ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

13

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

                                                                             pic

 

V-ТАРАУ

ТӘНДЕГІ СЫЗЫҚТАР ЖӘНЕ  НҮКТЕЛЕР    

МЕН БЕЛГІЛЕР ҚҰПИЯСЫ

 

5.1    АЛАҚАН, САУСАҚ СЫЗЫҚТАРЫ ҚҰПИЯСЫ

 

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болғанмен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қай-та қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбалары жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүние жүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құран-да жазылған жәйт әсер еткен болу керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: "Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін кайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақта-рына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз" (Қиямет сүресі, 3-4 аяттар).

Алланың құдіретті екенін мойындаймыз. Осыдан-ақ, қолымыздың алақан және саусақ сызықтарында, маңдайға жазған үш әріптің тағдырлық құпиясы мен өміріміздің басталып және бітетін күніне дейін жазылғанын білсек, алақан мен саусақтың сырын білу өте қажет те.

Алақан мен саусақтың осындай құдіретінің барын білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көп-тен бері шұғылданып келеді. Осы саладағы ғылым болып табылатын дерматоглифология ғылымы саласы ғалымдары алақан сызықтарында тұқым қуалайтын белгілер болатынын анықтады. Мәселен, осы бағыттағы зерттеулер дәрігерлерге ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауруларды, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің кім екендігін айқындауға мүмкіндік беретінін де дәлелдеді. Шешілмейтін, окылмайтын нәрсенің жоқтығын осыған карап айқын білуге болады. Жаңа ғылым дермато­глифология бойынша да ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан хиро­мантия (алақан сызықтарын оқу) насихаттағандай, адамның мінез-құлқы мен қабілеті, денсаулық сипаты атадан балаға жалғасып жататыны шындыққа ұласары алыс емес. Хироманттар әр уақытта адамның алақанындағы негізгі үш сызыққа қарап, болжамын айтады. Олар: 1. Өмір сызығы. 2. Жүрек сызығы. 3. Ақыл-ой сызығы. (5-суретке қараңыз). Бұдан басқа білектегі білезіктерде де шындықтың негізгі "болжамы" болады.

Хиромантияда жүрек сызығы мен ақыл-ой сызығы бір біріне қосылып кетсе, Шығыста бұндай адамды бақытты, ал жаңа туған нәрестені келе-шекте коғамда беделі зор болады деген. Антрополог М. Вилиямовская бұрынғы Одақтың Ғылым Академиясының этнография институтында тұр-ған Будданың 70 мүсінінің 30-ының оң қолында дәл осындай қосылысты сызықтар болғанын хабарлайды. Бұндай сызығы бар жас балалар әр түрлі ауруға тез шалдығатыны анықталуда. Егер бұл сызық әйелдерде кездессе, онда олардың аналық бездері немесе бүйрегі ауруға шалдыққаны.

1. Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған қарап адамның жалпы денсаулығына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады.

Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе, қосымша сызықтар адамның ұзақ жасайтындығын көрсетумен қатар денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді.

Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны.

Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы – адамның жақында сал ауруына шалды-ғатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген "жасырын" ауру да болуы ықтимал. Дегенмен мұның бәріне сене беру де дұрыс емес.

Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздығы (анемия). Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді біл-діреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды.

2.  Жүрек сызығы – айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. Жүрек сызығы ортаңғы саусақ пен сұқ саусақтың ортасынан басталса, адам махаббатта да және басқа істерде де табысқа жетеді. Бұл сызықтың бастамасы сұқ қолдың Юпитер төмпешігіне неғұрлым жақын болса, онда ол адам таза адам болғаны. Ортаңғы саусақ түбіндегі Сатурн төмпешігше жақын болса, онда бұл адамның сезімі мен көздеген мақсатының арамдығы. Жүрек сызығы алақанның бір шетінен екінші шетіне түгел жетіп, қамтып жатса бұл адамның ерекше сезімталдығы мен нәзіктігін көрсетеді. Жүрек сызығы – сынық-сынық, ирелең болып келсе, иесінің аурушаңдығын (кейде сәтсіз некелескенін), өңсіз әрі кең болса, бұзылған, жүргіш адамдардың әлсіздіктерін және ерік күштері-нің нашарлығын көрсетеді. Жүрек сызығындағы аралдар (сызықтың бұтақталып барып, қайта қосылуы) жүрек ауруларына бейімділікті (немесе әйелдердің жеңілтек мінездігін) білдіреді.

3.  Ақыл (бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жаксы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны. Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, есуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі.

Ақыл сызығының үстіндегі дөңгелекше (аты жоқ саусақ астында) адам-ның соқыр болып қалатынын көрсетеді. Ал, сызықтың бойындағы "арал" (бұтақталып барып қайта қосылса) мидың катты шаршағандығын дәлелдейді. Алақанның дәл ортасына келіп аяқталған ақыл-ой сызығы иесінің психикалық ауруға шалдыққандығын білдіреді. Сызықтың бойындағы "аралдар" (сызықтың бұтақталып барып қайта қосылуы) жүйке ауру-ларын, сызықтағы нүктелер бастағы жарақатты білдіреді.

Адам мінезіне және қабілетіне толық талдау жасау үшін "қол оқуда" тағы да көмекші үш сызық бар. Олар: 1. Тағдыр сызығы. 2. Күн (Апол­лон). 3. Денсаулық (бауыр немесе қарын) сызығы. Сондай-ақ, басқа белгілер де болады.

Алақанда тағдыр сызығының болмауы адамның алдында ауыр да сұрықсыз өмір, сәтсіздіктер күтіп тұрғанын білдіреді. Ал үзік-үзік қисық тағдыр сызығы иесінің өмірінде жиі-жиі өзгерістердің болатынын білдіреді. Алақанда Күн сызығы жоқ болса, өмірде адам айтарлықтай табысқа да жетпейді, ерекше бір қуанышқа да кенелмейді.

Денсаулық сызығы айқын әрі түзу болуға тиіс. Керісінше болғаннан оның болмағаны жақсы.

Өйткені, денсаулық сызығы дені сау, ары таза, дарынды да зерлесі күш-ті адамдарда өмір сызығынан басталады, әрі айкын білінеді, таралмайды да. Бұл сызықтың үзік-үзік түсінің қоңырқай болуы иесінің арам пиғылда екендігін дәлелдейді.

Екі алақанда да бірдей Шолпан сақинасы (белдеу) болса, ол айқын білініп тұрса, айқынырақ дөңгеленіп келсе, Шолпан төмпешігі көзге айқын көрінсе, сақина қосарланып, тіпті үшеулеп түрса, адамның жүргіштігін, көрінгенге көңілі ауғыштығын білдіреді.

Қол басы мен білектің қосылатын жеріндегі білезікке келсек, онда оның (білезік сызығының) үшеу болуы адамның денсаулығының құлпырып, ұзақ жасайтынын дәлілдейді.

Сіз қолға қарап болжау арқылы хиромантия ғылымын үйренгіңіз келсе, ең алдымен алақаныңыздағы неше түрлі тарамдалған сызықтардың сырын оқып үйреніңіз. Қолдың ішкі бет жағын емес, қайта сыртқы бет жағын білген де хиромантияға терең үңілгендік.

Адамның қолының сыртқы формасы да әртүрлі болуына қарай олардың құрылымдық ерекшелігі де адамның қандай екендігін таныта ала­ды. Қысқасы, қолдың аумағы адамның дене бітіміне үқсамай үлкен не кіші болса, ол адамның тұрақсыз, өте жағымсыз қылықтарға ие екендігін білдіреді. Осындай қолдың әртүрлі өлшемі ол адамның кім екенін білдіреді.

Мәселен, колдың аумағынан басқа өңіне қарап та адамның мінез-құлқын білуге болады.

Алақан терісінің түсінің тым қызыл болуы жан-жағында болатын жағдайларға тез араласып, адамдарды бірден жақсы көруге ұмтылған-дығын білдіреді.

Егер тері боп-боз болып көрінсе, ондай адам салқын қанды, өзімшіл келеді. Тері сарғыштау болса, ондай адам тоң мінез, ашушаң, сарыуай-ымшыл болады.

Егер алақан ыстық әрі құрғақ болса, ондай кісі еңсесі түсіңкі, ойшыл келеді. Қолы қуаттының ізгі мақсатына жігері жоғары болады. Қолын селқос қана ұсынатын алақаны жұп-жұмсақ кісі өзі жерде қиялы көкте ұшып жүреді. Бұндай адамдар жалқау әрі жалғыз өмір сүруге бейім.

Өте епті, алақаны тегіс кісі тәтті дәмге әуес, тағам талғағыш келеді. Қолдары сүйекті, әрі арық кісілердің ақылы мол болады.

Күре тамыры әрең білінетін кісілердің мінезі салмақты болады. Бұған қарап қолдың өзінің және алақанның терісінің өңін де білу пайдалы. Дегенмен, жай "қол оқу" айтқан болжамдардың бәріне де ғылыми дәлдік фактісі қажеттігінен хабардар болған дұрыс.

Қолдың сыртқы формасының (кескінінің) жүз елуге жуық түрі бар екен. Ғылым оның жеті-ақ түрін айырыпты. Біз соның қажетті үш түрін таныстырайық.

1.  Шаршы бітімді (квадрат) алақан. Түрлік көрінісі доғалдау "шар-шы бітімді" саусақты, қысқа тырнақты кісі, "қоғамдық өмірден" аулақ жүреді. Махаббат пен достыққа берік, ғылымға бейім, еңбеққор келеді.

2.  Үшбұрыш пішінді алақан иесінің саусақтары жіңішке және қозғал-ған сәтте сәл діріл білініп тұрады. Ондай адам романтикаға берілгіш, қызба, елікпе мінезді "өнер адамына" тән қасиетке ие болу бейімділігі болады. Бұлар толық еркіндікті қалағанымен, махаббатқа тұрақсыз келеді.

3.  Үзынша бітімді алақан кісінің алақанының ұшы ұзын, әрі сау-сақтары жіңішке, ал тырнақтарының пішімі бадам дәні тәрізді бір-бірінен өткен әдемі әрі нәзік келеді. Бұндай алақанды кісі айырықша сезімтал, арманшыл, сүйкімді, романтик ойлы болып келеді. Дегенмен, олар сақтық пен тәжірибені аз меңгереді.

Саусақтардың да ерекше маңыздылығын да білген жөн:

-    Ұзын саусақты адамдар ұқыпты, байсалды, төзімді келеді. Кейде өзімшілдікке де ұрынуы мүмкін.

-    Ұзындығы орташа саусақтар байсалдылықты білдіреді. Мұндай сау-сақ иесі ақылды, мінез-құлқында жасандылық жоқ, ұсақ-түйекке мән бермейді.

-    Өте жуан саусақтар практикалық іс-әрекеттерді табысты атқаруға бейім.  Жіңішке саусақтылар қиялшыл, арманшыл, олар жалған сөйлеуі де мүмкін.

-  Өте арық саусақ ғалымдар мен өнертапқыштарға тән.

- Ұш жағы ұзыншалау әрі дөңгелене біткен саусақтар (егер бұған қоса жүрек сызығы айқын көрініп тұрса) адамның жарқын мінез екенін көрсетеді.

-          Доғалдау шаршы (квадрат) бітімді саусақтар салмақтылықты білдіреді.

-     Егер сұқ саусақ ортаңғы саусаққа қарай біршама қисайыңқырап тұрса, онда бұл адамның ашушаң, намысшыл болғаны.

-     Егер ортаңғы саусақ аты жоқ саусаққа қарай қисайыңқы көрінсе, ол өнер мен ғалымға бейімділікті білдіреді.

-     Егер аты жоқ саусаққа қарай қисайыңкы болса, ол салмақтылық, тағдырға көну, сенімдік белгісі.

-     Аты жоқ саусаққа сүйене қисайған шынтақ зеректік, тапқырлықты білдіреді.

 

ҚАЙ ҚОЛДЫҢ АЛАҚАНЫНА ҚАРАП

БАЛ АШҚАН ДҰРЫС БОЛМАҚ?

 

Болжаушы екеуіне де де бірдей қарағаны жөн. Өйткені, "белсенді" деп аталатын оң қолдың алақанынан өз тағды-рыңыз бен мінез-құлқыңызды өзгертуге беретін нышандарды байқайсыз. Ал "енжар" деп аталатын сол қолдың алақанында "тағдырдың" жазмышы бойынша анықталатын өз өміріміз, кемшіліктеріміз мен жетістіктеріміз, мінез-құлқымыз бейнеленеді. Екі қолдың алақандарындағы сызықтар мен белгілердің және сипаттамаларды бір-бірімен салыстырып отыру керек. Себебі, бұлар бір-бірін толықтыра түседі.

Саусақтардың жеке-жеке қасиетін білген де дұрыс.

1. Сұқ саусақ. Саусақтың ішкі үш бұнағының фаланга ерекшелігіне түгелдей келсек, бірінші бұнақ ірі және ұзынша келсе, онда сіз құпия құбылысқа бейімдеусіз, егер екінші бұнақ неғұрлым ірілеу көрінсе шамданғыш әрі ызақорсыз, егер үшінші бұнақ ірілеу болса билікке ұмтылғышсыз.

Бірінші бұнақтың жұмсақ етіндегі "жұлдызша" өткір тілділік пен жолы болғыштықты көрсетеді. Бұл барлық саусақка қатысты, бұдан басқа да сіздің өміріңізде күтпеген құбылыстар болуы мүмкін.

Егер екінші бұнақтан "ашамай" белгіні (крест) көрсеңіз бұл сіздің басшыларға ұнамды адам екеніңізді көрсетеді. Егер ең төменгі үшінші бұнақта көлденең сызықшалар түссе өзіңіз күтпеген мұраның иесі болуыңыз да мүмкін.

2.    Ортаңғы саусақ. Ортаңғы саусақтағы бұнағының ірі немесе ұзынша болып келуі сіздің сарыуайымға салынғыш, ырымшыл екеніңізді білдіреді. Егер екінші бұнақ айырықша көрінсе сіздің нақты ғылымдар мен егін шарушылығына бейіміңіз бар болғаны. Үшінші, ірілеу бұнақ сараңдықтың белгісі. Егер ортаңғы саусақтың бірінші бұнағында толқын-ды сызық байқалса (бұл өте сирек кездеседі) суға шомылғанға бақытсыз жағдайға душар болудан сақтаныңыз (бұл саусақ пен шынашақтың бірінші бұнағына катысты). Үшінші бұнақтағы айқын көрінетін жалғыз сызық мансапта жолыңыз болатындығының кепілі.

3.  Аты жоқ саусақ. Оның бірінші бұнағының өте аса ірілігі өнерге деген құштарлық, екінші буынының ірілігі сіз бәріне тек өз күшіңізбен қол жеткізуге тырысасыз. Тым ерекше көрінетін үшінші бұнақ байлыққа ұмтылыс, осы бұнақтағы бірнеше қатарлас (параллель) сызықтар бақытты өмірді нұсқайды.

4.  Шынашақ. Бірінші бұнағы тумысынан шешен, сөзі ауыр адамдарда (адвокат, журналист, саясаткерлер) ұзыншалау болады. Неғұрлым ұзыншалау екінші бұнақ ақыл-парасаттылықты саудада табыстылықты, іскерлік әрекетте нәтижелікті білдіреді. Ірілеу келген үшінші бұнақ аярлық, абайлаушылық нышаны. Егер бірінші бұнақтан "ашамай" белгіні (крест) байқасаныз (6-суретті қараңыз) сақтаныңыз, бұл адамның қолының сұғанақтығы болуы мүмкін. Үпгінші бұнақтағы "бұтақша" саудаға бейім-ділікті көрсетеді. Егер шынашақ үшінші бұнағынан бастап, ұшына дейін тым нәзік сызықтармен көмкерілсе абай болыңыз, әйелдердің "арбауына" түсіп қалмаңыз. Егер шынашақ пішіні әдеттегіден өзгеше көрінсе дарынды да ақылды адамсыз, бірақ өзіңіздің аңғырттығыңыздың кесірінен өмірде көп нәрседен құр қаласыз.

5.  Бас бармақ. Бұған айырықша көңіл бөлген жөн. Бас бармақ ерік күші мен ойлылықты бейнелейді. Ол неғұрлым ірілеу болса, соғұрлым интеллект иесі екенінізді аңғартады. Алдымен бас бармақтың қай тұсқа қисайыңқы екенін байқаңыз. Ішке (алақанға) қарай немесе жанына иілгені-не назар аударыңыз. Сорайып тұратын бас бармақ көздеген мақсатқа жету жолындағы қайсарлыктың белгісі. Егер ол ішке қарай иліксе, бұл ашушаңдықты білдіреді. Егер бірінші бұнағы екінші бұнақтан едәуір ұзыншалау әрі жуанырақ болса, онда адамның ерік күшінің мықты, өз күшіне сенімді екендігі. Аса жуан әрі ұзынша бұнақ өзіне-өзі сенімді, менменшілі-гі тәкәппарлықпен ұштасатын қатыгез адамға бітеді.

Қысқа бұнақ босбелбеу, жігерсіз, көңіл-күй жие өзгергіш, қыңыр мінезді кісіні меңзейді.

Егер бас бармақ үшкірлеу пішінді болса, сезімталдык пен албырттық, қызбалықты білдіреді.

Неғүрлым ұзын екінші бұнақ ақыл-есті, өзінің алды-артын ойланып барып әрекет етуге бейімділікті білдіреді, бірақ бұл кейде батылсыздық белгісі, өте ұзын екінші бұнақ жүрексіздік, сіз жөнсіз жәбірленуге бейімсіз.

Егер бірінші және екінші бұнақтар теңдес немесе ұзындықтары ша-малас келсе, онда сіздің ерік-жігеріңіз бен ақыл-ойыңыз бір-бірін тамаша толықтыратын болады.

Махаббат сызығы. Махаббат сызығы алақан қабырғасынан басталады. Егер ол айқын көрінсе, сіз міндетті түрде некеге отырасыз, егер оның ұзындығы жеткілікті және шынашақтан ары қарай өтіп кетсе, некелесетін адамыңыздың адамгершілігі жоғары болады. Жүрек сызығына неғүрлым жақын орналасса, соғұрлым ерте үйленесіз. Егер сызық түзу болса, неке бақытына бөленесіз, егер ол жүрек сызығына қарай ойысса, некенің "күрделеніп" кетуі мүмкін. Егер бұл сызық тармақталып кетсе, онда сіз біршама ғашықтық хикаяны бастан өткізесіз.

Тек қана бір тармақтың төмен қарай ойысуы бақытсыздық нышаны, қатарласа тартылған сызықтар алдағы өмір қиындықтары жөнінде ескертеді.

Көне заманда алақан, саусақ сызықтарын "оқу" өнері өзгеріссіз жеткені-мен, анатом ғалымдарымыз ғылыми негізде фактілі дәлелдер де тапты. Тарихи ұзақ болжамның нақты негізі барына сенім білдіруде. Кейінгі кезде астрологтар колдың таңбалы сызықтық белгісін зерттей келіп, бұл адамның қай елден, қай жерден келгенін айнытпай тауып береді. Криминалистер баяғыдан дактилоскопиялық суретке қарап, қылмыскерді қылмыскер еместен айырады. Сот медиктері бұл тәсілді даулы баланы шын әкесін анықтауға да қолданды. Дерматоглифқа мамандары алақан, саусақ беделдеріне қарап, адамның тұқым қуалайтын аурулары бар-жоғын анықтайды. Қазіргі уақытта қол таңбасын баспахана бояуларымен түсіріп алады. (7-8-суретке қараңыз). Венгер ғалымы Шандор Ескериш алуан түрлі саусақ бедерлерінің кестесін жасап шығарған. Бұл кесте тұқымқуалаушылықты дәлелдейді.

"Қол оқу" (хиромантия) алғаш Үндістанда пайда болады. Одан кейін Кіші Азия, Жерорта теңізі мен Қытайға тарады.

Ал Үнді елі болса тағдыры жөнінде "бұл менің алақаныма жазылған" десе, қазақтар "бұл менің маңдайыма жазылған", дейді. Міне, астрологиялық қағида бойынша қолға карап болашақты болжау адамның микроәлемі ең алдымен аспан шырақтарының (Күннің, айдың, жұлдыздардың, планеталар-дың) орналасуына қарай анықталады.

Әр адамның өз жұлдызы болатыны сияқты, бұған қоса, басқа планеталық бақылау иен басқару жүйесі бірлесе отырып, адамның тағдыр жолын құпия түрде сездірмей бағыттап отыр.


 

 

 

 

 

 

ҚОЛТАНУ

Алақан картасының схемасы

                    pic

                

                            7-сурет                                                                8-сурет

 

Өмір сызығы (1-1), ақыл сызығы (2-2), жүрек сызығы (3-3), тағдыр сызығы (4-4), күн сызығы (5-5), денсаулық (6-6), көмекші сызықтар - Шолпан белдеуі (7-7), білезік сызығы (8-8), неке сызығы (9-9), Марс сызығы (10-10), сирек кездесетін сызықтар, Уран сызығы (11-11), Нептун сызығы (12-12).

 

Астрологияда адамдардың тағдырына тұрақты жеті планета әсер етеді деп астрологиялық күнтізбе жасайды. Бұл планеталарға жататындар: Күн, Ай, Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн екені мәлім.

Бақылаусыз әлемде ешқандай тірі организм мен заттар жоқтың қасы. Бәрінің де тағдырлық өмірінің өлшемі болады. Көне тарихы "Қол оқу" жүйесіне Рим императоры Цезарь, медик Гален, ал орта ғасырда Абу Эли Ибн Сина ерекше көңілдерін бөліп, нақты шешімдерін берді. Жоғары бағалады. Еуропаға хиромантия XVI-XVII ғасырда жетсе, ал Россияға ХІХ-ХХ ғасырларда жетіп, өзге тілдерден бірнеше кітаптарда аударылып басылып шықты.

Ал біздің қазақ еліне ғайыптан түскендей болып атауы ғана жеткенімен, оны толықтай түсіндіруге толық емес бірді-екілі мақала ғана жарық көрді. Нақты арнайы қадағалау болмауы салдарынан "Қол оқу" құпиялық ғылы-мына қызығушылар қатары да өте аз. Елден бір ғана өте жоғары ғарыштық қуатқа ие талдықорғандық (қазір Алматыда) Гүлзат Қойшыбайқызы Сарсенбинаның аты ғана аталуы басқа да болжаушыларды ойландырар демекпіз. Гүлзат Қойшыбайқызының Үндістан, Германия, Греция сияқты т.б. елдерге арнайы сапары қазақ ұрпақтарының да "Қол оқу" іліміне жаңа көзқарас тудырып, болашақтарының зор екендігін шет елдерге де таыстыраді.  Кейінгі кезде алғаш асау аттай тулап шыққан болжаушының аты аталмай барады. Кім білсін тоқтаған жері осы ғанама.

Сондықтан да еліміздегі ғылым мен білім басшы орындары хироман­тия іліміне мән беріп, жас жеткін-шектерден бастап оқытуға мүмкіндік жасаса, талай құпиялықты шешетін білімділер шығары анық. Бұл олай өрісімізді кеңейтіп, білмегенді біліп, ұлттық ерекшелік бойынша зерттеулер де дүниеге келер еді. Біз ғылым мен жеке хиромантиктер ортасына арнап бір жаңалық ашудан аулақпыз. Бұл әлі құпиясы шешілмеген "Қол оқу" арқы-лы барлык үлкен-кішілі болашақты болжаушыға бағыттау да емес, негізгі мақсат – құпия ғылымды өзіміздің ұлттық танымда оқырманға жеткізу ғана. Ары қарай жеке адамның өз талғамдық принципіне карай шешері анық. "Қол оқудың" сырлы құпиясына бір уақыт болса да көңіл бөлу сіздің ішкі дүниеңіздегі ашылмай жатқан қасиетіңіздің жарқырап, оттай лаулап шығарына көмектеседі және бұған күмәндануға болмайтынына зор сеніммен қарасаңыз болғаны демекпіз. Құпиялы бақытты сырлардың ашыла беруі  ұлттық ғылымның жаңа саласы өркендеуі болмақ.

 

 

5.2 АДАМНЫҢ ҚОЛЫ САУСАҒЫ

БАСЫ МЕН ТАБАНЫНДАҒЫ НҮКТЕЛЕР

 

Адам организмі биологиялық сезімтал нүктелерден тұрады. Соның ішінде адамның қолы мен табанындағы емдік нүктелерінің орналасуын білу өте маңызды. Мұндай нүктелерді анықтауда арнайы қол мен аяқ нүктелері бейнеленіп сызылған суреттерді пайдаланған жөн.

Адамның қолы мен табан нүктелері бір-біріне тығыз байланысты әрі тәуелді. Қысқасы, бүтін бір бойынан ток жүретін электр сымы сияқты. Егер электр сымының бір жағы үзілсе немесе тұйықталса, одан ток жүрмей, қараңғылық орнағанына ұқсас. Бір-бірімен байланысты бір мүше қызметіне бақылау жасайтын екі нүктенің не аяқтағысы, не қол жақтағы нүктесі ақауланса, сол нүктелер ара қатынасы нашарлайды. Қорек қуатының алмасуы азаяды. Содан барып, сол нүктелерге тәуелді мүше әлсіреп, сырқатқа ұшырайды. Осындай жағдайда қол мен аяқ нүктелерін суретте көрсетілген нақтылық бойынша арнайы таяқ ұшымен, сіріңкемен тауып, оған массаж жасаған пайдалы. Нүктені жеткілікті түрде күштірек басу керек. Нүктенің кызметі жақсарып, энергия алма­суы дұрыстала бастағанда нүктенің ауруы азайып, жанға жақсы жылылық пайда болады. Бұның тиімділігін өзіне-өзі көмек етуші байқай бастайды (мәселен, тіс ауруының тоқтауы). Ал созылмалы ауруларға күніне бірнеше рет арнайы массаж құралдары көмегін пайдалану да жақсы нәтиже береді. Кейде аныкталып, массаж жасалған, әсіресе табандағы, нүктелерге кішкене шарларды, моншақтарды, өсімдік дәнін және құм түйір-шектерің бір тәулік бойы таңып тастайды. Ауырған жерге массаж жасап әрі таңған дән (құм т.б.) үстінен ұдайы басып қою керек.

Адамның кеселге ұшыраған жақтағы қол саусағы басы мен табандағы бастапқы сәйкестік нүктелерінің, емдік нүкте ретінде келесі жақтағы қол басы мен табандағы нүктелерден ешқандай артықшылығы жоқ. Бұл арада нүктенің ауру деңгейі мен оған дүрыс әсер ету өте маңызды болады. Биологиялық белсенді нүктелерді уқалау (массаж) көне заманнан Қытайда дамыды. Қазір бұл әдіс жыл өткен сайын әр елде әрқалай дамып келеді. Мына қол саусағы басы мен табандағы нүктелерді (9,10-суреттер) күніне бірнеше рет уқалау арқылы өз денсаулығыңызды түзетуге әбден болады. Уқалаудың бұл түрінен денедегі кан айналымы жақсарып, бұлшық еттер қозғалысы күшейеді. Ішкі ағзалар жұмысы түзеледі. Нүктелерді саусаққа сүйектің табы білінетіндей етіп өте қатты басып уқалау қажет. Ал табан-дағы нүктені 6 килолық күшпен 10 минуттай басу қажет. Күнделікті осылай дәрісіз-ақ өзіңізге-өзіңіз көмек етіп, аурудың болмауына жағдай жасаңыз.

 

                               

                                   pic

 

                                       pic

 

                                   10-сурет. Аяқтың табанындағы биологиялық (акупунктуралық) белсенді нүктелер


 

5.3   ӘЖІМНІҢ ДЕ СЫРЫ БАР

 

Әрбір жеке адамның бет-әлпетіне қарап мінез-құлқын, сыр-талғамын, көңіл күйін оқуға болады. Мысалы, беттегі әжім, сызықтырға қарап, ол адамның қай жері сырқаттанатынын, қандай ауруға бейім екендігін байқауға болады. Әжім неғұрлым айқын болса, диагнозды да соғұрлым дәл қоюға болады. Мына суретке қарап әркім өз сырқаттарын өздері табуға үйренеді. Санмен белгі-енген әжімдерді өзіңізден тапқанмен ауырмауы-ңыз мүмкін. Бірақ, сеніңіз, бұл сызықтар сізді алдамайды. Ғылыми негізде толық дәлелденген.

Көбіне сіздің қандай кеселге бейім екеніңізден хабар береді. Демек ауруыңыздың алдын алуға әрекет еткен дұрыс. Алдын ала сақтанып, ол кеселдерден қорғана біліңіз (11-сурет).

1.   Қабырғаңыздың үстіндегі әжім жүрегіңізде ақау барлығын білдіре-ді. Дереу дәрігерге барып жүрегіңізді тексертіңіз

2.   Маңдайдағы әжім - Бұл ой еңбегімен айналысатын адамда болатын әжім. Не бір қатты күйзелістен кейін оңала алмай, үнемі іштей өзін-өзі жегідей жеп жүретін адам.

3.   Кеңсіріктегі әжім ылғи қапаланып, өмірге ырза болмай жүретін адамда кездеседі. Сондай-ақ қуық, зәр жолдарында кесел бар дегенді білдіреді.

4.   Әйелдерге бұл әжім жатырының, ал еркектерде бүйрегінің төмен түскенін хабарлап тұр.

5.   Сол жақ езудегі сызық күлегештіктің белгісі емес. Асқазан ауру-ларының салдары.

6.   "Юпитер" әжімі деп әдемі аталатын бұл сызық – іш қату (гемор­рой), бауыр ауруынан хабар береді.

7.   Мұны да көңілдіктің белгісі деп түсіну қате ұғым. 7 деген санмен белгіленген әжім ас қорыту мүшесінің кызметінің бұзылуынан пайда болады.

8.   Еріннің үстіңгі жағындағы әжімдер мінезі ауыр, тұйық адамдарда не ашушаң шорт мінезділерде кездеседі. Бұндай әжімдері бар адамдардың аш ішек, тоқ ішектері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

9.   Бүйрегінің ақауы бар адамдардың көзінің астында әжімдер пайда болады.

10. Көздің бұрышындағы әжімдер мейірімділіктің ғана белгісі емес, от жолдарында ауру болуы мүмкін.

Міне, біз әлі біле бермейтін әрі мән бермейтін беттегі әжімдер де өз денсаулығымызға байланысты нақты анықтама-лар бере алады. Өзіңізге-өзіңіз тұрақты бақылау жасап, сақтық жасаңыздар, көп нәрсе ұтарыңыз анық.

Біздің басты мақсатымыз әр адамға өзіне-өзі көмек етуіне нұсқау беріп, өз қасиеттерін өздері тануына жол ашып көмектесу болмақ.

Адам баласы білмейтін, мән бермейтін, түсінуге қабілеті жетпейтін жайттар жетерлік. Ондай құпиялы сырды ашуға дін мен ғылым жолы ғана көмектесе алады. Оқыңыздар, үйреніңіздер, әрі тәжірибе жасап өз денсау-лығыныздың корғаны болуға ниет екен жөн.

                                        pic

 

                                                                                   11-сурет

 

5.4  ҚАЛДЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

 

Жеке адам денесіндегі қалдарына (меңіне) қарап, оның қауіпты, қауіпсызын, адамның болашағын, мінез-құлқын білуге болады.

Ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеу-қабылұлы "Шипа-герлік баян" кітабында өте қатерлі аяқ астынан болатын аурудың көбі көзінің сұғы (қалы) барлар мен тілінде қалы барлардан болатынын, ал бұл адамдардан тіл, көз ауруы адамға (әсіресе балаларға) жабысатынын айтады. "Көз сұғы бар адамның көзі ішінде не маңайында қара қал не меңдіме аз көрігі болмақ. Оның көз қарашығы жалынды, қаруы сұқты, өткір. Жанары қара болмақ. Тіл сұғы барлардың ауыз айналасы, ерін-ұрт маңында меңдіме не қал болмақ. Тілінде, өте-мөте өзектік тілінде теңбіл не қалсүрей болмақ", - дейді ("Ш.Б", "Жалын". 1996 ж. 146-бет).

Қалдың не меңнің қауіпты болу себебі ол адам денесінен "сорғыш" биоөріс шығарып, ол қараған баланың не үлкен кісінің бір жеріне еніп, одан әрі сырқаттың асқынған түрін туғызады. Балаға көз бен тіл тиюдің қауіптілігі (1 тәуліктен асса бала жоталары көгеріп, денеге қара дақ пайда болып, көзі ішіне тартып, ұйқы кетіп, тамақ ішпей өліп кетуі де мүмкін) баланың терісінің кедергілік қарама-қарсылық күші аз, терінің кедергісі сондықтан да көз бен тілі бардың "кері қуатына" төтеп бере алмайды. Ал үлкен кісілердің көбінің көз бен тілге қайтарымдылығы басым. Үлкендер-дің терісінің кедергісі жоғары болады. Көз бен тілінің сұғы барлар бұл сырын өздері білетіні де білмейтіні де болады. Білгендері сұғы не тілі балаға я басқаға тигенін білсе, өзі келіп ырым жасап, "көзім тасқа" деп жатады. Көз бен тіл тигенде білетін адамға тіл мен көздің сұғының ашын алдырып тастаған жөн, мұндай ауруға шалдыққандар созбалы тіпті тұқым-қуалаушылық ауру мен қасіретті жағдайға да душар болады. Тіл мен көзден сақтанудың ұлттык қорғаныстық ырымдары да пайдалы болмақ. Таза дін жолындағылар көз бен тіл сұғын денеден тез шығарады. Аштау әдісі де пайдалы. Әр жанұяда бір адамның көз бен тіл сұғын қайыру әдіс-тәсілін білгені ұрпағын аман сақтаудың жолы. Бәріңізді де Алла көзі мен тілінің сұғы барлардан сақтасын! Енді калдың (меңнің) басқа да ерекшеліктерін білген де артықтык етпейді. Әрі қалы (меңі) бардың бәрін көзі мен тілі бар деу қате. Меңнің де бақыт, қуаныш, парасатты, мейірманды, киелі, дарынды, батырлық, өнершілік, т.б. касиеттер сыйлайтынын білген де пайдалы.

1.    Қал (мең) тамақта болса – ашық мінезділікке және әртістік кәсіпке бейімділік, табыс белгісі.

    2.    Кеуденің ортасында – жалқаулық, тұрақсыздық, қыңырлық.

3.   Кеуденің сол жағында – жалқаулыққа бейімділік, ұстамсыздық, тамақсаулық, ішімдікке құмарлық, махаббатқа дәрменсіздік.

   4.   Кеуденің оң жағында – белсенді өмірлік позиция, жігерлік.

   5.   Емшектің үрпінде – тұрақсыздық, салқындыққа бейімділік.

   6.   Оң жақ қабырғада – қорқақтық, жаңаны қабылдауға батылсыздық.

   7.   Сол жақ қабырғада – өзгермелі мінезді, еркелік, жалқаулық.

   8.   Кіндікте – өмірде жолы болғыштық.

   9.  Қарынның үстінде – тамақсаулық, өзінің әлсіз тұстарына қарсы тұра алмаушылық, ұстамсыздық. Жұптың бақытты болуы үшін мұндай адамның мінезі жұмсақ, байсалды кісімен көңіл қосқаны жөн.

    10.  Бөкседе – мінез-құлқының ең басты ерекшелігі – тапқыштық.
Батыл, бірақ тым махаббатшыл. Әуесқойлық түбіне жетуі мүмкін.

    11.   Белде – алдауға, өзін-өзі алдауға және мақтаншақтыққа бейімді.

    12.   Сол жақ шапта – эмоциалды тұрақсыздық, түрлі ауруларға бейімділік.

13.   Оң жақ тізеде – өзіне достық ықыласты аударуға қабілетті жұп бақытты болады.

14.   Сол жақ тізеде – әдеттен тыс мәнерге ие, ағат қылыққа бейім. Сондықтан да әжептәуір іскерлік қабілеті бола тұра, мінезі нашар келеді.

    15.   Оң балтырда – мақсат жолында жігерлі де табанды.

    16.   Сол балтырда – жалқаулыққа бейім. Бірақ үлкен қабілеттерге ие.

17.   Тобықта – адамға жылы қабақ таныту, әзіл-оспақты түсіне білу қабілеті жақсы дамыған.

18.   Өкшеде – оған зор ақыл-ой және дене күші белсенділігі тән, жаулардан сақ болған жөн.

    19.   Оң табанда – орын алмастыруға бейімділік.

    20.   Сол табанда – ойлылық, сезіктілік, отырықшы өмірге бейімділік.

    21.   Аяқтың алқымында – спортқа бейімділік, бірақ тым агрессивті.

22. Желкеде – өмірде биіктеу де, құлдырау да бар. Бәріне өлшеммен, үнеммен қарау керек.

    23.   Жауырында – абайлаңыз, сізді бақытсыздық күтуі мүмкін.

    24.   Оң иықта – сақ, байқампаз, алайда өз сөзіне берік.

    25.   Сол иықта – кез келген істен қанағат табу қабілетіне ие.

    26.   Оң қолтықта – күрделі істермен жекпе-жек шығу қаупі бар.

    27.   Сол қолтықта – қажырлы еңбек, сәттілік пен табыс әкеледі.

28.   Оң қолда – жастық шақта бақытсыздық аяқтан шалып, кәрілікте қанағаттанушылық пайда болады.

29.   Сол қолда – әдептілік сезімі дамыған, қарым-қатынаста әдепті, еңбекте ынталы.

30.   Шынтақта – талант пен табандылық тән, саяхатшылыққа құмарлық.

31.   Оң қолда (білезіктен саусаққа дейін) – сәттілік әкелетін үнемшілік.

32. Сол қолда (білезіктен саусаққа дейін) – өте өнертапқыш, әртістік қабілеті дамыған.

33.  Жауырынның ортасында – талапты ақыл, жақындарымен қарым-қатынаста ақжарқын. Достар таңдағанда сақ болған жөн.

    34.  Сауырда – қарым-қатынаста қарапайым, тілтапқыш.

35.  Шынтақта – шындықты бағалауға кесірін тигізетін, асыра айтушылыққа бейімділік.

Мұнда пайда болған меңдерге де ерекше назар аудару керек. Олардың арасында түрлі заттың, жәндік, жануардың бейнесін беретіндері де болады. Бұнда да үлкен сыр-құпия бары әлі зерттелуде.

Үстіңіздегі қалыңызға қарап-ақ өзіңізді, өзгені, жақының-ды танып-болжай алатын қабілетке ие боласыз.

Денедегі қалдың (меңнің) да сырын білуде әлі ашылмай жатқан адам тәнінің құпиясына аз да болса бір табан жақындау – сауатымызды ашудың мәдениетті түрдегі белгісін білдіреді.