ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

14

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

Вверх

На главную       Библиотека       1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29               

 

5.5  АДАМ ДЕНЕСІНДЕГІ ҒАЖАЙЫП СЫЗБАЛАР

 

Қазіргі заманғы адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ғарыштың, табиғаттың және адамның жеке құпияларын оқып, әрі үйреніп зерттеу болып табылады. Біз сыртқы қоршаған ортаның құпиялы сырын білуді былай қойғанда өзіміздің бойымыздағы касиеттерді, тәндегі құпияларды әлі толық білгеніміз жоқ. Осыдан он жыл бұрын жалаңаш денесіне пышақ, касық т.б. заттар жабысатындар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған-ды. Қәзір бәрінің денелеріндегі биотогы өшкен бе, олар өзін ашық түрде реклама жасауды қойды. Алғашқы "әулиелерді", "аналарды", "Алланың елшісін" былай қойғанда 1998 жылы Халықаралық "Түркістан" газеті (№3, қаңтар) басшылары өз қолдарынан тірі адамнан "Құдай" жасады. "Адам Құдайы" алғаш газет редакциясының компьютерлерін өшіріп, шәкірттеріне миллиондаған микроэлементтерін жібереді деп аспаннан екі аяғы салбырап түскендей, жер бетіндегі жаратушысын жариялады.

Бұл да ұзаққа бармай, үні өшті. Кім ұтты, кім ұтылды оған оқырман баға берері анық. Мұндайлар жыл өткен сайын ескерусіз қалып барады. Алыс елдерді былай қойғанда, өз елімізде (бұрынғы Талдықорған, Семей облыстары) денеле-рінен от шығып, жан-жағындағы заттарды өртейтіндер де және Оңтүстік Қазақстан облысында бір азамат (бәрі қазақ) қолын бір бөшке суға салса қайнатып жіберетінін, соның арқасында қыста бір шаруашылық техникасына қажетті жылы су дайын болатынын да жазды. Бірақ бәрі де жұмбақ болып келеді. Айтылды, жазылды, халық естіді, сонымен хабарландыру аяқталды. Дегенмен, мұндай құбылыстар кездейсоқтық еме-сі рас. Бұл да адамның бойындағы бір құпия екеніне күмән жоқ. Оны жоққа шығара алмаймыз.

Егер хабарламаға сенсек ("Комсомольская правда" газеті, 1998 жыл) Тбилиси қаласының бір мектебінде оқыған 14 жасар Татия Элердашвили деген қыздың денесіне аяқ астынан әр түрлі суреттер шыға келеді екен (қараңыз 12-сурет). Қыз арықша келген, ақжарқын мінезді, дені сау, са-бақты жақсы оқиды екен. Әкесі газет кызметкері. Ал атасы болса бала кезінде орманда адасып жүріп тосын оқиғаға тап болады. Бір жарқыраған шар кезігіп, оны қажетті жеріне жеткізіп салған көрінеді. Ол немересінің денесіне пайда болып жүрген суреттерге сол көне құбылыстың да әсері бар деп жорамалдайды екен. Бірақ әлі шешім табылмаған. Бір қызығы, әлгі суреттер Татияның тұла бойына билеген кезде бадырайып шыға келеді екен. Бұл ғажап оқиға алғаш католиктердің Рождествосы карсаңында болыпты. Татия кенет бар денесінің күйіп-жанып бара жатқанын сезініп, ата-анасына ұмтылады. Олар алдымен қызының мойнынан крестің бады-райып шыға келген суретін көреді.

Одан кейін Татияның көкірегінде сәуле шашқан күн сияқты дөңгелек пайда болыпты. Ал маңдайында көрінген сызық иегіне жетіп, мойнындағы крестке қосылған. Екінші сызық маңдайын басып өтіп, екі самайына жеткен. Арқасында омыртқаларынан басталған қиғаш параллель сызықтар жаңа жылдық шыршаға ұқсас болады. Қызының бүкіл денесі лапылдап тұрған соң шешесі жанұшырып, суық компресс басады. Ал бұдан бұрын Татия өз денесіндегі осы жұмбақ құбылысты бірнеше ай бұрын билеп жүргенде байқайды. Кешкісін Татия ескі айнаның алдында айналып жүреді. Бір мезет бетіне көзі түсіп, қатты тартылған жіп сияқты жарқыраған сызықты қарнынан көріп, қатты шошып кетеді.

Бұны көрген әке-шешесі зәресі кетіп, қызын шіркеуге әкеліп шоқындырады. Осы дәстүрдің алдында да оның денесіне тағы да үш крестің, кеу-десіне шеңберлер, кішкене крестер және қолдарына "көздер" шығады.

Қыз шоқындырылғаннан кейін де бұл ғажап құбылыс жалғаса береді. Осы сәттерде қыздың денесі күйіп-жанып, шөл қысып, көп су ішеді, таза ауаға ұмтылады.

Бұл сызықтар теріде алдымен майда, тырнап кеткендей болып білініп, сосын ісініп барып, бадырайып көрінеді екен. Бұл әлі құпия күйінде қалуда. Биоқуаттар проблемаларымен шұғылданатын мамандардың айтуларына қарағанда, денедегі артық биоқуат сыртқа лықсығанда теріде іздерін қалдыратын көрінеді.

Кім біледі, бұл адасып жүріп жарқыраған шарға кезіккен атасынан немересіне қалған "мұра" болар, әлде денедегі биоқуаттың әлегі ме, алда оны дәлелдеу күтіп тұр.

Адам тәніндегі табиғи бет әжімі, тері сызықтары ол жас ұлғайып денедегі судың мөлшерінің азаюынан болатынын еске алсақ, ал мына құбылыс әлі шешілмеген жұмбақ екені шындық. Ғарыштық беймәлім құбылыс иелері жөнінде шындық әрі шыңына шыққан жоқ. Жаратушының жарлығы бойынша оның орындаушылары өз міндеттерін орындауда. Ғарыштық құбыжықтардың ұрпағы да пайда болғанын хабарлағалы да талай уақыт өтті. Енді адам денесіне артық жоғары мөлшерлі қуаттар жіберу арқылы, денесін қыздырып терісін ыдыратып, ешқандай білдірместен құдіретті күш иесі өз дегенін істеп бағуда.

Мен де Жамбылда, Алматыда және Оралда аяқ астынан адам денесінде пайда болып, артынан жоқ болған сызба суреттерді көргенмін. Бұл біреудің өзі шығарған фантас-тикалық әңгімесі емес, адамзаттың даму дәуірінің эволюция-лық даму заңының бір саласы екенін білсек артықтық етпейді. Адамдарға ғарыштық таным, ғарыштық түйсік және сана осылай кездейсоқтықтарға душар болып дами беретініне енді сезіктенудің қажеті жоқ.

 

 

                                                              pic

 

                                                 pic
 


 

 

 

 

 

V1 ТАРАУ

 

KEPI ӘСЕР КҮШТЕРІ

 

 

6.1   ДУАЛАУ

 

  Шынында дуа сөзі айтуға оңай болса да оның ғылыми түп тамыры әлі толық дәлелденбей келеді. Сонда да  "дуа жасалыпты, дуаланыпты" деген сөз халық арасында жиі айтылады. "Ісім алға баспады, жолым жабылды, үй ішімізбен ауру-сырқауға ұшырадық, ерлі-зайыптылар арасы бұзылды, көңілім көтерілмей желкемнен бір нәрсе басады, ұйқым қашты, қорқыныш пайда болды" дегендер көбеюде. Өзін өлімге қиюшылар да аз емес. "Мен пәлен көкемді, апамды, ұстазымды көрмесем тұра алмаймын" де­гендер де бар-шылық. Өз жанұясынан безіп жазықсыз, балаларын жетім, жарын тұл еткен ерлер мен әйелдер де көбеюде.

Өз тапқанының бәрін бата бергеннің қолына ұстатып, ақшалай қаражаты мен бүкіл мал-мүлкіне дейін айырылғандар да жетерлік.

Сонда бұларды бір-біріне байлаған ненің күші? Неге дені сау адам аяқ астынан дәрігерлердің емі қонбайтын ауруға душар болады? Неге аяқ астынан адамдар дел-сал болып бүкіл денесін қозғалта алмай қалады? Неге белгілі бір ағзасына зақым келіп, ол адам ауыр зардап шегуде?

Осындай ауру түрлерін арнайы тудыратын арам ниетті, адамның денесіне кері энергия (қара) бағыттап дуа жасайтын дуашылар бүгінде көбейе бастады. Олар өздерінің ойларын діннің атын жамылып, кері әсер беретін, адамның денесіндегі негізгі нұр көздері – нүктелерін зақымдайтын дұғаларды оқып, аралықтан ой арқылы (телепатиялык әдіспен) багыттайды.

Бұдан басқа дуашылар адамдарды дуалауды оның суреті арқылы, үй айналасына, есік алдына әртүрлі заттарды кері оқып тастап кету мен шашып кету арқылы да жүзеге асырады. Кейде киімдеріне кері оқып ине, түйреуіш қадап, шегені иіп тастап "жүрегіне қадалсын, шегедей бүктеліп қалсын" деп, – сау адамды сол жағдайға әкеледі. Шайға, қантқа кері дұға оқып дем салады. Ішетін тамаққа, сусынға, шарапқа т.б. тағамдарға да кері дұғалық дем салады. Қарсы адамның бір тал шашын ептеп алып оны кері оқып тастап, жазылмас бас ауруына душар етеді.

Осындай кері оқылған киімдерді кигендер мен тамақты ішкендердің денесі ауырлап, дел-сал болып, көңіл-күйі біртіндеп төмендей береді.

Денелерінде жазылмас жаралар, мүшелерінде күтпеген зақымдық, кемтарлық пайда болады. Қысқасы айналма мал сияқты ауруға ұшыраған адам, өзін дуалағанның торына түсіп, дегенін істеп, оған өмірлік азық тауып берушіге айналады. Бұндай адамдар дуашыны көруді аңсап тұрады. Кейде барғысы келмесе, оны дуалаушы өзі-ақ аралықтан әсер етіп шақырып алады.

Дуа – ол ауру. Дуаланған адамның денесінің ғарыштан нұр қабылдайтын нүктелері жартылай, кейбіреуі толық жабыла бастайды. Денедегі қан айналымның жылдамдығы мүшенің әр бөлігінде әр түрлі болады. Денедегі бір-бірімен қоректік қатынастағы ткандардың қызметі нашарлап, тұйықталып, адам ағзаларының электр зарядын бөлуі нашарлайды. Адам денесіндегі нүктелер қызметі төмендейді, денеден сыртқа бөлініп шығатын әрі қорған болып қоршап тұратын өңі әртүрлі сәулелер (аура) көлемі азаяды. Ойлау қабілеті бұзылып, есінен адасады. Өліп кетуі де мүмкін. Дуа жасалғанын алғаш білмей, денесіне кері (қара) энер­гия өтіп кетіп, содан о дүниеге аттанғандардың бары бұрыннан белгілі болған.

"Сынықтан басқаның бәрі жұғады" деген қағидаға сай, дуаланған адамның кері қуаты оның жанұясы мен жақын қатынастағы адамдарын да зақымдайды әрі алғаш жеңіл, одан кейін ауыр ауруға душар етеді. Кейбір өзіне сенімсіз, денсаулығы осал әрі көп нәрседен секем алатындар дуашы-ның торына тез түседі. Олар кейде өте күшті дуа алғандардың жанында болғанда дуаны өзіне қабылдап алуы да мүмкін.

Дуа жасайтын дуашылар бір жанұяда бір адамды өз торына түсірген соң (біздің елдегі басқа дінге қандастарымызды кіргізіп жатқан миссионерлердің көбі, осы кері әсерлік дуа күшін пайдаланады), оның ең жақын жанұя мүшелерін, ағайындарын, тіпті жолдас-жораларына дейін білуге асығады. Олар ниеттерін білдірмеу үшін жақындарымен арақатынасқа өте шеберлікпен көшеді. Сөйтіп дуашы олардың өзіне де­ген сенімін орнатып, одан әрі өз мақсатын жүзеге асырады. Осындай айлакерлікпен қызылордалық С. деген әйел алматылық "Алмагүл" мөлтек ауданының бірнеше тұрғынын өз сеніміне кіргізіп, олардың долларларын алып тайып тұрған. Бұл жөнінде зардап шеккендер маған 1996 жылы хабарлады.

Дуашылар көбінесе бай адамдарды іздейді. Коммерсанттар мен бизнес-мендерге жақын. Атақты адамдар мен үлкен жауапты қызметтегілермен де олардың жанұя мүшелері мен жақындары арқылы тез танысуға жол табады.

Көптеген байлар Өзбекстаннан келген дуа жасаушы емшісымақтардан бата аламын деп (Жамбыл, 1994 ж.) жолдарының байланғанын сезбей қалды.

Әр нәрсенің себеп-салдары бар. Егер ғылымда анықталмаса біз дуа жөнінде жазбас та едік. Ол касиетті Құран мен басқа діни кітаптарда да ашық айтылады. Десе де, көшеде тұмар деп сатқандардан тұмар алып жаманшылыққа да ұшырағандар кездеседі. Ол қалай десеңіз, осындай тұмарлардың арнайы сыртқы биоөрісін тексеретін қарапайым құралмен тексергенде құрал кері әсер бағытын көрсетті.

1990 жылы қыста маған Өскемен қаласынан жиырмадан жаңа асқан бір студент қыз келіп каралды.

Ауруы – су ішпейді. Суға түспейді. Судан өзі өте алмайды. Туыстары оның көзін байлап жуындырады, судан көтеріп өткізеді. Бірак, басқа сұйық ішкенімен таза суды көріп тұрып ішпегенше он бес жылдан асқан. Жас қыз бес жасында анасымен қонақта болғанда дастарқан басындағы бір үлкен кісіге қылығы ұнамаса керек. Әлгі шал жас нәрестеге су ішкізеді. Сол күні ертесінен ол "судан қорқу" ауруына душар болады.

Арада қанша жыл өтсе де ем қонбайды. Құдай сәтін салды ма, алғаш келгенде суы бар ыдысты қолына ұстаудан қорқатын студент қыз бір сағаттан аса қарсылық білдіріп барып, денесі қалтырап, әрі үрей пайда болып, әрең дегенде бір стакан суды ішті. Суды ішіп болып: "Аға, су кандай тәтті, тағы бір стакан су беріңізші" – дегені. Сонымен, ол жазылып еліне қайтты. Ол кезде менің тәжірибем аз еді.

Аурудың көбі дуаланғаннан, сиқырланғаннан, көз бен тіл тигеннен болатынын ата-бабаларымыз ертеден білген. Оған қарсы ем-домын жасау жолында тапқан. Ал қазір таза діни дуаланғанның денесіндегі дуасын ала алады. Дуа тұқым қуалайтын ауру. Егер дер кезінде дуа алынып тас-талмаса, ол ұрпақ куалап кетуі мүмкін. Дүниеге келген жас баланың ата-анасының бірінде немесе екеуінде дуа болса, жас нәрестенің денесінің кедергі күші аз болғандықтан ол да әлсіз дуалы дүниеге ие болып туады.

Дуа қайтарылғанда ол дуа жасаған кісінің өзіне кері қайтады. Егер ол өліп кетсе, оның дуасының зардабын ұрпағы көреді. Дуашылар мәңгілік қиратушы бағындырушы және жеңімпаздар емес. Дуашылар мен си-қыршылар ұқсас, кейде бір адам болуы ықтимал. Дегенмен, іліміне карай олар да нағыз дуашы, сиқыршы немесе екеуіне де ортақ болып бөлінеді.

Дуашылық та тұқым қуалайтын дерт. Олардың ішінде жасанды шәкірттік жолмен дуалық ететіндер де бар. Бұлардың көбі адамдарды жыланша арбап, алдап, өзінің кері қуатын оған жіберу арқылы өзіне сенімін арттырып, басын айналдырып алады. Әсіресе оңтүстіктегі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дуашылар ордасы жетерлік. Басқа жерлерде де құр алақан емес, олардың да  қатарлары өсе түсуде. Ал ауру адамдарды әулиелі жерлер мен киелі кесенелерге арбап апарушылар нағыз пайдакүнем «Зомбилар». Бүгінде  өз жанұясы ішінде де, жақынына да дуалық жасайтындар да баршылық. Енді олардың "жасанды" дуашы шәкірттері республиканың басқа аймағындағы жерлерге де тарай бастады.

Мен бірінші рет 1992 жылы 7-9 мамырында Шымкент қаласында арнайы карсыластардың ұйымдастыруымен дуашылардың қарсы күшіне жолықтым. Маған әсері онша болмағанымен, (мен алдын-ала біліп, қор-ғаныс жасадым), жанымдағы бірнеше ондаған адамдарға ауыр тиді. Көпте-ген адамдар есік алдында тұз, құм, топырақ шашылып қалатыны, одан секем алып ауырып қалатындарын жыр етіп айтады. Басқа да түрде жаманшылыққа іліккендерін баяндайды. Бұдан секем алудың қажеті жоқ. Енді дуаның адамға қалай әсері болатынын суреттер арқылы көрейік.

 

 Мына суретте екі жұбайдың ынтымағы берік, жалпы жанұялық био-өрісі көрсетілген (13-сурет).

Ал келесі суретте (14-сурет) дуа жасағаннан кейін екеуінің ынтымағы кетіп, екіге ажырағанын көресіз. Бұл тек кана жанұядағы жұбайлар бірлігі емес, "достардың", "туыстардың", "жақын бикелердің", т.б. жақын адамдардың арасына да дуа жасалғанда болатын құбылыс деп түсінген жөн.

                               pic

                                                    (13-сурет)                                             (14-сурет)'1

 

Адамға дуа арқылы бағытталған кері энергия әсерінен оның денесінде "қара тесік" пайда болады. (15-сурет, А).

 

Осының салдарынан адамның сегіз көзіндегі негізгі нұр көзі (Чакра) қара энергиямен қоректеніп қызметі нашарлайды. (15-сурет, Б). Адамның өзіне дұрыс сенімді қорғаныс коя алмауынан денесіндегі осал жерден (кіндік, ішек) кері энергия ағыны денеге еніп қоректенеді (16-сурет).

 

                                            pic

 

 

Дуаның күшті әсерінің кері қуаттарына адамның негізгі нұр көздері (Чакралары) зақымдалады. Адам организмінде әлсіздік пайда болады. Сөйтіп адам кері қуат әсерінен желкесінен бір жүк басып, жотасында бір қап көтергендей, басқа затты арқалағандай күй кешеді (17-сурет).

Кейде адамның мойнына бір нәрсе мініп тұрғандай сезінуі, ол қара күш иелерінің (пері, жын, шайтан) тұрақты орналасуынан болады. Бұл да дуаның күшімен немесе тұқым қуалау жолы бойынша болатын құбылыс (18-сурет).

                  pic

                                              17-сурет                                                                 18-сурет


Адамның қара күштің әсерінен (дуаның) толық қоршауда қалуы (19-сурет) мен осының әсерінен дене мүшесінің маталуы (20-сурет) да көрсетілді.

 


 

                                         pic

 

 

Дені cay адамның басының биоөрісі (21-сурет) мен сыртқы кері күш қуатының (дуаның) әсерінен адам басының биоерісінің өзгеруі (22-сурет) ойландырады.

                       

 

                          pic

                                               21-сурет                                                                             22-сурет

 

Жалпы бастың биоқуатының әртүрлі жолдармен өзгеріске ұшырауына дуаның әсері (23, 24, 25, 26-суреттер) бейнеленген суреттерді қараңыз.

         

                      pic


                                                                23-сурет                                                               24-сурет

 

   

                                                 pic

Kepi дұға оқитын дуашылар адамның бел омыртқасын бір-біріне матап, оның биокірісі жолдарын тұйықтап тастайды (27-сурет). Ал, ниетті рухы таза дін адамы немесе емші (уқалаушы) ғана бұл тұйықталғанның түйінін шеше алады (28-сурет). Ниеті таза емес емші ауруға ауру қосып, одан ары асқындырып жіберуі мүмкін. Жалпы дуаның адам денесіне енгізіп зақымдайтынын баяндадық.

                                             pic

 

                                                27-сурет                                                              28-сурет

                                      Бел омыртқасының биоөрісі                                   Емнен кейінгі түйін      

                                      шешіліп, жолы тұйықталуы.                                  қара күш қуатының

                                                                                                                  денеден шығу жолдары.


 

Шынында дуа деген шын ба, оны тудыратын дуашылар бар ма деген сұраққа толық жауап тапқандай болдық. Өмірде адамдардың рухани санасы әлсірегенде жаманшылық жолына түсушілер көбейеді.

Дуашылар жөніндегі әңгіме бұрын фантастикалық әңгіме сияқты болса, енді олардың нақты өз ортамызда жүргенін білген артық емес.

Бүгінде кері дүға оқып адал адамдарды ауыр жағдайға ұшыратқан дуашылар кесірінен қанша жанұя ажыраспады. Арақ ішіп, қаңғып жүрген де, қаңғыбас болып кеткен де, азғындықтың басқа жолына түскен де жасына, жынысына, біліміне, атақ-дәрежесіне қарамай көбеймесе, азаятыны сезілмейді.

Бұндай ауыр жағдайға душар болғандардың ол жағдайларына өздері кінәлі екенін айтқан да дұрыс. Өзіне-өзі сенбейтін, басқалар ақылын жоғары санайтын, Құдайдың қүдіретін түсінбейтін осалдар мен сенгіштер енді ойланғаны жөн болар.

Сау адамды дуалау – ол өте үлкен күнә әрі ұятсыздық, опасыздық. Дуаланған адам қатты қиналысқа ұшырайды. Шыбын жаны үшін бір өліп, бір тіріледі. Адамға жаманшылығы жоқ, нағыз діндар адал кісіні Алла дуадан қорғап қалады. Дуаның жолын кеседі. Алла арам ниеттінің ойын алдын ала біледі. Оны адамдар көрмегенмен ойы арқылы сезуі мүмкін. Дуашылардың дуасы адамға ғана емес, табиғатқа да, жерге де және кеңістікке де әсер етіп, өзінің қара энергиясымен ластайды.

Дуа жасаған дуашы Жаратушыдан өте ауыр жаза алады. Дуашыға Алланың әмірімен бес қабатты тұйықталған қара энергия кигізіледі. Дуашының денесі қара энергиямен қапталғандықтан, оның энергетикалық трубалары (каналда-ры) жабылып, сырттан энергия келуін баяулатады. Дуашының қол-аяғынан күші кетіп, келетін энергиясы кісенделеді. Денесі қалтырап, әлі кете бастайды. Сөйтіп дуашылар да өзінің аз уақыттағы рахаты үшін жазасын алып, азапты күндерді басынан кешіреді. Дуашылар өлген соң олардың рухы жерден көтеріле алмай қиналады. Енді дуашы-лардың ойланғаны жөн болмақ! Біреуге істеген жамандық ерте ме, кеш пе өзіне бір келетіні анық.

Дуашылар жан алғыш емес, ол да біздей пенде. Сақ болыңыз. Алла дуашылардан корғай жүрсін. Дуагердің құпия сыры енді қорқыныш әкелмейді.