ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

26

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

9.8  ҚАСҚЫРДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ – ҚАНДАСЫНА

 

            Мұсылмандықтың бес парызының бірі – қажылық міндетін өтеуді әрбіріміздің үмітіміз екені шындық. Дегенмен, шариғат жолы бойынша оның негізгі шарттарына шарты сай келетін адам ғана бара алатыны жөнінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы тарабынан ұдайы ескертіп келеді. Қасиетті Мекке-Мәдинаға сапар шегіп, Аллаға құлшылық ету оңай емес, Ең бастысы, қажылыққа баруға ниет білдіргендердің жеке басының амандығы мен қауіпсіздігін толық қамтамассыз етуге жауапты  болу. Бұндай жауапкершілікті тек қана ҚМДБ міндетіне ала алады. Осыны толық түсінбеушілерді алдап-арбап қарапайым халықты қалжыратып, оның рухы мен тәнінің тазалануына кері әсер етуші топтар көбеюде. Мұндай жағдайды өз басымнан да өткерген кез болды. Өткен жылы (1999) республикалық басылымдар ен телеарналар және радиоторабында сәуір айынан бастап, он бір айға түйемен әрі жаяулай сапар ұйымдастырылып жатқаны жөнінде тамаша хабарлар беріліп жатты. Мұны ұйымдастырған Астана қаласындағы «Алтын қазақ» рухнаи қайырымдылық қоры мен «Насруллаһ» исламды қолдау қоғамдық қоры. Барлығының басын қатырған бұл екі қордың атқарушы директоры Сәдібек Тәңірберген ақсақалдың қулығы сапар жақындаған сайын біліне бастады. Басында 300 (үш жүз) адам барады деген халықаралық «архо-этнологиялық» «Астана-Ақтау-Мекке-Мәдина-Ақтау-Астана» экспедициясықұрамына ілінгендер саныәрең қырыққа жақындады. Қыркүйек айындағы конференцияда (Астанада) экспедицияны басқаруды петропавлдық әрі солтүстік Қазақсатн облыстық дәрі-дәрмек басқармасының бас директоры Марат қажы Сәрсенбаевқа міндеттеді. Оның көмекшілері белгіленді. Астанаға сапар жолына шығуға қыркүйектің 30-ы күні құжаты толық әзірленгендер  жиналды. Олардың бәрі өз отбасы, туыс, жақын жолдас-жораларымен оштасып, өз ниеттерін Алла жолында қажылық сапраға арнады. Кеште Астана қаласы вокзалында «Астана-ақтөбе» № 247 пойызына арнайы бөлінген вагонға отыруға қажылық топ жиналды.

Күндіз бірге барамыз дегендердің тек 26-сы ғана халықпен қоштасып, Ақтауға қарай сапарға шықты. Басқарып баратын Марат қажы мен оның орынбасары да және біраз сапаршылар да келмеді. Экспедиция мүшелері қайтадан жауапкершілікті алғашқы жауапты ұйымдастырушы Тәңірбергенге жүктеді. 4-қазанда Маңғыстау облысы, Жаңа өзен қаламына  жетіп, сонда 12 қарашаға дейін экспедиция құрамы тұрды.

Жауапты кезеңде эспедиция құрамы сенген басшы Марат қажы мен Тәңірбергенге жүктеді. 4-қазанда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына жетіп, сонда 12 қарашаға дейін экспедиция құмы сенген басшы Марат қажы Тәңірбергенмен келісе алмай, топты кетер кезде екіге бөліп, өз тобына: «Мен сендерді Ирак шекарасына тікұшақпен апарамын» деп көндіріп алып қалған. Ал сапардағы топқа: «Жүре беріңдер, арттрарыңнан бір жетіде елшіліктер рұқсатын (Түркмен, Ирак Кувейт, Бірікке Араб елдері, Сауд Аравиясы) апарамыз» деп уәде еткенімен, ол рұқсат жүзеге аспады. Қараша айының суығына экпедиция мүшелері ілінді. Алды ауыра бастады. Киім жұқа. Жатын орын суық. Ауа райы қолайсыз болды.    Ал сенген Тәңірберген өзіміздің қаржаттан 30 доллар және 20 мың теңге алып, өзім Алматыға барып, елшіліктерден рұқсат алам деп, біразымызға айтып, тайып тұрады.

Бұл 21- қазан еді. Мен онда басқа жерде едім. Мен осыны сезініп: «Ол бізден қашты. Ендщі келмейді. Елшіліктен рұқсат халықаралық жағдайға  байланысты болмайды. Қайта қайту қамын ойланыңдар» - дедім. Алматы және Астана қаласына іздеу салып,  әрең дегенде алтыншы күні Тәңірбергенді Астана қаласындағы жұмыс орынынан  телефон байланысы арқылы таптық. Ол тағы түлкібұлаңға салды: «Сонда сарапшылар бола берсін. Мен бәрін орындаймын» деді. Ол уәдіесін орындмақ түгілі оған хабарласқандарға дөрекілік байқатты. Енді Тәңірберген жоқ дедім. Экспедиция сапарына  жоғарғы екі қауымдастық өз күштерімен 70 мың  АҚШ долларын аорнағанын  төлқұжатында көрсеткенімен тексере келгенде, жеті тиын да ортаға төленбеген. Экспедицияның барлық шығыны  22 адамның 300 доллары жинағы есебінде төленіп жұмсалған. Міне, алдау жолы деген. Басында бұл экспедиция жұмысын жеті министрлік басшысы қуаттап қол қойды. Балғысмбаев келісім берді. Енді шешім (қаулы) болады деп Марат қажы сендіргенімен, олардың басты мақсаты -өз абыройларын көтеру әрі басқалар арқылы күн көру екенін бізден бұрын сезген үкімет орындары өз уәделерінен қайтып, беттерін кері бұрды. Экспедиция үшін есік жабылды. Бұдан ұйымджастырушылар емес, қарапайым сене бергіш халық  өкілдері зардап шекті. Жергілікті әкімшілік заң орындары және халық өте жақсы көмек етпегенде  экспедицияның құрамын біраз бақытсыздық күтіп тұр еді.

Ал, экспедиция жұмысын үш ай бұрын ұйымдастыруға Ақтауға барған Шәкизада Торғауыттың ешқандай жұмысты атқармағаны Ақтауда 14-қазанда тікелей эфирдегі  сұхбатта анық болды. Ол өз қаражатын бермегені  былай тұрсын, бейтаныс жатқан үйдің телефоны мен факісін пайдаланып, үй иесін 30 (отыз) мыңға жуық теңгеге отырғызып кеткен.  Әрі тегін тамағын ішіп, үйінің бір бөлмесін тегін пайдаланған. Бұл да аяқ астынан 16 ұқазанда жоқ болады. Ал, Астанада тғылып жатқан Тәңірбергеннің алдауына түскен  8 адам қарашаның 12-сі күні жолсапарына шығып, Түркмен асып Иранға жеткенде, алды кері қайтады. Виза уақыты бітті. Көрмеген азабы аз болмады Қазақстан жерін сүюге асықты. Осындай ауыр күндерді басынан кешкен ақмолалық Хамидулла Нарымбет келісімен, «Хабар» телеарнасынан сөйлеп бастан кешкен азапты күндершін айтты. «Астана ақшамы»  газетіне «Қасиет ті қажылықтың қайырсыз сапары» мақаласын шығартты (13.01.2000). Кеткендердің  рұқсаты 9-желтоқсанда  біткенді.  Содан бері бұрынғы алматылық кейінгі астаналық «Насруллаһ» исламды қоолдау қоғамдық қорының басшысы Қазыбек Байсопы, Қошмұқамбет ақсақал, емші Дәметкен /бәрі Астаналық/ қайда екені белгісіз. Оған жауап берер ешкім жоқ.

Іздеусіз әрі сұраусыз деген осы екен, ағайын. Бүкіл ел қуанған экспедиция құрамы сәтсіздікке ұшырауына немқұрайлы қараған жоғарыдағылардың кінәсі   екенін халық білсін демекпіз. Себебі, қазір жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған  коммерциялық бизнестік фирмалар мен діннен ешқандай хабары жоқ қоғамдық ұйымдар жағдайды білсе де  сезбегенсініп, біз қажылыққа автобуспен 1000 тікұшақпен 1500-1700 аҚШ долларына апарамыз. Оның ішіне (кеден шығыны, тамағы, жатын орыны, жол шығыны) қаралған дегеніне сенуге болмайды. Бұлардың адамдарына кепілдік жоқ. Қысқасы, тағы да қосымша төлейтін қаражат қажет.  Бұны барушылар білмейді.  Тіпті басқарапы баратын жауапты әрі тіл білетін адамы да жоқ.  Жақында осындай Алматылық бір фирманың сенген аудармашысы  сонда қалып, өз тобын тастап кеткен. Тіл білмейтін үш әйелді (бәрі алматылық) қамап щқойғандықтан, кейіннен елшіліктің араласуымен әрең Алматыға келді. Сондықтан халықты қажылыққа апарамын деп оны саудаға айналдыратын «жалған» қолдаушылардын аулақ болған жөн. Қажылыққа тек қана Сауд Арабиясы толық заңды қабылдайтын әрі оның адамдары толық амандығына кепілдік беретін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы арқылы барғандар өкінбейді. Өйткені, біз үшін ҚМДБ кепілдік әрі қорғаушы заңды орын болып табылады.

 

«Алматы Ақшамы»  газеті. 18 ақпан  2000 ж.

 

 

9.9  ТАБИҒАТ ЗАҢЫ ТІРШІЛІК БАҒДАРЫ

 

Немесе З. Қожалымовтің «Мәңгілік құпия шежіресі» монографиялық еңбегіне           П   І   К  І   Р :

«Бүгінгі имандылардың түсіндіруінше, адамзат 2000 жыл бойы өзі жазған заңмен өмір сүріп келді. Сондықтанда жер бетінде өмір сүріп жатқан адам баласы имансыздыққа айналды. Діннен безді. Бұл жағдай адамзаттың жер бетінен жойылып кету қаупі төнді. Егерде адамзат табиғат заңымен өмір сүрер болса, дәл бүгінгідей табиғаттың апатына ұшырамаған болар еді» - деп түсіндіреді автор. Яғни, жаратушы күштің бар екенін мойындап, имандылқпен өмір сүру керектігің айтады. Бірақ кейбір адамның санасы оған жетпейді. Демек, адамзат қалай болған күнде де жаратушы күштің бар екенін және оның құдіретін мойындай бастады. Міне ештен де кеш болса да, қазақ ұлтының болашағын ойлаған адамзат халықаралық дәрежедегі рухани шипагер, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, биоэнерготерапевт Қожалымов Зиядан «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегінде тұңғыш рет тәңірдің құдіретінен болып жатқан адамзатқа белгісіз қүпиялардың көзін ашып беріп отыр.

Адам баласы қандай дәуірде өмір сүрсе де өзіндік діни нанамы, сенімі, танымы болды. Шамандық (бақсылық) күшті дамыған «тәңір дінінің» кезінде халық көктегі жаратушысына, күнге, айға табынғаны аруаққа сыйынғаны белгілі. Қазақ еліне VIII-IX ғасырда ислам діні жеткенімен, оны бірден қабылдау оңайға түспеді. Халық ислам діні қағидаларымен бірге тәңірлік діннің кейбір сенімдерін (аруаққа, киелі жерге, табиғат құбылысына т.б. табынуды) жалғастырып келеді.  Бұл халыққа ислам дінінің дінінің қағидалары мен шариаттың шарттары әлі толық үгіттеліп жетпгендігінен, әрі діни насихатшылардың сауатсыздығынан болып отыр.

«Жасанды» құдай жасағандарға қарсы ақпарат құралдарында аз айтылады» дейді автор. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі еркіндікте өмір сүріп жатқан қазақ халқы мен мұсылман боларын, не тәңіріне сыйынарын білмей, идеясын ажырата алмағандықтан темірді қыздырып, жалап бақсы болғысы келеді, болмаса дұға оқып дем салғысы келеді. Бірақ ара жігін аша алмай екі идеяны араластырып алып емші болып жүр. Міне, осыдан келіп Алланың елшісі мен пайғамбары да көбеюде.

Оны айтпаған да, біз көрген кешегі арақкештер мен нашақорлар бүгінде иманды немесе  ауыл имамы болып шыға келеді. Бұның барлығы қазақтың дінсіздігі. Бұдан не шығып, не тынады. Сайып келгенде дүмше молда ел бұзардан шығып отырған әңгіме. Осының салдарынан келіп бүгінгі жастарымыз, Батысқа еліктеп кім айтса, соның құрбаны болып кетіп барады. Бұл еңбекте автордың негізгі бір баса көңіл аударған қағидасы тылсым дүниенің жұмбақ сырларын ашып беруге ұмтылуы.  Бұл сырлардың авторлары  кімдер еді; бақсылар, болжаушылар, жұлдызшылар, жауырыншылар, құмалақшылар, көріпкелдер, телепатия, биоэнергетиктер, халық емшілері деп санап келіп, әрқайсысына арнайы тоқтап, талдау жасап, түсініктеме береді.

45 беттік бұл көлемді еңбек жалпы 11 тараудан тұрады. Алғашқы «Қайта оралған киелі қасиет» пен «Тән және рух»  атты бірінші  және екінші талдауды арнайы талдауды керек етпейді деген  пікірмен біздер атап қана өтіп отырмыз. Себебі бұл екі тараудың  мазмұнынан азды-көпті болса да оқырман қауым хабардар болар деген ойдамыз.

Үшініші тарауы «Ғарыштың беймәлім қонақтары» жөнінен көпшілікке белгілі алып қашпа пікірлер көп-ақ. Біреулер сол жерге ұшып барып келдім десе, енді біреулері ұшып жүрген тәрелке тәрізді ұшатын дененің ішіндегі адамдарды көргендігін баяндайды. Бұл тәрелке тәрізді аппараттың қалай ұшып-қонғаның көрдік деп тағы біреулер қолымен қойғандай етіп баяндайды.

Осыған орай бұл еңбектен бір сілтеме келтіре кетейік. Бұл қандай құпия. Бұл құбылысты әскери бақылау орындарына радиолокациялық экраннан көрген, оның жылдамдығы – сағатына 10.630 шақырымдай болған. Алғашында 13 сағат 45 минөтте көрсе, 13 сағат 59 минөтте арнайы әскерилер басшыларының бұйрығы бойынша бұл ұшқыш денені атып түсіреді. Жерге атып түсірілген жат планеталықтардың бұл кемесінің ұзындығы 18,2 м., 8.64 метр салмағы 50.000 килограмнан астам болған. Осы корабльден табылған ергежейлі екі жалтырбастың мәйіті, тегі анықталғаны, анықталмағаныан әлі  ғылыми тұрғыдан мәлімет жоқ. Бұл құбылысты американдықтар қанша жасырып ұстағаны белгісіз болғанымен, аспан әлемі кеңістігінедгі осынау алып кеме (корабль де, басқа беймәлім тірлік иелері де) адамзатты бей-жәй қалдырмасы анық. Бұдан басқа да көптеген жұрттың көзбен көргендері әңгімелерге де сан жетпейді.

Төртінші тарауда «Тәндегі нүктелер мен белгілер құпиясына байланысты не білеміз. Әрине арнайы белгілі бар мамандар биологтар білсе біле жатар. Ал халық бұқарасы не біледі. Бұл да біз үшін бір шеті ашылмаған құпия. Соның бірі, айталық алақан, саусақ сызықтарның да адам өмірі үшін қаншалықты дайын жазба екенін біле береміз бе?  Әрине бұл алақан сызығын біліп, болмаса ой-жобамен біліп айтатындар да бар. Бірақ негізінде ғылыми тұрғыда көпшілігі ой-жобамен соғатынын қайтесіз. Егер алақан және саусақтардағы сызықтар толық анықтамасын білетін болса, онда болжамы анық болар еді. Өкінішке орай көбінше дұрыс болмайды. Бізге құпия  болып тұрған негізгі үш сызықтан тратыны анық болды: өмір сызығы, жүрек сызығы, ақыл-ой сызығы болады екен. Міне осы сызықтардың орналасуы да адам баласының өмір болмысын толық анықтап алуға болады екен. Адам қабілетіне толық талдау  жасау үшін қолдағы сызықты оқу да тағыда үш сызық бар екен. Тағдыр сызығы, күн (аппалон), денсаулық (қарын немесе бауыр сызығы) деп атайды. Одан басқа да толып жатқан өмір тағдырын анықтайтын сызықтар да бар. Басқасын айтпағанда, алақан терісінің түсінің тым қызыл болуы жан-жағында болатын жағдайларға тез араласып, адамдарды бірден жақсы көруге ұмтылатындығын да білдіреді. Егерде алақанның терісі боп-боз болып көрінсе, ондай адам  салқынқанды,  өзімшіл келеді. Тері сарғыштау болса, ондай адам тоң мінез, ашушаң, сарыуайымшыл болады – деп дәлелдейді. Тіпті қолдың сыртқы формасының (кескінінің) жүз елуге жуық түрі бар екен. Ғылым оның еті-ақ түрін айырыпты. Мысалы шарпшы бітімді алақанды қоғамдық саяси өмірден аулақ жүреді. Махаббат пен достыққа берік, ғылымға бейім еңбекқор келеді.  Үшбұрышты пішінді алақан иесінің саусақтары жіңішке және қозғалған кезде саусақтары дірілдеп тұрады.  Толық еркіндігі жоқ махаббатқа тұрақсыз келеді. Ұзынша жіңішке алақанның ұшы ұзын әрі саусақтары жіңішке тырнақтары бадам дәнді тәрізді болып келеді. Мұндай адамдар сақтық пен тәжірибені аз меңгереді.  Қолдағы жазуды оқу (хиромантия) – тұңғыш рет Үндістанда пайда болған. Одан кейін Қытайға, кіші Азия, Жерорта теңізінде пайда болады. Үнділер менің алақаныма жазылды десе, қазақтар менің маңдайыма жазылды дейді ұлттың тәжірибелерінде. Ал енді қазақтың маңдайына жазылғанын оқиық. Адамның бет әлпетіне қарапр, мінез-құлқын, көңіл-күйін оқуға болады. Мысалы, беттегі әжім сызықтарына қарап, ол адамның қай жері сырқаттанатынын қандай ауруға бейім екендігін байқауға болады. Сондықтан мүмкіндік болғанша адам өз бойындағы аурулардың алдын алуға мүмкіншілігі бар ғой, егерде бетіндегі әжімдерінің сырын білсе. Маңдайдағы көлденең орналасқан сызықтар ой еңбегімен шұғылданатын адамдар. Екінші себебі қатты күйзелістен  кейін оңала алмай жүрген, өзін-өзі жегідей-жеп жүрегн адам. Кеңсіріктегі әжім ылғи қапаланып, өмірге риза болмай жүрген адамдарда кездеседі. Сондай-ақ қуық, зәр жолдарында да кеселі бар деген сөз. Әйелдерде бұл әжім жатырының, ал еркетерде бүйрегінің төмен түскендігін білдіреді. Сол жақ езудегі сызық – асқазан ауруларын білдіреді. Мойынға түскен әжім іштің қатуы (геморрой), бауырдың ауруына хабар береді. Еріннің үстіндегі әжімдер мінезі ауыр, тұйық адамдарда, болмаса ашушан, шорт мінезділерде кездеседі. Жалпы мұндай әжімдері бар адамдарда аш және тоқ ішектері жұмыс істемеуі мүмкін. Бүйрегінің ақауы бар адамдардың көзінің астында әжімдер болады. Көздің бұрышындағы әжімдер мейірімділіктің ғана белгісі емес, өт жолдарының да ауруы болуы мүмкін. Міне біз әлі біле бермейтін, әрі мән бермейтін беттегі әжімдердің  де өз денсаулығымызға байланысты  нақты анықтамалар бере алады. Егерде өзімізге өзіміз, тұрақты түрде бақылау жасау арқылы бақылап жүрсек, көп нәрсені ұтарымыз анық. Адам денесіндегі ғажайып суреттер де адамның ғажайып құпия сырларын білдіреді. Бүгінгі таңда халықтың ауызында жүрген «дуалау» - деген өте көп айтылып жүр. Әр нәрсенің себепр-салдары бар. Әрине ғылымда анықталмаса, біз дуа жөнінде айтпақ  тұрмақ білмеген де болар едік. Ал құранды басқа діни кітаптарды оқитын болсақ, дуаның не екенін ғылыми тілде баяндап береді. Осы дуаға байланысты автордың бір сөзін келтіре кетейік. «Маған келген баланың ауруы – су ішпейді. Суға түспейді, арық суынан өзі өте алмайды. Туыстары оның көзін байлап қойып жуындырады. Бірақ, басқа сұйық ішкенімен, таза суды көріп тұрып ішпегеніне он бес жыладн асқан. Кезінде жас қыз бес жасында анасымен қонақта болғанда дастархан басындағы бір үлкен кісіге (ұлты өзбек көрінеді) қылығы ұнамаса керек. Әлгі шал жас нәрестеге су ішкізеді. Сол күні ертесіне қыз бала судан қорқу ауруына душар болады. Арада қанша жыл өтсе де ем қонбайды. Осы ауруды емдеген автор, суға дуа оқып, құдай сәтін салдыма деймін алғашында суы бар ыдысты қолына ұстаудан қорыққан студент қыз, бір сағаттан артық қарсылық білдіріп барып, денесі қалтырып, әрі үрейленіп, әйтеуіру әрең дегенде бір стақан суды ішті. Суды ішіп болып; Аға су қандай тәтті, тағы бір стакан су беріңіз, - дегені. Ақыры жазылып еліне қайтты. Дуа қайтарылғанда жасаған кісінің өзіне кері қайтады. Егер дуа жасаған адам өліп кетсе, оның дуасының зардабын ұрпағы тартады.  Жалпы дуашылық тұқым қуалайтын дерт. Олардың ішінде жасанды шәкірттік жолмен дуалық ететіндер де бар. Бұлардың көбі адамдарды жыланша арбап, алдап адам өзінің қастандық қуатын басқаға жіберу арқылы өзінің сенімін арттырып, басын айналдырып алады. Әсіресе, Оңтүстік, Қызылорда, Жамбыл облыстарында дуалаушылар ордасы күннен-күнге етек жайып кеңіп барады. Бұл облыстардағы емшісымақтар мен діндарлар кейіпіндегі дүмшемелер арасынан дуа етушілер көбеюде. Бұлар өз отбасы ішнде де, туыс-жақындарына да дуа жасай береді.  Автор осы «жасанды» дуашылар республиканың  басқа өңірлеріне де тарай бастағандығын аса бір өкінішпен ескертеді. Дегенмен де, болашақта кімде-кім емшіге барғанда, қандай емшіге барып отырғанын білсе, көп дүниеден біздер сақтанған болар едік. Енді бір кез сиқыршылықтың құдіретіне көз жіберейікші. Адамзат  жаратылысынан бері өмір сүрудің тиімді жолдарын қарастыруда. Солай бола тұрса да сиқыршылық та адамзат тарихында көнедегі тамыр жайып келе жатқан «әдет-ғұрып» деуге болады. Ал сиқршылық Құран-Кәрімде ең үлкен күнәлардың қатарына жататындығы анық көрсетілген. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын көне Үнді елінде, Мысыр, Греция, Рим, Австралия мен Африкада тарап, содан бүкіл әлемге тарай бастаған. Содан бұл  «жат» өнер қазақ жерінен де аттап өте алмады. Жалпы барлық адамда бірдей сиқыршылық қасиет дамымайды. Табиғи немесе арнайы құпия сиқырлық мектебінен өткендер көбінесе ашық түрде көріне бермейді – деп дәлелдейді автор. Автордың бүгінгі сиқыршылардың не істейтіндігіні адамға қалай қастандық жасайтындығы жөнінде тағы бір мысал келтіре кетейік. «Шегіне жеткен сиқыршылар өздерінің құрбаны санайтын адамды емдеймін деп, денесінің әр мүшесінен  бірнеше тырнақ, шаш және кірпік талшықтарын, сілекейін алады екен де, оны бал арасының балауызымен араластарып одан қуыршақ бейне жасайды екен. Осы бейнені жеті күн шам астына қойып, мен балауыз емеспін, мен жүрек пен бауырмын деп үнемі айта береді екен. Жеті күннен кейін балауыз шамның қызуымен еріп біткен құрбандық  қуыршақ өлді деп есептейді екен. Осы кезде сиқыршы сиқырлаған адамда өледі. Ал егер өлтіргісі келмесе, қуыршақ бейненің көзін ойып, соқыр етіп отырғызып қояды. Ал тіпті өлтіргісі келсе, қуыршаққа пышақ тықса да, сиқырлаған адам өлді деп  дәлелдейді. Бұл еңбектің келесі бір тарауы  - «Қарғыстың қасіретіне» көңіл аударайық. Ата-бабамыздың ең соңғы  теріс батасы «білгеннің тілің алма, күлің шашылмасын» - деген екен. Бұл не деген сөз. Білгеннің тілің алмаса өзің де бұл дүниеден ақымақ болып өтесің. Күліңді шашатын ұрпағың ғой. Бұдан артық қандай қарғыс болады.  Сондықтан ата-бабамыздың «Қарғыс алмай, алғыс ал» - деп тілейтіні осыдан болса керек. Адам жан-тәнімен берген қарғыс, теріс батасы міндетті  түрде адамның алдынан шығады. Енді бір сәт қарғыс қайдан туады, себебі неде? Адамадар бірін-бірі жетіскендіктен қарғамайды. Оның себебін адамдар бірін-бірі моральдық, материалды кемсіту, қорлау, зәбірлеу, келеке ету, алдап-арбау, ауыр жағдайға душар етеді. Міне, осыдан кейін зардап шегуші қарғыс айтуға мәжбүр болады. Бұл қарғыс сол қорлаған адамның өзіне тимесе де оның үрім-бтағына теріс ықпалын тигізері ақиқат іс. Өзгесін айтпағанда, қазақта: «Әрбір басқан қадамыңды дұрыс баспасаң, қайда болса солай жүріп, Жер-ананы құрметтемесең – киелі Жер-ананың да қарғысына ұшырайсың» деген қағида  тегін айтылған ба. Сап-сау адам, қара жерде тайып жығылып, мертігіп қалғандардың қаншасын көрдік. Сайып келгенде, күнделікті тіршілігімізде қателігіміз бен біліп істеген қиянатымыздың ара жігін ашып берген бұл еңбектің негізгі хикаясы – адам баласы соңғы екі мың жыл өз жасаған заңымен өмір сүріп келетіндігін түсіндіру. Егерде дейді автор тәңірдің бізге өмір сүрсін деп берген табиғаттың заңымен өмір сүрсек қой, адам баласы дәл бүгінгідей қайғы-қасіретке, табиғат апатына ұшырамаған болар еді – деп қорытады. Пендеге Алла жар болсын деген тілектеміз.

Төтенайдың Базарбегі

 тарих ғылымдарының докторы, этнограф.                    

(Шипагерлік Баян, № 2, маусым 2002).

 

 

 

 

 

   "Егер жер көкте Алладан басқа да тәңірлер болса, әлбетте екеуі де  бұзылып кетер еді. Ғаламның раббы Алла олардың жасанды сипаттарынан пэк".

                                                                                                                                                                                        Әнбия сүресі. 21 аят.

                                                                       

                                                                                      pic

                                                                          pic

 

X ТАРАУ

СЕНІМ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ


 

10.1     ӨзІҢДІ-ӨЗІҢ тани біл

 

Біздің заманымыздың алғашқы  жылдарында  бір Француз дәрігер - провизоры Эмиль Куэ ұзақ жыл ауру адамдарға арнап  белгілі бір ауруға дәрі дайындап, оны бір түрлі ауруы бар әртүрлі адамға беріп емдейді. Бұл дәрі біреудің  ауруына  тез әсер етіп жазса, біреуге ұзақ әсер етеді. Ал тіпті  біреулердің ауруына кері әсер етеді. Бұл қалай? - деп өзіне өзі сұрау қояды.

Осыдан кейін ол өзінің ауруларының мінез құлқын, танымын,  сенімін, білімін және жағдайын тексеріп, оларға арнайы есеп жүргізе бастайды. Уақыт өте келе ол ашық түрде мынадай қорытындыға келеді. Дәрінің әсер етуі тек ғана  «ауру өзін-өзі сендіргенде» ғана нәтижелі  ем болады  деп тұжырымдайды.

Осыдан кейін ол, өзін-өзі сендіру мен иландыру арқылы өзінің әдісімен  емделуді ұсынады. Сонымен адамның өзі-өзінің дарынын ашу мектебін ашады. Осы мектептен өткен аурулардың жағдайы жақсарып, өздерінің бұрынғы  дені сау өміріне қайта оралады. Осыдан кейін-ақ, Француз Куэні адамзаттың әкесі - деп атайды. Кім білсін Куэнің  бұл емдеу әдісі өмірде  бірінші болды ма немесе оны адамзат пайдалана алдыма, әлде жоқ па әйтеуір мыңдаған жылдарда адам баласы  өзінің ішкі дүниесіндегі сезімнің сенімі арқылы әртүрлі Психотехникалық әдістерді  пайдаланып өздерінің  денсаулықтарын бір қалыпты жағдайда сақтап келгені аян.

Сондықтан да, біз өзімізді салмақты ұстап, жанымызға тыныштық  берсек,  ата-бабамыздың әруағы, рухы да тыныштығын күшейтіп, бізді қолдайтындығы дәлелденіп қана  қоймай, оны өмірімізде  анықтау үшін талпыныс жасауда оң нәтижесін берері анық. Осыған байланысты адам рухтың жоғары қасиетін сақтап оған тыныштық беру үшін, өз денсаулығын жақсарту жолында өзі-өзінің қасиеттерін ашып ұдайы қайталап, шұғылданып отыру қажет.

Көптеген ғасырлардың және бүгінде қысқа мерзімді ұсынған емдік  әдіс-тәсілдеріміздің ішіндегі: тұрақты тамақтану, тазалықты сақтау, ұдайы табиғаттың таза ауасының және қасиетті  жер, орман, су, табиғи минералдарын пайдалану (балшықтар, құм, тұз, мумие және  т.с.с), Гимнастика - спорттың түрлері мен шұғылдану, жүгіру, намаз оқу  ниетін тұрақты адалдық жолына арнау, өзіне-өзі сыншыл әрі тани білу,  дене қимылы жұмыстарын тұрақты жасау, ұлттық ерекшеліктермен діни сенімнің ерекшеліктерін қатал сақтау жолдары да осы заманғы адамдардың  санасын оятып, жүйкелік ауытқудан сақтап ғана қалмастан, денсаулықтарын өздері бақылап жақсартуға да септігін тигізуде.

Әңгіме не жөнінде болуда? Әңгіменің ең басты себебі мынада: Заман өзгереді. Әлем халқы  дінге сеніп, о дүниелік рухтарда аян бере бастады. Сондықтан, әруақтың рухының тыныштығын сақтау үшін, денсаулықты жақсарту жолындағы өзін-өзі жетілдіру мен тәрбиелеу  мүмкіндіктерін дамыту қажет.

 Денсаулық дегеніміз - ол адамның өзін - өзі тану арқылы  табиғатпен келісе отырып, өмір  сүретін табиғи күйінің тұрақтылығы.

Денсаулық - бұл адамның психологиялық көңіл-күйі мен физикалық денесінің (тән) гормониялық бастамасы.

Көңіл-күй мен дененің немесе тәннің аралық  байланысы  шартты өлшем  болып табылды. Өйткені, көңіл-күйдің өзгерістері барлық денеге (тәнге) терең еніп отырады.

Сондықтан да ертеде-ақ, дәрігерлер мен философтар физикалық дене мен көңіл күйдің (психологияның) өзара қатынасы жөнінде ескертіп отырған.

Платон өзінің еңбектерінде көрсеткендей «көзді  бастан бөліп, ал басты көзден бөліп емдеуге болмайды. Сондай-ақ денені жаннан бөліп емдеуге болмайды» - деген еді. Осыған сәйкес, көптеген діни кітаптарда (Құран т.б.)  көрсеткендей, адамның физикалық  денесі  оның рухани  мекені екенін ескертеді.

Шығыс медицинасы мен философияның белгілері  мен тұжырымдарына сүйенсек, адамның  денесі әр түрлі  әрі бір неше денеге айналатыны көрінетін толық физикалық дене, өте нәзік «Қуыршақ» тәрізді көрінбейтін астралды және менталды денелер.

Адамның бұл денесі оның  өмірінде  өздігінен құрылып,  жасалынып отырады. Сондықтан да астралды  денеге  негізгі құрылымдық қажеттер  сол адамның эмоциясы мен сезімі  болса  ал,  менталды дене үшін  - оның жекелей ойы болып табылады.

Әрбір дененің-өзінің жекелей  энергетикалық өрісі  болады.  Бұл өріс тұлғалы денеге өтіп сіңіп қалмастан, одан тысқа шығады. Бұл адамның денесінен тысқары  шығып кететін энергетикалық қуаттың бөлшегін  Нұр сәуле  /аура/-дейді.

«Иога» - дегеніміз ол: «Одақ, бірігу, гормония». Бұл ұдайы өзін-өзі  адамның тану жүйесі  болмақ. Бұл адам мен табиғат гормониясы және адам мен әлем  арасындағы  ұқсас гормониялық сыбайластықты көрсетеді. Бұл әлем микрокосмосындағы (микроғарыштық) адамның да ара бірлігінің даму заңдылығы.

Жалғыз ғарыштық заңдардың ең бастысы - эвалюциялық заңы. Ол өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту заңы. Дүние құрымайды, ол мәңгі тұрақтылығын сақтайды. Ол әрқашанда тұрақты даму жүйесінде  болады. Сондықтан да, адамзаттың өмірінің басты мақсаты - адамша өмір сүрумен тұрмысты жақсартуда өзінің ашылмай жатқан ішкі және сыртқы әлемдік сырын эвалюцияның құпияларын және  (рухани эвалюциясын) ашумен жоғары саналық сезімге өзін жеткізу болмақ. Бұны  табиғаттың адамдарға сыйлаған  құшақ жетпес дарынын пайдалану болып табылады. Өйткені, адамзат өз мүмкіндіктерінің 5-10 пайызын ғана пайдаланатыны ғылыми түрде  дәлелденуде.

Өзін-өзі тану, өздігінен жетілдіру және  өздігінен тарату - бұл адамға ұзақ уақыт бақыт және дені сау өмірдің кепілдігін береді. Бұл сыйлау тұлғасы тек қана бір адамға  ғана емес, барлық ортада да тез жүзеге асырылуы қажет.  Бұл дамушы  қоғамдық жүйенің  басынан кешетін басты міндет. Басты қадам, ол өзін-өзі тануда, денсаулықты жақсартуда адам өзінің екі жақтылығының оның ішінде өзінің табиғатын: адам, тұқымы, рухы және танымы  арқылы адам ағзасындағы жоғары дәрежедегі өздігінен даму жүйелерін іске қосудағы  негізі бағыты болмақ.

Табиғат адамға жүйкелік ойлау мен биологиялық өзін-өзі реттеудің тамаша жүйесін  сыйлағандықтан да,  осы қасиетті пайдалану қажет. Әрине, адам  денсаулығын  қалпына  келтіруде,  туа біткен мүмкіндікті  дамытумен  білімді де болу басты мәселе екенін білген жөн.

Сондықтан да  біліми сауаттылық, өздігінен үйрену және  табиғи заңдылықтардың  ауытқуына тәуелсіз болғанда ғана,  денсаулығының өте күшті негізі кепілі болмақ.

Ғасырлар бойы ғалымдарда екі түрлі, бір-біріне  байланысты емес кеңістікті басқаруды екі патшалық ұғымда  түсіндіріп келді.

Бұны енді біз біртіндеп түсінетін боламыз.  Өйткені: рух денесі (билігі) мен материалды дүниені бірге біріктіру үшін 3-і  элемент - квантты енгізсе ғана  болатынына көз жеткізуге  болады екен.

Квант дегеніміз – (бір қуаттың) заттардың бірлігі, немесе  қуаттардың, материалдардың  және  сананың бірлігінің  бірігуін дәлелдейтін ұғым.

Әлемде екі түрлі қуат болады. Атап айтқанда: дөрекі - материалды және  нәзік рухни.

Біз өзіміздің дайындалмаған ағзаларымыздың  талшықтары арқылы өте нәзік рухани қуатты сезе  алмаймыз. Өзін-өзі тану жолына түскен, өзін ғарыштық қоршаудың мүшесімен  біргемін деп сезінетін адамдар ғана өте нәзік дүние қойнына ене алады. Әрі  өзін-өзі басқаруды оқып үйренумен өз денсаулығын жақсарта отырып, ұзақ өмір сүру жолына түсуге әрекет етеді.

Адамның қуаттылық өрісі - биоөріс ол денедегі  барлық энергетикалық  өріс жиынтығы және электр желілі жүйе мен магнитті өрістен сондай-ақ, ғылым да әлі дәлелденбеген  басқа да өрістерден құралады.

Биоөрістің түсі, сыртқы көрінісі және оның мөлшері, адамның эмоциялық жағдайын, оның  ынталылығының деңгейін және физикалық сыртқы құрылым жағдайы жөнінде хабардар етеді.

Адамның биоөрісі қорғалмаған, ол жердің энергетикалық өрісінің бір бөлшегі болғандықтан, ол ғаламның қуат өрісі болып есептеледі.

Біздің бәріміз де өте мол энергиялы мұхитында өмір сүрудеміз. Адам мен сыртқы  орта  арасында тұрақты энергетикалық алмасу болып тұрады. Энергия  қорғалады, біздің  жеке  өрісімізбен шағылысады, әрі одан шығыпта кете  алады. Адамдардың топ адамдар ішінде  энергияны ауыстырып тұруға көмектесетіндері де  болады. Мысалы: үлкен  көрермендердің  сахналарында, мешіттерде және аудиторияларда талантты актерлер мен  шешендер сөйлегенде біріктірілген өте күшті  энергетикалық өріс пайда болып, тыңдаушысы мен көрермендерін баурап алып, рахатқа әрі сүйіспеншілікке бөлейді.

Адамның өміріндегі тазалығы мен таланттылығы, оның биоөрісінің  бір қалыпты  ұстамдылығын көрсетеді. Сондықтан да мүшелерге  сіңген биоқуатты - өмірлік күш прана дейді. Немесе Чи қуаты дейді.

Бұл өмірлік энергия адамның денесін арнайы түтікшелердің көмегі мен үздіксіз тазлап әрі араластырып тұрады. Оны ғылымда Меридиан деп атайды. Тәуліктің  уақытына  байланысты, Меридиан түтікшелердің көмегі мен дененің әр түрлі мүшелері жоғары деңгей де өмірлік энергиямен тұрақты қоректендіріліп отырады. Бұл өмірлік энергияны адам көбінесе күннен, ауадан, судан және тамақтан (көктаттар мен тамақтардың құрамында праны көп ) алады. Адам қабылдаған энергияны жүйкелік нүктелер мен тыныс жолдары және өкпе арқылы ас қорыту жолдарына сіңіреді. Сондай-ақ, теріге орналасқан биологиялық белсенді нүктелер арқылы  да сіңіреді.

Адамның ішкі энергетикалық өрісінде - ерекше  энергетикалық сезімталдық пен білімділік бар. Шығыс философиясында оны «Чакра» (Нұр көздері) - немесе «Отты шеңбер» деп атайды.

Әр нәрсенің өзінің энергетикалық шағылысу сипаты болады. (Заттар, өзен, ағаштар т.с.с.)

Осыған байланысты энергетикалық орталық дегеніміз - спиралды немесе конус тұлғалы күшті құйындардың пайда болуы.  Ол арқаның омыртқасы жұлыны арқылы құймышағынан төбеге дейін негізгі  түтікшесі мен физикалық дене арқылы өте отырып, одан эфирный (әуе кеңістігі) дененің бетіне өтеді де, физикалық  денеден бірнеше  сантиметр тысқары шығады.

 Чакра дегеніміз - ол 7 нәзік энергияның құйынды орталығы. Ол адамның денесінде ораналасқан. Бұл құйындар сана мен естің аумағында болады. Бұл екі құйын бір жүйеде тұйықтала отырып, импулсты  сақинаның энергиясын күшейтеді.

Көз - жеке кісінің физикалық денедегі, өміріндегі жоспарлы хабарларды және мәліметтерді жеткізуші код болып табылады.

Сонымен қатар бір уақытта басқа нәзік әлемнің шұңқыры (тунелі) қызметін атқарады. Көздің қарашығы арқылы нәзік энергия екі бағытқа тарайды.

Физикалық денеден тысқары  орналасқан, әрі ашыла бастаған нұр көздері (чакр) жоғары  тербелістердегі және қоршаған кеңістіктегі өте нәзік (тонкий) қуаттарды қабылдау мүмкіндігін туғызып, оларды физикалық дененің мүшелеріне бағыттап  тарата бастайды. Сондықтан бұларды өте Жоғары саналық орталық деп аталады.

Нұр көздері (Чакры) - бұлар биоэнергияның аккумуляторы және қоймасы.

Бұлардың ішіндегі өте қуатты энергияның кондесаторы - ол Манипура чакрасы. Осында түскен энергияны, өзінде өңдеп болған соң оны қайтадан осы арадан мүшенің жеке-жеке бөлек нүктелеріне бағыттап жібереді.

Үш төменгі чакралар - муладхра, свадхиштхан, манипура материалды жазықтықта физикалық дененің  деңгейінде жұмыс істейді.

Жоғарғы - вишудка, аджна, сахасрара-астралды дененің деңгейінде болады. Жүрек чакрасы - «анахата» - осы екі жазықтықтың байланыстырушысының орталығы болып есептеледі.

Адамның  өмірі бір уақытта үш жоспарда: физикалық (тұлғалық), эмоциялық (қызбалық әсерлі) және рухани бағытта өтіп жатады. Жер үшін - сүйек, Нәзік әлем үшін - жүйкелер, Рух үшін – жарық.

Үш жоспардың барлық қызметтері өзара байланысты болады. Себебі: жекелей рухани таным жоғары болған сайын,  адам денсаулығы жақсарып оның биоэнергетикасының қуаты да жоғары болады.

Денсаулық  дегеніміз - дене мен рухтың үйлесімділігі. Сондықтан да дәстүрлі емес медицинаның басты тұжырымдарында: ауруда физикалық дененің  зақымдалуы рухани деңгейдің өте нәзік өзгерісінен басталады дейді.

Адамның денесін емес, оның жанын немесе сенімін емдеу қажет. Ауруды  емдеу тек ғана физикалық  деңгейде (қалыпта) болуы - ауруды емес, оның белгілерін толық алып тастауға әрекет етудің негізі болып табылады.

Бұндай әсер ету оның себебін емес, нәтижесін анықтаудың жолы деп білу қажет. Сондықтан да, дәстүрлі емес медицина  өз алдына бірінші рет психотерапиялық әдісті ұсынады - ол ең алдымен сананы емдеу. Сондай-ақ адамның тұрақты шынығуындағы қабілеті де рухтың тепе-теңдігін сақтайтынын да анықтайды.

Ертедегі халықтар: «өте жақсы дәрі ол тыныштық» - деген еді. Неге олар былай деді? Өйткені, әрбір өмір сүруші адамның жеке эмоциялық ұғым-сезімі, жеке ойы, мүмкін оның санасына өте терең әсер етеді.  Тіпті барлық организіміне бір қалыпты деңгейде таралып, қан айналымына әсер етіп, клеткаларда  ауысулар және басқа  да өзгерістерде болғандықтан, ішкі органдардың жағдайларындағы психологиялық, физиологиялық,  биохимиялық, биоэнергетикалық және де  молекулярлық жүйелі  қызметіне әсер етеді, әрі  оның жағдайын жақсартады. Сөйтіп, ең ақырында  адамның жеке сезімталдығы мен  денсаулығын анықтауға мүмкіндік  туады.

Қараңғылық, теріс әрекеттер  уайымшылдық, қорқыныш,  күдіктену, ашу, ызалану мен кек алу, өшпенділік пен жек көру және тәуелді болу сияқтылар адамның нерв жүйлерін зақымдап қана қоймай, сол арқылы оның барлық мүшелерін толық ауру өтетін жұқпалы вирустарға айналып оның ойы мен сезімін тежейді.

Осы заманғы шаршаудан «рак» ауруына дейінгі аурулар-ды, психологиялық жиынтықтардың ауруы деуге болады. Себебі: әрбір ішкі мүшедегі немесе толық бір жүйедегі ағзалардың ауыр жағдайға ұшырауы, адамның психоло-гиялық теріс әрекеттері жағдайындағы әсерінен ауруға душар етеді.

Адамның  уайымдау, абыржу, рухани сенімсіздік, өзінің кінәсі жөніндегі ұдайы ойлау, сәтсіздік, қайғыру т.б. әрекеті өзінің оргнизіміндегі қорғаушы күштерді  әлсіретеді. Осының салдарынан өзінің ауыр қалы үстінде ойланбай жасаған жоспарының ақыры  сәтсіздікпен аяқталады.

Ал керісінше: жақсылық ниетпен теріс әрекетке, уайымға берілмеу - оптимизімдікті,  сенімділікпен табысқа жетуді, өшпенділік жасамау - жақсылықты әкеліп қана қоймастан адам өзіне өте күшті  психологиялық ұстамдылық туғызады. Саналы  түрде ренжіткендер мен қарсыластарыңды өзінің жақын досына айналдыруға талпыну адамгершіліктің сатысына көтерілуін көрсетеді.

Әрбір адам өзі-өзіне, қоршаған ортаға өзінің сезімін және ойымен әрекеті арқылы әсер етеді. Кез келген ой,  сөз кеңістігіндегі  көрінбейтін толқындарды  зақымдап әрі барлық бағытқа таралып,  жолында кездескендердің бәрі мен шағылысып та және соғылыпта жатады. Сондықтан адам   өзінің өткен ойларының сапасына қарай,  кеңістікте ұша отырып, өз жолын ағартады немесе қарайтады.

Осыған байланысты Е. Рерих «Агни-Иога» - еңбегінде: «Ой мен рухани жоспардың негізі: еш уақытта да  жойылмауы мүмкін емес» - деген. Ой-белсенді және теріс әсерлі болады.

Әркез ой - ол адамның еркіндігін ескертеді. Ал теріс пиғылды адамда теріс ой пайда болады. Ол ауыр жағдайлар мен таңдаулы оқиғаларға адамды душар етуі  мүмкін.

Ой - ол қуаттың кванты және қуаттың ең кіші бөлігі. Адам әр уақытта  ойлағанда, оның миы кеңістіктегі биоэлектро+магнитті толқындарды өңдейді,  тасымалдайды және толықтырады. Адам ойының түріне қарай, бұл энергия  жағымды оң немесе жағымсыз теріс зарядтар жинап, осыған байланысты адамға қайырымдылық немесе теріс әсер етуі мүмкін.

Ой энергиясы үлкен әсері ету бағытына ие болғандықтан әр бір адам өзінің денсаулығы үшін, өзінің ойының өте таза болуына  көңіл бөлу қажет.

 

10.2  ҒарыштыҚ сана мен аҚыл-ой

 

Жоғарғы ғарыштық санадағы  хабарларды қабылдауда  ғарышпен таза байланыста болатын, арнайы телепатиялық сезімі бар  адамдар ғана ойша   қабылдап әрі талдап оны сөзбен немесе сызу белгісі (өрнек) тұлғасында жеткізе алады.

Екі жақты хабар алысу байланысы  адам мен ғарыш арасында ойша «қосылу» мен бір-біріне сұрау беру арқылы  жүзеге асыруда жауаптар алады немесе тапсырмалар орындалуы да мүмкін.

Егер сұрау дұрыс өңделмесе немесе  жауап толық қанағаттанарлық болмаған жағдайда да,  ең жақсысы жария етілмегені жөн.

Байланыс орталықтары  ғылымға өте белгісіз әрі нәзік  жұқа қуаттан құралады. Әлемдік дүниенің негізгі заңдары он  санға дейін сипатталады. Мысалы, О-алғашқы  және ақырғы  салыстырмалық символы, 7-махаббат пен гормониялық заңдылықты бейнелейді. Қалған сандарға да математикалық анықтамалар беруге болады.

Гармонияның нөлдік нүктесі дегеніміз - ол өлшеуге болмайтын қуатты айтамыз. Ол барлық жерде бірдей болады.

Белгісіз әлемнің  түсініксіз ғылыми негізін қабылдауда әрі  тысқары тылсымның негізін білуде өте қиын. Барлық әлем  материалдық негізден және қуаттардан құралған.

Әсер күштері оң және  теріс күштерден құралады. Сондықтан да  оң күштер ғана эволюция дамуын туғыза алады. Ал, теріс күштен ешқандай нәтиже болмайды. Егер  өзіңе  ғарыштың бөлшегінің әсерін сезсең онда, адамға екінші  нұр көзі (чакра) арқылы  «толық биологиялық» - жұқа (нәзік) қуаттың құйынын пайдалану  мүмкіндігі  тууы мүмкін. Ол  дененің  сыртындағы  ағзаның астралды бөлігіне дейін  тарауы мүмкін. Бұндай сезмді  білдіруге басқа  чакраларда көмектесуге қатысады. Адам  ол үшін өзін жан-жағындағы әсерлерден толық ажыратып, өзінің жолындағы  мәңгілік шындықты іздеп шексіз медитация жасау қажет. Адамның алғашқы  қызметінің негізі, оның биологиялық  энергетикалық өмір деңгейінің  өтпелі жүйесі болып табылады.

Ақыл, сана, ой  негізгі әлі ғылымға  белгісіз жұқа қуаттың импулысты қоршауы. Ол адамға тез  ойланып тез әрі нақты хабарларды өңдеуге  және  оның ойының жүзеге  асыруына  жеңілдік беріп, мүмкіндік туғызады.

Бұл адамдардың жер шарының биосфералық басқа мүшелерінің негізгі ерекшелігі  болып табылады. Адамның санасы  оның бір ғана  ұзақ жылғы өмірін өзгерту мен қатар  оның күшіне де әсер етеді. Сыртқы жағдайға  байланысы  бойынша  ойлау жүйесінің  ауысуына  мүмкіндік етеді.

Ойлау - нақты емес, қандай  болғанда да іштен ғана жоспарланады. Адамдар ойын  жинақтап, төртінші өлшемге  бағыттауға ұмтылады.

Хабар, ой-ол күш. Ол  оң немесе теріс болуы мүмкін. Адам ойланбастан өзінің  ойының жинағын төртінші  өлшемге  жібереді де, оның күші  қалай әсер етуде, не болып  жатыр бұл жөнінде  ешқандай  мәлімет ала алмайды.  Сондықтан да  әрқашанда ойымыз  қайырымды  әрі таза болғаны дұрыс (Қарғау, өсек, көре алмастық, қастандық, алдап-арбау, т.б. дұрыс емес).

Қашанда жеке мүшеде (индивидум) төртінші өлшемнен кері  кибернетикалық байланыс жүзеге асқанда  сезімдік тербеліс пайда болады. Төртінші өлшем өзіне  барлық ойды жастанып  әрі өзінде сақтайды.

Импулысты қоршау – ақыл-ой,  жан бәрі бір бірлікті  білдіреді.  Импулысты қоршауда әрбір адамның өмірлік кезіндегі түскен хабарлары  жинақталады.

Импулысты қоршаудың  ядросы (ақыл-ой ядросы) – ол ғарыштың жоғары сатысында туады әрі  жинақталады. Ол бірден толық биологиялық жоспарға ене алмайды.

Ақыл-ой ядросының айналасындағы әр түрлі  орбиталарда (материктер) атомның  ядросының айналасындағы  электрондар сияқты, оң  тәжірибелерден жинақталған энергетикалық  хабарлар  тазаланады, өңделеді және  жеке адамның о дүниеде мына физикалық әлемдегі нағыз шындығы  таратылады.

Шындық пен ақыл-ой ядросы  бірлесе отырып сол байланыс арқылы   дем беруші сақиналы күшті құрайды. Дем беруші сақиналы күш жеке адамның денесінен тыс оның  басының  жоғары  жағында кеңістікте  орналасқан. Ол қайтыс болғанша сонда сақталады.

Сондықтан да, адамның барлық биологиялық ынталы нүктелеріне қызмет көрсетуде, импулысты  шеңберлердің маңызы зор.

Ақыл-ой ғана  сананы  өзгерте  алады. Ал жаңадан дүниеге келген нәрестенің  денесінің  энергетикалық қызметі өте нәзік болады.

Сана дегеніміз - жеке  дененің өзінің  табиғи энергетикалық жоспары негізінде құрылады. Ми мен жүйкелер желісі - сананың басты бөлшегі болып есептелінеді.

Жеке дененің қаны оның өзінің хабарлары мен қоректенуінің (карма) мәнін реттейді.

Қан – дененің  ағзаларына хабарды  жеткізуші әрі майлаушы ролін атқарады. Сондықтан да қан нәзік энергияның жоспарларын тасымалдауға өте шебер болады. Жүйке -  негізінен өткізгіштік қызмет атқарады.

Ми – ол компьютерге ұқсас, импулысты сақинадағы  тек ғана өңделген ойды қабылдайды, сорттайды. Ең алдымен миға  жиналған хабарлар бірден импулысты сақинаға түседі. Одан кейін тіркелген ой қайтадан санаға  (адамның миына) оралады. Адамның денесі кәдімгі биосақинаға ұқсас келеді. Ол өзінің ақыл-ойы мен компьютерінің (мидың) қызметін атқарады. Биосақинаның сапасы және оның күйі көптеген фактілерге байланысты болады.

Адалдық пен шындық, жаратушының бұйырығы бойынша ақыл-ой  ядросының айналасына орналсады.

Импулысты сақинадағы ойлар спиралды  түрде  қалып-тасады. Кері әсерлі  көтеріңкі ойлар мен күрделі қабатты  ойлар барлығы  нақты  өңдеуден өткізіледі. Төменгі қабатты жоспарлы ойлардан импулысты сақинаға еніп қалғандардың потенциялы әлсіз болғандықтан, тек ғана  импулысты сақинаның төменгі жоспарына енеді. Егер жеке адам өте төменгі дәрежеде ой ойлай берсе ол, өзінің  жоғарғы  ойлау жүйесін жоғалтады. Бұндай жағдайда жердің энергетикалық жоспарының билеушісі  өзінің жауапкершілігімен жоғалған нақтылықты басқа жеке адамға қосады. Жаңадан туылатын бейненің  эволюциялық күйін нәтижелі етуге әрекет етеді.

Сөйтіп, адам  кеңістіктегі құбылыстардың уақыт және астралды алаңның құрылымдары туралы жөніндегі әлемнің негізгі заңдарын игереді. Өзінің психологиялық, биология-лық және энергетикалық  қабілеттерін арттырады.

Бұл жеке гармониялық негіз құру болып табылады. Сапалы  жігер береді. Төменгі сатыдағы энергетикалық жоспардан келесі эволюциялық сатыға өту үшін қажетті күштерді де пайдаланады.

Эволюциялық өзгеріс кезінде жер бетіндегі цивилизациялық өзгерістер, өте жоғары  ақыл-ой орталығы мен байланысын жоғалтты.

Адамдар нақтылы эволюциялық дамудың нақтылығынан өздерін ауытқыта бастады. Өйткені төменгі ақыл-ой жоспары мен бастапқы дамуда да әлемдік ақыл-ойдың  негізі  адам екенін білді. Адамдар өмірге бірнеше рет келеді.

Жеке адамның қайта тууында мүмкін еркек немесе әйел болуы ықтимал (Мысалы: Коперник өзінің бұрынғы жаратылысында әйел болған). Тұрмыстық биологиялық жоспарда алғашқы  әйелдік өмірге  сапалылыққа, қасиеттердің толықсуына үлкен мән берсе ал,  еркектерге  билік жүргізу мен тәртіп орнату  жүктелген.

Адамның бұрынғы  өмір  хабарлары (мәліметтері) құпиялы (заблакировано) сақталады. Бұрынғыны білу арқылы бірге өмір сүру,   өте ыңғайсыз әсерге ұшырауы мүмкін. Ал болашақты білу де қауіпті.

Адамның ықшамдалған энергетикалық таблицасы (схема) мына төмендегі одақтардан тұрады: ақыл-ой ядросы мен шындықтан тұратын импулысты сақина, сана (ми жүйке желісі) биологиялық сақина  (дене) және  жалпы ерекше  өрістер мен энергетикалық қанқалардан тұрады.

Адамзаттың тіршілігі йогалық атаулармен үш сатыға  бөлінеді; физикалық дене, астралды (психологиялық) және отты (ақыл-ой).

Сондықтан да адамның механикалық қосылысы жинағы физикалық және энергетикалық екі  бөлімнен тұрады.

Барлық әлем хабарларға толы. Оның ішінде адамның әрбір мүшесіне  жеке-жеке хабарлар белгілі уақыттарда, бір-біріне араласпай, ерекше энергетикалық каналдар арқылы  түседі. Ол,  мәліметтерді (информацияны) жинайтын жүйеге  әсер етеді. Бұндай  каналдардың желілері - энергетикалық қаңқаның терідегі  ине  шаншитын нүктелік құрылымын жасайды.

Сөйтіп бұлар, кісінің ішкі денесін нәзік астралды энергияға  қосудың, ерекше  күшті  құрылымдық бөліміне  мүмкіндік жасайды.

Барлық ішкі  ағзалар барлық энергетикалық каналдар, көз, құлақ қуысы және табан арқылы байланыста болады.

Организмнің жалпы  плюсы  (оңы) -төбеде  ал, минусы (терісі)-табан да орналасқан.  Сондықтан да,  ұдайы жалаңаяқ жүруге  болмайды. Дегенмен, семіз адамдарға жалаңаяқ жүру өте пайдалы. Себебі; зат алмасу  қызметі жақсарады.

Адамның астралды бөлігінде де қан жүретін жүйеге ұқсас үлкен және  кіші қан жүретін шеңбер сияқты энергетикалық каналдар бар. Сонымен қатар, минусты (теріс-қуатты) каналдар да болады. Бұлар информация  қабылдайтын жүйеге  энергияны  бөледі және қоректендіреді.

Адамның нәзік  энергиясының басты  шарты көтерілу және бәсеңдеу болып - екі  спиральды  шартқа  негізделеді.

Олардың орамдары қиылысқанда, чакраларды тұрақты бірлікке ыңғайлайды. Ішкі өзгерісіндегі негізгі энергетикалық мөлшерін өлшейді және ауытқуын бақылайды.

Бұдан басқа, адамда тағы да екі құйынды қуаты болуы мүмкін. Бұның біреуі ешқандай ыңғайлауға, бақылауға келмейтін табан астындағы өмір сүретін құйынды энергия. Ал, екіншісі және үшінші көздің алаңында.

Көз қарас күші – астралды котогорияға тән. Көз қарасы күші-ойлау күшіне тең. Өйткені, өте күшті көзбен ойша бәрін істеуге болады.

Адам өзінің кескінін айнадан көргенде, айна дененің  қуатын сора бастағандай болуы мүмкін. Сондықтан өзіне қорғаныс қойып кескінін сақтауға  әрекет еткен жөн.

Адамның көлеңкесі оның органдары мен  кері энергетикалық байланыста болады. Көлеңке - ол төменгі орыннан энергияны  сорып алу мен нақты қуатты әлсіретеді.

Оны адамның сезімтал органдары қабылдай алмайды. Дегенмен, астралды энергияның биоөрісі - ол өте әсерлі болады. Оның өзіндік аралық (ритм) – жиілікті толқындарды, дыбысты, сәулелі, электромагнитті және  гравитациялық (оймалы) т.б. құрылымдары болады.

Ой – ол шексіз өлшемі жоқ өріс, сыртқы  ортаның хабарларынан құралады. Оны чакралардың күштері бақылайды. Жеке ой өрісі оның екі чакрасы көмегімен туындайды. Төбе мен құймышақтың ауданындағы адамның құйынды энергиясы кері бағытта айналып, бір-бірімен қарама-қарсы  бағытта болатын айырмалық қуаттан тұрады.

Әрбір органның жеке өрісі  болады. Адам ғарыштық энергияның магнитті әсерінен өзінің  өрісін жақсартады. Күнге қарап  іштей сезіммен қолдың алақанын жәйіп тілесе,алақанға  төгілген нұрдың  әсерін сезесің. Бұл ғарышты нұрлы (прана-сәуле) ағыны. Қабылдаған энергияны  ауырған жерге  бағыттаса оның жақсы әсерін сезуге болады.

Адам кейде жоғары деңгейдегі  энергиясын жоғалтады. Мысалы: Ішкілікте  - күшті  қуат жоғалту болады. Ол бірден қалыпқа келе қоймайды. Сөйтіп әлсіздік пайда  болады. Осының нәтижесінде нәзік  энергия сорыла  бастайды.

Денені босатып ертелі кеш біраз демалып, тыныс жолдары  көмегімен медитация жасаса, негізгі  жеті чакраның жұмысы жақсарады. Ол жақсы денсаулыққа  жол ашады. Медитацияны  бастарда  басты  оңтүстікке бұрған пайдалы. Дегенмен тазалықта жақсы әсер етеді. Тазаланарда мұсылмадық жолы мен жуынудың өте пайдасы зор. Қашан адам ұйқыға кеткенде оның  астралды  сезімталдығы артады. Бұндай жағдайды сақтану түйсігі бақылайды.

Түс – ол информация (хабар алу). Сана  қауымдастықтары  негізінде болатын құбылыс.  Сондықтан да  адам және мал түс көргенде,  өзінің  өрісін қоршаған ортаны сезіне алады.

Түс көрушілік – ол сананың функциялық жинақтау әдісі  және  бойды босатқанда, оны іске қосушы тетік ролін атқарады.

Парықсыздық – барлық қоршаған хабарларды ұстай алатын адамның санасының айналасындағы хабар таратушы өрісі.

Түйсіксіздік – ол хабар алу. Ол парықсыздықтың өрісінен жинақталған. Парықсыздықтың  өрісі-адамның ешқандай қосымшасыз қабылдаған шындығының  ойын  ұстай алатын тетік.

Егер адамзат гармониялық заңы мен өмір сүрудің жеке ырғағын (ритм) бұзбағанда,  300 жылға дейін өмір сүруіне болады. Егер жеке  кісі барлық ауыртпалығынан, кінәсінан денесін тазалап,  жамандықтан аулақ болып, өзін ұстай білсе тіпті 700-800 жылға дейінгі өмірді  көре алады. Арам ниеттілікпен ыңғайсыз жағдайлар жасап, пайда тауып, ойын іске  асырағандар өз  өмірлерін тез  қысқартады.

Адамдар көбінесе өмірдің  бір қалыпты жетекші  қуаттылық қасиетін сезінбейді. Мүмкіндігінше, өзінің  қамқорлығындағы  адамдарға  көмектеседі. Сондықтан да әлемнің жалпыға бірдей еркіндік заңына сәйкес, адамның санасына басқарушы біртіндеп әсер етеді.

Жердің Шамбаласы үстемдік (иерархи) етушісі. Астралды деңгейде басқару жүйесінен басқада, барлық адамзаттың  пайдасына қажетті өзгерістерді де оң бағытта қоректендіреді. Шамбала – жердің энергияны плюстік  зарядтауы арқылы,  оң зарядты көлемдегі планеталардың өте нәзік  қасиетін жоғалтпауына көмектеседі.

Адамдардың эвалюциялық  дамуы екі категорияға бөлінеді. Олар: белгілер (знаки) және қалыптар (штампы).

Белгі (знак) – бұл өткен бай өмірдің жеке тұлғасы, ол имплусты сақиналы жоғары дәрежедегі  әртүрлі сандық сапасы бар хабарлармен қамтамасыз етілген. Қалып (штамп),  бұлда жеке тұлға (индивид). Оның шығармашылық бастамасы жоғары емес. Көп санда дүниеге қайта  туылып келуімен жер бетіндегі  үлкен эвалюциялық дамудан тұрады. Дегенмен белгінің - жоғары көтерілетіні мен төмен түсетіні болады.

Кім өзінің  нағыз дамуын биіктен  көрсете алмаса немесе өзіне қуаттылықты енгізе  алмаса,  бұл оның денесінің жеке гармониялық жетіспеуінен болады. Егер төмен түсетін белгі  төменгі қалыптың деңгейіне дейін түссе, құлдилаудың әлі тоқталмағандығын білдіреді.

Билік жүргізуші Шамбалы  көсемдік қасиетке ие адамға үш жақты қорғаушылықты, орташа бастаушы белгілер - 10 лиц ал орташа бастаушы (қорғаушы) штампылар 30 лиц мөлшерінде.

Жаратушының құдіретімен баланың тууы ол жоғрыда жазылып қойған. Сондықтан да ол қашан туарын  таңдамайды. Бұл терең ой. Дене-сыйлықоны сақтай білу қажет. Импулысты сақинадағы ақыл-ой ядросының басқарушы тарабынан дұрыс қосылмауынан (қателігінен) өмірге өте қатал-жауыз адамдар келеді. Гитлерді алуға болады. Мүмкін жаңадан тағы да келуі мүмкін. Адам  өлген соң оның жақсылықтары сүзіліп, сортталып жаңадан нақты болуына дайындалады да, ал теріс әрекеттерін кармаға жіберіледі.

Билеуші жер астралы бетіне  адамның хабарлағыш өрісін алып шығып одан кейін, физикалық бейнеге, сана және импулысты сақинаға береді.

Бұл оның жекелігі мен мәңгілік өлместігін сақтайды. Өйткені, биологиялық өлім болғанмен бәрібір энергетикалық ұрық тірі қалады. Жеке дененің астралды қоршауы  өлгеннен кейін үшінші күні дене қыртыстанып кетеді.

Сөйтіп, денеден бөлініп шыққан қабықша (оболочка) - арнайы кормическалық каналдар арқылы,  өзінің ғарыштағы жақын туыстық-ұқсастық ақыл-ой иесіне жақындап қосылуға тырысады. Басқарушы бөлінген қабықшаны жоғары астралды қабатына қалдыра тұрады.

Бұдан кейін оларды жинақтап нақты оның психологиялық импулысты сақиналы құрамын жасап, қайтадан өңделіп ақыл-ой тексеруінен өткізіледі.

Жер астралды планетаның гравитациялық әсер ету шекарасына  дейін созылып жатады.  Астралда кеңістікке бөлініп шыққан жеке қабықша сонда енеді,  оны  сондағының бәрі де көреді. Тоғыз күнге дейін денеден бөлінген қабықша жан өзінің қайтыс болғаннан кейінгі жермен  байланысының биологиялық қатынасын тоқтатып, содан кейін тоғызыншы күннен бастап, бізше 7 күн жермен байланысын үзіп, одан ары жоғары астралды кеңістікке қарай жылжи  береді.

Сөйтіп, жан кеңістікте қайтыс болған күннен бастап 40 күндей болған соң, қайтадан екінші  биологиялық жоғары  саналы  өмір сатысына негіз болып қаланады. Тура 40 күн толғанда  импулысты сақина (жан) жаңадан нақты тұлға жасап, жер астралын тастап алыстай береді. Осы кезде импулысты сақинаны немесе қабықшаны басқарушы кеңістікке  (аспанға) алып ұшады. Ол импулысты сақинаны Айдың жерасты қоймасына  немесе Плутьон астралды қоймасына алып келіп өткізіп жібереді.