ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

11

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

   

   Құдайдың көмегі шығар, атам марқұмның сүйегін дәл тауыпты. Енем тіккен тіз киімі де дәл өзі. Сүйегін алып келді. Мен атамның рухымен байланысып, "Ата, ризасыз ба?" дедім. Сөйтсем, шыр-шыр етіп: "Ойбай, ана менің жанымдағы өліктің аяғының астында, бір бармағым қалды. Соны әкелсін", дегені. Мен жұбайым Әдібасқа айттым. Ол атамның өлі денесінде шынында да аяғының бір бармағы жоғын айтты. Адамдар тағы да бауырластар мүрдесіне барып, атамның рухының аяны бойынша барма-ғын тауып әкелді. Денесі толық мүшелерімен жерленді. Атамның әруағы осылай тынышталды, аға деп күрсіне барып, көңілі босап, сөзін аяқтады.

"Зұлым" рухтармен (әруақтармен) байланысқа шыққан Семей облысы, Аягөз қаласы маңындағы бір әскери бөлімде заңгер болып істейтін, кейін әруақ қысқан К. деген қырықтардағы әйел мен Жамбыл қаласы тұрғыны А. деген отыздан асқан азамат Алматыда (1993-1994 ж.) Елбасы мен Үкімет кеңселеріне барып, біз ғарыштан хабар алдық, кеп қалды, бүйту керек, сөйту керек деп, қабылдау бөлімі бастығының есін шығарып, өздерін Елбасы мен Үкімет басшысына жолықтыруды талап еткен.

Абырой болғанда, біреуін маған жолық деп ойынан қайтарсам, екіншісін де тоқтаттық. Сондықтан әруақтан хабар аламын дегеннің бәрі адал еместігін білген дұрыс.

Өлген адамдардың денесінің биоөрісі жоғалмайды. Ол мәңгі кеңістікте, өзінің амплитудалық жиілігі бойынша өз планетасында толқын болып өмір сүреді. Сондықтан да pyx тірілермен байланысқа шыға алады. Ғалым-дардың анықтауынша, тіпті, ажал келерде дене "сәулелер" шығарады екен. Ол біртіндеп азайып, өшуге жақындағанда өмір өзінің жер бетіндегі қызметін тоқтататын көрінеді. Бірақ дене өзінің физиологиялық қызметін тоқтатпай көп уақыт қызмет істеп, жан-жағына денеден әлдеқандай қуат бөліп шығарып, айналасын "сәулелендіріп" жатады деген болжамда бар.

Сондықтан да адам денесінде әлі ғылым анықтамаған басқа "әріс" тудыратын нұр көздері тетігі болуы мүмкін. Мысалы, 1941 жылы 16 маусымда Самарқанда Ақсақ Темірдің денесін көмген мүрдені ашқанда, аппақ тұмандай шар опа сиякты бұрқырап, шаң болып көтеріліп, алғаш денені көрсетпеген. Белгілі уақыттан соң әлгі ақ опа сияқты тозаң жоғалып, Аксақ Темірдің таза денесі көрінген. Комиссия құрамындағы бір өзбек асханаға барса, екі шал отыр екен. Ол екеуі ана жігітті шақырып алып, бір кітапты ашып: "Ақсақ Темір мүрдесі ашылса дүние жүзілік соғыс басталады", деген. Ол қайтадан кері барып, комиссия құрамындағы Өзбекстан Орталық комитеті хатшысына айтып, екеуі қайтадан шайханаға келсе, әлгі екі шал жоқ дейді. Өзіміз білеміз, 22 маусымда Гитлер Кеңес еліне қарсы Ұлы Отан соғысын ашты. Ана екі шал әлі жұмбақ. Біздің ойымызша оның шешуі біреу ғана. Аксақ Темір мүрдесін қорғап жүрген, о дүниелік рухтардың адамзатпен тікелей байланысқа шығуы шығар. Бұл рухтардың адамға ескерту үшін, Алланың құдіретімен тікелей тілдесуі дейміз.

Ғұлама ғалым, ақын, рухани ұстаз Машһүр Жүсіп Көбейұлы жас кезінде Самарханда діни медреседе оқып жүреді. Бір күні медресе жанында жүрсе, өңі өзгеше қолында аса таяғы бар бір діндар қария кездеседі. Ата Жүсіптің сәлемін алып, сосын таяғын лақтырғандай болып, жүре бере "жетпіс екі" дейді де, жоқ болып кетеді. Зәресі ұшқан Машһүр Жүсіп маған ажал 72 күнде келеді деп ойлағанымен, одан да, 72 айдан да аман өтіп, жетпіс жасты қуып жетіп, аса бере баяғы 72-ден күдік ал­ып, тірі кезінде өз асын өзі беріп, жерлейтін көрін қаздырып, 1930 жылы қайтыс болады. Өлерінің алдында "Денені жер астындағы бөлмеге ашық түрде, төсекке жатқызып қой, денем қырық жыл бұзылмайды", деп аманат етеді. Келер жылы Жүсіп әулие қайтыс болады. Ол жетпіс екіге толған екен. Денесі өзі айтқандай қойылады. Дене бұзылмай жиырма жылға жуық тұрса керек. Өз өсиеті бойынша жыл сайын кебін киімі ауыстырылып тұрған. Бұны да біз тірі пенденің тікелей әруақпен байланысы демекпіз. Егер Машһүр Жүсіп әруақпен тікелей сөйлеспесе, ол өз денесінің 40 жыл шірімесін қайдан білді? Құдай тағала өзі сүйген құлын қалай аламын десе де өзі біледі. Бірақ, әулиенің мүрдесін кейін бұзғандар өлген, жаманшылықтарға душар болған.  Мүрде ел егемендігі кезінде қайта қалпына келтірілді. Әулие рухы елін қорғауда. Мен 1994 жылы маусым айының басында Ташкенттің арғы жағындағы Киров ауданында (Оңтүстік Қазақстан облысы) болып, халықпен кездесу өткіздім. Кезекті қайырымдылық емдік сеансымның соңында рухтар жөнінде әңгіме қозғадым. Сонда жетпістен асқан бір апай тұрып: "Менің күйеуім осы елде осыдан жиырма жыл бұрын, ауданның екінші басшысы еді. Ол Индияға баратын делегаттарды бастап барып, сонда қайтыс болды. Денесі әкелініп жерленді. Сол ағаңның жаны сонда қалды ма деп әлі ойлаймын", деді. "Апай шалыңыздың рухы жаныңызда жүр. Рух денеден бұрын өзі Алла құдіретімен ұшып келеді", дедім. Апай жауабыма онша риза болмағанын сездім. Қабағының жабырқаулығы білініп түр. "Апай, шалыңыздың рухымен сейлесесіз бе?" дедім. Қабағы ашылып: "Ондай құдіретіңіз болса, әрине, жиырма жылғы ішкі қайғым кетер еді", деді. Мен маркұмның аты-жөнін сұрап алып, Алладан көмек сұрап, мазалағаным үшін әруақтардан кешірім сұрап бір толқынды хабар белгісі тез жақындағанда ақырын ғана "Апай, көзіңізді жұмыңыз" дедім. Апай көзін жұ-мысымен, "Әне, әруағыңыз, сөйлесіңіз", дегенім сол екен, апай жұбайы-ның атын атап, сөйлесе бастады. Барлық зарын айтып, ішінара жылап қояды. Залдағы отырғандар тып-тыныш. Байланыс 3-4 минуттай болды. Апай көзін ашты. Шынымен-ақ өзінің жиырма жылғы шерлі арманы орындалып, санасы оянғанын айтты. Мен "Сіз маған емес, Аллаға рахмет айтыңыз", дедім. Бұл жиырма жыл бұрын "ақ өліммен" шейт болған адам рухының артында жиырма жыл зарлап күткен жұбайымен кездесіп, о дүниемен бұ дүниедегі екі қауымның өкілінің тілдесуі еді. Бұл да әруақпен сөйлесудің шындығы мен мәңгілік өмірдің барлығын дәлелдеу болмақ.

Адамзаттың денесінде әлі ғылымға белгісіз әлде бір "өріс" бары және оның өзегінде әлгі адамның биологиялық, психологиялық, сондай-ақ тұқым қуалаушылық туралы ақпаратты мәліметтер бары бұрыннан рас.

Мұны ғылыми жолмен анықтағанда науқас адамның ішкі ағзаларында сәулеленіп шығатын "өрістің" бары да анық болған. Өлген адамның энергетикалық-ақпараттық өрісі қай уақытта бәсеңсіп және қашан мүлде өшіп қалатынын да анықтаған. Өлген адамдардың денелеріндегі "өріс" жоғалмайды. Мысалы, қартайып, өз ажалынан өлгендердің "сигналы" ал-ғашқы 48 сағат аралығында біртіндеп бәсеңсіп, одан кейін қалыпқа түседі, бірақ жоғалып кетпейді екен. Ал бақытсыз жағдайда қайтыс болғандардың "сигналы" сағат сайын, тіпті алғашқы жиырма сағатта мүлдем жоғарылап, одан кейін қайтадан төмендеп, біртіндеп бір қалыпқа келеді. Және кісі қолынан қаза тапқан, азапталған, өзін-өзі өлтірген т.б.-лардың мәйіттері-нен шығатын "сәуле" өлгеннен кейінгі бес күн ішінде өте тұрақсыз бола-ды. Ол "сәулелер" бәсеңдікке ұмтылғанымен, арпалысқа ұқсай береді дейді ғалымдар. Ғылым қайтқандарды осылай анықтап, өлімнің құпия сы-рын ашпақ. Әруақпен сөйлескенде де хабар бірден үзіліп, жоғалып барып т.б. түлғада келуі де осы ғылыми тұжырымның дұрыстығын көрсетеді. Тағы да әруақпен байланыска шыққандағы мына құбылысқа не дейміз? 1994 жылы шілде айында Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы әкімі Серік Тілеубаевтің шақыруымен Ұлытауға бардым. Жанымда жұбайым Түйме-күл мен Қарағанды облыстық қауымдастық филиалы директоры, емші Майра Тіленбекова және ұлытаулық емші Аяшев Бақберген болды. Аудан өкімі Серік Тілеубаев мырза күндіз аудан шаруашылығын арала-тып, халықпен кездестіру ұйымдастырды. Кеш бола аудан орталығы Ұлы-тауға ораламын. Хабарландыру бойынша жергілікті халық пен емделуші-лер кезекті емдік-насихаттық сеансты күтіп, мәдениет үйіне жиналады. Бір жетілік сапар аяқталып, қайтар уақыт таяп келеді. Тағы бір емдік-насихаттық сеанс. Сұрақтар көптеп койылды. Қайтуға аз уақыт калғанда залда отырған, бұрын вертолет апатынан жарымжан боп қалған орта жастағы әйел қолын көтеріп: "Осында сізге дейін бір емші әйел" (Өзі әзірбайжаннан, ұлты қазақ) казақтар әруақпен сөйлесе алмайды деді, осы шын ба?" дегені. Мен: "Жоқ, қазақтар әруақтармен өте сапалы байланысқа шығады", дедім. Әйел оныңыз шын болса, сіз қазір дәлелдеңізші деді. Аз ойланып тұрып: "Әруақтарды мазалау да күнә, дедім, сонда да, мына үні жүзден артық халыққа жай сөзбен ғана жауап беруге болмас. Талабыңызды орындап, қазақтың киелі ұрпақтары басқаларды о дүниелік рухтармен қалай сөйлестіріп, байланысқа шығаратынын көрсетейін",- дедім. Зал іші тым-тырыс. Барлық отырған адамдардың көзі маған қадалып қалған. Алладан рұқсат, әруақтардан кешірім сұрап, өзімнің жан дүниемді сыртқы рухтар-мен байланысқа қостым да, енді көздеріңізді жұмыңыздар дедім. "Міне, келді әруақтарыңыз, олар сіздерге кім болады, өздері айтады, тек сабыр сақтаңыздар, міне, сіздерді әруақты ата-баба т.б. рухымен қостым" дедім. Зал іші тым-тырыс. Арада екі минут уақыт өтпестен, зал ішіндегілер ара-сынан "Я, әруақ", "Ата, апа", "Папа" т.б. жаңғырық шығарған дауыстар көбейе бастады. Отыздан артық адам өзінің о дүниелік ата-баба т.б. рухымен сөйлесті. Әр түрлі сөздер айтып, бірі жылап, екіншісі кешірім сұрап, ал үшіншісі "Папа, кетпеші" деп жатыр. Сондағы бір "Кетпеші, папа, кетпеші" деген жасы он-он екілердегі қыз баланың дауысы әлі құлағымнан кетпейді. Неткен аянышты еді?! Залдағылардың көзі не-бары 4-5 минут қана жұмылғандағы құбылыс еді бұл. Содан бері бес жылға жуық уақыт өтті. Ана жас бала қыз бен кәрі ананың (кировтік) зарлы үндері сол қалпында құлағыма келіп тұрғандай әлі сезінемін. Апайдың марқұм отағасының жиырма жылдан кейінгі рухымен байланысы және ұлытаулық қыздың қайтқанына екі жылға жетпеген папасы рухы да сағынып, мен арқылы арттағы ұрпағымен байланысқа шығуға асықты ма, бұл жағы бір Аллаға аян. Әрине, сондағы әруақтармен байланысқа шыққандардың кейбіреуінің өздерінің баяндауынша, өмірі көрмегендері де бар. Кейде аралас рухтар да келуі мүмкін. Ал алдаушы рухтар барын ескерген де дұрыс. Емші таза, адал болғанмен, әруақпен байланысқа шығушы дайын болмаса ұтылуы да шындық. Дін де "жан", "әруақ", "рух" барын дәлелдесе, ғылым да қуаттап, оны толық дәлелдеуге ұмтылуда. Өйткені, біз Кеңістік-Уақыт-Материя шеңберінде өмір сүрудеміз. Әлі бұлар тылсым дүниенің таңға-жайып құбылыстарын түсіндіруге толық қабілетті емес. Көп ізденіспен діннің, ғылымның және табиғат пен жеке адамның өзіндік құпиясын үйрену ғана түпкілікті әөтиже беруі мүмкін. Ешкі сияқты ербеңдеген, екі иықтарын селкілдетіп, көздерін алартып, ақ матасына тірідей оранған "емшісымақ" алдампаздардың "әруағым күшті, аталар айтып тұр, сені әруағыңмен сөйлестірем", деген жалған сауатсыз алдампаздығының сыры да ашылды. Діннен, ғылымнан, тылсым күш құпиясынан хабарсыз, өздері сауатсыздардың халықтың басын қатырғаны-на талай жылдар болса да, азаяр емес. Бұндай сауатсыздарды "қара ниетті рухтар" күші, пері, жын және шайтандар басқарып жүргенін енді білген дұрыс болмақ. "Аруағым емдейді, әне келіп түр", дегендерді мойындау дұрыс емес. Әруақпен ойнауға, оларды ренжітуге болмайды. Барлығы да бір Алланың рахымымен өзі жіберген дертіне өзі шипасын тигізеді. Адам емшілік атағы болғанымен, шын мәнінде ем жасау кезінде өзінің құдіретті күштердің бұйрығын орындаушы құрал ғана екенін біле бермейді. Спиритизм әдісі кез келген адамның қолынан келе бермейді. Біз, мыңнан аса әруақпен сөйлесем деушілерді көп жыл қадағалағанда нақты мәліметке қол жет-кіздік. Нағыз әруақпен байланысқа шығушы тек қана осы бір салада жетіс-тікке жетуі мүмкін. Әлемдік әруақпен байланыс жасаушылар қосымша емдік, көріпкелдік т.б. нәрселерден өзін қорғайды әрі аулақ ұстайды. Ал Қазақстандағы киелілердің көбі бәрін мен білемін деуіне таңқаласың. Бұл олардың білімінің таяздығы. Кейде әруақтардың даусын естіп, оның айтқа-нын қағазға жазып алатындар да, әруақтың әсерімен әр түрлі сызбалы бейнелер сызатындар да баршылық. Дегенмен, осы келіп түскен сөз бен сурет және сызбалардың спиритизм арқылы келгені шын болғанымен, көп ақпараттың теріс бағытта екенін де білу қажет. Бұл жөнінде көптеген "емшісымақтар" өздерінің жазбалары мен сызбаларын әкеліп бергенде, көзбе-көз анықталды. Олар "қара күш" иелерінің қақпанынан құтылғанына бүгінде куанады тәубесіне келіп, өздерінің қылықтарына ұялуда. Ал ары таза еместер "қара күш" иелерінің торында шырмалып қалуда. Бүгіндері мен әруақпен сөйлестім, мені "әулие" де, "қасиетті", тіпті "Алланың елшісімін" деушілердің, ол аз десеңіз өзін "құдаймын" т.б. дегендердің үні өшіп бара жатқаны, адамзатқа қашанда көмек ететін "Ақ күштердің" әсер ету салмағының артуынан болмақ. Бұл шындық күші.

Спиритизмнің тағы бір байланысы, кейбір адамдардың дене сезімі арқылы жақын және алыстағы кайғылы, апат және қуанышты жағдайды көре де, сезе де білуі. Кейде мұндай жағдайларды айна арқылы көре ала-тын қасиеттілер де болған. Десе де, бірден мұндай жайды хабарламай, ойланып, өңдеп, салыстырып барып халыққа жеткізген жөн. Қайғылы жағдайда қайтыс болғандардың әруағы келіп, белгілі бір адамдарға қайда, қалай өлді, денесі қайда жатыр, тіпті белгісі мен кім өлтіргеніне дейін хабар бере алады. Сөйтіп, өлі пенденің рухы мен тірі пенде арасын жалғастырып, байланысын қабылдатып тұратын антенналық тетіктің сырын білуге ұмтылу ғарыштық сананың жетілуіне байланысты болмақ.

 

                                                                   pic

 

 

IV ТАРАУ

 

ҒАРЫШТЫҚ БЕЙМӘЛІМ ҚОНАҚТАР

 

 

 

4.1 БЕЙМӘЛІМ ҰШҚЫШ ТӘРЕЛКЕЛЕР

 

Бүгінгі күні бүкіл әлемді жарты ғасырдан аса таңғалдырып, әлі шеші-мін таптырмай келе жатқан аспан кеңістігінің еркесі – беймәлім тәрелке-лер мен әр түрлі көріністегі белгісіз бейнелер жұмбақ түрінде таңғалды-рып келеді. Десе де, осы жұмбақ ұшқыш тәрелкенің бірі 1947 жылы алғаш рет АҚШ-тың оңтүстік батысындағы шөл-баябанның Росвелл деген жерін-де апатқа ұшырады. Американың уфологиялық ұйымы бұны қырық жыл жасырын зерттеп, ешқандай нәтиже шығара алмаған. Алғашқы ғарыш кемесінің үнін естіген Мак Бранцель объектінің апатқа ұшырағанын көр-ген соң, АҚШ-тың сол маңдағы Росвелл әскери авиабазасына хабарлайды. Аспан әлемі түнімен күркіреп, арты дауылды жаңбырға айналғаны бір басқа, бір нәрсенің жерге қатты ұрылып құлағанын Мак Бранцель анық көреді. Мак Бранцельдің хабарына байланысты авиабазаның әскери адам-дары құпия кеме құлаған жерге келеді. Бірнеше жүз метр жерге шашылған құпия кеме сынықтарын әскери адамдар түк қалдырмай жинап, ұшаққа тиеп, Дайтон маңындағы Огайо штаты Вригт Фильд деген жабық әскери базаға жібереді. 1947 жылы 8-шілдеде осы құпия авиаполктің командирі Вильям Бланхард баспасөз өкілдеріне "құпия ұшқыштар" жөнінде хабарла-ма жасағанымен, неге екені белгісіз, арада бірнеше сағат өтісімен осы жарылыс болған жерден 700 шақырым алыстағы авиациялык бригада ко-мандирі генерал Роджер Ромейдің бюросы бұл жаңалықты жоққа шыға-рып, "миға қонбайтын есуастық" деп әлемге жария салды. Бұлай ету себебі бірінші хабарлаушы Вильям Бланхард та, оны жоққа шығарған генерал Р.Ромэй де саналы, байсалды офицерлер еді. Мәнін әлі ашып болмаған "құпия ұшқышты" бірден жаһанға хабарлау, бүкіл әлем алдында АҚШ үшін ұят та еді. Бұдан кейін құпия әскери базада "құпия ұшқыштар" тексеріле бастады. Оны ұзақ жыл тексерген подполковник Жозе Марсель 1979 жылы "...ол мүлде әуе шарына ұқсамайтынын, отқа да жанбайтынын, өзі жеп-жеңіл, сигареттерді құтылайтын жұқа фольгадан калың еместігін, иілмейтінін, тесілмейтінін", хабарлайды. Сонымен, "құпия ұшқыштар" жөнінде АҚШ алғаш 1987 жылы Мәскеуге, Кеңес Одағы басшысы М.С.Горбачевке мәлімдейді. Бұдан кейін бүкіл әлемде бұл "құпия ұшқыш" жөнінде қатты дүрбелең басталды. Әр ел әртүрлі сенімдегі көзқараспен қарады. Әлі де солай. Дегенмен, АҚШ-тың құпия сырын жас кезінен зерттеген, аға лейтенанттан генерал шеніне дейін жеткен, генерал Томас де Босе өлер алдында шындықты айтып салды. Бұдан кейін де сынаққа қатыскан бірнеше офицерлер таза шындықты ашты. Тіпті, "құпия ұшқыш кеме" жарылғанда оның сыныктарымен бірге, аралас жатқан кішкентай адамдардың мәйітін де жинағандарын жасырмайды.

Оларды құпия әскери госпитальға әкеліп, мәйіттерді жерлеуге даярлағанда қолқаны кабатын сұмдық бір сасық иіс шыққандығын, дене мүшеле-рінің таңғажайыптығын соны мәйіттеуге дайындаған медбике Глени Денис деген таныс офицеріне айтады. Бұдан кейін де ұшқыш аппа­рат құлаған маңнан алыс емес жерден сынық қалдығымен бірге бейтаныс бейнелер қаңқалары табылады. Көргендер мұны жария етуге қорықты. Алғашқы көрген әрі хабаршы Мак Бранцельді де бір апта түрмеге жауып, ол мәңгі-лік айтпауға қолхат беріп әрең құтылады. Өте жылдам ұшатын ұшқыш аппараттар 1991 жылы Бельгияның әуе кеңістігінде көрінеді. Бұл жағдайды елдің қорғаныс министрі қатаң бақылауға бұйрық берді.

Сонда АҚШ-та алғаш көрінген ұшқыш аппараттардың жер шарының басқа елінде қырық жылдан кейін ғана кешігіп көрінуі калай? Мүмкін, басқа планетаның кемелері апатқа ұшыраған соң, оның кем кетігін жөн-деуге соншама жыл кетті ме? Әйтеуір, бір құпия бары рас.

БҰТ-тың енді бір түрін 1989 жылы 7 мамырда Оңтүстік Африканың әскери әуе күштерінің жауынгерлері Калахари шөлінің үстінен ұшып бара жатқанда лазер зеңбірегімен атып түсіреді. Күміс түсті шар тәрізді корабль тереңдігі 12 метр, аумағы 150 метрлік жерді ойып тастайды.

Бұл белгісіз объектінің айналасындағы құм мен топырақ қатты күйіп, балқып кеткен. Айналасында күшті радиация пайда болғаны байқалған. Кейін беймәлім аспан кемесін арнайы базаға алып келіп, кемені алғашқы тексергенде, оның ішінен бойлары 1,22 және 1,37 метр келетін екі жат пла-неталықтың сұлбасы шығады. Адамның қолдан жасаган қаңқасына ұқсас бұл бейнелер көргендерді таң-тамаша қалдырғаны бесенеден белгілі.

Бұл белгісіз объектінің бейнесін арнайы әскери бақылау орнының бақылаушы радиолокациялық орталығы экраннан көрген. Оның жылдам-дығы сағатына 10.630 шақырымдай болады. Алғаш 13 сағ. 45 минөтте көрсе, 13 сағ. 59 минөтте арнайы әскерилер бұйрық бойынша атып түсіреді. Жерге атылып түсірілген жат планеталықтардың бұл кемесінің (кораблінің) ұзындығы 18,2 метр, биіктігі 8,64 метр, салмағы 50000 килограмм екен.

Осы корабльден мәйіті табылған ергежейлі екі жалтыр-бастың тегін анықталғаны-анықталмағаны жөнінде әлі мәлімет жоқ. Ал бұл екеуіне укол салатын инені денелеріне тигізгенде, медбикенің қолын қағып жіберсе керек. Бүгінде құпия мақұлықтар мен корабльдің тағдыры бүкіл әлем халқын таң калдыруда. Бұл құпияны американдықтар канша жасырып ұстары белгісіз болғанымен, аспан әлемі кеңіс-тігіндегі бұл алып корабль де, басқа беймәлім тірлік иелері де адамзатты бей-жай қалдырмасы анық.

Жалпы НЛО (БҰТ) атанғандар жөнінде баспа беттерінде аз жазылмады. Теледидар да БҰТ-ға үлкен мән беріп келеді. Бұл әлемдік құпия объектіге айналуда. Кейінгі кезде әркімге әр түрлі көріністе көрінетін беймәлім бейнелерден (БҰТ) жүкті болып, некесіз бала туатындар да көбейе түсуде. Бұндай жағдайды әйелдердің бірі сезсе, екіншісі сезбейді екен. Бұл қалай? Шындыққа жанаса ма?

Американың бір штатының халқының тең жартысы басқа планеталық деп есептелсе, олармен құда болған жергілік-тілер будандасып кеткенге ұқсайды.

Әлдебір жазбаларға сенсек, өзімізбен бірге жүргендердің ішінде де жат планеталықтар бар дейді. Бұған сенесіз бе? Бір ғажабы, ғарыштың келімсектерімен әр түрлі байланыста болғандардың бәрі жер бетінің карапайым ғана тұрғындары. Оған күмән жоқ. Кейбір шет елдің мамандары "Таурат-қа" сүйеніп, Мәриям Исаны (ғ.с) некесіз туғандай болды деп тұжырымдайды. Бүгінде адамзат әйелдерді жасанды ұрықтандыру әдісімен нәрестелі болып жатқанын біледі. Ал мына "ғарыштық" перзенттер қалай пайда болды? Ойланайық. Бір нәрсеге таң қалу жақсы, бірак, түпкі мәнін ойланғанды да ұмытпайық.

Жазылған мына жәйтке мән берейікші. Мари мен Майкл атты ерлі-зайыптылар өз автокөліктерімен үйлеріне келе жатады. Кенет олар алдарынан қуатты жарықты көріп, құлақтарына ысқырық секілді шу естіледі. Екеуіне бұл құбылыс бірер секундтық болғанымен, шынында бір сағаттан аса уақыт өтсе керек. Үйлеріне келген соң Мари құрсағының төменгі жағынан үшбұрыш кескінді бітіп кеткен тыртық ізін байқайды. Арнайы медициналык анықтау оның екіқабат екенін айтады. Ерлі-зайыптылар аң-таң қалады. Бір уақытта ол екеуі жолдағы көріністі еске түсіреді. Болған жайды гипноздік транс көмегімен анықтайды. Гипнозда жатқан Мари өзі мен ері ғарыштық кемеге әкелініп, шешіндіріліп, меди­циналық зерттеу жүргізілгенін айтады. Ал ері болса бұрын уайымдаған ісігінің жок болып кеткенін көреді. Бұны дәрігерлер де растаса керек. Майкл: "Бізді ғарыш кемесінде медициналық тексеріс жасаған екеу еді. Бірі жағымды, сүп-сүйкімді жан да, екіншісі робот тәрізді, ұсқынсыз бейне", депті.

Әлгілермен ерлі-зайыптының өзара байланысы телепатия-лық қарым-қатынас арқылы болыпты. Кейін Мари босанады. Баласының даусы нәзік болғанымен, бір сағаттан соң-ақ "мама" дегенін медбике естиді. Психологтардың байқауындағы әлгі бала бір жасында жеті жасар баланың сөздік корын игерген. Қазір ата-анасы сырт көзден қорқып, сәбиін жасырып, ұстайтын көрінеді.

Непал уфология ғылымында белгісіз объектілер жиі қонатын маңызды аудан деп есептелінеді. Доктор Ва Сингх бастаған экспедицияда белгісіз ұшқыш объектілер (БҰТ) жөнінде мәлімет жинауға осында барады. Көрші ауылда туғанына алты ай болған ақ нәсілді сәби, кішкентайлығына қарамай, сирек жылап, үлкендерше аяғын нық басып жүріп, жұртқа түсініксіз сөздерді айтатынын көреді. Бұны көрген доктор Ва Сингх балаға медициналық тексеру жүргізеді. Бір қызығы, баланың сыртқы мүшесінен кемістік таппайды. Ал рентген баланың ішкі құрылысында дәстүрлі дене мүшелерінің мүлде жоқтығын көрсетеді. Өкпе, жүрек, т.б. ағзалар мен бездердің орнын оның кеуде тұсында жинақталған ауқымды түйнекті түзіліс алмастырып тұрғандай көрінеді. Баланың анасы себепсіз екіқабат болған соң елден қуылған. Әйел өзіне әдеміше бір жігіт келіп жүретінін, ол жігіт келгенде не болып, не коятынын білмейтінін, ал мына нәрестені сол жігіттен көтерген тәрізденетінін айтады.

Міне, бұл сияқты жағдайды баяндайтын көп мысалдар бары да рас. Мәселе қайсысы шын, қайсысы өтірік екендігінде. Осыны дәлелдеуге тырысайық.

Біреулер БҰТ-дың "емшілік" қасиетке де ие екенін айтады. Бұл жөнінде Сочи қаласының тұрғыны Н.Кримос өзінің аяғына ыстық су төгіліп қатты күйгенін, бұл оқиға 1989 жылдың жазында болғанын айтады. "Қатты күйіктен әлсіреп ұйықтап кетіп, көзімді ашсам, аспан алай-дүлей, менің теледидарымның жанында үстеріне төгілдіріп киген жарқыраған плащта-ры бар еркек пен әйел тұр. Көздері өте үлкен, бастарына кішкене корапша киген, одан жоғары үш сым шығып тұр. Мұрындарының ұшында жалты-раған екі шарик бар екен. Денелерінен жарық шашырап тұр. Есімнен танып қалыппын. Бір уақытта еркегі әйеліне мынаның жарасын алып таста деді (телепатиялық байланыс арқылы сезеді). Ертемен тұрып, аяғымның орауын шешіп қарасам, әлгі күйік жара жок. Телевизорым болса бір ай көрсетпеген еді" дейді. Міне, құдірет! Бұған сенесіз бе?

Өз басымнан өткен осындай бір ғана жағдайды айтайын. 1994 жылы қыркүйек айында жұбайым Түймекүл екеуміз Бурабайда демалдық. Менің оң бүйрегім аяқ астынан ice бастады. Біраз қиналғаным да рас. Бір күні түнде бір нәрсе денемді сызып жатқандай болды. Ертемен тұрсам, бірнеше күн ауырған бүйрек жеңіл тартыпты.

Бүйректен бауырға жақын екі аралықта кәдімгі тілініп жазыла бастаған жара сияқты, ұзындығы екі-үш сантиметрдей қызарған, терінің үстіңгі қабаты жиырылып, қарақотырланған жараға айналыпты. Бүйректің ауруы тиылды. Екі күн өткен соң маған аян беріп, ғарыштык құдыретті күш иелері суық тиген жерге операция жасалғанын айтты.

Кейде БҰТ-лар тікелей тілдесуге де шығады. Әрине, оның бәрі алғаш телепатиялық ұғымдық байланыста болады. Өте түсініксіз тілде код арқылы байланысқа да шығады. Кейде сызбалы белгілер, жазулар арқылы да өздерінің ойын сізге ұқтыра алатын да кез болады. Мысалы, Армения-ның Шуша каласы маңында беймәлім ұшқышқа тап болған әйел әлгімен алғаш орысша, одан кейін армянша сөйлескенін жазды.

Алматы облысы, Шеңгелді ауылы тұрғыны Базарбаев Аманжол 1993 жылы маған күндіз де, түнде де бір беймәлімдер белгілі қашықтықтан сөйлесетінін, денелерінен өте жоғары температурада ыстық бөлетінін, олар өзін ұдайы мазалайтынын хабарлады. Аманжолға беймәлім объекті-лер айтқан сөздердің мәтіні де қазір сақтаулы. Бірақ, бұл ұзаққа бармады.

Бұндай алған хабар, сызба бейне, сурет және емдік әдістердің де солар арқылы берілген рецептері баршылық.

Бұл қазірше құпия дүние. Көп зерттеулерді талап етері анық.

Көл үстінде, өзен бетінде, ауыл маңында, тау ішінде т.б. орындарда қараңғы түнде жап-жарық болып нұр сәуле шашылатыны туралы аз жазылмады. Мұндай кездерде өрт шыққан жерлер де бар екен.

Осындай прожектордың жарығындай өте күшті жарық даланы емес, бүкіл қонақ үйдің ішін түнгі сағат үштер шамасында жарқыратып жібер-геннің куәсі болдым. Бұл 1991 жылдың 8 желтоқсаны болатын. Сол кездегі Целиноград қаласына (қазіргі Астана) халыққа арнайы емдік қайырым-дылық сеанс өткізуге барғанмын. Жанымда қызым Гүлзат, көмекшілерім Болат Сәдуақасов пен Тимур болды. Он үш жасар ұлым Аршат та тамашалауға бірге барған. Біз сол кездегі "Москва" қонақ үйіне тоқтадық, ал сеанс темір жол мекемесі мәдениет үйінде өтеді деп хабарлады. Қар қалың. Көше тазаланбайды. Қонақ үй орталықтан алыс. Қатынас та жоқтың қасы. Бұл істің маған қарсы әдейі істелгенін сездім. Қатты ызаланып, "Бөгенбай баба, еліңе өзіңнің әруағыңды сыйлап келдім, құдіретіңді көрсет", деп тіледім. Қонақ үйге қарсы тұрған "Жобалау институты" үлкен залын берді. (Қазіргі Парламент пен Мәжіліс ғимараты). Насихат та мандымады. Бір Аллаға жалынып, көмек сұрадым. Сол күні түнгі сағат үштен өте қонақ үйде жатқандар аспаннан түсіп, бүкіл қонақ үйдің терезесін бірнеше рет нұрландырған жарықтың әсерден шошып оянды. Даладағы алаң жап-жарық. Бес минуттай уақытқа созылған жарық аяқ астынан аспанға көтері-леді де, жоқ болды. Далада да, қонақ үйде де бір тыныштық орнағандай болды. Жанымдағы балам Аршат "Папа, бөлмеде бір адамдар қаптап кетті" деді. Мен: "Тыныш, корықпа" дедім. Ізінше телефон арқылы көрші бөлмедегі Болат әл-Баба Әл-Өлмерек те, Аршаттың айтқанын қайталады. Ертеңінде Гүлзат та қатты қорықтым деді. Қонақ үйдегілер түндегі неткен "про­жектор" жарығы деуде. Жауап қатқан жоқпыз. Мен көмекшілеріме: "Ол Алланың бізге жіберген нұры әруақтардың нұры, іс алға басады", дедім. Қысқасы, халық өте көп жиналып, қазақтың емшілік қасиетін жүз ұлттың өкілі тұратын бұрынғы "Тың" қаласындағыларға танытып әрі мойындатуға көмекті мен осылай, беймәлім бейнелі толқынды жарық күшімен алып едім.

Заманымыз өзгеріп, қоғамдық даму жүйесі басқа бағытка бет алған сайын тіршіліктің жаңаша жаңалықтарына жаным жақын болуда. Осы бір бөтен планеталардың беймәлім қонақтарының біреулері бойлары 2-3 метрлік алыптар да, ал кейбіреуінің бойы 1,2-1,3 метрден аспайды екен. Олардың сырт тұлғасы құдды адамның қолдан жасаған қаңқасындай. Басында шаш жоқ не селдірлеу. Миы туралы дерек жоқ. Жіңішке, ұзын қолын төмен түсіргенде тізесіне жетеді. Қолдарында төрт-ақ саусақ, араларында теріге ұқсас жарғағы бар. Жыныс мүшесі жок. Қаны бар, бірақ біздің қанымыздай емес. Терісі сұр. Орташа салмағы 18 килограмнан аспайды екен.

Бұндайлардың 30-дан астамын Американың Райт Петтерсон авиабазасында мұздатып қойса керек. Бұлар тез құбылмалы, әр түрлі реңге тез ене алады. Олар көбінесе көрінбейтін белгісіз аппараттар арқылы сәуле шығарып, адамдарды естен тандырып, әр түрлі тәжірибе жасайды. Басқа жаққа алып та кетеді. Жоғары ғарыштық сананың жүйелі бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін бөгделер, жер бетінен көп мәлімет жинайды. Сіздің жаныңызда тұрып-ақ өзінің жоспарын орындап, аккумуляторын зарядтайды. Жер бетіндегі ғылыми жұмыстарын жалғастыра береді.

Осындай ішкі жағы рейкалармен әдемілеп әшекейленіп қапталған, алдыңғы жағы 17-20 метрдей, артқы жағы 13-15 метрдей, ұзындығы 30-33 метрдей, биіктігі 9-11 метрдей алып корабльдің ішінде 1994 жылы наурыз айының ортасында аспан кеңістігінде бұлт арасында жүзіп жүрдім. Түнде ұйықтап жатқанымда мені бір күш оятты. Үйімнің іші. Ұйықтайтын үлкен бөлме төбесінде алып корабль қалқып тұр. Айқын көріп жатырмын. Корабль алғаш бір қою қара бұлт ішінен шыға алмай, бір уақытта ақырын жылжып, әрең қозғалып ашық аспанға шықты. Маған бір телепатиялық әсермен "Кәне, корабльге отырмайсың ба?" - деген үн естілді. Корабльден басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Аң-таңмын, мына алып корабль ayданы 36 шаршы метр бөлмеге қалай сыйып тұр деп ойлап жатқанымда, қалай корабль ішіне кіргенімді сезбей қалдым. Бір уақытта аспан кеңіс-тігінде бұлттарды аралай, қалқып жүзіп бара жатқанымды сездім. Кәдімгі жер бетін аспан кораблінен көріп келем. Кім корабльді басқарғаны анық көрінбегенімен, олар бетін маған көрсетпей, ары қарап тұрғанын байқадым. Бір уақытта "енді үйіңе апарамыз, сен корабльдің осыған ұқсас формасын (бейнесін) жер бетінен көресің", - деді. Мен селк етіп маужырап барып, кайтадан көзімді ашқанымда таң ағарып атып келеді екен. Жалпы мен аянды түнде бір күштің оятуынан анық күндізгідей көре бастағалы ондаған жыл өтті. Бақылап, естеліктік күнделік жазып келемін. 1994 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы орталығы Асада арнайы әкімшіліктің шақыруымен болдым. Түркістандағы емшілердің Құрылтайын өткізіп, олар еліне қайтқан соң, аудандық ішкі істер майоры Мейрамбек Нұрәліұлы мені осында алып келді. Жанымда емшілер – жұбайым Түймекүл Құлмаханқызы, жамбылдық Гүлнәр Шертиева мен Сәуле Батырбекова болды. Біз Мейрамбектің әкесі, Отан соғысы мен еңбек ардагері Нұрәлі ағаның үйінде тұрдық.

Емді аудандық мәдениет үйінің үлкен залында өткіздім. Халық көп. Жамбыл облыстық теледидарының қызмет-керлері келіп, сұхбаттық рухани емді түсіріп алды. Арада бес жылға жуық уақыт өтсе де, бұл бейнефильм халыққа әлі көрсетілуде. Халық өте риза болған-ды. Аудандық газет біз жөнінде хабарлап жазып жатты.

Халық қуанышты, айтқаныңа риза әрі еміңнің дауасына қуанып жатқанда, мен неге қуанбаймын. Сол елдің ұлы әруақты бабалары әруағына арнап, Баукеңнің (Бауыржан Момышұлы) атын мақтан етіп, рухына құрмет етіп дұғада оқып тұрдым.

Астапыр Алла! Күндіз сағат 12-ден өте мен кезекті жалпы сауықтыру емінде тұрған едім. Неге екенін, бүгін мына керегесі әдемі жіңішке рейка-мен қапталған залға қарап көп ойланып тұрып, дәл осындай залда қашан болдым деп ойлана бастадым. Есіме түссеші шіркін. Аң-таңмын. Тағы да ойландым. Мазам кетті. Ойымды басқаға бөлсем де қайтадан көзімді бір нәрсе торлап, сол залдың керегесі мен төбесіне қарата береді. Әбден қысылдым. Ем сеансы жүріп жатыр. Емге келгендердің көздері жұмулы. Әркім өзімен өзі. Кенет: "Ей, Зиядан! Сен мына залды ұмыттың ба? Бұл сенің көктемде аспанға ұшқан корабліңнің көшірме макеті", - деген үн естілді. Жай оғы келіп тигендей болып, денем от болып кетті.

Бұл әлі шешімі жоқ құпия екені рас. Сол елдің ата-бабасының рухының тілегі бойынша ма, жоқ өзімнің бір Алла білетін тағдырлық жолда-мам бойынша ма, алдын ала қай жерде халықпен кездесіп, сауықтыру емін өткізуім керектігін көрсеткендей сезім қалдырды.

Хабаршы мен бақылаушы көрінбейтін белгісіз бейнелер жанымызда жүргеніне күмән келтірмейік, ағайын!

Жыл сайын басқа планетадан келетін шақырылмаған қонақтар көбеюде. Бұл Қазақстанның кез-келген жерлерінде және қалалар маңдарында жылт етіп көрініп, қайтадан көрінбей жоқ болып кетіп жатқаны жөнінде көптеген авторлар, әсіресе, "Жас Алаш" газетінің "Мыңнан бір мезет" қосымшасына жазып келеді. Біз ол беймәлім "қонақтардың" негізгі мақсаттарынан түсінік те беріп өттік. Солай болса да, осы беймәлім БҰТ-ларды аспан кеңістігінде көргендер мен байқағандардың пікірін тыңдасақ артық болмайтындай. Басқа планеталардан келгендерді зерттеу жұмыстары жүр-гізілгелі ол қонақтар есік-терезе жабық болса да үйге еркін кіре беретінін анықтаған. Олар үшін аспанның да, жердің де қақпасы мен үйдің керегелері де бір құдірет күші әсерінен ашылып әрі жабыла береді.

Басқа планеталардан келетіндер адамдармен жақсы, яғни адам ойы арқылы ма, жоқ жердегі адамның сөзі арқылы ма, түсініскенімен, өзара жер адамдарына түсініксіз белгімен нұсқап немесе санға ұқсас бірлік таңбаларымен ымдасады екен. Бұл олардың кодтық таңбасы сияқты. Немесе бүкіл қасиетті Құранның бір аятын үш, төрт немесе бес қана сан-мен белгілеп, сөйлесетін өте құпиялы АБДЖ (Әбжад)-тың сандық белгі-сіне сәйкес келетіндей. Кей жерлерде "қонақтардың" дыбысы тіпті магни-тофонға да жазылып алынғаны бар. Ал мен өзім мұндай дыбысты 1990 жылы мамыр айында былай жазып алдым. Жарық "сигнал". Үн: Ха, ха, ха... Қатты тоқыл. Ысқырғандай үн. Тағы ха, ха, ха… … код, код, код... үн Илан! Ан!, Илан! Ихау, уасип! Отта! Ина таратама! Рабина сайкуна!.. Маха! Раби, раби якун Альфараби... Илан! илан! илан! Тима, Илан, илан, илал! Раби! Бұдан соң түсініксіз сөздер. Қазақша 4, 4, 7, 9, 4, 7, 9..! Хима! 4, 7, 9... Иә, мұндай сандық код белгісі өлшемнен келетін, сол өлшемнің планетасының кодтық саны ма дейсің? Илан, Маха, Тима, Ихау орындау-шы мен бақылаушы "конақтардың" аттары сияқты. Раби – ол Аллаға сыйынуы болуы мүмкін. Ал Альфараби деуі мүмкін жалпы жерге жіберіл-ген хабардың ғарыштық авторы ма, жоқ есептеу моделі ме, кім білсін, ұлы ғұлама Әл-Фараби бабаның траекториялык есебі бойынша келді ме, бұл жағы бір Аллаға аян. Біз өмірі бөгделердің осындай құпиялы жағдайлар туралы жазылған мақалаларына таңғалсақ, енді Жаратушымыз өзімізге де аян беріп, арада көп жыл өткізіп әбден тексерген соң, бойға қуат беріп жазғызып жатыр, құрметті оқырман! Өз ана тілімізде, өзіміздің де ға-жайыптарымызды қосып жеткізгеніне тәубе.

Ғарыштық планетаның тоғызға бөлінген өлшем бірлігі бар. Бірінші –аналық, екінші – аталық. Біз үшінші өлшемде өмір сүреміз. Ай болса –төртінші өлшем, Меркурий – 5, Шолпан – 6, Марс – 7, Юпитер – 8 және Күн – 9. Ана жоғарыдағы 4, 7, 9 деген сандар осы өлшемдік планеталардан келетін Илан, Маха, Тима, және Ихау әр планеталық өлшеммен келетін беймәлім "қонақтардың" аттары сияқты. Бұдан бәріміз де бір бақылаушы-ның қарамағында өмір сүрудеміз, сіздің бас бостандығыңыз сыртқы және ішкі беймәлім күштердің бақылауында десек, артық айтқандық болмас.

Бізге 3, 2, 1 өлшемді де білген дұрыс. 3-ші өлшем – ол жер ана, 2-ші өлшем – ақжаулықты ана және 1-ші өлшем – ол ардақты әке. Қысқасы бұл тоғыз өлшем 360 градустық шеңбер бойымен, мәңгілік бір-бірін айналу жүйесі бойынша қайталанып отырады. Жер бетіндегі АҚШ, Франция, Англия, Жапония, Ресей т.б. алып мемлекеттер көп жылдан бері қанша жүздеген миллион доллар жұмсап, бірнеше жабық түрдегі орындарда бақылап, күніне неше түрлі ырғақты дыбыстарды, қатар әртүрлі көріністі беймәлім бейнелі "қонақтар" мен корабльдерді есепке алуда. Суретке түсіріп, болжамдар жасағанымен, әлі бір ымыралық шешімге келе алмауда. Бұл жағы белгісіз құпия? Ал Қазақ елінде бұл құбылысты тексеруге мән берілді дегенмен, нақты нәтижесін халық әлі білмейді.

Қанша қобалжып, ойлан, мейлі болжа, я болмаса елдің жазғандарын көшіріп алып, талдап, таңқал, әйтеуір жер бетінде біз білмес бір үлкен цивилизациявың микродаму жүйесі жүріп жатқанын кейбір мемлекеттің ғарыштық құпиясын зерттейтін ғалымдары қуаттайды. Мәселен, Құрама Штаттарда шамамен 64 миллион американдықтың қанында ғарыштан келгендердің қаны бар екен. Бұған қалай қарайсыз? Ғарыш "қонақтарын" 1947 жылдан тексерген АҚШ-тың мамандарына сенеміз бе, сенбейміз бе? Ал біздің генетика ғалымдары не дер екен? Американдық генетик ғалым Альфред Корнблюм: "Біздің ұлы мемлекетіміздің көшелерінде жүрген әрбір төртінші адам бойында басқа планеталардан келгендердің қаны бар", – депті.

Ол былай дейді: "Малғұндар Монгалис деген ғарыш планетасынан келгендер. Олар біздің планетамызды жаулап алды. Жердегі адамдармен араласып, бірте-бірте біздің адамдық генефонымызды өзінің генімен улай-ды. Олардың көбісі Америкаға орнығып алған". Шын ба, әлде өтірік пе?

Ғалым осы дәлелімен бір саяси жеңістің шығынсыз таза жолын АҚШ-қа әпермек ойы бар ма дейсің? "Малғұндар жылдар бойы күш көрсету арқылы біздің планетамызды жаулап алғысы келеді. Олар мыңдаған рет ұшақтарга шабуыл жасады. Кейін сиретті. Олар бізді өздеріне ұқсатқысы келеді. Олар біздің тілімізде сөйлейді. Біздің эмоциямызды жасағысы келеді. Малғұндар бізге мүлде ұқсас емес. Олар сезімсіз. Ешнәрседен тайынбайды", – дейді доктор Корнблюм өзінің 1978 жылы жария еткен "Доклад о молганском заражении" деген еңбегінде. Молгондар жер бетін-де көп тарауда. Ең көбі Америкада.

Сөйтіп, Корнблюм өзінің кім екенін тексеруге шақырыпты. Құдай қуат берсе молгандарды анықтауда қазақтың генетик ғалымдары өз жаңалы-ғын ашар күн алыс емес. Біздің қанымызда малғұндар қаны көбірек пе дейміз. Себебі, осы күнгі сұрқиялы опасыздықтардың түрі тек қана, басқа қандылардың қолынан келетіні рас. Дегенмен, Алла малғұн етуден сақтап, таза қазақ қанды етіп қалдыра берсін дейік.

Американың генетик ғалымдарынан көрші Қытайдың генетик ғалым-дары да қалысар емес. Қытайда бойлары 115 сантиметрден аспайтын бір қыстақ халқы бар екен. Алайда, соңғы кезде қытай және неміс ғалымдары бірігіп, әлгі қытай ергежейлілері бұдан 12 мың жыл бұрын апатқа ұшыраған БҰТ экипажының ұрпақтары деп түйіндеді. Бұл ойларын олар көпте-ген жергілікті зираттарды қазу арқылы дәлелдепті. Зираттағы адам қаңқа-сына қоса мүлде бейтаныс жұмбақ иероглифтермен шимайланған көне тас табылған. Ғалымдар 24 жыл зерттегенде тастағы жазуды: "Келімсектердің аты – дропа!" деп оқыған. Міне, ұлы ел Америка мен Қытайды космос адамы жаулай берсе, біз де өзіміз хабарласып жүрген Илан, Маха, Хима т.б. басқадай таныстарымызды көмекке шақырмасқа болмас. Бұндай ұлы елдердің ғалымдары ұлылық айтты деп, қорқудың да қажеті жок. Біз де құр алақан емеспіз. Біз де амери­кандық ғалым Корнблюм сияқты, кім екенімізді тексертуге шақыра аламыз. Осындайлар жөнінде жазған біздің кейбір қаламгерлер мен ғалымдардың мақаласы тура барып оқушысын Корнблюмге т.б.-ға табындырып қоятынына ішің ашиды.

Өзіміздің ұлттық сипатта мұндайларға баға беретін уақыт жеткендей.

Жер бетіне өзінің ұрпағын таратушылар алғаш Американы, одан соң калай Қытайды таңдап алды екен? Неге Қазақ елін таңдамаған? Мүмкін, біздің елдің аймағы болашақтағы Суқұйғыш дәуірінің "Әлемдік рухани-діни орталығына" айналуынан қорықты ма? Біздей жері кең, асты мен үсті байлыққа толы аймақты молгондар қалай аңғармады? Біздегі өз ана тілімізде жазылған тылсым дүние құпияларын түсіндіретін еңбектердің жоқтығы (тіпті, жөнді мақаланың да) Америка сияқты алып елдің ғалым-дары болжамына сендіргенімен, сіз ойлаңызшы, ол ғалымдар жалған болжамдық теоретиктер ғана. Шын ғарышпен байланысы бар, теория мен практикалық ұғымы мол, жан-жақты білімді адам ғана дәлдіктің ең болмағанда шетін шығарып айтары анық демекпіз.

Шынында да баска планеталардан келушілерді әлем кеңістігінен көргендер де болыпты. Американың Айға ұшқан "Апполон-ІІ" ғарыш кемесінің ғарышкерлері Н.Армстронг, М.Коллина, Э.Олдрин ғарышта соңдарынан қадағалап ұшып келе жатқан "жылтыр шарларды" көрген. Ал Ай бетіне қонғанда танкінің немесе трактордың ізіне ұқсас жыланбауыр іздерді байқаған. Ай үстіндегі аппарат арқылы жер бетіндегі миллиондаған адамдар локомотив пен электр арасының дыбысына ұқсас дыбысты естіген. Қысқасы, бір ғана американдық "Апполон-14" экипаждары да Ай үстінде ғажайып күштің әсері барын, әртүрлі объектілер ұшып жүргенін көріп киноға түсіріп, суреттерін салып, т.б. белгілерін хабарлайды. Американдық ғалым Ф.Штиглинг "Мы обнаружили чужие базы на луне" деген кітабын жазды. 1972 жылы ұшқан "Апполон-16" экипажы Ай үстінде жоғары көтеріліп әрі төмен түсіп жүрген екі объектіні телекамераға түсіріп алыпты. Бұдан кейінгі Ай қонағы ғарышкер Джон Янг те (экипаждың командирі) бейне таспаға түсіріп әкелген. Сөйтіп, Айға қонған Американың 21 ғарышкерінің үшеуі сыртқы күш асерінен психикалық ауруға душар болыпты (бұл сан бұдан да көп болуы мүмкін). Тек қана ислам дінін қабылдаған Н.Армстронг ғана аман қалды (басқалары әр түрлі жағдайда – З.Қ.).

Ай бетінде бомбалаушы ұшақ тұрғанын Канаданың апталық "Уикл Уорд Ньюс" басылымы 1988 жылы хабарлайды. Ол суретке түсірілген. "Оның екінші дүние жүзілік соғыста жоғалған Американың бомбалаушы ұшағының сұлбасы екеніне күмән жоқ" дейді бұрынғы кеңес ғалымы Станислав Макеев.

Ол бомбалаушы ұшақ қалай айға барып қонды? 1948 жылы жаз айында Сібір жағалауында жаттығу кезінде кеңес әскери ұшқышы Петр Гуренков кенеттен сигаретке ұқсаған өшіп-жанатын жарықтары бар, бұрын-соңды көрмеген белгісіз денені көреді. Оның күміс түстес екенін, жалтыраған ұшқыш объектінің (БҰТ) өз ұшағын жұтып коя жаздағанын, ұзындығын жарты шакырымға жететінін, оның сыртына қарауға көз шағылысатынын айтады ұшқыш П.Гуренков.

"Сәлден кейін ұшқыш объектінің (БҰТ) жүк кіргізетін екі есігі ашылды. Мен қаптаған жарықтар арасынан кимылдаған біреулердің сұлбасын көрдім. Олардың маған қадала карағаны әлі көз алдымда. Олар мені шаңсорғыш сияқты өзіне тартып жұтатын болды. Мен өзім не болғанын сезбедім. Кенет космос кораблі өте қорқынышты қатты дауыс шығарды. Корабль есігі жабылып, көзге көрінбей кетті", – деп еске алады 42 жыл өткен соң ұшқыш П.Гуренков. Заң қаталдығына байланысты П.Гуренков бұны айтпай келіп, кейін БҰТ туралы жариялылықтан соң айтса керек. Шынында да, жоғалған ұшақтарды басқа планетаның өкілдері ұрлағаны шын болса, онда Юрий Гагарин де осылардың олжасы болмады деп кім айта алады? Бұл да баска планета өкілдері жөніндегі тағы бір жаңалық секілді.