Бас киім ішіне жоғары жиілікті электромагнитті толқын-ды қабылдайтын, өте сапалы көзге көрінбейтін мыс сымдар орналастырды. Ал "АУМ сенрике" өз орталығында арнайы механикалық энергияны, элек-тромагнитті энергияға айналдырып, оның өрісін кеңістікке шығаратын алып қондырғыларын орнатты. Осы қондырғыдан тараған электромагнитті толқын жиілігін, тақия ішіндегі жоғары сапалы мыс сым қабылдап алып, оны киген адамның миына қалыпты электромагнитті толқыннан бірнеше есе жоғары толқынмен әсер етіп, миға жоғары қоздырғыштық күш туғыза-ды. Ондай толқынды телепатиялық соққы алған адам бәрін ұмытып, тек қана "АУМ сенрике" үшін жұмыс істейді. "АУМ сенрике" жабылып, бас-шылары сотталып жатқанымен, оның басқа елдердегі бөлімшелерін жою әлі қиынға соғуда. Соның көбірек зардабын Ресей тартуда. Бұл жасанды телепатиялық байланыстың аралықтан әсері болмақ.

Алматылық техника ғылымының докторы Леонид Семенович Прицкер тек қана ғалым емес, ұзақ жылдан бері ғарыштық дыбыстық күштердің әсерімен ғарышпен телепатиялық байланысқа шығушы. Бұл жөнінде Л.С.Прицкер кітап та жазды. Оның баска телепаттардан ерекшелігі сол, оған кез-келген уақытта, кез-келген жерде дыбысты әсер және дене тербелісі сезілгенде өзімен бірге алып жүретін фотоаппаратымен өзіне белгі берген жаққа қарап, суретке түсіре қояды. Кейін суретті шығарғанда адам бейнесі, т.б. бейнелер түскені байқалады. Ауа райының қандай болуы бәрібір. Тылсым күш өзіне магнитше тартқан кезде Л. С. Прицкерді тер қысады, тыныс алуы жиіледі. Оны сезетін де, сезбей басы қататын да кезі аз емес. Ол былай дейді: "Таңертең сағат ондар шамасында жұмысқа бара жатып, мұсылмандар мешіті жанынан өттім. Бір уақытта еріксіз мен мешіт жанына тоқтап, оның сыртқы көрінісін суретке түсірдім. Кейін суретті шығарғанда қарасам мешіттің тәжісінің жоғары жағында қалықтап түсінік-сіз бірнәрсе тұр", - дейді.

Тоқсаныншы жылы Л.С.Прицкерді 25-шілдеде Мәскеудегі "Союзнауч-фильм" шақырып, ол жөнінде фильм түсіреді. Ол өзін түсіріп жатқан оператордың алдында белгісіз бейненің түрғанын сезеді. Ол бірден сурет-ке түсіріп суретті кейін шығарғанда кәдімгі роботтың түскенін көреді. Басында антенна кадры бар екен. Бұл қайдан келді, ешкім әлі білмейді. Бірде Л.С.Прицкер Бетховеннің симфониясын ойнаған оркестр концертіне барады.

Ол әсердің белгісімен оркестр сахнасын суретке түсіреді. Кейін суретті шығарып қарағанда, оркестр артынан сахнаның бір бұрышында қарап тұрған бір адамның суреті шығады. Бұны Бетховеннің Рухы деп жора-малдайды. Ленинградқа барғанында Петр-І-дің үйін суретке түсіреді. Үй терезесінен Петр-І-ге ұқсас бейне қарап тұрғанын байқайды. Бірде айдала-дағы аңызды түсіргенде екі бала, ал тағы бір ретте бір агрономға ұқсас адам бейнесі суретке шығады.

Л.С.Прицкер маркүм Айбек Тілеухановтың да рухымен алғаш телепа-тиялық байланысқа шыққан телепат. Л.С.Прицкер бұрынғы Одаққа аты әйгілі, ғарыштық тылсым күш әсерімен белгісіз бейнелерді суретке түсіру-ші телепат жерлесіміз.

Мен 1992 жылы 8-тамызда Жамбыл қаласының "Білім" қоғамының үлкен залында емделушілерге емдік-сауықтыру сеансын өткіздім. Зал адамға толы. Теледидардан мамандар келіп бейнефильмге түсірді. Кейін бейнефильмді қарағанда бір қызық болды. Менің артымдағы, сол қанатымдағы керегелерге қызыл нұрлы сәулелі әралуан үш бұрышты, төрт бұрышты, ай секілді, т.б. белгілі суретті бейнелер түскен. Ал сол жақ қапталдан алғаш бір ғана кемпірқосақ болып, артынан косарлана екі кемпірқосақ залдағы отырғандарға қарап, қып-қызыл нұрын шашып тұр. Бұл бейне-фильм өзімде сақтаулы. Басқа облыстарда да бұдан басқа түрлі бейне суретті сызбалар суретке түсті.

Планеталардың Күннен ара қашықтығын да білген жөн (Миллион шақырым). Осы планеталарда әртүрлі телепатиялық байланысқа шығатын рухтар болады. Солар жерге қарай бағыт алып жақсылық немесе жамандық туғыза алады. Меркурийде – қу мен айлакерлер, алдап-арбаушы сатушы-саудагерлер (58 млн. ш.). Шолпан планетасында (Күннен 108 млн. шақырым) – аса қайырымды, жүрегінде қылауы жоқ, шексіз адал, иман-жүзділер рухы өмір сүрсе, Марста – жанжалшы, төбелескіш, шатақ, соғысқұмарлар (228 млн./ш.), Юпитерде (778млн./ш.) – рухани жағы жоғары дамығандар, Сатурнде (1425 млн./ш.) – құдайсыз жендеттер, қанды қол қарақшы мен оның көсемдері өте азапты өмір кешеді. Олар өте ұсқынсыз әрі кескінсіз, биіктігі 9-12 метрлік маймылдың горилла деген ірі түріндегі кейіпте алыптың рухына айналады. "Азапты өмірін" азаппен өткізеді.

Уранда (2868) – ақылды ойшылдар, ал Плутонда (5915 млн. ш.) –көтеріліс жасаушы-төңкерісші рухтар өмір сүреді екен.

Әрбір телепат байсалдылықпен өзі шыққан немесе сырттан бағыттал-ған хабарға мән берсе, оның қай планеталық рухпен байланысы барын білу де ғажап болмақ. Қазір Марс пен Юпитер планетасы арасында ашылған жеті планета болса, ал Сатурн мен Уран арасында ашылмаған ұсақ планеталар жетерлік екен. Қысқасы ғалам құпия мекені деуге де болады.

1996 жылы шідде айында үйге Кеген ауданы (Алматы), Тоғызбұлақ аулында тұратын байланыс инженері, қауымдастықтың мүшесі Құрманбай Көкенов келді. Жолығып қайтарында маған өзіңіздің ән термеле-ріңізден таспаға жазып беріңізші деп өтінді. Мен таспадан-таспаға көшіріп жазатын музыка құралы арқылы әндерді көшіруге койдым. Бес минуттан кейін көшірілген таспадағы әнді тексерсем, ең алғаш мені таныстырып бастайтын жерде бөтен дауыс. Бұл таспадағы алғаш мені таныстыратын Орал каласының радио торабы редакторы әйел журналист болатын. Дауыс 1992 жылы қыркүйектің соңында мен Оралда болғанда жазылған. Ал сол журналист әйелдің даусының сөзін дәл өзіндей, бір зор күрілдеген ер адам айтып тұр. Даусы өте зор әрі қорқьшышты. Алғашқы таспаны тексергенде бұрынғы әйел даусы. Екінші жаңа таспаға қайта көшіргенде, алғашқы таспадағыдай әйелдің өз даусы. Бірнеше рет көшірсем де ана зор ер адам даусы қайтып таспаға түспеді. Бұл қалай? Таспа өзімде сақтаулы. Бұл дауыс қандай телепатиялық жолмен ана әйел сөзін дәл қайталады? Мүмкін мына жоғарыдағы жеті ірі планеталардан бір шатағы, әйел даусы жиілігі-нің өрісімен оның ұшу әрі ақпарат тарату жиілігі өрісі параллельді ұйқастық жүйеге келді ме, жұмбақ шешілген жоқ. Бұл қалай?

Бірақ бір шындықты айтудың уақыты жетті. Менің өзімнің осы му­зыка құралымның ішінде тұрақты дыбыс шығарып, белгі беретін дыбыс беруші көптен бар. Ал сол бөлмедегі телевизордың ішінде де дәл осындай дыбыс беруші болғанымен, ол ана музыка құралы ішіндегіден гөрі сабырлы әрі мәдениетті қатынас жасайды.

Мен бұл бөлмеге алғаш кіргенде бірінші телевизор жақтан, ал одан кейін музыка құралы жақтан дыбыс беріледі де, екеуі де музыка құралы мен телевизор ішінен, кәдімгі трамвай мен троллейбустың жылдамдығын өзгерткендегі тетіктерін қосқанда, электр қосылғыштар өзара қосылған-дай, бір нәрсе қосылады. Мүмкін біздің тағдырдың күнделігін жазып жатыр ма немесе бақылаушы ғарыштық қызметкерлер ме, бірақ маған зияны жоғын білем. Оларға көңіл де бөлмеймін. Осы бөлмеде намазымды оқып, дұғамды жасап жүрмін. Бұл ғарыштық қайырымды рухтар уәкілде-рінің өз даусын өзі телепатиялық жүйелі әдіспен бірден жазу құралдарына түсіруі демекпін. Жоғары энергетикалық потенциалды рухтар өте мол мөлшерлі электр магнитті толқындар туғызады.

Олардың жиілігі әрі жылдамдығы жер бетіндегіден миллиондаған есе артық болғандықтан, жоғары планеталықтар жер бетіне анда-санда үстемдік етуде. Бұл алғаш бір салалы әрі қайталанбайтын әсер болса, енді көп ретті қайталанбалы, әр адамды иектейтін, баска да орындарда ойнағын салатын рухтық сапарнамалық жаппай қозғалысқа айналуда.