ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

2

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

вверх

        На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Еліне қасиетті "Ақ Апа " атанған Рухани ақылшы анам

Сыбанбекқызы Өзипа Албан Өсен келіні рухына бағыштаймын.

Автор

 

                                                                                                 pic

 

 

І ТАРАУ

 

ҚАЙТА ГҮЛДЕНГЕН  КИЕЛІ ҚАСИЕТ

 

 

 

 

1.1.  ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАРУЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҚ

 

Бүгінде қауымдастық деген атпен әртүрлі қызметтік бағыттағы тіркеуден өтіп өздерінің Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып жатқандары да баршылық.  Өзінің бүгінде құрылғанына 19 жыл толатын (22.12.1991) Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы да» өз қызметін кездескен көптеген кедергілер мен қиыншылықтардың және қаражат пен мекен-жайдың жоқтығына қарамастан жақсы жүзеге асыруда. Ең басты мәселе тылсым құпия сырларының белгісі бар емшілерді өзінің қатарына мүшелікке ғана қабылдап қалмастан, бүгінде олардың құрамының сапалық жағынада көңіл бөлуде. Қызметінің түрін рухани шипагерлікпен жалғастырып оны ғылыми жүйеге қосуда көптеген ғылыми зерттеу және жоғарғы оқу орындары ғалымдарымен бірлесе отырып емшілік тарихының алғашқы және бүгінге дейінгі негізіне мүмкіндік жасады. Осының нәтижесінде бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер мен ғылыми талдамалық мақалалар жазылып, баспасөз беттерінде шықты. 2004-2009 жылдар аралығында Алматы, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында Халық медицинасының «Өткені, бүгіні, болашағы», «Орта Азия мен Қазақстанда өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» т.б. әртүрлі тақырыптағы халық емшілігінің Халықаралық конгрестері мен форумдары өткізіліп, көптеген шет ел ғалымдары мен емшілері қазақтың халық медицинасының тарихымен танысып қана қалмастан, өзара ынтымақтасып осы саланың байланысын жақындастыруға, білесіп зерттеуге қол жеткізілді. Конгресс кездерінде қатысушы емшілердің теориялық, тәжірибелік жақтары мен білімдерінің жақсаруына зор мүмкіндік жасалды. Бұрын өз шеберліктерін кең аудиторияда көрерменге көрсетуге ниет еткендер шың мақсаттарына жетіп, өзара тәжірибе алмастырылды. XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» еңбегі негізінде тұңғыш рет қысқа сахналық көріністің Тараз қаласында көрсетілуі (сценарийясын жазған З.Қожалымов) емшілер қауымын ғана қуантып қалмастан, республика көлемінде радио торабы мен телеарналарынан көрсетіліп көпшілік көрерменнің ризалығына  бөленді.  Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен емшілерінің қызметіне және қауымдастық қызметін жоққа шығаратын арам пиғылдыларға да оң қабақ танытып «Жақсылыққа – көре алмастық жасау надандықтың белгісі», «Өнегелі іс  - оңға бастайды», «Адамгершілік пен имандылық», «Емшілік мәдениеті», «Жауапкершіліктің өлшемі» т.б. тақырыптарда өзінің шынайы достық көзқарастағы сындық мақалаларын жариялап келеді. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің филиалдарының директорларының қызметтері мен емшілерінің сапалық тәртібіне адал бағасын беруде. Он тоғыз жылда талай емшісымақтар өздерінің танымдық, психологиялық, білімділік пен имандылық жағынан және қауымдастықтың Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындауда өздерінің адамгершілік тұлғасын көрсете алды.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», - дегендей, көбінің көш соңында қалып, атаққұмарлыққа, алдампаздыққа, мәнсапқорлыққа құмар екенін танытты. Айтарлықтай табысқа жеткендері де баршылық, бірақ өте аз. Сонда да, жақсы жақтарынан көрініп жүрген филиал директорлары мен емшілер саны да артып келеді. Дегенмен, қатаң талап пен тәртіп барда істе алға басары анық. Өткен жылы Құрылтай қаулысымен 8 филиалдың (Ақтөбе  және Қарағанды обл., Ақтөбе, Шалқар, Балқаш, Талдықорған, Есік, Ақсай қалалық)   қызметін тоқтатылды және 40-тан аса мүшесі құрамнан шығарылды. «Салауат» филиалы директорына (А.Шалапов)  қатаң ескерту жасалынды, егер Жарғы талабы орындалмаса филиал жабылатыны туралы ескертілді, Құрылтай қаулысы қабылданды. Қысқасы бүгінде «Салауат» филиалы қылкөпірдің үстінде. Алматы, ОҚО, Қостанай облыстық және Астана, Қарағанды, Шымкент, Түркістан, Жетісай, Тараз, Кұлсары қалалық филиалдарының қызметтерінің жетістігін атап өткен жөн. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік Баянға» жазылу барлық филиалдар мен жеке емшілерде бірдей емес, өте аз. Бұл ойланатын жағдай. Ашық жариялықты басшылыққа ала отырып қауымдастықтың қызметінің барысы жөнінде газет және жеке интернет арқылы (www.anck.kz.) ай  сайын оқырманға таныстырылуда. Халық медицинасының б.д.д. және одан бүгінге дейінгі тарихы ғылыми негізде зерттеліп, ҚазҰУ-нің ғылыми Кеңесінің шешімімен ғылыми айналымға енді («Шипагерлік дәстүрі және философиясы» авт. З.Қ.). Бұл монография жақында орыс тілінде баспадан шығарылады, өз оқырмандарын табады. Қауымдастықтың Төралқасы  өзінің мүшелері мен емшілерінің адам денсаулығын жақсартуға үлес қосуда, емшілік мәдениетін көтеруде жақсы нәтижелерімен  көрінеді және алдағы қауымдастықтың 20 жылдығына (22.12. 2011) табыспен аман-есен жетеді деп ізгі ниетпен тілектестік білдіреді!

 

 

1.2 ӨТЕЙБОЙДАҚЕКІНШІ ИБН СИНА

 

- Зиядан аға, халық емшілері қауымдастығын құрып, талай жылдан бері осы жолдан айнымай, жүгін бір кісідей көтеріп келе жатқаныңызды жақсы білеміз. Оқырманға түсінікті болсын, мақсат-міндеттеріңізге тоқтала кетсеңіз.

        - «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 1991 жылы 22 желтоқсанда еліміздегі халық емшілері мен басқа саланың өкілдерінің қатысуымен құрылған болатын. Міне, 18 жыл болды. Негізгі мақсаты мен міндеттері – ерікті түрде дарынды адамдар мен халық емшілерінің басын біріктіріп, осы саладағы рухани сауықтыру қызметін дамыту. Өйткені, бізде халық емшілеріне тәлім-тәрбие берілуі керек еді, ол жағы ақсап жатты. Сондықтан осы іске  бел шешіп кірістім. Көп нәтижеге жетіп отырмыз. Оның айғағы – алты рет халықарлық конгресс өткіздік.  Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, білесіз, конгреске  аты айтып тұрғандай, алыс та жақын да шет елден мүйізі қарағайдай ғалымдар келеді.

- Бізде бұл сала ешқашан ғылыми негізделмегенін айтып отырсыз. Сөйте  тұра атақты ғалымдарды шақырып, конгресс өткізуге жүрексінбедіңіз бе?

- 2004 жылы «Халық медицинасының  өткені, бүгіні және болашағы» атты алғашқы басқосуымызда ұлы халықтың ғалым зерттеушілері: «Тарихы жазылмаған қазақтың қандай халықтық медицинасының тарихы болмақ?» - деп күлді де. Мен: «Сіздердің ата-бабаларыңыз ғылыммен шұғылданбай тұрғанда, біздің ата-бабамыз ғылыми медицинаның негізін қалап қойған. Сенбесеңіздер, міне!» - деп, қасиетті бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының XV ғасырда жазған «Шипагерлік Баянын» алдарына қойып, дәледеген кезімде, ресейлік, шетелдік ғалымдар қолымызды алып, рақметін айтты. Шипагер еңбегін  он жылдан аса зерттеу өз нәтижесін берді. Бұған айғақ жуырда Тараз қаласында 475-тен аса ғалымдар мен емшілер қатысқан «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлы» атты VI халықаралық конгресі болып өтті. Франция, Қытай, Ресей т.б. шетел ғалымдарының ой-пікірлері Өтейбойдақтың қатардағы ғалым емес, XI ғасырдағы Орта Азияның ғұлама дәрігері Абу Әли Ибн Сина іліміне ұқсастығы мен сабақтастығы бар, яғни «екінші Ибн Сина» екенін толық қуаттай түсті. Шипагер жар сүйіп, сәбилі болмады, оның арманы шипагерліктің биік шыңына жету болды. Шындығында да, еліміздегі «Мәдени мұраны» қалпына келтіру бағдарламасының негізінде Жетісу өлкесінің Шалкөдесінің Айғайтасында дүниеге келген жаһангер, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының осыдан V ғасырдан аса бұрын жазып қалдырған «Шипагерлік Баян» еңбегінің әлемдік дәрежеде  бағаланып, оның ел ғылымының мақтанышы айналуы ғұлама арманының орындалуы еді. «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені  әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», - деген ғұламаның арманы іске асты. Жарты ғасырдан кейін өз еліне  оралған, Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алған (1967ж.) ғұламаның «Шипагерлік баяны» желісі бойынша Тараздағы Жастар сарайында Жамбыл облыстық драма театрының актерлері отыз минуттан асатын сахналық қойылым көрсетті. Мақтанғаным емес, қатысушыларды  терең толғандырған қойылымның сценариін жазған өзім, ал саханаға дайындаған режиссер – Қазақстанға еңбегі сіңген мәдени қайраткер Гүлшат Нүсіпжанқызы. Осы айтулы  шарада жаһангер еңбегіне  арналған ғылыми-зерттеу  кітабымның тұсауы кесілді. О дүниеліктер аманатын тірілер осылай орындадық.

- Сүйінші хабарыңызды естіп қуанып отырмыз. Халықтық шипагерлікті әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениетіміздің  дәстүрлік өнерінің біріне жатқызып жатқанымыз ілкімде ғана. Соған қарарғанда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екінші Ибн Сина ретінде әлемге мойындату оңай болмаған шығар?

- Рас айтасыз. Ертеден бері адамзаттың алғашқы мәдениетінің қалыптасуында зор ұйымдық  рөл атқарған  мәдени орта, денсаулық ошағы, тәрбие мекені болған халық емшілерінің  шипалық орны ғылыми жағынан бүгінде неге ескерусіз қалды? Шет елдердің  халықтық шипагерлігі ғылымнан өз орнын таба бастаса, ал қазақ еліне әлі сенімсіздікпен қарайтын ғалымсымақтар азаяр емес. Көлденең кері күштер қаншалықты қысым жасағанымен, атадан ұрпаққа жалғасқан тектік қасиетті шипагердің бойынан хан да, қара да тыя алмайды. Ол өмірдің тарихи  кезеңдерінің шындығы. Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз  жаңа ғұлама ғалымдар қатарында Ө.Тілеуқабылұлының (1388-1485) да есімі енді. Ұлы шипагердің еңбегі қазақтың ұлттық мәдениетінің филосо-фиясы мен психологиясының бүгінде бір құрамдас  бөлігіне енді. Ондағы неше  алуан сырқаттарды емдеп-жазудың әдіс-амалдары осы күнгі ғылыми  медицинаның анықтамалары-мен сабақтас, ұқсас және тұжырымдас  деуге толық негізі де анықталып, оң баға алуда. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін  858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануарлар мүшелері және  60-тан астам металл-металлоидтар қоспасынан (бұдан да көп болуы мүмкін) жасаған. «Суға кетіп өлді» дегендерді, аязда үсігендер мен күйікке ұшырағандарды «Тұншықтырма», «Малма» деген емдік әдістеріменен алып қалды. Шипагер өз қызметінде халқымыздың: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген сөзін әрқашан да өзінің шипагерлік  ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Тіршіліктің материалдық-диалектикалық заңына, шешекке вакцина егудің емдік тәсіліне, ми мен қан айналымы қызметіне, суық су мен аязда емдеу әдіс-тәсілдерін ғылымда Ф. Энгельс, Э. Женнер, Де Винчи және П.Иванов ашқан деген ғылыми жаңалықтарды қазақ шипагері олардан III-V ғасыр бұрын іске асырғанды. Алайда, халық емінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Ал халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да болмас еді.

- Олай болса, осы күні емшілік атаулы неге әлі күнге дәстүрлі  емес?

- Өйткені біздің жүйеде бақсы да, емші, балгер  т.б. да емші болып жүр. Емші – үлкен атақ. Емші болу үшін арнайы ғылыми еңбектер жазып, дәрілік шөптермен емдеп, қазіргі заманғы медицинаның талаптарына сай жұмыс істей білу керек. Өтейбойдақ бабамыз өз заманында: «Емші деген ешкінің мүйізін көріп, денесін көрмегенмен бірдей», - деген сипаттама беріп, шипагерлерді емі дарымды және болжа-малы деп екіге бөлген. Іштей тағы жиырмадан аса түріне  жіктеген. Әрқайсысын жеке-жеке талдаған еңбегімді ғалымдар жоғары бағалап отыр. Кішігірім мақалалар,  қолжазбалар болғанымен, бұл салада менен басқа арнайы ғылыми еңбек жазып жүрген ешкім жоқ. Бірақ, менің еңбегім аздық етеді. Өйткені, бұл тек біздің бағыт емес, заман  талабы десем, артық айтқаным емес. Өйткені, тәуелсіз елдің азаматы да тәуелсіз болуы керек. Бұрын халықаралық қауымдастық, Академия атаулы тек Ресейде болды. Кешегі күнге дейін сол жаққа жалтақтадық. Орта Азия бойынша мен құрған жалғыз ұйымды 1992 жылы жабуға тырысып бақты. Қалай Мәскеуден бата алып, академия құрдық, содан бері ешкімге тәуелді емеспіз. Үкіметтен бір тиын алмай, 18 жыл бойы өз-өзімізді дәлелдеумен келеміз.

 

Сұхбаттасқан Г. Таубайқызы.

(«ҚАЗАҚСТАН--ZAMAN» 13 тамыз 2009.)

 

 

1.3 Халық емшілігінің қара нары

 

Мына жарық дүниені білгірлер сынақ - өмір деп жатады. Сол тегі рас-ау. Кез-келген адамның ғұмыры ұзақ жол десек, кімнің дәм-тұзы қалай болып, қай жерде таусылатыны тағы бір тылсым. Ертедегі естілер мұны бір-ақ ауыз қара өлеңмен былайша түйіндеген.

«Дүние – бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.

Күнінде тоқсан түрлі пәле көрсең,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан»!

Мен зиялы Зекеңді, бір бойында атақ-даңқын атан түйе тарта алмастай абыройы бар Зиядан қажы Қожалымовты көрсем болды осындай ойға қаламын.

Өзінің айтуынша «патшаның тағы – балалық шағы» өте ауыр болыпты. Отан соғысының отты күндерінде туған ол екі жасында әкеден жетім қалып, бүтіндей бір әулеттің жалқы шырағы ана тәрбиесінде өседі. «Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ» дегендей марқұм анасы   Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, әр нәрсені байыппен шешетін бір рулы елдің  үлкен кішісі ақыл сұрар «Ақ апасы» атанған қасиетті жан еді. Сондай асыл адамның тәрбиесі болар, Зәкең де жастай талапты болды. «Жаста оқыған оқуын – тасқа жазғанмен тең, егде тартқанда оқыған оқуың мұзға жазғанмен бірдей» - деп анасы да білікті болуды құлағына құйып отырды. Сөйтіп, ол мұның орта білім алып, Алматыдағы Ауыл шаруашылық институтының электірлендіру факультетін ойдағыдай бітіруін өз бақы-лауында ұстады. Қиналғанда жол көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, имандылық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертіп отырды. Маңдайдағы жалғыз ұлының оқу бітіріп, адал жар құшуын, сәбилі болуын армандаған ана тілегі көзі тірісінде орындалады. Келіні Түймекүлді көргенде «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын» - деді. Тұңғыш немересі Ләззәтын иіскелеп рақаттанатын... Одан кейінгі немере-шөберелерін көре алмағаны өкінішті.

Апасы көзі тірісінде о дүниеге аттанарында сүйікті келіні Түймекүлге «Жалғызымның  арқасы бар, сен ие бол!» - деп аманат етіпті. Кейін де өзі қасиеті бар келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмастық болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халқы қорғайды» - деп аян береді. Бұл сәл кейінірек.

Сол екі орталықта жас инженер-энергетик өзі туып-өскен аспан таулар аясында – Нарынқол ауданының Карл Маркс және Калинин ұжымшарында бас инженер-электрик, аудандық электрлендіру жүйесінің бастығы «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, т.б. қызмет баспалдақтарынан өтіп үлгерген.

Кәсіби мамандығы бойынша қаншалықты жұмыс атқарғандығынан бір ғана мысал. Оқу бітіріп келген бетте  жастық жігермен Кеген аймағына теледидар тарту үшін Байланыс министрлігіне келіп, оның телемұнараның орынын анықтап дайын ғылыми ұсынысты сол кездегі аудан басшыларына ұсынады.  Бірінші хатшы Серікбаев мырзаның басында менсінбей қарап, кейіннен ұсынысты қолдап рахмет айтқаны бар. Сөйтіп таулы  өңірге теледидар тамашалау мүмкіндігі осылай туған. Нарынқол ауданының  энергетика-лық  қуатының артуына да Зекеңнің сүбелі үлесі сар екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Зекеңнің бойындағы бір жақсы қасиет – талапшылдығы мен талмайтындығы. Кемеңгер қаламгеріміз Мұхтар Әуезов: «Қай міңезің қасиет болса, сол міңезің - қасірет» демеп пе еді? Сонау 1989 жылдан  өз бойынан емшілік  жолға біржола өмірін бағыттаушы бел байлайды.

Көп ұзамай туған еліміз де өз тәуелсіздігін алады. Барлық бұрынғы «жабулы қазан» тақырыптардың қақапағы ашылғанда құпияланып келген халық емшілігін де жарыққа шығару қажеттілігі пісіп-жетіледі. Міне, Зиядан аға сол уақыт жалына жармасып, 1991 жылдың желтоқсан айында-ақ яғни қазіргі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң-ақ дереу ерлік қадамға барып, өзі бас болып, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығын» құрды. Әр адамның жеке тағдыры болады, - дейді өзі. Менің де тағдырымның ирек-ирек қисық жолдары болғаны өзіме аян. Бұл – тағдыр сынағы. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыспен бүгінгі киелі  орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психология-лық жақтан әртүлі естік ауытқуға ұшыраған  көп ұлттың жасы да, жынысы да, ұқсамайтын тылсым құпиялы азамат-тарын бір ортаға жиып, оларға  тәрбие беріп, нақты істі жүзеге асыру оңай болмайды. Бұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешім қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар шайқасы он жылға жалғасты. Шындық жолындағы  еңбегі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ымыраға келді. Ескі көзқарас жаңаны қабылдамай  қиналған сәттерінде анасының  аянына сүйеніп:

Күндемегін, ей, досым, күндемегін,

Күндесең де іштен тын, үндемегін.

Іште сақта сырыңды аша берме,

Жүрген жоқсың қасымда күнде менің, -

деп жыр жазып, ән  шығарып Мұқағали ағасы сияқты Музаға мұңын шақты. Бір Алланың құдіретімен ақын, сазгер атанып, жазған жиырмадан аса әндері, ондаған терме, толғаулары бұл күнде Қазақ радиосы мен облыстық радиолардың «Алтын қорында». Сөйтіп, бір қиындыққа адалдықтан ауытқымай білім – білігін қарсы қойды. Көп ізденіп, оқуы мен жазуын ешқашан тоқтатқан емес. Қажылық парызын да өтеп келді. Емшілік жолында халықаралық бірнеше форумдар мен конгрестерде көрнекті  нәтижелерге  қол жеткізіп, бірнеше халықаралық ұйымдардың толық мүшесі болып, тиісті атақ-дәржесін алды. Тіпті 1991 Мәскеуде түсірілген шығыс халық медицинасы туралы кинофильмде басты рөльге түсті. Бүгінде ол қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» бас директорының орынбасары, Қоғамдық «Экология» академиясының академигі, «Үшінші мың жылдықтың үздік емшісі», халықаралық зерттеуші психолог-ғалым атануы ол басқарған Қауымдастықтың әлемдік деңгейде беделін де танытады. Зекеңнің талмай ізденісінің нәтижесінде 45 басылымды 150-ден аса танымдық мақалалары жарияланды. Ғылыми тақырыпта конфернцияларда сөйлеген сөздері 10-нан аса жинақта жарық көрсе, «Қазақ энциклопедиясында» да ғылыми мақалалары шықты. Әсіресе, өзі он төртінші атадан қосылатын XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, қара үзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ұлы мұраларын халыққа таныстыруда, ғылыми негіздеуде айрықша құлшыныспен еңбек етіп жүр. Бұл бабамыздың мұраларын  насихаттауда  бірнеше ғылыми конференция өткізуге мұрындық болып, туған жері – Шалкөденің Айғайтасының Қара аршасына ескерткіш құлыптасын Қауымдастық атынан қойып, әруағына  бағыштап дұға оқытып, ас беруі де елдік, ерлік шаруа. Тоғызыншы атадан қосылатын  болжаушы, әулие Әлмерек абыздың есімін, ісін қайта тірілтуде қолға алған жұмыстары да қыруар.  Бұл орайда Зекеңнің қаламы да, қарымы да тынбай «Көк тәңірі  тұр жебеп» (2000 жыл) әндер мен толғаулар, «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001 ж.) ғылыми-танымдық және тарихи –танымдық  «Шапағатты рух ордасы» атты кітабының жарық көруі де қауымдастықтың жұмысын жұртшылыққа танытып, шын емші мен жалған емшнің  ара-жігін ажыратуға үлкен септігін тигізуде. Ортақ іске Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян» (2002 жылдан бері шығады) мен осы аттас баспаның да тигізері мол.

Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алладан қасиет қонған шапағат иелерінің саны ресми  тіркелім бойынша 2500-ден асады. Дәстүрлі медицинамен қатар дамып келе жатқан халық емшілігінің атына емделуші жұртшылықтан ағылған алғыста сан жоқ. Осынау «Қабілетті қара нар керек, біздің бұл іске!» - деп Махамбет ақын айтқандай ауыр да абыройлы жұмыстың өрге басады деп сенеміз. Ендеше өмірдегі ақ жолын ертерек  адаспай тауып, «Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады. Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады» дегендей жарық күнін уақытылы тауып, бүгін ел ағасы жас 60-тың асуына шыққан Зекеңнің өзін мерейтойымен құттықтап, алдағы атқарар игі істеріне  толайым табыс тілейміз. «Жақсы жолдың ұзыны жақсы». Сапарыңыз сәтті де ұзақ болғай, - Зеке дейміз біз де оған.

Қайрат Әлімбеков.

«Отбасы және Денсаулық» журналы,
6, 2004 ж. 21 – бет. 

 

 

 

1.4 Шипагерлік  мәдениеті

 

Кейінгі кезде баспасөз беттерінде халықтық дәстүрлі емес халық медицинасының мұрагерлері әрі дамытушысы халық емшілері жөнінде жақсы да, жаман да және реніш те  жазылған мақалалар жиі көрініс беруде. Халықтың арасында бабадан ұрпаққа тектік қасиеті арқылы жалғасып келе жатқан және олардың құпия ілімін жалғастырушы нағыз емшілер барлығына күмән келтіруге болмайды. Бүгінде қазақ елінде қанша мыңдаған емші барын бір Алладан басқа ешкім де білмейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Денаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республи-калық халық медицинасы орталығы» құзырлы министрліктің заңнамалық бұйрықтарын пайдалана отырып, жеті мыңға жуық емшілерді өздернің арнайы сынақтарынан өткізгенін білеміз. Осының барлығына қасиетінің жақсы-жаманына қарамастан «Кәсіби халық емшісі» атағын беріп мекен-жайларына халықтың денсаулығы саласында қызмет көрсе-туге жіберіп, оларды бірніші сортты емші санатына жатқызып сауатсыздардың мәртебесін асқақтатқаны барша қауымға мәлім. Осы «кәсібилер» күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы «Құтқарушы» есебінде жазбайтын  ауруы жоқ деген атпен жарнамаланса, ал бүгін де осы жеті мың емшінің жетпістейі ғана халыққа дұрыс қызмет көрсетуде. Сонда таңқаласың, алты мыңнан аса емші қайда кетті? Бүгінде бұл орталық онға жуық қана емшіге қызмет көрсетуде. Бұл қалай? Кім ұтты? Кім ұтылды? Ойланатын жайт. Мұның басты себебі орталықтың аты алғаш “Халық медицинасы одан «Шығыс--тық медицина» одан кейін «Ашық» және «Жабық» қоғамдық бірлестік болып өзгерді. Бұл аз болғандай осыдан жеті - сегіз жыл бұрын  жартысы шектеулі жолдастық серіктестікке (ШЖС) - айналды. Ал қалғаны  2007 жылдан бастап  ШЖС-ке айналды. Бірақ кейінгісі анау алғашқы (1990) жылғы құжаттарымен қызметтін жалғастыруда. Бұл алдау ма қалай? Бұнысын сауатсыз емшілер қайдан білсін. Оларға бәрі бір болғанымен түбінде бармағын тістері анық.  Есеп беретін заңды орындарға ШЖС құжаттары арқылы есеп береді. Ал емшілерге көне құжаттары арқылы қызмет етеді. Осыған сенгендер әлі де торға ілініп өздерін аты өшкен «Кәсіби халық емшісі» санайды. Осындай тәрбиеге душар болған емшілерден қандай мәдениеттілік күтуге болады? Бүгінде емшілерді арнайы алты айлық медициналық сынақтан өткізетін бұл жеке меншік ШЖС орталығы емес, әрбір емшінің өзінің тұрған қаласының және облысының “Денсаулық сақтау басқармалары” арқылы жүзеге асатындығын білетін уақыт жетпеді ме? Сонда қанша жыл халық емшісі жаны ашымайтындардың «тірі тауары” болып жүре бермек? Осыдан мынандай ой туады. Осы орынның басшысы өткен жылы беделді бір газетте (Егемен Қазақстан) «Қос діңгекті қосамын» - деген уәдесінен айныды ма, бүгінде өздері басқаратын «бір діңгектің» де құлап бара жатқаның сезбейтін сияқты. Одан да әр нәрсені бастап, аяқтап, саралап, бағасын алып барып айтқан дұрыс шығар, бұл да емшілік мәдениетінің көтерілуіне ықпал етіп, бос сөздік пен уәдеден арылтар еді. Ең негізгі өздерін емшінің тірегімін деп есептейтін осындай орындардың жауапкерсіздігінен емшілік мәдениеті төмендеп халықтық сенімнен алшақтап, діни көзқарастарға жат әрекеттерге барып жатқандығын мойындаған жөн. Осы орталықтың жанынан ертеде «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» құрылғанды. Алғашқы басқарған Әділхан Ерманов мырза он сегіз жылдай “кіші құдай” болғанымен ештеңе істемеді, бос сөзбен сауатсыздарды алдап келді. Ә. Ерманов мырза 2004 жылдың қыркүйек айының соңында өз үйінде мен Ақтөбе медициналық Академиясының емдеу факультетін бітірдім деп оның дәрігер деген дипломын көрсетті. Емшілер болса көрімдігін бере бастады. Сонда мен және Ш. Шынтаев мырза екеуіміз жағамызды ұстадық. Сонда өмірі медициналық оқу орынның табалдырығын аттамаған, бірде-бір дәрінің атын білмейтін азамат қалай дәрігіерлік дипломға қолы жетті? Бұған дәлел Ә.Ерманов мырзаның өзінің қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының хабраланды-руын береміз: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в оффис Директора Актюбинского  филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных нараодных целителей Республики Казахстан господином Ермановым А. Для справки: Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента ее создания и все это время ее бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здравоохранения РК, 27 лет практикующий больных.

Госпадин Ерманов А. Прибыл с целью проводения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес оффиса: улица Кисилева 24, кабинет биоэнерготерапевта «»БАПАН» Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б.». Міне жалған «дәрігер» Ә. Ерманов мырза ақыры өз қауымдастығының емшілерін тастап өзі де кетті. Кейінгі екі жылда бұл қауымдастықты дәрігерсымақ Нұржанов Бауыржан деген басқарады. Басқалардан бұрынғы көкелері ала алмаған өшін осы алып беремін деп, бүкіл республика аймағын аралап, “ана ағаларының  басқа ұйымдарды тарады, олар заңсыз, менікі заңды, мен жарылқаймын” деген көне сөздерін  қайталап, бұрынғы көкелерінен де озып барады. «Аңқау елге арамза молда» - дегендей аңқау емшілерге ашық түрде ірі бағамен (жақында Қызылорда, Шымкент) жеке «медициналық лицензия» таратуда. Бауыржан бұған дейін басқа аймақтарды да  аралап, өзінің “Жасанды лицензиясын) таратқанын да білеміз. Бұл қалай? Сонда Бауыржан мырза Денсаулық сақтау министрілігінің рөлін атқарып, емшілерді арнайы алты айлық медициналық бақылаудан өткізу заңның аяққа таптағаны ма (ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі. бұйрық №532. 10 қараша 2006 ж.). Бұны  жергілікті бақылаушы заң, салық орындары неге білмейді? Жалған лицензия алған емшілер енді өз ойларын жүзеге асырарына күмән келтірмеңіз? Тек қана олар жергілікті орынға салық төлер ме екен, кім білсін. Біздікі тек ескерту ғана. Бұндай жағдай осыдан бес-алты жыл бұрын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен кейбір емшілердің ұйымдастыру арқылы ірі бағаға емшілерге лицензия берілгенін де көргенбіз. Лицензия алған емшілер қарызға белшесінен батып, оның аяғы ірі дау-дамайға барғанын да білеміз. Енді емшілер ойланатын шығар кімнің қолына түсіп жүргендерін. Сорақының сорақысы емшілер арасында А.Ерманов мырза сияқты медициналық дипломдарды оқымай-ақ алғандар да баршылық. Мәселен, Алматылық орта білімі бар, жүргізуші болған        Тохтахунов Абдрахман мырза бүгінде шөппен емдейтін танымал емші. Бұл азамат Ә. Ермановтан да озып, 2003 жылы наурыз айында өзін “Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін” алдым деп, телеарналарда көрсетіліп және баспасөз беттерінде жариялады. Қысқасы, аспаннан бір “Алланың құтқарушысы” түскендей болды. Мәселен, “Отбасы және денсаулық” журналында “Доктор Тохтахунов” (№11.2003. 16-18 бб.) т.б. газеттер беттерінде жасанды “Медицина ғылымдарының кандидатын” бірнеше жыл жарыса жазды.  Ал енді бұның жалғандығын мына екі құжаттан білесіздер. “Ассоциация народных целителей Казахстана” Кожалымову Зиядан кажы: - “На Ваш запрос №015-А от 25.12.03 г. Казахский национальный медицинский университете им. С.Д. Асфендиярова сообщает, что ТОХТАХУНОВ АБДРАХМАН в период с 1981 по 1987 г.г. не обучался и диплом АН №654982 рег. №71 от 25.07. 1987 г. не выдавался.” Ректор КазНМУ, профессор Т.А. Муминов (Исп. Шитикова В.С. /3272/ 927-937.) ФБ- 19 №17-1-13 от 07.01. 2004 г. Ректордың қолы қойылған, ҚазҰМУ мөрі басылған). ЖәнеҚазақстан халық емшілері ассоциациясының” Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа (480057. Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 73, 38-бөлме): - “Сіздің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №015-А хатыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: 2000-2003 жылдар кезеңіндегі  ЖАК мәліметтерінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Ә. Тоқтахунов деген ізденушінің аттестациялық ісі түскендігі және қаралғандығы туралы дерек жоқ. ЖАК тарапынан А.Тоқтахуновқа “медицина ғылымдарының кандидаты” атағы берілген жоқ”. Төраға А. Құсайынов (Орындаушы: Ш. Құсайынова, т. 61-81-56. Хат 12.01.04. №В-61-59/13-0070). Міне, көріп отырғандай біз медициналық диплом сатып алғандардың “шортандарын” ғана көрсеттік. Ал, емшілердің “шабақтары” ішінде осындай медициналық диплом сатып алғандары да жетерлік.  Бұл да емшінің мәдениетсіздігі мен ұятсыздығын көрсетеді.  Емшілердің әр түрлі ұйымдарда  тіркелуіне байланысты кейбір есепте жоқ емшілер өзінің есебін түгендеп, халықты алдап арам ойларын жүзеге асырып жатқандығын да мойындаған жөн. Осындай алаяқтардың торына түскендерден ренішті хаттадың арнайы орындарға жолдану себебі де, бүгінге дейін емшінің бойындағы тылсым құпия сырларына арнайы ғылыми көзқараспен қарап, бір қоғамдық орталыққа  топтастыруға арнайы орындардан ұсыныстар мен мүмкіндіктер жасалмауында. Осының кесірінен кешегі сот үкімімен арнайы жабылған «Фархат ата» және «Аққулар» ұйымдарының халыққа келтірген діни рухани зияндықтары жөнінде бізде өз уағында осындай пікірімізді білдіргенбіз. Шындық өз нәтижесін берді. Біздің алдымызда емшілердің бойындағы кейбір кемшіліктері жөнінде жазылған «Ел ішінде емші жүр» (Жетісу. 30.05.2009 ж.) мақалада емшіге сенуден реніш көп, ал «Ислам және өркениет»  газетінде (№12. 21-30.04. 2009 ж.) емшілерді «Аруақтелекомға» теңеп, мазарларға зиярат ететін емшілердің өлі аруаққа табынатыны жөнінде, кейбір ескі мазарататрға пәлен әулие жатыр деп белгі қойып адамдарды табындыратыны, жүрекпен сөйлейтіндері арқылы аталар бата беруде немесе саған реніште деген сияқты адамның миының қызметін торлайтын сиқырлы әрекеттері  арқылы өз мақсататрын жын-шайтандардың көмегімен  жүзеге асырып, Алла Тағаланы мойындамайтындары жөнінде де реніштерін білдіреді. Енді «Түркістан» газетіндегі «Емші десе елеңдеп...» мақалада (04.06. 2009 ж.) автор жалғандықпен ақша жасап жүрген кейбір емшілер жөнінде өз ренішін білдіреді. Өзі де емшіге көрініп жалғандығына қайран қалады. Осыларды үгіттеп отырғандар да жоғарыдағы аты аталған ШЖС Халық медицинасы орталығы. Бүгінде адамдарға, қоғамға, сырқат жандарға беретін тәрбиелік деңгейі төмен, сауатсыз тек қана жеке пайдасы үшін, адамдарға молаларды аралататын көптеген аты бар да, мәні  жоқ «Ордалардың» қызметіне тоқтау қоятын немесе бір орталықтан бақылайтын уақыты жетпеді ме. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, бүкіл қазақ мола аралағыш атанса, біраз жылдардан кейін ауданаралық «Жүйке ауруханалары» ашылмасына кім кепілдік бере алады? Біздің ғылыми жақтан бақылауымыз бойынша емшісымақтардың тең жартысы жүйке ауруына ұшырағандар, ал 30 пайыздайы жақсы мен жаманның ортасындағылар болса, қалғаны нағыз таза емшілік қасиеті барлар. Дегенмен, бұл қасиет біртіндеп азаюы мүмкін. Себебі, халықтың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - шығады деген даналық сөзін еске алған жөн сияқты. Мұны неге мемлекеттік бақылаушы орындар ескермей жүр. Алматы ТВ-дан көрсетілген «Қылкөпір» бағдарламасына да ренішін білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама бізде жаңадан басталғандықтан да, көш жүре түзелетіндігіне көңіл бөлген жөн сияқты. Бізде әлі дайындық, білімділік, рухани тазалық пен арнайы дайындау орталығы жоқтығын ескерсек, «Қылкөпірге» қатысушы емшілерге тәуелсіз еліңнің бабаларының киелі қасиетінің тылсым құпияларын аша беруіне тілектеспіз. Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кемде емес. Семіргенді қой көтереді. Жақында Тараз қаласында  Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 400-ге жуық мүшелері қатысқан кезектен тыс  XIII Құрылтайы өтті. Құрылтайда қауымдастықтың құрамын сандықтан - сапалыққа қарай өзгерту қаралды. Қауымдастықтың филиал директорлары мен кейбір мүше емшілерінің тәртібі қаралды. Сегіз қалалық және облыстық бөлімше қызметін (Ақтөбе обл., Ақтөбе қал., Шалқар қал., БҚО Ақсай қал., Қарағанды обл., Балқаш қал., Талдықорған және Есікті қал.) тоқтатуға және елуге жуық мүшесін құрамнан шығаруға қауыл қабылданды. Бұның себебі қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамағандығы, қауымдастықпен байланыстарын үзегендігі, мемлекеттік орындарға өз уағында есеп бермегендігі және себепсіз қауымдастық ұйымдастырған шараларға қатыспағандығы, жалған алдампаздықтары себеп болды. Бұлар  қауымдастықтың абыройы мен жетістігін жеке мүдделер үшін толық пайдаланып, өздерінің ұшқан  ұясына өздері опасыздық жасады. Бұл шешім бүгінде қауымдастықтың интернетінде тұрақты қойылған. Қоғамымызда басқару жүйесінің жақсы жақтары көрініс беруде. Ал, республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Төралқасы 15 жылдан бері халықтық емшіліктің ғылыми жақтарын зерттеп оны ғылымдық зерттеу жүйесіне қосуға қол жеткізді. Емшілік, рухани емдік, биоқуаттық т.б. салалар бойынша оқулықтар жазылды. Тылсым құпия сырлары туралы еңбектер де жарияланды. Жыл сайын емшілердің білімін, діни рухани жетістігін, өзара қатынасын және басқа да елдердегі осы саланың мамандары мен тығыз байланысын өркендету мақсатында алты рет халықаралық әртүрлі тақырыптағы конгресстер мен форумдар өткізді. Қысқасы, емшілер рухани жағын байытуда толық өздеріне қажетті оқулықтармен қамтамассыз етілген. Арнайы емшілердің білімін, рухани дәрежесін көтеретін мектептер жұмыс істеуде. Халықтан алғыс алған емші ол рухани дәрежесі жоғары және мәдениетті емші. XV ғасырдың ғұлама ғалым емшісі - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшіні - шипагер деп атауды ұсынады. Шипагер - сырқат жанның ауруының себебін табады, емдейді, жазады, ажалдан алып қалады деген ойын айта келе, оған жету үшін тұрақты негізгі  білім мен  рухани білімнің қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі емшінің парасаттылығын арттырып, имандылығын жоғарылатып оның адами тұлғалығын биіктетері анық. Кейбір мәдениетсіз емшілер үшін, бабалар қасиетін жоя алмаймыз.  Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оған бүгінгі біздің атқарған қызметтеріміз куә. Емшілер мәдениетін көтерейік!  

          

1.5  ЦЕЛИТЕЛЬ – ЦЕЛИТЕЛЮ  РОЗНЬ

 

Многие представляют себе народного целителя эдаким сельским самородком без образования. Однако современные целители не так просты. Они посещают курсы повышения квалификации, проводят международные конгрессы, объединяются в ассоциации.

                                                                                                                    

Анастасия Цирулик:

 В конце июля в Таразе прошел VI Международный конгресс «Казахский ученый-целитель Отейбойдак Тлеука-былулы». Перед конгрессом стояли различные задачи от методов исцеления О. Тлеукабылулы до космоэнергетики. Так же вручались сертификаты, дипломы, проводились мастер классы и многое другое. Организатором выступила Ассоциация народных целителей Казахстана, которая существует с 1991 года. И как рассказал президент этой организации Кожалымов Зядан кажи:

 - С тех пор в уставе не изменилось ни одной буквы. По рекомендации Минздрава нас закрывали три раза, это было законное решение. Но мы прошли этот путь и о нас уже четыре года знает весь мир.  Членами Ассоциации могут быть народные целители и специалисты, профессионально работающие в области традиционной медицинской деятельности, достигшие 18-летнего возраста, независимо от национальной и расовой принадлежности, вероисповедания и гражданства, имеющие образование в области традиционной народной медицины и/или медицинское образование и соблюдающие правила профессиональной этики.  Раз в год мы проводим международные конгрессы, объединяем ученых-целителей из разных стран. Все это проводится для обмена опытом и повышения уровня образованности. К тому же, если проводить такие мероприятия, то наши целители будут знать друг друга в лицо. 

- Сколько членов вашей Ассоциации занимаются целительством?

- Из членов нашей Ассоциации примерно 20-25% занимаются лечением. Остальные в зависимости от здоровья, знаний, в том числе духовных знаний, квалификации занимаются другими видами деятельности. У нас сейчас количество целителей идет на сокращение. Мы переходим на качественную деятельность, раньше стремились к количеству. Можно сказать, что к этому толкал нас Минюст, потому что были требования, что бы Ассоциация объединяла не менее 3 тыс. членов, потом не меньше 10 человек. У нас было 30 филиалов, 9 мы сократили, из-за безграмотности некоторых руководителей.

Сколько всего целителей в стране сейчас никто не знает. Часто встречаются псевдолекари, которые, в большинстве своем, ничего не делают, но хвастают своими достижениями.

- Существует ли в Казахстане научные работы по целительству? 

- Сейчас в нашей стране стало появляться больше ученых, которые интересуются этим вопросом. Кто-то говорит, что целительство это на 65% правда, кто-то, что на 70, а кто-то утверждает, что это шарлатанство.  Последний вариант в корне неверен. Все болезни от бога! Это таинство изучается во всем мире. Мы должны создать науку - народная медицина Казахстана. Откройте медицинские учебники, вы сможете прочитать в них о туркменской, азербайджанской и т.д. народной медицине, а о казахской ничего нет. Я надеюсь, что вышедшая недавно моя книга «Целительские традиции и философия» частично исправит эту ситуацию.

- Какие методы чаще всего используют целители в своей практике? 

     - Метод номер один у нас - это словотерапия. Большую роль здесь играет самовнушение. Человек доверяет врачу или целителю, и это положительно сказывается на процессе лечения. Основная задача нашей деятельности – оздоровить тело и душу, что бы человек совершенствовался духовно!

    Существуют различные виды терапии: звукотерапия, молитвотерапия, фитотерапия и т.д. Способности у человека разные. Отейбойдак Тлеукабылулы разделял целителей на два вида - исцеляющие и гадающие. К обеим категориям он относил еще 25 видов: костоправы, целители, и т.д. В Казахстане целителем называют всех – шаман, биоэнергетик, астролог, парапсихолог - тоже целитель. Я этим вопросом только сейчас занимаюсь. Но я всегда говорю: «Если ты костоправ занимайся только этим делом. Если биоэнергетик будь биоэнергетиком. Не надо заниматься всем сразу».

     - Для того чтобы заниматься целительством необходимо лицензия? 

     - Конечно, закон требует, что бы у целителя была лицензия, он должен быть зарегистрирован и стоять на учете. Необходимо что бы желающий заниматься этой деятельность был психически здоров, имел соответствующие знания, регулярно повышал уровень квалификации. И, естественно, платил налоги. Сейчас не более одного процента целителей имеет лицензии. 

     - Существуют какие-либо методы определения у человека способностей к целительству?

     - У нас есть лаборатория, в которой возможно определить энергетические способности человека. Годен он или нет, на каком уровне находится. У человека может не хватать энергии, ее обязательно нужно восстановить, что бы быть целителем. После восстановления, мы даем сертификат на один год, потому что состояние энергии очень быстро меняется. Ауру человека мы так же проверяем в лаборатории. Многие целители проходят курс обучения. Кроме того, они получают духовные знания при мечетях и храмах.  Им рекомендуется дополнительная литература. Ведь без знаний нельзя.  Человек до конца своей жизни должен повышать уровень своей образованности. Есть целители, которым способности достались на генетическом уровне, есть те, кто научился этому делу. 

     - Как отличить настоящего целителя от шарлатана? 

     - Настоящий целитель не дает специально рекламу. Люди его знают через знакомых, родственников. Он никогда не будет обещать лечение и исцеление от всех болезней, а сразу скажет, что может помочь при такой-то болезни.  Хирургические, онкологические заболевания, инфаркты – это основные заболевания, исцеление от которых настоящий целитель не обещает. А при психологических, неврологических заболеваниях помощь специалиста по народной медицине может быть весьма существенна.

У наших целителей нет прайс-листов. Наше основное направление – благотворительная деятельность среди населения. Но я знаю, что многие целители имеют определенные цены. Хороший целитель довольствуется тем, что люди сами дадут в соответствии со своими возможностями. Например, у сельских жителей откуда деньги? Кто-то овощей принесет, кто-то молоко, кто-то скажет благодарственные слова, это тоже очень много значит. Когда человек лечит - из космоса в благодарность поступает новая энергия.  Так же не стоит всегда верить тому, что показывают по телевиденью. Я много раз замечал, что люди, которые выступают в различных, передачах плохо подготовлены. Более 50% целителей профессионально непригодны. У 30% имеются нарушения психики. И только оставшиеся 15-20% можно считать настоящими целителями. Эти данные основаны на многолетних исследованиях и доказательствах. При повышении духовных знаний количество целителей уменьшается, методы исцеления изменяются.

Каждому целителю мы рекомендуем вести книгу учета. В которую бы он записывал откуда человек приехал, с какой болезнью, год рождения и другие данные. Кроме того, клиент сам должен наблюдать какое у него настроение после сеанса, аппетит, сон. Благодаря подобным наблюдениям, целитель сам будет лучше знать, с какой болезнью он может справиться, а с какой нет. 

     - К чему может привести посещение целителя-шарлатана? 

     - Это может привести в худшем случае к летальному исходу, так как будет упущено драгоценное время. Ведь такие «лекари» назначают длительные курсы лечения 30-40 дней и так несколько раз. 

В качестве примера можно привести целителей изгоняющих бесов и именующих себя Сункарами или Акку, а якобы божий дом, где проходят курсы лечения - Ордой. Или другой достаточно памятный пример - Фархат Ата. Его метод лечения запрещен, но последователей, которые следуют его учению осталось очень много. После подобных лекарей остается множество зомбированных людей – это психологические травмы. Плюс ко всему этому потерянное время, запущенные болезни.

 

Газета «Магеполис», № 30 (442)6 понедельник, 10 августа 2009 г7