ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

25

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

9.2   ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ӨЛШЕМІ

 

Әрбір адамның жеке басының жауапкершілікті түсінуі оның адами тұлғасының танымының жоғарлығын білдіреді. Көбінесе немқұрайдылықтың салдарынан сәтсіздіктерге жол беруде осы жауапкершіліктің маңызына жете баға берместіктен болмақ. Жауапкершіліктің ең бастысы отбасылық жауапкершілік, ұрпақтық, туыстық, ағайындық, рулық, ұлттық, жолдастық, қауымдық және қоғамдық жауапкершіліктерді түсініп, оған толық баға бере отырып өзара қатынасты сапалы дамытуда және мәдениетті қатынас жасауда жеке тұлғаның өзіне деген  жауапкершілігінің мәдениеттілігі мен сауаттылығын білдіреді. Осы қағидаларды біздің ата-бабаларымыз ерте заманнан-ақ білді, бірін-бірі сыйлады, қоғамдасты, ұлттық мемлекеттің ірге тасын қалап оның кең байтақ даласының аймағын бізге қалдырды. Бүгін ұлт ұрпақтары сол бабалар мекенінде қайғы-қасіретсіз өмір сүріп, елімізді әлем толық тану дәрежесіне жеткізу жолындағы еңбектерімізде айқындала бастады. Мәдениеттілік - адами келбеттің өлшемі және танымдық тәрбиелік білімділіктің негізгі қайнар көзі екендігі анық. Біз газетіміздің өткен санында «Емшілік мәдениеті» жөнінде біраз нәрселердің кері әрекеттері жөнінде, оның қоғамға, ұлтқа және жеке емшілердің абыройына болашақта үлкен зияны барын атап өттік. Өйткені, біз емшілердің жеке психологиялары мен танымы жөнінде жиырма жылға жуық зерттеп, зерделеудегі ғылыми талғамдар арқылы білдік, бағаладық, жіктедік және арнайы тұжырым жасадық. Сондықтан да қоғамдық ұйым Қазақстан халық емшілері қауымдастығы және оның жауапты басшылары мен мамандары әрқашан да, емшілер тарабынан атқарылған игілікті істерді оқырмандарға тұрақты хабарлап тұруға  және ыңғайсыз әрекеттерге қатал сындық көзқараспен қарауды, оларды әшкерлеуді өздерінің басты жауапкершілігі деп санайды. Емшілер арасында аттарын атамағанмен (тарихи еңбекте аталады) өзінің ұшқан ұясына, ауыр жағдайларында құлағандарға тіреу, қисайғанлдарға сүйеу тіпті, абыройларын республикалық және әлемдік дәрежеге көтергендер ішінен қауымдастықтың шаңырағына түкірушілер де барлығын жасыра алмаймыз. Бұндайлар сонау 1992-1994 жылдар аралығында да болған. Олардың бүгінде аттары да аталмайды, өз абыройларын өздері төгіп, өз отттарын өздері өшірді. Міне, осыдан-ақ емшінің жеке басының міндетті жауапкершілігіне  мәдениетсіз жауапкершлікі тұрғысынан қарағандығын аңғартады.

Мәселен, қауымдастықтың Жарғысының баптарында оның мүшелерінің (емшілерінің) жеке міндеттері мен құқылары жөнінде айқын жазылған. Осы екі міндет пен құқыға жеке мүшелердің жауапкершілікпен қарауы бір қалыпты болмауы неден?  Неге жеке емші өзінің құқын пайдалана отырып, басқа арам ниеттілердің  қауымдастыққа қарсы әрекеттеріне қарсы пікір білдіру міндеті өзінің басты жауапкершілігі екенін неге түсінбейді? Сонда әрбір емшіге осыны түсіндіру үшін арнайы заңгер қажет пе? Әрине бүгінде қауымдастық емшілерінің барлығы мамандық саласы бойынша толық оқулықтармен қамтамассыз етілген. Жыл сайынғы ірі бас қосуда үлкен пайдасын тигізуде. Осындай бір игілікті жылына бір ғана рет өткізілетін қауымдастықтың Халықаралық шараларына себепсіз қатыспайтын мүшелерде баршылық. Біз бұлардың «Шортандарын» арнайы Құрылтай қаулысы бойынша құрамнан шығардық. Интернетке жібердік. Бұдан жауапкершілігі жоғары емшілер мен оның қауымдастығы ұтпаса, ұтылмасы анықЖауапкершілік - ол кез келген ұйымның мүшесінің адамгершілігінің айнасы және тәрбиелік иманының мектебі. Жеке емшілер жауапкершілігі - оның адами келбетінің, иманының, парасаттылығының, білімділігінің, танымының, байсалдылығының, қайраттылығының және мәдениетінің өлшемі екенін білген жөн.

 

                                                              1.3    ҚОЛЫНДА ҚҰРАНЫ, АУЗЫНДА ИМАН

Діндарға керек қасиет осы емес пе?

 

Кешегі мен бүгіннің арасы үзіліп, қайта жалғанды. Сондықтан қазіргі адамдарға жаңалықтың бәрі таң. Әйтеуір Алланың ақ жолына түсу ниеті-мен көңіл құлатқан оларды сендіріп сезіндіру де немесе шошындырып бе-зіндіру де оңай. Егер дін жолын уағыздаған адам жаңағы ниеті бері бұрылған замандасына бәрін ыждаһатпен түсіндіріп, жылы қабақпен қарсы алып, бастағанын қолдап, кемшілігін соншалық бетіне баспай, сүріндірген, шор-қақтаған тұстарына кеңшілік жасап жетелесе өзіне де өзгеге де сауап қой. Керісінше аздап тіл сындырғанын міндетсіп, көпшілік қолпаштағанды көтере алмай күпсіп, акша көрінгенде ақ жолдан алдымен өзі тайып, оны "шариаттың сан жолы барға" жатқызып, тыңдаушыдан бүркемелеуге тырысып әлектенгенмен бәрі бір, көптің қырағы көзіне ілігіп, дүмшелігі ашылып жатса мұсылманның обалына қалмай ма? "Ата-бабам ұстаған дінге мен де бой ұрсам", деп келген жастың үміті мен сенімінің жоғалуына да себеп болады ғой. Дүние шіркін көздің құртына айналып арбаса, уағызшы пенде соның жетегіне кетсе татымсыздық, таяздық деген сол емес пе? Одан да молдалықты кәсіп жасамай-ақ, колыңа кетпен мен күрек алып диқан болып егін еккенің Алланың алдында да, адамның алдында да әлдеқайда абыройлы іс бо­лар еді.

Медресені бітірген молдаларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар қай жағынан алсақ та салауатты, әрі жан-жақты сауатты болады. Дінмен қоса ғылымды, білімді тереңінен меңгеріп оны халықтың кәдесіне молы-нан жаратқан. Нағыз ұстазға лайық биіктен көрініп одан төмендемеген. Қалың бұқара оларға риясыз сенді. Қазіргі жағдайда бәрін осындай өлшем-дер тұрғысынан бағамдауға толық хақымыз бар емес пе?

Нарықтың талабы дегенді кейде арзан пайыммен түсінеміз бе немесе келеңсіз пейілсіздікке ұрына бастадық па білмеймін, әйтеуір Алла деп ақша жинайтынды, көзге түсіп атақ шығаруды, анау болуды, мынау болуды ұнатып, адал іс, ақ жолдан ауа бастадық. Қаптаған құмалақшы, бақсылар ол бір төбе. Әркім қулық сауып, жылт еткенін бетке ұстап саудалап жатыр. Түбінде не болар екен деп обалынан қорқып, ойға алып жатқан ешкім жоқ, осыдан қорқасың.

Осындайда есіме бір аңыз түседі. Қызылорда өңірінің Қармақшы жерінде өмір кешкен Марал Ишанның кезінде де дәл қазіргідей "жарнамаланған жақсылар, әулие-әнбиелер" көбейіп кеткен көрінеді. Олардың арасын-да тіпті Алламен "тілдескендер" де, Мұхаммедтен кейінгі "жаңа Пайғам-барлар" да бар болып шығыпты. Елі Марал Ишанмен ақылдасады. "Жалған атаққұмарлардан қалай құтыламыз" дейді. Сонда әулие ғұлама отырып-отырып бір амал ойлап табады. Қасына барлық атаққұмарларды жиып, одан соң 40 түйемен сексеуіл әкелдіріп, айналаны түгел отынмен қоршатып, оған от салуға бұйрық беріпті. От алаулап жанған кезде атаққұмарлар өкіріп-бақырып бірі қалмай от ішінен қашып шыгады. Тек Марал Ишан ғана орнында қалады. Сексеуіл түгел жанып бітеді. Дін аман күйінде Марал Ишан орнынан жайлап көтеріледі. Жұрт шын әулиелікке таңғалады. Жалған атаққұмарларды тәркілейді. Бізге де осындай бір үлкен сын ягни шындық оты керек шығар-ақ деп ойлаймын. Бәлкім жоғарыда аңыз боп қалган оқиғаның дәл солай болмауы да мүмкін. Бірақ хальщ қамын ойлаған адам кджеттік туғанда өртене біледі, күйе де біледі деген меңзеу шығар. Қайткенде халық зерттеп, зерделеп келіп, текті адамды ғана мойындайды.

"Қолында Құраны, аузында иманы" деген тіркес ертеде өте құрметпен айтылған теңеу болған. Ары мен жаны таза адамға берілген жоғары баға. Ол кезде дін мен қайраткерліктің ара жігі жымдасып, тұтасып жатқан. Елбасылар, көш бастаған тұлғалар әрқашан иманына берік болған. Құран аяттарының құпияларын зерделі дүниетанымвың арқасында танып-біліп, ілімді халыққа дұрыс түсіндіріп, оны орындаудың өнегелі үлгісін алдымен өздері көрсетіп, Отан пайдасына арналған қастерлі істерге арқау еткен. Мұндай игілікті әрекеттердің бәрі Ислам дініне де­ген сенім мен құрметтің артуына зор әсер еткені белгілі. Ізгі істер мен өнегелі мысалдар имамдарымыздың діни-ғылыми деңгейінің биік болғандарын аңғартса керек. Сон-дықтан мұның бәрін аңыз, ертегі деп қана біржақты қарастыруға бол-майды.

Өмір деген ақ пен қараның, яғни жаман мен жақсының айқасы. Адам­дар мен ібілістің шайқасы. Қайсысына ересің, оны таңдап білуге адамның шамасы толық жетеді. Жаны таза, тәні таза адамға қанша сиқыр болса да ібілістің күші жете алмайды. Өсек-өтірік, бықсық, қоқысқа ол барынша әуес. Пендені жолынан тайдырып мазаққа айналдырмақ. Бұл дүниедегі әрі ол дүниедегі нәсібесінен құр қалдырмақ. Бұл оның арманы. Сенімсіздік үмітсіздік. Үмітсіз болатын тек шайтан ғана. Алла содан сақтасын, бірақ Жаратқан Ием әу баста-ақ "Сақтансаң сақтаймын" деп пендесіне ескерт-кен.

Абай: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" деген ғой. Данышпан ақын бұл жолдарды әншейін жаза салған жоқ. Түбінде терең мағына жатыр. Соны дұрыс түсінгендер ел егемендігін алған соң ата-баба жолына, солардың өмірлік таңдауына адалдығын танытып өз дінін құрметтеп әспеттеуде. Мешітке баратындардың саны жыл санап көбейіп келеді. Ел ораза ұстап, намазға бой ұра бастады. Дегенмен аз күндік қиындықка шыдамай, құл-қынның құлы болып қана сын кезеңде сыр алдырып жатқан пақырлар да бар. Шетелдік миссионерлер олардың осы бір осал тұсын пайдаланып қалуға күш салып жатыр. Қазіргі ірі қалаларда бақай, кришна, будда діндеріне үгіттеп жанталасып жүрген миссионерлер аз емес. Олар өздерін пәлендей көмек беретін қайырымды қорлардың уәкілі ретінде танытып көрсетуде. Тегін емдейміз, тегін шет тілін үйретеміз деп қызықтырып барып жастарды тұзақтарына түсіруде. Тіпті олардың аяғы ауылдарға да жетіп үлгергені әй тегін емес.

Қазақтар тығыз тұратын Шымкент қаласының өзінде 20-дан астам діни ұйымдар ресми тіркеліпті. Бұған баяғы қазақы кеңқолтық қамсыздықпен қарап отырған жайымыз бар. Басқа нанымға, өзге сенімге бет бұрып бара жатқан жастарды алдынан шығып қайырып алар кім бар? Дін мемлекеттен бөлек деген принциппен бәріне алыстан көз салып отыра берсек, мынау бағыттың түбінде қайда барып тірелетіні тіпті көңілге корқыныш салады.

Өзімізді-өзіміз сыйламаудың кесірі өзгенің елімізге келіп тайраңдауы-на жол ашқан сыйлы. Мәселен, екі жыл бұрын Өзбекстаннан Қызылор­да облысына ат басын тіреп, өзін "Пір" ретінде насихаттаған, Исламға қайшы қылықтарға ұрынған ұлты қазақ, руы қожа Құрбанәлі Ахметов 20000-ға жуық жастардың басын айналдырып, экстремистік жолға баулуға көш-кен. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыс-тарына дейін торын жайып үлгерді. Байкоңыр өңірінде негізгі "ордасын" тұрақтандырды. Құрбанәлі дуасының әсерінің қатері соншалық жастардың санасының иірімі өзгеріп, уағызға ұйығанда бір демде мәңгүртке айналып шыға келген. "Пірдің" аяғын жуған суды жігіттер мен қыздар таласып іше-тін жағдайға жетіпті. Бұдан өткен сорақылық бола ма?

Ұлттық қауіпсіздік облыстық департамент пен облыстық дін басылары оны жыл бойы бақылағандарын айтып мақтан етеді. Неге оларға дер кезін-де қатаң шара қолданбайды? Егер мұндай қылықтар Өзбекстанда болса қайтер еді, ол мемлекет жалған пірді аяусыз жазалайтыны кәміл еді.

Ал Құрбанәлі "Хабар" телеарнасы көрсеткендей жай ғана, ештеңе бол-мағандай еліне кете барады. Артында дуаланып санасы уланған жастар қалады. Солардың ата-анасының бірі Алматыдағы атақты про­фессор Зальцманға барып көмек сұрағанда ол кісі: "Бұл кодирова­ние, оны емдеу менің колымнан келмейді, дуаланған адамнан өтініңіздер, мүмкін боса-тар", депті. Әншейінде кеуде қаққан молда алар жеме-жемге келгенде, дуагер Құрбанәліден ығып қорыққан. Ал жалған "пірге" көмек көрсеткендердің Құдай сазайын беретіні анық.

Ғалымның айтуынша дуаланған адам биороботка айналады екен. "Пір" не айтса дуаланғандар соны сөзсіз орындайды. Биороботтар Ауғанстанда, Тәжікстанда экстремистік әрекеттерге белсене катысты. Исламдық бағыт-ты сылтауратқан Ахмедия негізі Пәкістанда қаланған. Қазір орталығы Лондонда, (Бахай) Ираннан шыққан бағытындағылар, негізінен саясатпен шұғылданады. Бұлар таза Исламдық жолға өте қауіпті құбылыс.

Кейбір басылымдар кейде сенсация жасаймыз деп елдің миын шатасты-ратыны бар. Бұл қандай үгіт, қандай насихат екенін түсіне алмай дал болдық. Мәселен, "Пархат-ата" деген біреуді (Алматы облысы, Ұйғыр ауданы) Құдайға теңеді. "Жаратушы иеміз жер бетінде жүр ме?" (№3. 21-27.01.1997) деген көлдей мақала жариялады. Әрине, кім қорытынды жасайды, оны газет оқырмандарының өзіне қалдырған жөн шығар. Алайда газетке сенетін көпшілік дәл сондай үдеден шыға бермесі тағы анық. Ал Пархат болса телеарнада да ойына келген шатпағын айтып, көрерменді сыйқырлауға көшті. Құранды өртеді. Ақыры көпшілік наразылығына жо-лығып тынды. Алдағы уакыттарда осындай жайлардан сақ болса екен. Десек те Қызылорда облысындағы "Сырдария" газеті: "Елбасы төре, муфти қожа болуы керек", деп жазыпты (Шапағат нұр. №7-8.1998.7-бет). Мақаланың басында айтқан қожа Марал Ишан өзін өмірбойы қазақ-пын деп кеткен екен. Бүгінгі таңдағы бұл "Елбасы төре, муфти қожа болсын" деу қандай ишара?! Дін уағыздаушыларымыз бірауызды болмаса санамыз қайта ағара бастаған қазіргі кезеңде имандылыққа бет бұру әй оңай емес. Қазір республикадағы 50-ге жуық бағыттағы 1400-ге жуық діни бірлестіктер заңды түрде тіркеуден өтіпті. Әрине, мол қаржы, доллар кімге не дегізбейді. Әділет басқармасындағылар бәлкім, сондықтан да келісе беретін шығар. Осының ар жағында не жатыр деп ондай бірлестіктерді тіркеуден өткізбес бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ақылдасса несі айып.

1994 жылы Жамбыл облысындағы Саркемер ауылында болдым. Осын-да бір ағылшын эколог келіпті. Қазақшаға судай өзі, қазақша киінеді, деп, жергілікті жұрт оған риза болып, мақтап отыр. "Бірақ байқасаңыздар, өзен-көлдің экологиясына көмектесем деген "батыр" қазаққа өзге дінді уағыздап жүрген миссионер болмасын", деп ескерттім. Арада үш жыл өткенде тура солай болды да шықты.

"Жас Алашқа" (30.01.1999) "Адасып жүрсің бе, Әйгерім?" деген ма­қала шықты. Мәні былай. Германиялық неміс азаматы Жаркентке келіп қайырымдылық корын ашкан. Оған казіргі тарығып жүрген жұрт не десін. Қуана қолдап, қарсы алған. Әлгі қайырымдылық қордың адамдары бара-бара осындағы педагогикалық колледждің студенттеріне хрис­тиан дінін уағыздай бастаған. Бейнефильмдер көрсеткен. Оған қарсылық көрсетудің орнына колледж басшылары, мұғалімдер кәдімгідей елпілдеп қолқабыс көрсеткен. 18 жасар қазақ қызы Әйгерім солардың белсенді уағыздаушы-сына айналған да кеткен. "Жас алаштық" тілші шырылдап осыған дабыл қағады. Оған заң орындары, атқамінерлер болса жөнді мән бермейді. Әри-не, интернационалист болып өскен бізге кай дін болсын бәрібір сияқты. Алайда бұл бүтіннің бөлінуі, тұнықтың лайлану нышаны емес пе?! Еріксіз тіксінесің.

Егер шындап қимылдасақ жұртты үйіріп әкететін күш өзімізде бар. Қазақстанда 2500  ден аса мешіт жұмыс істейді. Пайдалана білсек бұл бізге аз күш емес. Он бес мыңнан астам молдаларымыз тізіліп олар әне жүр. Жыл санар медресе, діни институттарды бітіргендермен олардың ката­ры толығып жа-тыр. Оған Исламды жақтаған қоғамдық ұйымдарды, жекелеген ғылымдар-ды, қаламгерлерді, басқа да белсенді топтарды қосыңыз. Бірақ осылардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, оның облыстағы өкілдері-мен байланыстары болса. Бір-бірін батырым деп сыйлаудың орнына, қасарысуы, қарсыласуы, теке-тіресуі көп. Оның кесірі келіп бұқараға тиіп жатады.

Сөзіміз жалаң болмас үшін бір мысалға жүгінейік. Оңтүстік Қазақстан өңірінде 760 мешіт бар. 1998 жылдың қазанына дейін соның 40-ы ғана орталық діни басқармасының есебіне тіркелген екен. Қалған 200-ы өзінше бақылаудан тыс жұмыс істеп жатыр. "Мешітті өзіміз салдық, онда кімнің не шаруасы бар?", дейтін көрінеді. Шет елден келіп мешіт салғанның бәрі бізді жарылқайды деп кім айтты? Өлім-жітім кезіндегі пайдаға бола тастай қатып, қартайса да билікті бермейтін, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстық басқармасына көнбейтін кейбір жергілікті имамдардың ниетін қалай түсінеміз сонда? Соның салдарынан Шаян мешіті ниеті бұзық топтың ошағына айналып шыға кел­ген. Әрине, дүмше-лердің оларды аластауға күші де, дәрмені де жетпейтіні анық.

Әрине жақсы нышандар да бар. Ислам институтын, Мерке, Павлодар тағы баска жерлердегі медресселерді бітіріп шығып жатқан түлектер жер-жерге имамдыққа барғалы нәтижелер жаман емес. Бірақ жас имамдарда әлі батылдық жете бермейді. Немесе сауаты тек діни түсініктерден әрі аспайды. Тарих, философия, басқа да ғылымдарды салыстырмалы түрде талдауға келгенде имамдардың сауаты аз екені жасырын емес. Көп алдын-дағы көсемдік, жүрт алдындағы шешендік те оларда жетісе бермейді. Шет елден келген уағыздаушылармен салыстырсақ біздің имамдарымыздың ой-өрісі, білімділігі қандай екені осыдан-ақ белгілі болып қалады. Сондықтан имамдардың білімін жетілдіріп отыру, ғылымның түрлі саласының маман-дарын қатыстырған семинарлар ұйымдастыру діни басқарманың бағдарла-масына кірсе, әрине орынды болар еді. Имамдар қалың бұқараның ортасында жиі болып, жұртшылық өкілдерімен сұхбаттасып, көкейде жүрген сан алуан сұрақтарға жауаптар тауып, көңілден шығып жатса оның өзі дін беделін одан әрі көтере түсер еді.

Бүгінгі күн көп нәрсені талап етіп отыр. Сондықтан Қазақстан мұсыл-мандар діни басқармасы, Қазақстан православия діні басқармасымен бірлесе отырып дін жөніндегі жаңа заң жобасын жасап Парламент қарауына ұсынуы керек қой деп ойлаймыз. Дін тәрбие. "Қүран Кәрім" ең алдымен тірілер үшін түсірілген ілім, қасиетті Кітап. Біз осыны анық сезінуге тиіспіз. Дін рухымызды күшейтеді, санамызды тазартады.

Рухани жағынан жүдеу халге түскен, шет елдіктер әбден әлсіреткен, әдепсіздік белең алған Иран елін оның діни көсемі әрі мемлекет басшысы Аятолла Хомейни ұзақ жылғы айқастан кейін құтқарғаны бәрімізге мәлім. Иран сегіз-ақ жылда қайта түледі. Салауатты әрі рухы таза, сонымен қатар бай мемлекетке айналды.

Қорыта келгенде, қолына Құран ұстап өздерін құдайшыл ретінде та-нытуға әуес, басына ақ сәлдесін ғана оранған кейбір дүмше молдалар, ақ киімге әуес әрі сауатсыз, әрі алаяқ қайсібір емшілер халықты имандылық жолына сала алмасы анық. Сондықтан барымызды пайдалана біліп, пара-сат күшін біріктіруміз қажет. "Оян, қазақ" деген ұран имандылық жолдағы ақ ниеттілердің де айтар қағидасы. Ол үшін мешіттердің, имам-дардың, діни және қоғамдық ұйымдардың ықпалын арттырып, беделін көтеретін батыл шаралар да кажет.

Ата-бабалар әруағын сыйлаған, әулиелерді пір тұтқан халықтың ұрпақтарымыз. Сол киелі діннің талаптарын, қасиетті бабалардың арман-тілегін орындау мүмкіндігіне қол жеткізетін уақыт жеткен сияқты. Біз туғанда-ақ мұсылман болып туылдық. Ендеше ұлтымыздың атын алып отырған мем-лекетті де басқаша елестетуге болмайды. Салауатты өмір салтына жетудің басты қағидасы да халқымыздың діни-рухани байлығы болмақ.

Қасиетті Құранның Тәубе сүресінің 116 аятында: "Шынында көктің де, жердің де иелігі Аллаға тән. Ол тірілтеді, өлтіреді, сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жок", деуі Жаратушы Алланың шексіз құдірет иесі екенін дәлелдейді. Сондықтан да Алланың ақырғы хақ діні Исламды білуге құлшыну балағатқа толған әр мұсылманның парызы болуға тиіс. Қолында Құраны, аузында иманы бар имамдарымыз Алла тағала ілімін жүректерге ұялатуға көмек етсін. Жақсылық халқымызға нәсіп етілсін.

«Ақиқат журналы»

№4. 1999ж. 24—27-6emmep.


 

 

 

9.4  ҚҰРАН АЯТТАРЫНЫҢ ЕМДІК ШИПАСЫ

 

"Құранда Біз адамдарға көп нәрсені

баян еттік, адамдар ол жайлы

көп айтыс-тартыс жасайды".

(Кеһф сүресі, 54 аят).

 

Бүгінде адамның рухани танымы мен сезімін  оятуда,  Жаратушыға деген  иман келтіруін  тұрақтандыру мен  дене сырқатына шипалық ем жасауда рухани – дұғалық шипаның маңызы арта бастады. Атеистік сенімнің  жойылуы  әр түрлі діндегі адамдардың  Құдайға сенімін арттырып, олардың сырқаттарын жоюға арналған діни дұғалық емге деген талаптары да артуына байланысты,   рухани дұғалық шипа  саласы  қызметі де  дамуда. Пайғамбарымыз  Мұхаммед   хадистерінде    сырқатқа шипа сенім арқылы Алладан  болатынын айтқан. Бұл рухани шипагерліктің таза  сенім,  өзін -  өзі иландыру арқылы жүзеге асатын  шипалық ем екенін  айқындайды.   

Адамның сенімі мен танымының жақсы нәтижелері  оның санасына ғана әсер етіп қалмастан, ішкі рухани сезімінде де зор өзгерісті  тудыра  алады.  Рухани шипагерліктің негізі де осы тану мен сену және сезу мен қабылдау жүйесі бойынша орындалатын,  өзіңді - өзіңе иландыру арқылы ойша іске асырылатын, сананы дамыта отырып, денсаулықты жақсартудың шипалық жолы.  Рухани шипагерлік жүйесіне Құран дұғаларымен емдеу, медитациялық әдіс-тәсілді пайдалану,  өзін - өзі иландыру және жоғарғы Жаратушыдан көмек сұрау байланысы арқылы т.б. әдіс – тәсілдерін атауға болады. Маскеуде  шыққан Халық медицинасының толық энциклопедиясында: «Дұғаның маңызы зор. Ол адамның рухын өмірдің ең биік қайнар көзімен байланыс жасауға әсер етеді. Дұғаның ең қажеттілігі сол, ол   Жоғарғы жаратушымен оның арасын жақындатады. Дұға жолы өте жауапты да...», - деген анықтама беріледі [70, 778 б.].  Бұл анықтама да сенім мен сендірудің немесе шипагер мен емделушінің ара қатынасындағы сенімділік ғана рухани емнің нәтижелілігін  айқындап береді. 

Рухани шипагерлер өз өмірінде ойының шешімімен  емдік жүйесін діни сенімді басшылыққа ала отырып, бір Жаратушыдан шипа сұрап, әрі сырқат  адамды емге иландырумен, сырқаттың ішкі организміне   қозғалыстық өзгеріс тудырады. Д.Шэйноу: «Әр адам өзіне көп сену керек. Бұл сенім оның сана, тән және рухының тазалығының жоғарылығына байланысты. Бұл ішкі дыбыс, сезім және ойға тәуелді. Сенім – ол жетістік», - деген пікірін ұсынады [71, 179 б. ] және  [72, 3 б. ] әдебиетте  де осы идеяға жақын пікірлер айтылады. Бұл да дұрыс идея сияқты. Қасиетті Құран дұғаларын оқып сырқат адамның денесіне дем салғанда немесе белгілі заттарды дұға күшімен магниттеп пайдалануда  оң әсерлер байқалғаны сезіліп, дұғаның оң қуаттық әсерлік күшінің барлығы сезіледі де, дененің сырқат мүшесінің оңалуға  қарай көрініс беретіндігі  бүгінде   халықтық және ғылыми шипагерлік саласында   нақты нәтижесін беруде.  Құран дұғаларын оқығанда  оның үндік ырғағына,  естілуінің жіңішке, жоғары немесе бір қалыптылығына  қарай  пайда болатын   оң қуаттық өрістің аумақтық әсерлік күші де әр түрлі болады. Құран дұғаларын ритм ырғағымен дауыстап оқығанда  дыбыс үнінің жоғары тондылығы мен  жүйкеге жақсы жұғымды әсерінен, жүйке де тебіреністі ырғақты жүйкелік ауытқуларда  қозғалыстық өзгерістер  болатыны,  денеде сергектік  сезіліп,  сырқаттың көңіл – күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті артатыны анықталып, тұжырымдамалар жасалуда. Шипагерлердің  биоқуаттық өрісінің өлшемдері де әр түрлі болады.

Шипагерлердің діни сенімдік сауаттылықтары мен шипалық емдік стилдерінің білімділігіне қарай, жеке шипагерлер емдерінің емдік әсері қысқа, орташа немесе ұзақтау болып  сырқатқа әсер етеді. Діни жолмен дұғалық шипалықты тәжірибеден өткізген нәтижелерге  сүйенсек,  биоқуаттық  өрісі өте күшті шипагерлердің алғашқы сеансында сырқаттың кері қайтуына  әсері  белгілі болды.

Ал, көптеген  шипагерлер емінің нәрсіз немесе ұзаққа созылуы олардың биоқуаттары өрісінің аумақтық әсерлері өте төмен  және діни сауаттылығы мен емдеу мәдениеттілігінің нашар болғандығынан  дерлік.  Дұғаның емдік қасиетін алғаш пайғамбарымыз Мұхаммед  /с.ғ.с/  періштелердің берген аяны арқылы дұғаларды оқып дем салумен сырқаттанған адамға және өзіне де көмек жасағаны  діни еңбектерде  айтылады. 

Дегенмен, пайғамбарымыз бастаған ұлы істі оның сахабалары мен діни оқымыстылар  Құранның әр бір аяттық дұғаларының жеке - жеке қасиеттерін ұзақ жылдар бойы зерттеп, оның неше алуан құпияларын ашып бере алды. Құранның «Килшені саадат» дұғасының қасиеттері жөнінде дұғаны жазушы әрі зерттеуші  Әбу Үһайра р. Әнһу  былай дейді: Әзіреті Жәбірейіл Алланың әмірімен Әзіреті Расулге келіп: Алла сізге сәлем айтты, періштелер көп-көп салауат айтты. Сосын Алла сізге былай деді: «Расул мен үмбеттері үшін сыйлық жібердім, бұл өзге пайғамбарлар алмаған сыйлық. Я, Мұхаммед, бұл дұға тілектің атын «Килшені саадат» деп атайды [73,  11 б. ].  

Бұл дұға да елу түрлі қасиет бар. Ал оған сенбеген адам кәпір болады»,- деді. Осы Килшенін саадат дұғасы елу бөлек болғанымен бәрі де «Аллаһуммадан» басталып, «иа рабби» мен аяқталады. Бұл Алланың құдіретімен осы дұғаға  енген  құпиялы қасиет екенін  білдіреді.  Мәселен, Бұл дұғаның бірінші қасиетіБіреудің басына қиын іс түссе, жұма күні түс ауа тұрып  ғұсыл жасап, жуынсын.  Дәрет алсын. Екі ракат намаз оқып, жүз бес рет төмендегі килшенін саадаттың бірінші бөлігін оқысын. Алланың әмірімен іс оңалады. Егер іс «оңғарылмаса»,- дейді Әзіреті Асан Басырй р. Әнһу ол кісі қиямет күні менен дауласын»,- депті. Дұға: «Аллаһумма антар раббу уа анал абду фаман надыуул абда иллар рәббу иа рабби».

Екінші қасиеті жөнінде:  ислам ілімін білу жөніндегі оқылатын дұғалықты  Әзіреті Баязит Бастами р. әлейһі.

Үшінші  қасиеті туралы: дұшпанның қауіп – қатерінен сақтану дұғасын  Әзіреті Қожа Ахмет сұлтан Арыфин,  ал басқа да қасиеттері  жөнінде  Әзіреті  Ысқақ Әбу Қадыри, Әзіреті Шайық Занжани р. әләиһ, Әзіреті Әбу Ханифа Имам Ағзам, Машайықтар  Сұлтан Ғалижу, Бибі Раби ан Басри, Сұлтаны Шайх Бахауддин Құддиса  тағы басқа ғұламлар да  егер біздің айтқандарымыз бойынша тілек тілеген адамның тілегі орындалмаса: «Ол кісі  қиямет күні маған даугер болсын»,- деп [74, 14 б.]  ант етеді. Қасиетті  Құранның дұғаларының көмегі арқылы шипагер рухани шипагерлікті жүзеге асыруда,  шипа алушының бір құдіретті күш барына сенімі оның сенімсіздік ойын ығыстырып денсаулығының жақсаруына және жаңа қуатқа ие болуына  әсер етеді.  Ауру адамның алдымен өзінің жеке шешімін нақтылап алуы  оның дертінен арылудың уақытын қысқартып, тез арада  жазылуына ықпалы зор болады.  Бұнда сырқат адам өз ойы арқылы  жазыламын деп ойлайды,  қабылдайды, ішкі және сыртқы сенімін арттырады. Өзін-өзі иландыру  жүйесіне көшеді. 

Осыған байланысты рухани шипагерліктің де  жеке құпиясы да  шипалық емге деген емделушінің таза ойы, сенімі, қабілеті мен жүйкесінің  мықтылығына байланысты екені шипагерлердің шипалық емдік тәжірибелерінде  анықталуда. Нақты сеніммен келген ауру адам тез оңалатыны, ал күмәнмен немесе байлығы мен мәнсабын міндетсіп келгедердің емі баяу  немесе емі жүрмейтіні байқалуда.  Әр адамның  ойында сенім мен күмән ұдайы қатарласа өмір сүреді. Күмән қаншалықты күшті болса, ми жасушалары  солғұрлым  тезірек өзгеріске ұшырап, оның қызметі нашарлай бастағандықтан, адамның жалпы  өміріне  әсер етеді. Ал сенім әр қашанда  күмән мен адасудан арылтады. Адам өзін - өзі еркін тәуелсіз басқару мен бақылау қабілетіне  ие болады.      Діни ғұлама Кхвадже Шамсуддин Азими  рухани шипагерлік туралы: «Сенімділік -  сенімсіздік сияқты адам  тәрбиесінің негізгі бір бөлігі болып  қызмет ететіні жәйлі  ұмытпағанымыз жөн.  Дін  тілінде ол – күман мен сенім деп аталады. Алла сенімсіздікті жақтырмайды, керісінше мықты және орнықты сенімге ие болуға шақырады. Қасиетті Құранда «Шыныменен осы кітап Жаратушының бар екендігіне» сенетіндерге нұсқаушы да»- деп тұжырымдайды [75, 7 б.].   Құран дұғасын біліп және оқи алатын барлық шипагерлердің  шипалық емі бірдей  болмайды. Кейбіреулерінің емі қонбай емдеу уақытын  ұзарта береді. Ауруды зарықтырады.

Мәселе, дұғаны оқығанда емес, оның емдік кілтінің пайдалану  негізін білуде.  Құран дұғаларының емдік шипалық қасиетін арнайы сандық құпиясы бойынша пайдаланатын рухани шипагерлік жүйесі де іске аса бастады. Барлық әліпбидің әріптері белгілі бір қуатты бойына жинақтаған.  Бұл өте күрделі әрі жауапты емдік рухани шипалыққа жатады. Сандардың жұмбақ мағынасы  да бір Аллаға ғана белгілі.

Бұл жүйені «АБЖАД»  немесе барлық ілім кілті жүйесі дейді. Қазақ елінде алғаш «Абжад» ілімін зерттеп арнайы «Абай және әл-Фараби» кітабын жазған шығыстанушы ғалым, профессор Ақжан Машанов  болатын  [35, 10 б.]. А. Машанов өз уағында «Абжад» ілімін меңгерген діни маман жоқтығын да айтқанды. 

Ғалымның шәкірті тараздык Әл-Бестереки Есенбайұлы Әмірбек қажы ұстазының ілімін ары қарай жалғастырып, адамның сырқатын емдеу саласында пайдалануға ұсынып, «АБЖАД – барлық ілім кілті» - деген жүз беттік кітабын 2002-жылы баспадан шығарды [76] . Діни ілімді зерттеуші Ә. Есенбайұлы әр бір Құран сүресінің емдік, қорғаныстық  қасиетіне, бір сөзіне,  жеке әрпіне сауатты ілімділік болмай, оның құпиясын шешу мен пайдаланудың да қиын екенін ескертеді. Құран аяттарының сандық «Абжадтық» белгісі оны құрайтын жеке әріптердің сандық бірліктерінің қосындысынан тұрады. Мәселен, А-1, б-2, д-4, х-8, н-30, ш-300  тағы осы сияқты жеке әріптердің сандық мәні болады. Дінтанушы Ә. Есенбайұлы бұл ілім жөнінде  жеке анықтамасын: ««Абжад» бүкіл Құран, Мұхтасар сияқты кітаптардың, Шариғат, Тариғат, Мағрифат ілімдерінің ақиқаты болатын ілімдерді құлыптап аша алатын, бекіте алатынын білген адам үшін үлкен бір кілт. Оны кілттеген адам аша алатын дәрежеге жетуі керек»,- деп түсіндіреді  [76, 11 б.].

 «Абжад» ілімі жаңадан ене бастаған рухани ем жүйесі. Оның көмегімен сырқат түрін анықтауға, емдеуге және адамға қорғаныс қоюға болатынын рухани шипагерлерден емделген жандар анықтамаларын беруде. «Абжад» тәсілімен адамның ауруын анықтау үшін, егер ер адам болса-шешесінің, ал әйел болса-әкесінің атын өз атына қосып әріпке бекітілген сандармен есептеліп шығарылады да, оның қосындысын жетіге бөледі. Осы бөліндіден қалған қалдық саны оның туған күні болады.  «Абжад» шешімі бойынша оның ауруы мен сәттілігіде сол күні пайда болған деген шешім қабылданады. Одан кейін дұғалық «Абжад» жүйесі емі жасалып, сырқат бақылауға алынады.

Осы «Абжад» тәсілімен сиқырланған, дуаланған сияқты дейтін, сыры әлі ғылымда ашылмаған құпия аурулардың да шешімін табуға болатындығы туралы  діни кітаптарда айтылады. Әрине «Абжад» ілімі өте күрделі, қиын және таза ілімділікті қажет еткенімен, бәрібір келешекте рухани сауықтыру саласының ең басты тәсілдеріне айналарына күман келтіруге болмайды.  

Шипагердің ары, тәні мен жан тазалығы оның шипалық емінің нақты көрсеткішін арттырады. Барлық діндерде өзіндік емдік шипалық дұғалары  бар болғандықтан, рухани /діни /  шипагерліктің жалпы  дін саласына ортақ қатынасы бірдей  екеніне күмән келтіруге болмайды. Барлық діндерге сенім білдіретін адамдардың бір Құдайға деген сенімдері де ортақ болғандықтан да, олардың ішіндегі ауру адамдардың сырқаттарын емдеуде немесе емделуінде  олардың шипалық дұғаларын  діни сеніміне қарай  қасиетті  кітаптарда  бөліп көрсетілмеген. Әрбір сырқатты адам  сенімді түрде өз еркімен  әр түрлі діндегі шипагерден  дұғалық рухани шипа алуына  шектеу қойылмаған. Қысқасы шипаның қонуы - емделушінің жеке сенімі мен  берік шешіміне тікелей байланысты   болмақ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ. с /: «Дұға – ғибадаттың ең маңызды бөлігі»  деген. Өйткені дұға қысылғанда – қуат, қиналғанда–демеу, сырқаттанғанда -  тілеу мен шипа болатын, өміріңді нұрландыратын  құдіретті күш иесі сияқты қасиеттерге ие екенін діни сенімі мол адамдар сезіп мойындаса, ал ертедегі ғұлама діншілдер де Құранның әр бір дұғасының бірнеше ондаған қасиеттерін ашқан әсіресе, оның емдік ерекшеліктеріне арнайы тоқталған.

Дінтанушы Түркістандық ғалым Құрбанқожа Сансызбай өз танымын былай тұжырымдайды: «Дұға сөзіде  арабша болып «тілек» деген мағынаны білдіреді, яғни, бір кісі  дұға оқу арқылы  Алла тағаладан өзі немесе басқалар үшін тілек тілейді»- деп түйіндейді [77, 36 б.]Сырқатқа  дауа дұғаларды алғаш халыққа таныстырған ғалым Н. Өсерұлы «Дұғалар», дінтанушы-ғалым Құрбанқожа Сансызбай, дінтанушы Мұзапар Құттықожаұлы Қарашайық  /«Шығыстың құпия ғылымы», «Нұрнама», «Дертке дауа дұғалар», «Исми Ағзами», Н. Айтжанов / «Дұғалар қасиеті» / және Алматылық зерттеуші  ғалым  З. Қожалымовтің «Рухани емшілік ғаламаттары» /А: Шалкөде, 2006. - 189 б./ тағы басқа да авторлар еңбегінде шипалық дұғалардың ерекше емдік қасиеттерін таныстыра отырып, рухани шипагерліктің өркендеуіне үлестерін қосуда.  Ең алғаш Құран дұғаларының ерекше  шипалық қасиеттерін  пайғамбарымыз Мұхаммед / с.ғ.с / өзі науқастанғанда немесе жын – пері мен дұшпандарынан сақтануда  Құран аяттарының дұғаларын оқитыны жөнінде Әзіреті Айша ана: «Пайғамбар әзіретіміз әр күні жатар алдында «Ықылас», «Фалақ», «Нас»  сүрелерін оқып, екі қолына дем салып, кейін  сол мұбарак қолдарымен үш рет мәсих тартып, басына бет – жүзіне тартар еді» десе, ал Имам әл – Бухариден: «Пайғамбарымыз бұйырыпты, жатар алдында «Аятіл Күрсіні» оқы. Сонда сені ұйқыдан тұрғаныңша Алла тағала баяндайды [барша бәле жаладан, шайтаннан өзінің панасында сақтайды» -деп  [78, 4 б.].

Адамның  ең басты бақыты мен мен байлығы -  ол денінің саулығы екендігін ата – бабаларымыз ертеден-ақ білді, сақтанды, қорғанды, емделу жолдарын іздестіріп тапты, байытты оны ұрпақтан-ұрпаққа мұралыққа қалдырды.  Содықтан да халықтық шипагерлік өнері мәңгі халықпен бірге жасасып, өзінің істілі мен  шипалық емдік тәсілдері арқылы осы заманғы ғылыми медицинананың бір бөлімінің қалануына толық материалдық негізі болды.

Осындай ірі идеялы қағидалардың шипалық  емі зоры да діни -  рухани  шипагерлік екені ертеде дәлелденсе, ал бүгін де бұл нағыз ұтымды әрі қарапайым  психорухани  мәдени емдік  жүйеге айналды.  Мұхаммед / с.ғ.с /  пайғамбарымыз өзінің «Өсиет  Хадистерінде» денсаулық жөнінде  былай өсиетнеме ұсынады: «Деніңіздің саулығы үшін әрдайым Аллаға жалбарыныңыз». «Сабырлық пен денсаулық – екі үлкен тарту, бірақ көп адам олардың қадырын білмейді».  «Науқасты емдеу –  Алла тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы –  Алланың шапағатынан» және « О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла Тағала  кәрліктен басқа кеселдің бәріне де шипа ем жаратқан»» - деген өсиетнамасын білу өте қажет боларын ескертеді [78, 49 б.].

Алладан адамның дұға жасау арқылы тілеу жасауы жеке басына,  отбасына, ұжымына,  еліне  және тағы басқа мақсаттарға арналуынан оң нәтиженің болатынын тек ғана емшілер емес, ғалымдар да тәжірибе арқылы  анықтауды әлемдік сипатта жалғастыруда.  Қаншалықты асып тасыған пенде болса да,  бір нәрсеге  /  денсаулыққа,  нәрестеге   т.б. /  зару болуы мен дұшпаны табасынан құтылу жолын іздейді.

Оған емдік шипалық дұғаларын жоғарыда аттары аталынған авторлардың еңбектерінен табуға болады. Шипалық емдік дұаның күшінің артуы мен әсері оны оқып ұсынатын адамның діни танымының сауаттылық дәрежесіне, оқу мақамына, қайталау мәніне және ары мен жаны тазалығына тікелей байланысты болады.  Рухани емнен кейін сырқат адамдардың биоөрістік  қуатында оң өзгерістік болып  тез артуына және жеке өмірде де әсері күшті  болатынын АҚШ, Еуропа т.б.  елдерде  ғалымдар өз тұжырымдамаларын   баспа беттерінде хабарлап  келеді.

Дінтанушы  Оңғар Өмірбек  дұғаның емдік қасиеті жөнінде былай дейді: «Жекелеген дұға мен оның қадір – қасиеті хақында бәрі  де құраннан алынған аяттар. Алланың сөзі жазылған қасиетті  емдік дұғалардағы тылсым күш – қуаттар біз үшін сырлы жұмбақ болып қала бермек. Бар сыры бір Аллаға  ғана аян.  Ал пенделер үшін жұмбақты ашар кілт қайда, оны қалай  иемдену керек ? Бұл енді сан қырлы күрделі дүние. Ол ешкімнің де қолынан терең білімсіз оңайлықпен түспек емес. Жұмбақ әлем сонысымен де қызық әрі ғажап» - деп тұжырымдайды [79, 18 - 20 бб.].

 Адам өзінің  ойлау қабілетін бақылай алатындықтан да жеке сенімі арқылы емдіктің шипалық нәтижесін сезіп, бір шешімге келу қабілетіне ие бола алады. Рухани шипагерлікте дұғалық қолданыстық тәсілі ем алушы сырқат  адамның  биоқуатын өзгертіп, оның  мөлшерін арттырып, жағдайының жақсара бастауына  күшті қуат беруші рөлін атқаратынын  аңғартуда.  Бұл құпиялықтың терең сыры  ғылымда әлі  толық шешімін тапқан  емес. 

Себебі,  шыбын жанды беретін де әрі алатын да -   Алла. Алланың сөзімен жазылған Құран аяттарының дұғаларының емдік шипасы да бір Аллаға ғана тән тылсым құпиясы болмақ. Өйткені дұға ғана пендені Жаратушымен байланстыра алады. Жаратушы тілек тілеушінің ниетін қабыл етіп, ізгі арманына жеткізе алады. Бұны сол Жаратушыға жалбарынушының белгілі уақыттан кейін жағдайының оңала бастағанынан  аңғаруға болады.  Бұл жөнінде Имам Әл -  Ғазали: « Біреу, «Аллаһ тағаланың белгілеген тағдыры өзгермейтін болса, дұға  етдің не пайдасы бар ?», - делінсе, адамның басына туатын бәлені дұғамен қайтару тағдырда белгіленгенін білген жөн.  Қалқан қаруды қайтарғанға, су өсімдіктің шығуына себеп болғанындай, дұға да бәлені қайтарғанға және рахметтің нәсіп болуына  себеп бола алады. .. Аллаһ тағала «Ниса» сүресінің 102 – аятында:  «Олар сақтық шараларын қамтамасыз етіп, қарулансын», - деген. Осыған сай Ол бір  істің болуы мен оның себептерін  белгілейді», – деген [80, 7 б.].   Әр бір науқас немесе жәй адамда  Алла тағаланың шексіз құдіретінің кереметін мойындап жақындаған сайын,  оған  зор сенімде болған сайын,  адалдық пен арамдықтың арасын ажыратып  шын мәнінде  жүрегінің сезімінің адалдығымен  берілгенде ғана, бақыттың  шыңына жете алады. Бұл діни  рухани шипагерліктің  жеке жетістіктерінің  нәтижесінің көрсеткіші  болмақ. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да рухани шипагерлік жөнінде де таза ойларын ұсына білгені аңғарылады.

Ол арманы да  орындалары анық. Ғалым   шипагердің  тағдырдың талкегіне түсіп, қартайғанында: «Іске аспады арманым, қарам қалды. Шың басына шыққанда арандалды ...» - деген [1, 34 б.] арманын орындап, баба рухын  екінші рет тірілтіп ұлтының ұрпақтарымен  қауышуын ғалымдар қамтамасыз  ете білді. Жоғарыдағы ғалымдар еңбектенбеген де, Жетісулық Өтейбойдақ бабаның  «Шипагерлік баяны да»  жұмбақ болып қалар еді.  Ғұламаның этникалық  ұлттық мағынадағы ғылымнамасы «Шипагерлік баяны» терең философиялық - этникалық ой талғамынан туындаған,  нағыз  халықтық дәстүрлі шипагерлік мәдениетінің оқулық құралы  ғана емес,  рухани, тарихи - тәрбиелік  бағдарламаға  бай туынды деуге толық негіз барын білдіреді. 

Адамның тәнінің рухани тазалығы оның денсаулығының айнасының көрсеткіші екені туралы, ғалым М. Жармұхамедұлы да Қожа Ахмет Иасауи жөніндегі зерттеуінде  арнайы тоқталады [81, 15 б.]. Адамгершіліктің биік көрсеткіші мен мұсылманның таза парызы жөнінде, шипагер баба өзінің  жетіге тиіспеу,   қырық бірге жұғыспау,  он екіден айырылмау, жеті әулие, қырық бір ырыс, халал мен харамды ажыратуда  91 ді жеуден тиым және 85  ді  ішуден  тиым және жеті атаға толмай үйленбеу сияқты тәрбиелік, ұлтжандылық, адамгершілік, ақ жүру, адал сөйлеу, абайлау, отан сүйгіштікке баулитын ескертпелері  ұрпақтың денінің сау болуы туралы айтылғанымен, олардың да рухани шипалы тазалыққа тигізер пайдасының молдығын аңғартады.

Осындай терең философиялық ой толғауларының  бүгінгі және болашақ ұрпаққа  таза рухани  азық  боларын оң қабылдаған  жөн деп, тұжырым жасауға болады. Рухани шипагерліктің саласы мен түрі әр түрлілігіне қарамастан, оның адам денсаулығын қорғауға, сырқатын емдеп жазуға пайдасы зор екендігін және соның ішінде сөз терапиясының өте маңыздылығын білдіреді. Рухани шипагерлік енді ғана қанатын жайа бастады, өрісі кеңеюде, алда берері де мол болары анық.

 

9.5  ЖАҚСЫЛЫҚҚА – КӨРЕАЛМАСТЫҚ ЖАСАУ

НАДАНДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Әр жылдың   беретін, сыйға тартатын жақсылығы болады.  Осындай қуанышты жағдайлардан қауымдастықтың мүше-емшілері де өз үлесіне ие болды десек, артық айтқандық болмас.   Тышқан жылында аяқтарын тездетіп нық басқан  емшілерде өздерінің  ырызғыларын тере жүріп, халықтың денсаулығын жақсартуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына жекелей үлестерін қосты.  Қызметтерінде жақсы табыстарға қолдары жетіп,  емделушілердің алғысына да бөленуде. Дегенмен, емші - қауымның өмірінде күнде өзгеріске толы  сын мен сынақ  қатар жүріп келеді. Олардың шипалы алақаны мен дұғалық емінің қонымды  болуының әртүрлі болуына байланысты, теріс пікірлердің де кездесіп жататынында бір шындықтың көрінісі барын  аңғартады. Егерде емші жөніндегі ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  пікіріне жүгінсек: емші мәдениетті, сауатты, білімді, мейірбанды болу керек. Осы талапты орындай алмағандар тарапынан кемшіліктер  кездесетінін мойындаған жөн.  Халық шипагерлігі әр халықтың ханымен аралас ұрпақтан – ұрпаққа жалғасатын  тектік құпиялы қасиет. Бұл тылсым сырды емші бойынан ханда, қарада, құдіретті қарулы күш иесі де ала алмайды. Бұл қасиетті мәңгілікке апару, мәдениетті дамыту мен абройын асқақтату жеке емшінің ары мен ұятына және иманы мен сабырлылығына тәуелді. Бұл да емшінің парасаттылығын білдіреді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанына өзінің он жеті жылдан аса  мерізімінде , халықтың шипагерлік өнерінің  мұрагерлері емшілерді  бүгінде жекеменшігіне айналдырғандар  мен оның сыбайлас жақтастары және  қорғаушылары тарапынан  өсек аяңымен көлденең  кедергілерін әлі де  тоқтатар емес.

Бүгінде екі жылдан бері қауымдастықтың аты мен қызметі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өзінің жеке интернет сайтынан әлемге танылған қауымдастықты тарады, заңсыз  дегендей, тағы басқа да арсыз сөздер таратуда. Бұл да Алланың сынағының бір  көрінісі  шығар  тәубе деп,  қауымдастықтың мүшелері өз қызметін  аброймен жалғастыруда. Бұның да себеп салдары бар болғандықтан халықты жалғандыққа баулып, Алла Тағалаға  серік қосып, өлген аталары әруағынан бата алып  берушілердің надандық қылықтарына қарсы қауымдастық атынан айтылған сындар әлдебіреулерге ұнамағанымен, шындықтың толық дәлелденері  анық деп қортынды жасай аламыз. Алайда, « іштен шыққан жау жаман» демекші, бұл жаулықтың басы осыдан он бес жыл бұрын басталып  олардың үні өшкенде, енді кешегі маскүнем  күшіктерде емшілікке қолы жеткенде шәуілдей  бастады.  Олардың аузын ашуына кейбір заңды шығарушы, қорғаушы, бақылаушы,  орындаушы  орындарының қызметкерлері өзі іске асырып отырса оған таңғалмайық. Осыдан он  жеті  жылдай  бұрында осы заңгер  ұйым өзі қауымдастықты тіркеп, өзі сыбайластарына көмектесіп қауымдастықты жоюға әрекет еткенде де масқара болған. Әділет министрлігінің сайтында  он алты жылдан бері тіркеуде тұрған, осы қауымдастықтың атын, осы министрліктің Алматы қалалық департаменті өзінің адал жарын алдап жазықсыз жесір, ал үш баласын тірідей жетім қалдырған, сырқат жандардың басын айналдырып әулиелер моласына тәуеттіріп пайда тауып жүрген, жеке басының қасиеті ғылыми тұрғыда дәлелденбеген    Бақкелдиев Базарбекке  сыйға тартуына таңғалмайық. Б. Баккелдиев  жиырма жылдан аса бірге тұрған отбасына және ұстазына  сатқындық еткенін ескерсек, оның ары мен ұятының өлшеміне таңғалмайық. Өйткені заң шығарушылар өздері заңды бұзушылар екені олардың  қауымдастықтың Төралқасына жазған жауап хатында анық байқалды. Өте күлкілі.  Ұятты да. «Шымкенттен -  бәрі шығады» демекші, бармақ басты, көз қысты танысың болса, ҚР Әділет министрлігінің Алматы қалалық әділет департаментінің тіркеу бөліміндегі кейбір жауапты қызметкерлерімен оның қолдаушы басшылары  бәрінде істейтініне таңғалмаңыз. Сонда мемлекттің заңын қорғаған Алматы қалалық  әділет департаментінің қызметкерлерінің сыиқы осылай болса,  басқаға өкпелемейік ағайын?.  Иттер саны көбейіп үрген сайын, қауымдастық керуені алға жылжуда.  Қауымдастық тарапынан 2004 жылдан бері бес рет әр түрлі тақырыптарда халық емшілігі туралы халықаралық конгрестер мен форумдар өткізілсе, оның да нәтижесі де көрініс беруде.  Ғылыми танымдық жинақтар жыл сайын шығарылуда.Аллаға шүкіршілік, сенім бар жерде қауымдастықтың қызметінде халық шипагерлігін ғылыми жүйеге келтіруде табысты болуда.  Көптеген ғылымдардың ғалымдары мен зерттеушілері қауымдастықтың емшілерінің қызметі мен тылсым сырларын зерттеуді бастады. Бұл да қауымдастықтың қызметінің жетістігінің бір саласы болмақ.  «Шипагерлік баян» газетінің қызметі де рухани танымдық, сауықтыру мен имандылық саласында жалғасуда. Бүгінде газет халықтың іздеп оқыйтын басылымына айналды. Қауымдастықтың «Шалкөде баспасынан жыл сайын өзінің мүшелері мен мамандарының бірнеше кітабы баспадан  басылып шығып, өз оқырмандарын табуда. Қауымдастықтың  қызметі мен жүзден аса емшілерінің жетістіктері екі жылдан бері интернет арқылы таратылуда. Емшілердің шет елдермен байланысы нығайып, оларды өз елдеріне ем жасауға шақыруда.   Осындай жетістікке жеткен қауымдастыққа жоғарыдағы көреалмастардың  аузы қалай жамандауға барғанына таңғаласың?!  Оларда  бекер ұраншыл  болғанша, біз сияқты халық пен қоғам алдында есеп  беріп тұрса  дұрыс болар еді. Олардың қолдаушысы, қорғаушысы, тіреніші мен мекен –  жайы болғанымен, интернеті, газеті, баспасы барма, қайрымды қызметі өтелуде ме, қазақстан мен шет елдердің ғалымдары мен емшілерінің басын қосып өткізген халықаралық конгрес пен форумдары өткізілді? Ғылыми жұмыспен шұғылданды ма? Міне осыны айтса екен, шіркіндер! Олардың отыратын орындары жоғын ескерсек, бұларды көше безгендер демеске шара жоқ.  Амал қанша, бейшаралардың түгі жоқ болса несін айтсын  !  Қауымдастық өз құрамының санына емес, сапасына көшуде. Арам ниетті, халық пен қоғамды алдаушыларын құрамынан шығаруда. Филиалдары басшыларының білімін жетілдіруге,  қабілетіне қарай тағайындау іске асырылуда. Ақпарат құралдары мен телерадио торабтарында ұдайы халық шипагерлігі мен діни үгіт насихаттар  тұрақты беріліп келеді.Емшіге жаны ашитында, құқын қорғайтын да, бойындағы тылсым қасиеті мен тылсым сырларын тарихқа қалдыратында, болашақта ұрпағының алдында адал болып мәңгілікке  тарихта қалуына да  сүйеніште,  тіреніште, жолын бастаушы да осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық бірлестігі деп толық айтуға құқылық толық негіз бар. Бүгінде тарап кеткен, күні кешеге дейін өмір сүрген, атын жиырма жылда бес рет ауыстырған «Халық медицинасы орталығы» ШЖ-і басшысы  (Ш.Ш.   Е.Қаз. Х. 2008)  «Қос діңгекті қосу теориясын» ұсынып, ғылыми медицина мен халық емшілігін қосамын деді. Ол мықты орта бүгін тарап кетті. Бұл орталық жиырма жылда емшілерге жалған атақтар беріп, оларды тірі тауар ретінде пайдаланды. Тарихи зерттеулер тұрмақ, емшілері тарихта қаларлық естелікте жазбады. Бұл құрғақ арман теориясы орындалуы үшін әлі кем дегенде жарты ғасыр уақыт қажет ететіндігін ғылыми түрде дәлелдеу қиын да емес. Біз бір діңгекті жүйе үшін қызметімізді жалғастыра бермекпіз. Күрессіз жеңісте, бақытта жоғын да қауымдастықтың ұжымы жақсы біледі. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерін, барлық емшілер мен жанашырларын ынтымақ пен бірлікке шақырады. Алла тағала арамниеттерден сақтасын.

 

9.6  АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ИМАНДЫЛЫҚ

 

Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп келеді. Өйткені  адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие. Осы екі ұғым арқылы адамның бойындағы адамгершілік пен имандылық қалыптасады. Ол жоғарғы сатыға көтеріледі. Пайдалы жақтары молайып, адамның рухани деңгейі артады. Егер бұл екі сөздің беретін мағынасы іс жүзіне асса әрбір адам, қоғам, мемлекет баянды, берекелі өмір кешкен болар еді. Мұндай сипатқа қоғамды, жалпы жұртшылықты ие қылу, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен көп уақыт алса да , бұл сипаттарға қол жеткізуге болады.

Біз, мұсылман халықтары, көбіне-көп Пайғамбарымыз өмір сүрген заманнан, сол бақыт ғасырынан үлгі аламыз. Мұсылманшылық келмей тұрып, Араб түбіндегі бүкіл дүниеде бұл сөздердің мағынасына аса мән берілмейтін, тіпті қоғам бұл сөздердің беретін мағыналарына қарсы мағынадағы амал-әрекеттерге толы болатын. Сол кездің өзіңде, әлі Пайғамбарлық келмей тұрып-ақ Мұхаммед әрбір ісімен жұрттың назарын өзіне аударып, турашылдығы мен әділдігі және сенімділігі арқылы «тура, дұрыс, сенімді адам» деген бірнеше мағына беретін «мин» есімін алған болатын. Көпшілік оны «Мұхаммедуләмин» деп атайтын.

Адамдар қай дініне, қай ұлттан, қандай тектен шықса да Ислам діні олардың бәріне бірдей қарайды және өмірлерін баянды өткеру үшін белгілі тәртіпке, қағидаларға сүйенеді. Исламдағы тәртіптің адамзат үшін еш зияны жоқ. Жоғарыда атап өткен сөздердің беретін мағыналарын адам саналы түрде ұғынып, көңіліне орнықтыру және өмірге енгізуі тиіс. Сенімділіктің беретін мағынасы аманатты, яғни адамға берілген материалдық және рухани игілікті қорғау, оларға игілік ете алу дегенді білдіреді.

Әрине, бұл сипаттың адам бойында қалыптасуы адамға материалдық және рухани жағынан белгілі бір күштің, қуаттың әсер етуімен болады. Адам әрдайым бақылауда екеніне, әрбір жасаған ісі үшін жауап беретініне сенуі тиіс. Өз дүние-мүлкінің ұрланғанын қаламайтын адамға өзгенің малын ұрлаудың дұрыс еместігі түсіндірілуі керек. Біреудің өзіне жасаған жамандығына қиналатыны сияқты, өзінің біреуге қиянат жасамау керектігі ұғындырылуы қажет.

Бірақ мұндай әдеп нормаларын зорлықпен қабылдату да мүмкін емес. Әрбір адамның басына  бір күзетші қойсаң да, бар адамды тыныштық пен сенімділік ішінде ұстай алмайсың. Әркімнің жауапкершілігі өз ұжданында болуында. Осындай көзқарасты қалыптастырмайынша, ол халықта, ол қоғамда ешуақытта ілгерілеу болмайды. Адамгершілік - ол рухани жетістіктің жоғарғы сатысы әрі имандылықтың көрінісін білдіреді.

Қайсібір ұлт оқу-тәрбиеде, ұрпақ өсіруде, әдет-ғұрпында дінін сақтайтын болса, сол ұлттың болашағы да зор болмақ. Ұрпақ өнегелі тәрбиеленетін болса ұлтына, мемлекетіне деген сенімі нығая түседі. Келешекте оған мемлекет басшылығы, бар қазына-дәулет сеніп тапсырылатын болады.

Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында  бұл сипаттарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам  жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды, өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар нәрсеге үкімін жүргізетін Алла тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дәлелдеп келеді. Кемшіліксіз адам болмайды. Ауарайы сияқты адамның да мінез- құлқы өзгеріп тұрады. Бірақта мұсылмандықтың Рамазан айы мен мерекелі күндерінде таза мұсылман бірін-бірі кешіреді. Рухани жақтан толық тазаланады. Адамның нәпсісі - бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен имандылығының қалыптасуы - өзінің нәпсісіне ие болуы. Жаратушымыз бәрімізге адамгершілік пен имандылықытың жолын нәсіп етсін.

 

 

                     4.7  ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТЫН ЖАМЫЛҒАН  «ҰРЫ» ҰЙЫМ

Қазақстан халық емшілер қауымдастығының бұрынғы мүшесі Бақкелдиев Базарбек Ташмұхамедұлының 2007 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы халық емшілері» қоғамдық бірлестігі деген атпен ұйымды Алматы қалалық Әділет Департаментінен тіркеуден өткізіп (ҚБ №87961 1910), он жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қауымдастықтың заңды  тұлғалық атын пайдаланған. Қауымдастыққа моральдік-материалдық жақтан зиян келтіріп, өзі мүше болған ұйымның үстінен “ұрлықпен” үй тігуге қалалық Әділет Басқармасындағы тіркеуші маманы көмектескен.

Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келетін бұл жағдайды ҚХЕҚ-ның президенті, Зиядан қажы Қожалымов мырза заңсыз тіркелген ұйым басшысы Бақкелдиев Базарбекке алдын-ала ескерткен. Қауымдастыққа келетін моральдық, психологиялық, материалдық зор шығын жөнінде де түсіндірген. Бірақ, тоқмейілсінген Б. Бақкелдиев өзім білетіндігіне салынып, заңмен шешуге жетеледі. Ал Әділет Министрлігінің арнайы комиссиясы Алматы қалалық Департаментінің тіркеу басқармасы қызметін тексеру кезінде бұл қателікті тауып, Б. Бақкелдиевке ескертіп ұйымның атын өзгертуді тапсырса да, қалалық Департаментінің жауапты қызметкерінің қызметіне жауапкерсіздігінен комиссия талабы әлі орындалмаған. Бұл жерде, бар заңды ұйымды қайтадан екінші рет тіркеуден өткізген Алматы қаласы Әділет Департаментінің қызметкерлерінің де сауатсыздығы айқын көрініп тұр /компьютерде бар ғой/. Төменде Алматы қалалық Әділет Басқармасының бастығының орынбасары А. Искакованың ҚХЕҚ-ның президенті З.Қожалымовтың хатына жазылған жауап хатты оқырман назарына ұсынамыз: Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің /республикалық статус/ президенті, академик Қожалымов Зиядан қажыға

Сіздің Алматы қаласының Әділет Департаменті 2008 жылғы қыркүйек айының 08 жұлдызында № 01-01-08 шығыс нөмірімен талап тілегіңізді мұқият қарап төмендегіні хабарлаймыз:

Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік регитрі және электрондық банкінің мағлұматтары бойынша- «Қазақстан Республикасының  халық емшілері » қоғамдық бірлестігі 2007 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында № 87961 1910 ҚБ мемлекеттік тіркеуден өткен.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің коммисиясымен жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының халық емшілері » қоғамдық бірлестігінің тіркеу кезінде кемшіліктер болғаны анықталды, аталған заңды тұлға атауына «Қазақстан Республикасы» деген сөздер қолданылған,ол Республикалық статусы бар, қоғамдық бірлестктерге тән атау, заңды тұлғаның жергілікті статуспен, мемлекеттік тіркеуден өткен, өз қызметін Алматы қаласы аумағында жүзеге асыруға құқылы.

Осы себептерге байланысты, Алматы қаласы Әділет департаменті № 87961-1910-ҚБ тіркелген қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақкелдиев Базарбек Ташмұханбетұлы атына қоғамдық бірлестіктің атауын өзгертіп, оның атауынан «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алынып тастап, әділет департаментінен қайта тіркеуден өтуі қажет екендігі ескертіліп, 2008 жылдың 12.09 № 4044 шығыс хаты жолданды.

Аталған қоғамдық бірлестігінің өз ықтиярымен атауын өзгертіп, қайта тіркеуден өтпеген жағдайда, өз мүдделеріңізді құқық қорғау орындарына шағымдану арқылы қорғауға болатынын ескертеміз.

Әділет Департаменті бастығы орынбасары

А. Искакова

Шипагерлік Баян, № 11 Қараша 2008 ж.)