ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

8

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

Жер бетіндегі әр заманда өмір сүрген халықтардың көне қол жазбалық діни түсініктеріндегі, кішкене ауытқуларға қарамастан, олардың өлгеннен соң да өмір барына сенетіндігі таң калдырады. Соның дәлелі Египет, Вавилон, Үндістан және Греция елдерінің ескі діни уағызында тәннен (денеден) бөлінген жанның (рухтың) мәңгі жасайтынына сенім білдірген. Көбінесе бүкіл адамзатқа тараған көне (Б.э.д.) ілімдер Үндістанда сақталған. Жоғарыдағы елдерде біздің дәуірімізге дейін 4-5 мың жылдар ілгері жазылған кітаптар да бар сияқты. Мысалы: Египеттік "Марқұмдар кітабы", Үнділердің "Ажал кітабы", Тибеттің "Марқұмдар кітабы" т.б. шыгармалар, бұдан да бұрын жазылған Ведалық ("білім"-деген сөз) ғылыми кітаптарда өз уағында бір зерттелген   іліми шындықтың мұрасы шығар..

Адамның "Тағдырлық жұлдызнамасы" ведалық "Веда Астрологияда" жазылған. Үнді жерінде ведалық ілімдер жазылды. Олар таратылып сақталған. Ведалық ілімдер – діни ілім емес. Веда – мәңгілік касиеттің қарым-қатынасын түсіндіріп, құпиясын ашып, адамзатқа ақ жол көрсетеді. Адамның басты қасиеті – бір-біріне қызмет етумен шектелместен, жоғары Жаратушыға қызмет етіп, құлшылық ету болып табылады. Өйткені, Веда ілімі бойынша материалдық және рухани әлем, бізді жаратушының екі түрлі энергиясы екен. Егер біз Жаратқан иемізді (Тәңірді) күнге теңесек, ал оның есепсіз сәулесі – сан жетпейтін тіршілік жандары. Сондықтан да жаратушы тәңірімізден бөлінген жанда, оның бір нәзік ұсақ бөлшегі болмақ. Бұдан шығатын қорытынды, Жаратушы иеміз мәңгілік болғандықтан, оның ұсақ бөлшегі, нұр сәулесі – жан да мәңгілік болмақ.

"Тибеттік мархұмдар кітабында" былай делінген: "адамның ішкі жан дүниесін танып білу ғарышты зерттеп білумен салыстырғанда әлдеқайда маңыздырақ". Адамның ішкі құпиясын зерттеуге өміріміз жетіспейді. Ол таусылмас мұхиттай терең әрі шетсіз де, шексіз де екенін көрсетеді. Адамның жаны ғарышта тазарып, ол ғарыш сотының (Жаратушы иенің) үкімін алған соң, жан (рух) өзінің пейіш және тозақ ғаламшарына орналасады.

Бұл жағдай "Үнділердің қасиетті жазбаларында" нақты түсіндірілді. Тозақ (Тамұқ) дегеніміз – "адамды имандылыққа, адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеп, дұрыс жолға салу" - дейді.

Қысқасы, күнәлі адам (жаны) тәні өзінше нәзік, жұқа басқа тәнге ауысып, көшірмесін жасап, баска азап шегетін тәнге айналып, жазасын тозақта өтейді екен. Бірақ азап шегу мерзімі де өлшеулі болатын сияқты. Өз жазасын бітірген адам, қайтып күнәға батпауға бет бұрады. Осыны ескеріп, мына жалған дүниедегі қысқа ғұмырымызда қажетсіз нәрселерге өмірімізді сарып етпей, рухымызды таза ұстап, о дүние жөнінде де хабардар болу қажеттінің қажеттісі болмақ.

Біздің Жаратушы иеміздің энергиясы материалдық энергияның сыртында жатқандықтан, ол материалдық энергиядан үш есе үлкен екен.

Ғаламшарлар материалдық энергияға орналасқан, саны да көп. Ал жандар болса тіршілік ғаламшарының кез-келгеніне түседі. Жан тіршілік жағдайына қарай өзінің ғаламшарында денеге ие болады. Осы денелер мен сансыз ғаламшарлар Жаратушының энергиясы болып табылады. Бұдан біз тіршілік иесінің мәңгілік жан және жойылып кететін материалдық денеден тұратынын білгендейміз. Тіршілік иесі жоғары Жаратушының материалдық және рухани энергия-сының аралығындағы энергия екеніне көзіміз жеткендей болды. Жан да рухани әлемдегі ғаламшарларда мәңгі өмір сүретінін білдік. Ал кейбір жандар рухани рахатты артық алғысы келіп, Жаратушы алдында ірі кемшіліктер жібере-тіндіктен, Жаратушы ондай жандарды баска материалдық әлемге, кескіңді дене түрінде жібереді екен.

Мысалы: Егер ол жан жер бетінде болса адам денесін, өсімдік, жәндік, аң т.б. тұлғалық дене алуы мүмкін.

Егер материалдық дене мәңгілік рухани әлем ғаламшарынан суға түссе балық, су жәндігі немесе су асты өсімдігі денесін алады-мыс.

Материалдық әлемге түскен жан эволюциясының даму заңына сай, бір денеден екінші денеге ауысып жоғарылай беруге тырысады. Осылай жылжумен даму арқылы, жақсылығы негізінде Жаратушының жарыл-қауымен миллиондаған жылдардан соң, адам денесін алады екен. Мысалы, осы жүйелі кезеңді былай ұғынуға болады. Қасиетті ағаш дегендер болады. Кессе қан немесе сүт сияқты сұйық ағады. Мұндай әрекетке бар-ған адам көп ұзамай өледі немесе ұрпағымен ауыр қасіретке душар болады. Африканың Амазонка өзендері мен ну ормандарында адам жейтін ағаштар да бар. Осы сияқты мысалдардан Жаратушы иеміздің құдіреті күштілігіне бас иіп, мойындамасқа лаж жоқ.

Адам денесіндегі жан өз өмірі мақсатын дұрыс түсініп, таза, адал болса, жан рухани әлемге тез оралады екен. Рухани әлем – мәңгілік әлем. Онда еш нәрсеге мұқтаж емессің. Бәрі рахаттың рахаты. Алла тағала бәріңізге осы рухани әлемнен орын беруге нәсіп етсін. Ал керісінше, кейбір жандар адал жауапкершілікті түсінбегендіктен, ірі зиянкестік қылмыс түріне барып, жауыздықтың иелері болады (адамдар) екен. Ондай денелер өзінің өмір сүру нәтижесіне қарай хайуанат, кейде өсімдік дүниесіне түсіп, осы денелерді алуы мүмкін. Бұлай болғанда жан тағы да эволюцианың даму айналымына түсіп миллиондаған жыл адам денесін алу үшін өмірін өткізеді. Ал арнайы үлкен қылмыс жасаған материалдық дене алғаш тозақ ғаламшарына түсіп, белгілі уақыт аралығында күнәсін өтейді. Сондықтан да тірі пенде жанының қадірін білсе, оның имандылығын арттыруға жаман қылықтардан айырылуға таза ниет болмақ. Халықты дағдарысқа жібермеу, санасын ояту, ғарыштық ілімнің маңызын үйреніп білу – біздің болашағымыздың асыл заты әрі жарық айнасы да.

Жанның мәңгі жасайтыны жөнінде Платон: "Біздің санамыз, өзгеріссіз дамитын ал, рухымыз материалдық нәрсе емес, бірақ солай бола тұрса да, мейлінше нақты нәрсе" деп оны дамыта түсті. Тағы да Платон: "Өлім дегеніміз тірі адамның тәнінен тыс бөлшегінің, яғни жанның мате­риалдық бөлшегінен, яғни тәннен бөлініп шығуы" деп тұжырымдады. Жан дегеніміз – ол pyx. Рух толық өз ғаламшарында тазаланудан өткен соң, жоғарыда айтқандай нәзік әрі жеңіл адам пішінді көшірме дене тұлғасына енеді. Осы тұлға әруақтық дене бейнесі болуы керек. Сондықтан да pyx қиямет-қайымның сотынан өткен соң демеп-жебеуші әруақтармен жолығып, тілдесіп тұрады. Бұндай әруақтармен түс арқылы да тілдесу болып тұратынына көбіміз хабардармыз. Бірақ оның байланыстық жүйе ісі қалай болып жатқаны белгісіз болса, енді ойлансақ біраз құпия шешілгендей болды. Адамзат ғарыштык даму кезеңі заңының жеті сатысынан өтеді. Қазір адамзат оның бесінші сатысынан алтыншы сатысына өтуге дайындалуда. Ал жетінші сатыға жеткен адамзат жаны мәңгілік рухани әлем ғаламшарында өмір сүреді. Бұдан кейін өмірдің шексіз айналуға көшу жүйесі жоғарыда айтқандай қайтадан сатылық әрі кезеңдік эволюциялық дамуы басталады. Бұл заңдылық миллиондаған жылдарды артқа тастап, қайталана бермек. Жоғарыда баяндағандай жан тәннен бөлініп, сұрақ ғаламшарына барып сұралып, тазарғаннан кейін нәзік дене астралды денеге көшеді. Ал астралды дене тағы тазаланып, өте жоғары сатылы монталды пішінді денеге айналады. Міне, осы дамудың эволюциялық заңын жеті сатылық дейді.

Нақтылай келгенде, бірінші - эволюциялық сатыда монталды дүние орналасса, екіншісінде - астралды дене (тазарған), үшіншісіне – мәңгілік жан физикалық тұлғаға ие, төртінші саты – физикалық денені жетілдіреді, бесінші саты – Сана, ақыл-ой даму сатысы, алтыншы саты – онда адамдар ғарыштық қуаттарды еркін меңгеріп, өмір сүрудің жоғары жүйесіне өтеді. Ал жетінші саты – Мәңгілік жанды жетілдіреді. Міне, осылай сатылық қайталаудан, Мәңгілік жанның физикалық денеге айналып келіп тұратынын білеміз. Қысқасы, біз физикалық әлемде өмір сүрудеміз. Ал, астралды әлем күнәні тазарту әлемі немесе тозақ. Монталды әлем – ол ұжымақ (пейіш) немесе күнәдан аппақ болып тазарған астралды дененің монталды денеге айналуы. Жер бетіндегі адал, озық ойлы, саналы, мейірбанды адамдардың рухы (жаны) астралды мен монталды әлемге көп аялдамастан, рухани әлемдегі жаңа білімді жеткізу үшін физикалық әлемге кайтадан жіберіліп отырады.

Көптеген дәлел, шешім, заңдылықтармен катар пікірлерді де салыстыра отырып, жанның бұл дүние мен о дүниедегі тіршіліктің қожасы, оның шешуші иегері екеніне көз жеткізуге ұмтылысымыз халқымыздың көп нәрсені біле, түсіне бермейтін танымына аз да болса көмек болар деген ой жүзеге асса, арманға жеткеніміз  дер едік.

Жанның құдіретін білу, оны таза сақтауға ұмтылу, адамның арының тазалығы болмақ. Халқымыздың "Жаным – арымның садағасы" дегенінің шешімі осылай жүзеге асуға жол көрсеткендей. Сондықтан да енді жанды толық тіршіліктің иесі деу артық болмас.

 

3.2  ӨЛГЕНДЕРДІҢ РУХЫ БАСҚАҒА ҚОНА МА?

 

Жер бетін басып, тірі жүрген соң өмірде, қоғамда және жеке баста, кейде әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға елең етеміз. Өлім мен өмір ортасындағы болатын кейбір құбылыстарды естігенде мына жалған дүниеде де жеке адамдардың денесіндегі жаны басқаға, тіпті басқа құрылықтағы адамдар "Мен пәленше дегенмін, мен анандай жерде туғанмын, жанұям болған, бала-шағам, мал-мүлік, саяжай, көліктерім фабрика-зауытым, байлығым т.б." - деп сәби кезінен-ақ, өздері туралы айтатын болып жүр. Тіпті анасына: "Сен мені туған жоқсың", - деушілер де бар. Осындай жазылған мақалаларды оқыған кейбір емшісымақтар да осы сөздерді қайталап жүргенін білеміз. Алматы облысы, Ұйғыр ауданының тұрғыны Пархат деген алдампаз "Мен анама сенен туған жоқпын, - деп айтатын едім" деп газет тілшісін алдап арбап, өзін "Жер бетіндегі жаратушымын" деп жариялатты ("Түркістан", № 3, 1998 ж.). Шын құдай "Пархат" екен. Ол осыдан елу миллион жыл бұрын Құдайға, пері, жын-шайтандарға жерін алғызып қойыпты-мыс. Ол әйелі Нина екеуі бүкіл адамзатты тозаңнан жаратыпты. Қысқасы, Құдай тірі екен, оның рухы Пархатқа қоныпты-мыс. Пархатқа еліккендердің ішінде атақты қаламгерлер де, жай журналистер де аз болмады. Ұяттан жұрдай болған Пархат өзінің Тәңір деген ешқайда тіркелмеген ұйымын заңсыз жария етіп, талай мықтыларды торына түсірді. Пархат бұл аз дегендей жазғытұрым Алматының бір базасында қасиетті Құранды өртетті. Қой дейтін қожа болмай, оның теріс әрекетін тоқтататын заң орны мен ҚР  Денсаулық сақтау комитеті тарапынан жұмыс жүргізілмеді. Десе де халық әділ бағасын беріп жатты. Өзін "Құдай" санаған Пархаттың өтірігі алысқа бармады. Ол "Жалған Құдай" еді. Бүгінде «Жасанды құдай» ортамызда жоқ. О дуниегеде кеткеніне үш жылдай болды. Егер ол құдай болса  өлмес еді ғой?.

Дегенмен дүние жүзі елдерінің баспасөзі бойдағы жанның ауысатыны жөнінде жазып келеді. Ол біздің елдің де баспа беттерінен анда-санда көрініп қалып жүр. Осы шын ба, әлде өтірік пе, оны ғылым дәлелдей жатар.

Біздің ойымыз осындай құбылыстан оқырманға түсінік беру ғана. Мысалы, "Эхо планеты" атты журналда үнділік Титу есімді ұл бала жайлы мынадай ғажайып оқиға жарияланды. Титу ауырмай-сырқамай, ақыл-есі бүтін күйінде бірде: "Менің есімім Суреш Варма, Аградағы дүкеннің қожасымын, Ума атты әйелім мен екі балам бар болатын" - деп айтып салады. Бұны естіген әке-шешесі тез Аграға жетеді. Шынында баласының айтқанының бәрі дәл келеді. Варма атты саудагердің болғаны, ол басынан оқ тиіп өлгені анықталады. Бір қызығы Титудың басының дәл сол жерінде үлкен мең бар екен. Бұдан кейін бала Титуды Аграғa апарады. Ол бірден сұрамай-ақ, өз үйін тауып "өзінің әйелін" бірден таныған. Ал балаларын өз аттарымен атаған.

Сондай-ақ тағы бір оқиғада он жасар ағылшын қызы бір сағат ішінде испан тілінде сөйлеп кеткен. Өз ана тілін түсінбей, әке-шеше, бауырларын танымастай халге жеткен. Ол бір нәрседен қорқатынын нұсқап айта берген. Ал дәрігерлер қыздың дені сау деп тапқан. Испан тілін білетін тілмаш қызбен сөйлескенде ол есінен танады. Қыз: "Мен Испаниядағы Толедо қаласында өмір сүргем. Менің көршім қызғаныш үстінде маған пышақ сілтеп, содан алған жарақаттан қайтыс болғам", - дейді. Сонымен бұл жас қыз да Толедо көшесіндегі үй-жайын, тіпті қылмыс болған жерді де есіне сақтап қалған. Кейін полиция дерек бойынша тексергенде, бәрі расталады. Полиция болса, осы мекен жайда тұратын қарт ата-ананың елді сұлулығымен таңқалдырған 22 жасар қыздарын біреулер өлтіріп кеткенін, ал ол әлі ашылмағанын айтады. Қарттарға көрші тұратын әйелді тұтқынға алғанда, ол бұрынғы көрші қызға жасаған күнәсін мойындаған. Міне, қызық. Біздің еліміздегі емшілер ішінде де басқа тілде бірден сөйлеп кететіндері бар екені анықталды. 1990 жылдан бастап шымкенттік емші, өнер адамы Урайым Ергешова бірнеше тілде сөйлеп, халыққа емдік сеанстар беруде. Халық Урайымды өте жақсы біледі. Сондай-ақ Урайымның жерлесі Талғат Анарбаев болса, Шымкенттегі нағашысының үйіне қыдырып келіп қайтыс болған дін ілімі бар нағашы апасының Құранын ашысымен-ақ басқа тілде сөйлеп намаз оқып кеткен. Талғат әлі солай. Рухани емдік сеанстар жүргізеді. Бүгінде  Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын көп жылдан бері басқарып, директоры қызметін  аброймен атқаруда.

Осы шымкенттік Омарова Ұмсын болса өзіне қонған қасиетінен тез айырылды. Ал, қызылордалық орта жастағы мейірбике Аралбаева Санайым болса, ұзақ жыл ғарыштық түсініксіз тілдердің торында болып, дәрігерлердің сенімсіздігіне ұшырады. 1992 жылдың 7 маусымында ол белгісіз сөздердің сырын алматылық емші Түймекүл Құлмақанқызының көмегімен біле алды. Санайым бір түсініксіз тілде сөйлей берген. Кейін көріпкел емші Түймекүлмен кездесіп, оның бағы ашылды. Ғарыш кезбелерінің қара торынан құтылып, ақ жолының хабарын ала бастады. Бірде ол маған: «Ибн-Сина ата сізге айт деп жатыр. Менің еңбегімді ұрлауда. Қосымша хабар берем деді баба», деп айтты. Кейін бұны естіген өзінің емшісымақ жерлес жігіті Санайымнан Ибн-Сина хабарын маған бер деп қоқан-лоққы жасапты. Көп ұзамай Санайым да басқа тілде сөйлеу қабілетін жоғалтайын деді. Ал осы Санайымның жиені Достыбаева Мереке деген қыз да (Қызылорда) дәл Санайымдай түсініксіз тілмен хабар ала бастады. Бірақ жас қыз ұстамсыз болды ма, ол да ұстап тұра алмады.

Ең қызық жағдай 1991 жылдың қысында менің үйімде болды. Кезекті емде отырғандар ішінен Жезқазғаннан келген (шет ауданы), бұрын Жезқазғанда шахтада жауапты жұмыс істеген Қасимова Гүлбадан айғайлап  дауыстап алдымен "Аллаһу акпар" деп азан шақырды. Артынан белгісіз бір тілде сөйлеп кетті. Содан бері сол тілде кейде сөйлейді. Қазір Қарағандыда тұрады. Бұндай құбылыстардың торына іліккендердің тізімі болғандықтан оларды бақылаудамыз.

Әлемде талай қызық бар дегендей, бұл құпия қызық па, жол әлде біреудің сорына келген кері құбылыс па, бұл жағы әлі шешілмей тұр.

Сондай-ақ, Ресейде болған бір оқиғада Саша Федоренко атты алты жасар бала туралы былай баяндалады. Сашаның дені сау. Оның айыбы үйінде аз уақытқа да қалудан қорқады.

Алғаш бұның себебі неден екені белгісіз болды. Дәрігерлер Сашаның денсаулығы бір қалыптылығын қуаттайды. Бір қызығы Саша жас кезінде (екі жас) әр түрлі аңдар бейнесін келтіріп, әр түрлі жан-жануар қимылын және даусын дәл салған екен. Қала баласының жан-жануарды көрмесе де оның бейнесін калай келтіргені түсініксіз. Саша үш жасында өзіне таныс емес тоғайға әке-шешесімен барғанда да орман ішіндегі жол бағыттарын өзі айтып отырған. Тағы да бірде Сашаның ыстығы көтерілген. Ол шешесі Натальяға: "Сен менің шешем емессің, ол мүлде басқа адам болатын" - дейді. Онысы дене ыстығының әсері болар дегенмен Саша қалпына келгенде де бұрынғы сөзін қайталай берген. Бұл неліктен? Сашадан неге қорқасың деп сұрағанда, ол мен бұдан бұрын бір рет өртенген болатынмын. Үйіміз өртеніп кеткен болатын. Мен үйдегі шкаф ішінде қалып, үймен бірге жанып кеткем деп жауап берген. Сондай-ақ, Саша өзінің бұрынғы аты да Саша екенін растайды. Дәрігерлер мен парапси-хологтар Сашаның феноменін (ерекше қабілет) түсіндіруге бо-латынын айтады. Адамның миы негізгі ойлау (логикалық) мен түйсіктік (интуитивтік) екі жарты шардан тұратынын білеміз. Ал үлкендерде көбінесе мидың ойлау бөлігі көп жұмыс істейді де, түйсіктік бөлігі ұйықтап немесе жартылай жұмыста болады. Ал жас балаларда керісінше екен. Сондықтан да, кейбір кішкентайлар өткен өмірін тез ойына келтіре алады екен. Баланың өткенді еске сақтауы жоғары болады.

Саша сияқты болмаса да, жәй әр түрлі жастағы адамдарды да өткен өмірінде не болды, кім болды, қайда, қай ұлт, жанұясы т.б. туралы еске түсіртіп олардың әр қайсысына әр түрлі жастағы өмірлерін елестеттіріп, өз тарабымнан да адамдарды тексеріп келем. Бірде, 1993 жылы 11 сәуірде Атырауда мынандай жағдай болды. Көп адамды қатар отырғызып, әр қайсысына әр жылдағы өмірін елестет деп трансқа (ғарыштық байланысқа) шығарып бақыладым. Маған құрбылас бір әйел жылап, тоқтамайды. Оған он жеті жасыңды елестет дегенмін. Жылауын әрең қойғыздым. Транстан кейін сұрасам, «бір терек түбінде мектептегі ғашық жігітім екеуміз құшақтасып тұрмыз. Ол мені жібермейді" - деп тағы жылайды. Бұл оның отыз жылдай бұрынғы өмірі еді. Ал басқалары да әрі түрлі болжамдық жауаптар берді. Осыған байланысты адамның бойындағы жанның біреуге ауысуы және оның бұрынғы өмірі жөнінде бірлі жарым мысалға тоқталып отыру себебіз де бұл құпияның әлі де ғылымда анықталмағандығы. Дегенмен, бір шын-дық осы сырдың тегін табу бәрімізді әуреге салары анық. Мүмкін адамның миы тек қана 8-12 пайызы ғана (биологтардың анықтауы бойынша) жұмыс істеп қалған бөлігі мәңгілікке тыныш жатқаны шын болса сыртқы басқару ортадан белгісіз күш өз энергиясын жіберіп, сол тыныш жатқан ми клеткаларын оятып, ол клеткадағы тканьдарына ағып өтетін қуаттың толқын жиілігін арттырып, бұрынғы істеп түрған клетка тканіндегі толқынды баяулатып немесе уақтылы жұмысын тоқтатуы да мүмкін демеске лажы жоқ.

Енді өзіміздің Алматыдағы мына бір тосын қайғылы жағдайдың аяғы адам таңқаларлық нәрсеге айналғанына тоқталайық.

1988 жылы 22 қыркүйекте алматылык Венера деген оқушы қыз мектептегі дене шынықтыру сабағында кенеттен қайтыс болады. Өлімнің себебі дәрігерлерге де және баскаларға да жұмбақ болып қалады. Бір жылдан кейін, 1989 жылдың наурызында Башқұртстанның Бақалы деген ауылында Венера есімді қыз дүниеге келеді. Бұл мұғалім болып істейтін ерлі-зайыпты Асадуллиндердің төртінші перзенті екен. Венера 6 жасқа толар-толмастан оқшау мінездер танытып, ата-анасына үш ұйықтаса да ойға келмейтін создер айта бастайды. Сонымен, бір күні Венера: "Сендер менің әке-шешем емессіңдер, менің папам мен мамам Алматыда. Пәтеріміз 5 қабат үйдің екінші әлде үшінші қабатында", - дейді. Оған қоса папасының қызыл "Москвичі" барын, ауруханада опе­рация жасалған шешесіне екеуі сонымен барғанын, көрші подъездегі қызды көз алдында машина қағып кеткеніне шейін айтады.

"Менің атым Байрам" деп те айтып жүреді. Мұндай тосын құбылысқа алғаш қорқынышпен қараған анасы, кейін ойланып илана бастайды. Анасы Алматыға "Вечерняя Алма-Ата" газетіне жағдайды айтып, хат жазады. Газет оқиғаны бірден жариялайды. Көп ұзамай қайтыс болған Венераның Алматыдағы әкесі Мұса мен анасы Халида Абдрахманов-тардан хабар алады. Олар "Біздің Венера атты қызымыз болған. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған. Оны еркелетіп Байрам деуші едік" - деп хат жазады. Марқұм қызының шашы қара болғанын да, көрші қызды маши­на қаққанын да жазады. Қысқасы, жас Венераның айтқандары толық расталады. Екі жақ та телефон арқылы сөйлескенде, естерінен танады.

Сәби Венерадан "Алматыдағы мамаңның аты кім?" - дегенде, мамасының сіңлісін айтқан. Себебі, Венераның мамасының сіңлісі баққан екен. Ал апасының атын нақты айта алмағанымен, бірге оқыған жақын қыздың түр-тұлғасын нақ айтқан. 1996 жылы алматылық Абдрахмановтар Башқұртстанға барады. Ер жеткен Венера "папа, мама" деп құшақ жая ұмтылуы аса жанға аянышты құбылыс болады. Венера екінші ата-анасын тапқалы жаны тынышталыпты. Хабарласып тұрады екен. Бұл не? Ғарыштық тылсым күштің әсері ме? Шынымен жан баска денеге ауысты ма? Мүмкін бе? Қасиетті Құранға жүгінсек, күнәсіз сәбилермен атақты ақ ниетті ғалым, дін тағы баска халыққа қажеттілерді тозақ сотында сұраған соң астралды денені әбден сүзгіден өткізіп, тазалап, онда тоқтатпастан бірден жердегі адамның тәніне енуге жібереді екен. Бұндай жағдайлар "Ақ өліммен" қайтыс болғандарда кайталанатын сияқты. Ал, алматылық Венера өлімі "Ақ өлім". Ол – сәби. Жан алатын періште де қателесіп, әлде басқаның орнына Венераның жанын алған да шығар. Әйтеуір, Алланың бір кайырымдылығы болғаны анық. Алланың жоспарынсыз ешқандай іс жүзеге аспайтынын білсек, өмірдегі егіздік деген атаудың да, шындығы ма, кім білсін, о дүниеге қайтқан Венера мен өмірге келген Венераның егіздік ұқсастығы бар ма деген танымдық ой әркімді мазалайтыны тағы ойланарлық.

Өзіміз екі айналып келетін өмірімізді көрмегенмен, оның тіршілікте аян беруі де, Алланың өзінің шын керемет құдірет иесі екенін тағы да дәлелдегені болар демеске шара жоқ.  

 

 

3.3 ӨЛГЕНДЕРДІҢ ӨМІРГЕ ҚАЙТА КЕЛУІ

 

Өлген адам тіріліпті деген шындық пен аңыз аралас, сене қоймайтын қияли әңгімелер бұрын да және қазір де естіліп жүр. Осы бір құпия жөнін-де әркімнің ойланатыны шындық. Дегенмен тіпті осыдан жарты ғасыр бұрын, алдын ала келісіммен өзінің денелерін өлген соң арнайы тоңазытқышқа сақтап, белгілі уақыттарда кайта тірілтуге келіскендер АҚШ-пен басқа дамыған елдерде бар екен. Егер басылымдар хабарына сенсек, сондайдың бірі АҚШ-та "мұз бесігінен" тірілсе керек. Бірақ есі әлі дұрыс емес, өзі өмір сүрген кездегі АҚШ-тың Президен­тін еске алады екен.

Мұхит пен алып теңіз жағаларында мұздардан табылған адамнын 70-80 жылдық уақыттан соң қайта тірілгенін де жазғанында оқығанбыз. Бұл биологиялық заңдылықтың салаларына жатса, ал ауруханаларда клиникалық (19-27 минут аралығы) өлімнен соң өмірге кері қайтқандарды да естідік, баспасөз беттерінен оқыдық. Бұл жүректің жұмысының қысқа мерзімді тоқтауы ма, әлде Алла тағаланың пендесіне о дүниенің не екенін таныту үшін оның жанын пәни дүние планеталарына апарып, өзінің шын құдірет иесі екенін сол ұшқан жаны арқылы таныту ма, бұл әлі шешілмеген құпия.

Жанның рухқа, одан әруаққа (Менталды дене нәзік) айналуы, жан денедегі бөлек тұлға ол шын тіршілік иесі, ол денеден бұрын болған және мәңгі өлмейтін, бір денеден екінші денеге ене алатын қуат көзі екені бұрын да және қазір де болжаммен тұжырым жасалуда.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің "Үш анық" кітабында да жанның өлмей-тінін растайды. Жан энергия көзі болғандықтан, тіршіліктің кілті жанның қолында екені рас. Жан малдың қай мүшесіне  орналасқан екенін болжауда XV ғасырдың ғұлама, қара үзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің "Шипагерлік баян" кітабында шынында жан мида ма, жоқ жүректе ме деп ұмтылыс жасауы шипагердің жан куат көзі, пенделік тұлғаны ұстап тұрушы, біріктірушы, ұстап тұрушы құдірет иесі екенін нақты дәлелдеуінің алғашқы болжамы еді.

Қазақ сахарасында өмір сүрген біздің бұрынғы бабаларымыздың жан (рух, әруақ) жөніндегі ізденісі бізді ойландырады, жаңа ғылыми көзқарасқа жол сілтегендей әсер етеді.

Адамның дене құрылымы молекулалардан, атомнан және атом ядросының протондары мен электрон бөлшектерінен тұратыны мәлім. Сондықтан да болар, тіршіліктің жалғасуы ғарышпен байланысты. Қысқасы жан (рух) дегеніміз нұр сәулесі, оның биоэнергетикалық зарядты электр өрісі бар екеніне күмәндануға болмайды.

Сонда өлдіге толық санап жерленгендер мен жерлеуге жақындағанда, тіпті бұрын өліп, оның өлігін екінші жерге апарғанда тірілгендер де бар екен. Немесе мынаған көңіл белейік. АҚШ-тың Аризон штатында бес жасар баланы автокөлік қағып, ауруханада екі ай ес-түссіз жатады. Дәрігерлер өледі деген Эрнест бала қайта тіріледі. Бала есін жиған соң жағдайды былай баяндайды: "Ұзын-шұлақ үңгір жолда келе жатыр екенмін. Үңгірден шығар жерде ашық аспан көрінді. Айналада шіркеудегі сияқты жағымды музыка әуені. Бір уақытта қайдан шыққанын білмеймін қасыма атам мен әжем келді. Кейін үшеуміз бірге ойнадық. Аспанда тоты құстар ұшып жүрді. Айнала толы қош иісті гүлдер, құлпырып тұр. Бірақ атам мен әжем: "Әке-шешең қатты қайғырып отыр. Сол үшін сен қайтуың керек", - деп менің сонда қалуыма қарсы болды.

Өзі анық танымайтын атасы мен әжесін Эрнест о дүниеде қалай таныды, Алланың құдіретіне шек жоқ деген осы  шығар ісірә?

Грек ғалымы Платон т.б лар  жан жөнінде ірі зерттеу жасап, философиялық тұжырымдар айтқан. Платон өз қол жазбасында, соғыста қаза болған жауынгерлер денесін он күннен соң жинап, жерлеуге туыстарына бергенін айтады. Сонда Кіші Азияның бір мекеніне жеткізілген өлік тіріліп кетті дейді. Он күн қан жоса болған өлік қалай тамақсыз тірілді? Мүмкін, оның денесі жеткізілген Кіші Азия жері, ерекше энергетикалық қуатқа ие қасиетті, киелі жер ме, біздің елде де киелі жерлердің көбін ескерсек, бұл ойланатын жайт сияқты.

Ресейлік дәрігер Виктор Скидинов былай дейді. "Волга автомобиль зауыты (ВАЗ) ауруханасына реанимация бөліміне Терехина деген ке-ліншек түсті. Өлім алдында жатты. Туыстары бір қасиетті су әкелді. Олардың тілегі бойынша медбикелер ауруға бүркіп отырды. Жүрекке жасанды дем алдыру жасалынды. Ауру есін жиды" - дейді. Келіншек есіне келген соң: «Ертеректе бір ғажап жерде ойнақ сап жүр екенмін. Айналамның бәрі шіркеулер, қоңыраудың даңғылы, шоқынған діншіл-дердің әуені», деп өз өңіндегіні көргендей айтады. Жоғарыдағы АҚШ-тағы Эрнест бала мен ресейлік келіншектің дін жөніндегі көргендері ұқсастығы (Шіркеу, коңырау, әуен т.б.) бізді  бір жұмбақтың ашылмаған сыры барын елестетеді.

Сол сияқты елу жастағы Юрий Патаповтың да жүрегі операция кезінде тоқтайды. Ол да өткен өмірін және кино сериядай көргенін айтады. Бұл біз бұрын да болғанымызды және өліп қайта тіріліп, өмірге қайтадан  келетінімізді  сездіретіндей.

Бермуд аралындағы "Атлантика тозағы" атанған үшбұрыш оның үстінен ұшатын ұшақтар және жақындаған кемелер зым-зиян жоғалып кететін жер. Осы жерде бір балық аулау кемесінің шкипері Барни Спунер қазаға ұшырайды. Заңдары бойынша оның өлі денесі суға тасталып "жерленеді". Кенеттен бір ғаламат күш оны тірілтіп, мәйіті 72 сағат суға батпай мұхитта қалқып жүрген. 65 жастағы шалды Бермуд үшбұрышындағы жағаға шығарып тастайды. Сонда шкипер "Мен оның бәрін көрдім. Жоғалған ұшақтар да, кемелер де, тіпті фантомдар да қимылсыз тұр",— дейді. Мен олардан қорықпадым. Өйткені олардың бәрі өлген. Мен өзімнің де өлгенімді сезіндім. Өз денемді көрдім. Менің үстімнен "Матильда" кемесі жүзіп өтті". Спунер "Албасты-лар үшбұрышында" бәрін де көрген. Ол оралған көрпеше ішінен қалай аман шешіліп шықты? Кім оның байлауын шешті? Бұдан ғаламның әлі ашылмаған құпиясының біздер білетідерден де әлде қайда көп екенін біліргендей.

Көріп отырғандай, бұл жұмбақ үшбұрыш жүздеген ұшақ пен кемелер ғана емес, мыңдаған адамдар да қаза болған жер.

Ертеде "Әлемде талай қызық бар" кітабынан, осы Бермуд аралы жөнінде оқығаным есіме түсті. Онда ғалымдар осы тектес бір су асты жалмауызы бар жер Жапонияға жақын арада да барын жазған болатын.

Онда ғалымдар бұндай ұшақ, кеме теңізде болатын психикалық өрістің әсері деп дін жағына жолатпап еді. Бұл жер жұтқыш "Албастылар үшбұрышы" екен ғой. Құдайдың құдіретіне қалай сенбессің.

Британ елінде де өліп қалған адам өлікті жерлер алдында тірілгені жөнінде VIII ғасырда "Ағылшын шіркеуінің және халқының тарихы" кітабында жазылыпты.

Кейбір деректер бойынша табыттағы тірілген өліктер (көмілген) жан таласып, табыт ішін қып-қызыл қан еткен уақыт та болыпты. Осындай жайға орыстың ұлы жазушысы Гогольдің мәйітін уақыт өте ашқанда куә болған. Гоголь өзін бірден жерге жерлемеу және белгілі уақыт күту жөнінде хат қалдырған. Оны тыңдамай қайтыс болысымен бірден  жерлеген. Кейін хат бойынша оны ашып көрсе, табытта мәйіт бүктеліп қалған. Табытта оның тырнағының іздері қалған. Италияның ұлы ақыны Петрарка жерлер алдында "қайта тірілсе", одан кейін 30 жыл өмір сүрген. XVI ғасырда емші Андрей Везали деген қайтыс болған адамның денесін жарып жатқанда тіріліп кетіп, өзі өлім жазасына кесілген. Ал, 1964 жылы Нью-Йорк мәйітханасында өлік денесін ашып жатқанда тіріліп кетіп, патолог-анатом дәрігердің жағасынан ала түскен. Дәрігер тілге келмей өліп кеткен.

Алманиядағы бір бейітте ызалы шу шығады. Бейітті ашқанда табыт ішінен шығуға жанталасқан өліктің ақыры ауа жетпей өлгенін анықтайды.

Кейінгі кезде дамыған елдерде қайтыс болғандарды толық ғылыми тексеруден өткізетін болған. Адам өлсе айна арқылы да анықтауға болады екен. Айнаның беті буланбаса, өлгені дейді. Дегенмен, адамның өліп тірілуін Австралиядағы жартылай жабайы тайпалар да біледі екен. Бұлардың ішінде өлгенді тірілтетін әулиесі бар екен. Бір ғажабы тірілген адам үш күннен артық өмір сүрмейді екен. Олар тамақ ішпейді. Тек суықтықты сезінген. Ал Қытай медицинасы өлген кісіні тірілтуді осыдан бес мың жыл бұрын білген. Қытайлар жүйке нүктелерін тірілту арқылы тірілтіп отырған. Айта берсек, жер шарындағы әр елдің өлгенді тірілтудің өзіндік әдіс тәсілдері болған. Мысалы Гайтиде әкелінген құлдарға у беріп, күштеп өлтіріп жерлеп, одан кейін біраз күн өткен соң жерден қазып алып, қайта тірілткенімен естері дұрыс болмаған.

Америкалық үндістердің бақсылары да, Тибет монахтары да өлгенді тірілтудің көп әдісін білген. Бұндай құбылысты ғылым әлі түсіндірген жоқ. Әйтеуір, бір құдіреттің бізге өзінің каһары мен мейірмандылығын, танытып тұрғаны ғана анық.

                  

 

3.4 ӨЛІП ТІРІЛІП, ҚАЙТА ӨЛГЕНДЕР

 

Өліп, тіріліп, қайта өлгендердің де барына күмән келтіруге болмайды. Философиялық ой тұжырымның шебері Платон (428-348) б.э.д. Афинде тұрғанда өзінің ұстазы Сократтың еңбектері негізінде, өз ойы бойынша 22 философиялық танымдық еңбегін жазып қалдырады. Платон бұ дүние мен о дүние арасындағы адам өмірі өзгерісін дәл тапқан философ, әрі ойшыл да. Платон бізге өмір мен мәңгілік өмір арасында жол салды. Осы Платон ашқан ғылымға кейбір нақты дәлел келтіруге болатындай. 1973 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы ауруханасында ауыр халдегі азамат Уәлихан Ермағамбетовтің бауырына отаға (операция) жасалады. Бірнеше күннен кейін Уәлихан қайтыс болады. Марқұмды аурухананың мәйітханасынан алып шыққанда, туыстары табыттан дыбыс шыққанын аңғарады. Табытты ашса Уәлихан тіріліп, сөйлейді де: "Қорықпаңдар... мен мәңгіге көз жұмғанша әйелдердің жылаған даусын есіттірмеңдер", дейді. Бұдан кейін үш сағаттан соң, марқұм Уәлихан қайта көз жұмады. Өлген адамның жаны шыққанда, белгісіз басқа адамдардың рухымен кездесіп, тілдесіп, кейін уақтылы өмірге қайта оралып, ол жақтан сәлемін жеткізіп, қайта көз жұмады дегенің бір  шындығы бар сияқты.

Қытайда бір қасиетті өсімдік бар екен. Оны қытайлар көбінесе кездейсоқ, күдікпен қайтыс болғандар мен әр түрлі апаттан қайтыс болғандардың өзінен тікелей анықтама алу үшін, өлі денеге укол етіп егетін көрінеді. Адам қандай ауыр жағдайда қайтыс болса да, оның тәніне жан бітіп, сұраққа толықтай болмаса да, жауап беретін сияқты. Бұл қылмысты тез ашуға көмек еткенімен, тірілген адам бір тәуліктен кейін мәңгілік өмірге аттанады екен.

Алматы облысының Еңбекші ауданы, Жанашар мекенінің тұрғыны еңбек ардагері, екінші топтағы мүгедек           Рахым Оспанов зейнеткерлікке шыққан соң, ауыр науқастарға душар болады. Бір күні мен кетіп барамын деп, қырық жыл отасқан жұбайын үш рет дауыстап шақырады. Артынан дәрігерлер қайтыс болды деп шешім береді. Ел жиналып, ертеңінде жұбайы марқұм Рахымның бетін ашса, беті жыбырлап, кенеттен әйелін құшақтай алады. Ел аң-таң. Сонда марқұм Рахым: "Әкем мен шешемді кезіктірдім. Әкем: "Ерте келдің кейін қайт",  деді. Мен немерелерімді қимадым. Бұдан соң қайтыс болған нағашы және құдаларын кездестіріп, әңгімелескенін айтады. Ол шай ішеді. Сыртқа шығады. Бұрын сырқат-танған адамға мүлде ұқсамайды. Рахым түстен кейін төсекке қисайып ұйықтай беріп, ыдыс-аяқ сылдырынан оянып кетедіде,  "Бұл не сылдыр, аманшылық па?", деп ұйықтап кетеді. Сөйтіп Рахым он екі сағаттан соң мәңгілік  о дүниелік болады. Ойлап қарасаң, қорқынышты әрі таңқаларлық. Өзінің әкесі марқұм өзіне айтқандай, шынында да Рахым көретін жарық дүниесінен ерте кетті ме, әлде айта алмай кеткен бір аманатын айтқызуға тілегін қабыл етті ме, өскен жерінің табиғатының таза ауасын да сағынып, бір аймалағысы келді ме ғарыштық, біз білмейтін бір құпия бары рас. Алла тағала Лұхман Хакімге де мың жас сыйлағандай, мұндай марқұм болғандарға қайта өмір сыйлау Құдайдың құдіретімен ғана болды дей аламыз. Ал ғылым өзінің салалары бойынша шешімін бере жатар.

1992 жылы мамыр айында Шымкентте Қауымдастық жұмысымен бір айдай болдым. "Шымкент келбеті" газетіне шыкқан бір мақаланы оқыдым. Мақалада Пернебек деген бір қойшы қайтыс болады. Әрине кездейсоқ-тықтан болса керек. Жерленеді. Пернебек тіріліп кетіпті кебінін киіп, бір матаға оранған жас сәбиді көтеріп алыпты деген алып қашпа сөздер ел арасында тез тарайды. Пернебекті анда-мұнда көрдік, жоламайды, матаға оранған сәбиін тастамай, тауға қарай кетті дегендер де кездеседі. Бір күні тау шатқалымен Пернебекті тірі кезінде газетке жазған журналист атпен келе жатады. Кенет ат құлағын еліртіп, осқырып алға жүрмей кейін шегіншектейді. Журналист тау жақтағы ағаш арасынан, бір адам бейнелі үстіне тулақ жамылған пендені көреді. Бір уакытта бетін байқап қалса, көне танысы сияқты. Иә, әлгі жұрт гуілдетіп жүрген Пернебек сияқты. Арқан тастам жерден журналист дауыстап: «Ей, Пернебек, Пернебек... мен сені газетке жазған журналис-пін, тоқта» - дейді. Әлгі пенде де тоқтап тура қарап тұрып: "Мен де сені танып тұрмын" - дейді. Журналист мән-жайды сұрай бастайды. Пернебек былай дейді: «Мені жерлеген соң, өңі суық, қолдарында қауіпті құралдары бар, ешқандай сөйлеспейтін екі дәу қара мені соттау сотына әкелді. Сұрақ қатал. Сені тыңдамайды. Том-том жазылған жақсылық пен жамандығының осы дүниедегі күнделігі. Сот аяқталды. Маған бар деді. Мені алып келе жатқандар аяқ астынан жоқ болды. Жүріп келем. Жер асты кең дала. Бір уақытта бір жердің беті көтеріліп ашылып, аспан көрінді. Мен кебініме оранып сыртқа шықтым. Жерде жылаған, аққа оранған жас сәби жатыр екен. Оны мен көтеріп алып, бірнеше күн алып жүрдім. Кеше ол баланы ана жерге апарып тастадым. Ол ана жақта әке-шешесінен адасып қалып, сыртқа шығып қалған екен. Мен әке-шешесін білем. Сәбиді әке-шешесі алып кетті» - дейді Пернебек. Журналист: «мына үстіне жапқан тері тулағың не?» - дейді. Пернебек: «бұл теріні мен бір қойшынікінен ұрлап алдым. Жамылып жүрмін», - деп жауап береді. Журналист Пернебекке: «Жүр менімен бірге, не өзің үйіңе бар» дейді. Пернебек: «Бара алмаймын, мен қашып шыққанмын. Мені іздеп жүр. Елге барсам ұстап алып, мені алып кетеді» - дейді. Осы кезде марқұм Пернебек: «Айттым ғой, әне, келе жатыр, сен мені ұстап беретін болдың», деп құлындағы даусы шығып, орманға қарай қашып ғайып болады. Содан кейін не болды, ешкім хабарсыз. Мүмкін марқұм Пернебек тозақ сотының түрмесінен қашты ма, әлде әдейі босатып, о дүниенің әңгір-мәңгүрлері өз құдіретін әруақ арқылы танытқысы келді ме, кім білсін, мұндай құбылыстың біздің елімізде де болып жатқаны бір жағы дұрыс та сияқты. Алла тағаланың кереметін бөгде біреулер арқылы, оларға тәуелді болып білуге талпынғанша, өз ортаңдағы өзгеріске не жетсін!

Бұндай жағдайлар кейде нажағай мен электр тогы соғудан болғанына да куә жандар баршылық. Адамның басы Алланың добы сияқты. Қалай домалатса да өзі біледі. Біз Алланың ғаламдық кереметін білуге талпынайық.


 

 

3.5 ӨЛГЕНДЕРДІ ТІРІЛТЕТІН ДІНДЕР

Өлгендерді тірілтетін дін құдіреті жөнінде алғаш әлем ғалымдары сенімсіздік білдіргенімен, қазір діндердің ғалымдар үшін ғылым ордасы екеніне көздері жеткендей болды. Діннің ұлылық қасиетін алғаш дәлел-дегендер тибеттіктер болды. Өйткені алғашқы адамзатты дұрыс жолға баулуға Жаратушының жерге жіберген діні буддизм діні. Буддизм діні сондықтан да дүние жүзі халқына көп тарады. Христиан және ислам діні де, кейін дамығанына қарамастан, өзінің адамзатты мейірімділікке тартуы мен т.б. жақтарынан өркендеп келеді. Жер әлемдегі халықтардың эволю-циялық дамуы, оларды бір діннен екінші дінге ығыстыруы, осы эволюциялық заңдылықтың негізі. Десе де, алғашқы буддизм діні құдіреті арқылы тибеттіктер ашқан жаңалықтарды білмей тұрып, үнді-қытайдың да, батыстың да және өзіміздің де, ислам әлемі мен христиан әлемінің де, ислам мен христиан діні бойынша ашқан нақты ғаламаттарын білу киынға соғады.

Егер Қасиетті Құран Кәрімнің: "Сендерді біз сол жерден жараттық, сол жерге қайтарамыз, керек болса одан біз сендерді алып та шығарамыз" (Та-һа сүресі, 55 аят) деген тұжырымнан Жаратушы Иеміздің құдіретті күшінің барлығын, оның шексіз әрі өлшеусіз екенін көрсетеді. Он сегіз мың ғаламның иесі де, билеушісі де Алла тағала болғандықтан көкте, жерде және тірі мақұлықтар мен жан-жануарлар, өсімдіктер т.б.  бәрі де Алланың бақылауында өседі, дамиды, құриды, қайта жаралады және өзгеріс сатылары арқылы, алғашқы саналы рухани деңгейіне жетуге ұмтылады. Бұны Құранда: "Ол Жаратушы, білгір" деуі (Иа-син сүресі, 79-81 аят) нағыз шындықтың бұлтартпас шындығы да.

Қай дін болса да (буддизм, христиан, ислам) ол Жаратушы Алланың сөзі. Бұл діндердің құпиясы біз әлі көрмеген, бірақ діни кітапта аты жазылған "Лаухулмахфуз" атты Алланың кітабында жазылыпты (Каф сүресі, 2-4 аяттар). Енді діндер құдіретінің шынында да, өлгенді тірілтетін қасиетіне мән берейік.

Қытайдың "Будда монахы" Ци Чи деген 1989 жылы Тибетке экспедицияға барады. Ол сонда мәңгілік өмірдің құпиясы сақталған ертедегі касиетті манускриптті кездестіреді. Сонымен Ци тозығы жетіп бұзылған Вайраян монастрінен құдіретті күш жөнінде жазылған мақала бар діни дұғалық кітапты табады. Өте көне манускрипт әбден ескірген екен. Оның тозғандығы соншалық, монах қолынан үгітіліп, шашылып кете жаздаған. Ол жазбаларды еппен біріктіріп, сақтап қалады. Қытайға өте сақтықпен жеткізеді. Сөйтіп, Ци бұл құдіретті жазбалар қолда тұрғанда, өлім мен өмірдің оның өз қолында екенін сезеді. Айлар бойы тынымсыз құпияны ашу үшін жүмыс істейді. Сөйтіп Қытайдың таулы ауылында тұратын монах қасиетті дұғаларды оқып, Тибет монастрінде иесіз қалған (уақыт белгісіз) 14 адамды тірілтеді. Бұл қандай керемет дуалық десеңізші? Бұның сыры Алланың "Лау-хулмахфузында" жазылған да шығар, бәрі де Аллаға аян.

Әулие Ци қалай мұндай керемет иесі болды десек, ол ұзақ уақыт қасиетті дұғалықпен танысып, үйреніп, тәжірибеде азды-көпті дәлелдесе керек. Сонымен, ол белді бекем буып, 1990 жылдың көктемінен бастап V (бесінші) ғасыр деген бегісі бар манускрипті пайдаланып, дұға оқуға кіріседі.

Цидің негізгі мақсаты ертеде көрші ауылда өмір сүрген будда священнигін (шырақшысын) тірілту болатын. Оны көрген Хуан деген жур­налист: "Ци мәйіттің қасында тұрып төрт сағаттай дұға окыды да, оның денесін (шырақшының) манускрипте жазылған рецепт бойынша жасалған маймен ысқылады", дейді. Ци дұғасын оқып біткенде өлген адам тіріліп, оның алдында түрегеліп түрды, ол шырақшы казір тірі, дені caп-cay деп қорытындылайды Хуан. Тағы "Цидің адам өмірінің әміршісі екенін, дұғасының күшін мен өз көзіммен кердім", дейді Е. Хунгтин деген ауыл карты.

Ци Хунгтиннің сүйікті қарындасы мен монастрде өкпе ауруынан өлген монахинья Мэйді өмірге қайта оралтады. Ол екеуінің тірілгеніне екі жыл болыпты. Хунгиннің айтуынша денсаулықтары бір қалыпты екен. Әрине, Циге көп адам өзінің әр түрлі сырқаттан өлген жақындарын тірілтіп беруге тілек білдіруі көбейгенімен, оған Ци толық шешімге келе алмайтын көрінеді. Уақыт жетпейтінін халық қайдан есептесін. Дегенмен Ци тек қана алғаш тірілтетін адамның тарихын біліп алады екен. Сондықтан да, «Ци будда дінін мойындайтын, халқына қадірлі адал адамдарды ғана тірілтеді», дейді Хуанг қарт. Циге көне өліктен де, жаңа өлгендерді тірілту жеңіл көрінеді. Десе де, құдайдың бұйрығынсыз өлім мен өмірдің тағдырын жеке адам шешуі қауіпті болмақ. Бұған да ақыл парасаттылығы, білімділік пен ұстамдылық қажеттігін білген артықтық емес.

Мұндай құдіретті кереметтер үнділердің "Ведалар", "Ажал" және тибеттердің "Марқұмдар" кітаптарында бізден 5000 жылдай бұрын және одан да ары ("Ведалар") жазылғанын ескерсек, бұл ғаламаттың шындыққа ұласаты-нына сенгенмен, оның шешімін табу мен тұжырымдауға немесе жалғандығын анықтауға ұзақ уақыт қажеттігі бұлтартпас шындық болмақ.

"Бенинде өлген адамдарды тірілтіп алуға ұмтылыс әлі жалғасуда. Жерде қимылсыз бір адам жатты, мен тексердім. Толық өлгеніне сендім. Осыдан кейін бақсы өз сеансын бастады. Ал отырған жергілікті адамдар өлең айта бастады. Өлең екпіндетіле біртіндеп ырғақпен кетеріле бастады. Өлең жылдам-дығы үдей түсті. Кенет өлген адам колын козғалтып, денесін, кеудесін сипады. Одан кейін бір жамбасқа қарай аунамақ болды. Ал айналасын-дағы шуылдаған адамдар жерді таяқтарымен сабалай бастады. Ол өмірге қайта оралды", дейді американдық дәрігер. Осы Бениндегі өлгенді тірілту мен Қытайдағы тәсілдің айырмашылығы өте көп сияқты. Қытайдың әулие монахы Ци таза дін жолымен адамды тірілтсе, ал бениндік үнділер болса шаманизмдік тәсілді пайдаланған. Шамандық (бақсылық) тәсілдер көбінесе сиқырлық тәсіл арқылы орында-латындықтан, олар көбінесе кері пропорциялы тепе-теңдікте әсер ететін дұғаларды пайдаланады. Бақсылардың керемет иесі болу сыры осында. Бақсылар пері, жын, шайтан, тіпті дию, албасты тағы басқалармен тікелей байланыста болғандықтан, өзінің құпия әрекеттері мен "әсерін" осылардың көмегімен іске асырып, оның басшысын сайлап, біреулерін өлтіруші, екіншісін тірілтуші етіп тағайындап, өз мақсаттарын ел алдында орындайды. Көбіне үнділік, тибеттік т.б. елдерде "Йогі" жаттығулары ұзақ жылдан пайдаланатындықтан, йогамен шұғылданатындар белгілі сағаттарға дейін өліп өз денесінен тысқары жанын шығара алады. Тірі жан жердегі денесін көреді. Ол дем алуын токтатады. Біртіндеп, ритымдық (үзілісті) сатымен иогі адамы өзін-өзі бұрынғы қалпына келтіреді. Бұл ұзақ мезгілдік жаттығу арқылы нәтиже береді. Ал Бениндегі бақсы ойынындағы оның адамдарының өлең ырғағы өлі денені (уақтылы) бұрынғы тіршілігіне келтіретін толқынды электр өрісін туғызады. Қысқасы, біз осы екі құбылыстан діннің таза жағы мен оның сиқырлы дұғаларынан да түсінік алғандай болдық.