ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

29

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

11.10  ұзақ өмір сүру жолдары

 

Әрбір адам бұ жарық дүниенің бес күндік қызығына тоймай,  ұзақ өмір сүруді қалайды. Бірақ Алла Тағаланың қалауы ерте ме,  кеш пе  әйтеуір пендесін о дүниелік етеді. Дегенмен, адам әрекеті өз ғұмыр-жасын ұзартуға да мүмкіндігі бар екен. Соны  негізге алсақ,  тек пайдалана білсек,  бәлкім ұзақ өмір сүріп те қалуымыз да мүмкін.

-Адамның өмір жасының ұзақ болуы  екі нәрсеге байланысты. Біріншісі - тұқым қуалайтындығы. Егер ата-бабасы көп жасаған болса,  оның тұқымының да 80-ге  дейін, тіпті одан да көп өмір сүруі мүмкін. Екіншісі - сыртқы құбылыс, яғни, біздің өмір сүру салтымыз. Бұған бірқатар зерттеу жұмыстары дәлел. Мәселен, күніне сіз екі бума сигарет тартатын болсаңыз, бір  минут тартқан темекіңізге  бір минут өміріңізді қияды екенсіз. Сөйтіп темекі тартпаған адамға  қарағанда сіз өміріңіздің 8,3 жылынан айрылған болып шығасыз. өкпе, қолқа және тіл рагына ұшырағандардың 95 пайызы темекі тартатындар болып отыр. Ал ішімдікке салынғандар жүрек, асқазан, қан қысымы мен қан бұзылуы, демікпе, жүйке, т.б.  ауруларға ұшырайтыны  анықталды.  Тамақты  дұрыс ішпеу де  адамның өмір жасын  шамамен 5-7 жылға  қысқартады. Толық адамдар салмағы  өзіне  лайық адамдарға қарағанда жүрек  қабынуы, денесі  тартылып қалатын ауруларға 3,5 есе  жиірек  шалдығатыны белгілі, - дейді медицина ғылымының доқторы А. Чкалин.

Ал медицина  ғылымының докторы  Ю. Григоров болса:

- Хайуанаттарға жасалған тәжірибелер көрсетіп отырғандай.  адам өмірін ұзартатын ондаған азықтық заттар  қазірдің  өзінде  белгілі  болып отыр.  Оған  қызыл  бұрышты  да жатқызуға  болады.  Қызыл  бұрыш  зат  алмасуын қалыпқа  түсіріп, қан қысымын азайтады, ішек  микрофлорасын жақсартып,  қартайғанда шығатын ауру  түрін  тежейді.

Ең  алдымен, тамақтың түр-түрін көбейтудің  маңызы зор.  Хлостерні  мол,  майлы  қышқылы  көп  тамақтан бас  тартуға  болмайды, тек  оны  шектеу қажет. Өйткені  кез-келген тамақта кері  әсерін  тигізетін заттар болады.

Өсімдік және мал өнімдерінен қосып жасалған тамақтың,  әсіресе  сүттің  пайдасы  зор.  Күніне 4 рет тамақтану  қажет,      ем ретінде айран ішкен жөн. Ол тозған организімнің  қуат беретін заттарды бойға  сіңіруге көмектеседі, әйтпесе  тамақ етке жиналады.

Ғалымдардың  тағы бір тапқан амалы  өмірде  көп жаяу  жүрген адамды өмір жасы ұзақ болады екен. Кейбір дерек  көздеріне қарағанда  ерлер үшін көп әйел алу  да адам өмірін ұзарта алатыны айтылған. Бұның тоқ етері адамның қан айналымы мен көңіл күйінің дұрыстығы көп жасауға жетелейді.

Ұлы биолог И.И.Мечников адам организмі ішкі резервтерінің  сарқылмас мол  екенін айта  келіп,  былай деген болатын: «150 жастың бұрынғы өлім күштеп өлтірумен тең. Егер адам 70 жасында қайтыс болса, мұның  өзі  өмір сүру дағдысын дұрыс жүргізбегендігін,  адам  организімінің сақтаушы қорғаушы күш-жігерін жетілдіруге, дамытуға және бейімделу қабілетін арттыруға жағдай жасамағанын, қайта  оларды  әлсіретуге және  шектелуге алып баратын жағдайда өмір сүргенін көрсетеді».

Өз көңіл күйіңіз өз қолыңызда. Еңсені  түсірмей езу тартып,  шат-шадыман жүруімізге әбден болады екен. Тек ол үшін жұмыстан кейін мына  процедураларды жасауды естен шығармау керек:

1. 5 минут сарқырама (душ) астында тұрыңыз. Суды  бірте-бірте салқындата  аяқтайсыз. Таза  шытқа (төсек жаймаға) оранып 10 минуттай  еркін тыныс  алып  жатыңыз.  Аяғыңыз 3-5 минуттай массаж жасап  беретін кісі  табылса,  тіпті  жарар еді. Осы уақытта  дәкені  жылы,  салқын  шайға  малып,  көзіңізге  басып және 5 минуттай  жата  түсіңіз. өзіңізді  жеңіл сезініп, бет-әлпетіңізге  әр  кіреді.

Жұмыстан кейін 15-20 минуттай  уақытыңызды бөліп демала білу, денсаулықты  ұзақ  жылдарға  сақтай алуға мүмкіндік  туғызады.

2. Су ваннасын қабылдау да  шығындалған күшті  қалпына  келтіреді. Суға 2 л. хвой  экстратын  қосасыз. Шалқайып жатқан  қалпы  аяқтарыңызды  ысқышпен 3 минуттай  мұқият массаж жасаңыз. Орныңыздан түрегеліп, 5-7 минуттай  денеңіздің  басқа  мүшелеріне де көңіл аударып болған соң 1 минуттай тынығыңыз. Десек те, бүгінгідей дамыған қоғамда  уақытты  дұрыс  пайдаланып, арақ ішпей,  темекі шекпей жүрсек те жетіп  жатыр. Көбіне  дәрігер кеңесіне  жүгініп ас  тағамдарын ішіп-жегенде  де  абай болған жөн. Қалай  болғанда  да әрбір  істе адамнан әрекет болса,  ол зор денсаулық пен ұзақ  ғұмырдың негізі болары анық.

 

11.11  Жаяу жүрудің пайдасы

 

Адам денсаулығын сақтауда  ең басты  әрекеті  өзін-өзі  күтіну. Таза  ауада  көп жүріп, көп қимыл жасау. Сөйтіп, әрбір басқан қадамын ең әуелі дене  мүшелерін жаттығумен байланыстырып өз уақытында демалдырып ұстау. Соның  өзінде көп адамдар жете түсінбегендіктен көңіл аудармайды. Мейлінше, немқұрайлы қарайды. Сондықтан, адам тек жаяу жүрудің өзінен көп  жағдайда денсаулыққа пайда табуға болады. Жаяу жүргенде  «бет албаты» жүре  беру емес,  жеңіл-желпі киініп алып,  терлемеуге тырысып бағу керек. Егер,  көп  мөлшерде  терлейтін болса ол  денсаулыққа  зиян. Жаяу жүріп  дағдыланса, адам қартайғанда кібіртік жүрістен құтылады. Ол үшін алыдмен баяу (минутына 60-80 қадам аттап) 1 сағатта 2-3 шақырым жер жүреді, одан соң орташа  қарқынмен (минутына 80-100 қадам) 1 сағатта 4 шақырым және жылдам (минутына 120 қадам) сағатына 5-6 шақырым жүруге  болады.

50-ден асып кеткендер бұрын спортпен, дене  шынықтырумен айналыспаса, онда  жүрген кезде  тамыр соғу жиілігі 120-дан аспаған жөн. Соны  да қадағалау керек. Жүниежүзі бойынша көп жасаған адамдардың 90 пайызы осындай көп жаяу жүргеннің  пайдасынан екен. Адам өз денсаулығын сақтауда ең әуелі ас қорыту мүшелері жұмысын жақсартып, тынысталуы  дұрысталады. Сосын, денесі сергек,  еркін жүріп, еркін тұрады.

Мәселен,  Қазақстандық велосаяхатшы  «Семей-Невада» ядролық қаруға  қарсы  қозғалысының настихатшысы  Түгелбек  Қасымұлы дүниежүзін екі  аяқтың  күшімен аралаған қазақ азаматы. Соның  бір айтқан сөзінде  «мектеп  директоры  болып  жұмыс ітеп жүрген  кезімде  өзімді сергек  сезіне  алмайтынмын.  Содан,  әуелі  бұл  спортқа  келуіме жаяу жүруді әдетке айналдыруым көмектесті.  Сонда мен жаяу жүрудің  қаншалықты дене  жаттығуларымен байланыстыратынын терең  түсіндім»,- дегені бар. Демек, жаяу жүріп те асқазан, бүйрек,  бауыр,  бас,  тыныс алу  ауруларынан айығуға болады.  Бірақ  сырқатты адам әуелі  бір дегенге  ұзақ  жүруге асықпау  керек.  Біртін-біртін, денеге  күш  алу процесін баяу жүргізу арқылы  дағдылану керек. Әйтпесе,  бір  дегенде  көп жүру, адамның  жүруге деген ынтасын тез суытады. Адамның көңілі  қайтқан соң оған зауқы  соқпай  қалады.

Адам өмірінде  неғұрлым  көп  жүрсе оның соғұрлым мақсатына да жетуіне  мүмкіндік туады екен. Басты себебі ерінбеуге, жалқаулыққа қарсы қоятын күш ретінде танылады. Мысалы, елімізге белгілі «Аттан» ұйымының жетекшісі Амантай қажыны алайық.. Өмірі жаяу жүреді. Денсаулығы да тың. «»Құдай  берген таза ауаны жұтып, өз  организміңді  өзің  тазартып отырғаның қандай рахат. Көлікпенен жүруге  асықпа», - дегені бар. Расында жаяу жүріп, бәрін жеңуге  болады. Әуелі,  денсаулықтың дұрысталуы жаяу жүруден басталатын болса, өз денсаулығымызды өзіміз сақтай білейік!

 

11.12  ӨЗІҢДІ - ӨЗІҢ емдей біл

 

Психология ғылымдары жөніндегі көптеген ем төңірегінде, иә сырқат жан  дәрісіз де кеселінен құлантаза айыға алатыны жайлы баяндалды. Ол  қалай дейсіз ғой? Адам рухани ішкі күші арқылы өзін-өзі емдеуге қол жеткізудің жолы тіпті оңай екен. Тек ерік-жігеріңізді ырыққа көндіріп, әрекетіңіздің еш сөкеттігі жоқ, керісінше кеселіңізден құтқаратын бірде-бір көмекші  екеніне анық сеніңіз. Ешқандай  кері әсер, залалы жоқ бұл тәсіл ірі ғылым  докторы  мен білгір  мамандардың  бақылауынан, арнайы  зерттеуінен өтіп  жоғары  бағалаған. Ғылыми тәжірибелері оң нәтиже берген.

Чернобыль апатынан радиация алып, медицинаның мүмкіндігі  келмей,  сырқаттар өмірден  күдер  үзе бастаған кезде дәрігерлер осы тәсілді  жүйелі қолданады. Нәтижесінде орасан табысқа қол жеткізеді.  Алғашында  көп аурулар аса иланбай, тіпті бұл  әрекеттерін өздері  күлкі  етіп, әйтеуір нем кетті деп,  мүмкін бір септігі  тиер  деген дүдәмал оймен құлқысыз жасайтыны анық. Уақыт өте оң өзгерістің нышанын сезе бастаған сырқаттар бұл тәсілге шын ықыласпен ден қояды. Қазір мыңдаған кісілер, осы  әдіске сене бастады.  Денсаулықтарымен қайта қауыштырып, өмірлеріне  араша  түсіп қалғаны  үшін қолдау көрсете  бастаған.

Кез-келген ауру  психикалық және  денеге жарақат, зақым  алудан пайда  болатыны белгілі. Қауіпті  де ең көп  тарағаны  психикалық ауру. Біздің  әңгіме  етіп отырған тәсіліміздің де осы  психикалық сырқаттарға  қарсы  қолданатын ем екенін еске салып кеткеніміз артық болмайды. Сонымен «бісміллә» деп, «ем болсын» деп өзіңе-өзің және басқаға көмектес.

«Жүйке  қызметін жақсартуда өз мүмкіндігіме жол ашып, қабілетімді жалықпай жетілдіріп келемін. Бойымдағы құлшыну, өсу, даму процесі күн сайын, сағат сайын,  минут сайын,  жылдар бойы  қарқындап арта  түсетініне  еш шек  келтірмеймін. Қазір жүйке тамырларымның қызметін қалыпқа келтіріп,  оның  күшейе түсуіне жағдай жасаймын. Мен барлық қан айналым органдарымның жұмысын жақсартамын.  Сол үшін тың қуаттың көздерін өзі  қалыптастыра беретін болады. Не  нәрсені  де  байыпты  қарап, ұстамды таразылауға үйренемін. Күйгелектеп,  орынсыз, босқа ренжіп, ашулану дегенді мүлде  білмеймін. Менің жүйкелерім уақыт өткен сайын, нығая, жасара,  беки береді. Менің  бойымды,  бас,  ми клеткаларымда қан  айналымы қашан да еркін, үздіксіз жүреді.  Менің мәңгі балғындай  жас,  таза  қандарым барлық жүйелерімді тың нәрлі қоректендіре  берері еш  талассыз.  үздіксіз нәрлі  қан  айналымы организмімді жасарта,  денсаулығымды нығайта береді.  Барлық  жүйкелерімнің қуаттылығы үздіксіз арта түскенін сезінемін»,-деу өте пайдалы.

Әр адамның өзінің жеке қасиетін танып әрі оны аша,  басқара  білуі өзін-өзі сақтаудың емдеу жолын білгендігінің негізі. 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулы-ғын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағытының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Республикасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдарламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін тұрақты ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылды. Өткен тарихымыздың құндылықтарын жинап, зерттеуге, қалпына келтірумен оны сақтауға, қорғауға, толықтыруға мән беріле бастады. Тарихи және мәдени мұраларды зерделеп жазып ұрпаққа жеткізу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға ықпал ету бүгінгі зиялылардың басты міндеті. Шипагерлер емнің негізін қалаушы, адамның тәні мен жанының бақылаушысы, халықтық мәдениеттің, дәстүрлі шипалы өнердің, этика мен эстетиканың қалыптасуына ықпал етушілердің бірегейі. 

Халық шипагерлігі де өзінің жеке тарихы бар  халықтың ұлт мәдениетінің дәстүрлі өнері екенін ХV ғасырда ғалым щипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да анықтама берген. Шипагерліктің өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары қалыптасқан. Халық шипагерлігі тарихы б.д.д. басталып, адамзаттың өмірімен бірге жалғаса, қатарласа өзінің шипалық қасиетімен ерекшеленіп келеді. Кез-келген нәрсенің тарихы себеп-салдарсыз тумайды. Әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениеттің дәстүрлік өнеріне халықтық шипагерлікте жатады.

Шипагерлік – ол халықтық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі басты тірегі. Ол рухани тәрбиенің, шипалы емнің, адамдар арасындағы өзара дұрыс қатынастың, терең танымдық білімнің, адамгершіліктің, қайырымдылықтың қалыптасуына ұйтқы болатын кеңесуші,  денсаулықты сақтауға, қорғауға бағыт беретін  мәдени ортасы.

Емдік халық денінің саулығына, ұрпағының тазалығына адал қызмет етті. Халық шипагерлігі көршілес Шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік өнерімен сабақтас, үндес болды. Олардың озық жетістіктері қазақтың халық шипагерлігінің өркендеуіне зор ықпал етті. Бұл жетістікті ХV ғасырда жазылған ғұлама шипагер Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінен табамыз. Халқымыздың ұрпақтарын осы заманғы медицина дамығанға дейін, бірнеше ғасырлар бойы аман өсіп-өркендеуіне халық шипагерлігінің ықпалы нәтижелі болды. Елімізде халық шипагерлігінің мәдени бастаулары мен емдік әдіс-тәсілдері туралы, азғантай ғана авторлардың мақалалары мен бірді-екілі кітаптары жазылып баспадан шыққанымен, оның тарихы мен болашағына толық ғылыми талдаулар жасалынбады. Ел тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары аталмаған ғұламалар мен шипагерлердің ұлы қасиетін ашуға, еркін көрсетуге, насихаттауға, зерттеулер мен ғылыми талдаулар жасауға және олар туралы сүбелі еңбектер  жазуға  жол ашылды. Олар ұлт тарихы беттерінен көріне бастады. Кез-келген ұлттың өзінің мәдени, тарихи негіздеріне қайта оралуы өте ұтымды оң бағыт болды. Қазақ шипагерлігінің тарихы енді  ғана зерттеле бастады. Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» несімен құнды деген сұрақ заңды да.  Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегі ұлттық этникалық философиялық танымдық қағиданы сақтай отырып жазылған, тұңғыш медициналық  энциклопедиялық ұлттық еңбек. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы халық шипагерлігінің мәдени, рухани жақтарын ғылыми тұрғыдан  бағалады, оған қатал талапта қоя білді, өзінің жеке іліміне жауапкершілікпен қарады. Оның айғағы ғұлама шипагерлерді емдеу тәсіліне, емінің қонымына, болжамалығына қарай екі топқа: Дарымдалық және болжамалы деп бөліп, біліміне, еміне, мәдениетіне қарай шипагерлерді 24 түрге жіктеді. Бұл жіктемелік жүйесіне көп жылдан бері осы ізденуші талдау мақалаларын және монографиялық еңбектерін жазып зерттеуін жалғастыруда..

Шипагердің «Шипагерлік баяны»: «Қанықталығы» -  шипагерлік жөнінде анықтама, «Нарықталығы» - адамның сырқатын анықтаудың жолдары  және «Дарымдалғы» -  сырқатты емдеп   жазудың  әдіс- тәсілдері   туралы үш үлкен тараудан жазылған медицинаның үш шыңына  айналды. Қараүзген шипагердің «Шипагерлік баяны»,  ұлттық этникалық философиялық стилін толық көрсете білген ғылыми - тарихи медициналық энциклопедия екенін көрші қытай  мен қазақ елі ғалымдары оң бағаларын беруде. Ғұламаның тоқтам-түйсіктерін әдейі талдаусыз беріп отырмыз. Кейбір  ерекше тылсым күшке ие адамдардың бойындағы  неше алуан жұмбақ құпияларын анықтаудың әлемдік тәжірибесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ғасырлар бойы қордаланған сезімтал киелі қасиеттер емшілік, бақсылық, балгерлік, болжаушылық, жауырыншылық жұлдызшылық, құмалақшылық, көріпкелдік пен телепатия, оташылық, тамыршылық, Құран кітабына және алақанға қарап болжаушылық тағы басқаларының құпия сырын анықтауда әлем елдеріндегі және қазақ еліндегі зерттеушілері мен ғалымдары нақтылы ғылыми тұжырымдық анықтамаға қол жеткізе  алмауда. 

Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінен бұрынғы ғұламалар мен  ізгі  мақсаттары  мен ниеттері бір екендігін ұлттық философиялық танымда мәдениетті, сауатты түрде баяндайды. Бұл сыйластық пен мойындауы   бар шындыққа ұласады. Шипагер Өтейбойдақтың «Шипагерлік баянын» әлемдік ғалымдардың   медициналық жаңалықтарынан да бұрын жазылғанын аңғаруға болады.  Мәселен, әлемдік тіршіліктегі  материалды алмасу мен дамуын  Ф. Энгельстің  «Анти - Дюрингте» /1870/  жазылды деп келсе,  қазақ шипагері Өтейбойдақ  сау адам өзінің денесіндегі он түрлі  ыстық – суық,  кебір -  суық,  сіңірім – шығарым,  қатаң -  босаң, ояу -  тынығу сияқты  он түрлі  материалдық қозғалыстың бірлігі нәтижесінде құрылып: кеңістік, тұрақ, жарық, қараңғы, ыстық, суық алты  тұғырға тұрақтанады. Олар  іркіліссіз, толассыз, шашаусыз кезектесіп бір-біріне орын беріп, бірін-бірі айналып отырады деуі оның  тіршіліктің материалдық ұғымына  Ф. Энгельстен  400 жылдай бұрын өз ұғымымен тұжырым жасағанын  білдіреді  [1, 54-62 б].  Сондай-ақ, шипагер  Өтейбойдақ «шешекке» вакцина егуді  ағылшын шипагері Эдуард Женнерден / 1796 /  360  жылдай бұрын қолданғаны және дүние жүзілік ғылымда адамның қан айналымы, жүрек пен ми қызметтеріне  тұжырымдамаларды Да Винчи, В. Гарвей, Галилей  ашты деп  келсе, ал қазақ шипагері олардан бір ғасырға жуық бұрын далалық зертханасынан тәжірибеден өткізгені шипагердің еңбегінде баяндалады. Адамның биоқуатының ауытқуын теңшеу үшін, кейбір сырқат жандарды суық суға жатқызып емдеу  тәсілін Ө. Тілеуқабылұлы,  бүгінде кең өріс алған П. Иванов әдісінен бес ғасырдан аса бұрын  емдік жүйеге енгізгені шипагердің еңбегінде жазылған.  Ғұлама  шипагердің бұл жетістігінен қазақтың шипагерлік мәдениетімен оның тарихының ұзақтығы мен ғылыми даму жолының өркендеуін аңғаруға толық негіз барын айқындайды.

Қазақтың жоғары да аттары аталған белгілі ғалымдарының пікірлеріне жүгінсек, Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлының «Шипагерлік баян» кітабы - Шығыс медицинасының үлгісімен, бірнеше ғылымдардың басын біріктіріп медицина іліміне қызмет етуге арналған, адам баласының ең басты байлығы денсаулықты сақтауға, сырқаттарды емдеуге бейімделген терең де тарихи ғылымнама. Сондықтан бұл кітаптың бір сөзін қалдырмай жан–жақты талдап, қазіргі медицина жетістіктерімен толықтырып, ұлттық медицинамыздың негізгі өзегіне айналдырған жөн деп ғылыми баға беру, халық шипагерлігінің  жетістігінің биіктігін  білдіреді. Адам биоөрісі қуаттарының маңызы, рухани, медитациялық және музыкалық емнің ерекшеліктері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты қорғау мен күту және тазалықты сақтаудың да қажеттілігі, осы зерттеуде толық айқындалды. Бұл халықтық шипагерліктің  диалектикалық философиялық этнокөзқарас арқылы дүниеге келген ілімдік жүйе екеніне толық негіз барын  көрсетеді. 

Зерттеу тақырыбын өзінің құндылығына қарай одан ары терең талдап, зерделеп зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазақ ұлты мәдениетінің дәстүрлі саласы «Халықтық шипагерлікті»  мәдениеттану және тарихы тұрғысынан  талдау өте құнды. Халқымыздың  шипагерлік дәстүрінің  қалыптасқан  жүйелері мен тарихында алатын орны мен атқаратын құнды рөлі айқындалуды қажет етеді.

Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы - қазақ мәдениетіндегі шипагерлік дәстүрінің негізіне, оның Шығыс шипагерлігімен сабақтастығына  және ХV  ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегіне шипалық-түсіндірмелік талдау жасалынды. Зерттеуде негізгі міндеттердің толықтығына да растама беріледі. Сол арқылы қазіргі мәдениеттанудың өзекті мәселесі – халықтық шипагерлік тарихы алғашқы рет қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылды; «Халықтық шипагерлікті» талдауда арнайы  мәдениеттанулық зерттеу ұстанымдары қазақ дүниетаным үрдістерінде тек шипалық үлгі ретінде қолданылмай, одан этномәдени қисын іздестірілді;  емдеудің жоғарғы өнері – шипагерлік туралы түсінікті, оның ұлттық негізін тиянақтайды; халықтық емдіктің қалыптасу кезеңдері мен түрлері (емші, бақсы, балгер, болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, құмалақшы, тамыршы, сынықшы т.б.) талдап беріледі; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегіндегі емдік әдіс-амалдар жинақталып сараланды; шипагердің «Шипагерлік баян»  еңбегіне алғаш жан-жақты талдау жасалынады; қазақ шипагерлігінің Орта Азия мен Шығыс шипагерлігімен тұтастығы мен ұқсас жақтары және дүниетанымның ерекшеліктері  айқындалады және емдеу мәдениетінің үйлестігін талдап, оны жетілдіру және қолдану жолдары ұсынылады.

  Қазіргі жаһандану үрдісіндегі Қазақстан Республикасы мәдениетінде иновацияларды дәстүрлі мәдени мұралармен үйлестіру мақсатында,  «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрінің мәдениеттану және тарихы  формаларына, маңызды құндылығына жан-жақты зерттеу тұжырымы жасалынды, орны анықталады.

  Зерттеудің теориялық мазмұны ұлттық мәдениеттану және тарихы  үшін әдістемелік негіз бола алады.      

 Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының кезеңінен    бұрынғы және бүгінге дейінгі халықтық дәстүрлері мен мәдениетін зерттеу  және Орта Азия мен қазақ жерінің ғұламаларының шипагерлік саласындағы еңбектеріндегі ой-толғауларына тұңғыш рет талдау жасау, сондай-ақ халықтың рухани мұрасын оқып үйренуге бағдарлама жасау зерттеудің басты міндеті болып есептелінеді. Зерттеуде сөздік мәдениеттің, ұлттық философия мен әдептіліктің, этнопедагогика мен этнопсихологияның, этика мен эстетиканың   емдік шипалы қасиеттері тілге тиек болды, нақты талдау тапты. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен тікелей әсері бола алады.

 Зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары, гуманитарлық және медициналық шипагерлік білім беру тұжырымдамасын жасаудағы ғылыми теориялық маңызы өте құнды. Ұлттық шипагерлік жүйесінің, дүниетанулық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселелердің өзіндік қосар үлесі мол. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар осы тың тақырыпқа қатысты болашақ зерттеулер үшін әдістемелік  негіз бола алады.  Сондай-ақ оларды философия тарихы мен мәдениеттануға қатысты оқу орындарында қосымша және арнаулы оқу орындары мен емшілердің білімін көтеру мен жетілдіру курстарда негізгі оқу құралы ретінде пайдалануға болады.   

Егер осы салада қол жеткізген жетістіктермен  салыстырғанда, зерттеу жұмысының ғылыми деңгейінің алғаш ғылыми талдауға түскеніне қарамастан, оның құндылық  бағасы зор екендігі байқалады. Зерттеу тақырыбы Қазақстанда қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес келеді. Бұл зерттеу еліміздің тәуелсіздік жолындағы қазіргі кезеңдегі халықтық шипагерліктің, соның ішінде, емдіктің халықтық сипаты мен танымдық - тәрбиелік маңызын және ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының шипагерліктің негізін қалаушы екенін және  шипагердің емдік  әдіс-амалдарының  негізі айқындалуына, бүгінгі күн талабына сай қалыптастыра білу әрекеттерімен байланыстырылды.  Халықтық шипагерліктің әдемі құндылықтарын сырттан іздемей, оны өзіміздің ұлттық асыл мұраларымыздан іздеуге, ХV ғасырдағы ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының мұрасын зерттеп оны жандандыруға, қолдануға және мәдениеттану деңгейіне көтерудегі, зерттеудің көкейтесті өзекті, маңызды құнды мәселелері толық айқындалынды.

  Зерттелген тақырып өзінің өзектілігімен қатар одан ары терең зерттеуді қажет етеді. Бұл тұрғыдан алғанда зерттеуші қазақ ұлты мәдениетінің бір саласы – «Халықтық шипагерлікті»  тарихы және мәдениеттану да қалыптасқан  жүйелері мен тарихында алатын орны мен атқаратын рөлін айқындады. Зерттеудің жоспары мен мазмұны сәйкестік танытады, ізденістегі барлық ғылыми  нәтижелер мен дәрежелер және тұжырымдар айқындалып, дәлелденіп және қисынға келтіріліп талданды, жазылды.

Қазақ елінде ұлттық тілді, мәдениетті, тарихты, дәстүрлі өнерлерді дамытуға, тарихын қалпына келтіруге барынша қолдау жасалуда. Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне сай, қазақ халқының  да өзіндік  мәдениеті, тәрбиелік ортасы, әділ қазылық заңы, дамып отырған өнері, тарихы, әдебиеті, ілімі, ой-пікірі, философиялық талғамдағы шешімі, халықтың денсаулығын қорғау мен жақсартудың шипагерлік емдік дәстүрі болды. Осы мұралардың көбінің  тарихына анықтамалар беруге, зерттеуге қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» алда келеді. Шипагер баба жалғаннан пайда болған жасанды ғұлама шипагер емес. Шипагер өмірде болған, өзі жазып қалдырғандай ұлты, жүзі, руы және ата-баба мекені  көрсетілген, оның елі мен жері мыңдаған жылдардан бері тарихи және  жағырапиялық атауға ие. Бүгінде кешегі күні қайнар бұлағының көзі жабылған тарихы және мәдениеттануы бар  дәстүріміздің қыры мен сырының құндылықтарын тану мен білу және бір жүйеге келтіру  басты міндет. Осы тұрғыдан зерделесек, халық шипагерлігі мен қараүзген шипагер Ө.Тілеуқабылұлының еңбегіне зерттеудің енді ғана басталғанын ескерсек, оның берері әлі алда. Бұл сөзімізді тиянақтауда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының: «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ», - деген ізгі арманның орындала бастауы куә. Шипагер еңбегінің Қытай мемлекеттік сыйлығын алуы да үлкен мәртебе. Шипагерлік рухани байлық, тәрбие мектебі, денсаулықты жақсарту мен сауықтыру мекені. Ата-бабамыздың құпиялы киелі қасиеттері оянып, мәдениеттанудың  халықтық  шипагерлік дәстүрі өнерінің - өшкен  оты жанды, жоғалған мұрасы орнына келе  бастады. Енді ғана ұлт тарихынан өз орнын тапқан, біз үшін «екінші Ибн Сина» бола алатын, ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының халықтық шипагерліктің дәстүрінің оның философиялық тұжырымдамалары негізін қалаушы екеніне күмандануға болмайды. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы халқынан оқыған, білімдінің білімін көңіліне тоқыған, ұстазсыз ұстаз болған дана тұлға. Бабаның еңбегінде басы артық сөзде, шашыранды ойда жоқ, айтайын деген ой талғамын кесіп баян ететін, шындықтың шынжырын ұстаған ғұлама. Өткеннің тәжірибесін құпиялы түрде тал бойына дарытқан, озық өнегелі халықтық шипагерлік дәстүрімізді, тарихи болмысты ұрпақтардың сабақтастығынсыз елестету мүмкін емес. Енді осы дәстүрдің құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығы мен бірлігін жалғастыру, оған дәнекер және адал болу зерттеушілердің борышы және парызы.  Жұмыстың екі мағынасы айқын:  бірі олар кешенді ізденістің басты бағытына  айналуда, екіншісі, ұлттық дәстүрлік шипагерлік өнерге жаңа ғылыми бағыт ашуда. Бұл Қазақтанудағы  алғашқы зерттеулік ізденіс еңбегі болғандықтан, осы ғылыми мәдени бағыттың қажеттілігін ашуға демеулік етер деген тұжырым жасаудамыз. Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары мен емдік дәстүрлеріне  (тұңғыш рет)  зерттеу міндетке айналғаны, ұлт мәдениетінің дәстүрлі халықтық шипагерлік өнеріне жаңа ғылыми бағытта этникалық философиялық танымда тұжырым  жасауға негіз бола алады. Сол үшінде бұл еңбек өзінің құндылығымен ерекшелінеді.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Тілеуқабылұлы Ө.  «Шипагерлік  баян». - Алматы: Жалын, 1996.- 463 б.

2. Нұрмухамбетұлы Ә.  «Көненің көзі,  дананың сөзі» // Жинақ. - Алматы:  ҚазММУ,  2000. - 73 б. 

3. Жолдасбеков М.  «Сөнбейтін  шырақ»  // Ә.  Нұрмухамет-ұлының  Көненің  көзі,  дананың сөзі кітабында.  - Алматы:  ҚазММУ,  2000. -  63 - 73 бб.  

4. Оразақов Е.   «Қазақ  халық медицинасы». – Алматы: Ғылым, 1989. - 77 б.                       

5. Бекен  Т.  «Ислам және медицина». Алматы:   Шалкөде,    2000. - 101  б

6. Марғұлан  Ә.  «Ежелгі жыр,  аңыздар» // Ғылыми зерттеу  мақалалары. –  Алматы:   Жазушы,  1985.  214 б.

7. Алдашев А.,  Әлімханов Ж.  Қазақтың халық медицинасының       құпиясы.           - Алматы:  Қазақстан,  1992. - 160  б

8. Абдуллаев Ш. «Тамыр - жан  сезімі»  // Ә.Нұрмухамбетұлының Көненің   көзі,  дананың  сөзі  кітабында. - Алматы:  ҚазММУ,  2000. -  58 - 62 бб.

9. Польная энциклопедия народной медицины.Том 2. –Москва: АНС, 795      с.  - с 787.                                                                                                       

10. Тулендиев Т.  Лечебник народной медицины.  – Алма-Ата: Қайнар,  1991.- 306 с. – с 3.         

11. Қожалымов  З.    «Мәңгілік құпия  шежіресі».  -  Алматы: Сөздік -  Словарь,   2001.  -  445 б.  

12. Қожалымов  З.  «Шапағатты рух ордасы». - Алматы:  Сөздік - Словарь, 2001. – 318 б.

13. Қожалымов  З.  «Киелі шаңырақ». - Алматы:  Шалкөде,  - 2006. -  410 б.                                 

14.  Досымов Б.  «Емшілік дейтін бір өнер» // Ана тілі. - 1996. – 7 мамыр.

15. Абылқасымов  Е.  «Қазақстанның халық емшілері». - Алматы:     Атамұра,   1993. - 124 б. 

16.  Шорманов Т. «Дәрілік өсімдіктер».   - Алматы:  Қазақстан, 1975. - 114 б.

17. Молдабеков Ж.    Емшіліктің  философиялық  мәселесі және        мәні. // Дәстүрлі емес халық медицинасы   / ғылыми  жинақ. Жауапты шығарушы авторы: З. Қожалымов . - Алматы: Шалкөде, 2005. – 135 - 138  бб. 

18. Халық медицинасындағы бақсылық өнері // Ғылыми жинақ. Жауапты шығарушы авторы  Қожалымов З. – Алматы: Шалкөде, - 2006. -  217 б.  

19. Есім  Ғ.  «Даналыққа құштарлық». – Семей-Новосибирск:  - Телер-Пресс, 2007. – 522 б.   

20. Бұлұтай М. «Ата баба діні». – Алматы:  Білім,  2000. –504 б.

21. Қорқыт Ата кітабы // Түрік тілінен аударған  Ысқақов Б. – Алматы: Жазушы,  1994. – 160 б.

22. Уәлиханов Ш.  Шығармалары.     1940.  -  281- б. , 1985.  159 – б.  

23. Сейфуллин С.   Шығармалары, алтыншы том. – Алматы,  1964. - 379 б.

24. Молдабеков Ж.  Бақсылықтың  философиялық мәселесі. ҚР Халық    медицинасындағы  бақсылық өнері // Ғылыми жинақ. Жауапты  авторы: З. Қожалымов. -  Алматы:  Шалкөде,  2006. -  125 - 127  бб. 

25. Марғұлан  Ә.  «Қазақтың халық музыкасындағы қорқыт дәстүрі» // Қазақ   бақсы – балгерлері. – Алматы:  Ана тілі,   1993. – 221 б. -  107 б.                      

26. Орынбеков  М.  «Генезис религиозности в Казахстане». – Алматы:  Дайк – Пресс,  2005. -  240 с. 

27. Қазақ бақсы балгерлері. // Құрастырғандар: Дәуренбеков  Ж.,Тұрсынов   Е. - Алматы:  Ана тілі,  1993. - 221 б. 

28. Косоруков Ю.  Мищель  Нострадамус. – Москва:  ОЛИМП,  1999.- 203 с.     

29. Қазақтың көріпкел  және болжампаз бабалары құпиялары  // Ғылыми  жинақ.  Жауапты шығарушы  авторы:  Қожалымов. З. – Түркістан:  Шалкөде, 2008. - 303  б.     

30. Шапырашты Тауасарұлы  Қ. Түп - Тұқианнан өзіме дейін. - Алматы:    Жалын, 1993.  -  415 б.  -  48 - 59 бб.

31. Есім Ғ.  Жеті ғұлама және Анахарис  // Алматы Ақшамы. – 1992. – 14  ақпан.     

32. Сағындықұлы Б.  Ғаламның ғажайып сырлары. - Алматы:  Ғылым,    1997. - 295 б. 

33. Вурмс Е. О чем говарят звезды.–Москва: Центр, 1991.-24 с.

34. Өмірзақов Т. «Қырық бір құмалақ» //Ана тілі. – 1991. – 28  наурыз.              

35. Әл Машани.   Әл - Фараби.  -  Алматы:  Қазақстан,  1990. - 190 б.  

36. Құдайбердіұлы Ш.  «Үш  анық» / Три  истины /. - Алматы: Қазақстан,   1991. -  70 б. 

37. Ақыпбеков  Ө. Халық емінің құдіреті. -Алматы:  Қайнар, 1993. - 283 б.  

38. «Шипагерлік баян»  -  қанбайтын бұлақ.  1 – кітап // Араб әрпіндегі  жинақ. - Үрімжі: Ғылым және денсаулық, 2003. - 424 б.    

39. Ыбырайұлы Т. Өнер, білім тарихы – ел тарихы // «Шипагерлік баян». –Алматы:  Жалын, 1996. -  429 - 431 бб.

40. Жәнәбілұлы Қ. Пікір //«Шипагерлік баян».- Алматы: Жалын, 1996.- 9 б.

41. Нысанбаев  Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы: 

Қазақ  энциклопедиясы,  1999. – 227 б.

42. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер.  - Алматы:   Қазақстан, 1982. - 181 б. 

43. Массагетов П.  Өсімдік әлеміне саяхат //Аударма.-Алматы: Қайнар, 1988. – 248 б.                         

44. Өмешұлы Ә. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баян» кітабының медициналық тағылымдары  // Ә. Нұрмухамбетұлының  Көненің  көзі – дананың сөзі кітабында. - Алматы:  ҚазММУ,  2000.  -  49 - 55 бб.

45. Тышанұлы Ә.Байырғы мәдениет көгінен жарық еткен бір шұғыла //«Шипагерлік баян».- Алматы: Жалын, 1996.-10 – 23 бб.       

46. Ыбырайұлы Қ.  Сарашыдан // «Шипагерлік баян». – Алматы: Жалын,  1996. - 29 – 33 бб.

47. Қожалымов З. Қайырымды қарулы қауымдастық // «Шипагерлік баян». – 2009. -  Желтоқсан.        

48. Қожалымов З. Өтейбойдақ екінші Ибн Сина // Сұхбат. - Журналис  Г. Таубайқызы. - «Қазақстан – Zаmаn». – 2009. -  13 тамыз.   

49. Әлімбеков Қ.   Халық емінің қара нары //  Отбасы және денсаулық. -  2004. - №6.- 21 б.   

50. Қожалымов  З. «Шипагерлік мәдениеті «//«Шипагерлік баян». – 2009. -   Қазан.          

51. Кожалымов  З.  «Целитель  целителю  рознь» // Интервью. Журналист  Ауастасия ЦИРУЛИК.  Мегополис. – 2009. – 10 август.      

52. Қожалымов З.  Беймәлім әсерлердің сыры неде? // //«Шипагерлік баян». – 2010. -  наурыз.  

53. Қожалымов З.  Шипагерлікте «Мәдени мұраның» саласы // «Шипагерлік баян». – 2010 . -  Қаңтар.   

54. Қожалымов  З.  Арнау // «Шипагерлік баян». – 2009. -  Тамыз.                               

55. Қожалымов  З.  Сахналық көрініс // «Шипагерлік баян». – 2009. -  Тамыз.                               

56. Қожалымов  З.    Жауапкершіліктің  өлшемі // «Шипагерлік баян». – 2009. – Қараша.

57. Васильева Т. Биоэнергетика. -  Москва: Амрита - русь,    2001.  -  281 с.   

58. Орлин В. С.  Учение Порфирия Иванова. -  Москва:  Совэксперт книга,  1991. -  48 с.       

59. Донцов Д. Р. Биоэнергетика человека.- Москва:  Тип.№13, 1994. - 141 c.

60. Қожалымов  З. Жақсылыққа көреалмастық жасау надандықтың белгісі // «Шипагерлік баян». – 2009. - январь.                               

61. Левинсон Ю.М. Основы биоэнергетической диагностики и лечения. –  Москва:  Московский печатник,  1991.  80 с.     

62. Қожалымов  З. Адамгершілік пен имандылық //  «Шипагерлік баян». 2009.  – Қыркүйек.                               

64. Розов С.  Учебник  по  биоэнергии. - Москва: Олма, 2002. - 160 с.

65. Қожалымов  ЗҚХЕҚ атын жамылған «Ұры» ұйым // «Шипагерлік баян». – 200 .                                         

66. Анисимов – Спридонов.  Вода это здоровье и долголетие. – Москва: 991. - 37 с.          

67. Глотова О.Н.    Лечебник.  – Екатеринбург: У- Фактория, 2005. - 464 с.

68. Жарқынбай У. Саулық кілті өз қолыңда. – Алматы: Арыс, 2007. - 264 с. 

69. Тэд Эндрюс. Полное руководство по энерготерапии. - Москва: Прана,  2005.  - 312 

70. Полная энциклопедия народной медицины.  Том1. – Москва: АНС, 2004. -  795 с.

71. Дэйноу Ш.  Сам себе психотерапевт. – Санкт-Петербург: Питер, 2001. – 192 с.       

72. Высший космический разум сообщает. 11 сборник. – Москва: Извор, 991. – 32 с.

73. Дертке дауа дұғалар // Құрастырған М. Құттықожа.   – Түркістан: «Мұра», 1997. - 24 б    

74. Дұғалар қасиеті // Құрастырған  М. Құттықожа. - Алматы: Шапағат, 1996.  - 26 б.

75. Кхваджа Шамсуддин Азими.   Духовное  целительство. - Москва: Диля,  2002.-142   с.

76. Ә.  Есенбайұлы.  Абжад.   Алматы.  «Үш Қиян»,  2002. - 101 б.  

77. С. Құрбанқожа.   Дұға күшінің физикалық негіздері. – Түркістан:   Мырза, 2007. -166

78. Мұхаммед пайғамбардың өсиет хадистері. - Шымкент: Азиат, 2005. – 94 б. – 49-50 бб /166, 323, 445, 549  хадистер /.

79. Өмірбек О.  Адам – ғарыштық сана бойынша рух. - // Зерде. – 2003. -   № 1 -  6.  – 18 -  20 бб

80. Құран Кәрім.  Қазақша мағына және түсінігі // Аударған Халифа  Алтай.  - Сауд  Арабиясы:    1991. -  604 б.

81. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмед Иасауи және Түркістан. – Алматы: Тылсым,  1999. – 128 б.    

82. Красавин О. А. Биоэнергетика здоровья человека. – Москва:  Диля,    2004. – 256 с. 

83. Малахов Г. П.   Целительные силы.-Бишкек:  1994. - 557 с. 

84. Хван Ю.   Система здоровья. – Москва:  Олма-Пресс,  2004. - 378  с. 

85. Разумов А.  Успех медитации. – Москва: Олма-Пресс, 2003. - 160 с. 

86. Азими К. С. Учебник  медитации. - Москва: Амрита, 2003. - 185 с.

87. Оразалиев Р. т.б.  Жасару  құпиясы.- Алматы: Алейрон, 2006. - 220 б.                    

88. Норбеков  М.   Тренировка  тела и  духа.  -  Санкт- Петербург:  Питер,    2002.  -  144  с.   

89.  Қожалымов  З. Қасқырда қас қылмайды- қандасына // Астана ақшамы. – 2000. 2 Наурыз.  

90.  Абирова Б.  Суфизмкак фонемен исламской культуры. – Алматы:  ҚазҰУ,  2008. – 156  с. 

91. Валиддин  М.  Коранический суфизм. – Москва:  Диля, 2004. - 224 с. 

92. Қартбаев Е.  Орта ғасырдағы араб – түрік мәдени байланыстарының  тарихы. – Алматы:  Қазақ университеті, 2007. – 106 б.     

93. Ғабитов Т. Философия  // Аударған  Сатершинов Б. -  Алматы:  Қаржы  – Қаражат,  2002. – 352 б. 

94. Өтеков  Д.  Ақиқат көзі. - Алматы: Дәуір, 2005. - 480  б. 

95.  Блаво Р.    Исцеление  музыкой. -  Москва: Питер, 2003. - 188  с.

96. Затеев  А.  Курс практического хилерства. – Тольятти:  Центр инф.   технологий,  2004. – 224 с.     

97. Иманбаева А. Музыканың емдік күші // Дәстүрлі емес халық  медицинасы /ғылыми жинақ. – Алматы:  Шалкөде,  2005. – 319 б. – 140 б. 

98.  Жас Алаш. Ән дауа. – 1995. – 21 ақпан.

99.  Хан  Х. И.  Мистицизм звука.-Москва:Сфера, 2005-352 с. 

100.     Жолдыбайұлы   Қ.    Музыка тыңдау  харам  ба?   // Ислам  және  өркениет. - 2008. - №1.   

101.  Платэн М. Учение о здоровье. - Челябинск: Обьеденение, 1991.- 442 с.

102.  Нұрсұлтанқызы  З. Алланың  ісі.- Шымкент: Жібек жолы, 1997. - 48 б.

103. Медицина  білімі – мемлекеттік  тіл аясында // Ғылыми жинақ. – Алматы:  ҚазММУ,  2000.  - 282 б

104.  Айтмұхаметова  Қ.   Дәрігерлік сөйлеу этикеті // Медицина білімі –   мемлекеттік тіл аясында // Жинақ. – Алматы:  ҚазММУ, 2000. - 282б.

105. Керімбектің  Ермаханы.   Жастарға пайдалы  және зиянды   әдеттер туралы.  – Түркстан:  Тұран,  2007. 99 б.

106. Керімбектің  Ермаханы.   З. Қожалымовтің  халық емшілері бойынша ғылыми – танымал кітаптары жөніндегі ой.  // Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі /  Ғылыми   жинақ . – Шымкент:  Шалкөде, - 2007.  - 281 б. - 137 – 141  бб.  

107. Клиникалық,  іргелі медицина  мен  педагогика  мәселелері  //  Ғылыми   жинақ.  Жалпы редакциясын басқарған, профессор   Момынов. Т.  – Алматы:    ҚазММУ,  2001. - 217 б.

108.  Айтмұхаметова Қ.  Медицина  қызметкерінің  мінез – құлқы этикасының  сөйлеу әрекетіндегі  көрінісі // Клиникалық, іргелі медицина мен педагогика мәселелері / Жинақ. – Алматы: ҚазММУ, 2001.  – 217 б. – 9 б .

109. Востоков. В. Секреты целителей востока. Ташкент. «Узбекистон», 1994. - 301 с.     

110. Қожалымов З. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы және медициналық       мәселелері // медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында / жинақ – алматы: қазмму, 2000.  – 282 б.  - 112 – 116  бб.  

111. Қожалымов З.   Тылсым дүниенің құпия емдері.  -  алматы:   шалкөде,  2006.   - 208 б.

 112. Халық  медицинасының  өткені,  бүгіні,  болашағы  // ғылыми жинақ.   Жауапты   авторы:   Қожалымов.  З. - алматы:   нұрлы әлем, 2004. – 263 б.  –

 113. Қожалымов З. Рухани емшілік ғаламаты. - алматы: шалкөде,  2006. -187  б.

114. Дәстүрлі емес халық медицинасы  // ғылыми жинақ.  Жауапты   шығарушы  авторы:   қожалымов.  З.   -  алматы:  шалкөде,  2005. - 319 б. 

115. Қазақстан мен орта азиядағы халық медицинасының өркендеуі //     ғылыми жинақ.  Жауапты шығарушы  авторы:  Қожалымов.  З.  Алматы:  шалкөде,   2007.  – 281 б

 116.  Керімбектің  Ермаханы.     әл – Фараби  мен  Өтейбойдақ  шығыс  медицинасының   шам -  шырақтары және оған  жету жолдары  //  қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары / ғылыми жинақ.  Жауапты   шығарушы  авторы:  Қожалымов  З. -  Түркістан: шалкөде,  2008.  - 303 б.  - 94 -  99  бб. 

 117.  Қазақ халқының философиясы. //жауапты шығарушы:      Ж. Молдабеков.  Т7.  – астана:  аударма,  2003. – 342 б.       

118. Әлсатов Т. Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік  идеялары ( хv-хvi ғғ.). – алматы:  қазақ университеті,  1998. -  75 б. 

119.Төтенай  Б.  Табиғат тіршілік бағдары // «шипагерлік баян». – 200 . -          

120. Қожалымов  З. Шипагерлік дәстүрі және философиясы. – алматы:   шалкөде, 2009. – 225 б.    

121.  Кішібеков   Д., т.б.   Философия оқулық. – Алматы:     Юат,  2002. –   405.  – 358.

122.  Дайындаған  Ә. Жұмабай.-  Перғауындар карғысы // Түркістан. -1996. -  15 қараша.

123.  Дайындаған  Сахариев Е. Фараондар табыты // Түркістан. - 1995. -  1 Қараша.

124.  Хасанов Г.   Алғыс пен қарғыс // Көк аспан-қара жер. -  1995. -  Қаңтар.

125. Дайндаған  Құттықожыұлы  М. Шығыстың құпия ғылымы. – Түркістан: -  1997. – 68 б.

126.  Әмірбек кажы Есенбайтегі. - Шығыстың таңғажайып ғаламаттары мен сырлары. – Жамбыл: - 1994. - 66 б.

127. Майлицева Е.Я.  Ағаштар емдейді де, ауыртады да // Алматы Ақшамы. – 1996.  11 мамыр (аударма). 

128. Майлицева Е. Я.  Әулие ағаш. Көріпкел ағаш. Қанішер ағаш // Алматы Ақшамы. - 1995. – 15 желтоқсан.

129. Камни лечат. – Алматы: Фирма Сервик, 1996. – 30 стр.

130. Асыл таста не сыр бар? // Халық кеңесі. - 1994. – 11 сәуір.

131. Дайындаған  Әзімбайұлы  М.  Албастының апаны // Заң.

          -  1997. – 17 қараша.

132.  Құйынның құпиясы // Заң. - 1996. – 14 тамыз.

133. Дайындаған  Асылбек  Ә.  Құйынның кереметтері // Заң. -  1998ю – 3 мамыр.

134.  Анисимов Д.Д.  ВОДА это здоровье и долголетие». 

       Москва: -  1991. -16 стр.

135.  Ақыпбеков Ө. Арасан сулары // Денсаулық. -1992. - №9. -18 –  б.

136. Саз балшық және Табиғаттың тоғыз емшісі //  Денсулық. - 1993. - №7.- 26 б.    

137.  Музыка және көкініс» // Денсаулық. -1992. - №2. - 25 б.

138.  Әзірлеген  Жақып Т.  -Хиромант болу қиын ба? //Денсаулық. -1996. - №10. - 25-28 б.

139. Дрэзер Д.Д. - Алтын бұтақ // Cиқыр жөнінде кітабынан аударған Ә.Дастанұлы. - Парасат. -1994. - №5. - 20-21б.

140. Әзірлеген редакция.  - Көріпкел Ванга хакында  // Парасат. - 1997. - №4. – 22 б.

Сақиұлы З.. – Нострадамус // Денсаулык.-  1996. - №11. -24-25 б.

141. Ұлысбаев C. - Емшінің дұрысы бар, бұрысы бар // Денсаулық. - 1995. - №5. - 6- 7.

142. Керімбектегі Е. - Заманға маман сәйкессе  // Денсаулық. 1996. - №5.- 29 б.

      143. Икіманова Г. - Үгудің тәсілдері  //  Денсаулық. - 1996. - №10. - 9-11б.

      144. Жанпейісқызы  Н. - Табиғат тамыршысы //  Парасат. – 1991. - №5. -17-18 б.

      145. Аян Нысаналин. – Жұлдызгер // Ұлықбек туралы. -  Егемен Қазақстан. – 1994. 16 мамыр.

      146. Әбдіхалықов М. - Суреттегі сан алуан сауалдар // Көріпкел марқұм Айбек Тілеуханов туралы. - Жетісу». -1992. – 29 сәуір.

      147. Әбдіхалықов М. - Байланысқа шақырғанын білемін //  Леонид Прицкер туралы. - Жетісу». - 1992. – 16 мамыр.

      148. Әнуар Тарақ . - Олар өлімді көріп-біледі // А.Ақшамы. – 1992 – 12 сәуір.

149. Балғынбекұлы Т - Қырымда өткен конгресс // Ауыл. - 1994. -  14   қаңтар.

150. Платен М. -  Учение о здоровье. - Челябинск. -Человек», 1991. – 430 стр.

      151. Шәкәрім Құдайберді. - Үш анық (Три истины). – Алматы: -Қазақтан, 1991. -  6-34 бб.

152.  Қожалымов.  З.   – 1992 – 2009 жылдары  аралығында  баспасөз беттерінде, ғылыми журналдар мен Қазақ  энциклпедиясында    жарияланған  жүзден  ден аса рухани - емдік және ғылыми - танымдық   мақалалары.                           

153.  Қазақстан халық емшілері қауымдастығының  тарихи құжаттары және оның қызметі туралы  авторлардың танымдық мақалалары.  – 1992 - 2009.     

 

Монография

Қожалымов Зядан

ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

*****

КОСМИЧЕСКИЕ ТАЙНЫ ИСЦЕЛЕНИЯ

*****

Кітапты автор мен «Шалкөде» баспасының келісімінсіз баспадан қайта басып шығаруға болмайды. Заң алдында жауапты болады.

Автордың байланыс телефоны: 8 (727) 298-78-74, 8 7013376454

Редакция телефоны: 275-00-46

 

Редакторлары:    Жанболат Сәрсенбай

                             Гүлзат Зияданқызы                        

                    Гүлшат Зияданқызы

                            

Техникалық редактор:    Аида Қайдарқызы

 

Суретшілері:                   Саркеев Қ.Д.

                                        Нұршат Зияданқызы

 

Корректор:                     Мөлдір Ыдырысова

Компьютерде өңдеген:     А. Рысқұлова

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының «Шалкөде» баспасы  Издательство «Шалкөде» при АНЦК 050060, г. Алматы ул.  Радостовца 191, оф. 4. тел: 275-00-46

Подписано в печать 29. 04. 2010 г.

Формат 60х84 1/16. Заказ №  78.

Бумага офсетная.   31,25 усл. п.л Тираж 200 экз.

Отпечатано с диапозитов издательство «Шалкоде»

в типографии «Нур-Принт» с/з «Алатау», ул. Еркіндік,  60.

тел: 308-25-46.   e-mail: nur-prin @ mail.ru