ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

15

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

                    

                                                              pic

 

6.2 СИҚЫРШЫЛЫҚ

 

  Жер бетінде алғаш өмір сүруге ұмтылғаннан бері адамзаттың өз тарихында діни бағытымен қатар бір-бірінен ерекшеленетін әдет-ғұрпы, салт-санасы және бір тәңіріне байланысты сенім мен танымы болғаны мәлім. Сол сияқты сиқыршылық та адамзат тарихында көнеден тамырла-нып, жалғасып келе жаткан «әдеп-ғұрып» десе де артық емес. Ал сиқыршылық Құран Кәрімде анық көрсетілгендей ең үлкен күнәлардың қатарына жатады. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын көне Үнді елінде, Бабыл мен Мысыр, Греция мен Рим, Австралия мен Африкада, Шотландияда тарап, қанатын жайса, кейін біртіндеп жер бетіндегі басқа елдерге де тарай бастады. Қытай, Еуропа мен Ресей, Орта Азия елдеріне де тараған, бұл жат "өнер" саласы Қазақ елін де аттап кете алмады. Сиқыршылык тума қасиет болуы мүмкін. Содан да болар, қазір табиғи және кәсіби сиқыршылар ортамызда бізбен бірге өмір сүруде. Ал табиғи не­месе арнайы құпия-сиқырлық мектебінен өткендер көбінесе ашық түрде көріне бермейді.

Құпияларын жасырын ұстайды. Өзінің басты сиқырлық қасиетін ол өзінің ұрпағына немесе өзі сүйген адамға өлер алдында қалдыруға тырысады.

Сиқыршы ұрпақсыз болса, оның жанының шығуы ұзаққа созылып, өзінің мүрагерін күтеді. Осындай бір жағдай Ресейде болды. Сиқыршыға жұрт жақындаудан бас тартады. Бірақ, оның жаны шықпай қиналып жатып алады. Бір уақытта ол үйге кіріп қарап тұрған жеті жасар қызды шақырып, ол жакындағанда қызды ұстай алады да, о дүниеге аттанып кете береді. Сол сәттен бастап әлгі қызда сиқыршылық пайда бола­ды. Мысыр елінің патшасы Перғауынның кезінде сиқыршылық өте жоғары дәрежеде дамиды. Олар халыққа тыныштық бермей, Жаратушысын танымай, ойына келгендерін істейді. Әрине, бұл сиқыр-шылық арам ойлы, мінезі бұзық, қатал әрі опасыз зұлымдар тобынан еді. Сондықтан да болар әр елдің сиқыршылары өздерінің игерген сиқырлық "өнеріне" қарай құпиялы оқу арқылы, адам бейнесін құмға, тасқа, қағазға сызып елестетіп, оны сиқыр-ладым, ой арқылы денесін бөлшектедім, мына мүшесін алдым, ол есінен ауысты дей келе, сызған бейнесін пышақ арқ­ылы тілгілеп, өмір бітті деп немесе басқа тұлғаға өтті деп сиқыршылар ойларын іске асырған.

Ал кәсіби сиқыршылар өзінің ойын көбінесе ел алдында ашық түрде жүзеге асырады. Олардан халық өте қауіптенбейді де. Олар өздерінің сиқырлық "өнерін" көбінесе өте тез әрі шебер орындайды, көбіне техни-калық әдістерге сүйенеді. Бұл жағын сіздер цирк әртістерінің және ба­сқа есепте тұратын "кәсіби" сиқыршылардың ел алдында көрсететін өнерінен көріп келесіздер.

Сиқыршылық қасиетін көбінесе талқандау, қырып-жою, есеңгірету, қаңғырту, бөлшектеу мақсатында пайдаланатын улы куат иелері де бар. Олардың "Ойша меңгеріп, ойша бағыттаймын", - деп мақтан ететіні сондықтан.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылыңда тұратын жасы отыздың ішіндегі халық емшісі СМ.: "Аға, біз әр жактан келген төрт қыз ауыр сырқатымызға байланысты жас кезімізде Түркістанда тұратын жасы жетпістен асқан бір дін адамына қаралып жүрдік. Төртеуміз де әр жерден келгенімізбен, тағдырымыз бір болған соң осы атаның үйінде көбірек кездесу әдетке айналды. Біз ол үйдегі атадан сырқатымыздан жазылып қайтқанымызбен, кайтып үйге келген соң бір күш мені сол атаға қарай бар дегендей итермелейтін еді. Кейде барғым келмей, кейде жақындарыма айтуға ұялып, екі өкпемді кысып, басымды мең-зең ететін бір көк тұман-нан айырыла алмай қатты қиналатынмын.

Менің қиналғанымды көрген әке-шешем ұстазыңа бар деп Түркістандағы атаға жіберетін. Мен үйден шығарда кешіккендей болсам болғаны, көз алдыма бір "көк тұман" келіп тұрып алып, жолға шыққанымда менен қалмай, мені Түркістандағы атама жетектеп әкелгендей әсер ететін. Бұл не, аға?", - деп сұрады.

Мен одан "Ұстазың казір бар ма?", - деп сүрадым. Емші: "Ол ата өлді де, көзім шала ашылған кезде, сіз құрған киелі орда өмірімді сақтап, жақсылыққа жолымды ашып берді ғой, өйтпегенде мен де ата әрекетін түсінбей, атаның "күңі" болар ма едім?" - деді, М. менен жауап күткендей. Мен М.-ға бұл дін үғымы бойынша "Сиқыр" немесе сені "сиқырлаған" деген ұғым береді, Алла тағалаға оның "сиқырлы" торынан құтқарғанына тәубе дегін деп түсіндірдім. Бұл күні кешегі өз еліміздегі сиқыршының кылығы еді. Сонда емші М. ұстазына келгенде атасы: "Е, пәле, келдің бе? Қанша келмеймін деп тырысканыңмен, әкелдім ғой", - деп, қарқ-қарқ күледі екен. Бұл сиқыршының сиқырының бір кішкентай ғана мысалы.

Малайзиялық сиқыршылар өздерінің құрбаны санаған адамының денесінің әр мүшесінен алдым деп есептеп, бірнеше тырнақ, шаш, кірпік, сілекей алады екен де, оны бал арасының балауызын қосып біріктіріп, одан қуыршақ бейне жасайды екен. Осы бейнені жеті күн шамның астына қойып Мен балауыз емеспін, мен жүрек пен бауырмын, - деп сан қайтара айта береді екен. Жеті күннен кейін балауыз шамның қызуымен еріп біткен құрбандық қуыршақты өлді деп есептейді екен. Осы кез­де сиқыршы сиқырлаған адам да өлуі тиіс екен. Немесе қуыршақ бейненің көзін ойып, ішіне пышақ салса тез өледі деп санаған.

Қуыршақты кебінге орап, басын төмен қаратып Сені мен жерлемеймін, Жебірейіл періште жерлейді, - деп сан рет қайталап айтып, елім Жәбірейіл періштеге ауады деп есептеген сиқыршылар. Қысқасы, адамның өз ішінен шыққан арам ниетті сиқыршы өзі істеген күнәсін Алладан да қорықпай өз ойы арқылы Жәбірейіл періштеге аударып отыр. Мысыр елінің қарғыс атқан патшасы Перғауынға Алла тағала Мұса (ғ.с.)-ді жібереді. Халық Мұса (ғ.с.)-ға сену орнына оны "сиқыршы" деп атай бастады. Құранның Бақара сүресінде сиқыршылықка тиым салу жөнінде айтылады. Осыған байланысты Мұса (ғ. с.) Перғауынға: "Ей, Перғауын! Мен Алланың шын жіберген пайғамбарымын. Мен Алла атынан тек ақиқатты айтуға тиіспін. Жаратушының тарапынан шынында бір керемет алып келдім. Сондықтан Исраил әулетін менімен бірге жібер",- деді (Ағраф сүресі. 104-105 аяттар).

Сонда Перғауын: "Сенде алып келген керемет болса, шын екенін білейік, бізге көрсет", - деді (Ағраф, сүресі, 106 аят). Содан кейін Мұса (ғ. с.) таяғын ортаға тастай салып еді, сол сәтте ол айдаһардың өзі болып шыға келді. Қолын калтасынан шығарғанда, жарқыраған нұр шашты (107, 108 аяттар). Перғауын өзі сасып қалады. Жұрты Перғауынға: "Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін", - деді (112 аят). Сонымен Перғауын бүкіл сиқыршыларды жинатады. Сиқыршылар болса Перғауынға: "Егер біз жеңсек, бізге силық беретін шығарсың", - деді (113). Сонымен Перғауын сиқыршыларға: "Иә, сендер, сөз жоқ, менің ең жақын адамдарым боласың-дар", - деді (114). Сиқыршылар тұрып: "Әй Мұса! Сен таяғыңды бұрын тастайсың ба, әлде біз бұрын тастайық па?", - депті. Сонда Мүса (ғ. с.) тұрып: "Сендер бұрын тастаңдар", - депті. Сонымен алғаш кезек алған Перғауындық сиқыршылар таяқтарын, жіптерін тастап, адамдардың көзде-рін байлайды. Бұдан зәресі қалмаған жұрт қатты үрейленеді.

Бұдан кейін Алла тағала Мұса (ғ. с.)-ға "Сен таяғыңды таста", - деп аян береді. Сол сәтте Мұсаның (ғ.с.) тастаған таяғы айдаһарға айналып, сиқыр-шылардың құбыжықтарын түгел жұтып жібереді (Ағраф сүресі, 106-108 аяттары). Сөйтіп Перғауындық сиқыршылардың сиқыры жеңіліс тапты. Шындық жеңді. Шынында да Мұсаны (ғ.с.) Алланың адамзатқа жіберген пайғамбары екенін мойындап, сиқыр-шылар сәждеге жығылады (Ағраф сүресі, 119-120 аяттар). Бұдан кейін Перғауындықтар: "Бүкіл әлемнің раббына сендік", - деді. (121). Перғауын халқыына қарап, сиқыршылардың бәрінің қол-аяғын кестіріп, одан соң дарға асуға уәде береді. Сөйтіп Мұса (ғ.с.) өзінің пайғамбарлығын ғана емес, шын құдірет иесі – Алла екенін, Алладан жәрдем сұрауды, жер Алланікі екеніне Перғауынның елін ғана емес, өзін де мойындатады.

Өзінің арам пиғылды ой өрісі арқылы өте күшті "кері әсерлі, бұранда тәрізді, тұманданған энергияны" бағыттай-тын сиқыршылардың торына түскендер сиқыршылардың мәңгілікке арбауында қалады.

Қызылордалық бір танысым 1992 жылы маған: "Мен өзім Аралданмын. Менің әкемнің әкесі үлкен ілімді адам болыпты. Ол кісі кері оқуды біледі екен. Сыртқа шыққанда өзінің баратын жеріне дейін көлігі жоқ болса жанындағы адамын ат, өгіз, есек т.б. етіп мініп алады екен. Бара­тын жерге жете бергенде дұғасын қайта қайыра оқып, әлгі "көлік адамды" өз қалпына келтіреді екен дегені. Әлгі сиқырланған адам өзі білмегенімен шаршағанын сезетін сияқты. Сиқыршыдан сұраса, "Е, мен де шаршадым ғой" дей салады екен. Бұндай адамдардың ұрпағы өспейді. Алланың да, адамның да қарғысы тигендер болып табылады. Бұндай кері дұғалық ниеттегі адамдар күні кешеге дейін Қызылорданың Қазалы, Қармақшы, Арал, Тереңөзек т.б. елді мекендерінде болыпты. Қызылордалықтардан Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысы да қалыспайды. Бірақ, бүгінде дәл баяғы сиқыршылар болмағанымен дуашылардың өте көбін, осы аймақтағы арам пиғылды "емшісымақтардың" республика-ның басқа облыстарында өздерінің шәкірттерін дайындап та қойғанын айтпасақ Алла тағала алдындағы күнәміз болары анық. Бұлар уақытша жүргендер. Дін дамып, мұндай арамдар өзін-өзі әшкерелеп, кінәлі екенін мойындар күн де алые емес. Мұндай арамдар "дуалық" оқығанымен, өздерінің не істеп отырғанын білмейді. Сондықтан олар Исламда жоқ нәрселерді, аяттар мен хадистерде кездеспейтін ешқан-дай мағынасыз жаттанды сөздерді жаттап алып, дуалық етеді. Бұл күнәларын Алла тағала кешірмесі анық.

Тоқсаныншы жылдардың ортасында ағылшындық сиқыршы, "Түнгі қанат" орденінің иегері Астаф деген Кембридж университетіндегі кездесуінде көрермендерге: "Айнаның көмегімен өзге дүниеге өтемін",-дейді. Сиқыршы Астаф бұл сиқырды шынында да көрсетсе керек. Бұл құпияны американдық физик-оптик өздігінен ашуға кіріседі. Шын бол­са, физик-оптик Рой Черсиді өз лабораториясында өліп жатқан жерінен табады. Бір ғажабы, ғалымның мәйіт-денесі тура екі бөлікке кесіліп, әрқайсысы үлкен айнаның екі жағында жатады. Бірақ, денеден ешқандай қан шықпағаны елді таң қалдырады. Бұл туралы "киевтік Русь ордені сиқыршыларының Ұлы магистрі" Владимир Яремич былай деп түсіндіреді: "Айна көмегімен о дүниеге сапар шегіп, саяхат жасау – ертеден бері қалыптасқан сиқырлық әдіс-айла. Үлкен айнаны ерекше тәсілмен дайындайды. Балауыз шырақтар жағып, дұға оқиды. Бұл жай ғана рәсім емес – ерекше мәні бар жағдай. Осыдан кейін ғана айна арқылы келесі дүниеге өтуге болады. Онда жарық сәулесі түсіп тұрған үзын кеңістікке тап боласыз. Одан жан-жақтан естіліп жатқан сыбыр мен сыбдырға, күрсініс сияқты әр түрлі дыбыстарға көңіл бөлмей жүріп өтуі кажет. Зәреңіз зәр түбіне кетсе де қорқынышты жеңіп, батыл алға жылжи беру керек. Осыдан сон ерекше бір рахат сезімге бөленесіз. Денеңіздің салмағы білінбейді, дем алуыңыз жеңілдеп, тіпті дыбысы естілмейтіндей сезінесіз. Бұдан кейін ақ киім киген адамдар келеді. Олар жақындап келіп бір нәрселерді сұрайды. Бірак, оларға тіс жарып, ешбір жауап бермеу керек. Ең соңында жап-жарық сәулеге бөлен-ген бөлмеге келіп кіресіз. Дәл ортада басын ақ қырау шалған картаң адам отырады. Бұл – нұсқаушы қария. Онымен де сөйлесудің кажеті жоқ. Сізден талап етілетіні – іштен ойша мұнда келу мақсатыңызды хабарлау. Қария сізге есіктің бірін нұсқап көрсетеді. Есікке жақындаған кезде тұтқаны қолмен ұстауға болмайды, сіз есікті аяқпен итеріп ашыңыз. Жарық сол сәтте өшеді де, сіз біздің тіршілігімізге ұқсас баска бір дүниеге тап боласыз. Егер сонау көне дәуір кезеңін білу мақсатымен келсеңіз, дел сол дәуірді көресіз, (өзіңіз ойлаған өткен кезең елесі).

Ал осы өмірге кайта оралу үшін құпия дүғаны білу керек. Оны білу арнаулы адамдарға тән. Ол дұғаны мен де білемін", - дейді В. Яремич сиқыршы.

Сиқыршы В. Яремич бұндай сырды көне қолжазбалардан окығанын, өзінің атасының сиқыршы болғанын, ал атасы болса, ол туған күні қайтыс болғанын айтады. Оған сиқыр үйрететін жазбаларды әжесі бергенін айтады. Қысқасы, атасының сиқырлық "теріс" энергиясы сол ұстаған қолжазба арқылы, немересі Владимирге өткен. Әр адамның ұстаған заты, жазған хаттары, қолжазбалары, аралықтан бағыттаған сөзі, байланыс құралдары арқылы, т.б. әдістермен де энергия берілуі, алмасуы жүзеге асырылатыны ғылымда да дәлелденген. Міне, оның сиқыршы болу себебі. Екіншіден, сиқыршылардың бейіттері айналасында да "лас, кері әсер ету" энергиясы бөлініп жатады. Бұл да тірілер үшін өте қауіпті.

Бұндай адамдардың мәйітінің "лас, кері қуаты" әсерінен сақтану үшін кез-келген қорымға барып, өзіңнің жақыныңның рухына дұға оқырда, қорымға кірмей тұрып қабірстандағы барлық әруақтарға атап дұға окып барып корымға кіріп, өз әруағыңның басына барып дұға оқыған жөн. Егер сізге, сиқыршы, қансорғыш, дуашы, кісі қанын мойнына жүктегендер рухы шабуыл жасай қалса, ондағы "таза" рухтар ана "арам" рухтардан сізді қорғайды. Бұны ұмытпайық!

Сиқыршы Владимир өзінің атасынан қалған жазбалар кайыңның кабығына, теріге ерекше сиқыр тілімен жазылғанын айтады.

Қағаз жоқ кезде иленген тері, ағаш жапырақтары кағаздың қызметін аткарған. Арыстанбаб әулиенің де мөрінің таңбасы сол замандағы илен­ген теріге басылып және кейбір қолжазба таңбалары да бізге жетті.

Әрине, бұл жазбаларды кейін көшіріп, оны зерттеушілер де бар екені рас. Егер біз ертедегі Ведалық ғылымдар саласына үңілсек, сол заманда-ақ сикыр "өнер" дамығаны рас. Буддалық жазу үлгісі шыққан кездегі – Сабон библиясының кейбір сөздері де сиқырлық жазбада болуы ертедегі адамдардың сана-сезімі жоғары болғанын дәлелдейді.

Олар күрделі ұшу аппараттарын ойлап тапқан. Және ойын алысқа жіберіп, саяхат жасаган. Бұның дәлелі – сиқырлы жазбада Ай, Жер т.б. планеталар туралы аз жазылмағандығы. Бұл сол кезде жоғары эволюциялық дәуір болғанын дәлелдейді. Ғалам сырын білген осы күнгі адамзат емес, бұрынғылар болатын. Біз солардан бізге жеткен жазба­лар арқылы дүниенің сырын ашуға мүмкіндік алдық. Бұл әңгіме етіп отырған сипатқа ие діни наным – Сабон библиясының христиан дінінен айырмашылығы сиқыршылар негізін түсіндіруі болмақ. Дегенмен, сол кезде-ақ Сабон библия-сының мүддесіне бұрғаны таңқалдырады. Қай заманда да мұсылман мен кәпір тайталасумен келеді емес пе. Мүмкін сиқыршылар "Сабон библиясы" деп ат қойып, өздері сиқырлық оқуларды құрастырды ма? Әйтеуір бір ашылмаған сыр бары шындық. Сол замандағы рухы таза емес адамдардың мұрасы осы заманғы рухы "зұлымдыққа" айналғандарға жетуі өте қауіпті болмақ. Ал рухы берік, таза, мықты адамдар бұған бара қоймайды да.

Сикыршынын cay адамға әсер-күші 29-суретте көрсетілген. Сиқыршы кері энергетикалық әсермен адамның бойына энергетикалық арқан салып, адамды қылқындыруы мүмкін (30-сурет).

 

                                        pic

                                                   29-сурет.                                      30-сурет.

                                             Сиқыршы күші.                          Сиқыршының матауы.

 


Сиқыршылар кара рухтардың немесе көрінбейтін кері күштердің (пері, жын, шайтан) әсерімен сау адамның рухын байлайды. Қара күштер болса, сиқыршы­ның қатал әсерімен адам организміне еніп алады. Адамды азғындап, өз дегендеріне көндіреді. Бұл 31, 32, 33, 34-суреттерде бейнеленген.


 

                                                             pic

                                                     33-сурет. Қара күштің ой                        34-сурет.

                                                         арқылы бағытталуы.                 Мақсатты орындауға кірісу сәті.

 

Әрине, "Қорыққанға қос көрінеді" дегендей сиқырлықты да ұлттық әдеп-ғұрып "өнері" ретінде зерттеп, әртүрлі сеткалардағы сиқырлық нанымның "құпия ілімін" зерттеу қажет екенін ұмытпаған дұрыс демекпіз. Мұндай сиқырлық "өнері" қазақ даласында да "киевтік си­қыршы" Владимир сияқты талай мықтыларын шығарған. Ол сиқыршылар өзінің мүддесі үшін емес, өз халқын, отанын қорғау жолында сиқырлық қасиетін пайдаланды.

Бүгінде әлемде "сиқыршылар қауымдастықтары" құрылған. Ресей мен Украинада да "сиқыршылар" орталықтары жұмыс істейді. Олар әлемдік сиқыршылар сайысына қатысып келеді. Бұл табиғи сиқыршы­лар туралы (атадан балаға берілген – тұқым қуалаумен) айтылып отыр. Ал бізде аты да аталмайды.

Сиқырланған (дуаланған) адамның жалпы энергетикалық өрісі тұйықталып, сиқыршыға (дуашыға) тәуелді болады. Ол 35-суретте көрсетілгендей, адамды басынан төмен қарай торлап тастайды.

 

                                                           pic

                                                                35-сурет. Адамның толық сикырлануы.

 

"Кәсіби сиқыршылар да" қауіпсіз, олар арнайы орында жұмыс істейтіндер. Әр мемлекеттің қатал бақылауын-дағылар.

Адамзатқа өте қауіпті деп еркін көзге көрінбейтін сикырлығын ешкімге сездірмейтін "Табиғи", "Күнәкар", "Техникалық", "Жасанды" және "Жал-ған" сиқыршыларды атауға болады. Бұлардан ешқашан жақсылық жоқ. Адамды аздыратын да, қырып-жоятын да жеке мен мемлекеттің байлығын есепсіз тонайтындар да, халқы мен отанын сататындар да осылар.

Сондықтан Қасиетті Құран Кәрімде сиқырлықты жат қылыққа пайдаланғандарға кешірім жоқтығын ескертеді. Сиқыршылар кәпірлерден айырмасы болмайды. Ал шайтандардың кәпір болуы олар адамдарға сиқыр үйретті. Шайтанның сиқыр үйреткені аз болғандай Харут пен Марут атты періштелер де Құдайдан қорықпай, өздерін сынау үшін жіберсе де адамдарға ерлі-зайыптыларды ажыратып жіберудің сиқырын үйретті. Бұл істерді дұрыс дей алмаймыз. Осыған байланысты Алла тағала: "Кімде-кім дұрыс жолмен жүрсе, оның пайдасы өзіне. Ал азғындық жасайды екен, оның зардабын да өзі тартады. Біреудің кінәсын екінші біреу көтермейді. Пайғамбар жібермей тұрып, ешкімді жазалаған емеспіз" (Исра сүресі, 15-аят) деген. Сиқыршы деген аты шулы «атаудың» жақсы да жаман да жағына тоқталдық. Алла тағала бәрімізді жаман ниеттіліктен сақтасын. Сиқыр "өнерінің" сырын шешу мен зерттеу ол артықтық  етпейді.

 

 

6.3  СИҚЫРДЫҢ СЫРЛАРЫ  МЕН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ СИҚЫРЛЫҚ АУРУЫ

 

Сиқырлық – бұл белгілі топтағы арам ниетті адамның кері қуатпен адамның ойлау жүйесін тікелей арбаудың ең қауіпті тәсілі.

Сиқыр туралы Қасиетті Құранда да оның ең ауыр күнә екені айтылған. Сиқыршылар тобы қарапайым адамдарды өздерінің торына түсіріп, оларды мәңгілікке мәңгүрт етуде. Бұндай ыңғайсыздықтардың әсері сол – ол балаларын, отбасын және жақындарын да осыған итермелеуде.

Сиқырлық адамның ойлау жүйесінің қызметін нашарлатып, оны басқа бағыттағы ойлау жүйесіне көшіреді. Адам өзін басқару мүмкіндігінен айырылады да, ұстазының айдауына өлгенше көніп, соның ұлықтығын орындап, өз жанұясын да ұмыта бастайды. Сиқыршылар өзіне бағыныштылардың алдында өздерін Құдайдан да жоғары қойып,  оларды өзіне табындырады. «Сиқыр» – ол заттың нақты мәнін өзгерту. Сиқыр жасаушы сиқырды шайтан-дармен одақтаса отырып іске асырады. Бұл туралы Алла тағала: «Сиқыршылар жиналды. «Тастаңдар тастамақшы болғандарыңды!»- деді Мұса оларға. Олар (таяқтарын, жіптерін) тастады. «Сендердің көрсеткендерің – сиқыр. Алла оның бетін алып тастайды»,- деді Мұса» (Жүніс: 80-81)

      Сиқыршылар өз уағында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамба-рымызды да дуалаған. Оны Айша (р.ә) айтқан.

      Сиқыршы жын мен шайтанның басшыларымен одақ құрып, Құдайға қарсы сиқырлық әрекет етеді. Жын мен шайтан сиқыршының дінсіз болғанын қалайды. Сиқыршы неғұрлым шайтан әрекеттерінің ең ауыр түрін жасаған сайын шайтандар оның бұйрығын соғұрлым тез әрі шапшаң орындайды. Бұл олардың одақтастығының негізгі тәсілдері болғандықтан, дуаланған адамдар сиқыршыға бас иіп жүгінеді.

      Сиқыршы жынмен байланысқа кейде жас бала арқылы да шығады. Бала бірнеше әрекеттерден соң жынды көретін болады. Ал сиқыршы өз әмірін жынға осы бала арқылы жеткізеді. Кейде сиқыршы ауру адамның тері сіңген киімінен кесіп алып, аурудың неден болғанын жыннан сұрайды. Егер ол матаны көретін болса – ауруға көз тиген, сығатын болса – дуанланған, егер олар матаның көлемін өзгертпесе – ауру физиологиялық деп қабылдайды.

Періштелер адамның кез келген ауруы туралы әңгімелескенде, жындар оны естиді де, сиқыршыға жеткізеді.

 

А. СИҚЫРДЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

 

Ибн әл-Қайым айтқан :

«Сыйқырды емдеудің екі түрі болады: біріншісі – емдеуші мен сыйқырланған адам қайтадан шайтанға жүгінеді, дуаны бұлайша қайтаруда мағына жоқ. Екіншісі – дұға оқу, Аллаға жалбарыну және басқа да рұқсат етілген тәсілдермен емдеу.»

        1.      Сыйқыршы ауру адамның өз атын және анасының атын сұрайды.

      2.      Аурудың киімінің бір жапырағын сұрайды. Қандай да бір қара түсті жануарды құрбандыққа шалуды ұсынады, өйткені жындар қара түсті ұнатады.

       3.      Түсініксіз бір дұғалар жазады немесе оқиды.

       4.      Ауруға ішкі беті әріптер немесе сандар жазылып тік төрт бұрыштарға бөлінген жамылғы береді.

       5.      Күн сәулесі түспейтін қараңғы бөлмеде қалуды талап етіп етеді, өйткені жындар қараңғылықты ұнатады.

       6.      Бірнеше тәулік бойы (әдетте 40 күн) суға түспеуді бұйырады, бұл дуаға қатысы бар жынның христиан дінін ұстанатындығын білдіреді.

       7.      Әлде бір заттарды беріп, оларды көміп тастауды бұйырады.

       8.      Қағаз беріп, оны жағып, түтінін өз денесіне дарытуды бұйырады.

       9.      Адамның атын, оның тұрақ жайын және ауруының атын атайды.

      10.  Әріптер жазылған бір парақ қағаз беріп, оны ішіне су құйылған ақ қыштан жасалған табаққа салып, одан кейін сол суды ішуді бұйырады.

 

Б. СИҚЫРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

1.      Адамдарды айыру, ажырату мақсатындағы сиқыр – адамдар арасындағы қарым – қатынас сүйіспеншіліктен жек көруге ауысады, сиқырланған адам әлде бір адамның өзін де, ісін де, тіпті отыратын орнын да жақтырмайды. Ол адамды бейне құбыжық сияқты көреді, яғни сиқырға жауапты жын оны солай етіп көрсетеді.

  1. Сиқырдың әсерімен бір адамның екінші адамға ес – түссіз ғашық болуы.

Ол адам шектен тыс ынтық болады, онымен тән жақындығына құмартады, көрмесе тұра алмайды, еркінен  тыс ығына ереді (сиқырдың бұл түрін, әдетте ер адамды өзіне ғашық еткізу үшін әйелдер қолданады).

3.      Көзге елестету – мұндай кезде адам қозғалмайтын заттарды қозғалатын, ал қозғалатындарды қозғалмайтын етіп, ірі заттарды кіші, ал кіші заттарды үлкен етіп көреді, кейде денелер репетсіз бейнеде көрінеді.

4.      Дауыстар естірту – адам қорқынышты түстер көреді, құлағына шайтандар сыбырлайды, достарына күдікпен қарайды. Кейде адам түсінде өзін шақырған дауыс естейді, ояна келгенде ешкімді көрмейді немесе ол жоғарыдан құлап бара жатқандай болады, ия болмаса түсінде оны әлде бір жануарлар қуып жүреді.

5.      Ессіздендіру – адам қатты жаңғалақ, ынтасыз, ұмытшақ болады,сөзіне мән бермейді, жанарын төмен салып жүреді, бір жұмыста немесе бір үйде ұзақ тұра алмайды, бой – басына сағырт қарайды. Өте ауыр жағдайда өзіне - өзі ие бола алмайды және қайда болғанын немесе қайда түнегенін есіне түсіре алмайды.

6.      Торықтыру – адам жалғыздықты қалайды, томаға – тұйықталады, үнемі үнсіз жүреді, адамдармен жақсы қарым – қатынас жасай алмайды, жаңғалақ келеді, есінен жиі айрылады, немқұрайлы болады, жалған сабырлылық танытады, торығады.

7.      Дертке ұшырату – адамның белгілі бір ағзасы үнемі ауырып жүреді, ара – тұра есінен танады, денесінің белгілі бір мүшесі немесе бүкіл денесін тұтас сал тартады, сезім мүшелерінің қызметі бұзылады.

8.      Жатырдан қан кетіру – хайыз мезгілінен кейін жатырдан ұзақ уақыт қан кетеді, ол бірнеше күнге немесе бір айға созылады. Оның көп мөлшерде де, аз мөлшерде де келуі мүмкін.

9.      Некелесуге қарсы – үнемі ойға батып жүреді, дәрі – дәрмек әсер етпейді, кеудесі қысылады, ол түс ауғаннан түн жарымына дейінгі аралықта күшейеді, кейде асқазаны немесе белі ұдайы ауырады. Түнде ұйықтағанда көп аунақшиды. Сиқырдың бұл түрін күйеу жігітпен некелес-тірмеу үшін көбіне қалыңдықтың туыстары қолданады, жын қалыңдықтың денесіне еніп алады да, жігіт оның көзіне сұрықсыз болып көрінеді, сөйтіп қыз оған тұрмысқа шығудан бас тартады. Сондай – ақ, жын күйеу жігітке де тап осылай әсер ете алады.

10.  Еркектік қуаттан айрылу – сиқырдың бұл түрінде жын ер адамның миына еніп алады да жыныстық қызметке кедергі келтіреді. Соның салдарынан әйеліне жақындағысы келген еркек оны атқара алмайды. Егер ол бірнеше әйелге үйленген болса онда еркектік қуаттың болмауы тек солардың біреуімен кездесер кезде ғана білінуі мүмкін.

  1. Әйел ерімен жақындасудан және сүйіспеншіліктен айырылады.

  2. Бедеулікке ұшырату. Бедеулікке еркек те, әйел де ұшырайды.

а) ұрықтандыру үшін еркектің шаһуатындағы ұрық мөлшері қалыпты болуды қажет етеді. Жын еркектің жұмыртқасына әсер етеді, соның салдарынан ұрық мөлшері қажетті деңгейге жетпей қалады. Оған қоса шайтан ұрық тіршілігі үшін қажетті заттарға әсер етеді, егер ол заттар болмаса ұрық өліп қалады.

ә) Жын әйелдің жұмыртқа клеткасын зақымдайды, соның салдарынан ұрықтану жүзеге аспайды. Кейде ұрықтану сәтті өтеді, бірақ жүкті кезеңде жын жатырдың қан тамырларын зақымдап, түсік тастауға мәжбүр етеді. Алланың елшісі айтқан: «Ақиқатында, шайтан Адам ұрпақтарының бойында қанмен ағып жүреді» (Бухари және Муслим).

Сиқырдың әсерінен болатын бедеуліктің физиологиялық бедеуліктен айырмашылығы дуаланған кісінің кеудесінің қысылуы (әсіресе, түс ауғаннан түн ортасына дейін), жаңғалақтық, белінің ауыруы, тыныш ұйықтай алмауы, қорқынышты түстер көруімен сипатталады. Дуа мен көз тиюдің де айырмашылықтары және нақты белгілері бар. Құдіреті күшті Алла былай деген:  «... Ал, олар бұл екеуінен ең әуелі ерлі-зайыптыларды ажырататын сиқырды үйренетін еді. Бірақ онымен де Алланың рұқсатынсыз ешкімге зиян келтіре алмайтын » (Бақара: 102). Сондықтан өзін осы өмірде дінсіздердің қастандығынан, ал алдағы өмірде Алланың жазасынан қорғау үшін адам қателіктері мен күналары үшін Жаратқаннан кешірім сұрап, оған шын көңілімен жалбарынуы тиіс. Құдіреті күшті Алланың былай дегені бар: «Жаратқан, әртүрлі нәрселердің кесірінен, қараңғы түскенде түннің кесірінен, түйіншекке дем салушының кесірінен, күншілдердің қызғанышты кесірінен сақта деп, таң алдында Тәңіріме сыйынамын, пана тілеймін»- де» (Фәлақ: 1-5). Алла өз құлдарының өзінен қорған сұрағанын ұнатады және ол тілектерін қабыл етеді. Ол айтқан: «Пендесіне (сүйеніш болуға) Алланың құдіреті жетпейді деп ойлама. (Кәпірлер) сені Құдайдан басқа тәңірмен қорқытады. Алла адастырған адамды түзу жолға бастаушы табылмайды» (Зумар: 36). Мұсылман сиқыршылардан қорықпауы тиіс, ол-шайтанның қырсығы ғана. «... Шайтан амалдары - әлсіз амал» (Ниса: 76). Алланың ризашылығы мен қамқорлығына оның жолын адал ұстап, намаз оқитындар, ораза ұстайтындар, садақа беретіндер, ізгілікті істер істейтіндер және байлық та, ұлдары да көмек көрсете алмайтындар, Қиямет күнінен қорқатындар ие болады. Кімде-кім Алланы және оның елшісін тыңдамайтын болса, ол жазаға тартылады және шайтанның сыбайласына айналады. Мұндай адам Алланың қамқорлығынан айыры-лып, сиқырдың зардабын тартады. Дегенмен сиқырдың Алланы есіне алуды ұмытқан мұсылманға да әсері болуы мүмкін. Бұдан сақтану үшін әр адам сиқыршылардың зиянынан қорғанудың мынадай жолдарын білуі тиіс:

1. Жын адамның денесіне Алланы есіне алмай қатты  ашуланған, сасқалақтаған, қорыққан немесе өте қуанған кезде кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу Алланы еске алу немесе зікір салу керек. Адамның денесіне кірер кезде Алланы еске алу оларды күйдіретін және осы сәттің олар үшін аса қауіпті екенін жындардың өздері мойындаған.

2. Адам есінеген кезде аузын қолымен жабуы тиіс, өйткені шайтан адам денесіне ауыз арқылы кіріп кетеді.

3. Мұсылманның әр кезде дәретпен жүруі керек, өйткені бойы-басы таза адамды періштелер қорғайды.

4. Мүмкін болса таңертең аш қарынға Мәдинелік кептірілген жеті құрма жеу керек, егер Мәдина құрмасы табылмаса онда басқасын жесе де болады. Пайғамбарымыз (с.ә.с) айтқан: «Кімде-кім таңертең Мәдинаның кептірілген жеті құрмасын жесе, ол адамға ол күні у да, сиқырдан да зиян тигізе алмайды» (Бухари).

5. Міндетті түрде жамағатпен намаз оқуы тиіс, өйткені мұсылмандардың бірлігі оларды шайтаннан қорғайды, ал оны елемеу есінен жаңылу, сиқырлану секілді шайтанның түрлі шырмауына ұшыратады. Әбу ад-Дарда Пайғамбары-мыздың (с.ә.с) мынадай сөздерін келтірген:

«Егер бір ауылдағы немесе қандай да бір жердегі үш адам бірігіп намаз оқымаса, онда оларға міндетті түрде шайтан жабысады. Сендердің бірге болуларың керек (мұсылмандармен), өйткені отардан бөлінген қойды қасқыр жейтіні белгілі» (Әбу Дауд; жақсы хадис)

6. Мұсылман таңғы намазды қаза етпеуге міндетті.

7. Дәретханаға кірерде былай деу керек:

«Бисмиллаһ! Аллаһума инни әғузу бика минәл уәл-хабаис»

«Алланың атымен! Ия, Алла, жексұрын шайтаннан қорға деп өзіңе сыйынамын» (Бухари мен Муслим) Шайтандардың мекені болған осы лас жерге кіргенде, олар адам денесіне кіріп алуға тырысады. Жынның бірі шейх Уахид ибн абд ас-Салам Балиға былай деген: «Алла сіздерге бізді жеңе алатын мықты қару сыйлады, бірақ сіздер оны қолданбайсыздар». Шейх «Ол не?»- деп сұрған. Сонда жын: «Пайғамбардың зікірі» - деп жауап берген.

8. Ұйықтар алдында дәрет алу және Бақара сүресінің 255-аятын, Аятул-курсиді оқу керек, содан кейін көз ұйқыға кеткенге дейін Алланы еске алу ләзім. Сахиқ хадисте жынның Әбу хурайраға былай дегені айтылады:

«Кімде-кім ұйықтар алдында Аятул-курсиді оқыса, оны періште күзетеді және оған таң атқанша шайтан да жолай алмайды!» Мұны Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да мақұлдап былай депті: «Оның өзі суайт бола тұрса да саған шындығын айтыпты» (Бухари)

9. Таңғы намаздан кейін 100 рет мына зікірді айту керек: «Лә илаһа илла-аллһу уағдаһу лә ләһул мулку уа ләһул хамду уа һууа әлә кулли шәй-ин қадир»  «Бір Алладан басқа Тәңір жоқ, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік оның иелігінде және Ол – құдіретті». Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

Кімде-кім таңғы намаздан кейін осы зікірді 100 рет айтатын болса, ол он құлды азат еткенмен тең, оған жүз жақсы амал жазылады және жүз жаман амалы өшіріледі. Ол кеш түскенге дейін шайтаннан қорғалады. Бұл зікірді одан да асырып айтқан« өзге біреу болмаса сол күнгі ең ізгілікті іс істеген сол адам болып табылады», - деген. (Бухари мен Муслим)

10. Мешітке кірер алдында былай деу дұрыс:

«әғузу биллаһил азым уа биуаджһиһили көрим уа султаниһил қадим минаш-шайтани-р-раджим»

«Мен Ұлы Алла Тағалаға, Оның жарқын жүзіне және қарғыс атқыр шайтанға мәңгі жүргізетін үстемдігіне сеніп сыйынамын».

Пайғамбар (с.ғ.с) айтқан:

«Осыны айтқан адам туралы шайтан: «Ол менен күні бойы қорғалады» дейді» (Әбу Дауд; сахиқ хадис)

11. Күн шығар және күн батар алдында былай деу керек: «әғузи бикәлимәти ллаһит таммати мин шарри мә халақ» (3 қайтара) «Жаратылғандардың жаманшылығынан сақта деп Аллаға жалынамын» (Бұл хадисті ат-Тирмизи, Әбу Дауд және Ахмад келтірген). «Бисмиллаһи ләзи лә йадурруһу мә исмиһи шәйун фил арди уа лә фис-сама-и уа һууас сами-уль әлим» (3 рет) «Ол аталған кезде аспанда да, жерде де еш жамандық келмейтін Алланың атын ауызға аламын, Ол – бәрін естуші, бәрін білуші» (3 рет) (Бұл сахиқ хадисті ат-Тирмизи, Әбу Дауд және ибн Маджа келтірген).

12. Үйден шығарда былай деген жөн:

«Бисмиллаһи – тәуәкәлләту улу-ллаһи уа лә хаулә уа лә кууата илә биллаһ!» «Алланың атымен! Мен Алланы медет тұтамын, және Алладан басқа құдірет-күш жоқ!» Сиқыршылар жынмен байланысқа қандай тәсілмен шықса да міндетті түрде үлкен күпірлікке барады және өзін осы дүниеде де, о дүниеде де ауыр азапқа душар етеді. Бізді Алла осындай адасудан сақтасын! Әлемнің әміршісі Аллаға мадақ! Мұхаммед пайғамбарға, оның әулетіне және сахабаларына жарылқау болсын!

 

В. СИҚЫР – БҰЛ СЫНАҚ

Құдіреті күшті Алла Тағала жамандықты да, жақсылықты да жаратқан. Жақсы мен жамандық Алланың белгілегеніндей болатындығына сену әр мұсылман үшін міндет болып табылады. Адамдардың сиқырға ұшырауы да тек Жаратқан Иенің ықтиярымен ғана болады. Құдіреті күшті Алла «Олар Сүлейменнің мүлкі (кітабы) деп, шайтанның азғыруына ерді. Бірақ мұнымен Сүлеймен кәпір болған жоқ, керісінше, адамдарға сиқыр үйрететіні үшін шайтандар кәпір болды. Мұны олар Бабиладағы Һарут, Марут деген екі періштеге келген сиқыр деп уағыздады. Ол екі періште «Біз адамдарға іріткі салып, сынап бағу үшін келгенбіз, бізге қарап кәпір болмаңдар» деп айтпайынша, ештеңе үйретпейтін. Ал олар бұл екеуінен ең әуелі ерлі-зайыптыларды ажырататын сиқырды үйренетін еді. Бірақ онымен де Алланың рұқсатынсыз ешкімге зиян келтіре алмайтын...» (Бақара: 102) Алла құлдарына Өз дінінің заңдарын қатал ұстауды әмір еткен және олардың сенімін қиындық, бақытсыздық, ауру немесе сиқыр арқылы сынайды. Алла былай деген: «Адам басына қандай бір ауырлық түссе, ол Алланың рұқсатымен болады. Кім Аллаға сенсе, ол оның жүрегіне сабыр береді. Алла бәрін біліп тұрады» (Тағабун: 11). Кімде-кім Алланың жазғанына төзімділік пен қайсарлық көрсетсе және оның әміріне бағынса, Алла оны бұл дүниеде де, о дүниеде де жарылқайды.  Құдіреті күшті Алла:

«Кейде бір қорқыныш-үрей төндіру, таршылық жасау, мал-жандарыңа кемшілік келтіру, өнімдеріңді азайту арқылы Біз сендерді сынға аламыз. Осындай тауқымет келген шақта: «Біз Алланың пендесіміз және оның алдына қайтып барамыз» деп, сабыр сақтаушыларды, (Ей, Мұхаммед), сен қуандыр. Алланың рақымы мен ықыласына нағыз лайықты жандар – солар, тура жолдан аумайтындар да солар» (Бақара: 155-157).

Кімде-кім сиқырға ұшыраса, ол өзіне Алланың сынақ жібергеніне және одан құтылу да Алланың қолында екеніне мықты сенімі болуы тиіс. Алланың елшісі айтқан: «Алла аурудыжаратумн бірге оның емін де жаратқан» (Бухари)

 

 

Г. СИҚЫРДЫ СИҚЫР АРҚЫЛЫ ТОҚТАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Сиқырдан емдеудің бір жолы – басқа сиқырмен емдеу. Бұл дінсіздік болып табылады және оған шариғат тыйым салады. Сиқыршы жындар тайпасының сиқыр үшін жауапты басшысын шақырып (жалынып), одан көмек сұрайды, сөйтіп өте күпірлікке барады. Егер Алладан бұйрық болса, өзі жасаған сиқырын өзі түзей алады және жынды да шығара алады. Ал сиқырды басқа біреу жасаған болса, онда жындар сиқырланған адамнан шығудан бас тартуы мүмкін. Дінсіздердің көмегіне сүйеніп, шайтаннан қолдау сұрайтындар ауыр күнәға батады және олар осы дүниеде де, ол дүниеде де Алланың жазасына лайықты. Олар Алланың сынағынан құтылуға тырысып, шайтаннан қорған іздейді.

 

Д. СИҚЫРДАН ЕМДЕУДІҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖОЛЫ

 

Сиқырдан емдеу Құран аяттарынан тұратын рукия, зикр мен дұғаларды оқу арқылы атқарылады. Айша (р.ә) айтқандай, бір әйел оны дұға оқып емдеп жатқанда, оны Алланың елшісі көріп: «Оны Алланың Кітабымен емде»,- деген (шейх әл-албанидің «Силсила әл-Ахадис ас-сахиқ» кітабынан (1931). Пайғамбар нақты бір сүрені немесе бірнеше аятты бөліп атамаған, Алланың Кітабын ауызға алған, ендеше Қасиетті Құран бүкілімен ем деген сөз. Көп ғасырлық тәжірибеден көрінетіндей Құран аяттары арқылы сиқырды жойып, ақылынан адасқандар мен көз тигендерді, сондай-ақ басқа ағзалық ауруларды да емдеуге болады.

Абу Са'ид айтқан: «Біз сапарда жорықта келе жатып бір елді-мекенге тоқтадық. Бізге бір күң әйел келіп: «Ауылымыздың көсемін жылан шағып алды, ал адамдарымыз ауылда жоқ. Сіздердің араларыңында дұға оқитын ешкім жоқ па?» - деп сұрады. Оған бір ер адам еріп кетті, біз оның дұға оқу жөнінен білімінің бар-жоғынан бейхабар едік. Ол дұға оқып, әлгі адам жазылып кетті. Бұдан кейін ол оған отыз қой бергізіп, бізді сүтке тойдырды.

Ер адам қайтып келгенде біз одан: «Сен рұқсет етілген дұғаны оқыдың ба, әлде надандық заманның дұғасын оқыдың ба?»- деп сұрадық. Ол: «Мен тек Құранның анасын ғана оқыдым», - деп жауап берді

Біз: «Қалаға жетіп, Пайғамбардан сұрағанша әзірге ештеңе жасамаңдар», - дедік. Мәдинаға келгеннен кейін болған жайды Пайғамбарға (с.ғ.с) айттық. Ол: «Оның (Фатиха сүресінің) шипа екенін кімнен білдің? Ендеше одан менің де үлесімді беріңдер», - деді (Бухари). Олай болса, сиқырдан Құран аяттарынан тұратын дұғалар, зикрлер және Пайғамбар айтқан дұғалармен және Аллаға серік қосылмаған болса, надандық дәуіріндегі дұғалармен де емдеуге рұқсат етіледі.

 

Е. КӨЗГЕ ЕЛЕСТЕТІН СИҚЫРДАН ЕМДЕУ

Көзге елестету әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Сиқырланған адамға қозғалмайтын заттар қозғалып тұрғандай, ұсақ заттар үлкен немесе керісінше болып елестейді. Кейде дененің табиғи түрінен басқаша кейіпте көрінуі де мүмкін. Сиқырдың мұндай түрін сиқыршылар адамдарды таң қалдырып, осы жолмен ақша табу үшін жасайды. Тауықтың жұмыртқасы шыр айналып тұрғандай, ал екі тас сүзісіп жатқан қой болып көрінген оқиғалар мәлім. Сиқырды жою үшін Алладан жәрдем сұрау, дәрет алып, азан шақыру, Айтул-Курсиді (2:255) оқып, шариғатта белгіленген шайтанды қууға арналған зикрлерді айту қажет. Сиқырдың бұл түрін жонглерлік және қолдың ептілігі өнерімен шатастыруға болмайды.

 

Ж. ӘЛДЕНЕЛЕРДІ ЕСТУ СИҚЫРЫНАН ЕМДЕУ

Сиқырланған адам қорқынышты түстер көреді, құлағына шайтан сыбырлайды, жақындары мен жолдас-жораларына күмәнмен қарайды. Шайтан оған ұйқыда да, өңінде де маза бермейді. Кейде адам түсінде өзін шақырған дауыс естиді, ояна келе ешкімді көрмейді немесе жоғарыдан құлап бара жатқандай, я болмаса түсінде әлдебір жануарлар өзін қуып жүргендей болады. Ауру асқынып, есінен адасуға дейін жетуі, кейде шайтандардың құлаққа сыбырымен ғана шектеліп байқалмай өтуі де мүмкін. Егер дұғамен емдеу кезінде сырқат есінен танбаса, онда оған мынадай кеңес беріледі:

 1. Ұйықтар алдында дәрет алып Аятул-Курсиді (2:255) және       

  Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқу.

2. Одан кейін екі алақанын түйістіріп жайып, Құранның соңғы үш сүресін оқып үшкіру және осы алақандарымен денесінің қолы жететін жерлерін сипалау. Мұны үш рет қайталау.

3. Таңертең Саффат сүресін, ал ұйықтар алдында Духан сүресін оқу. Бұл сүрелердің аудиотаспаға жазылғанын да тыңдауға болады.

4. Бақара сүресін кем дегенде үш күне бір рет оқу немесе тыңдау.

5. Күн шыққанша және күн ұясына кіргенше мына зикрді 7 рет оқу: «һасбийаллаһу лә илаһа илла һууа алейһи тауакаллату уа һууа раббул-, аршил-азим» – «Маған Алла жетеді! Одан басқа Тәңір жоқ, мен Оған сыйынамын және Ол Ұлы Тақтың Иесі!»

6. Ұйықтар алдында мына зикрді айту: «бисмиллаһи уадағту джанби – аллаһуммағфирли зунуби уа ахси шайтани уа фуккриһани уа джағални фин-надиййиль-ағлә» – «Мен Алланың атымен бір бүйіріме жантайдым. О, Алла! Менің күнәларымды кешіре гөр, менен шайтандарды қуа гөр, мені жоғары әлемге бастай гөр!» (хадисті Әбу Дауд келтірген, ал ан-Науауи оны «әл-Әзкар» атты кітабында Сахиқ хадис деп атаған).

     7.      Аудиотаспаға Құранның 41, 48 және 72-сүрелерін жазып, оларды күніне 3 рет тыңдау.    

 

З. НЕКЕЛЕСУГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ

 СИҚЫРДАН ЕМДЕУ

Сиқырдың бұл түрін көбіне некелесуге кедергі жасау үшін қалыңдықтың туыстары қолданады. Жын не әйелге енеді, бұл жағдайда ол өзіне үйленуге ниет еткен ер адамды көрген кезде көкірегі қысылатын болады немесе жын оған ене алмайды да, бірақ ер адамда оған қорқынышты бейнеде көрсетеді және әйел шайтанның сыбырын жиі еститін болады. Мұндай жағдай ер адамның да басына түседі. Мұндайға ұшыраған адам әрдайым ойға батып жүреді, есінен танады, оған дәрілер әсер етпейді, көкірегі қысылып, ол түс ауғаннан түн ортасына дейін созылады, кейде үнемі іші немесе белі ауырады. Түнде дөңбекшиді. Сиқырдан емдеу үшін сырқатқа дұға оқылады. Егер бұл кезде есінен танбаса, онда оның үлкен күнәлардан сақ болғаны, намазды уақытымен оқығаны (бұл әр мұсылманның міндеті), ән мен сазды тыңдамағаны, ұйықтар алдында дәрет алып, Аятул-Курсиді, Құранның соңғы үш сүресін оқып, алақандарына үшкіріп денесін сипағаны (бұны 3 рет қайталау қажет), мүмкіндігінше бір сағат   Аятул-Курси және Құранның соңғы үш сүресі жазылған аудиотаспаны тыңдағаны, таңғы намаздан кейін зикрді тастамағаны жөн. Сондай-ақ дұғаны суға оқып, оны ішуі және үш күнде бір рет осы сумен ғұсылдануы қажет. Осы ережені бір ай сақтаған дұрыс. Егер бір ай ішінде сырқат тәуірленбесе, онда оның жағдайы төмендей бастайды, осы кезде емді қайталап, жынды шығару қажет. Алладан басқа күш те, құдірет те жоқ!

 

И. БЕДЕУЛІККЕ ЖАСАЛҒАН СИҚЫРДАН ЕМДЕУ

 

Жыннан келетін бедеулік әйелде де, еркекте де болады. а) Жын еркектің жұмыртқасына әсер етеді де, аталық ұрықтың мөлшері қажетті деңгейге жетпей қалады. Сондай-ақ шайтан аталық ұрықтар тіршілігі үшін қажетті секреция бездеріне әсер етеді, олар болмаған жағдайда ұрық өледі.

ә) Жын әйелдің жұмыртқа клеткасын зақымдайды, соның салдарынан ұрықтану жүзеге аспайды. Кейде ұрықтану сәтті өткенімен, жүктілік кезінде жын әйел құрсағындағы қан тамырларын зақымдап, оның түсік тастауына әкеліп соқтырады. Алланың елшісі: «Ақиқатында шайтан Адам ұрпағының қанымен бірге айналып жүреді»,- деген (Бухари және Муслим). Сиқырдың әсерінен болған бедеуліктің физиологиялық бедеуліктен айырмашылығы бар. Мұндай бедеулікке көкірегі қысылу, әсіресе оның түс ауғаннан түн ортасына дейін байқалуы, жаңғалақтық, белінің ауруы, мазасыз ұйқы, қорқынышты түстер көру секілді сипаттар тән. Емдеу кезінде мынадай шаралар атқару қажет:

              1.      Аудиотаспаға Құран сүрелерін жазып, оны күніне үш рет тыңдау.

              2.      Таңертең Саффат сүресін оқу немесе тыңдау.

              3.      Ұйықтар алдында Мағарыж сүресін оқу немесе тыңдау.

4.                  Зире (қара тмин) майына Фатиха сүресін, Аятул-Курсиді, Бақара сүресінің соңғы екі аятын, Әл- Ғимран сүресінің соңғы аяттарын және 7 рет Құранның соңғы үш сүресін оқу. Бұл маймен ұйықтар алдында сырқаттың кеудесін, маңдайын және омыртқа бағанасын сылау қажет.

5.                  Осы аяттарды табиғи таза ара балына оқып, күн сайын аш қарынға 1 қасықтан ішу. Бұл ем 3 ай бойы Қасиетті Құранмен емдейтін шынайы құлдарының бірі болуы үшін Алланың заңын қатаң ұстануы тиіс. Өйткені Алла айтқан: «Мүміндерге рақымы, шипасы бар Құранды түсіреміз. Залымдардың шеккен зияны арта түседі.» (Исіра :82). Басқаны емес, нақты сенушілерді бөліп атағаны үшін Аллаға мадақ!

 

К. СИҚЫРДАН ЕМДЕЛУШІНІҢ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Егер сырқат адам Алланың мейрімімен жазылған болса, онда ем жүргізген шейхқа мұндай қабіалет дарытқан Әлемнің Әміршісіне мадақ айтуға тиіс. Адам өзінің Аллаға тәуелді екенін сезініп, оның алдында кішіреюі, тәкәппарлық, менмендік танытпауы керек. Жоғары Мәртебеліміз былай деген: «Егер (бергеніме) шүкірлік етсеңдер, оны тағы да молайтамын, ал егер күпірлік жасасаңдар – тартқызар жазам төтенше қатаң болады!»(Ибраһим :7). Кісінің дұшпандарының қайта сиқырлауы мүмкін екенін есте ұстағаны дұрыс, одан айыққанын өте жақын адамдары ғана білуі керек. Егер адам Ислам жолын ұстамаған болса, онда ол тәубаға келіп, Алланың ақиқат дінін қабылдауы тиіс.Және Алладан адамдар мен шайтанның қастандығынан қорған сұрауы, күнә жасаудан сақ болуы қажет.Алланың бұйырытуымен сауыққандардың мынадай пайдалы кеңестерді есте ұстағандары жөн:

1. Бұл дниеде де, ол дүниеде де Алланың мейіріміне бөлену үшін Оған шын ниетіңмен беріліп жалбарын.

2. Жамағатпен намаз оқуды қалдырма.

3. Ұйықтар алдында дәрет алып, Аятул-Курсиді оқы.

4. Кез-келген істі Алланың атымен баста.

5. Таңғы намаздан кейін мына зикрді 100 рет қайтала:

«Лә илаһа иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикә ләһу ләһул-мулку уа һууа алә кулли шәй-ин қадир». «Алладан басқа Тәңір жоқ, Ол жалғыз және Оның серігі жоқ. Бүкіл билік оған тән және Ол-құдіретті!»

6. Күн сайын Алланың Кітабын араб тілінде оқы, егер арабша оқи алмасаң, онда сауатты мұсылман бауырларыңнан көмек сұра және Қасиетті Құранды оқу ережесін үйрен, бұдан бұл өмірдеде, алдағы өмірде де зор пайда бар.

7. Ақиқи мұсылмандармен жиі кездесіп, шариғат сабақтарына қатысып тұр.

8. Күн шығар кез бен күн батар алдындағы зикірді ұмытпа.

 

 

6.4 ҒАЙЫПТЫҢ ҒАЛАМАТТАРЫ

 

Адамзатқа да, ғылымға да құпиясы әлі ашылмаған ғайып ілімі жөнінде де білген артықтық етпейді. Біздің Ата-бабаларымыз ғайып ілімі сырының кейбір құпиялы әрі пайдалы жақтарын Ислам діні енгенге дейін-ақ меңгерген.

VIII-ғасырда түркі халқының жеріне Ислам діні еніп, насихаттала бастады. Ислам дініне сол кездегі халық бағынатын "шамандық" дінін ығыстыру оңай болмады. Арабтар әскери күшпен жергілікті халықты таптап, көп қырғынға ұшыратқан деген сөз бар. Дегенмен, мұсылмандар тарапынан зорлық-зомбылық болуы мүмкін емес екенін ескерсек, ол әлі де анықтауды қажет ететін үстірт пікір екендігінде дау жоқ.

Құл Қожа Ахмет Иассауидің жетінші атасы Ысқақ баб және оның інісі Әбдіжамил баб әскерлері алғаш түркі елінің қолбасшысы Кутайбенің әскерінен үш рет ойсырай жеңіледі. Бірақ, Кутейбе "арманына жетпей" өледі. Әбдіжамил 32 мың әскермен Қаратауды алуға аттанады. Қатты соғыста түркілер және арабтар әскерлерінен 8 мың адамы қаза болады. Сонда Ысқақ баб: "Қанмен мұсылман ету керек пе еді? Дінді әркім өз еркімен қабылдамас па?", - деп қайғырып жылаған екен дейді-мыс.

Содан Ысқақ баб соғысты тоқтатып: "Біз енді соғыспаймыз, осында қаламыз. Мен Шамда патша болғам, енді осында патша болам", - деп Балажда (қазіргі Баба-ата) хан болады. Хан болған Ысқақ баб Қаратауды жайлаған асқан бай Құмар бабпен танысып, кейін құда болады. Баба Құмар Ислам дінін қабылдап, Ысқақ бабпен сауда-саттықты күшейтеді. Баба Құмардың отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын лақап аты Шашты Әзіз атты баласы Ысқақ баб патшаға оң қол уәзірі болады. Баба түкті Шашты Әзіз өз халқын қырғызбай, өзінің ғажап қасиеті арқылы Құранды колына ұстап өзінің жан-жағын 60 түйе қураймен (шөптің түрі) қоршатып, өрт қойғызады. Қарап тұрғандар бұған қатты кынжылғанымен, от өшіп біткенде қараса Баба түкті Шашты Әзіз күймегенін көреді. Дене-сіндегі бір тал ұзын шашы да, қолындағы Құраны да дін аман, күймепті. Содан бастап жергілікті халык шамандық діннен безіп, Ислам дінін қабылдайды. Қысқасы, біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін қасиетті Баба түкті Шашты Әзіздің ғаламаты арқылы қабылдаған еді. Тірісінде халқына қорған болған ғаламат тіл "өнерінің" шебері Баба түкті Шашты Әзіз еді. Баба түкті Шашты Әзіз қамыс арасында суға шомылып жүрген бір пері қызын ұстап алып үйленеді-мыс. Пері қызы екіқабат болып, баласын Қойкент маңындағы қалың қамысқа тастап кетеді. Баба түкті Шашты Әзіз қамыс арасынан баланы тауып алса ұл екен. Атын Қарақия қояды. Қарақиядан Едіге батыр туады. Едігеден аты аңызға айналған Қырымның қырық батыры тараса керек. Міне ғаламат иесі баба түкті Шашты Әзіз ел қорғаны, басшысы, қарсы жауын бағындырушы, әлемге аты әйгілі батыр-лардың бабасы болып, өмірінде құрметке бөленсе, өлген соң да артындағы ұрпақтарының рухын құрмет ететін бабасына айналды. Баба түкті Шашты Әзіз зиратына барып дұға окып, рухына құрмет еткен кемтарларға, талай мұңлы, перзентке зар пенделерге ғайыптан аян келіп "Тұр, жылама, ұлды не қызды боласың" деп, қазірде Алланың шарапаты тиіп жатыр.

Перінің тілін білген, жын шайтандардың тілін байлаған Баба түкті Шашты Әзіздей ғажайып қасиетті өз елі амандығына арнағанға не жетсін!

Ертеде Бұқара, Самарқанд сияқты ірі қалалардағы діни медреселерде жиырма екі жыл, тіпті одан ұзақ уакыт оқығандар болған екен. Сол кездегі діннің бір саласы бойынша ғайып ілімі оқытса керек. Ілімнің күштілігі сол аспаннан айдаһар, басқа да жан-жануар бейнесін көрсеткен. Құйын болды-рып, боранды қара түнек жаңбыр да жаудырған. Неше түрлі қорқынышты, қайғылы үндер шығарып, екі дүниенің тағдырына байланысты бәрін-бәрін көрсете білген. Машһүр Жүсіпке жолығып, "72" деп, жоқ болған кара шал да осы жерде кездескен.

Дәл осы баяндалған құбылыстарды Самарқанд қаласына тамашалап барғандарға кеште әр түрлі боялған прожектор-лардың жарығын шағылыстыру арқылы аспанда небір көріністерді көрсетіп, қорқынышты музы­ка үнін шығарға-нын үш діни медресе орналасқан "Регистан" алаңында 1978-1979 жылдары жұбайым Түймекүл екеуміз өз көзімізбен көрдік. Ол кезде діни сеніміміз жоқтың касы, бізге ертегі сияқты еді. Мен 1994 жылы тағы да Самарқандқа барып Ақсақ Темір мен Ұлықбек кесенесінде, басқа да зираттарда болып әруақтарға дұға оқыдым. Самарқандтың көк тасын тамашаладым. Кеште мені ертіп апарған Жетісай ауданы (Оңтүстік Қазақстан облысы) Ильич ауылы тұрғыны, киелі қасиетке ие, ірі қызметте болған, кейін ел ағасына айналған, бұған дейін жанұясының бірнеше мүшесімен "Шардара" теңізінде қайықпен он сағаттай толқынға ілініп аман қалған Ибадулла аға екеуміз "Регистан" алаңына бардық. Халық көп. Кеште XIII-XIV ғасырдағы ғайып әлемінің сыр құдіретін көрсетті. Содан бастап мен "ғайып" дегенге ден қойып, өздігімнен іздене бастадым. Сол ізденіс арқасында бүгін "ғайып" жөнінде халқыма осын­дай тақырыптарда сұрау салған ғалым-жазушы және оқырмандарға рахмет. Біздегі барлық киелілер бір ғана "емші" немесе ақша тапқыштардың тілімен айтқанда "кәсіби емшілер" деп аты аталады. Бұл шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өмір сүрген XV-ғасырдан арғы-бергі ата-бабалардың киелі қасиеттерін "тамырын" киғанмен бірдей демеске шараң жоқ.

Қазақтың бақсылары да нағыз ғайып ілімінің көп түрін меңгерген. Тәңір діні заманында бақсылар ерекше қасиетіне карай ел билеу дәрежесіне дейін жеткен. Ал Африка, Амозонка т.б. тоғайлы елді мекендерде ерекше сиқырлы ғаламат иелері – бақсылар үстемдік етеді. Олар ғарышпен еркін байланыска шыға алады-мыс. Бақсы жөнінде бақсы туралы жазылған тарауда кеңірек танысасыздар. Көптеген тараулардың такырыптарында бұл ғажайып құбылыстар туралы түсініктемелер кездесіп отырады. Бұл оқушыны зеріктірмей, оның басқа жүйе бойынша танымын толықтырады деген ойдамыз.

Ғайып өнері әр халықтың өзінің орналасу аймағына, ұлттық құрамына және қоғамдық өркендеу заңына қарай әртүрлі болып келеді. Мәселен, Британия колумбиясының үндістері негізінен балық аулап кана күн көреді екен. Егер балық ауға ілінбесе, үндістер балық бейнесінде тұлып жасап, суға жіберіп артынан дұға оқиды екен.