ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

7

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

ҒАЛЫМ ШИПАГЕР ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ  «ШИПАГЕРЛІК БАЯН» АТТЫ ЕҢБЕГІ БОЙЫНША ШАҒЫН ТҰҢҒЫШ САХНАЛЫҚ КӨРІНІС

 

«ҚАЗАҚТЫҢ ҒАЛЫМ ШИПАГЕРІ ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ» АТТЫ VI-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕ КӨРСЕТІЛДІ ( Тараз қаласы. 24 шілде 2009 ж.).

 

Сценарийін және  «Шипагер баба» әні мен сөзін жазған: Зядан Қожалымов - Қазақстан  журналистер Одағының мүшесі,  мәдениеттанушы   және Өтейбойдақтанушы ғалым.

Қоюшы режиссер: Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы – Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, халықаралық фестивальдардың лауреаты, Жамбыл облыстық қазақ дарама театрының  актеры.

Шипагер ғалым Өтейбойдақ баба өмірінен шағын көрініс көрсеткен

Жамбыл облыстық қазақ драма  театрының майталман актерлері:

Өтейбойдақ рөлінде – Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Жасұзақ Айтпенбетов.

Әз Жәнібек хан рөлінде  - Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Алтай Сәдібек.

Жиренше рөлінде - Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Жүніс Әлімбек.

«Шипагер баба» әнін орындаған: Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің білімгері, әнші – Сатыбалдиева Зәуре.

Бейнелеу: Ғимараттың залындағы көрермендерге қарсы керегеге XV ғасырдың ғұлама ғалым шипагері      Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1495) туған жері Жетісу өлкесінің, Шалкөдесі аңғары мен Айғайтасы, тау қыраттары, ну орманы мен дәрілік өсімдіктері, өзені мен қараршасы т.б көріністерін бейнелеген суретшінің дикорациялық сызбасы ілінген. Сызбаның төменгі жағында сол замандағы Ұлы жүздің, Албан елінің бір тайпалы руының киіз үй бейнесінде қоныстары сызылған. Осы бейненің оңтүстік жағының ортасында екі қоржынын иығына асқан, қолындағы аса таяғына сүйенген, мұңды, аспан әлеміне қарай көз тастаған бір қарт ғұлама адамның бейнесі кескінделген. Бұл адам сол заман оқымыстысы, осы заманның екінші Ибн Синасы атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді.

Декоративті сызбаның ең жоғарғы жағында қазақ, орыс және ағылшын тілінде Ө.Тілеуқабылұлы атты Халықара-лық конгрестің өтетін мерзімі көрсетілген және ортасында Ө.Тілеуқабылұлының суреті бейнеленген декоративті жазу  ілінген.

Басталар алдында: Сахнадан сонау XV-XVII ғасыр-лардағы қазақ даласының зарлы әуенді үні баяу ырғақпен естіледі. Сахна шымылдығы ашылып, сол қанатынан зор денелі, қаба сақалды, басында сәлдесі бар, ұзын шекпен киген, екі қоржынын оң иығына асқан және аса таяғына сүйенген бір ұлы адам тұрады. Ол іштей ұзақ ойға батып жан-жағына қарап өзінің өскен ортасын, туған жерін, замандастарын, аралаған елін, атқарған қызметтерін, көрген қиыншылықтары мен жетістіктерін және жеке басындағы ауыр тағдырын есіне алып ауыр күрсінгендей болады. Бұл ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді. Ол ойлы жанарын тіке қадап ақырын таяғына сүйенді. Дауысын көтере сөйлеп көк аспанға көз тастайды. Одан кейін жерге отырып, таяғына сүйеніп өз мұңын өзіне баяндағандай құс ұйқылы көзі  жұмылып кеткендігін де байқамай қалды. Түсі ме,  әлде өңі ме, елеспе, әлдене түсіне алмай  аян алды.

- Ей, «Бойдақ» уайымдама, арманың орындалады. Уайымдама,-  деген үн құлағына нақ естілді де, көз алдынан сағым ішіне еніп бара жатқан ақбозатты, ақ киімді, ақсақалды қария  бейнесі көрінді. Ол бір демде ғайып болды...

-  Өтекең бұл құс ұйқылы түсін жақсылыққа жорыды. Алладан үміт үзбеді.

Өтейбойдақ:

-  Бисміллә, бисміллә, бисміллә.

О-о. Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла тағала. Сен осы әлемді алты-ақ күнде жараттың. Жұманы өзіңе құрмет көрсететін күн еттің. Біздің ғұмырымыз сенің қолыңда. Бірінші жұма күні көрген түсімді де, сенің жіберген аяның деп білемін. Сексеннің жиегіне іліне бастадым. Жинап-тергенімді, білгенімді, жазғанымды болашақ ұрпаққа несібе ете гөр. Алла тағалам несібе ете гөр. Жаратқан ием, 8 жасымнан шипагер әкем Тілеуқабылдың қасында болып көп нәрсені үйрендім, білдім көрдім. 70 жыл өмірім қазақ даласының Жетісу, Шалкөде, Жаркент, Нұра, Торғай, Сырдария, Омбы т.б. көптеген жерінде өтті. Ауырғандардың сырқатына Алланың әмірімен ем-дом жасадым. Өздігімнен оқып білім алдым. Фараби және Баласағұн сияқты  тағы басқа оқымыстылардың еңбектерімен танысып, өз білімімді өсірдім.  Өлдіге саналған үсігендер мен күйікке ұшыраған және суға кеткендерді де ажалдан алып қалдым. Уа, Жасаған өзіңнің берген ырызғы мен несібеңнің арқасында өзім жасаған емдік дәрілерімді алғаш өзіме пайдаландым. Ажал ауызынан өзімді-өзім алып қалдым. Сөйтіп мың өліп, мың тірілдім. Уа, көк аспан, мына мен басып тұрған қара жер, мен аралап қойнауынан дәрілік шөптерді алған ну орман тоғайым, менің кіндік қаным төгілген Шалкөдемнің Айғайтасы мен Қарааршам куә бол! Куә бол!

Жиренше:

- Асса лаумағалейкүм шипагер! 

Өтейбойдақ: Уағалейкумассалам, Жиренше төрлетіңіз.

Жиренше:

-  Шипагер, әулие десем де болады өзіңді. «Ей, Жиренше уайымдама, жазыласың» - деп жасаған ем-домынан міне, көріп тұрсың ауруымнан құлан таза айықтым. Алла разы болсын! Сені ел-жұрт Шашты Әзіз, білім ұрған, есі ауысқан дейді ғой. Бұл қалай?

Өтейбойдақ:

- Мүмкін, мүмкін. Адамның жаны мен басқару мүшесін білу үшін Омбыда жүргенімде тірі түлкінің терісін сыпырып алып далаға жібердім. Ол терісіз де зытты. Ақыры ұзап барып өлді. Шалкөде де тірі қойды бауыздамай жүрек жанына пышақ сұғып жіберіп жүрегін суырып алдым өлді. Қойды бауыздамай  басына  таспен ұрдым. Өлді. Осылай ми мен жүректің қызметін анықтадым. Шалкөде де тананың жұқа шабына баланың денесіне шыққан қызылшаны ектім. Сол екпемен қызылмен ауырғандарды емдеп жаздым. Кім білсін, атым да Бойдақ, жар да сүймедім. Жас сәбидің иісін иіскемедім. Өмір бойы білім қудым. Кезбе болдым. Елімде менің жайымды түсінер ілімді де жоқ. Бәрі сауатсыз. Өз әрекеттеріне өздері мәз. Ей, кім түсінер дейсің. Жазымышқа көнетін күнде жақын, ізімді басар, ілімімі мен білімімді жалғастырып ие болар да ешкім жоқ. О тағдыр-ай!

Жиренше:

- Иә, тағдыр. Әйтсе де соншама алыс жақтан өзіңді босқа іздеп келгенім жоқ. Әз Жәнібек ханымыз тек өзіңді күтіп отыр. Бұған не дейсің шипагер?

 Өтейбойдақ:

- Оу. Бұған не дейін, тезірек атқа қонайық деймін.

Жиренше:

- Әп, бәрекелді.

Өтейбойдақ:

- Ассалаумағалейкум хан ием.

Жиренше:

- Ассалаумағалейкум алдияр тақсыр.

Әз Жәнібек хан:   

- Уағалейкүмассалам!

Жиренше:

- Алдияр тақсыр, Сіздің бұйрығыңызбен келген өзі білгір шипагер алдыңызда.

Әз Жәнібек хан:

- Дұрыстап, толығырақ баянда.

Жиренше:

- Аты - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Ата тегі Ұлы жүз. Зарман. Зарман ішінде Албан. Лұқман Хакімнен тәлім алған. Мекені - Жетісу. Жылы – иіртек (ұлу). Өзі бойдақ. Өмір бойы шипагерлікпен айналысқан. Кемсөзді жан.

- Әз Жәнібек хан:

  Жарайсың

, алтынбасым Жиеренше.

Әз Жәнібек хан: (Өтейбойдаққа)

- Адам пендесін Алла жаратқанда неден құралмағы шарт болған?

Өтейбойдақ:

- Алдияр тақсыр, адам баласы Алла өзі жаратқан 6 несібелік, адал пендесі өзі теретін 6 нәсіптік ризықтан құралмаққа шарт.

Әз Жәнібек хан:

- Соңы немен тынбақ?

Өтейбойдақ:

- Жылап туылып, жырғап өсіп, ажалдан өшіп, елді еңіретіп, жерді күңірентіп (жалғасы)

жербесікке түспекке аттанбақ.

Әз Жәнібек хан:

- Ым-м. Сырқат деген не?

Өтейбойдақ:

-  Адамзатына ғана Алла жазған 6 несібеге сан алуан сырқат себепкерлері жұғып, науқастандырып бүлдіру арқылы тұғырлық 6 несібе мен 6 несібелік  ризықты дәнекерді бұзушы сырқат делінбек?

Әз Жәнібек хан:

- Сырқат қалай айықпақ, науқас қалай жазылмақ? Сырқат ішінде оңайшылықпен білінбейтін әрі жанға көп батпайтын бірақ айықпайтын сырқат қайсысы?

Өтейбойдақ:

- Әуелі сырқаттық сипат анықталмақ, соған сай шипа ем дарым заруаты дарымдалмақ. Дарымдалмағы табылса, айығымы алғысты болмақ. Шипа ем дарым заруатында һалал-һарамдық бөлініс жоқ. Олайы, Алла он сегіз мың ғаламды пенделік ризықққа жаратқаны рас. Науқасқа үйлесті күтінім шарты қажет. Бұлай болмағанда  бейнетті көп тартпақ, алдашы ажал торымына жолықпақ.

- Алдияр тақсыр, қандық уылмалық пенденің жанының бітістігі. Яғни, батымы аз болып көрінгенімен тұқым қуаламақ, әрді бұзбақ, ұрпақсыз қалдырмақ, ұрпағы болса да нақұрыстау болмақ, бұл еш емі жоқ айықпайтын дерт.

Әз Жәнібек хан:

- Ол қандай дерт, сырқаттар?

 Өтейбойдақ:

- Қандық уылмалық мерездік, құлғаналық миғұлалық аллалық шала жаралым болмақ. Емі шипасы тек алдын ала сақтану ғана. Сақтандыру Алла жар тақсыр, сіздің қолыңыздан келмегі аллалық жазмыш.

Әз Жәнібек хан:

- Иә, одан қалай сақтанбақ шарты бар?

Өтейбойдақ:

- Ол оңай тақсыр, сіз тек көз мұрын шартын орындауыңыз уәжіп мұқтасары.

Әз Жәнібек хан:

- Ол шартта қайсылар болмақ?

Өтейбойдақ:

- Ауыз, яғни бірініші ретте, жат төсектілік, жаман нәпсіні, һарам ниетті тыю шарт. Егер бір адамның заңды некелі әйелінен туған ұлы өз әкесінің заңсыз  әйелінен туған қызымен білместіктен үйлене қалса қанның ірігіштігіне, шала жарамдылыққа әкеп соғады. Яғни, бала көтереді, өлі туады немесе түсік бола береді. Ақыры қызы да ұлы да қандық уылмадан өліп өкінішке ұрынар. Бұны мен өз құлағыммен естіп зарын айтқандарды көрдім. Орыны толар ма? Бірақ, Алла сақтансаң сақтаймын деген. Екінші, яғни  көз ретте жеті атаға жетпей рулар арасында қыз алысу қандық уылма дертіне шалдықтырады. Сондықтан жеті атадан аспайынша қыз  алыспай құдаласпағаны шарт. Осы шартты қадағаласа ұрпақ ақылды, зейінді, өнерлі, аңғарлы, көркем болмақ. Үшінші айтпағым, яғни көз, мұрын ретте қарашаларымыздың салтында өте-мөте бозбалалар қыз-келіншектерді беттен зорлықпен сүйетін әб қылықты тыю шарт. Олар мұрынға жел түсіргіш пұшық болу сырқатын тудырып оны жұқтырып науқасқа шалдықтырады. Қоса айтарым сондай науқас пенделер ұсынған асты ішпеу шарт. Алла жар, хан тақсыр, ұлы даңқыңыз көкке көтеріліп аспандай асуына қараша халқыңыздың амандығы үшін тақсыр, сіз өзіңізге Алла берген жеті қазына, 41 ырыстың иесі болғандығыңыздан қамқорлық жарлық түсіруіңізді ел көңіліне деген үмітпен езгі тағзым жасаймын.

Әз Жәнібек хан:

- Жарайсың, жарайсың қараүзген шипагерім. Шипагерліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ. Сыртыңнан бұрында көп естіп едім. Көзің тұр шоқша жайнап. Қандым. Ризамын.

- Күллі Алаш ұранымның көркем болмағы үшін, ауыз яғни біріншіден жат төсектілік, жат ниет, бәт қылыққа бүгіннен бастап тыйым саламын. Әгәрәкім, кімде-кім күнәға батса, көзге ілінсе жұрт алдында қара маңғазға артына қаратып мінгізіп бетіне қалма жағып, масқаралап, өлімші еткіземін. 

- Көз яғни екіншіден, жеті атаға толмай үйленгендерге екеуіне де өлім жазасы шарт.

- Көз мұрын яғни үшіншіден, жалпы сүйісу, жат қылыққа баруға бүгіннен бастап тыйым саламын. Жұқпалы науқас болған адам баласына тостағанның шетін тістеттпеуі шарт. Жаза 50 қамшы, дүре. Қарсы болғандар жер үймекке көмілмек.

Әз Жәнібек хан:

-Жиренше, осылай деді, -  деп шабармандар төрт тарапқа жар салсын.

Жиренше:

- Алла жар тақсыр, хан ием айтқаныңызды орындаймыз.

Әз Жәнібек хан:

 - Жарайсың Қараүзген шипагерім Өтейбойдақ. Мен саған ақ ордадан оңаша орын беремін. Өңгер, білгенінді титтей қалдырмай, жасырып жаппай, еш бүкпесіз толық және ашық жаз. Қазынада сақтаймын. Ұрпаққа мирас болсын. Сыйыңды алып, мәртебеңді  иелейсің. Халқымның дені сау, көркем ұрпақ таратуына тер төк.

Шипагер баба» әнінің әуені жайлап ойнай бастайды).

Өтейбойдақ:

- Е, Алла көрген түсімнің аян екеніне шүбәм болмап еді. Тәубе, тәубе, міне, міне шипагерлік баянымды армансыз жазып қалдыруыма мүмкіндік туды. Иншалла, иншалла. Ісімді бастадым.

- Өтіп бара жатқан өмір-ай. Хан иемнің тапсырмасы бойынша «Шипагерлік баянымды» жазғаныма да жеті-сегіз жылда өтіпті-ау. Қуанышым қойныма сымай барады. Еңбегімді саралап, даралап, қайта мәндеп, сәндеп бітірдім. Енді Алла бұйырса ертең хан иеме апарып көрсетуге Алла нәсіп ет!

(Өтейбойдақ өте қуанышты еді. Шаршағанын ұмытып, жаны бір рахат тапқандай күйге енді де, күнделікті төсегіне жатып дем алуға ыңғайланғанды. Құлағына жағымды ән үні естілгендей. Бірақ, шипагер Өтейбойдақ  өз ұйқысынан шошып оянды. Құлағына жағымсыз айғай-шу үні естілгендей. Ол өз құлағына өзі сенбеді. Аттан! Аттан! Аттан! Жау шапты! Жау шапты! Деген айғай бүкіл даланы басына көтерді. . Аңыраған аналар мен жас сәбилердің зарлы жылауы, мал жануардың шуылдауы аспан әлемі астаң-кестең болды да кетті. Шипагер баба бір сұмдықтың болғанын сезді. Ол да өз қамын жасап, бұл арадан аманында тез шығып, еліне кетуге әрекет етеді) .

Өтейбойдақ: («Шипагер баба» әні орындала бастағанда).

- Хан ордасында көп тұрақтай алмадым. Сол түні ғақбытылы хан Темір ойда жоқта ордаға басып кіріп Жәнібек ханды өлтірді. Мен жан сауғалап босқындармен бірге Ақордадан әрең қашып шықтым. Күн демей, түн демей жүріп отырып туған жерім Шалкөдемнің Айғайтасына жеттім-ау! Жеттім-ау! Әйтеуір жеттім-ау саған!  Са-а-ға-а-н!

- Қуанышым ерте болған екен. Тіссіз шопандай жасым қалды. Енді «Ши пагерлік баянымды» кіндіктес інім Топайға аманатқа тапсырамын. Босқа зарлағанша түзейтінін түзеп, күзейтінін күзеп, жазғандарымды жөндей берейін. Ұрпақтардың игілігі ғой. «Үмітсіз сайтан», ажалым жетсе, кеміс қалар. Өткен іс өтті, өлер шақ таяды. О, жалған дүние-ай!

- Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл соңғылықтар қадірін біліп ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ. Алла жар бола гөр!

- Ой дүние-ай. Іске аспады арманым

                                   қараң қалды,

Шың басыңа шығарда арандалды.

Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,

Жаман ат, жаман ырым мазамды алды.

Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяңдалды,

Мені өшірмес артымда  шипалық

                                   баян қалды.

-Ей жас ұрпақ сендерге аманат! Сендерге аманат! Аманат! Аман-а-а-а-т!...

Сахналық көрініс соңы: «Шипагер баба» әнінің орындалуымен аяқталады.

 

                                

ШИПАГЕР БАБА

 

                            Әні мен сөзі:      Зядан Қожалымовтікі                                  

                            Орындаушы:      Зауре Сатыбалдиева

 

Тәуелсіз ел еңсесі биік деген,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Өтейбойдақ еңбегі дараланып,

Қытай, қазақ ғылымы  төрін берген.

 

Қайырмасы:

Данашпан атам,

Ғұлама бабам.

Ақылы асқан заманнан,

Әр сөзі дана.

Ілімі дара,

Өшпейтін мұра қалдырған.

 

Шежіресінде халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған.

Жаһангер асылдардың көшін бастап,

Шипагар Өтейбойдақ дараланған.

 

Қайырмасы:

Қазақтың шашты әзизі сөзі қалды,

Шипалық баяндай көзі қалды.

Жарты ғасыр жат елде жатсадағы,

Туған елге дүние-ай қайта оралды.

 

Қайырмасы:

Ел білімі дәулеттің қайнар көзі,

Бабаның іске асты арманы енді.

Ұстанып қадіріне жете білсек,

«Шипа баян» ұрпағына ғылым енді.

Қайырмасы:

 

pic

 

 

III ТАРАУ

 

ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ


 

3.1 ЖАН ТІРШІЛІК ИЕСІ

 

Өлім мен өмірдің арасын жалғастырып тұратын тіршілік иесі жан екеніне күмән жоқ. Ғалымдар жан жөнінде әлем ғылымында әр түрлі көзқараста ғылыми тұжырымдар беруде. Десе де, түрлі танымдық шешімнің бір жақындығы бары анықталып келеді. Сондықтан да, адам қайтыс боларда арнайы сезімдік өлшемі жоғары таразыда өлшенгенде толық биологиялық өлімнен соң адамның салмағы тірі кезіндегіден 2,5-нан 6,5 грамға дейін азаятынын байқаған.

Бұл жоқ салмақты (2,5-6,5 г) жан деп тұжырымдауға келісілген. Осы тәжірибені жүзеге асырған Ленинградтық дәрігерлер: "Жан дегеніміз адам денесінен қайтыс болған сәтте бөлінетін жұмыртқа пішіндес нәрсе екен" - деп арнаулы бақылау құралымен кадағалағандарын айтады.

Ал, клиникалық өлім, қайтадан тірілген адамдардың айтуынша, "жан орналасқан дене негізгі дене емес" - деп жазады американдық ғалым Раймонд А. Муди. Ол: "Жан аяқ-қол, басқа ұқсас мүшелері бар, доп тәріздес болып келген дөңгелек пішінді дене" - деп қорытындылайды.

Дегенмен, осы пішінді (жанды дене) адамдарды көргенімен әрі даусын естігенімен, олармен қарым-қатынасқа бара алмау себебін Раймонд А. Муди – бұл жанның дененің салмақ, қозғалыс және кеңістікте орналасу тепе-теңдігінен айырылуынан деп түсіндіреді.

Жаны рухани денеге енген адам рухы өзі көргісі келетін адамдарды көре алады және сөздерін естиді. Ал, адамдар оны көрмейді. Былайша айтқанда, жан кедергісіз қалаған жеріне өте алады. Олар әр түрлі физикалық объектілерден кедергісіз өтеді және кеңістікте бір орыннан, екінші орынға орын ауысатыны өте тез әрі жеңіл өтіп жатады. Мүмкін бұл жанның мәңгілік өмірдегі орны шығар, ал бұл әлі шешілмеген жұмбақ.

Қара жерді еркін басып жүрген Алланың пенделері, өлім жөнінде еске алмағанымен де, соңында бір өлім барын сезетіні рас. Сондықтан да:

"Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,

Адамзат бұл өмірге қонақ екен" -

деген сөздері "шолақ өмірге" -  "қонақ" болып келгеніне, жақсылық жолында болсақ жанымыздың кейін о дүниеде еркіндікте болатынына сену болып табылады. Дін ұғымы бойынша, жан мәңгі жаратылыс деп есептеледі. Ақырғы тыныстық, ақтық демі жақындаған адамдардың айтуын­ша «кісі өлген кезде маңайында және көрші үйлерде не болып жатқанын көре алады екен. Біраз уақыт өткен соң өлген адамның жаны белгілі бір түтікшеге ұмтылып, өте жоғары жылдамдықпен ұшып шығады екен. Жан денеден бөлінуінің толық уақыты 70-72 сағатқа созылып, денеден жеке бөлініп шығып ұшуға дайындалғанда (көтерілуге) "екі қарауыл" күтіп тұрып, жанды басқа әлемге енуге дайындайды екен». Ажалсыз адам жоқ. Ажал айтып келмейді.

Жаратушы Иеміз әр адамға жекелей "Тағдырлық жұлдызнамасын" белгілеген. Осы жұлдызнамада не жазылса, өмір сүру кезеңі аяқталғанша ол өзінің сатылық секіру уақытына қарай толық орындалады. Ақырғы демнің аяқталуы адамның тіршілік кезеңінің тоқтауы болмақ. Бұл Алла тағала маңдайыңа не жазса сол болады немесе "Маңдайдағы үш әріп" деген құписы Алланың жеке адамға бекіткен ғарыштық бақылау жүйесінің коды деп қабылдауымыз керек.

Біз осы "Маңдайдағы үш әріп" заңы бойынша бұ дүниеде өмір сүріп, тірлік етіп, өсіп-өніп, ұрпақ таратып тіршіліктің эволюциялық, даму кезеңін басымыздан өткізудеміз. Көбіміз көбінесе жақсы түстер көргенде әлемді шарлап, аспанда қалықтап, таулардан еркін асып, қыраттар мен жыра, көл-дариялардан т.б. бөгеттерден аттап етіп ояна кеткенімізде түсіміз екеніне қуанып, жақсылыққа жорып жататынымыз сондықтан да болар.

Діни және ғылыми анықтамалар бойынша адамның тұлғалы денесін оның жаны мен тәні құрайды. Таза жан мен таза тән сапалы болса, саналы ұжданға ие. Ұждан жеке адамның адамгершілік өлшемі әрі ары да. "Жаным – арымның садағасы" деген ұлы сөз, ата-бабаларымыздың "Жанды", оның ерекше касиетін жоғары бағалағандығы дейміз. Өйткені жан ол Жаратушының жеке иелігіндегі нәзік тұлға болса, тән жеке адамдық тұлғаның меншігі. Адам қайтыс болғанда біз оның жанын көрмейміз де, тек қана тәніне ие болып, арулап жерлеп, жақсылығын еске алып, рухына құрмет етеміз. Мұсылмандықтың діни заңына сай, өмірден өткендердің қарасын, үшін, жетісін, қырқын, жылын атап өтіп, әруағына дұға оқытып, мәңгілік сапарға кеткендерге құрмет етеміз. Бұл салт-дәстүр "Құдай ұрған оңалады, әруақ ұрған оңалмас" – деген халықтық филосо-фиялық даналық сөзінің негізі демекпіз. Кайтыс болған адамға мұндай құрмет жасаудың өзіндік құпия сы­ры бар.

ҚАРАСЫ (Қонағасы) – адам кеудесінен жаны шықкан күн. Бұл медицинада адамның жүрегі тоқтап, 5-6 минуттан соң миының толық тоқтауы дейді.

ҮШІ – денеден бөлінген шыбын жан тәнді қимай, сол дене айналасында аялдап жүреді екен. Қайтыс болған адам өзі сөйлей, қозғала алмағанымен денедегі биологиялық қозғалыс өзгерісі үздіксіз жүргендіктен, өлі дене бәрін сезіп жатады. Бұл кезде сақал, мұрт және тырнақ өсіп жатады. Өлген адамды денесін жуып, жаназасын шығаруға алып шыққанда, молда жаназа дұғасын оқып, "Жаназа" деп айта бастағанда жан-тәнмен байланысын үзіп, тән сезімталдығынан толық айрылады екен.

ЖЕТІСІ – шыбын жанның о дүние есігін алғаш ашып, ахиреттік тозақ оты алдында жауап беру кезеңі. Ғылымда бұл өлі денедегі қанның ұйып, ал ұйымағаны денеден әр түрлі жолдармен сыртқа бөліну кезеңі.

Жан бұл уақытта кеңістікке еркін көтеріліп, алыстай алмай жүреді. Жан мен тән егіз. Сондықтан да болар, жан кейде тәнді қимай, сен мені қабылда дейтін де кезеңі болады. Кейде жан мен тән келіскенде, жерленген адамдар тіріліп кетуі осылай жүзеге асады. Әрине, мұндай жағдай өте сирек болғанымен, өмірде жерленгендердің тіріліп дыбыс бергенін, кейбіреуінің жанашырына түсінде аян бергенін, өздерінің Алланың құдіретімен бейіттен шығып үйіне келгендерін және жүкті болып, босану уақыты жақындап өлгендердің де ішінара бейіт ішінде босанып, қайта ана өмірге аттанғанын бұған дейін де баспа беттерінен оқыдық. Кейбір жағдайлардың өз елімізде болғанын да білеміз. Бұл қалай? Ешкім де әлі жауап таба алған жоқ, мұндай құбылыстар көбінесе жетісі кезінде болуы да таң қаларлық.

ҚЫРҚЫ – шыбын жанның (рухтың) о дүние сотына қаза жауабын беруінің басталуы. Медицинада бұл уақытта тән сөгіледі, ериді, ағады немесе толық бұзыла бастайды деп есептейді.

Қырқына дейін өлген адамның жаны (рухы) 6-8 шақырым биіктікте, кеңістікте (ғарышта) қалқып жүреді. Ал рухы нашар дегеннің жаны өлген соң биікке, ғарыш алаңына қарай көтеріле алмай қиналады. Өте жаман-шылық еткен, кісі өлтірген, қатал қарғыс алған дуашылар мен сиқыршы-лардың кейбіреулері осылай жағдайға душар болады. Кейде, операция кезінде қайтыс болып, мүшесі кесіліп алынған-дардың жаны да көтеріле алмай, өзінің бөлшегі алынған орынға аянмен келіп тұрады. Немесе, сол операция жасаған орынға кейін түнеген, тіпті күндіз ұйықтағандарды да мазалап, қылғындырып, кейде әр түрлі жиіліктегі дыбыс шығарған кездері де болады. Әрине, өзің көріп, өзіңе кеңес беріп, ауыр жағдайды қалпына келтіргенге не жетсін. Соның бір куәсі – мен 1994 жылы шілде айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының орталығы Асада болғанда, ауылдық ішкі істер мекемесінің күзет қызметкерлері демалатын бөлмеде осындай жағдай ұдайы қайталанатынын айтты. Бөлме пайдаланылмайды. Өте қорқынышты. Зерттей, сұрастыра келгенде, бұл орын бұрын емхана болғаны, ал келесі бөлмеде ауруларға операция жасалғаны анықталды.

Себебі табылды, шешімі қойылды. Шариғат жолымен шарттар орындалды. Тыныштық орнады. Бұны жазу себебім, көбінесе бұндай құбылыстар жөнінде қаламгерлеріміз, бөгде біреулердің, ұлттардың, тіпті, өзі көрмеген шетел баспа бетіндегі материалдарды пайдаланатыны. Бұл олардың қолында арнайы құпиялық мәліметі жоқтығынан болса керек. Құдайға шүкір, енді өз еліміздегі, оның ішіндегі өз ұлтымыздың ерекше құпиясын жария ету басты мақсат болмақ.

ЖЫЛЫ – бұл уақытқа дейін рух (жан) толық ахирет соты тергеуінен өтеді. Алғаш тозақта сұралады. Жан тазаланады. Жан бірнеше сатылық тазалау сүзгісінен өтеді. Ал, медицина болса, бұны тәннің биологиялық өзгерісі аяқталып, тәндегі ет пен сүйек бір-бірінен толық ажырауы деп есептейді. Жылы аталып, рух құрметіне дұға оқылғанға дейін жан өз үйіне ақырғы сапарымен келеді. Үй айналасын шарықтап, қалқып ұшады. Тіпті, дастархан жанында да болады, адамдарды көреді (біз көрмейміз). Қуанады. Рахметін айтады. Дұға оқып, әруақ атын атап, бата бере бастағанда, тіпті дұға оқығанда төбеңнен ып-ыстық нұр төгіліп, ол төбеңнен кіріп, денеңе тарайды. Бар денеңді аймалағандай сипай өтіп, нұр мен жылу белгісін шашады. Кім білсін, бұл әруағымыздың арттағы ұрпағымен, оның ішінде құдай сүйген құлымен ақырғы қоштасуы ма? Әйтеуір, бір тылсым күш иесі бары шындық демекпін.

Жылын (Асын) таратып, батадан кейін жақындар әруақты еске алып, дауыс шығарғанда рух (жан), біртіндеп жерден алыстай барып, өз жылдамдығын тездетіп, ахирет сотының үкіміне сай, өзінің барып орналасатын орнына (тозақ не пейіш) қарай, ғарыштық кеңістікке жетуге асығады. Жан тәнмен мәңгі қоштасады. Жан тазарған астралды жеңіл тұлғаға енеді. Бұл құбылыс жерден жоғары орналасқан ай қабатында жүзеге асады. Сондықтан да, айды «астралды қабаттың астанасы» деп атайды. Деседе, тозақ та және пейіш те жеке ғаламшар, әрі көп сатылы, әрі белгісіз көп қабатты екенін білген жөн. Бұлай болуы пенденің жер бетінде жасаған жақсылығы мен жаманшылығы бойынша ахирет соты шешіміне карай, рухтың орналасу жөні болмақ.

Өлімнің ақ және қара өлім болуы да жазмыштың тағдырлық бұйырымы.

Жасы жетіп қартайып немесе ауырмай кенеттен жан тәсілім болғандар мен ораза мен құрбан айт кезінде қайтыс болғандарды жасына қарамай«ақ өлім» дейді. Ал апаттардан, зорлықпен, қасақаналықтан, өз-өзіне қол жұмсаудан, азғындық жолынан т.б. өлгендерді «қара өлім» дейді. Іншалла, Алла тағала өзі сүйген құлдарына ақ өлім берсін демекпіз.

Алла тағала өзіне кім қажет болса, жасына, жынысына, дәрежесіне т. б. қасиеттеріне қарамай сол пендесін шейт етеді. Кейде катты қайғырып, көп жылап, көп ойлап әруаққа маза бермеу Алланың құдіретіне қарсылық болады. Әрі әруағымыздың (жанның), о дүниеде еркіндігіне қатты әсері болады. Неғүрлым Алланың құдіретіне тәубе еткен сайын, дұғаларымыз-дың тілегін Алла тағала қабыл етіп, әруағымыздың "жаны жәннәтқа, орны пейішке" карай тез жетуіне зор көмек болады. Бұны білген жөн. Бәріміздің де о дүниелік екенімізді ұмытпайық. Жер бетіндегі пенденің (тірі) өзіне-өзінің және басқаға, қоғамға және ұлтына т.б. көрсеткен жақсылығын сырткы жоғарғы бақылаушы, көрінбейтін күш бағалап, қадағалап, есептеп отырады. Пенденің тағдырлық кітапшасына жазылады. Теріс кылықтары да қатталады. Таразыға өлшеніп, о дүниедегі ата бабасы рухына да жетеді. Қысқасы, о дүниедегі тағдырлық көрсеткіш тақтасынан рухтар өзінің жер бетіндегі тірі ұрпағының жақсылығын әрі жамандығын біліп отырады. Жер бетіндегі ұрпақтың пайдалы ісі көрсеткішіне қарай, пенденің о дүниедегі ата-бабалары рухының (жанның) ғарыш кеңістігінде орналасуының сатылық қабаттық орны белгіленеді. "Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас" – деген,  нақыл сөзін әруаққа зор парыздық, ұрпақтық құрметті ұмытпауға үйрету, бағыт беру деп түсінген жөн. Сондықтан да өз ата-баба және жақындарымыздың әруақтарының  назасынан сақтанайық.

"Клиникалық өлім" кезінің 19-27 минуттық аралығында, осы жағдайға душар болғандардың баяндауынша, жан (рух) денені тастап (тәнді) қайта оралғаны, тіпті өлді деп жерлеуге апара жатқанда тіріліп кеткені өмірде болған жағдай. Бұл қалай болды? Адамның денесі оң және теріс электр зарядтарынан тұрады. Мүмкін денеде зарядтардың кездейсоқ тұйықталу кезі болып, денедегі жарық өмір көзі уақытша сөне ме немесе екі зарядтың аралық байланыс жүйесі қатты ауытқып зақымдалады да, әйтеуір денеде бір күшті биологиялық қатты тербеліс болатыны рас. Денедегі зарядтық жүйені реттейтін бос электрондар бір ауыр күш қысымына душар болуы ғажап емес. Қысқасы, бұл клиникалық өлімді жәй ғана, жел болғанда көшедегі  бағананың жалаңаш  екі электр сымының (ашык) өзара айқасып тұйықталып, ал жел басылған соң өздігінен ажырап кетіп, қайта іске қосылғаны сияқты ма деп те ойлауға болады.

Заряд демекші, адамның биоқуаты болғандықтан кейде, қол ұшынан немесе денесінің бір бөлігінен ұшқын шығады, тіпті киімнің сыртынанда көк жасыл толқынды ( аура) байқауға да болады. Бұл ұшқын денені құрайтын жан мен тәннің үлесіне жатады. Ендеше, бір тірі дене ғана электр зарядын бөліп қоймай, тән де және жан да ұсақ бөлшекті электрондардан тұратындықтан, олар да жарық шығарады. Кейде бейіттер ішінде пілтелі шамның жарығының жарығындай, одан да әлсіз сәуле көрінуі тәннің өз құрамынан электр зарядтарын шығаруы болуы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне бола бермегенмен, халқы өте әулие санаған киелі әруақты бабалардың мазарат-тарында көптеп қайталанады. Бұл да Алланың өзі сүйген жақсы құлда-рының рухын (жанын) жарқыратып, өз құдіретін құлдарына жеткізудің бір жолы болар. Киелі жерлер де болады. Ондай жерлерде де шам жарығы түнде жанып, жарқырап тұрған кезі болған. Мысалы, Павлодар қаласы маңында "Мойылды" демалыс үйі шипалы көл жағасына орналасқан. Осы көлдің төрт бұрышында, елуінші жылдарға дейін түнде төрт шам жанып тұратын дейді, сол жердің көзі тірі қариялары. Мүмкін, бұл да қасиетті көлдің иесі, құдіретті рухтардың жарығы ма әлі шешімін таппаған жұмбақ құбылыстар екенін шындық  деуге толық негіз де бар.

Егер біз физика ғылымының дәлелдеуі бойынша, ашық сымның бойынан бойлап өтетін электр зарядтары да "буланып" кейде "тозаңданып" кететініне сенсек, жан мен тәннен шығатын "ұшқынды" жарық сәулеге де сенуге болады.

Жанның денеден бөлініп, кеңістікке ұшып кететініне өзім де куә болдым. Ұзақ жылғы ғарыштық тәжірибеден мен де өтіп келем. Аянды түсімде аламын. Көрген түс шешімін іздеймін. Анықтауды жоспарыма қоямын. Кейде мені ұйқыдан бір күш кеудемді қысып оятады. Көзім ашық. Өзім жатқан бөлме төбесінде, қалқып тұрған "Алтын түсті" шұбаланған жіп тізбектерін көрем. Әлгі ғаламат тізбектер терезеден кіріп, есікке қарай 7-10 минуттай өтіп жатады. Кейде жұлдыз болып көрінеді. Кейде мешіт, қуаныш ордасы жайлау, орман, көл, өзен болып та көрініп, өз бағыттары бойынша сағым болып ағып жатады. Көріп болдыңау дегендей көзімді бір күш жұмуға тырысады. Кей кездері екі реттен қайталанады. Әрине, бұл жағдай ұдайы емес. Өзінің мезгілімен келеді. Бұлар мені қорғаушы, бақылаушы, бұйырушы, демеуші күштер екенін сезе бастаймын. Менің жұмысымда (қоғамдық) бір жақсы ілгерілеу болады. Кейде кеңістікке жанның ұшқанына да куә боламын. Бірде аспанда (казан, 1992 ж. Қарағандыда) маған өзімнің қарсылас-тарымды көрсетті. Бұрын ертеде болғандардың қайсысы қайда, қандай жағдайда отырғанын көрсетті. Мыналар бұрын арамдық істегендер ал, мыналар бұрын жақсы өмір сүргенімен, олардың жер бетіндегі ұрпақтары Жаратушысын, әруағын ұмытты. Кәпір болды. Пенделерге жамандық жасауда. Біз бәрін көріп, біліп отырмыз, олар өз ұрпақтарының ауыр кінәсі үшін бұл дүниеде жазалануда дейді. Енді әруақ назасының жаман екенін білейік.

"Жаным менің, сен қашан жай табасың" деген о дүниедегі рухтар үні құлағымнан бірнеше жылдан бері әлі кетер емес. Бұл үн елімізде, ұлты-мызда имандылық салтанат құрған сайын, азая беретініне  сенгенде дұрыс.

Осыдан-ақ, өмірден өткен бабалардың рухы, артындағы ұрпағына өкпесімен қатар жақсылығын тілеп, өзі сүйген пенделеріне тыныштық бермей жүргенін жоққа шығаруға болмайды. Біреулер менің "Әруағым күшті" дейді. Бұл оның сауатсыздығы. Әруақтар да Алла тағаланың бұйрығы бойынша жүреді. Әруақты саудаға салуға, бекер күнәкәр-лікке баруға жол беруге болмайды. Әркімнің таза ниетіне карай, Алла тағаланың шешімімен койылған, корғаушы, бақылаушы, бұйырушы, орындатушы, әртүрлі стильде тергеуші, тексеруші күштері барын білу артық емес.

Әр түрлі дәлелдер мен болжамдарға сүйенсек адамның жаны төбесінен (орайдан) шығады десе, кейде жан сол көзден шығып кіреді деушілер де бар. Жан қан айналу жүйесінің бойына орналасқан деушілер де жоқ емес. XV ғасырда ұлы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ("Шипагер-лік баян", "Жалын", 1996 ж.) жанды малдың басынан ұрып жығып өлтіру арқылы немесе тірі қойдың төсін пышақпен тіліп жіберіп, жүрегін жұлып алу арқылы анықтауға ұмтылды. Дегенмен, талай ғылыми жаңалық ашқан баба бұл жан жөнінде де өзіндік жақсы шешім кабылдаған да болар. Амал канша кітаптың көп бөлімінің жоқ болуына байланысты, ғұламаның жанның не екенін анықтауға талпынысын еске алудан ары аса алмаудамыз.

Әйтсе де, жан дегеніміз көзге көрінбейтін, нәзік, сезімтал, газды нұр пішініндегі, түссіз, бүкіл дененің тетіктерін желім сияқты желімдеп, жалғап тұратын қуатты қоздырғышқа ұқсатасың, кейде дененің біз білмейтін ток шығаратын (заряд), генераторы ма дейсің. Қалай десе де, жан адамның тәні (денесі) үшін мөлшерлі өмірдің мәңгілік қуатты моторы екеніне күмән жоқ.

Кейбір адамдардың ажал жетіп, шыбын жан кеудеден шыққан соң, осымен өмір тоқтады деген шала сенімнен айырылғаны жөн. Жан бұдан кейінгі мәңгілік өмірді де жалғастырушы нәзік күш екенін білген артық емес. Француз жазушысы Виктор Гюго: "Мен дегенің pyx. Көрге мен емес, менің тәнім ғана баратынын жақсы білемін. Ал менің "Менім" көрге бармайды, басқа жаққа бет алады. Өйткені, қай нәрсе болса да ұдайы өрге өрлеп, көкке көтерілу үшін жаратылған. Хайуанаттан адамға, адамнан құдайға жетуге ұмтылады. Мен өзімнің болашақ өмірім бар екенін айкын сезінемін" дейді. Адам да нулы орман сияқты нулы кішкене әлем. Орман бұтағы қырқылғанымен, оның қайта гүлдеп өскеніндей, адам да о дүниелік болғанымен, жаны арқылы қайта жаңарып ғаламат өмірге ие болып, өсетінін білдіреді. Адам тірлігінде каншалық көп іс тындырдым дегенмен, ол өзінің атқаратын ісінің мыңнан біріне ғана үлгереді. Ахиреттік болу, ол екінші дүниенің есігін айқара ашып, жаңа жұмыстың басын, бұрынғының жалғасын бастау болмақ.

Біздің өзіміздің ар-ұжданымыз кіршіксіз таза болса, онда бізге ешқандай зиянкестік әсер ете алмайды. Адамдар осыны білуі тиіс.